| BTS | Қазақша реакция фанфиктер |
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, сен мектепке жаңадан ауысып келдің. Ал ол мектептің басты бұзақысы? Жаңа мектепке баратынымды біліп, түнімен төсегімде аунап шықтым. Ұйқым келмегендіктен, түнімді дорама көрумен өткіздім. “ Королева слез” дорамасын көріп бітіремін дегенше, түнімен жылап шықтым. Сөйтіп таң ата көз ілдім. Арадан бірнеше сағат өтіп, телефоным шырылдады. Таңғы 07:30. Бірінші күннен сабаққа баруға құлшынысым жоқ. Ұйқым қысып, көзімді әрең аштым. 5 минут сайын телефон шырылдай берді. Әдейі басып қойып, жылы төсегімде жата бердім. Бірде: — С/а! Сағат 10 болды! — деген анамның даусынан атып тұрдым. Қарасам, 07:50 кеткен. — Ту, омма! Шошытып сізде! — дедім де жуынып, киіне бастадым. Арадан 20 минут өтіп, үйден шықтым. Тэгуден Сеулге көшкелі, сыртқа енді шықтым. Тэгуге қарағанда Сеул мен үшін заманаули әрі қауіпті көрінді. Жақын маңдағы аялдамаға барып, жаңа мектебіме апаратын автобусыма жайғастым. Іші лық толы. Мен отыратын орын болмаған соң, тұрып тұрдым. Қарасам, маған қарама-қарсы орындықта шашы қоңырдан келген, ұзын бойлы, денелі, құлаққап таққан, түрі сүйкімді келген жігіт отыр екен. Мен кіргелі бері маған көз алмай қарап отыр. Формасына қарасам, екеуміздің формамыз бірдей екен. Мен жаңадан баратын мектепте оқиды-ау шамасы. Сабақ 08:30-да басталады. Әлі автобуспен біраз жүретін сияқтымын. Бірде әлгі жігіт орнынан тұрып, маған қарай жақындап келді де: — Мұнда отырсаң болады, — деп маған орын ұсынды. — Нағыз еркек екенсің, досым! — деп мен бара салып, отырып алдым. Мен емес, жаңағы жігіт ұялып қалды. Мендей бетпақ, сүйкімсізді бірінші рет көрген-ау. Ал маған бәрібір. Көп ұзамай күткен аялдамаға кеп түстім. Жаңағы жігіт те артымнан ілесіп түсті. — Сені бұл мектептен бірінші рет көруім, — деді менімен қатарласа жүріп. — Әрине, бірінші рет келіп тұрмын емес пе?! — дедім. — Нешінші сыныпқа өттің? — Биыл бітіруші түлекпін, — деп сұрақтарына тез жауап беріп келемін. Жалпы еш ұялу, қысылуды білмейтін адам болған соң, кез-келген адаммен сөйлесіп кете беремін. — Ого, қатарлас екенбіз ғой. Мен – Ким Тэхён боламын! — деп маған қолын созды. — Ал мен – С/а! - деп ақырын оның қолын алдым. — Танысқаныма қуаныштымын! — Мен де! — дедім. Солай екеуіміз мектепке кіріп кеттік. Ол маған мектепті бір сыпыра таныстырып шықты. Ақырында екеуміз бір сыныпта оқитынымызды білдік. Екеуміз бір сыныпқа кіріп келдік. Барлығы маған адам көрмегендей қарады да қалды. Сосын мен екінші қатардағы бос партаға барып отырып алдым. Ал Тэхён соңына барып отырды. Солай біздің сыныпқа қарайтын мұғалім — Ким Мина кіріп келді де бәрімізді жаңа оқу жылымен құттықтап: — Биыл бізге жаңадан оқушы қыз ауысып келді. Танысып алыңдар, — деп мені тақта алдына шақырды. — Менің есімім – С/а! Мен Тэгуден Сеулге көшіп келдім. Алдағы уақытта жақсы қарым-қатынаста боламыз жеп ойлаймын! — деп мен өзімше иығымды тік ұстадым. Мені жақтырмағандары көздерінен-ақ білініп тұр. Әсіресе, қыздар. Жә, өзім де жетісіп жақтырғаным шамалы. Кербездене өз орныма қайта жайғастым. — Чонгук бүгін жоқ па? — деп Ким Мина ханым сыныпқа түгелдей қарады да басын шайқап күрсінді. Солай сабақтар өтіп, бүгінгі күн осылай өтті. Соңғы сабақ аяқталған соң, сыныптан шығуға дайындалдым. Байқап қарасам, сыныптың ұлдары барлығы дерлік шығып кеткен. Тек қыздар ғана қалдық. Бір қыз барып сыныптың есігін құлттап қойды. Мұнысымен қыздарды түк түсіне алмадым. — Сонымен, С/а! Біз сенімен жеке таныстыруды ұйымдастыруды шештік, — деді алдыма келген бір сылқым. — Мені бұлай ерекше күтіп алады деп ойламаппын, — деп күліп жібердім. — Менің есімім – Мин Айрин! Осы сыныпқа қарайтын, сыныптың сұлуы боламын! — деді сылқым өзіне көп ала. — Жарайды, сосын? — деп мен де ары қарай оның ертегісін тыңдағым келді. Бір жағынан күлкім келді. — Бірінші ереже – бұл сыныптың, яғни бұл мектептің қыздарының үстінен мен қараймын. Сондықтан, көнсең де, көнбесең де мені тыңдауың керек болады. Екінші ереже – менің жігітім Пак Чимин. Оған көзіңді салсаң, екі көзіңді көр қыламын! Түсіндің ғой, иә? — деді менің алдыма түскен кекілдерімді ұстап. — Бұл маған деген қандай агрессия? Мен ешкімнің заңына бағынбаймын, әуре болма! Сосын, біреуден қалған затты қолдандаймын. Мен үшін жиіркенішті! — деп оның қолдарын ары итере, шашымды қайта түзедім. — Хм, бұл бірінші және соңғы ескертуім деп сана! — деп сылқымның көздері шарасынан шыға жаздады. Шамасы менің істегенімді көтере алмады-ау. — Хых! Жақсы! — деп көзімді айналдыра, сөмкемді ала сала сыныптан шығып кеттім. Мектептің сыртына шықсам, Тэхён күтіп тұр екен. — Ого, тез шықтың ғой! — деп Тэхён маған күлді. — Түсінбедім? — дедім оның нені меңзегенін түсінбей. — Енді Айринді өзің де көрген боларсың. Мінезі баршылық. Барлық қызды жылатқан. Оны тыңдайды. Жаңадан келген қыздарды жылатқанды жаны сүйеді. Содан ғой, — деді, Тэхён ыңғайсыз күле. — Фуй, мұндай сылқымдарды көрсем құсқым келеді. Өздерін жоғары санайды. Бірақ мені жылата алмайды, — деп мен күлдім. — Солай болса жарар еді, — деп мені уайымдағандай Тэхён. — Сен мені уайымдап тұрсың ба? Қандай сүйкімдісің! — деп мен оның екі бетін шымшып алдым. Шынымен, маған оның бұл қылығы жағып барады. Солай екеуміз аялдамаға қарай кеттік. Кенет күтпеген жерден алдымыздан бір топ бұзақылар шыға келіп, Тэхёнды бас сала жерге жатқызып ала ұрып, тепкілей бастады. Мен шокта тұрып қалдым. Аяқ астынан не болып кетті? Олардың арттарынша ізін суытпай шылымын тартқан бір жігіт келді. Сұңғақ бойлы, спортпен көп шұғылданғаны көрініп тұр. Түрі сүйкімді, бірақ көздерінен суықтықты байқауға болады. Алайда, жап-жақсы түрін шылым шеккені құртып жібергені ба-а-р енді. — Мен саған қанша мүмкіндік бердім!Қарызыңды қашан қайтарасың? Артыңнан осылай қуып жүруім керек пе? Қасыңдағы сылқымдарға ақша құртпай, қарызыңды ойласаң қайтеді? — деп шылым шеккен жігіт, Тэхённың үстінен қарады. Ол кімді сылқым деді? Мені ме? Қазір мен оған көрсетемін. Оның сөздерінен төбе шашым тік тұрды. — Кімді сылқымға теңеп тұрсың? Қазір тіліңді тұрған жеріңнен жұлып аламын! — деп әлгі жігіттің қолындағы шылымды жерге лақтырдым да, аяғыммен мыжып тастадым. — Жаңадан келгенің көрініп тұр. Бұл жердегі ережені… — Сендердің ережелеріңе түкіргенім бар! — деп сөзін аяқтатпай шап бердім. Алдымдағы жігіт күліп жіберді. — Өзін керемет санайтын, бірақ шындығына келгенде сылқым екендерің өтірік пе?! — деп менің бетіме әдейі жымия қарады. Сылқым! Сылқым! Бетімен кетті. Қолымды жұдырықтадым да, дәл бетінен дәлдедім. Гүрс! Кеудесін керген жігіт, бетін ұстаған күйі жер иіскеді. Тэхёнды сабалап жатқан бұзақылар жердегі жатқан жігіт сымаққа жүгіре кетті. Мен Тэхёнға жүгірдім. Жатқан жерінен әрең тұрғызып алдым да: — Амансың ба? — бетінің сау жерін қалмағанын көріп. — Иә, бәрі дұрыс! — деді де Тэхён намыстанып тұрып кетті. — Әй, сен қыз! Қалайша дәтің барады оны ұруға?! — деп бұзақылар маған атылуға шақ тұр. — Тиіспеңдер! Кете берсін! — деп жердегі жігіт ерніндегі қанын сүртті де қалтасынан 1 дана шылымды алып, тағы да шеге бастады. Мен Тэхёнды иығыма қолын салып, алға қарай жүріп кеттім. — Енді олар сенің де артыңа түсіп алады, — деді,Тэхён мазасыз. — Кім олар? — дедім мен. — Чон Чонгук және оның күшіктері. Бізбен бір сыныпта оқиды. Бүгін келмеді. — Неге олар саған жабысып жүр? — Кезінде уақытша пайызбен олардан ақша алғанмын. Бірақ мен оларға айтқан уақытымда ақшаны тауып бере алмадым. Қазір де солай. Сондықтан да осылай соңымда жүр, — деп Тэхён күрсініп алды. — Сауап болған! Бәленің бәрін өзің бастапсың ғой. Мен сені жаным ашып құтқарғам жоқ. Маған кез келген нәрсені айтпауы үшін ғана онымен жаға жыртыстым. Ұқтың ба?! — дедім ашулана. Біреуге жаным ашып қорғағанды иттің етінен жек көремін. — Қазір қайда барасың? — деді Тэхён. — Үйге. Ал сен? — дедім — Басқа жұмыстарым бар. Сені аялдамаға дейін шығарып салайын, — деді Тэхён. — Өзің әрең тұрсың ғой, — деп мен күлдім де, — Керек болып қалар, — деп қалтамнан аз-маз жинап жүрген ақшамды Тэхёнға ұстаттым. — Бұл не үшін? — Қарызыңды жап. — Керек емес. — Керек. Әлгілер сенің тағы соңыңа түседі. Ал мен қайттым. Сау бол! — дедім де тез жүгіріп, кетіп қалдым. Неге олай жасағанымды өзім де білмеймін. — Хых! Жаным ашымайды дейді ғой. Бұл не болды сонда? — деп Тэхён қолындағы ақшаға қарап қалды. * * * Бүгін мектептегі екінші күнім. Сабақтар көп болған соң, 2 ауысым оқимыз. Арадағы үлкен үзіліске жүрек жалғауға шықтым. Айналамдағы оқушылар біртүрлі қарап жүрді. Түсіне алар емеспін. Жын көргендей қарады. Ыдысыма тамақтар салып бастадым. Керегімді алып болған соң, асханадан бос орын қарадым. Енді бұрылғаным сол еді, алдымнан біреу тұрып алды. Қарасам, кешегі еріні жарылған Чон Чонгук тұр. — Жолымнан былай тұршы! — дедім оны итеріп. Ол қайтпастан тағы тұрып алды. — Осылай оңай құтыламын деп ойлайсың ба?! — деп ол жеңіл езу тартты. #da3ai Қалай былай? Ұнады ма? Пікір білдіріңіз!
#BTS_ADMINS_QRF Топқа редактор іздейміз! - Аптасына 2-3 жазба сала алатын~ - Сауатты. Бұл жағы үлкен әңгіме. Үтір, нүкте, диалог жазылу үлгілері дұрыс болуы керек. "Н" және "Ң" әріптерін айыра білетін~ - Жауапты және вконтакте желісіне уақытында кіріп тұра алатын~ Талаптарға өзіңізді саймын деп тапсаңыз @benjamin_sarah жазыңыз.
