#NOFA_elestetshi_18 | #cherry? #Елестетші Сен кешеден бері өзіңді жайсыз сезініп жүрсің. Ал бүгін ұйқыдан тұрғанда басың айналып, жүрегің айнып жағымсыз күйді бастан кешірдің. Таң атпастан тәбетің де болмады. Бұл сенің көңіл күйіңе де әсер етті. Миыңа түрлі ойлар келе бастады. — Уландым ба, не жеп едім? - деген түрлі ой мазалап жіберді. Алайда, сенің ойыңа жүктілік жайында тек кешке ғана түсті. Есіңе осыдан 1 апта бұрынғы түн түсіп, бірден қолыңмен ауызыңды бастың. — О, Құдайым! Тек ол емес, - іштей қорқа. #Елестетші Сен не болса да дәріханаға барып, тест алуды жөн көрдің. Ішкі ойлар сені жегідей жеп барады. — Ата-анама не айтамын? Мадиге бұның бәрін қалай түсіндірмекпін? - деп өзіңді іштегі сұрақтармен төмпештеп келесің. Дәріханаға жылдам келдің. — Кешірерсіз, маған жүктілікке арналған тест бересіз бе? - дәріханашы тәте саған бір үңілді де, мырс күлді. Қолыңа тестті ұстатып, ақшасын алды. Сен есікке беттеген бойда, жаңағы тәтенің көмекшісіне айтқан сөздерін құлағың шалып қалды. — Осылар жап-жас болып, жүкті болуға асық. #Елестеші Бұл сөздерден кейін сен тіпті қатты алаңдай бастадың. Үйге жүгірген бойда, сен тестті сынап көрдің. Құдайдан тек сен ойлаған нәрсенің болмауын тілеп жүрсің. Тест өз уақытына жеткен сәтте, тестті алып қарадың. Нәтижесі оң. Яғни, сен жүктісің. #Елестетші Аяқ-қолың дірілдеген сен, жерге отыра кеттің. Көз жастарың тоқтамастан жерге тама берді. Аяқ-қолың үзіліссіз дірілдеуде. Іштегі қорқынышпен сен бұның бәрін Мадиге айтуды жөн санадың. Телефоныңды ала, бірден оған қоңырау шалдың. — Не болып қалды, сұлуым? — Мади , бізге сөйлесу керек. Өтінемін, маған келші, - дауысың дірілдей. Мади сенің дауыс ырғағыңнан сені ауырып қалды деп ойлап, дәрілер мен жеміс-жидек алып, бірден саған бет алды. Араға бір сағат салмастан, ол саған келді. #Елестетші Сен оны алдынан қарсы алып алдың. — С/е, саған не болды? Бір жерің ауырып тұр ма? - ол сенің бозарған түріңе қарай. Сен: — Болды-болды! - жылай, оның құшағына кірдің. Ол ештеңе түсінер емес. Тек сені құшақтап тұрды. — Ботақаным, не болғанын түсіндірші маған. — Мади , мен… Мен жүктімін, - дегенің сол, ол бірден сені құшағынан шығарды да: — С/е, не деп тұрсың? Қайдағы жүктілік, қайдағы бала? - түрі бұзыла. — Бұл сенің балаң, Мади. Енді не істейміз? — Жоқ! Біз әлі өзіміз баламыз. Қайдағы бала? Алдыртасың! - ол қаттырақ сөйлей. Сенің көз жасың тоқтар емес. Осы сәтте екеуіңнің араларыңда ұрыс та туындады. Мади баланы өз қамқорлығына алудан бастартты. Және ол сенен де бас тартып, айырылысу туралы айтып, кетіп қалды. Сен жылап қана үйде қалдың. #Елестетші Арада бір апта өтті. Сен үйден де шықпадың, универге де бармадың. Тіпті, баланы алдыртпай өзің бағатын болып шештің. Арада бір апта өткеннен кейін ғана өз-өзіңе келдің. Бүгін ертерек тұрып, универге аттандың. Группаластарыңның бәрі сенің жағдайыңды Мадиден естіп алған. Бәрі сенің сыртыңнан өсек айтуда. Сен ешкімге назар аудармадың. Алайда, Мадиді басқа қызбен көрген кезіңде, жүрегің қақ айырылды. Көз жасыңды әрең ұстадың. Ішің алай-дүлей болып жатыр. Осылай сен күнде универге келе бастадың. Күнде Мадиді басқа қызбен көретінсің. Бұл сен үшін өте үлкен депрессия болды. #Елестетші Жақында группаңа жаңа студент ауысып келді. Есімі Данияр Кулумшин. Келген күннен бастап, ол саған басқа қыздардан қарағанда басқаша көз-қараспен қарайтын. Әрқашан саған тәттілер беріп, сені қуантуға тырысатын. Алайда, сен Мадиді жақсы көретін едің. Ал Даниярға мүлдем назар аудармайтынсың. #Елестетші Арада біраз уақыт өтті, сен Даниярмен жақсы араласып үлгердің. Ал бәрі екеуіңді жұп деп, қауөсектер шығаруда. Осылай сен Даниярмен күнде уақыт өткізе бастадың. Араларың қатты жақындап кеткен. Күнде паркке барып, уақытты жақсы өткізесіңдер. Сенің ішің де шығып қалған. Ішің шыққан сәтте сен өз еркіңмен универден шықтың. Ал жүкті екеніңді білгеннен кейін, ата-анаңмен де