Қазақстан Республикасына киберқауіпсіздік қауіптеріне жаһандық жауап беру нүктелері қажет пе? Елімізде цифрлық қорғау саласы дамып келеді. Киберқауіпсіздік азаматтарды алаяқтық пен кибер шабуылдардан қорғауда маңызды рөл атқарады. Мұнымен IT-мамандары да келіседі. Киберқауіпсіздік — компьютерлік жүйелерді, деректерді, бағдарламалық жасақтарды және адамдарды киберқауіптер мен қылмыстардан қорғауға бағытталған технологиялар, үдерістер мен тәжірибелердің жиынтығы. Біздің елде де басқа мемлекеттер секілді бұл салада түрлі деңгейде көптеген іс-шара іске асырылып жатыр. Ұлттық киберқауіпсіздік стратегиясы қылмыстың […]