Бұл шайқасқа 3 күн қалды ? 10 жыл болды «Астана» Қазақ елінің Еурокубоктегі жалғыз үміті болуда. Басқа клубтар 1-2 айналымда ұшып жатса, елордалықтар мінез, рух, тактикалық сауаттылық көрсетіп, 6 рет топтық кезеңге шыққан. Биыл Бабаян шәкірттеріне оңай болмайды, себебі алынбайтын қамалға айналған «Астана Арена» жоқ. Барлық ойындар сырт алаңда өтіп жатыр. Дегенмен де жігіттер барыңша алысқа барады деген үміттеміз. #Goalkzek