қарым-қатынас бұзылған еді. Қазір тек Даниярмен араласасың. Бүгін сен универден шықтың. Көңіл-күйің сәл нашар. — Кеттік, қыдырып қайтайық, - деді Данияр, сенің көңіл-күйіңнің жоқтығын байқап. Сен жәй ғана: — Жақсы, - деп қысқа қайырдың. Екеуің түнге дейін қыдырып қайттыңдар. Сенің ішіңде Даниярға деген тартылыс пайда болғандай. Тіпті, оны сатушы қыздан қызғанып қалғандай да болдың. Екеуің салқын ауамен қыдырып, ол сені үйге шығарып салды. Бұндай жағдайлар күнде қайталана берді. Екеуің бір-біріңді ұнатып үлгердіңдер. #Елестетші Бүгін Данияр саған хабарласпады да , кездесуге де шақырмады. Сен сәл жабырқап қалдың. Кеш болды. Даниярдан еш хабар болмағандықтан, оған өзің хабарласуды жөн санадың. — Даник, қалайсың? - дедің телефоныңды көтере. — Сыртқа шықшы, - деді, ол бірден. Сен сыртқа шыққан сәтте, ол сені көлікпен күтіп тұрды. —Отыр, кеттік, - ол көлік есігін аша. — Қайда? Мен киініп те үлгермедім. Ол сен киініп алғанша күтті. Діттелген жерге жеткен бойда, ол сенің көзіңді қолымен жапты. Ашқан сәтте сен өте керемет көріністі көрдің. #Елестетші Жерге раушан гүлінің күлтелері шашылған, шамдарда жарқырап сән беруде. Ең кереметі "marry me" сөзі болды. Сен іштей толқып тұрсың. Осы сәтте Данияр тізерлей отырып: — С/е, менің жарым боласың ба? Көп уақыт құртқым келмейді. Үйленейік. Сен қатты қуанып кеттің. Бірақ ішіңдегі баланы ойладың. Бірақ сенің жауабың “ ИӘ ” болды. #Елестетші Арада 2 жыл өтті. Сендер 20 жасқа келдіңдер. Ал қыздарың Айару 2 жасқа келді. Үшеуің өте бақыттысыңдар. Сен дұрыс шешім қабылдағаныңа өте қатты қуандың. Айару Даниярдың туған қызы болмаса да, ол оны өз қызындай жақсы көреді. Екеуіңді де сыйлайды. Ал универден шыққаннан кейін, сен Мадиді кездестірмеген едің. Әдеттегі күндердің бірі. Бүгін Даниярда демалыс болып, үшеуің паркке шықтыңдар. Қыздарыңды ойнатып жүрсіңдер. Осы уақытта Данияр екеуіңе балмұздақ пен сусын алуға кетті. Сен қызың Айаруды әткеншекте ойнатып жүрдің. Бірде сен өзіңе таныс бейнені көрдің. Бұл Мади еді. Ол да сені танып, саған бет алды. — С/е, кездеспегелі көп болды, - деді Мади. — Сәлем! - сен жымия. Мади қызға қарады да: — Бұл менің қызым ба? Есімі кім? - деді. Сен енді жауап бергелі жатқан кезде: — Папа , - деген Айару, әткеншектен түсе, Даниярға қарай жүгірді. Данияр өзіне жүгіріп келе жатқан қызын құшағына қыса, оған балмұздақты ұсынды. Мади екеуің бұл көрініске қарап қалғансыңдар. — Оо, көріспегелі көп болды, Мади! - Данияр күле. Мади сәл жымиып қана қоя салды. Данияр қызын ойнатып, екеуіңді оңаша қалдырды. — Сен сонда, Данияр басқа біреудің қызына әке бола алады деп ойлайсың ба? - Мади саған қарай. Сен: — Болғанда қандай?! Ол өте керемет әке! Айаруды өте қатты жақсы көреді. Біз бақыттымыз! - дедің ашулана. — Қателесесің, С/е. қателесесің. — Жоқ! Мен сені жақсы көрген кезімде қателестім. Бірақ, менің бұл таңдауым қате емес! — Мүмкін екеуіміз қосылармыз. Бала өз әкесімен болғаны дұрыс. — Өз әкесімен? Егер шынында жаның ашыса, бұрын бәрін білгенде қайда қалдың? Жүрдің әрбір қызбен! Сол сәтте Данияр маған қолдау білдірді, мені шын сүйді, мені алдамады! Айаруды да өз бауырына басты. Енді менің көзіме көрінуші де, өміріме араласушы да болма! - сен ашумен айқайлап кетіп қалдың. Ал сендердің бақытты жүздеріңді көріп, Мадидің өзегін өкініш кернегендей болды… Жалғасы бар.. Фанфик жазбай, осындай 2-3 бөлімді стори, елестетші жазу әдет болып қалыпты. Фанфик бастау керек еді. Қандай жанр, не туралы оқығыларыңыз келеді? Пікірге жаза кетіңіздер?
Другие записи сообщества
