#BTS_FANFIC_QRF ❓Құпия❗️ 6-бөлім Өткен бөлімде: Чимин перде артынан шыға бергенде кілем астында тұрған белгісіз қатты затты басып, табанын ауыртып алды. – Бұл не тағы, ауыртты ғой, - деп, әлгі кілемді көтеріп еді. Кілем астынан белгісіз төрт бұрышты есік көрінді. Чимин енді әлгі есікті ашқалы жатқанда. – Не істеп жатырсың? - деген дауыс оны тоқтатты. Чиминге бұл дауыс тым таныс еді, басын көтере қарап: – Тірісің ба? Өліп қалған шығар деп едім, - деді кекете. – Оны қойшы, андағы жерде не істеп отырсың? – Мынаны қара, жертөле есігін тауып алдым, - дегені сол-ақ еді, Минджу алдына гүрс етіп бірақ құлады. Чиминнің көздері бақырайған күйі, алдында қолына оқтау ұстап алған әйелге қарады. Қарапайым ғана әйел адам, Чимин күткендей ешқандай да қорқынышты емес бейне. Әлгі әйел қолындағы оқтауын Чиминге сермеп: – Жаныңның барында тұр қане, - деді ашулана сөйлеп. Чимин ақырын ғана орынынан тұрып: – Кешіріңіз, бәрі сіз ойлағандай емес. Тек ұра көрмеңіз, - Чиминнің екі көзі әлгі әйелдің қолындағы оқтауда еді. – Солай ма? Мен ойлағандай емес пе? Мұнда не жоғалттың, жүгермек? Жап-жас болып алып, істеп жүргендерің мынау. – Апай, кешіріңіз! Өтініш, бізді жіберіңізші. – Жоқ, жаным. Жібере алмайды екенмін, мен сендерге жақсылып тұрып сабақ беремін. Біреудің үйіне ұрлыққа түскеннің қаншалықты дұрыс еместігінен сабақ беретін брламын, - дей, Чиминді де ұрғылай бастады. Чимин болса қаша жөнелді, Чимин тура ас үйге кіріп, есікті жауып алды да қолына таба ұстап, есіктің жанына тұра қалды. Арадан 10 минкттай уақыт та өтіп үлгерген болатын, бірақ Чиминді қауалап жүрген әйел әлі де ас үйге келген жоқ. Чимин енді ғана есікті өзі ашқалы жатқанда, сырттан біреу ашып қалғаны сол еді, көзін тарс жұмып алған Чимин, қолындағы табамен оның бетінен бірақ ұрып, жерге сылқ құлатты. Чимин ақырын ғана көзін ашып қараса, жерде жатқан әйел емес, досы Минджу болып шықты. – Қап, құрып кеткір, сен қайдан шыға келдің?! - ес-түссіз жерде жатқан Минджуға бір қарады да, қайта әлгі әйелді іздеп, жүріп кетті. Кенет кішкентай ғана дәліз ортасында орындықта байлаулы тұрған әйелді көріп, кілт тоқтай қалды. Сөйтсек Минджу деген қорқақ батырымыз оны ұстап, орындыққа байлып қайған екен. Әйел ес түссіз. – Нені күтіп тұрсың, жертөлеге түспеймісің, - Минджу мұрынындағы ағып жатқан қанды жеңімен бір сүрте, Чиминнің жанына келіп тоқтады. – Минджу, ауырып тұр ма? Кешір, мен сен деп ойламадым, әйтпесе ұрмаушы едім. – Жә, ақталмай-ақ қой. Түсініп тұрмын. Көп созбақтамай жертөлеге түсейік, - деп, жертөле есігін ашып, төменге түсе бастады. Кенетт әлгі әйел есін жиып: – Онда түсуші болмаңдар. Ол жақта өте қауіпті. Сөзіме құлақ асыңдар, - дегенімен Чимин мен Минджу оның сөзін елемей, жертөлеге түсіп кетті. Қараңғы әрі кең жертөле, ешқандай жарық жоқ. Чимин қалтасынан телефонын ала, фонаригін қосып, айналаға зер салуда. Кенет дәл түрмедегідей темір тор көрінді. Ол темір тордың артында кәдімгі адам өмір сүретіндей жағдай