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, сен онымен ара-қатынасты үзсеңде, ол саған маза бермеуде. " Музыканы қосыңыз " #Елестетші, бүгін сенің кішігірім шығармашылық көрме кешің болатын. Осы уақытқа дейін ерекше мәхаббатпен талантпен салған суреттеріңді сатылымға шығарған едің. Мұны ұйымдастыру үшін досың Флип көмектескен болатын. Сондықтан, ол кеш бойы саған демеу болып, жаныңда қолдау білдіріп жүр. Кешке небір менмін дегендер келіп, сенің салған өнер туындыларыңа тәнті болуда. Әрі тамсанып сол мезетте-ақ сатып алуға шешім қабылдап үлгеріп жатқаны да бар. #Елестетші, сен 22 жастағы бойжеткенсің. Жастайыңнан өзгешелікке өң беріп, сурет салып қыл қаламды ақ қағаз бетіне арыда бері де жүгіртіп қиялыңдағыны, жүреңгіңдегіні салуға күш жұмсайтынсың. Кейіннен бұл сенің өмірлік кәсібіңе айналды, және жемісі осы. Тұрмыс тіршілігің орта болғасын, сен мұндай көрмені жасаймын дегенің үш ұйықтасаң түсіңе кіргемеген. Сонымен, мынадай бай, дәулетті адамдар ортасында жүріп, суреттеріңді сатуда. Бұның бәрі үшін Флипке іштей алғыс айтып, келген қонақтарды қарсы алудасың. — Ғажап! - деді бірде егде жастағы кәсіпкер қабырғаға ілулі тұрған портретке ұзақ қарап. Онын жанындағы хатшысы: — Расында-ақ, мырза! Суретші сондай талғампаз екен! — Сатып аламыз! - деді көп кідірмей кейінгі суреттерді көруге көшіп. — С/ее..жаным, сондай әдемі болып тұрсың! - Флип екеуіңнің жаныңа келген Мелисса сені құшақтап. Сен әлсіз жымиып қойдың. Сол тұрыста Мелисса екеуің біраз әңгімелесіп қалдыңдар. Ал, Флип сендерден арырақ кетіп, қонақтардың көңілін аулап жатты. Мелис жандарыңа келіп, ішімдік ұсынған даяшыдан бір бокал виски қолына ұстап алды да, құлағыңа жаймен сыбырлап: — Екеуің сондай жарасасыңдар бар ғой! Алыстан қарасаң көздің жауын алатындай, тіпті! — Кім? - дедің көздерің бақырайып. — Флип! Немене білмегенсіп тұрсың ба, қыз-ау? — Қойшы, Мелис, қайдағыны айтпай.. — Шын айтамын. Әдемі жұп болушы едіңдер. — Ол менің жай ғана досым ғой! Жақын досым. Тигізген көмегі көп. Одан артық ештеңе емес, - жымиып басыңды шайқадың. Мелисса да сен оңаша қыр таныта қоймағандықтан, иығын көтеріп " өзің біл " деді де қолындағы вискін ұрттады. #Елестетші, сен бір уақытта бөлек қонақтың өтініші бойынша, оған бұрыштағы суретті таныстырып, жағдайын сұрасып жатыр едің жаныңа Глан келіп шұғыл хабарламаны жеткізгенде, төбеңнен жай түскендей күйге түстің. Естіген құлағың сені алдап тұрғандай. Глан сені қонақтан араша алып, шет жаққа алып келгенде, теріс қырын беріп тұрған адам сендерге қарады. Бір қолында ішімдік, ендігі бір қолы тік қырлы, қыртыссыз шалбар қалтасында. — Қайырлы күн, Чонгук мырза! Бұл С/е Демор ханым! — С/е, бұл сол мен айтқан Чонгук мырза! Сенің галереяңдағы суреттердің барлығын сатып алмақшы болған адам! #Елестетші, манағы сезінгенің мұның алдында алдамшы дүние іспеттенді. Ал, нағыз алапат дәл қазір орын алғандай. Бұл күнді басқаның басына бермеуі керек секілді. Себебі, нақ қарсы алдындағы адам сенің бұрынғы сүйіктің. Ессіз сүйіктің. Ол соншалықты жаман және жексұрын! Нағыз есуас! Екеуің осыдан 6 ай бұрын ғана айырылысқансыңдар. Үйленбей жатып, бір-біріңе сай емес еткендеріңді түсініп, қоштасқансыңдар. Анығында, бұл шешімді, мұны ол емес, сен қабылдағансың. Оның өмірінен кетуге ұйғарғансың. Кетіпте тындың. Бірақ, ол келді. Сен іздеп келді? #Елестетші, ол Глан сендерді таныстырғасын саған қолын созды. Көздеріңе тіке қарап тұрып, бейтаныс адамдай, бұрын сені мүлде көрмегендей жайбарақат амандаспақшы. Сен бір орында үн-түнсіз, қимылсыз тұрып қалғаныңнан Глан Чонгуктың алдында қынжылып: — С/е..? С/е? Алсаңшы қолын, - саған естілердей дауыспен тістене сөйлеп, Чонгуктың қолын өзі ала салды да, сілкіп-сілкіп артыңды жабу үшін күліп жіберді. — Түсінесіз ғой бүгін мынадай кеш! Қобалжып жатыр.. — Глан! - Флип шақырып. — Сіздер сөйлесе тұрыңыздар. Мен қазір келемін. С/е немене түнеріп отырсың, ол барлық суреттерді өз бағасынан да жоғары нарықпен алмақшы. Қуан! - кетерде ол осыны айтып Флипке кетті. — Қалайсың? - деді ол бірқалыпты тонмен. — Жаман емеспін. Қайдан тауып келдің? - сен дөрекіне сөйлеуге тырысып. — Менің жағдайымды сұрамайсың ба? — Қызық емес, - қысқа қайырып. — Қашаннан бері? — Айырылысқан күннен. — Айырылысқан? - ол сенің сөзіңді ерсі естілген сөзіңе ернінің үстін көтеріп. — Біз екі жақтама шешім қабылдаған ба едік? — Мұнда осыны талқылап отыру үшін келмеген шығарсың? — Таптың. Сатып алмақшымын. Мынаның бәрін! - адамдар тамашалап жүрген суреттерді көзімен нұсқап. — Солай ма? — Солай! — Ендеше сатылмайды ешбір сурет! Әсіресе, саған, - сен оны қанша уақыттан кейін көргеніңе қарамай, арадағы сұхбатты тым тез бітіріп, теріс бұрылып, қонақтар арасына сіңіп кетпек болдың. — Жауап бересің бе? Сен тоқтап қалдың. Бірақ, артқа қарамадың. Өйткені, артта сенің бұлыңғыр өткенің өзіне тартып алып кететін шұңғыма секілді. — Осы сөзіңе жауап бересің бе? - деді ол сұрағын нақтылап. — Не демекшісің? - басыңды иығыңа қарай бұрып. — Керісінше, мен мына суреттер түгіл оның иесінде сатып ала аламын, С/е! — С/е? - адамдар арасынан әрең шығып қасыңа келген Флип. — Мұнда не істеп тұрсың? - сен Чонгуктан біршама алыс әрі бұрылып тұрғандықтан, ол аса Чонгукты байқай қоймады. Сен " бәрі дұрыс " деген сыңай танытқасын ол: — Кеттік, сені сұрап жатыр! - деп Чонгуктың көзінше қолыңнан ұстап ертіп әкетті. #Елестетші, бір сағат өтіп кеткесін, суреттерді әрбір адам жеке-жеке сатып алып бастады. Көзді ашып жұмғанша қымбат бағасына қарамай бәрі де сатылып, ал кей біреуі орталық музейге тапсырылды. Ең қызығы Чонгукты әлгіден бері көрген жоқсың. Бұдан кейінде көру ойыңда жоқ. — Жеткізіп салайын? - деді Флип саған адамдар тарқап, сағат тілі түнгі онның шамасын көрсетуге көшкенде. Сен басыңды изедің. Аздап қыруар шаруадан кейін сілеңде құрып еді. Флип орындық басында қалған пиджагыңды алдыртып, иығыңа тастап, шығып бара жатыр едіңдер. — С/е, кетіп барамысыңдар? - Мелисса биік тақалы туфлиімен жандарыңа әзер жетіп келіп. — Бірге? — Иә?! - Флип қасын көтере. — Менде сендермен. Шаршап, шалдығып аяққа зорға тұрмын бар ғой! — Көлігіңше? - Флиптің түрі бұзылып. Әттеген- ай, мына қыз оның ұлы жоспарының белінен тепкендей. — Оны үйде қалдырып кеткем. Не алып кеткілерің келмей ме? — О не дегенің? Жүр, Мэлисс, - дедің оны өзіңмен ерте. Көзіңмен Флипті қиратып кеттің. #Елестетші, жол бойы кеш уақытысында болған оқиғаларды Мелисса аузы жабылмай айтып келеді. Мас болғасын біраз сандырақтап, миларыңды ашытса да шыдап бақтыңдар. Сен ғой мақұл, Флипке обал болды. Себебі, байқұстың жаңағы сөзі үшін Мелисс оның жетер жебіріне жетті. Қыз сондай көңілшең.. Кейін Мелисс үйінде қалдырып, өздерің жүріп кеттіңдер. — Рахмет, Флип! - дедің ол көлікті сенің үйіңнің алдына алып келгенде. — С/е.. - деді ол артқы орында отырған саған асықпай өзгеше назарымен қадалып. Сен қастарыңды көтеріп " айта бер" дегендей нұсқау жасадың. — Сенімен маңызды мәселе бойынша сөйлескім келген. — Қазір ме? — Иә, сәті түсіп тұрған тәрізді. — Жақсы, құлағым сенде? - сен көліктің есігінде тұрған қолдарын түсірдің . — Мен.. С/е.. мен.. негізі.. - екі сөздің басын қоса алмай тілі күрмеліп қалды. — Флип?.. — Қалай айтсам екен? - маңдайын тер басып кетті. — Не болды? — ... — Мейлі, қалған мәселені ертең талқылайық. Бәлкім, сен айтқандай соншалықты маңызды емес шығар? - күліп, есікті ашып, сыртқа шықтың. — С/е.. бірақ.. — Қазір барып, демал, Флип! Саған алғысым шексіз! Рақмет! Бәрі үшін.. Флип осы сөздеріңнен кейін жұбанып көлікті жүргізіп әкетсе де, іштей уақыты келіп тұрғанда айта алмағанына өз-өзін сөкті. #Елестетші, сенде аздап масаурап қалғасын, есіктің кілтін әзер ашып ішке кірдің. Есіктің құлыпсыз тұрғанын тіпті білмейсің. Сезбеген шығарсың, жарықты жаққаныңда ер адамның қымбат үлгідегі аяқ киімі дәлізде тұрды. Үстіңдегі күртені шешіп, жатын бөлмеге кіріп кеттің. Жатын бөлме де жуынатын тағы бір бөлме болғандықтан бірден сонда кіріп бет-аузыңды жумақ болдың. #Елестетші, раквинадағы бұраманы бұрап су ағызып, еңкейдің де алақаныңа салқын су толтырып жүзіңді жудың. Келесі де баяу басыңды көтеріп айнаға қарап едің, артың да есікке сүйене айна арқылы саған қарап тұрған Чонгукты көріп зәрең ұшты. Қолындағы виски бокалының түбінде қалған мұз текшелерін шайқап жіберіп, көзіңше қылқытып жіберді. Сен жалт бұрылып: — Мұнда... мұнда не істеп жүрсің? P.s С/е неге Чонгуктан кетті деп ойлайсыңдар? #browinv Иә, бұл тағы да мен. Басым сынып кетердей ауырып тұр, бірақ мен мұны бәрібір жаздым. Алдағы уақытта жақсы туындылар шығарамын деп уәде бере алмаймын. Белсенділік қирап жатқан шығар. ??