#NOFA_story_18 | #banshee? My place is not here? Қара түнек. Әр жерде өсіп тұрған жалаңаш ағаштар. Жерде бір өсімдік жоқ, тек тығыздалған қара топырақ. Айналада үстеріне қара жамылғыш киген, көздері қып - қызыл тіршілік иелері. Ия, бұл вампирлер мекені. Есікті бар күшімен ашқан жас бикеш, кабинетке кіріп келді. Сол ақ екен барлығы бірдей орындарынан тұра қалды. - Қайырлы таң! - барлығы бірдей. Бикеш суық жанарымен бір қарады да, жандарынан өте шықты. Жеке кабинетіне кірген бойда орындыққа отыра кетті. - Уфф.., - көзін жұма. Сол ақ екен кабинетке көмекшісі кіріп келді. - Ханым, сізді әке..бас билеуші шақырып жатыр. Бикеш ала көзімен қарады. - Бос емес деп айт! - Бірақ ханым, бүгін сізде айтарлықтай көп жұмыс жоқ, сондықтан 5 минутта болады деп айттым.. - Менен басқаның бәрі би әйтеуір! - көмекшісін итере, шығып кетті. Тыныштау жерге барды да, саусағымен шертіп қалып еді, керек жерінде пайда болды. - Ия, не мәселе менсіз шешілмейтін, - үстел алдындағы орындыққа жайғаса. - Эдриан, саған бұл тәсілді қолданба деп ескертіп едім ғой! - Пап! Мен кішкентай қыз емеспін ғой, - көзін айналдыра. - Жә - жә, жарайды. Саған маңызды тапсырма бар, - қолындағы қаламсабын үстел үстіне қоя. - Адамдар әлеміне барып, мен үшін 1 2 нәрсені біліп қайтшы. - Сен тағы бұрынғы әдетіңе басқанбысың? Жақсы, тек бұл соңғы рет! - есікті "тарс" жаба. Лифтке ұқсас есік. Осы есік арқылы 2 әлем арасында алмасу орын алады. Есік алдында тұрған Эдриан, онда бірінші рет болғалы тұрғандай қобалжып тұр. Іші алай - дүлей, біртүрлі бір сезім билеуде. Аяқтары дірілдеп, өз - өзін ұстай алар емес. Әдетте, вампирлерде "сезім" болмайды. Сондықтан болар, қазір ішінде болып жатқан нәрсе біртүрлі таңсық көрінді. - Маған не болып жатыр өзі? Жинақталсаңшы! - өз - өзіне ұрыса. Ауыр жұтынды. Демін ішіне тартты да, лифт ішіне ене кетті. Қала ортасы. Сол баяғы күйбең тіршілік. Анда - ағылып жатқан адамдар, күндіз - түні үзілмейтін көліктер. Неге екені белгісіз бұл жақтың атмосферасы Эдрианға ұнап барады. Эдрианға айналасы сондай ыстық, жарқын көрінді. - Бұл жер сондай жарық, - тамсана. Адамдар әлеміне бірінші рет келіп тұрмаса да, әр келген сайын бірінші рет келгендей таңдана қарайды. Бір сәт барлығын ұмытып, өмірінің жаңа сатысын осы жерден бастағысы келетіндей күй кешеді. Сол Өз ойларымен арпалысып тұрған Эдрианды бір жігіт қағып кетті. - Ой, кешіріңіз.. - Кешіріңіз.., - екеуі бірдей. Эдриан жігіттің түсіп қалған сөмкесін көтеріп, жігітке ұсынды. - Сізді байқамай қалдым. Рахмет көп! - сөмкені ала, ары қарай жүгіріп кетті. - Батырхан Маликов.., - Эдриан жігіттің артынан қараған күйі, тұрып қалды. ~ Еске алу ~ Эдриан тағы да адамдар әлемінде жүр. Әкесінің тапсырмасы бойынша маңызды бір құжатты жеткізуі керек. - Мына мектептің аяғы бар ма жоқ па?! - жан - жағына алаңдай. - Сізге көмек керек пе? - артынан жігіттің дауысы естілді. - Директордың кабинетін таба алар емеспін, - ыңғайсыздана. - Жүріңіз, жол сілтеп жіберейін, - жігіт жымия. Эдриан үндеместен, жігіттің артынан ерді. - Жаңадан келген оқушысыз ба? - Әзірге жоқ. Мектеп ауыстырудамын, әзірше тек аралап, қарап жүрмін, - жеңіл жымия. Жігіт Эдрианды директордың кабинетіне дейін шығарып салды. - Көп рахмет сізге, - басын көтере. Тұнық, қоңыр көздер. Ерні жіңішкелеу келген. 3 секунд, екеуінің жанары түйісіп қалды. Бұрын соңды сыпайы сөйлеп көрмеген, алғаш рет жігіт алдында майысып тұр. - Оқасы жоқ. Сау болыңыз, - жігіт Эдрианға қол бұлғай, бұрылып кете барды. Эдриан әлі де өзіне келе алар емес. Жігіттің артынан қараған күйі, сол жерде тұрып қалды.. Вампирлер әлеміне оралған Эдриан, жаңағы жігітті іздестіре бастады. 2 күн уақытын іздеумен өткізіп, ақыры тауып алды. - Батырхан Маликов.., - жігіттің суретіне үңіле. ~ Еске алу аяқталды ~ Батырханның Эдрианды танымаған себебі: вампирлер жерге түскенде әртүрлі адам бейнесінде түседі. Арада 1 апта зулап өте шықты. Эдриан әкесінің берген тапсырмасын орындап, ендігі өз әлеміне қайтып кеткен. - Ұзағынан кеттің ғой. - Сен берген тапсырма айтарлықтай оңай емес. Ана әлемге үйрену де жұмыс, - қаннан ұрттай. - Жарайсың! - қолындағы құжаттарға қарай. - Осымен болса, мен демалайын, - енді шыққалы жатыр еді, әкесі тоқтатып қалды. - Тоқта! Саған тағы бір жұмыс бар. - Мен өліп барып құтылмасам, мына өмірімде маған тыныштық бермейтін секілдісің. Не тағы?! - бұлдана. - Бұл жолы құжаттар емес, бір адамның жанын алу керексің. - Тыңдап тұрмын, - екі қолын айқастыра. Әкесі үстел үстіне бір қағазды тастай салды. - Батырхан Маликов. Осыдан 5 жыл бұрын вампирлер әлемінен қашып кеткен. Қазіргі уақытта аса қауіпті қылмыскерлер қатарында. Барлық ақпарат мына қағазда, оқып өзің танысарсаң.. Жалғасы бар❤
