?? Астананың қарсыластарымен таныстыруды бастайық. ?? Пафос — кипрлік клуб. Биыл АПОЭЛден де мықты деп айтуға болады. Команданың құрамы Астанадан 2 есе қымбат — 21.5 млн.€. 22 легионері бар клуб. Сапында Швеция құрамасының бұрынғы ойыншысы Муамер Танковичты атап кетуге болады. Жайро — команда лидері, капитаны. Былтыр 13 гол соғып, үздік сұрмергендердің бірі болды. 2020 жылы футболшы 2 млн.€ сомасына "Қайратқа" көшуге жақын болған, бірақ бразилиялық бұл ұсыныстан бас тартты. Топтық кезеңге қалай шықты: ?? Жальгирис - Пафос ?? 2:1 ?? Пафос - Жальгирис ?? 3:0 ?? ЦСКА - Пафос ?? 2:1 ?? Пафос - ЦСКА ?? 4:0 ?? ЧФР - Пафос ?? 1:0 ?? Пафос - ЧФР ?? 3:0 Өз алаңында жақсы ойнайтын клуб, ал "Астана" бұлармен сырт алаңда кездеседі.