Другие записи сообщества
Өмір - теңіз, Онда жүзем демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз!
Қан тобыңыз қандай? Әр адам өзінің қандай қан тобына жататынын жақсы біледі. Бірақ қан тобы адам мінезінің қандай екеніне әсер ететінін білмеуі мүмкін. Ал қан тобы мінез қалыптастырушы фактор болып табылады екен. Мысалы, бірінші топтағы қан иелері – рухани мықты болып келеді. Тумысынан көшбасшы, өмірге әрқашан құштарлықпен қарайтын жандарды кездестірсеңіз, олар осы бірінші топтағы қан иелері болуы әбден мүмкін. Дегенмен, олар өздеріне айтылған сынды ұната қоймайды, өте ауыр қабылдайды. Есесіне, олар кездескен қиындықтардан қорықпайды, мойымайды. Және бір ерекшелігі, түрлі адамдармен тез тіл табысып кете алады. Сонымен қатар, сырқат не жаралы адамдарға қан құю қажет болса, оның қай топтағы қан иесі екеніне қарамастан, бірінші топтағы қан – кез келген адамға құюға лайық болып табылады. Қаны екінші топтағылар ерекше ұқыпты, жүйелі істі қалайтын және өте жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие болып келеді. Мінездері өте жайлы болғандықтан, кез келген ортаға тез сіңісіп кетеді. Мінездеріндегі және бір ерекшелік, қиналса да, күйзелсе де, сыртқа білдірмеуге тырысады, сырт көзге бәрін жақсы сияқты көрсетіп, не болса да, ішіне сақтап, ештеңе білдірмей жүре береді. Бірақ, бір көтерілсе, ашуымен тау қопара алады екен. Үшінші топқа жататындар – нағыз шығармашылық адамдары. Жан дүниесі қиял мен фантазияға бай, оларды өзі кіріскен іске барынша қолдануға тырысатын жан. Алайда бір кем тұсы – өте тұйық, адамдармен тіл табысуы қиын болып келеді. Қиялшылдығынан болар, көпшілік ортасынан гөрі, оңаша болғанды ұнатады. Сырт көзге сабырлы көрінгенімен, олардың ішінде алай-түлей дауыл соғып тұрады. Ең сирек ұшырасатын қан тобы – төртінші топ болып табылады. Бұл қан тобының иелері – таптырмас ұйымдастырушылар. Мінезі адал, ақ көңіл болып келетін бұл жандар әрқашан көпшіліктің ортасында жүреді. Бір кереметі, адамдарды ешбір алаламай араласатын болғандықтан, олар кез келген ортаның ішінде бойы озық тұратын, отырыстың гүлі болып келеді.
? ƏМИН ?
Күлкісіз өткен күн - бос өткен күн. © Чарли Чаплин
Лүпілдеген тамырындай шекенің Жеке сағат, жеке тәулік, жеке күн. Үлгермейміз түсініп те, байқап та, Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін! © Қадыр Мырза - Әлі
Ұнаса жәй ғана ❤❤❤
? ƏМИН ?
Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген Жақыныңның жат боларын кім білген?!
Міні жоқ адам болып көрінуге тырыспа, кемшілігі жоқ адамның артықшылығы да жоқ.
Ешқашан жеңілмеуге 12 себеп Арманыңыздан бас тартып, барлығына қол сілтеп кетіп қалғыңыз келетін сезім басыңыздан өтті ме? Сіз жалғыз емессіз. Бірақ бұған қандай жағдай болмасын берілуге болмайды. Алға қойған мақсатымыздан бас тарту үшін ешқандай себеп жоқ. Ал керісінше оған ұмтыла түсу үшін төмендегідей 12 себеп бар. 1. Сіз тірі тұрғанда барлығы да мүмкін. Жеңілісімізді ақтай алатын бір ғана себеп бар. Ол – өлім. Яғни өмір сүретін кез келген адам алға қадам басуы тиіс. 2. Реалист болыңыз. Әрине, барлығы бірден болуы мүмкін емес. Түрлі қателік жібересіз. Бар болғаны сол қателіктерден сабақ алып үйреніңіз. 3. Сіз мықтысыз. Адам өзі ойлағаннан да әлдеқайда күшті. Сол секілді сіз де мықтысыз. Сізді табысқа жету жолында ешкім де тоқтата алмайды. Тіпті мыңдаған жеңіліс те. 4. Өзіңізді көрсетіңіз. Бұл өмірге өзіңіздің қандай шыңдарды бағындыра білетініңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын, сіз бәрінен бас тартқан кезде ғана жеңілесіз. 5. Бұл бұрын жасалды ма? Оны бұрын-соңды біреу жасаған болса, сіз де жасай аласыз. Тіпті, ол секілді адам бұл өмірде жалғыз болса да. Бұл мүмкін! 6. Армандарыңызға сеніңіз. Қандай жағдай болмасын өзіңізге сатқындық жасамаңыз. Тағдырыңызға тек өзіңіз ғана басшылық ете аласыз. Бірінші болып өзіңіз сенбесеңіз, ешкім де мойындамайды. 7. Сіздің отбасыңыз бен достарыңыз. Жаныңыз бен жүрегіңізге жақын адамдарыңыз сізге шабыт сыйласын. Олар бар жерде еш уақытта жеңілмеңіз. 8. Сізден де нашар жағдайдағы адамдар бар. Егер таңертеңгі жүгіруден бас тартқыңыз келсе, сал болып, жүруді армандап жатқан адамдар туралы ойлаңыз. 9. Біздің әлемді жақсартыңыз. Табысқа жеткен сәтіңізде табиғат ананы қорғауды, жақындарыңызға қамқорлық танытуды ұмытпаңыз. 10. Сіз бақытты болуға лайықсыз! Егер осы сөздерді жиі айтатын болсаңыз, ешкім де сіздің жолыңызда кедергі бола алмайды. 11. Өзгелерге шабыт сыйлаңыз. Табысты адамдардың қатарына қосылған соң, өзгелердің де дәл өзіңіздей болуына жағдай жасаңыз. Өйткені жеңіске жетер жолдың қаншалықты ауыр екенін өзіңіз де білесіз. 12. Сіз жақындап қалдыңыз. Таң атардағы ең қараңғы уақыт. Егер ары қарай жылжуға күшіңіздің жоқ екендігін сезсеңіз, табысқа бір ғана қадам қалғандығын біліңіз. Жоғарыда аталған 12 себеп өміріңізде қандай қиын жағдай болмасын жігерлі болуға септігін тигізеді. Алға қойған мақсатыңызға ұмтыла түсіңіз. Себебі сізді қолдайтын ата-анаңыз бен жақын туысқандарыңыз бар.