#NOFA_elestetshi_18 | #banshee? #Елестетші, аяқ - астында сынған ыдыстардың қалдығы. Үй іші астан - кестең. Жылай, мұрныңнан аққан қанды майлықпен сүртіп отырсың. - Сұрқия! Кезінде балам саған емес, мен таңдаған қызға үйленгенде, мұндай болмас еді. Баламның басын айналдырып тиіп алып, отбасымыздың шырқын бұздың! - енең саған айғайлай. - Балаңыздың менің көзіме шөп салғанына мен кінәлімін бе?! - Ия, барлығына кінәлі мына СЕН! Көзіңе шөп салса соған дейін жеткізгенсің да өзің. - Түк ұятыңыз жоқ екен! Жылдар бойы сіздің езгіңізге шыдап келдім, ешқашан сізге қарап аузымды ашқан емеспін. Сондағы айтқан рахметіңіз осы ма?! Бетіңе ащы шапалақ келіп тиді. - Менің анама бұлай сөйлейтіндей кімсің сен? Орныңды біл, сенің бұл үйдегі дәрежең құлмен тең! - сені жұлқып, есік алдына алып келді. Есікті ашты да, киімдерің толған сөмкені лақтырып жіберді. - Жоғалт көзіңді! - шашыңнан сүйрей сені есік сыртына шығарып жіберді де, өзі есікті "тарс" жапты. #Елестетші, қалтаңда 1 тиын ақшаң жоқ. Автобуспен жүретін 1 сағаттың жерді жаяу жүріп келдің. Бет - аузыңның сау жері жоқ, киімің барлығы қан. Осы түріңмен ата - анаңның үйіне келдің. Неде болса жақындарым ғой, құшағына алып, көмек қолын созар деп үміттеніп келесің. - Ойбай, елге не бетімді айтамын? Қызым қайтып келді дейін бе? - Жәй қонаққа келді дей салыңыз. Мам, мен көпке келген жоқпын ғой. 1 2 күн болса да қалайыншы, - өтініп сұрай. - Жоқ! Дәл қазір кетесің! Жоғалт көзіңді! Қызы қайтып келді деп, өсек - әңгімеге қалатын жағдайым жоқ! #Елестетші, көздерің жасқа тола кетті. "Туған анам маған осылай айтып тұрса, басқалардан не мейірім күтпекпін?" деп ойландың. Өзіңді жинақтап, есікті "тарс" жауып кеткің ақ келіп тұр. Бірақ тамағыңда тұрып қалған өксік жіберер емес. - Боздама! Қоқыр - соқырыңды ал да, кет үйімнен! Күйеу баламның аяғына жалынып кешірім сұра, кешірсе әрине, - саған жақтырмай қарай. Ішіңдегі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Анаңның аузынан шыққан әрбір сөз, жүрегіңе біртіндеп сұғылған қанжардай. Тіл қатпадың. Көзіңдегі жасыңды сүрттің де, сөмкеңді көтеріп, үйден шығып кеттің. #Елестетші, қараңғы түсіп қалған уақыт, саябақ іші. Ойың сан - саққа кетіп, "жақындарыңның" айтқан сөздері жегідей жеп барады. Балаларын ертіп жүрген ата - ана, уақыттарын бірге өткізіп жүрген ғашықтар. Олардың бал - бұл жайнаған жүздеріне қарап, "маған бақытты болу бұйырмағаны ма?" деп ойланып қоясың. Айналаңның барлығы бақытты, сенің ғана маңдайыңа қиындықты төгіп бергендей. Өз ойларыңмен арпалысып жатып, қалай ұйықтап кеткеніңді білмей қалдың. #Елестетші, сені полиция қызметкері оятып алды. - Ханым сізде барлығы дұрыс па? - ақырын иығыңнан түрте. - Бұл жерде ұйықтағаныңыз болмады, ауырып қаласыз. Ақырын орныңнан қозғалдың. Денеңнің барлығы тырысып, ауырып қалыпты. - Менімен бірге бөлімшеге жүріңіз, - бір қолына сөмкіңді көтерді де, екінші қолын саған созды. Қызметкердің қолынан қысып ұстап алдың. - Ия, не жағдай? Айта отырыңыз, - саған шәй ұсына. Жылап жібердің. Кешегі шықпай қалған реніш, айтылмай қалған сөздердің барлығын шығарып алғың келді. Танымайтын адамның алдында "мынаның есі дұрыс па?" деп айтама деп қорықтың. #Елестетші, орнынан ақырын көтерілген қызметкер, сені құшақтай алды. - Уайымдамаңыз, мен жаныңыздамын! - көзіңдегі жастарыңды сүрте. Екеуің 1 сағаттай сырластыңдар. Қызық ия? "Сүйікті жарым" деген адамың сезіміңді аяққа таптады. Тіпті туған анаң елдің өсек