?? «Фенербахче» Нұралы үшін әдемі вариант ? Кезінде қарапайым кореалық ойыншы Ким Мин Дже осы түрік клубында ойнаған, содан кейін Наполи қызығып, сатып алды, ал қазір Ким Баварияда ойнап жүр. Одан бөлек осы жазда Реал Мадрид Арда Гүлерді Фенербахчеден сатып алды, ол дегеніміз Еуропаның мықты скауттары бұл клубты әрдайым назарда ұстап тұрады. Чемпионатта «Фенер» Галатасараймен бірінші орынды бөліп тұр, маусым сәтті аяқталса, келесі жылы чемпиондар Лигасында ойнайды. Зенит ондай мүмкіндіктен мақрұм. Нұралының жасы әлі 23-те, Фенербахче көпір болып, Еуропаның мықты клубына ауысуға мүмкіндік бар, әрине, ол үшін ең бірінші түрік клубына өтіп алу керек. Лайым солай болғай!