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, бауырларыңды балалар үйінен шығаруға көмектеспекші миға қонбайтын ұсыныс жасаса... 2 бөлім #Елестетші, тұрмыс құру? Сен не бәрі 17-десің! Бойжеткеніңмен, қаз-қалпында тұрып, ақша таба алмайсың. Осы жастан тұрмысқа шығар болсаң, қалған өмірің не болады? Оқуыңды да бастағаның енді. Бауырларың.. бірақ, бауырларыңды бұлай қалдыра алмайсың.. Осы кезде Чонгук ішке кіру үшін есікті қақпақ болған еді. Бэннет екеуіңнің әңгімеңді оқыс естіп қалды да, есікке қарай көтерген қолдарын жұдырық етіп түйіп, төмен түсірді. Беннеттің түрінен шарасыздықтан қиналып тұрған ана бейнесін көрдің. Өзі-ақ асырап алушы еді. Бірақ, өзіде жалғыз басты. Он жыл алдын күйеуінен айрылған. Балалары да жоқ. Бар байлығы сендер едіңдер. Ол саған " ойланып көр" деді. Сен мұны естігенде, ебедейсіз беймәлім сезім жаныңды тырнап жіберді.Бұдан басқа амал жоқ екен-мыс. #Елестетші, Кая бірде "Чонгук сенің жігітің бе? " деп сұрады. Сен көздерің бадырайып, " жоқ, әрине. " дегенсің бірден. Чонгук Рэйзор жылдам тіл табысып кетті. Сендер ол жақта біраз болғандықтан, Чонгук пен Рэйзор екеуі де арнайы спорт алаңқайда баскетбол ойнады. Чонгук Рэйзордың боксқа қызығатынын байқады. Бірақ, балалар үйінде бокс қолғапшасы жоқ болатын. Сол үшін Чон келесі әлбетте алып келіп беруін айтып, Рэйзордың өзіне деген ықыласына ие болды. Сенде олардың мұнша жылдам сөйлесіп кететіндеріне таң қалдың. Рэйзор ашық бала емес. Көбінше бәрінен жырақта болғысы келеді. Оқу үлгерімі жоғары болса да, сабақтан тыс уақытта достарымен көңіл көтеру орнына кітап бүктеліп алады. Ал, қазір өзіне жаңа бір дос, сырлас тапқандай. Чонгукке де онымен көңіл көтеру қызықты болды.. #Елестетші, бауырларыңмен қимай-қимай қайырлысып, көлікке отырдың. Жаңбырдың басылғанына біраз болған. Дымқыл тартқан шаштарыңда құрғапты. Чонгук көлік тізгінін үлкен жолған салғаннан кейін, асықпай саған қарап алды да, Бэннетпен не жайлы сөйлескеніңді сұрады. Оның көз-қарасы құдды сені сынап отырғандай, егер сынақтан жығылсаң, жаныңды суырып алатындай түйіледі. Әйтпесе, әңгіме не жайлы болғанын өзіде айдан анық біліп отыр. Сен ортақ мәселе жайлы оның басын ауыртқың келмей, " жай, әншейін " дедің, аса мән бермегендей кейіп танытып. Ол " рас айтып тұрсың ба?" дегендей түрін ұзақ ұстап, кейін сеніңкірегендей болды. Жолда үнсіз келдіңдер. Сен Беннеттің айтқан сөздерін ойланып, түкпір төріне сүңгісең, Чонгук сенің өзіне айтқан алғашқы өтрігіңнің себебін түсінбеуде. Егер, бір ауыз айтсаң, ол көмектеспей ме екен? #Елестетші, қоштасып, жатақханаға қарай кіріп кеттің. Кірген бойда алдыңнан шыққан Эланға тап болдың. Бірнеше сағаттан бері сені тосып тұрған екен. Тағы конспект жазып беруіңді, үй тапсырмаларына көмектесуіңді өтініп тұр. Келістің. Соның арқасында, орындалмай жатқан біраз тапсырманы тындырып тастамақсың. Бір жақтама Эланға көмектессің, бір жақтама өз үй жұмыстарыңды орындайсың. Бірақ, қазіргі жағдайда көңіліңе ештеңе батпайтында еді. #Елестетші, оқуыңды амалдап игеріп жүрген күндердің күні. Элан сені кішігірім түске асқа дәмханаға шақырды. Ол сенің көмегің үшін алғысын осылай білдіргісі келді. Ол саған бөтен емес, жақын араласатын досың болғандықтан да, қарның шұрылдап ашып жатқаннан да келістің. Кезекті дәріс уақытысы шамамен жарты сағаттан кейін. Оған дейін таманданып үлгеретін едіңдер. Дәмханаға келгесін Эланның жайдары жайсаң мінезін одан әрі танып, бір түстеніп бастадыңдар. Ол бірде " сенің жігітің бар ма? " деп сұрақ қойды. Шырынды ішіп жатып тоқтап қалдың да, күле басыңды шайқадың. " Өзімде солай ойлап-ем" деді жағаласа жымиып. " Оны неге сұрадың? " " Жай, болашақ күйеуіңнің кім болатынына қызықтым.." деді кірпияздана. Воо! Осы кезде Беннеттің саған айтқан сөздері қайта миыңның талшықтарын торлап алды. Күйеу, тұрмыс құру? Сенде тағы да асқақ күлкі абыржумен абдырауға алмасты. Өз-өзіңнен жегіліп, мұнартқан ойға өрбіп сала бердің. Элан ғана " Ей! Бәрі жақсы ма? " демегенде тағы қанша буынып отырарың белгісіз еді. #Елестетші, сендер отырған дәмхана көліктер дүбірі таусылмайтын үлкен жолға қарама қарсы орнатылған еді. Әсіресе сендер отырған үстелді әйнек қабырғадан арғы беттегі кез-келген адам анық көре алатын. Кез-келген адам! Дегенмен, сол кез-келген адамның Чонгук болып шығуы ғажайып дүние іспеттес болса керек, иә? Негізі, сендер отырған жер университет басшының қармағындағы, яғни Чонгукқа тиесілі орын. Сонымен қатар, универдің маңайында. Ал, Чонгук күнделікті жұмысына бара жатқан адам. #Елестетші, сонда кептеліс басталып, кенет айналысын шолуды бастаған Чонгук, екі аттам жерде Эланмен тамақтанып отырған сені көзі шалды. Мына, ғажайыпты қараңдар! Сенің де көзің оған түсті.. Чонгук бір саған, бір Эланға кідіріп қарап, жүріп кетті. #Елестетші, сол күннен кейін Чонгукпен кездеспей кеткендеріңе 3-4 күндей болып қалды. Бұл кездері Эланмен бірге көңіл көтеріп, көбірек уақыт өткіздіңдер. #Елестетші, Элан сонда да сенің қомырайып, бір қалыптың жүруіңді құптамай, үнемі күлкіңді келтіруге тырыстың. Ендігі де ол сенім артатындай, жан сырыңды ақтаратындай адам секілді шер тарқатуға жарады. #Елестетші, бауырларыңа күнәра барып жүрсің. Элан сен жайлы бәрін білетін. Балалар үйінен шыққаныңды, екі бауырың әліде сонда екендігінен де хабардар. #Елестетші, университетте жастардың бой сергітуіне, бос уақытта тапсырмаларын оңаша қалып орындауы үшін арнайы жазғы бақ бар болатын. Элан екеуің сонда келген едіңдер. #Елестетші, бүгін, дәл осы күні қалалық архитектура бөлімінен бір-екі дизайнер келіп, Университет ішіне өзгешелік кіргізбекші екен. Сонымен, Чонгуктың арнайы уақытын сұрап, ғимараттың ішін аралап, идеяларын айтып жүрген болатын. #Елестетші, Чонгуктың хатшысы және дизайнерлер баққа да келді. Ауыздары көпіріп, неше түрлі ұсыныс тастап жатыр. Сендердіңде осында екендеріңді алғашында ешкім байқамады. Кейіннен ішке қарай кіре бергенде бірақ көзге түстіңдер. Қайдам, ыңғайсыз отырғандықтан шынтағың тайып, кетіп, алақаның шырпы ағашқа жарылып кетті. Мұны көрген Элан бірден қанды тоқтату үшін жанынан тастамайтын бет орамалын дереу алып, алақаныңа орай бастады.. Бұған әдетінше алыстан куә болған Чонгуктың іші бүлкілдеп қоя берді. Бұл жолғысы жай ғана бүлкілдеу емес, ашуға булығу секілді түйілді жанындағы адамдарға. Дизайнер оның қас-қабағы қатуланып кеткеніне қарап, бірдеңені дұрыс айтпадық па десіп тұрған да, Чонгук сендерден теріс бұрылып, олардың сөздерін әрмен қарай тыңдауға дәрмені жетпей, кетіп қалды. Ал, хатшысына кейінгі апта келуін ескертті. #Елестетші, Беннет бүгін тағыда сені шақырды. Сабақтан шыққасын бірден балалар үйіне кеттің. Элан сенімен барғысы келген, бірақ сен қарсы болдың. Әрі оның басында қыруар жұмысы бар болатын. #Елестетші, барғаныңда Рэйзордың бір есерсоқ баламен шоғысып қалып, бір көзін көгертіп қойғанын көрдің. Өкпеңе ауа өтпей қалып, сеспей қатардай күйге түстің. Каяның да жағдайы мәз емес. Қыздары шеттетіп, небір сорақы дүниені жасайтын көрінеді. Қазір -ақ барып жәбір көрсеткендердің көкесін танытқың келіп еді, Беннет бұған жол бермеді. Себебі, ол бірінің сөзін сөйлеп, біріне болыспайтын. Бала болғасын бір ұрысады, бір татуласады дейтін. Қолың байланды. #Елестетші, Рэйзордың маңдайындағы жара үстін жапқан жапсырманы жаңалап отырсың. — Неге төбелестің олармен? — Неге төбелеспеймін? — Рэйзор, сұрағыма сұрақпен жауап бермеші. — Олар Чонгук ағаның маған алып келіп берген бокс қолғабымен, жаңа кросовкамды тартып алмақ болды. — Не? — Мен бермедім. Және көріп отырғаныңдай! — Чонгук келді ме? Қашан? — Өткен апта. — Жақында тағы келемін деген. Сенімен келетін шығар десем. — Рейзор. Неге бұл туралы маған айтпадың? — Сен сұрадың ба? — Рэйзор.. — Чонгук аға?! - сен арқа тұсыңнан келе жатқан Чонгукқа қол бұлғап. #browinv?