сөзінен қорқып, сені үйден қуып шықты. Үміттеніп барған адамдарың сенен теріс айналып, танысқаныңа 2 ақ сағат болған жанға мұңыңды шағып отырсың. - Айтпақшы, есімім - Азамат, - күле, саған қолын созды. Күліп жібердің. - Айсель, - ақырын оның қолын алдың. #Елестетші, арада 1 жыл зулап өте шықты. Азамат сені серуендеп қайтуға шақырған болатын. Үстіңде жазғы жеңіл көйлек, шашыңды бұйралап алдың. - Сондай әдемісің, - сені үй алдынан күтіп алған Азамат, тамсана. Ұяла, басыңды төмен салдың. Саябақ іші. Дәл 1 жыл бұрын осы жерде Азаматпен танысқан болатынсыңдар. Сол уақытта, өмір қара түнек секілді көрінген еді. Қазір барлығы өзгерген, бақыттан бал - бұл жайнап жүрсің. - Мен қазір.., - Азамат бір жаққа жүгіріп кетті. Сол ақ екен, саябақтағы жарық сөніп қалды, тас қараңғы. - Азамат! - даусың дірілдей, қорқып тұрсың. Сол сәтте, алдыңнан шамдардан жол ашылды. Орныңнан тұрып, шамдар көрсеткен жолмен жүре бастадың. #Елестетші, Азамат алдыңнан шықты. Қолында үлкен аю мен букет гүл. - Есіңде ме? Осы саябақта екеуміз алғаш танысып, кейін біраз уақыт сырласып едік. Сол сәттен бастап, жүрегімнен орын алып едің, - алдыңа тізерлеп отырды. - Жүрегімде мәңгілік тұрақтағаныңды қалаймын. Менімен бірге үлкен өмірге қадам жасауға дайынсың ба? - қалтасынан жүзігін шығара. - Өңім бе, түсім бе? - таңғалып тұрсың. - Сонымен? - Әрине, ИЯ! - секіре. Азамат сені құшақтай алды. - Мен сені сүйем, - ерніңе жанаса кетті. Қиын сәтте қол үшін созған белгісіз жанның өміріңдегі маңызды адамға айналарын кім білген десеңші..
#NOFA_story_18| #cherry? -Өтінемін,тек сен мені дұрыс түсінші,-жігіттің ғашық жанары қыздың қатқыл жүзіне қарай. -Ильяс,біз достықтан артық ештеңе шығара алмаймыз.Сенде мені дұрыс түсін!Арамызда бәрі өтті-кетті,оны енді дұрыстамақ мен жоқ,-жігітке тіке қараған Жанель.Қыздың жүзінен бір махаббаты көру тым қиын еді.Алайда бұл көздер бірнеше жыл бұрын Ильясты көргенде бақыттан бал-бұл-ақ жанған еді.Ия,кезінде екеуі де бақытты жұптардың бірі еді.Алайда арадағы қашықтық па әлде тағдыр ма екеуін екі айырған? -Данияр ма?Данияр.Ол сені сүймейді Жанель. -Сенде мені сүймегенсің Ильяс.Өтінем артық ештеңе айтпашы маған. -Сүйдім..,шын сүйдім мен сені,-жігіт даусын сәл түсіре. -Сүйгенің рас болса ешқашан изменаға жол бермес едің.Мен сені сүйгем сол кезде сен мені емес.Талай рет,түсінесің бе талай рет мен сенің істегендеріңе көзімді жұма қарадым!Неге?Неге білесің бе?Себебі мен сені сүйдім!-қыз жігіттің кеудесінен ұрғылай,көздерінен аққан жасты сезбей қалды.Ильяста өз мінін түсінгендей үнсіз бір орында қақиып тұрды. -Болды,бітті бәрі осымен…,-қыз көз жастарын сүртті де артқа бұрыла кете барды.Жанельдің ендігі Ильясқа сезімі қалмаған-ды.Алайда қанша жылғы сезім қыздың жүрегінен бір орын алғаны өтірік емес еді.Өмір бумеранг екені рас қой.Қыздың сезімі пәк кезде оны қадірлемеген Ильяс енді өкінішпен өз-өзін жеуде.Жанель оның барлық қатесін кешкен еді.Басқа қызбен кеткенін,тіпті жатқанын.Алайда ендігі қыздың барлық сезімі өшкен.Жаңа ғашығы да пайда болған. Ильяспен жүздескеннен кейін Жанель бірден үйіне барды.Өзін жеңіл сезінді.Оны ұмытқанына жаңа өмір бастайтынына қуанды.Қыз жеңіл душ қабылдап өзіне күтім жасап жүрді.Лсы сәтте оған Данияр қоңырау шалды. -Ботақаным салем,-деген дауысты естіген Жанель риза болып қалды. -Салем,-деп үн қатты ару. -Кешке келемін,кездесіп қайтайық.Мүмкін бір жерге барып тамақтанармыз?-жігітте қызды көруге ынтызар болып. -Мен қарсы емеспін.Сағат нешеде дайын болайын? -8 де келіп алып кетемін сүйкімдім,-жеп екеуі тұтқаны қойды.Жанельдің Ильястан кейін өлген көбелектері қайтадан жаңдана бастады.Қуанған қыз дереу киімдерін қарап әдемі жүзіне жеңіл ғана макияж жасады.Кейін Даниярды да қуантайын деп клубника в шоколаде жасап қойды.Осылай сағат тілі де 8 жі көрсетті.