жасалған. Осы бір тұста әлгі тордың артынан бетінде бетпердесі бар әйел көрінді. Ол тұп-тура Чимин мен Минджуге қарап тұрды, тіпті қозғалмады. Минджудың қорқынышы зәр түбіне жетсе Чиминнің бар ойы “Ол кім?” деумен болды. – Сіз кімсіз? Мұнда жарық бар ма? Әлгі тор артындағы белгісіз әйел енді ғана орынын қозғала жертөле жарығын қосты. Бұл жертөле кәдімгі үй сияқты. Адамға керектің барлығы дерлік бар. Бірде әлгі әйел: – Жарайсың, балақай. Өзің өсіп қалыпсың әрі сымбатты болып ер жетіпсің, керемет, - деді. Чимин әлгі торға жақындау барып: – Сіз кімсіз? - деді жаңағы қойған сұрағын қайталап. Бірақ әйел өзінің кім екенін айтуға әлі асықпайтын секілді: – Мынаны айтшы, сенің есімің Чимин ғой, солай ма? – Кешіріңіз, сіз неге кім екеніңізді айтпай, сөзді басқаға бұрмалап жатырсыз? - деді Минджу, әйелдің өзі жайлы айтқысы келіп тұрмағанынан сескеніп. – Ааа, мен қателестім бе? Чимин сенбісің? - деп, Минджуға назарын аударды. Оның бұл сөзінен сасқалақтап қалған Минджу: – Қайдағыны айта бермей, кім екеніңізді айтыңыз? Мұнда қайдан жүрсіз? Неге бетперде тағып алғансыз? Әлгі әйел Минджудан көзін алмай: – Сенің тіпті көкейің қаншама сұрақтарға толып қалыпты ғой. Бұл нәрселерге қызығушылық танытқаның дұрыс, әрине, бірақ менің кім екенімді білмес бұрын мені мына тордан босатсаңдар нұр үстіне нұр болушы еді. Чимин: – Біз босатамыз, алдымен сіз біздің сұрақтарымызға жауап беріңіз. Кімсіз? – Мен бе? Мен Чиминнің … алдымен жоғарыдағы әйелді біржақты етіп, үй есігін жақсылап бекітіп келгендерің жөн болар. Сосын асықпай отырып сөйлесейік, - деді әйел. Чимин мен Минджу бір-біріне қарап, қайта жоғары көтеріліп кетті. Минджу жоғарыда орындықта байлаулы тұрған әйелді мықтырақ етіп қайта байлап, бір бөлмеге қамап қойса, Чимин үйдің барлық терезелері мен есігін іштен құлыптап қойды. Жертөле. Торға қарама-қарсы жайғасқан Чимин мен Минджу, ал тор ішінде оларға қарама-қарсы жайғасқан белгісіз әйел. Осылайша арадағы тыныштықты ең алдымен Чимин бұзып: – Сонымен өзіңіз жайлы айтсаңыз? Біз сізді күтіп отырмыз. Әйел алдында отырған екі жігітке кезек-кезек қарап, іштей: – Қызық, бұл екеуінің қайсы бірі менің бауырым екен?! Екеуі де сымбатты әрі аңқау емес. Шындықты айтсам ба екен? Әлде жалғанды ойлап тапсам ба?! Әйел ұзақ ойлана: – Менің көкейімде бір сұрақ бар. Сол сұрағыма жауап берсеңдер деймін. Минджу: – Иә, нені сұрағыңыз келеді? – Қайсы бірің Чиминсің? - кезекпен кезек жігіттерге қараған әйел көкейіндегі сұрағын қойды. Чимин қолын көтере “мен” дегендей ишара жасаған соң, әлгі әйел Чиминге зер сала қарап: – Сезіп едім, сен екеніңді сезгенмін, - жанарында білінер білінбес жас үйірілген болатын. Чимин мен Минджу да мұны байқаған еді. – Мен… менің есімім Джису. Пак Джису. Сенің әпкең, - деді Чиминнің көздеріне тура қарап. – Не? Чимин де, Минджу да одан бұндай сөзді күтпеген-ді. Таңғалысын жасырмаған Минджу: – Бұл сонда қалай болғаны?! Сіз оның әпкесі болсаңыз неге мұндасыз? Чимин: – Сенбеймін. Егер әпкем болғаныңда мен білуші едім, ата-анам айтқан болушы еді. – Өмір неше түрлі қиындықтар мен шытырмандарға толы болады екен, Чимин. Менің өмірім ұшы қиыры жоқ, мәнсіз де мағынасыз болды. 