Лимит мәселесі әлі ресми түрде құпталмады. Клубтардың 95% лимитті алып тастау керек деп дауыс берген болатын, енді ҚФФ атқарушы комитеті тарапынан бұл өзгерісті құптау ғана қалды. Оны қашан жүзеге асыратыны әлі белгісіз, бірақ клубтарға лимит жойылды деген хаттар жіберілді. Бұл жерде айтып өтетін маңызды мәселе бар. Лимитті алып тастаса да, клубтар 12 ғана (максимум) шетелдік ойыншыны өз қатарына қоса алады, қалғаны 13 орынды қазақстандық ойыншылар толтыру керек. Бұл 12 адамға ЕАЭС-те (Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) кіреді. Ал алаңға қанша легионер шығарса да, клубтардың өз еркі (былтыр 7 легионерге рұқсат берілді). Ереже осындай.