#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ол сенің әпкеңді пайдаланып кетті. Ал, сен одан мұның өтемін алмақсың... (Әуенді қосыңыз) #Елестетші, қар борап жатқан қараңғы кез. Оқудан үйге жетемін дегенше кеш батып, қыстың қылығы шыға бастайтын. Қазір де бұл суық азаптан арылу үшін үйіңе жеткенге дейін барыңды салудасың. Ызғардан тұмшалаған тоқымалы мойын орамалмен бетіңді қымтасаң да үскірік аяз қайтадан жүзіңді тоңдырып әкетуге әлек. Жақындауға шақ қалдың. Аяғың талып, табаныңнан сыз өтіп жатса да, арпалысқан бойда жақындай бергеніңде, қапталыңнан келген жалдамалы көлік зырғып өтті. Ол тура үйіңнің алдына келіп тоқтады. Көліктен түскен әпкең — Гвендолин, ың-шыңсыз үйге кіріп кетті. Әлгі көлік болса жолақысын алып, келген ізімен кері кетті. — Гвен? - үйге кіріп, оны бөлмеден іздеуге көштің. — Гвен деймін! - бір келеңсіздіктің болмағанына іштей өзіңді иландырып. — Әпке... - қараңғы түкпіршекте көз жасын көл етіп отырғанын көріп, көкірегің қарс айырылды. Аптығыңды баса да алмай, мойыныңдағы шарфты шешіп, оның жанына жақындап: — Әпке? Неге жылайсың? Не болды? - оның бетіне сіресіп қалған шаштарын жиып. — Гвен? Айтсаңшы, не болды? - себебін білмей. — Не жазығым бар? Не жазығым бар еді менің? - өжет дауыс қайда баяғы. Тамағында тарығып қалған өксігі, кеудесіне өрт қойып жіберіпті. — Неге олай дейсің? Түсінсем бұйырмасын! - жығылған желкесінен ұстағаныңда, дәл бұлай бас көтермей жылауының алғаш байқадың. Ол одан бетер жиырыла жылап, жұмған ауызын ашпады. — ГВЕН! Жыламашы! Айт, не болды саған? - сен ол тұрмақ аяныштан шығуға әзір жастарыңды әзер тиып. — Алдады... Түсінесің бе? Алдады мені. Алдандым! Соқыр болдым! - ол бақырып, сені өзінен итере бастады. — Қарғыс атсын бәрін! - сорланып қалған байқұстың көзінде не нұр, жүзінде не көрік қалмаған. Жанарынан аққан әрбір жас әлпетіндегі бар әсемдікті шайып әкеткендей. Мына хәлге жеткізген кім? Оны өзін жазғырардай жағдайға алып барған кім? Кімге алданды? Оны тек Гвеннің өзі біледі. Ақылынан азған қыз сені өзінен алшақ ұстауға тырысып жанына жолатпады. — Гвен... - оны қаусыра құшақтап алдың. Осылай ғана өкпесін баспасаң, ол - асау. Жүрегі, көңілі асау. — КЕТ! - сені итерсе де, бауырыңа одан қаттырақ бастың. — Тынышталшы, әпке. Тыныштал... - сары алтын шаштарын сипап, сүйіп марқұм анаңның кеудесіне бас қойғандағы сезімді бердің. Ол осыдан біраз болсын басылғасын, көзі ілініп ұйықтап кетті. #Елестетші, таң қалауы қауқырсыз білінгелі, атқысы келмейтін күн, ала тұман ішінде көрінбеске көнігіп кеткен. — Ояндың ба? - ас бөлмеде екі адамға арнап дастархан жайған сен, Гвеннің кешегіден тәуір кейіпке келгеніне қуанып. Гвен үнсіз үстелдің екінші бетіне жайғасты. Көзінің асты ісіп кеткен. Шанышқыны қолына алып, тәрелкедегі жұмыртқаға батырды. — Бәрі жақсы ма? - сен де келіп отырғасын, шай құйып бердің. Ол тоқтап қалды. — "Жақсы ма" дейсің бе? Кешегіден кейін?.. - ол ендігі жас төкпеуге ант бергесін, ернінің астын жымқыра жымиды. — Мені кешір.. — Жоқ. Сен мені кешір. Көңіліңді ауырттым. Өзімшілдікпен өзімнен итердім... — Кімге алдандың? - бірден біткен тұстан сұрадың. Ол тыныштықта ойын жинақтады, өзіне келді. Қара қазан өкпесі басылғанға дейін сұрағыңа жауап беруін күттің. Бірде ғана: — Бір ай бұрын біреумен таныстым. Жас, сымбатты, менен жоғарыда оқитын курс студенті. Кездестік. Сөйлестік. Тіпті алға қойған жоспарымызды жасырмай жайып салдық. Екі апта не керек, жақын адамдай араласып, көптеген жерде бас қостық. Менің ішімде әлденеше сезім ояна бастады. Онымен уақыт қызықты. Сол үшін қуандым. Бастағы ұнату енді сүйіспеншілікке айналды. Сүйіп қалдым. Небәрі