17 жыл. 17 жыл бойы мына қапаста өмір сүріп келемін. Мен бұл жағдайға кімді кінәлайтынымды да білмеймін. Ата-анамды ма? Өзімді ме? Әлде сені ме? - деді, Чиминнің көзіне тура қарап. Чимин де оның көздеріне тура қараған күйі терең ойға шомып кеткен еді. — Кұрып кеткір, бұл қалай болғаны? Расымен де әпкем болғаны ма? — Чимин, сенің сенбеуің ол айтпаса да белгілі. Мен жай ғана саған бар шындықты айтқым келеді. Ал одан кейінгі әрекет ол тікелей сенің өзіңе байланысты. Мені мына қапастан босатасың ба, босатпайсың ба? Ол жағын өзің шешерсің. – Иә, құлағым сізде. Не шындықты айтқыңыз келеді? – Осыдан нақ 27 жыл бұрын. Пак әулетінде көптен күткен сәби дүниеге келді. Бірақ әулеттің қуанышы сәби дүниеге келген сәттен бастап, су сепкендей басылды. Неге? Себебі сәби ұсқынсыз еді. Ешкімде жоқ ерекше келбетке ие сәбиді ешкім қабылдай алған жоқ. Бірақ ата-анасы сәбиден бас тартпады. Оны тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсірді. Қыз 6 жасқа толғанда оны мектепке берді, бірақ ол жерде барлық балалар одан қорқатын. Ұсқынсыз, құбыжық, өзге ғаламшарлық деп, қызға неше түрліні айтатын. Онымен ешкім ойнамайтын, үнемі шетте қалатын еді. Осылайша уақыт өте келе көптеген ата-аналардан және оқушылардан наразылықтар түсе бастады. “Ол мектептен кетсін”, “ол қорқынышты”, “балаларымыз одан қорқады”, “түнде жайсыз түстер көреді” деп, айта бастады. Оны мектептен шығарып жібереді. Үйде оқытудан мұғалімдер де бас тартты, себебі мұғалімдер де қыздан сескенетін. Осылайша қыз мектепке де бармайтын, көшеге шығып балалармен де ойнай алмайтын еді. Ол қыз өз-өзін жек көретін және айналасындағыларды да. Онымен ойнаудан бас тартып, оны мазақ еткендерді қатты жек көретін. Күндердің күнінде қыз көрші үйдің қызымен қатты ойнағысы келеді, бірақ ол қорқатын. Қыз бетіне бетперде киіп, неше түрліні айта алдап, көрші үйдегі қызды ойнауға шақырады. Үйге келген екеуі алдымен қызықты әңгіме айтып отырады, содан соң қуыршақтармен ойнауға көшеді. Сол кезде екі қыз бір қуыршаққа таласып, арты шуға айналады. Үйде екеуінен басқа ешкім жоқ болатын, қыз көрші үйдегі қызды қатты ойыншықпен бірақ ұрып, есінен тандырып алады. Не істерін білмеген қыз оны орындыққа байлап, пышақпен көрші қыздың бетін тілгілеп, білгенін істейді. Және бұл ойдың миына қалай келгенін өзі де ұқпаған еді. Артынша қыз ісін тоқтатып “біз енді бірдей болдық, екеуіміз де ұсқынсызбыз” деп мәз болды. Осы сәтте үйге қыздың ата-анасы кіріп келіп, болған жайтты көргенде біраз уақыт естерін жинай алмаған еді. Артынша анасы одан неге бұлай жасағанын сұрағанда, қыз оған “ол менен әдемі болғаны үшін осылай жасадым, енді екеуіміз де ұсқынсызбыз, біз енді бірге ойнайтын боламыз” деп жауап берген еді. Беті тілгіленген көрші қыз есін жоғалтқан күйі