✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Ашу деген ащы жұту қиын , Ішке жұта алсаң түбі тәтті . Айлакер жауды ұту қиын , Жанның емес әр күні сәтті . Енесі тепкен құлынның , Еті білесіңдер ауырмайды . Әке-шешең қатты айтсада , Одан жанашыр табылмайды . Бар киесі қасиеті әр нәрсенің , Көңіл-ай кеңшілікті тар дедің , Ақыл секемшіл жасқаншақ Басқандай өте көп жар шетін . Екіжүзді әртіс болуды ұнатпаймын , Алтынды шығар жерден қазу керек . Тірілерді таппайсың сыналмайтын , Қорғануға кімге болсын қару керек . Боқ шашар тауықтай , Өз-өзіңе салақ болма . Өмір деген қауіпті-ай , Көрерсің алау жолда . Алла берген дәрежені , Түсіре алмас ешбір пенде . Дихандарың дән егеді , Шығады ма түгел жерде . Иман деген бағасыз , Тастама еш панасыз . Адамдық өлшемін , Қадірлемес санасыз .