Другие записи сообщества
Сіз үндемей қалғаныңыз үшін ешқашан өкінбейсіз. © Шығыс даналығы
Адамға бауыр қайтадан бұйыруы мүмкін, бірақ аға қайтадан бұйырмайды...
Тағы бір рет... Әр рет сәтсіздікке ұшырағанда, ең алдымен не ойлайсыз? Азаптанып, өзекті өкініш өртей ме, жоқ әлде тағы бір рет орай болса, осы өкініштеріңіздің орынын толтыруға құлшынасыз ба? Әрине, бәріміз де тағы бір рет орайдың болуынан үміт етеміз. Айналаңыздағылардың назарындағы тағы бір реткі орайдың қаншалықты маңызды екенін білгіңіз келе ме? Ұзақ уақыт бірге тұрмыс кешірсе де, дәм-тұзы жараспаған бір жұп некеден ажырасар сәтте әйелінің көз жасы көл болып: «Егер тағы бір рет өмірге келсем, сен сияқты сіңірі шыққан кедейге қор болмай, бай біреудің етегінен ұстап еркін өмір кешер ем» десе, жігіт: «Егер тағы бір рет өмірге келер орай болса, ақша тауып, байлық жинап, сені сатып алып көл-көсір тұрмысқа кенелтер едім...» дейді. Ауру меңдеп қал үстінде жатқан қарт ана балаларына: «Ұрпағым, мен сендерге ұяттымын, әкелерің дүниеден ерте өтті, сендерді ержеткізу үшін ауыр азап тарттым. Сендерді адам қатарына қостым, тек сендерді елдің баласы сияқты шетелге жіберіп оқыта алмадым, менің жаныма ең бататыны да осы. Сендерге жоқшылық көрсетпей ержеткізу арманым еді. Амал не, орындай алмадым, қалған жолдарыңда бір-біріңе сүйеніп өткізіңдер. Адамдық жолымен жүріңдер. Егер аналарың тағы бір рет өмірге келсе, жаулығын сатса да, қайыр тілесе де, сендерді оқытып, білім алғызар еді... Орай болса...» деп үздігіп барып тынысы тоқтады. Ал біз әрқашан жеңіліс тауып, сүрінген кездерімізде ең әуелі көңілдегі өз осалдығымызға кейістік білдіріп, келер күндерден, алдағы әрбір минуттан өкініштің орнын толтырар саңылау іздейміз де жүреміз. Әлгі бір жоғалтып алған бақытын тағы бір рет келер деген сеніммен үмітімізді үзбей жүреміз. Жақсылық – адамға бір-ақ рат келер деп мөлшерлеу қате. Бақыт сенің қасыңда. Орай қолыңа күнде келіп қонатын – құс. Маңыздысы сол әдемі сәтті уақытымен игере білу керек. Тағдыр тырнағын батырып, өмір сені өксіткен кездерінде, тағы бір рет деген сөзді ұмыта көрме. Тағы бір рет құлшын, жығылған орыныңнан тұр!
? ƏМИН ?
Сабырлық – бұл ең ұлы күш.
Айлап, жылдап көрмейтін достар бар, бірақ олар бәрібір қымбат.
Кешкі өмірді сүйемін. Түнде әлем өзгеше... © Эльчин Сафарли
«Әрбір қабырғаның өзi құлағы бар ... Сенің айтпағаныңды айтылған болдырып, істемегеніңді істеген болдыратын сенімсіз адамдардың жанында сөзіңе сақ бол»
? ƏМИН ?
Өмір қағидалары Сіз бен біз ұмытпауға тиіс өмірдің 30 қағидасы: 1. Ұнады ма – айт. 2. Ұнамады ма – айт. 3. Біреуді сағындың ба – қоңырау шал. 4. Түсінбедің бе – сұра. 5. Кездескің келе ме – шақыр. 6. Бір нәрсе қалайсың ба – өтін. 7. Түсініскің келе ме – түсіндір. 8. Бақытты болғың келе ме – бол. 9. Ешқашан егеске барудың қажеті жоқ. 10. Егер кінәлі болсаң – өзіңді ақтаудың жолын іздей бермей, сол арада айтып сал. 11. Ақымақтармен айтысам деп әуре болма. 12. Өмірде ең маңыздысы – махаббат, ал қалғандарының бәрі – бос әурешілік. 13. Адамның қиындықтары тек басында ғана болады. 14. Бізді қоршаған әлем зұлым да, мейрімді де емес. Оған сенің барың да, жоғың да бәрібір. 15. Әрбір жаңалықтан ләззат алуға тырыс. 16. Есіңде болсын, сен өмірге тек бір-ақ рет келесің. 17. Мазасыз болма. 18. Теледидарды көп қарай берме, ол бәрібір шынайы өмірдегідей болмайды. 19. Есіңде болсын, сен ешкімге де, ешнәрсеге де міндетті емессің. 20. Есіңде болсын, сен үшін ешкім де, ешнәрсе үшін міндетті емес. 21. Саясатпен айналыспа, саясат адамдардың ашуын шақырады. 22. Ақшаңды жан қалауынан аяма. 23. Өмірде тек өзіңе сен. 24. Сөздерге сенбе, сезінгеніңе сен. 25. Әйелдерге сәбилерге қарағандай қарау керек. Ол үшін шыдам мен кішкене мейірім керек. 26. Есіңде болсын, әр адамның өз шындығы бар және ол сенікімен сәйкес келе бермейді. 27. Егер сенің көңіл-күйің болмаса, өмірдің өткінші екенін ойла. Сол кезде бәрі қалпына келеді. 28. Бүгін өмір сүр. Себебі, кешегі күнің келмеске кетті, ал ертеңгі күніңнің болар-болмасы беймәлім. 29. Өмірде қиын ештеңе жоқ. Қиындықты адамдар қолдан жасап алады. 30. Бүгінгі күннің сенің өміріңдегі ең жақсы күн екенін ұмытпа.