#BTS_FANFIC_QRF ?ЖЫЛА ЖӘНЕ ЖАЛБАРЫН ? " қаш! қайтып келер, жерің бәрібір менмін! " I - тарау | 2 бөлім Ескерту: фанфик новелла желісі бойынша жазылады. Күйменің артқы жағында отырған Чонгук терезеге қарады, ал оның қамқоршысы Гессе отбасының шешілмеген мәселелері туралы оған баяндап беріп жатты . Чонгук Гессеннің сөзіне қысқаша немесе басын изеумен жауап берді. Директорлар компанияны басқарды, ал Чонгуктың анасы мен әжесі отбасылық істерді басқарды, бірақ соңғы шешім герцог Герхардта болды. Ал Чонгук он екі жасынан бері осы қызметте. Жас джентльмен Герхардт аумағына апаратын Платан жолына жеткенде, Гессеннің есебі аяқталды. Маттиас басын қисайтып, таныс пейзажға қарады. Жолдың екі жағындағы биік ағаштар қол ұстасып кеткендей майысқан. Тербелген жапырақтардың арасынан сырғанап өткен күн сәулесінің шашыраңқы сәулелері жолды әдемі өрнекпен безендірді. Қонақ үйдегі жолдан өте бергенде, оның көзі қара көк шатырлы ақ сарайға түсті. Есік алдынан жас жігітті қарсы алуға анасы мен әжесі шықты. Чонгук онсыз да түзу галстугін түзеп жатқанда, күйме есігі ашылды. - Қош келдіңіз, Чонгук! Довагер герцогинясы Арвис Норма Катарина фон Герхардт немересін жарқын күлімсіреп қарсы алды. Чонгук басын иіп, әжесінің сүйісін қабылдады. Олардың артында тұрған Елена да Чонгукқа өзгеріссіз, түзу көзқараспен жақындады. – Бойыңыз ұзарып кетіпті. Ол оны жылы құшақтап, жымиды. Қара шашы жаздың басындағы күннің астында жарқырап тұрды. Чонгук күлімсіреп қана жауап берді. Кезекте тұрған басқа қызметшілермен сәлемдесуі онша ерекшеленбеді. Чонгуктың қызметшілеріне қатысты әдептілігі мен сыпайылығы анық көрінді. Ол осы отбасының идеал иесі - Герхардт Чонгук бола білді. Әжесі мен анасының арасына қадам басқан Чонгук алға шығып, вестибюльден өтті. Баспалдақпен көтерілер алдында кенет басын көтеріп, күн ортасында жанып тұрған үлкен люстраға қарады. Люстраның артында төбеде Герхардт отбасының елтаңбасы басылған. Ол "Герхардт " болатын. Бұл ақылдылықтың, талғампаздықтың және мейірімсіз мінездің басқа атауы болды. "Герхардт" Чонгук өмірінде ешқашан шағымданған немесе күмәнданбаған. Ол өзінің қандай өмір сүретінін жақсы білетін және оны қабылдауға дайын болатын. Ол өз өмірін жай ғана тыныс алғандай жүргізді. Көзін төмен қаратып, герцог ұзақ қадамдармен баспалдақпен көтерілді. Үй иесі зәулім үйге аман-есен кірген кезде демін ішіне жұтқан қызметшілер қалыпты тыныс ала бастады. Арвис тұрғындары герцогтың келуіне бірнеше күн қалғанда мұқият дайындалды. Ол келгеннен кейін бәрі, оның жерінде тұратындар да тамаша болуы керек еді. Қызметшілер ең жақсы жағдайда болуы керек еді. Бұл сыртқы тұрпат қана емес, киім үлгісіне тиісті болаттын. Бұдан Арвистің шақырылмаған қонағы Лейла Льюэллин де тыс қалмады. ~~~~ - Герцог кірді ме? Қазірдің өзінде? Бір топ қызметшілердің қасында тұрған Ләйла біршама көңілсіз дауыспен сыбырлады. Билл сатып алған көйлек қыздың қимылымен теңселіп кетті. - Сен оны орманда герцогты көресің. Билл Реммер қатты жауап беріп, орманға қарай бет алды. Лейла оның артынан жүгірді. - Герцог та орманды жақсы көре ме? - Иә әрине. Ол аңшылықты жақсы көреді. - Аңшылық па? Ормандарда? Ләйләнің көзі бақырайып ашылды. Баланы көрген Билл күрсінді. «Орман бұл отбасы үшін аң аулайтын жер емес пе?» - Сонда... ол да құс аулайды ма? - Герцог бәрінен де құс аулағанды жақсы көреді. Лейла Биллдің болмашы ескертуін ойлап, кідірді. Оның айтқанын түсінген Билл ыңғайсызданып жөтелді. Ол оны өтірікпен тыныштандыруды ойлады, бірақ Герцог Герхард екі күннен кейін аң аулауға мәжбүр болды. Аппақ өтірігімен баланың көңілін көтеруге тырысса, одан бетер есеңгіретіп кете ме деп қорықты. -Герцогтың ату шеберлігін көргенде таң қаласың. Ол жас, бірақ жақсы атқыш. Билл қызды тыныштандыру үшін бірдеңе айту керек деп күбірледі. Бірақ Лейла көз жасын төгудің алдында тұрған еді. -Ол неге құстарды ұстағанды ұнатады? Мұндай сарайда ас көп қой. Дворяндар үшін аңшылық жай ғана ойын-сауық. Құстар атудың ең қызықты нысанасы болып табылады және... Билл оның не айтқанын тағы да түсініп, Лейлаға бұрылды. Оның көздері Лейланың ренжіген жүзіне түсті. «Неге сен құстарды қатты жақсы көресің!?» Билл айғайлай жаздады. Неліктен оған осының бәрін түсіндіруге тырысқанын білмеді, бірақ баланың сезіміне де абай болу керек еді. Ақырында ер адам үндемей қалды, өйткені ол тағы бір сөз айтса, қыздың көз жасы бүкіл аймаққа тарайтын еді. Лейла жылап тұр. Ол жылап жатқан балаларды жек көретін. Біраз ойланғаннан кейін Билл қайта қозғалды. Бос иықтарымен қыз оның ізін қуды. «Герцог аңшылықты жек көретін шығар деп үміттенемін», - деді ұзақ уақыт үнсіз қалған бала сақтықпен. -Мүмкін аң аулаудан жалығып қалатын шығар? Лейла Биллге үмітке толы көздерімен қарады. Билл басын тырнап отырып ғана жауап бере алды. Ләйлә бұл үмітінің орындалатынына сенді. Қайтып келгеннен кейін бір аптадан кейін герцог аң аулайтын жерлерге жақын жерде көрінбеді. Оны көру үшін зәулім үйге ағылған қонақтарды бағып-қағумен әлек болған соң, бұл түсінікті еді. Үйде күн сайын шулы жиналыстар болды, бірақ орман тыныш болды. Жаз аяқталуға жақын қалды. Жұмыртқалардан балапан шығып, жабайы раушан гүлдері енді ғана гүлдеді. Лейла орманда болып жатқан шамалы өзгерістерге қуана қарап отырды. - Алысқа барма, Лейла! Лайла үйшіктен қуанып шыққанда Билл дауысын көтерді. - ЖАРАЙДЫ! Мен өзен жағасында серуендеймін! Кездескенше, көке! Ләйла артына бұрылып, қолдарын басынан жоғары бұлғады. Қыздың иығына ұстаған ескі былғары сөмкесі жүйкесі жұқарған баламен бірге дірілдеп кетті. Ағаш бұтағының үстінде жаңадан шыққан құстарды бірінші болып қыз көрді. Түгі шығып үлгірмеген балапандар анасының тамақ әкелуін күтіп отырған еді. Лейла ағаштан асығыс түсіп, былғары сөмкесінен алынған шағын қағазға бүгін көрген балапандарын жазып алды. Эскиздері аздап ұқыпсыз болғанымен, ол өз суреттері арқылы кішкентай құстарды түсіруге тырысты. Лейла орманда көргенінің бәрін шағын дәптеріне сызып, жазып қалдырды. Бұл алқап оның өмір сүрген кез келген жерінен де әдемі еді. Ол осы жерден кететін уақыт келгенде, ормандағы естеліктерін қойын дәптері арқылы есіне түсіру үшін бәрін қағазға түсіргісі келді. Бір күні осы жерден кетемін деген ой оны қынжылтты. Лейла өзен жағасына апаратын жолмен жүргенде, ол үнемі орманға назар аударатын. Ол дәптерінің беттерінің арасына пастельді гүл жапырақтарын жабыстырып, жолдан тауып алған құлпынайларды теріп алды. Ол жарқыраған өзен жағасына жеткенде күн бата бастаған еді. Қыз орман мен өзеннің шекарасында тұрған үлкен ағашқа көтерілді. Қалың, ұзын ағаш бұтағы оның сүйікті орны болды, өйткені ол орындық сияқты ыңғайлы болды. Ләйлә қойын дәптерін енді ашайын деп жатқанда алыстан аттың әлсіреген дыбысы естілді. Лейла асығыс дәптерді сөмкесіне салды. Осы кезде жүйрік аттың даусы естілді. Жақындап келе жатқан қаскүнемнен шошып, өзі жатқан ағаш бұтағын құшақтап, қыз демін ішіне тартып қалды. Көп ұзамай тегіс қара жаңғақтай жүнді жылқы пайда болды. Оның артында бір ер адам болды. Мұндағы барлық жерлердің ішінен ер адам астындағы атын Лейла тұрған ағаштың түбіне қоюды таңдады. Ол аттан түскеннен бастап қимылдары жеңіл, икемді болды. Қыз төмен түсу керек деп ойлады, бірақ бейтаныс адам ағаштың түбіне арқасын сүйеп үлгеріп қойыпты. Басқа қандай сылтау айтарын білмей, Лейла қалпағын шешу үшін қолын көтеріп тұрған адамға қарап қалды. Дәл осы кезде Лейланың былғары сөмкесі иығынан тайып кетіп, бұтаққа соғылды. Келесі сәт есте қалды. Ер адам ойланып басын ағаш бұтағына бұрып, Лейланың көзін көрді. Ол артына қарады. Маңдайына түскен қалың қара шаштың арасынан қап-қара көздері көрініп, мөлдір шыны моншақтай болды. Сасып қалған Лейла өзін жинап алғанша, ер адам оны нысанға алып, мылтық кезеп тұрған еді. Кіп-кішкентай Лейла болса, ұзын, қорқытатын тапаншадан оның оқ жаудыратынын ойлап, бозарып кетті. Орнында қатып қалған Лейла бар күшімен ағашты құшақтады. Оның бүкіл денесі қорқыныштан дірілдеп кетті. Ер адам мылтығын төмен түсіріп, ақырын және үнсіз күрсінді. - Сен кімсің? Оның қисық ернінен баяу дауыс шықты. -... Лейла. Ләйлә даусын дірілден ұстай алды, бірақ көзіне жас алудың алдында тұрған болатын. Оның алтын шаштары жеңіл ескен желмен желбіреуде. -Кім? Оның көзі одан бетер қысылды. Қыз ағашты қатты құшақтап алғаны сонша, саусақ ұшы ауырып кетті. - Ләйлә. Лейла Льюэллин. ~~~~ Ағай! Билл ағай! Ағай! Орманда Ләйланың даусы шықты. Билл қойманың алдындағы шатыр астында отырды. Ол Лейланың дауысы естіліп жатқан жаққа қарай басын бұрды. Қып-қызыл жүзімен Ләйлә оған қарай жүгіріп келеді. - Не болды? - Мынау... Орманда бір адам бар! Ол ұзын болды! Ләйлә ентігуіне қарамастан бейтаныс адаммен кездесуін түсіндірмек болып әбігерге салынып бастады. - Аға шыққан герцогты кездестірген боларсыз, - деп жауап берді Билл қоймадан құралдарды алып. - Оның шашы қара, көздері шынымен көмірден қап-қара еді. Оның даусы мамықтай жеңіл шықты. - Бұл герцог Герхардт болатын. Билл күліп жіберді. Лейда Биллдің алдында дем алуға тырысып ұзақ тұрды. Әдемі, бірақ қорқытатын жігіт Лейлаға біраз қарап тұрып, үндеместен бұрылды. Ол атына қайта мінгенде терең орманнан тағы екі адам шықты. Ер адам атын бұрып, орманға ұзап кеткен тағы екі адамға қосылды. Олар көрінбей қалғанда, Лейла ағаштан түсіп, саятшылыққа жүгірді. - Сонда ол герцог... Ләйлә бірдеңе дей бергенде, орманның тыныштығын шайқаған суық оқ бұзды. Лейла шошып кетті де, басын дыбыс жаққа бұрды. Таң қалған құстар орманның арғы шетінен көтерілді. Таңданған құстардың бірі шарасыз қанаты салбырап, ағаштарға құлады. Тағы бірнеше рет оқ атылды. Билл шошып кеткен қызды тыныштандыруға тырысып, Ләйләнің иығынан сипады. - Лейла. Ләйлә ақырын басын көтерді. Олардың көздері түйіскен кезде Билл бейсаналық түрде демін басып қалды. Бала жылап тұрды. ~~~~ «Әдемі құс өлтіруші» Бұл оған Лейла Левеллинннің берген лақап аты болды. Мұндағылардың бәрі, тіпті Билл Реммер де, оны тамаша "ақсүйек " деп мақтады. Халық осы жердің иесі ретінде тамаша қасиеттерге ие Чонгук Герхардтты сыйлап, қамқорлық жасап, жақсы көретін сияқты. Бірақ Лейла бұған келіспейді. Герцог аңға шыққан күннен бастап түксіз балаларына азық жинап жүрген ана құс жоғалып кетті. Жаңадан шыққан балапандарды тамақтандыратын анасы жоқ. Оның үстіне аспанда қалықтайтын сансыз құстарда көрінбей кеткелі біраз болды. Неліктен герцог жеуге қажет үлкен құстарды емес, кішкентай, әдемі құстарды ғана аулайды? Соңғы бір ай бойы бақылап, қиналған Лейла мұның себебін енді түсінгендей болды. Ол үшін құстар ең күшті нысан. Олар неғұрлым аз болса, соғұрлым мақсат қою қиынырақ және қызықты болды. Герцог өзінің соққан олжасына қарап әуре болмады. Ол нысанаға тигеннен кейін ғана бұрылды. Лейла Герцог аңға шыққан күндері қанға боялған өлі құстарды жылап отырып көмеді. BANG!! Алыстан тағы да атыс естілді. #вунджаминь?
