#nofg_fanfic_91 | #dem
❗️TALGAMYMDA EMESSIN❗️
F I N A L❤️?
•жанр: мелодрама, романтика.
Енді қолы босағаны сол Адинаны Арсен қолдарынан ұстай сыртқп алып шықты да:
- Не ғой Адина, мен осы сәтті көп күтіп жүрдім.
- Ау?
- Бүгін кешке 18:00 де "***" осында жолығайық ия? Яғни өзім алып кетейін. Маңызды рәрсе айтуым керек.
- Ыы жарайды.
- Ал мен қазір жұмыстарымды реттеуге кеттім, тағы да құтты болсын,- дей бетінен сүйде де күлімдей кетіп қалды. Адина әлі түсініксіз сезімде. Тіпті ешқандай нәрсе сезіне алар емес деуге келеді. Осы кезде телефоны шыр ете қалды, Азаматтан келген тұтқаны бірден көтерді.
- Динь мен қазір ұшақтан түстім, үйдесіңдер ме?
- Ияя дос ренжімеші күтіп ала алмадым.
- Ойй қатырасың. Қазір өзім барамын, еще қандаай жаңалықтар естідім десеңші сен.
- Қандай?
- Кейін айтып беремін точно көзімді жеткіземін қазір, хорошо барып қаламын,- деп тұтқаны қойды да, алыстау жерден бір қыздан көзін алмай қарап тұрды. Әуежайдан да, назарын сол қыздан басқаға аудармастан шықты. Оны күтіп алып, бетінен сүйіп жатқан жігітті көрді де күлді. Сырттарынан байқатпастан түсіріп ала салды да, шақырған таксиіне жүгін салып, жайғаса кетті. Жолдан тоқтай, гүл дүкеннен 3 бөлек розаларды оратып алды. Үйінен түсіп қалды да, заттарымен қоса көлігіне ауысып алып, Адинаның үйіне беттеді. Гүл шоқтарымен алдындағыдан сенімді түрде жымия, үйге кірді. Алдынан Адина да шыға келді.
- О досс қалайсың?- құшақтай амандасты да:
- Ух тыы менің досым недеген щедрый еді а?
- Міне мынау саған ала ғой әпке болған бикеш,- дей аппақ розаларды ұсынды.
- Ой рахмеет, залға кір, бөпе мен Алиюшта қазір сонда кірді.
- Жарайды,- дей залға кіріп кетті. Бәрімен амандасып, құттықтап, Адинанығ анасы мен жеңгесіне алған қызғылт раушандарын ұсынды. Сәл отырды да, ас бөлмеге Адинаның жанына келді.
- Динь?
- Ауу, кірсеңші шәй іштің бе өзі?
- Жоқ ішкім келіп тұрған жоқ. Сені қатты сағынып кеттім ғой, көрмегелі қай заман?-дей бара Адинаны кең құшағына алып қыса құшақтап алды.
- Ейй жынды ма, біреу кіріп қвлса жаман ойлайды ғой точно,- оны итере.
- Ой жақсыы,- деп жіберді де:
- Кешке картингке ма барып қайтпадық па? Солай бірге қаңғырмағалы біраз болды ғой.
- Ияя айтпа бірақ кешке Арсен шақырған еді.
- Қайда шақырды ол?
- Ресторанға, маңызды нәрсе айтамын дейді.
- Қойш? Қайсы ресторан? Өзі айтса тіпті жақсы.
- Нені?*** ше соған шақырды.
- Прям күшті видпен айтайын деді ма? Сағат қаншаға шақырды?
- Не болды не нәрсе ол?
- Ой көресің ғой. Айтсай қаншаға?
- 18:00.
- Түсініктіі, көрейік. Динь помнишь мен саған талай рет айтам деп жүрдім ғой?
- Ияя, сол күйі айтпай қойдың ғой.
- Мен Астанада жүріп одан сайын түсініп келдім ғой.
- Жұмбақтап, мені любопытсводан өлтіресің сен бар ғой.
- Ой сен өлмейсің. Оны маған сөзбен айту қиын, тілім байланып қалады. Сөзсіз-ақ түсінетіндей айтамын деп шештім.
- Хорошо қашан?
- Анамен жолығып ал енді, содан соң айтамын ғой,- Азамат Адинадан әдемі көздерін алмай. Адина басын изеді де, Азаматты шығарып салды. Сағат 16:30, қонақтар тарқады. Адина жуынып, боянып әдемілене бастады. Тура сағат 18:00де, көліктің сигналы естілді. Үй ішіне костюм шалбармен келген Арсен кіріп келді де:
- Асылхан аға, бүгін қызыңызды кездесуге шақырып едім.
- Ия барыңдар,- әкесі жымия.
