?? ҚФФ Бұқаралық футбол департаменті өткізген «Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалі» жобасы UEFA Grassroots Awards 2023/2024 премиясының «Best participation initiative» номинациясында жеңімпаз атанды! UEFA Grassroots Awards 2010 жылдан бері футболдағы көрнекті үлестер мен жетістіктерді атап өтеді. Марапаттар еуропалық футболдың көрінбейтін жұлдыздарына назар аударады, жеке тұлғаларды, клубтарды, ұлттық қауымдастықтарды және барлығына арналған ойынды дамытуға және қоғамға маңызды үлес қосуға көмектесетін бастамаларға беріледі. ҚФФ бастауымен 2023 жылы бірнеше ай бойы өткен «Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалі» жобасы Қазақстандағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ қолайлы жағдай жасауға бірегей мүмкіндік берді. Фестиваль Қостанай, Павлодар, Тараз, Алматы, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Өскемен және Қарағанды​ қалаларында өтті. Шараның қорытынды кезеңі Бурабай қаласында ұйымдастырылып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында шеберлік сыныбы өтті. UEFA Grassroots Awards премиясына үміткерлерді Еуропаның ұлттық футбол қауымдастықтары ұсынады, ал жеңімпаздарды ұйымның төменгі тобының ұсыныстары негізінде УЕФА-ның Даму және техникалық көмек комитеті таңдайды. Марапаттар 2010 жылы іске қосылғаннан бері УЕФА-ның 127 бұқаралық марапаты 42 ұлттық мүше қауымдастықтың жеңімпаздарына берілді. ______ Проект «Фестиваль футбола среди воспитанников детских домов», который был проведен Департаментом массового футбола КФФ в 2023 году, официально стал победителем в номинации «Best participation initiative» сезона 2023/2024 в рамках UEFA Grassroots awards 2023/2024 Премия UEFA Grassroots Awards вручается за выдающийся вклад и достижения в футболе с 2010 года. Награды обращают внимание на незамеченных звезд европейского футбола, отмечая отдельных лиц, клубы, национальные ассоциации и инициативы, которые помогают развивать игру для всех и вносят жизненно важный вклад в свое сообщество. Проект «Фестиваль футбола среди воспитанников детских домов» под эгидой КФФ проходил в течение нескольких месяцев 2023 года, и представлял собой уникальную возможность для воспитанников детских домов Казахстана развивать навыки командной работы, укреплять физическое и психологическое здоровье, а также создавать благоприятную социальную среду. Фестиваль проходил в таких городах, как Костанай, Павлодар, Тараз, Алматы, Петропавловск, Шымкент, Кызылорда, Усть-Каменогорск и Караганды. Завершающий этап мероприятий состоялся в городе Бурабай, где в Республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен» был проведен мастер-класс. Кандидаты на премию UEFA Grassroots Awards выдвигаются национальными футбольными ассоциациями Европы, а лауреаты премии выбираются комитетом УЕФА по развитию и технической помощи на основе рекомендаций, сделанных массовой комиссией организации. С момента запуска премии в 2010 году было вручено 127 массовых наград УЕФА победителям из 42 национальных ассоциаций-членов.