Даниярда өз уадесінде тұрып,тура сағат 8де Жанельді алып кетті. -Саған сыйлығым бар,-көлікке отырған Жанельдің жұзі бақыттан құлпырай. -Қане не екен,-Даниярдың жүзінен ғашықтықты байқаған ару іштей қатты қуанды.Алайда дәл осындай сәт Ильяспенде болған еді. #еске_алу -Жаным,қарашы саған не дайындадым,-үйнен қуана шыққан ару қолындағы өзі әзірлеген тортымен Ильясқа қуана келе жатты. -Туф Жанель!Шаршаттың.Білемін тәттілер ма?Сенің қолыңнан басқа не келуші еді!-Ильяс ашулы дауыспен. -Түсінбедім сені?Саған ұнайтын еді ғой,-Жанельдің қуанышты жүзі бірден бүліне. -Жоқ,сенің тәттілерің де,өзіңде ұнамайсың! -Не үшін онда шақырдың мені?-қыздың жанарына жас үйіріле. -Айырылсайық,басқа қызды ұнатам,-деген сөздерден кейін Жанельдің жүрегі қарсы айырылды.Көз жасына ие бола алмай,қолындағы тортын тастай сала көліктен шығып кетті.Үйіне кіре қатты жылады.Қаншама уақыт депрессиядан кейін өміріне Данияр пайда болды. #еске_алу_аяқталды Жанель сол сәттерді ойлап жылап жіберуге сәл қалды. -Ботақан,бересің бе жоқ па?-деген Даниярдың үнінен кейін қыз бірден есін жинады. -Кешірші ойланып кеттім,-қыз күлімсірей қолындағы тәттілерін Даниярға ұсынды.Жігітте аруда шын ғашық.Данияр өмірінде дәл осылай ғашық болып көрмеген еді.Осылайша екеуі тамақтанып кешті қызықты өткізді.Данияр Жанельді үйіне шығарып салды. Арада 1 жыл өтті.Данияр мен Жанель бақытты.Алайда Ильяс істегендеріне әлі өкінуде,Жанельді әлі ұмыта алар емес.Ильяс пен Данияр жақын достар болмасада араласып тұратын еді. Данияр бүгін барлық достарын жинады. -Короче жігіттер бүгін мен үшін маңызды күн болайын деп тұр,-Данияр костюм-шалбармен өте сымбатты болып тұр. -Жігіт ғашық,-достары оны мазақтай күле.Ильяс жай сырттай үнсіз тұр.Егер сол уақытта қателік жібермегенінде бүгін Даниярдың орынында өзі болар ма еді? Кеш уақытты діттелген жерге Жанельден басқасының бәрі жиналған.Шамдар,раушан гүлінің күлтелері және marry me деген жазулы шам.Бәрі,бәрі де бір біріне үйлесіп тұр.Данияр да тым сымбатты.Жанельді құрбылары осы жерге алдап алып келген еді.Даниярдың халі өте ауыр дегенге жүрегі ауырған ару тез келген.Бірақ келген сәттегі көріністен кейін ол көзіне жас алды. Данияр оны ортаға шақырып тізерлеп сөз салды: -Сүйікті менің Жанельім,екеуіміздің енді тек жұп болып жүре бергенімізді қаламаймын,менің жарым боласың ба? Жанель сөзсіз басын изеді.Дос-жарандарыда қол шапалақтап ортаны біраз шулатты.Ал Ильяс үнсіз. Осылай зулап өмір өте берді.Бүгін Данияр әке атанды.Қатты қуанышты әоі бақытты.Ал Ильяс әлі жалғыз.Бәлкім қыздың көз жасы оның бақытына кедері ме екен кім білсін,Жанельден кейін сүйгенін кездестіре алмады… Сүйгендеріңді бағалаңдар❤️ Ауызашарға дейін жазылған жазба болды.Осында болсын..
#NOFA_story_18| #cherry? Жалғызбасты әке —Жоқ! Менде сенімен барамын!- әкесіне қырсығып тұрған 6 жасар кішкентай Алихан. — Алихан, қазір менің айтқанымды тыңдамасаң, мен сенің қалаған заттарыңның ешқайсында әпермейтін боламын! Сондықтан күтушіңнің қасында қаласың. — Жоқ!- Алихан қолындағы су құйылған ыдысын жерге лақтырып, сындырып тастады. — Алихан!- Дулат дауысын сәл көтеріп еді, кішкентай ұлы Алихан жылай бөлмесіне жүгіріп кетті. Ал Дулат болса жиналысқа асығыс еді. Галстугын таға салысымен Дулат төменге түсті. Өзінің бала күтушісіне келіп: — Алиханға бас көз болыңыз. Жиналысқа мен оны өзіммен бірге әкете алмаймын. Әдеттегідей тамағын бере саларсыз. Сіз оны жақсы білесіз ғой, өзіңізге тапсырдым,- Дулат үйден асыға шығып кетті. Көлігіне отыра бірден компаниясына бет алды. Дулат - 26 жасар жалғызбасты әке. Әйелінің неге жоқтығын алда біле жатарсыздар. Дулат әкесінен мұра болып қалған компанияның басшысы. Қазіргі таңда Алматы бойынша ең атақты компаниялардың топ 1 інде тұрған компания осы Дулатқа тиесілі. Алихан- 6 жасар кішкентай ұл. Дулаттың туған баласы. Кішкентай кезінен бері анасыз өскендіктен мінезі сәл ауырлау. Өзімен қатарлас басқа балалар сияқты анасымен бірге уақыт өткізуді армандайды. — Егер сіз бұл келісімшартқа келіссеңіз онда алда бізден жақсы нәтижелер шығатынына кәміл сенімдімін Дулат мырза. — Кешіріңіз Қанат мырза. Алайда сіздің ұсынып отырған идеяңыз менің компаниям үшін тиімсіз деп санаймын. Сондықтан да мен сізбен келісімшарт жасаудан бас тартамын,- Дулат жұмыс барысында өте қатал еді. Бұл компания әкесінен қалған жалғыз мұра болғандықтан, Дулат өзінің әр басқан адымын аңдып басатын. Және осы компания мен Алихан үшін жанын беруге де әзір еді. — Дулат мырза, егер жиналысыңыз аяқталса сізді бірер минутқа болады ма?