#BTS_REACTION_QRF Екеуің балаға есім таңдап жатып ұрсысып қалдыңдар. «Намджун» — Басымды қатырма! Кісі шығарсың сен! Мен Месси болады дедім бе, демек болады! - сен асықпай мандарин қабықтарын ашып, бүтін күйінше аузыңа салып жібердің. — Кел, онда тегінде қосып, Лео Месси дей салайық? - Намджун сенің өзімен түр бермей араздасып жатқанына күйіп-пісіп. — Сөйтейік. Қарсы емеспін! - екі иығыңды көтеріп. — Уфф! — Не Уфф?! — Болмайды Месси! Ақылдан адасқансың ба? — Болады! — С/е, жыныма тиіп жатырсың. Білесің бе? — Сенде! — С/е, түсінші.. - Намджун сені бұлай сөзге келіп жеңбесін білді. Қолдарыңнан ұстап, жаныңа отыра: — Біз ата-ана болғалы жатырмыз. Және ата-ананың ең алғашқы міндеті балаға жақсы есім таңдау. Ертең ол өскесін өмірдегі өз орнын табу үшінде бұл маңызды, - үмітті көздермен қарап. Сен ойланып қалғанда, ол сені ақырын-ақырын райыңнан қайтарып жатқанына іштей қуанды. — Әрине, сен оның футболшы болғанын қалайсың. Мен оны түсініп тұрмын. Бірақ, ертең одан біреу келіп есімін сұраса " Месси Ким" деп жауап берсе, ұят болмайды ма? — Намджун... - сен оның үмітті көздеріне тым сабырлы қарап. — Ау? — Бәрібір есімі Месси болады! - мандариннің ақырғы данасын аузыңа салып жіберіп, жатын бөлмеге қарай кеттің. Ал, Намджун сенің құбылмалы мінезіңе алдағы 3 ай қалай шыдарын ойлап басы қатты. Себебі, сенің болашақ баланың есімін апта сайын ауыстырып отыратынсың... «Джин» Түн ортасы. — Джин.. —... — Джин! — М? - ол көздерін ашпастан жауап беріп. — Джин деймін! — Құлағым сенде. — Мен болашақ баламызға есім тауып қойдым. — Күшті! — Қалай күшті? Қандай деп сұрамайсың ба? — Қандай? — Ким Ган Юй. Джин қолының бас бармағын көрсетіп, диванның ар жағында жалғыз жатқан сені құшағына алды да, әрі қарай ұйқысын жалғастырды. «Юнги» Екеуің қонақта отырған едіңдер. Сонда жолдастарың болашақ сәбиге қандай есім қоятындарың жайлы қызып, сұрады. Юнги екеуің бұған дейін бұл туралы ақылдаспаған едіңдер. Және әуелі аман туылып, қолға алғандарыңда ғана "есім таңдап" тартысамыз деп едіңдер. Дегенмен, сенің бүгінгі әңгімеңнен кейін, қайтседе есімді өзі қоймақ. Көлік ішінде келе жатырсыңдар. — Жоқ, не әңгіме ол? Ноэлль дейтін сымбатты жігіт бар еді. Сондай сұлу! Менің артынан талай жүгіріп еді, - ол дауысын сенікіндей етіп, біраз бұрын айтқандарыңды айнытпай салып берді. — Рас қой енді, Юнги! Есімі ұқсаса, әдемі болар дедім! Әрі артымнан жүгіргені өтірік емес. Бірақ, менің балам олай әр қыздың артынан жүгірмейді. Әлде, жүгіре ме? — Далбасалама! — Юнги?! — Не? — Неге бұлай болып қалдың? — Қандай? — Не мен таңдаған есім жақпай қалды ма? — Есімді өзім таңдаймын. — Еее! — ... — Ойнап айттым мен, Юнь! — Жоқ! — Юнги! — Өзім қоямын! Ноэлль-мыс! - ол жолдан көз алмай, сенің ендігі қарсылығыңа пысқырыпта қарамады. «Хосок » — Жаныыыым менің! Құлыным! Е Лань! - Чон ханым сен жатқан палатаға дәрігер рұқсатын сұрап, кіріп келіп, бауырыңа басып отырған сәбиді өзіне алды. Хосок екеуің абдырап қалып, бір-бірлеріңе қарадыңдар. — Е Лан?! - сен түсінбей қалып. Қолында тыпыршып жатқан шақалаққа сүйсіне қараған Чон ханым сені елемей: — Қарашы! Құдай-ай, мынаның түрін! Құдды Хосоқтың аузынан түсіп қалғандай! — Апа? — Чон Е Лань! - Чон мырза да сәбидің қимылын тамашалап. — Немерем менің! Сен Хосокқа қарадың. Бұл анық ашулы көз-қарас болды. Хосок " бәрі жақсы " дегендей көзін жұмды да: — Апа, Әке.. біз негізі.. — О не? — Сәбидің есімін.. — Не дейсің? — Біз сәбидің есімін.. — Біз сәбидің есімін өзіміз ойласып қойып едік! - ол кібіртіктеп тұрғанда сен айтып тастадың. — Немене? — Апа, оның есімін Лю Мин деп қойдық. Е Лань емес. — Оттама! Оның есімі Е Лань болады! Бұл неткен сандырақ! — Апа.. — Мен не дедім? - Чон ханымның көздері шақшып кетіп. Осы кезде Хосокта сенде, үнсіз қалдыңдар. Таласып, тартысудың орынсыз екенін білсең де, ашуың мұрныңның ұшына келді. Бірақ, Хосоктың сені көзбен басып, жұбатты. Бірнеше ай бұрын Хосокпенде осы үшін қырылғансың. Ақыры, өз дегенің болғанда, Чон ханым сені басып кетті. — Одан кейінгісін, өздерің қойыңдар, ештеңе демеймін. Бұл менің тұңғыш немерем, - сәбиге ерекше мейіріммен қарап. #browinv
#BTS_FANFIC_QRF ?ЖЫЛА ЖӘНЕ ЖАЛБАРЫН ? " қаш! қайтып келер, жерің бәрібір менмін! " I - тарау | 1 бөлім Ескерту: фанфик новелла желісі бойынша жазылады. Аласа бойына мойын дорбасын асқан қыз пошташының арнайы вагонымен келді. Бұл кеш Билл Реммер көшет отырғызып ерте көктемнің кезі болатын. - Сіз Билл Реммер мырзасыз ба? Таңырқаған жүзімен тұрған қыз абайлап сұрақ қойды. Оның тегіс, кібіріктеусіз айтуы біртүрлі сезім тудырады. - Иә! Билл Реммермін. Киіміндегі шаң-тозаңды қағып түсірген ер адам, тотыққан бетін жасырған сабанды қалпағын шешті. Оның анадай бейнесін көрген қыз ауыр бір жұтынып қойды. Билл үшін баланың реакциясы ерекшедей нәрсе болған жоқ. Билл Реммерді бірінші рет көрген кез келген адам, әдетте, оның өрескел келбеті үшін осы бала сияқты әрекет жасайтын. - Сен кімсің? Балаға бұртиып қараған Биллдің жүзі үрейлене түсті. - Сәлеметсіз бе, Билл ағай. Мен , Лейламын, Ловитадан келдім. Бала анық және баяу сөйледі. -Ловита, иә... Билл оның айтылуы неге оғаш естілетінін түсінді. «Сіз өзіңізді Берг империясының шекарасынан өттім деп айтасыз ба?» - Иә. Мен пойызбен саяхаттадым. Бойжеткен ыңғайсыз күлімсіреп, өз қалпын табиғи емес түзетіп алды. Баланы әкелген пошташы оларға арт жағынан жақындады. - Ах. Бұл бала сізді ақыры кездестірді, Реммер мырза. - Қайырлы күн. Оны мұнда не мақсатпен әкелдің? – Мына қыз вокзал алдында жалғыз келе жатыр екен, қайда барасың деп сұрасам, Герхардт әулетінің бағбаны Билл Реммерді іздейтінін айтты. Мен оны осында әкелдім, өйткені мен хаттарды жеткізуге бара жатқан едім. Пошташы күлімсіреп жауап берді де, Билл Ремерге конвертті берді. Бұл көрші Ловита елінде тұратын алыстағы туысының хаты еді. Билл бірден конвертті жыртып алды. Хатта туыстары асырап алған, қазір «жағдайы нашар» болғандықтан оны асырай алмайтын жетім баланың оқиғасы баяндалған. Баланың есімі Лейла Льюэллин болатын. Биллдің алдында тұрған кішкентай қыз жетім еді. - Қарғыс атсын оларды. Ал, олар мұны маған қазір ғана айтып жатыр!? Билл таңдана әрі қабағы түйіліп, дем алды. Бұл жетімге Ловитада ешкім қамқор бола алмады. Билл Реммер баламен кез келген байланыста болған соңғы адам болды. Хатта Биллдің жағдайы қолайсыз болса, ол баланы балалар үйіне қалдыру керектігі айтылған. Билл қарғыс айтып, мыжылған қағазды еденге лақтырып жіберді. – Бұл адамдар тозаққа түсуі керек. Бұл қызды мұнда қалай жалғыз жібереді? Енді Билл барлық жағдайды түсінді, оның беті ашудан бірте-бірте қызарып кетті. Баланы бір туысынан екіншісіне өткізіп, ешкімге керек емес кезде лақтырып жібергісі келетін бөбектей қарады. Ол өзі де білмейтін алыс туысқанының мекен-жайына басқа елге жөнелтілді. - Мені кешіріңіз, Билл ағай, бірақ мен онша кішкентай емеспін. Биллге үнсіз қарап отырған қыз кенет аузын ашты. «— Бір-екі аптадан кейін мен он екіге толамын». Ол мұны ересектерге тән үнмен сыбырлады. Билл таңырқай күлді. Ол оның күткеннен де үлкен болғанына қуанды. Қыз өз жасынан жас көрінді. Қиындыққа ұшыраған жас баланы Биллге жеткізген пошташы оларды жалғыз қалдырып, тез кетіп қалды. Реммер басын алақанына салып, Құдайдан көмек сұрады. Алыс туыстар болса да, олар әке мен қызға көбірек ұқсайтын. Билл 20 жылдан астам уақыт бойы өз отбасын көрмеген, бірақ соған қарамастан, ол әлі күнге дейін бар екенін білмейтін баламен бірге қалды. Сыртта ауа райы салқын болды, ал Лейла тек жұқа көйлек киіп алған. Ол жас шыбықтай арық еді. Билл тек оның ашық жасыл көздері мен алтын шаштарына ерекше назар аударды. Оған қамқорлық жасау мүмкін емес еді. Бірақ жалғыз шешім - оны балалар үйіне беру - ер адамды есінен шығарды. Билл туыстарын оны осы бейберекеттікке апарғаны үшін тағы бірнеше рет қарғады. Лейла оның не ойда тұрғанын сезгендей дірілдеп, қызыл еріндерін тістей бастады. - Соңымнан ер. Билл көңілі қалғандай басын шайқап, алға қарай жүре берді. - Мен шешім қабылдамай тұрып, қарнымызды тойып алайық. Оның ауыр сөздерін кешкі самал алып кетті. Олар Биллдің үйіне қарай жүріп бара жатқанда, баланың қорқақ қадамдары бірте-бірте жеңіл және көңілді болды. ~~~~ — Бар болғаны осынша-ақ жейсің бе? Билл қолындағы кішкентай табаққа қабағын түйіп. - Иә. «Мен аз жеймін», - деп күлді қыз. - Балам, мен тамақ ішпейтін балаларды жек көремін. Әлгі кісінің сөзінен оның жасыл көздері бақырайып кетті. Үстел шамының сәулесі баланың абайсыз көтерілген жеңінің астынан шыққан арық білегін жарқыратып жіберді. -Сен бәрін сиыр сияқты жеуің керек! Биллдің жүзі қатал болды. Ақырын жыпылықтаған Ләйлә мазасызданып, табаққа тағы бір үзім ет пен нан қойды. Сосын асығыс тамағын жей бастады. -Мен сиыр сияқты жей