⚡️ ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Норвегия мен Словенияға қарсы матчтары қарсаңында Қазақстан құрамасының ойыншылары мен бапкерлерімен кездесті. Федерация басшысы футболшылардың жағдайын сұрап, оқу-жаттығу процесіне қызығушылық танытып, алдағы матчтарда сәттілік тіледі.