- Арсен келіп қойдың ба?- дей әдемі қызыл көйлегімен төменге түсіп келе жатқан Адинаның сұлулығы көздің жауын алардай.
- Әрине қалайша кешігейін?-дей қолын ұсынды. Адина ата-анасының беттерінен сүйді де, барып қолын берді. Көлік ішінде қайта-қайта бикешке әдемі көзқараспен қарайлап келе жатқан жігіт пен жымия отырған бикеш әдемі ресторанның алдына келіп тоқтады. Бұл уақытта, Азаматта дайындалып жатты, ол да сонда баруды шешкен болатын.
Арсен мен Адина ішке кірді. Екеуіне ғана арналып жасалған үстел жайнап тұр. Қалғанының бәрі бос, баяу ән мен терезедегі әдемі көрініс керемет үйлесімді.
- Екеумізден басқа ешкім болмайды ма?
- Әрине,- деп оған орындықты ұсынды, Адина жайғасты. Екеуіне жасалған арнайы тағамдар ыстық күйінде бірінен соң бірі келіп үстелде тіпті бос орын қалмай жатты. Екеуі тамақтанып алды да, сол күнделікті ананы-мынаны айтып отырды. Бірде вальске әуен қосылып Арсен орнынан тұрып оны шақырды. Екеуі баяу биге билеп жүр, Арсен жымия Адинаның құлағына жақындай:
- Өте әдемі болып тұрсың.
- Рахмет,- деп жымиды.
- Осы әдемілігіңе тамсанып келе жатқаныма қанша болды. Ары қарай бұлай жүре алмайтындаймын,- Арсен баяу әрі жағымды үнімен. Адина үндемеді. Сол сәтте даяшы үлкен әдемі раушандарды әкелді. Арсен бикешті жібере, қалтасынан сақина салынған қорапшаны шығарды да, тізерлей отырып:
- Менің ұйқымды ұрлаған нәзік әрі сұлу бикеш менің өмірлік жарым боласыз ба?- дей сақинаны ұсынды. Адина бірден бұндай ұсыныс күтпегенін түрі қатты білдіріп тұрды. Тіпті әлі қыз бен жігіт болмағандықтан, бұл ұсынысқа не деп жауап берерін білмей:
- Аа..Арс..ен мен білмеймін,- таң қалысын жасырмастан.
- Білмейтін несі бар? Ойланасың ба?- Адина басын изеді.
- Сонда да тағайық қолыңды берші?- деп орнынан тұрып қолын созды. Адина не істерін білмей тұрғанда, қол шапалақтаған Азаматта оларға жақындады.
- Сен не істеп жүрсің?- оны көрген Арсен түсінбестен.
- Сен осыны айттың ба, сенде білдің бе?- Адина оны сұрақтың астына алып.
- Жоқ жаным мен мүлдем басқа нәрсені айтқан едім.
- Бізді құттықтауға келдің бе? Біз жаным екеуміз жақын арада үйленеміз,- Арсен Адинаны тартып иығынан құшақтай жымиды.
- Арсен, Адинаны тоқал қыласың ба әлде бәйбіше ма? Диананы ше?- Азамат күлімдей.
- Не?- Адина түсінбей Арсеннің қолын итере.
- Не айтып тұрсың сен? Адина мені тыңдашы мынау...
- Тыңдап тұрмын ғой айта бер Арсен.
- Уфф мынау нені қайдан шығарып айтып тұрғанын білмеймін. Шамасы мені көре алмай, сені қызғанып тұр ау деймін.
- Арсен нақты сөйлеші, Азамат көзі жетпесе айтпайды. Дұрыстап түсіндір, мен бір кетсем екінші бетіңді көрмеймін,- Адина ашулана.
- Жарайды. Диана менің сүйген қызым, мынаның қалай біліп қойғанын білмеймін.
- Маған неңе жетісіп сөз айтып тұрсың онда? Әлде саған ойыншық па бұл?
- Менн..әкемнің қалағанын жасағым келді.
- Енді көзіме көрінсең, Дианаңа барып бәрін айтып беремін түсіндің ба?
- Түсіндім мені кешірші.
- Керек емес ештеңе деме айтпа маған ештеңе,- дей Адина жұлқына кетіп қалды. Азамат артынан еріп келеді.
- Сен қашан білдің?
- Бүгін. Самолетте.
- Неге айтпадың?
- Мен саған өзі айтады екен дедім ғой, ішім сезіп келдім қайта.
- Хорошо. Қандай жаман сезімде тұрғанымды білсең ғой,- дауысы дірілдей әрең сөйледі.
- Успокойся. Сен білген жоқсың ғой.
- Мені пайдаланды ғоой Азамат,- тістене.
