? Салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сөз сөйлеп, әлемдік ауқымда өтіп жатқан айрықша маңызды іс-шараға қатысу үшін Қазақстанға келген бауырлас мемлекеттердің басшыларына, мәртебелі меймандарға және спортшыларға шынайы алғысын жеткізді
Президент көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырған өркениет екенін айрықша атап өтті.
– Ұлы дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен. Олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді, сол замандағы озық технологияның иесі болды. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды. Қуатты қару-жарақ пен ғажайып зергерлік бұйымдар жасап шығарды. Сақ дәуірінің Алтын адамдары – соның айқын дәлелі. Қазақ жерінен әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи сынды ғұламалар шыққан. Олар ілім-ғылымның дамуына орасан зор үлес қосты. Біздің бабаларымыз алып мемлекеттер құрды, үлкен қалалар салды. Ұлы далада Отырар, Түркістан, Тараз, Сарайшық сияқты сәулетті шаһарлар бой көтерді. Көшпенді жұрт батыс пен шығысқа көпір болып, түрлі мәдениеттің жақындасуына әсер етті. Осы жерде ежелгі Ғұн империясы, одан соң Түрік қағанаты салтанат құрды. Олардың даңқты жолын Алтын Орда мен Қазақ хандығы жалғастырды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
? В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев выразил признательность лидерам братских государств, высоким гостям и спортсменам, прибывшим в Казахстан для участия в важном событии международного масштаба
Как подчеркнул Президент, кочевая цивилизация оставила глубокий след в мировой истории.
– Кочевники Великой степи издревле населяли Евразию. Обладая инновационными для своего времени технологиями, они содействовали глобальному прогрессу. Пять тысяч лет назад кочевники одомашнили лошадь и сформировали всадническую культуру, распространившуюся по всему миру. Степные мастера изготавливали передовые образцы оружия и великолепные ювелирные украшения. Яркое тому свидетельство – найденные «золотые люди» сакского периода. Казахская земля дала миру таких выдающихся личностей, как аль-Фараби и Ходжа Ахмед Яссауи, внесших значительный вклад в развитие науки и гуманистических идей. Наши предки создали сильные государства и возвели в Великой степи впечатляющие своими размерами и красотой средневековые города, в числе которых Отрар, Туркестан, Тараз, Сарайшык. Выступая мостом между Западом и Востоком, кочевники способствовали сближению разных культур. На этих обширных пространствах в разное время процветали империи гуннов и тюркские каганаты, Золотая Орда и Казахское ханство, – сказал он.
t.me/aqorda_resmi