6 ұпай үшін шайқас ? Осы аптада Шымкентте маусымның ең маңызды ойындарының бірі өтеді. «Ордабасы» өз алаңында «Астананы» қабылдайды. Шымкенттіктер бұл ойында жеңіске жетсе, чемпиондыққа бір қадам жасайды, себебі қарсыластарына қарағанда (Ақтөбе, Елімай) өткізбеген 2 ойыны бар. «Астананы» чемпиондыққа үміткерлердің қатарына енгізу әлі ерте сияқты, барлығы кейінге шегерілген ойындарының нәтижелерінен кейін ғана сараптауға болады. Бірақ елордалықтар бұл ойында жеңіске жетіп жатса, кем дегенде жүлдеге таласуға мүмкіндік алады. Екі мықтының қайсысы жеңеді?