- Жоқ, ешкім пайдаланған жоқ. Сен онымен отношенияда болған жоқсың ғой болды сабыр жаным,- дей оны Азамат құшағына алды. Осылай біраз тұрды да:
- Қайда барғың келеді?
- Ешқайда мені жалғыз қалдыршы, жыным шығып тұр.
- Жоқ бір жерге барайық одан да.
- Бармаймын Азамат ешқайда,- Адина кетіп бара жатқаны сол еді, Азамат қолынан ұстай тоқтатып:
- Барамыз дедім ғой Динь? Куда хочешь?
- Бармаймын дедім,- деп қолын жұлып алды. Жұлқына кетіп бара жатқан бикештің Азамат алдына шыққан сәтте Адина:
- Азамат жайыма қалдыршы мені өті..,- деп айқайлай бастағанда Азамат оның ерніне жабыса кетті. Ернінен тоқтамастан сүйіп жатқан жігітке, Адина да қарсылық танытқанын қойды да, тыныштала қалды. Бикешті жібере сала, Азамат өз ісіне өзі түсінбей таң қалып қалды. Адина да аң-таң. Көлікте үнсіздік орнады, Адинаны үйіне әкеліп тастады да, үйіне қайтты. Таңға дейін ұйықтай алмай шыққан жігіт өзіне-өзі мәз болды. Әрең көзі ілінген бикеш, түнімен түсінде Ащаматты көріп ұйқысы ұйқы болмады. Ертесі, Арсен жайлы сұрақтың астына алған ата-анасына бәрін айтып берді. Мұны естіген әкесі де енді араласпауды шешті. Азамат пен Адинаның Алматыда көрмеген, бірге жүрмеген, қыдырмаған жерлері қалмады. Бикешке деген сезімі шынайы жігіт, түннің жарымы 03:42де қоңырау шалып оны шығарып алды да:
- Динь? Алдыннан айтамын, жасаймын деп жүрген нәрсем бар ғой?
- Ыы,- бикеш есіней әрең.
- Тыңдашы енді.
- Ыы ия тыңдап тұрмын ғой.
- Сен тыңдап тұрған жоқсың ғой.
- Туй Азамат ұйқымнан оятып шығардың ғой. Соны ертең айтсаң болмады ма? Жүріп-жүріп түннің бір уағында кеп тұрсың ғой.
- Сағат рахат әрине, мен ғой мына ұйықтай алмай қайсы түн қайсы күн екенін ажырата алмай қалдым.
- Мен ба ұйқы бермей жүрген?
- Ия сен. Мені мына есімнен адастырып жібердің.
- ...,- Адина үндемей қалды. Бірден ұйқысы шәйдай ашылса да онша білдірмей тұрды.
- Болды дальше шыдай алмаймын мен.
- А?
- Кешірші мені.
- Не үшін?
- Талғамымда емессің дегенім үшін.
- Ойй Азамат, не болды түсіңде көріп келдің бе?
- Жооқ, мен қазір қуып тұрған сияқты шығармын саған. Осыған дейін қаншама көндіруге тырыстым өзімді. Бірақ..болмады. Мен сен дегенде тілсізбін, дымсызбын. Саған ессіз ғашық боп қалдым мен Динь.
- Ыы Азамат шынымен айтып тұрсың ба? Әлде лунатик болаьын әдет бар ма еді?- Адина оның беттіне тесірейе қарап. Азамат ары қарай өзін ұстай алмастан, бикешті белінен құшақтай алды да, ернінен сүйе кетті. Бикеш те көзі бақырайған күйі сезімге берілді.
Осылай Азамат Мальдивыға билет алып, екеуі сонда кетті. Жұмыстан басқа ештеңе ойламайтын жігіттен, мүлдем басқа жігітті шығарған бикеш өміріне мәз. Екеуі шет елдерді аралап жүргенде Азамат ұсыныс жасады. Елге оралып, екі жақтың ата-анасы танысып, тойдың да ауылы жақындады. Өте бақытты жанұяға айналған қос ғашықтың достықтан басталған ұлы сезім хикаясы осымен тәмам. Ары қарай, қанша бала-шаға, қандай және қалай екені тек сіздердің фантазияларыңызда болсын.?
Миыма қаншама әдемі сөздер мен идеялар келіп, жазылмаған күйі есімнен шығып кеткені шамыма тиеді. Мейлі, бұйырмаған болар деп қоямын, бұл да жаман емес. Әсірелеп сөздер қолдануға батылым бармады, шынайылығын құртпайын дедім. Аал, менің кезекті өзіме ұнайтын жеңіл әрі шынайы деп санайтын туындыларымның бірі аяғына жетті. Менімен бірге болғандарыңызға алғысым шексіз!???