өлім құшқан болатын. Бір қызығы қыз өзінің нендей қателік істегенінен еш өкінбеді. Абдыраған ата-анасы өз туған қыздарының жасаған қателігіне көз жұма қарауды шешеді. Өлген қыздың мәйітін қайда жасырарын білмеген ата-ана бір түннің ішінде үй астынан жертөле қазып, сонда көмеміз деп шешеді. Бірақ жертөле қазу барысында аяғы ауыр анасының іші бүріп ауыра бастайды. Иә, ұсқынсыз қыздың анасы екінші балаға аяғы ауыр еді. Осылайша мерзімінен ерте дүниеге дені де, түрі де сап-сау шекесі торсықтай ұл бала келеді. Ұсқынсыз қыз әпке атанған еді. Бұл уақытта көрші үй бүткіл Сеулді шулатып, ізім-ғайым жоғалған қызын іздестіруде еді. Сонымен анасы сүйкімді ұлдарын әпкесі көрші қызды өлтіргендей өлтіреме деп қатты уайымдайды. Көрші қызды көмеміз деп жасаған жертөлеге көрші қызды емес, сол ұсқынсыз қызды жасырып, көрші үйдің қызын “қызымыз өз бет-бейнесін пышақпен тілгілеп, өз-өзіне қол жұмсады” деп жалған сөйлеп, көрші үйдің қызын өз қызымыз өлді деп, дүйім жұрттың көзінше жер қойнауына тапсырады. Осылай ұсқынсыз қызды ата-анасы жасырып жертөледе асырайды, ал көрші үйдің қызы жайлы іс 3 жылдан кейін тоқтатылады. Ұсқынсыз қыз 10 жасынан бастап, жертөледе өмір сүреді, оған ата-анасы бүткіл жағдайын жасап берді. Не керектің бәрін алып берді. Өздері бар білген білімін беріп, сауатын ашты. Солай күндер өте берді. Ұсқынсыз қызды ата-анасы бір сәтке болсын сыртқа шығарған емес. Бауырын да көрсетпеді, байқауымша бауырына да әпкесі жайлы тіс жармаған секілді. Қыз өз бауырын қатты көргісі келетін еді, оны ойнатып, бірге уақыт өткізгісі келетін. Бірақ ешқандай мүмкіндік болмады. Қыз жертөледе отырып, жоғарыда яғни үй ішінде болып жатқан әңгімелерді анық естіп жататын. Осылайша қыз бауырының бөлмесі қай тұста екенін анық білетін. Және дәл бауырының бөлмесіне байланыс орнатқысы келіп, ағаш еденді қолына түскен қатты затпен қырнап, кішкентай ғана тесік жасайды. Ол жер арқылы бауырымен тілдесеміз деп ойлаған болатын, бірақ онысынан түк шықпады. Бауыры оны естімеді. Себебі, ол кезде ол әлі кішкентай болатын бар жоғы 4-5 жаста еді. Інісімен қатты сөйлесуді армандаған қыз қағаздарға неше түрлі суреттер салатын, хаттар жазып, әлгі тесік арқылы бөлмеге өткізетін. Күндердің күнінде әлгі тесіктегі қағаз орнында болмады. Қыз қағазды інісі алды деп қатты қуанып, күн сайын солай жасап, тесікке қағаз қалдыратын. Бір күні әлгі тесіктің орыны бекітіліп қалды, және үйден де адамдардың дауысы сирек естілетін болды. Сөйтсе ата-анасы інісін алып, өзге жаққа қоныс аударған екен. Осылайша қыз жертөледе өмір сүруін жалғастыра берді. Ата-анасы сирек келетінді шығарды. Кейде тіпті 2-3 күндеп аш қалушы еді. Күндердің күнінде ата-анасы қыздарына қарау үшін көшеде қаңғып жүрген үйсіз әйелді әкеледі. Әйелге осы үйде тұрасың, тамағыңа киіміңе ақша беріп отырамыз. Тек бір шартпен: жертөледегі қыз жайлы ешкімге тіс жарып айтушы болма деп ескертті. Күндер мен айлар, жылдар өте берді. Қыз жападан жалғыз, жертөледе