алмаймын, бірақ жақсы жеймін, аға. Қыз әсем ернінің жанындағы нан үгіндісін сыпырып, жарқырап күлді. - Көрерміз, жылдам тауыс! Билл күліп, ұзын стақанына сыра толтыра бастады. -Менен қорықпайсың ба? Билл баланы әдейі қорқыту үшін бетін шымырлатты. Бала оның көзқарасынан қашуға батылы бармай, жай ғана адамға қарады. - Жоқ. Сен маған айқайламайсың, маған көп жақсы тамақ бересің. Сондықтан мен сені жақсы адам деп ойлаймын. «Бұл бала қандай өмір сүрді?» деп ойлады Билл сыраны толтырып жатып. Хатта баланың анасы оны күйеуіне тастап, басқа жігітпен қашып кеткені жазылған. Сатқындықпен өлтірілген баланың әкесі нашақор болып, алкогольден уланып қайтыс болды. Осыдан кейін қыз туыстарының үйіндегі күйбең тіршілікпен күн көріп өсті. Баланың өткені қайғылы болса да, Билл оны тәрбиелеу әлі де кеш емес деп есептеді. Реммер сырасын ішіп, келесі аптаға дейін шешім қабылдаймын деп шешті. ~~~~ - Бәрін естідің бе? Бағбан Билл Реммер жас қызды тәрбиелеуді бастады. Жас қызметші асығыс қонақ бөлмеге кіріп кетті. Демалыстағы қызметшілердің бәрі жас қызметшіге қарады. - Жас қыз?? Реммер мырза? Оның орнына арыстан немесе пілді өсіруді таңдады десек, орындырақ болар еді. Қызметшілердің бірі күрсінді. Герхардт отбасының бағбаншысы Билл Реммер гүл өсіруге табиғи таланты бар адам болған. Талантының арқасында ол 20 жыл бойы бағбандық қасиетін абразивті болса да сақтай алды. Оған Герхардт отбасы үлкен сенім артты. Әсіресе Норма! Норманың гүлдерге деген ерекше сүйіспеншілігінің арқасында ол бағбандыққа және Билл темпераментіне шексіз түсіністік пен төзімділік танытты. Ол сондай-ақ Герхардт сарайының артындағы орманда бағбанға шағын үй беруді шешті. Ер адамның өмірі қарапайым болды. Ол бақшада жұмыс істеп, саятшылықта демалды. Жұмыстағы әріптестерімен ішімдік ішсе де, көп уақытын гүлдер мен ағаштардың ортасында өткізетін. Әйелі аурудан қайтыс болса да, ол басқа әйелмен жақын араласпаған. « Билл Реммер кішкентай қызды тәрбиелеп жатыр ма? » - Қонақ бөлмеде демалып отырған қызметшілер бұл қауесетті мағынасыз деп есептеп, терезенің жанында отырған күңдердің бірі айқайлағанша ортақ пікірге келді. - О құдайым-ай. Бұл рас болуы керек! Анда қара! Қызметші қыз бақыраған көзімен шыны терезені нұсқады. Қызметшілер бірден ашуға асығып, көп ұзамай таң қалды. Бақшаның арғы жағында Билл Реммер бақшада қыбырлап жүріп жатыр, және оның ізімен кішкентай қыз келе жатты. Қыздың бір тал өрілген алтын шашы жүгіріп келе жатқанда алға-артқа серпіліп қалды. ~~~~ - Мен әлі шешім қабылдаған жоқпын. Нәресте туралы сұрақтар қойылғанда, Билл қайта-қайта бірдей жауап берді. -Мен оны бұл жерде қалдыра алмаймын, сондықтан жақсылап ойлануым керек. Биллдің ойлары көктем бойы, содан кейін жаз бойы жалғасқанда, Лэйла Левэллин Герхардт үйіне баяу қоныстанды. Баланың бақшалар мен ормандарды аралауы Герхардт қызметшілері үшін таныс көрініске айналды. -Меніңше, ол аздап есейіп қалды. Герхардтардың аспазшысы Мона ханым терезеге қарап күлді. Ләйлә орман саятшылығының ар жағында жайқалып тұрған шөптер мен гүлдерге қарады. - Оның бағындыратын жолы көп. Ол әлі кішкентай. - Тыңда, Билл Реммер. Балалар сіздің өсімдіктеріңіз секілді емес. Олар бір түнде өсе алмайды. Мона ханым кәрзеңкені үстел үстіне қоя бергенде басын шайқады. - Бұл не? - Печенье және торттар. Кеше сарайда шай болды. - Мен тәттілерді жек көремін. -Бұл саған емес, Лейла үшін. Мона ханымның немқұрайлы жауабына Билл Реммердің қара қабағы түйілді. Бұл бала мұнда болмауы керек, сонда да Герцогтың қызметшілері Лейлаға күн сайын қамқорлық жасай бастады. Олар онымен амандасып, тамақ әкеліп, кейде қызды көру үшінде бағанның үйіне қонаққа баратын. Бұл Билл Реммер үшін жағымсыз болды. -Сен оған киім сатып алуың керек. Қарашы, киімі жақында жұпыны болып кетеді. Мона ханым Ләйланың кір-қожалақ киіммен құстың артынан жүгіріп келе жатқанын меңзеп еді, Билл әйелдің сөзін жоққа шығара алмады. Тіпті оның көзінен Лейланың өзіне жараспайтын киім киіп жүргені көрініп тұрды. - О құдайым-ай! Құдайым! Оған қара! Мона ханым кетейін деп жатқанда, кенет Лейланы нұсқап, қорқып айқайлады. Билл Мона ханым қарап тұрған жаққа біртүрлі қарады. Ләйлә қуып келе жатқан құс ағаш бұтағына қонғанда, ол ағашқа тез көтеріле бастады. Оның қимылдары тиін (жануар) сияқты спорттық және жеңіл болды. - Оның ағашқа өрмелеу қабілеті бар! Биллдің немқұрайлы жауабына Мона ханым қабағын түйді. - Билл Реммер! Сіз оның ағашқа өрмелеуін біліп, оны қабылдадыңыз ба? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? - Көріп тұрғаныңыздай, ол күшейіп, сау болып келеді. – Мына қызды жабайы аң сияқты өсіріп отырсың! О, Алла. Миссис Мона дауысын көтеріп, шу шығарды, ал Билл өзін саңырауларша ұстап, терезеден шығып кетті. Лейла жіңішке бұтақтың үстіне отырып, қалың бұтада ойнап жүрген кішкентай құстарды тамашалады. Бірнеше ай бойы қызды бақылаған ол бұл қыздың әлемді көбірек білгісі келетін ізденімпаз бала екенін түсінді. Гүлдер мен шөптер, құстар мен жәндіктер. Оның көзіне түскеннің бәрі таң қалдырып, қызығушылығын оятты. Бір күні түнде Ләйла кешкі асқа қайтып келмегенде, Билл орманға тереңдеп кіріп, оның өзен жағасында отырып, суда жүзетін құстардың үйіріне қарап отырғанын көрді. Оның зейінінің шоғырланғаны сонша, тіпті Биллдің оның атын қайта-қайта атағанын да ести алмады. Тағы бір-екі қатал лекцияны айтқаннан кейін, Мона ханым үйіне оралды. Билл өз үйінің артына жайлап барды. - Ағай! Лейла оған қуана қолын бұлғады. Ағашқа көтеріліп, тез түсіп кеткен қыз Биллге асығыс жүгірді. Лейла киген күңгірт сұр түсті көйлек қысқа жеңді және жыртылған болатын. Бұл киім герцогпен кездесуге жарамсыз болды. «— Дайын бол да, сыртқа шық», - деді Билл екпінді түрде олар саятшылықтың артқы есігіне жақындаған кезде. — Ағай? — Біз қаланың орталығына киім алу үшін барамыз, сондықтан таңданба! Билл ыңғайсыз жөтеліп, мойнын тырнап алды. «— Жақында герцог Герхард келеді, сондықтан оны дәл қазір түрікмен қарсы алу біртүрлі болар еді». – Герцог деп осы жердің иесін айтып тұрсыз ғой? - Иә. Үзіліс болғандықтан, ол қайтады. - Үзіліс пе? Герцог мектепке барады ма? Ләйла басын иіп қабағын түйді. Билл жымиып, баланың жайылған шашын сипады. - Герцог небәрі 18 жаста, сондықтан оның мектепке барудан басқа амалы жоқ. - Не!? Он сегіз жаста? Герцог? Баланың таңырқаған түрін көрген Биллдің күлкісі күшейе түсті. Билл дөрекі саусақтарының ұшымен ұстаған оның үлпілдек шашы мақта сияқты жұп-жұмсақ болды. ~~~~ Елордадан келген пойыз Карлсбар станциясындағы перронға кірді. Күтушілер вокзалдың жеке бөліміне жақындады. Екеуі тіке тізілген кезде перронға ұзын бойлы, арық бала түсті. - Сәлеметсіз бе! Гессен бекінісінің сыпайы сәлемдесуінен бастап, басқа қызметшілер көп ұзамай балаға бастарын иді. Чонгук олардың сәлемдеріне тура және әсемдікпен жеңіл, бірақ үнсіз жауап берді. Оның бір қалыпты қызғылт ерні көп өтпей күлкіге айналды. Чонгук бірнеше қадам жасағанда ғана Герхардтың қызметшілері қозғалды. Көрермендер тез кері шегініп, жас балаға жол ашты. Чонгук вокзал алдында күтіп тұрған күймені көргенде күлді. -Аа... Иә, мырза..Норма ханым машиналарға сенбейді. - Мен білемін. Әже үшін көліктер - бұл төзе алмайтын дөрекі және қауіпті темірдің бір бөлігі. - Кешірім өтінемін. Келесі жолы… - Жоқ. «Классикалық» жаман емес. Матиас жайбарақат күймеге отырды. Оның қозғалыстары баяу болды. Атқа жегілген күйме бірте-бірте жылдамдығын арттырып, алаңдар мен көп сауда көшелерін аралап өтті. Чонгуктың жүгі тиелген бөлек вагон алыстан алтын елтаңба ойып жазылған күйменің соңынан ерді.. #вунджаминь
#BTS_ADMINS_QRF Хэллоу, гааайсс! Бүгін біздің ұжымның еркесі, біздің ұжымның серкесі, Кайра Левин Кайрошты туылған күнімен құттықтаймыз!??. #browinv Өзіңді сонау 2022-ші жылдан бері танып келемін. Өзіндік принцптері бар, өткір ойлы, қырсықтығы бойынан асып кететін, қазақ тілінің сорпасын ішіп, майын жеген қыз бұл. ” Кайраны несімен еске аласың? ” десе, “ Көп конфликтке түсіп қалушы едік ” деп еске алушы едім.? Біз сені жақсы көреміз❤️ Топта болған әр автордың орындары ерекше. Әр түрлі мінезді, әр түрлі тұлғалық ойлары бар, осынау өмірдегі белгілі бір кезеңдердегі кішкентай сценаристтер деп айта алушы едім. Таныстығымызды ұзақ етсін. Өзіңе мықты денсаулық, өшпес жігер, позитивті көңіл-күй, ұзақ мәнді ғұмыр тілейміз. Мүмкін, бұл біздің соңғы араласып жатқан жылымыз болар…Анығын бір Алла біледі. Топта авторларға қолдау білдіріп, жазбаларымызды оқитын алтын оқырмандарымызға алғыс білдіремін. 6 жылдық ойып тұрып орын алар тобымызды күліп, әдемі естеліктермен еске алуға мүмкіндік берген осы уақытқа дейін топта болған барша авторларға да алғыс білдіремін. Авторлардың саны көп болса да әр бірінің өзіндік жолы болды. Мен қуаныштымын. ❤️?