- жас қыз Дулатты шақыра. Дулат үнсіз қыз шақырған жаққа беттеді. — Тыңдап тұрмын? — Мен кешегі сіз жасаған хабарландыру жайлы, мен бір қыз таптым. Бизнес жағыннан да, тіл жағынан да тәжірибесі мол сияқты. Осыған дейін “Каусар” компаниясында жұмыс жасапты. — Маған дәл қазір оның резюмесін әкеліп беріңдер. Өз кабинетімде боламын,- Дулат бұл қызға бірден қызығушылық танытты. Себебі “Каусар” компаниясы да осы Алматы бойынша топ 5 тіктің қатарында еді. Араға уақыт салдырмай Дулат ол қыздың резюмесін алды. Арлы-берлі 3 рет оқығаннан кейін: — Қызды маған шақырыңдар, не бүгін не ертеңнен қалмай келсін,- Дулат осы жолы тез шешім қабылдағандай болды. Әдетте өзіне жұмысшылар іздегенде көп ойланатын еді. — Жоқ ішпеймін тамақты! Маған тәтті әкеліп бер,- Алихан өзінің қырсықтығын күтушісіне де көрсететін еді. Дулат оған тәттілік заттарды жеуге тиым салса да, Алихан үнемі тәтті заттар беруін сұрайтын. — Болмайды сізге тәтті заттар кішкентай мырзам. Әкеңіз ондайға тиым салғанын екеуіміз де білеміз,- деген сәтте Алихан сорпаны күтушінің үстіне төге салды. Ашуға қатты берілді ме, күтуші оны шапалақпен бір салып қалды. Енді арты не болатынын түсінгенде олда үнсіз бөлмеден шығып кетті. Осылай Дулаттың да бүгінгі жұмыс күні аяқталды. Алиханға жолай жемістер алып, үйге келді. Бірақ әдеттегідей Алихан алдынан жүгіріп шықпады. Таңертеңгі жағдайдан ренжіген болар деп ойлаған Дулат: — Алихан әлі бөлмесінде ме? Тамақтандырдыңыз ба? — И ияя, әлі бөлмесінде. Сорпасын толық ішпеді,- күтуші кібіртіктене сөйлей алмай. — Сізде бәрі жақсы ма?- деген Дулат өз сұрағына жауап ала алмады. Кейін бірден Алиханға бет алды. Ол әлі бөлмесінде жатыр екен. — Ұлым, мен саған сенің сүйікті жемістеріңді әкелдім,- бірақ Алихан артына бұрылмады. Дулат оның бұл әрекетіне таңырқап, одан бәрін ашық сұрауды жөн санады. Кейін Алихан оған болған оқиғаның бәрін баяндап берді. — Сенікі де дұрыс емес балам, ондай мінезіңді бәріне көрсету жөнді нәрсе емес. Сен ер жетесің, сондықтан бұндай қылықтарыңнан арыл,- Дулат өзінің ашуын Алиханның алдында барынша ұстауға тырысты.Кейін бірден бала күшушіге бет алды. — Асель ханым, сіздің бұл әрекетіңізді қалай түсінуге болады? Мен сізге баланы сеніп тастап кеттім, анасы жоқ екенін біле тұра, анасы болған жағдайда да, сіздің оған қол көтеруге құқығыңыз жоқ! Міне ақшаңызды алыңызда дәл қазір мына жерден көзіңізді құртыңыз!- Дулат бар дауысымен бала күтушіге айқайлап, ақшасын бетіне шашты да, оны жұмыстын босатып жіберді. Бала күтуші де өз қатесін түсініп үнсіз тұр. Ал бұның бәрін сырттай тыңдап тұрған еді. Анасы жоқ деген бір ауыз сөз оның жүрегіне қатты тиіп кеткен еді. Көзі жасқа тола кішкентай бүлдіршін сол жерде жылап жіберді. Дулаттың назары сол сәтте Алиханға түсті. — Ұлым не болды?- Дулат оған жүгіре жөнелді. — Неге менің анам жоқ?