өмір сүре берді. Әлгі үйсіз әйел күнделікті қызға тамағын беріп, іші пыспасын деп бір уақыт әңгімелесіп тұратын. Қыз 27 жасқа толғанда ата-анасы оны тортпен құттықтап келеді, әкесі қызына тілек айтып жатқанда оның телефонына “Чимин ұлым” деген номерден қоңырау келеді. Мұны қыз анық көрген еді. Сол сәттен бастап, қыз інісі жайлы күн сайын ойлайтын еді. Кезінде жазған хаттары, сызған суреттері әлі де өзінде ма? Әлде қоқысқа тастап жіберді ме? Деген сұрақтармен көз ілмейтін. Інісінің аты Чимин екенін де сол кезде бірақ білген болатын. Күн сайын “інім іздеп келер ма екен” деп күтетін. Міне, осылай Чимин, әлгі ұсқынсыз қыз деп отырғанымыз мен боламын. Сенің әпкең — Пак Джису менмін, - деп, әңгімесін аяқтады. Жаңадан бері қыздың әңгімесін ұйып тыңдап отырған Минджудың жүрегі елжіреп, көз жасына ерік беріп отырған болатын. Ал Чимин болса терең ой түбіне сүңгіп кеткендей, мең-зең күйде болды. Қыздың айтқандары жай ғана бір қиял ғажайып ертегі тәріздес болды. Бірақ шындығында бұл ақиқат еді. Сонда да Чимин қыздың сөздеріне сенбеді: – Мені бұл сөздеріңе сенеді деп ойлайсың ба? Ертегің осымен аяқталды ма? Минджу Чиминнің сөздерінен соң оған жалт қарап: – Сен шыныменде сенбейсің ба? Чимин енді ғана Минджуға назарын салғанда, оның жылағанын байқап: – Сен не, жылағанбысың? - деді таңдана. – Бұл шынымен де аянышты Чимин, оның сөздері рас секілді. Чимин Минджудың сөздерінен кейін, тор артындағы қызға қарап: – Рас болса мына сұрақтарыма жауап берші, “Айналаңдағылар екі жүзді, олардан қорық” дегенсің неге? Мен кімдерден қорқуым керек? Кімдер екі жүзділер? – Айналаңдағы екі жүзділер, ол біздің ата-анамыз. Олардан қорық дегенім, маған істегендей саған да істейді деп ойладым. Ата-анамызды жауыз деп білдім. Оларды жек көрдім. – “Сен менен аумайсың, екеуіміздің кескініміз өте ұқсас” бұны қалай түсіндіресің? – Себебі, сені де өзім сияқты ұсқынсыз деп елестеттім, анам мені ұсқынсыз етіп өмірге алып келді, демек інімді де солай ұсқынсыз етіп туды деп ойладым. – “Еденге құлағыңды тос, біз бірге бола аламыз” сонда сен менімен тілдескің келді, бұны білдім. "Біздің кескініміз өте ұқсас" дегенің мені өзің секілді ұсқынсыз деп ойладың. Айтшы, неліктен қорқынышты қыздың суреттерін сыздың? – Мені көргенде қорықпауың үшін солай жасадым. Сен қорқынышты қыздың суреттерін көріп, көзіңді үйрендірсін дедім. Мені көргенде қорықпасын дедім. – Мені ата-анам алдап жүр. Неліктен алдап жүр? Қарғыс атқыр, неге маған шындықты айтпайды олар? Неге осыншама уақыт жасырып келген? Құрып кетсін бәрі, жынданатын шығармын, - Чимин ашулана, айналасында тұрған заттарды қопарып, лақтырып, сынатынын сындып, ішіндегі ашу мен ызадан құтылғысы келді. Осы тұста жоғарыдан дабырлап сөйлеп жатқан адамдар дауысы естіліп, көп ұзамай жертөлеге әлгі Минджу байлап тастаған әйел және артынан Чиминнің ата-анасы түсті. #HobiLopi Оқырман комментке сценарий жайлы өз ойыңызды жаза кетіңіз. Бұл мен үшін маңызды. Бұл соңы емес!