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе.. 14 бөлім #Елестетші, Ранидың айтқан сөзінен жаның сырқырап ауырып, басыңды изедің де, тезірек бұл жерден кетуге асықтың. Сыртта сені Лия күтіп тұрған болатын. Лия сені екі бұрын жолдың қақ ортасында, жаңбырлы күні кездестіріп қалған. Алдыңғы жолғыдан кейін, не үшін ізім-ғайым жоқ болып кеткеніңді, неге бұл халде екендігіңді сұрады. Жауап бердің. Бәрін, бірін қалдырмай айттың. Лия мән-жайды білгенде, саған ортақтасып, қолдау білдірді. Жұбатты, жұбаныш бола білді. Кристианның жасаған иттігін естіп, қарғап-сілеп қаны басына шапты. Магриджды тұра барып өлтіргісі келіп кетті. Ал, сен ендігі әрі Тэхённың бетіне қарай алмайтындықтан өзіңе қол жұмсамақ болғанда, қайтаруға ұрынды. Мәселені түптеп келгенде сенің кінәң емес екендігін ұғындыруға тырысты. Себебі, Крис тоқыған ертегіге бой алдырмай, кетемін деп тұрғанда, ол сені тоқтатып ойыңды одан бетер айнытып жіберген. Және! Кім болмасын, не болмасын! Ең бастысы! Жатырыңдағы кішкентай тіршілік иесі үшін өмір сүру керектігін құлағыңа құйды. Күйген дүние күйіп кетсін, сен енді болашақ анасың! Көлік. — Не болды? Сөйлесе алдың ба? - сені іште күтіп отырған Лия. Иегіңді изедің. — Уфф! Жер-жаһанды теңіз қылатын болдың. Қойшы енді! - бет орамал беріп. — Келудің де керегі жоқ еді. Саған айтқам жоқ ма? - жүріп кетті. — Жағдайын білгім келді, - дедің мұрныңды тартып. — Ал, білдің! Не болды? Жетістік қой! — Ұшақ неше де екен? - дедің көңіліңді басқа затқа аудару үшін. — Екі сағаттан кейін. Сенімен бірге барамын. — Лео-ше? — Тасташы оны. Еркектердің бәрі бірдей ме өзі? Соқыр! Барлығы соқыр! - ашуланғандай көшедегі бұрылыстан бұрылып. Негізі Лия бұл сөзді сені күлдіру үшін айтқан болатын. — Лия, сен кий еңімдеріңді.. — Сенікімен буып-түйіп салып қойғанмын, алаң болма! - күліп. — Пысық! - сенде сораң ағып отыра бермей жымиып қойдың. Дегенмен, ішіңдегі әлдеқандай жанартаутаудан жылғалап от шарпып, бұлқан-талқан болып, басылмаған едің. — Ол мұнда не істеп жүр? — ... - Тэхён үнсіз терезе жаққа қарады. — Ол кім? Бір жерде көрген секілдімін, - сен біраз бұрын тұрып кеткен орынға отырды. — Тэхён?? - кейін ғана тумбочка үстінде қалған жүзікті көзі шалды. — Не? - Тэхённың өзі шақшадай басы шарадай боп жарылудың алдын да тұрды. Есесіне, жүзікті алып қоюды ұмытыпты. Жаклин бәле болмаса болған. — Сен? Сен.. маған.. сөз.. — А? Қайдағыны айтпа! - желкесіндегі ауырсынудан тумбочкаға әзер қол соза, сақинаны алды. Жаклин әсерлеп кетіп: — Иее, ұялып тұрсың ба? Бере бер, маған ұнайды. Түсініп тұрмын, талғамына сай келеді ме екен деп бермей тұрсың ғой, - бақыттан басы айнала, езу тарта берді. — ... — Бәсе! Манағы қызды сенің үйіңде көргенмін. Қызметші. Осы жүзікті беріп кету үшін келген ғой?! — Жаклин.. — Қане! - ол қолын ұсынып. — ... — Болсаңшы! Тақ, тезірек! - көздерін жұмып. — ... - Тэхён тығырыққа тірелді. Саған айтып жіберген сөзі қазір орындалмақ па? Жаклин сол кезде қарқылдап күліп жіберді де, Тэхённың көкірегінен ұрып: — Түріңді қарашы! Бозарып кеттің! - келемеждеп. — Қалжыңдап отырмын ғой. — ... — Сен маған үйленгенше, өзіңді бесінші қабаттан тастағанды жөн санайсың. Не соншалықты ұсқынсыз көрінемін бе? - күле берді. — Жаклин? — Кімге алдың? Жүзікті? Кімге сөз салмақсың? Мен танимын ба? - қызыға. — Тэхён? Балпаным, қалайсың? - Ранимен Хан келді.. Жаклин оларды оңаша қалдыру үшін палатадан шығып кетпек болды. Өзі де Тэхённың қасында отырғанына біраз болды. Енді оған қамқоршы керек жоқ. Шығып бара жатқанда, бір жапырақ қағаздың абайсызда түсіп қалғанын көрді. Ойда жоқта өзі байқап қалып, барып қарап еді, УЗИ суреті. Қызық! Бөлмеге сен кіріп шықпай тұрып, бұл сурет бұл жерде болмаған. Жаклин оны үнсіз қолына алып, шығып кетті.. #Елестетші, ұшаққа кіріп барасыңдар. Сенің қолыңдағы шабаданды жолсерік алып, баспалдақпен көтерілу үшін көмек қолын ұсынды. Сен артқа бас бұрып, соңғы мәрте қарадың. Соңғы мәрте көз тастадың. Енді бәрін осында қалдырып кетпексің. Ренішті, өткінішті, жек көрінішті. Ең әуелі, мәхаббатыңды! Біреу келіп қалардай, ұзақ көз алмай қарап тұрдың. Құдды, қазір ол сені келіп, алып кететіндей. Және енді ешкімге бермейтіндей етіп құшақтап, жібермейтіндей. Бірақ, бұлай болмайды. Себебі, сен оныкі емессің. Оған керек емессің. — Ханым?.. - деді жолсерік сені шашыраңқы ойдан шығарып алып. — С/е, болсаңшы!- Лияда сенің тұрып қалғаныңды көріп. Шіркін! Өмір біз ойлағандай, өзіміз көздеп қойған тұспен жүріп, тұрса ғой. Біз қалағандай болса ғой бәрі, иә! Әлі білмейміз. С/еге көрсетпеген тағы қандай сынақ дайындадың? Әлде бұл барлық бақытсыздықтардың соңғы бекеті ме? Сен орынға келіп жайғастың. Лия терезе жақта тыныс алу жеңілірек болғасын, сені сонда отырғызды. Сен баладай мінезіңнің мың құбылып жылау, одан жырақта болғанға шыдай алмау дәл осы кезден басталды. Әйтседе, шыдауға тиіссің. Шыдайсың. Қайран-ай, уақытты кері қайтарып, Крис сенің білегіңнен ұстап тоқтатқан жерге қайтып оралса ғой. Оның сөздеріне иланбай, Тэхёнға көзсіз, тілсіз сенім артушы едің. Тоқтатып қалғанына қарамай, тезірек оған асығушы едің. Ол Рани айтқандай, адам былай тұрсын, шыбынға да зияны жоқ еді.. Іске келгенде қатал, сонымен қатар қамқоршы. Сені сүйіп, сүйдіру үшін ғана осындай тірлік жасамаса, басқа қай ағаттығы бар? Сен біраз бұрын, оған барған да, " сені сүйемін" деп айтуға бекінгенсің. Себебі, бұған дейін оған деген бұл ұлы сезімді мойындаған емессің. Кейінірек, сәбилі болатындарың жайлы да айтпақшы едің. Әттең! Әттең! Бәрі кеш. Ал, ұшақ сенің ақ үмітіңді осында қалдырып, аспанға көтерілді. 2 күн бұрын Крис үйге келгенде сенің жоқ екеніңді көрді. Магридж! Сұмырай Магридж болса, диван үстінде ішімдікке сылқия тойған күйі әрдеңені сандырақтап отыр. Крис оған қазір дауа жоқ екенін, түсініп, сені қамап қойған бөлмеге өтіп кетті. Шағын диван, кішкентай саңылау секілді терезе, көгілдір түсті қабырға. Крис басын жоғары көтеріп, шкафқа қойылған камераға қарады.. Камера?! Ауыр! Тым ауыр күрсініп, диванға отыра кетті. Ол сенің Тэхёнға кеткеніңді, және бірден өзі жайлы жеткізеріңді білді. Бірақ, ол үшін бұл мәнсіз. Тэхён келіп бұл істегендеріңді өтемін алады ма, өлтіреді ме оған бәрібір. Егер, сүйген адам күнәһар аталса, солай-ақ болсын. Крис саған жәбір көрсеткен жоқ, жәбір көрсеттірген де жоқ. Ол тек өзінің адалдығына берген Тэхённың ақысы үшін араз болды. Ол досы ұнатқан әйелі жақсы көрді. Сүйді. Сүйе тұра, қиянат жасамады. Тэхён үшін сені жердің түбінен болсын тауып алып келді. Сен жалғыз қалғанда, сенің жаныңда болуға тырысты. Бірақ, Тэхённың өзінен сені жырақ ұстағысы келгенін түсінгенде, енді саған жоламау керектігін естігенде, зығырданы қайнады. Адал достығының ақысы осы болғаны ма? Енді оған тек бір ғана ой келді. Оны өлтіру. Өзінің ақ ниетін көрмейтін адамға қиянат жасау. Оны ең алдымен сенен, сосын бар дүниеден айыруға бел байлады. Қасақана жол апатында оның өзі ұйымдастырды. Және бұған тиіттей де өкінбейді. Өкінетін нәрсе тек, Тэхённың тірі қалуы.. 2 апта өтті. Тэхён сауығып, ауруханадан шықты. Қолын әлі де гипспен орап, мойнына асып қойған. Өйткені, жарақаты жеңіл емес. Өңі қуарып кеткен. Біз бұны сенсіздікке төзе алмау деп ойласақ, ол бұлай ойламайды. Ауруханада жатқан әрбір адам азып-тозып кетеді. Оның мәхаббатқа дым қатысы жоқ. Тэхён келгенде Ханни алдынан шығып, әдетінше құшақтап, қойнынан шықпай қойды. Балақайда даңғарадай үйде іші пысып, әбден зерігіпті. Ранидан күнде жылап сені сұрайды. Сені тап бір өз анасындай аңсайды.. Үйде де бір адамдық орынның бос тұрғаны айтпаса да белгілі. Қызметшілер үшін сенің үшін сонша күйіп-піскен қожайынының әбсәтте сені жібере салуы оңай болмады. Түсінбеді. Олар түсінбейтін, түсіне алмайтын қанша зат жатыр арада. Олар түгіл, не Тэхён, не сен түсінбейсіңдер. Кабинет. Маркус Тэхён бұйырған жұмыспен үйге келген еді. Олар кешкі астан кейін, бірден жұмыс бөлмесіне өтіп кеткен. Тэхён кең жауырынын үлкен креслоға тақап, оның тауып келген мәліметін тыңдауға әзір отыр. Түрінде әлсіз үміт ұшқындары бар. Қандай үміт екені белгісіз. 2 күннен кейін. Трасса үстінде алаңсыз келе жатқан көліктің қапталынан шыққан жүк көлік оны қағып, біршама алысқа ұшырып жіберді. Екі аунап түске көлік төңкерілген күйі қалды. Ал оның ізінен іргесіп келе жатқан көліктер бір қатарға бойлап тұрып қалды да, ортаңғы бөлік ашық қалдырды. Ал, ортада пайда болған көліп алдыға шығып, төңкеріліп түскен мәшиненің бірер шақырым алыс тоқтады. Ішінен түскен адам апатқа ұшыраған көлікке қарай жүріп келеді. Алдыңғы түймесі қадалмаған кастюм желмен жағаласа ұшып, оның қадамын нық әрі анық болуы үшін бәрін салып келеді. Қара көзілдірік, түйілген қас, сұңғақ бой. Төңкерілген көліктің ішінде қалған бейшара адам, әлемді теріс көріп тұрғасын, өзіне қарай келе жатқан ажал адамды тани алмады. Есеңгіреп, өзінің жол апатына түскенін қорыта алмай тұр. Миы шайқалған болса керек, көзіде алысты көрмейді. Бірақ, сұлба өзіне жақындаған сайын оның түріде анықтала бастады. Тоқта! Бұл.. Бұл.. — Тэхён? - деді көлік ішінде маңдайынан аққан қанды сүртіп өтіп, әлсіз таңқалған Крис. Тэхён көлікке жетуіне екі адым қалғанында, артында келе жатқан адам қолын созып еді, Маркус қолына тапаншаны зор мәртебемен ұстатты. Жетті! — Қалай? Өмір өз жасағанды, өзіңнің басыңа алып келуі? - тізесін бүгіп, төңкеріліп тұрған көлікте, аяғы аспаннан келген Крисқа күле тіл қатқан Тэхён. — Тэ..хён.. — Жылы жауып қоюшы-ақ едім. Жылу жабудың мәнісін білмеймін, - көзілдірігін шешіп. — Не енді өлтіресің бе мені? - Крис күліп жіберді. Тэхёнда күліп: — Жеңілі сол емес пе? Крис оны бәрінен ендігі хабардар екенін көрді. Әйткенде де, ол жердің астынан болсын тауып, бұл үшін кек алуын жақсы түсінді. — Жеңіл өлім тапсын дегенің бе? Ал! Бас шүріппені! — Қойсаңшы, Крис. Қорыққаннан дір-дір етіп тұрып, жүрек жұтқандай сөйлейсің, - мысқылдап. Үнсіздік. — Неге? - деді күліп отырған Тэхённның көздері ашудан торланынып. "Неге қиянат жасадың? Неге мені өлтіруге тырыстың? Неге С/енің ойын айныттың? Неге өзің үшінде, мен үшінде соңы қайырсыз ойын аштың. Неге? Неге? " Ол осылай айтқысы келді. Бірақ, айтпады. Сұрамады. Кейін орнынан көтеріліп, Маркус берген тапаншаны дайында ды, тұп-тура Крисқа көздеді.. BANG!! - тапанша оғы естілді. Крис көзін ашып қараса, қақ төбесін тесіп, майыстырып өткен оқ арғы бетте жатыр. Маңдайынан ыстық тер шығып, жағасы суланып кетті. Ол ауыр жұтынып, Тэхён ендігі оғы дәл өзіне адаспай тиетінін күтті. — Жақсы! Өмір сүріп қал, - тапанша әліде Криске бағытталып тұрды. — Ендігі әрі көзіме көрінуші болма. Аямаймын! - тістеніп, әрі нығарлап айтты. Осыдан бұрын, таң ертең Виш көпірінен адам мәйіті табылды. Ақпарат бойынша адам өз-өзіне қастандық жасаған. Мүрде, Магриджқа тиесілі екенін анықталды. Оқиға кеше түнде болған. Полицейлер фактілер бойынша мұны шынымен өз-өзіне қол жұмсау деп бекітті. Әрине, ішіп алған адам өлімнен өзге қандай іс жасауы мүмкін? Ертесі күні. Жаклин мәжіліс залында әлдеқандай істермен шұғылданып, жұмысын атқарып жүр. Жанында жүрген Асилия бірде шығып кетті де. Тэхён келді. Жаклин осыдан алдын маңызды парақтарының арасына салып қойған жапырақ қағазды тағы бір рет кездестірген болатын. Көкейін қанша күннен бері тесіп, тілгілеп жүрген сұрақтың жауабын алудың уақыты қазір туғандай. p.s ендігі бөлім соңы болмақ...пікір күтемін... #browinv