- кішкентай Мухаметкалиев мырза жылай. — Сенің анаң бар. Ол қазір сәл демалуда. Уәде беремін мен сенің анаңды алып келемін,- ұлының бұл сөзі жүрегіне қатты тиген Дулат, баланы қалай жұбатарын білмеді. Іштей іші алай-дүлей болуда. — Жүре ғой балапаным. Бүгін сенің сүйікті тәттілеріңді жеуге рұқсат берем. Екеуіміз бірге мультфильм қарауға барамыз,- Дулат оны киіндіріп сыртқа алып шықты. Анасының жоқтығын барынша білдірмеуге тырысса да, қоғам оны Алиханға барынша білдіретін еді. Тіпті балабақшаның өзінде. Дулат пен Алихан бүгінгі кешті керемет өткізді. Бұл қыдырудан кейін Алихан шаршап бірден ұйқыға жатты, ал Дулат ертеңгі келетін менеджер қызға бірнеше жоба қарастырып олда ұйқыға жатты. Таң атысымен Дулат ертерек оянып, таңғы ас әзірледі. Енді менеджермен қоса бала күтуші іздеуіне де тура келген тәрізді. Дулаттың таңғы асы дайын боламын дегенше, Алихан да ұйқысынан оянды. Дулат таңғы асты үстел басына дайындап, Алиханды жуындырды. Кейін екеуі асықпай таңғы асты ішіп алды. —Бүгін мен сені компанияға ертіп апарамын. Тек бұзақылық жасамаймын деп уәде бер!- Дулат қабағын қатқылдата. Алихан жымия басын изеді. Екеуі бірге көлікке отырып жұмысқа қарай беттеді. Компанияға келе салысымен Дулатың алдынан жұмысшылар шықты. Оның хатшысы бірден алдынан шыға: — Сәлеметсіздерме Мухаметкалиев мырзалар. Дулат мырза кешегі менеджер қыз сізді күтіп отыр. — 5 минуттан кейін менің кабинетіме жібер,- Дулат ұлымен кабинетке бет алды. Бұл қоғамдық орта және қоғам болғандықтан Дулаттың жалғызбастылығы жайлы айтылмай қалу мүмкін емес еді. Жұмысшылардың сырттай өсегін құлағы шалса да, Дулат оларға мән бермейтін еді. Арада 5 минут өткен соң Дулаттың кабинетінің есігі қағылды. —Кір!- деген бойда ішке таныс бейне кірді. —Салеметсіз бе? Мен менеджер болуға ұсыныс жасап келіп едім,- Дулат қыздың жанарына ұзақ қарады. Бірақ бұл ол ойлаған адам емес, тек соған ұқсайтын ару болды. Сондада мұндай ұқсастықтан Дулат сәл таңырқап қалды. — Салеметсіз бе? Бірден іске көшсек. Резюмеңмен таныстым. Екі күн қабілетіңді тексерейін, кейін көре жатармыз. — Жақсы,- С/е өзіне тесіле қарап отырған кішкентай балаға бір бұрыла. Келгеннен бері баланың өзіне қарап отырғанын сезсе де, ештеңе демеді. — Бүгінше компаниямен, ұжыммен танысыңыз. Карина бәрін сізге көрсетеді. Боссыз,- қыз кабинеттен шыға сала Алихан әкесіне жүгіріп келіп: — Ол менің анама қатты ұқсайды. —Не? Сен оны қайдан білесің!- Алихан бұрын соңды анасының жүзін де, суретін де көрмеген еді. Алайда С/е шынымен оның анасына ұқсайтын. — Мен сенің папкаларыңнан екеуіңнің бірге түскен суреттеріңді көрдім. Сендер сондай бақытты болдыңдар. Бірақ менің анам қайда? Ол қайтыс болды ма?- деген сөздерден Дулаттың жүрегі дүрсіл қақты. Айтуға сөз таба алмай кідіріп қалды. —Ұлым, кейін сен ер жеткен кезде бәрін түсінесің. Мен сенен ештеңе жасырмаймын, бірақ саған әлі сәл өсу керек,- деді Дулат. — Егер мені шын жақсы көрсең, жаңағы тәтені жұмысқа ал. Мен оны өз анам деп елестетіп, жақсы тіл табысуға тырысам. Ал олай болмаса мен енді ешқашан сабаққа бармаймын! — Ұлым,- Дулат қабағын түйе. Кеш. Дулат соңғы күндері Алиханның анасы жайлы көп ойлайтынын байқап, оның көңілін басқада заттармен аулауға тырысып жүр. Тіпті тәттілерді де алып беріп, бірге ойнатып жүр. — Әке, мен балмұздақ алғым келеді,- баланың көңілінен бас тарта алмаған Дулат оған қалағанын алып берді. Күн сәл салқын еді. Үйге келе салысымен Алихан түшкіріп жөтелуді бастады. Ал сәлден кейін қызуы да көтеріліп, мазасы қашты. Тэхён оған бар білетін ем-шарасын жасап ақырын оны ұйқтатып, өзі қасында отырды. Кейін іштей өткен сәттердің бәрін ойлап, ауыр күрсінді. Баласына бір, айнадан өзіне бір қараған жігіт орынынан тұрып терезе алдынан таза ауа жұтты. Кейіннен қалтасынан ұялы телефонын алып өзіне белгілі бір сандарды теріп, қоңырау шала бастады. —Алло?- тұтқаны бір адам көтере…. Жалғасы бар. ЕСКЕРТУ?:БАСҚА ТОПТА ЕЛЕСТЕТШІ РЕТІНДЕ ШЫҚҚАН, БІРАҚ АВТОРЫ МЕН! Сторимен кіріп келу деген бар ма еді?
#NOFA_habarlandyry_18 ХАбАРЛАНДЫРУ❗️❗️ Топқа фикрайтерлер қажет!! Талаптар: — Сауатты, яғни ң мен н әріптерін, тыныс белгілерін ажырата алатын! — Ұшқыр ойлы. Әртүрлі жанрда жаза білетін! — Аптасына 3 жазба 1 фанфик жазып отыра алатын! — Қазақша таза жаза алатын! Небәрі төрт талап. Егер осы талаптарға өзіңізді сай келеді деп санасаңыз пікірге + таңбасын қалдырыңыз немесе подписьті басу арқылы менің жекеме өтіңіз.