?BOOOOOOOOM Шымкентте 35-мыңдық стадион салынады ? Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі мақұлдады. «Жуырда Мемлекет басшысына қаланың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беруім барысында мегаполиске заманауи стандартқа сай стадион қажеттілігін баяндаған болатынмын. Президентіміз биыл жаңа стадионның құрылысын бастау туралы нақты тапсырма берді. Биыл “Бозарық” елдімекенінде 35 мың орынға есептелген стадион құрылысын бастап, 2 жылда, яғни 2026 жылдың ортасына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. – деді қала әкімі Ғ.Сыздықбеков. #Goalkzstadium