? Қымыз vs Картоп ?
Еурокубоктегі қарсылас туралы бірер сөз. «Астанаға» жеребе бойынша Торпедо (Беларусь) - Милсами (Молдова) жұбының жеңімпазы түсті. Бұл жұпта белоруссиялық клуб кішігірім фаворит. 12 турдан кейін Торпедо чемпионатта жеке дара көш бастап тұр, ал Молдовада маусым аяқталып, клубтар үзіліске кетті. Хайп жағынан да Астанаға Торпедо түскен жақсы. Екі чемпионатты тағы бір салыстырып, жанкүйерлер арасында кішігірім бақталастық бар, ол әрине келер ойынды қыздырады. Қос ел арасында кішігірім дерби десек те болады. Оның тарихын кезінде осы Астана мен БАТЭ бастаған болатын. Біздің жанкүйерлер қалжындап қарсыласты "картоп" десе, ақорыстар бізді "қымыз" деп атап кетті. Біз оған реңжімейміз де, қазақтың ұлттық сусыны басқа халықтың аузында, керемет емес пе?!
«Астана» қандай формада болмасын, бұндай клубтарды өтуі керек, ол талқыланбайды да.
Еуропада аяқтан шалатын Кучин жоқ, оның үстіне елордалық клуб жазғы трансферлік терезеде бірнеше әдемі трансфер жасауды көздеп отыр. Ендеше күтейік!