Қазақстандық боксшы Римма Волосенко ислам дінін қабылдады. ? Жарыс кезінде, жарыс алдында Ислам діні маған жақын екенін сезінетінмін. Ислам діні мені өзінің тазалығымен тартты. Ішкі дүниеңдегі тазалық қана емес, таза жүру, әр нәрсені таза ұстау сияқты кәдімгі күнделікті өмірдегі тазалықты сақтау керек деген ұстанымымен ұнады. Маған дұға айту, дұға оқу, дәрет алу сияқты діндегі тазалану  түрі жақын екенін білдім. Сондықтан мен Лә иләһә илаллаһ Мұһаммәдүр расулуллаһ (Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (с.а.с) Алланың елшісі) деп айтамын. Мен осылай жанкүйерлердің сұрақтарына жауап бергім келеді, – деді ол.