?? Ян Вороговский деңгейі ешқайда кетпегені өткен екі ойында тағы бір дәлелдеді. Жолдастық кездесулердің үздік ойыншысы деп айтуға толық негіз бар. Арменияға қарсы біздің пайдамызға пенальти алып келсе, кешегі ойында есеп ашқан дәл осы жігіт. Футболшының нәтижелі ойыны былай тұрсын, Ұлттық құраманың 80% шабуылы осы Янның қапталымен жүреді. Кешегі ойында оң қаптал мүлдем жұмыс істемеді, қауіпті шабуылдардың басым бөлігін Вороговский бастап отырды. Екінші таймда Янды алаңнан алып тастап едік, Асранкулов, Исламхандар шықса да, шабуылдарымыз тоқтап қалды. Шабуылды бастайтын, айып алаңына допты жеткізе алатын ойыншыға зәру болып қалдық. Қазіргі таңда Ұлттық құраманың ең маңызды ойыншысы Ян десек қателеспейміз.