екі апта ішінде ессіздерше жақсы көріп қалдым. Бірақ оның маған деген көзқарасының өзгергенін байқағам жоқ. Мен сезінген махаббат оның көзінде болмады. Ол маған жай ғана қатарлас, дос ретінде қарады... Әттең, мұнысын кеш білдім. Кеше ол мені ортақ жиынға шақырды. Мен танымайтын, тарапыма таңсық орта болса да, сөзін қайтарғым келмеді. Оны көруді де қатты қаладым. Шақырған жерге бет алдым. Сонда бардым, қарғыс атсын! Ойын-сауық кеш болар деп ойладым, олай болмады... Барған бойда, ол жердің көңіл көтеретін лас жер екенін білдім. Кетіп қалуға тырысқанымда, ол менің оған сезімімнің жалған екенін айтты. Дәлелдеуім керек екен. Егер дәлелдесем ол да мені сүйетінін айтпаққа ант етті. Ол ғана емес, оқу біткесін менімен отбасы құруды ұсынды. "Ақымақтық" солай ма? — Не істедің? - дедің сен, қапалы дауысың қамыға шығып, әпкеңнің ондайға қол ұрмайтынына үміттендің. — Не істейтін едім... Дәлелдім! — Не? — Сүйетінімді дәлелдедім. Сен бір сәтте ақылыңнан адаса жаздадың. Шынымен бұл ер жігітке тізгінін ұстатпайтын Гвен болса? Шынымен бұл өжет мінезді, сенің әпкең болса? — Не деп тұрсың? Не деп жатқаныңды өзің білесің бе? Гвен?! - тұрып кетіп, шаштарың ішіне қол жібердің. Гвен сенен бұдан басқа қандай реакция күтіп еді? — Қалайша? Қалайша, әпке... арыңды таптатқызып қарап қалайша отырдың? #Елестетші, оның жағдайы жаныңа батқасын, жылап жібердің. Ол сенің бауырың болғасын шеккен азабын сен де тартатынсың. Өкпең қысылып үйден шығып кеткеніңде, көп ұзамай қайта келдің. Қазір кетсең, ол өзіне бірдеңе істеп қоюы қалыпты. Сол үшін қасында болдың. Бұған дейін болғандар ол біраз бұрынғы нәрсе, ал қазір оның қателігіне көз жұмып, сабырға келдің. Онымен сөйлестің. Сыр тарқаттың. Бірақ мәселенің бетін жылы жаппастан бұрын, оның кімнің жемтігіне айналғанын сұрады. Айтқысы келмедің. Бірақ жауабын алдың. — Ким Намджун. Естідің бе, Крис? — Иә. — Қайда тұрады, кім, қандай отбасыдан. Мүмкіндігінше, барлық мәліметтерін тап, - телефон тұтқасын Гвен келгенге дейін үзбей. — Жақсы, жаным. Бірақ... - деп жатқанда сен Гвен келе сала, байланысты үзіп тастадың. Универ. — Ким Намджун... — Есімін өзім де білемін, басқа не таптың? — Тоқтасаңшы, енді бастап жатырмын ғой. — Айт! — 25 жаста. Осында оқиды екен. Осы жылы оқуды бітіреді. Қаржы министірінің кенже баласы. Сыбыстарға сенетін болса талай қыздың тағдырын талқандапты. Дегенмен, бұл іштегі айтылмайтын әңгіме. Сұмырайдың өзі! Осыны ғана таптым. Бары осы, - ноутбукты ысырып, керілген жігіт, сенің алғысыңды күтті. — Рақмет, Крис. — Өй, оқасы жоқ! - әлдеқандай болып. — Кеттік. #Елестетші, осылайша ол туралы мәліметтерді біліп, Гвеннің ары мен намысын, қыздығын аяқ-есті етіп, саф махаббатын мазар қылып кеткен адамнан өш алуды ұйғардың. Гвен сенің бұл өмірдегі жалғыз жақының, бауырың. Одан басқа ешкімің жоқ. Оның тауы шағылды. Ал, сен бәрін оңай қабылдап, бұлай қалдырмадың. #Елестетші, тобыр болып жиналып отырған өңшең жастар. Гүбірлесіп қайдағы жоқты сөз етуде. Оқу ордасы болса да не қыз, не бала өзін білім алушы деп білмейді. Бұл жоғарғы бітірушілер. Өзінен кішісін шыбын құрлы көрмейді. Сен оны іздеп дәл осында келдің. Және таптың. Қыпша белдіні аяғына отырғызып, жөн-жосықсыз күліп отыр. Шынымен, сымбатты. — Намджун? - дедің, бірде бәрінің назаран өзіңе бұрып. Қысқа белдемше, жайылған шаш, биік өкшелі тақа, боялған көз. Бұл саған тән емес. Жостар, сіз де, біз де жанкүйер. Несіне онда олардың тек кенжесіне жазылған жазбаны ерек көріп оқимыз. Бтсте бір емес, жеті мүше бар. Жеті жүрек бір бүтін. Қойыңдар. Бәрін оқиықта. Намджун братан красавчик қой, оқыңсаңдарсай. Рақмет.? #вунджаминь?