Бүгінгі ойыннан эмоция шексіз. Осындай қуанышты басқа қай спорт сыйлай алады?
Бұрын біздің жігіттер ойын соңында гол жіберіп қаншама күйзеліс сыйлаған, ал кәзір керісінше 2-таймда немесе 80-минуттан кейін голдар салып бұрынғы өкініштерді жуып-шайып жатқандай. Жігіттер осы кезге дейін жанкүйерлерге берген уәдесін орындады десе де болады. Ендігі бір ұлы финал Словениямен болғалы тұр. 1 жыл бұрын кім ойлаған бұрын ерінбегеннің бәрі ұпай алып таптап өте беретін құрамамыз, квалификацияның ең соңғы ойынына дейін үлкен турнирге шығу мүмкіндігін сақтайды деп? 1 жыл бойы төккен тер, Даниядан жеңісті жұлып алған ойын, Солтүстік Ирландияны тізе бүктірген екі ойын, Абаттың керемет голы, бүгінгі жеңіс… Осыншама еңбек, керемет сәттер текке кетпейтіндей көрінеді және ЕВРО-ға Алла бұйырса біз баруға тиіспіз!!!