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе.. 13 бөлім ( Музыка ) Тэхёнға келген хабарлама да Магридждың сені төсек үстінде аймалап жатқаны түсірілген еді. Ал, сен оның астында еш қарсылықсыз жаттың. Сурет астында: " Біз сондай бақытымыз! Ол менің құшағымда. Мені сағынып қалыпты! Бақыт тілеп қоярсың! " - деген жазу болды. Тэхённың, соғып жатқан жүрегі бір сәтке тоқтап, көзі қарауытып кетті. Айналасы бір пәсте өртке оранып, тәні тозақ отына күйіп жатқандай. Көлік руліде сол кезде басқарусыз қалды. Көлденең жол үстінде кетіп бара жатқан үлкен жүк көлігі (Фура) қиғаш тұрған көлікті байқамай, кетіп бара жатыр. Тэхённың артында өзінің адамдары үш-төрт машинамен соңынан еріп келе жатқан болатын. Тэхённың бірден тоқтап қалғанының себебін білмей олар оның келесі бұйрығын күтіп, тежегішті басты. Арғы бас жолдан болса жаңағы қап қара бұқадай сүзуге ассық үлкен жүк көлігі Тэхён тұрған тұстан жылжымай, көлікке қарай жақындай берді. Көлікті айналып өтетінде, шетке өту үшін дабыл беретінде ниеті жоқ секілді. Ал, көлік ішіндегі Тэхённың көздері әлі қолында сындырып жіберердей ұстап тұрған қарғыс атқыр телефонда.. Міне, енді Фура діттеген мақсатына жүзеге асырды. Тэхён отырған көлік ауыр соққыдан майысып, ұзаққа алыстап кетті... — Жолдан былай өтіңіздер! — Тэхён! Құдайым-ай! Тэхён! — Рани ханым.. Тынышталыңыз! Рани ханым.. Бұл Тэхёнды ауыр халде реанимацияға алып бара жатқан уақыт. Ұлының жол апатына түскенін естіген Рани естіген құлағына сенер, сенбестей болып келген еді. Келгенге дейін көкейінде үміт оты жылжылтап дәрігерлер шатасып жатқанын, апатқа кезіккен өзінің ұлы емес екенін іштей тілеп келді. Солай болғанын қалады. Өйткені, ұлының өлім аузында жатқанын көру ол үшін Құдай ең қатігез сынағы болушы еді. Бірақ, Тэхённың ана жағдайда көргенде ғана көзінен парша-парша жас атылып, жаны кеудесінен шығып кетердей, айғай салды. Кеше ғана сау жүрген ұлын көз алдында қан-қан күйінде ота бөлмесіне алып бара жатыр.. Есінен адасуға шақ қалды. Жанында Роунмен Хан мырза да бар. Олар болмаса Рани Тэхёнды ішке алып бара жатқан жерінен тоқтатып алып, аурухананы басына төңкеруші еді. Оларда бұл хабарды естіп, төбесінен жай түскендей болды. Бірақ, қазір өздерінен де көбірек кімге қиын екенін біліп, Раниды тыныштандырып отыр. #Елестетші, біраз уақытты артқа тастап, іштегі дәрігерлер сыртқа шықпады. Орындықта солқылдап жылап отырған Раниды Хан мырза құшақтап отыр. Роун болса, иығын бұрышқа тақап, көз жасын көрсетпеу үшін бет-аузын басып алған. Мұнда тағы өкпесі өшіп Жаклин мен Асилия келген. Екеуіде көз жасын көлдеткендердің санын тағы толықтырды. Қазір ешкім Тэхённан айырылып қалуға төтеп бере алмайтындай. Оның жоқтығына шыдай алмайтындай.. 17 сағаттан кейін. — Жалақыңды алдың, енді не дейсің басқа? - Магридж жүргізушінің ойын ұқпай. — Мырза, біз басқаша келістік қой? — Қандай басқаша? Ей, өзі сенің есің дұрыс па? Ақшаңды алдың, тайып тұрсаңшы енді! — Мырза, мен адам қағып кеттім. Мына берген ақшаңыз көлігімнің жыртығын жамауға да жетпейді. — Немене? — Егер, біреу-міреу менің түбіме жетердей болса, мен не істеймін? Мұны тыңдап отырған Крис күліп жіберді. Кейін әмиянынан тағы бір бума көкті алып шығып: — Енді ше? — Эм.. — Мынамен анау бұқаны жамамақ былай тұрсын, ондайдың онын алады ғой! — Рақмет, мырза! - қолында ұстап тұрған бас киімін қайта киіп, басын иді де, кетіп қалды. — Не сен осылай бет алды шаша бересің бе? — Көтіңді қысшы, - Крис мән бермей кофені ішіп отырып. — Тап таза есалаң екен ғой мынау! Одан да соны маған бермейсің бе?! Өзім-ақ Тэхёнды біржақты етер ем. Крис орнынан тұрып, оның жағасынан алды да: — Не? Адам өлтіре аласың ба?! - деді тістеніп. Магридж оның бұл ашуынан дір ете қалды да кірпідей жиырылып. — ііі...не демекшісің?.. — Ендеше, қолың симайтын жерге басыңды тықпа! Телефон шырылдап бастады. Крис Роунның қоңырау шалып жатқанын жақсы біледі. Себебі, біраздан бері тұтқаны көтермей отырды. Қолына телефонды алып, Магриджке — Бірдеңе істеп қоймасын десең, көзіме көрінбей құры! - деді де балконға шығып кетті. — Алло? — Крис! Неге алмайсың? Неше мәрте қоңырау шалып жатқанымды білесің бе? — Демалып жатырмын. Не боп қалды? - бәрін айдай анық білсе де, сездірмеді. — Тэхён.. Тэхён аварияға түсті кеше.. - дауысынан байқасаң қамығып тұрғандай көрінеді... Крис миығынан күліп қалды. Қараңғы қапас. Тізеңді құшып, есік сыртында естілген әр дауыстан зәрең ұшып отыр. Құдды мысы басылған қырмызыға ұқсайсың. Көз тамырларың қызарып, алдамшы қайғының қойнында жатқандайсың. #Елестетші, өмір енді көріксіз. Мүлде ұсқынсыз! Сенің қазіргі бейшара жағдайың секілді жұпыны мұңын ішіне бұққан. Алдамшы қайғы емес, алдам ол - бақыт. Көз бен қастың арасында арзымайтын сәт сыйлайды да, қайта адастырып әкетеді. Сен мейлі, дұрыс жолдан жүруге тырыс, бәрібір өз дегенін жасайды! Бұлай отыра берсең ақылдан адасарсың. Кішкентай терезеден түсіп тұрған даланың тұрқы жаман жарығы ағаш еденде көлеңке пайда қылып жатыр. Жанбыр екі күннен бері тоқтамай жауа бергендіктен, жағымсыздықпен дымқылдық сені қосарлана өлтіріп жатқандай. Өкініш! Өксік арты білінген бітпейтін ащы жас. Жек көрініш. Осылар қазір саған қолқа болуда. Өзіңе деген жек көрініш сірә бұлардан асып түспес. Мұның бәрі үрімдей ғана иланбаудың, сүйгеніне сенбеудің кесірі. Есікке жетелейтін дәлізді тарс-тұрс басып, жұлқылай ашқан есікті Магридж арадағы бөгет деп білді-ау! Жымысқы күлкі бозарған өңіңе тағы бір қорқыныш егіп тынды. Әне, өлі деп жүрген Магридж қазір саған пиғылы бұзық жанарымен тесіле қарауда. — Жаным! Жарығым! - жаныңа жақындай. — Саған жаным ашып жатыр, олай қарамасаңшы. Қане, баяғы кербез қырсық бейнең? —... — Омо! Кешір-кешір! Мұндай кезде қырсық болуға болмайды. Есімнен шығып кетіпті ғой.. - ол ақырын алақанын сенің бетіңе алып бара жатыр еді, сен қағып жібердің. — Ахахаха!! Мен сенің күйеуіңмін. Адамда өз күйеуінен осылай жасқанады ма екен? —... Ол тағы ұстауға ұмтылып еді, сен басыңды тартып қалдың. Бұл жолы ол шашыңмен қоса мойыныңды өзіне тартып: — Бері қара, сайқал! Менің жуастығым үшін басынғаның ба бұл?! Мына мінезің маған өтпейді! — Жібер! - сенің жан дауысың шыға. — Әлде, анаған адал болып жүргенің бе? Айтпақшы, астынан бір-ақ шықтың ғой. Күйеуіне адал болмаған адам басқасын басына ұра ма? — Магридж.. жібер.. ауыртып.. Магридж оның желкесін жіберіп, итеріп жіберді. — Қазір байқұстың өлім аузында жатқанын білесің бе? Қайдан білесің, біреудің етегінен ұстап осында келген болсаң?! Ахахаха! — Н..не.. — Ол мені сенің алдыңда мен қалай ұрғанын көрдің ғой! Бұл соған менің берген жауабым! — Магриджд! — Жаным, неге жылайсың? Болды! Жылама! Мен бармын ғой! Сені қайтарып алдым! - күле. —... Үнсіздік! — Бірақ... енді сенің керегің шамалы. Тем более қиянат жасадың, - ол бұны ешқандай эмоциясыз айтты. — Сенше?! Сен маған қиянат жасаған жоқсың ба?! —... — Мені тірі өліктей саудалап жібердің. Одан бұрын? Үйленген күнімізде-ақ басқа бір қызбен қондың. Жалғыз қалдырып кеттің. Мен сонда да ауыз ашпадым. — Не? — Білсең Магридж, ең үлкен қиянатты мен сенен кетпей тұрып, сен маған көрсетіп тастағансың! — Солай-де? — Мен сені талай күн күттім. Келіп, мені алып кетеді деп ойладым. Несіне өкпелейсің? Енді бақытты өмір сүріп бастағанымда бағымнан арашаладың! — Тілің шығып қалыпты ма? - шашыңның түбінен ұстап, жоғары көтере. — Ахх!.. жібер.. — Сеніңше, сен маған керексің бе? Ол сені шашыңнан тартқан күйі сыртқы есікке қарай алып барды. — Керегің жоқ! Енді, барда анауыңның аяғына барып жығыл! - сыртқа қарай итеріп жіберді де, есікті тарс жауып алды. Қара аспаннан ақ көлікке айналатын мөлдір тамшы жауып, жанарыңмен аққан жаспен бірге төмен ытқуда. Бұл қандай қорлық, бұл қандай азап? Бұл не зорлық болды? Міне нағыз қорлық! Ал, сен қорлықтың не екенін аңғармай, шатастырып жүрсің. Тэхённың саған деген ықыласын азаппен зорлық деп ойлағансың.. Соның өтемі үшін осы ма? Тэхён? Оның жағдайы қалай? Магридж шынымен дұрыс айтты ма? Ол расында өлім аузында жатыр ма? Денең тітіркеніп, жансыз заттай жол үстінде кетіп барасың. Жаңбыр болса тоқтаған жоқ. — С/е? - жол жиегіне тоқтаған көлік. 2 күннен соң. Тэхённың комадан оянғанына бір күн болды. Апат кезінде қолы шығып кеткен. Қазір Жаклин өз қолымен түскі ас беріп жатыр. Рани мен Хан дәрігермен сөйлесіп отырған болатын. Крис пен Роун келіп жағдайын біліп кетті. Ол жазылғанша, Роун өзі бәріне баскөз болу үшін компанияға кетті. Ал, Жаклин оның қасынан бірелі алыстамады. Біраз бұрын Ханни келіп көкесімен ойнап, кішкентай жараларын өз қолымен таңып, " тағы келемін, оған дейін жазылмсаң, өзім келіп емдеймін" деп кеткен еді. Ханнидың да кішкентай жүрегіне Тэхённың бұл күйі ауыр тиіп, жылап алды. — Қазір, келемін! - Жаклин оның еріндерінің шетін майлықпен сүртіп, шығып кетті. Есік қағылды. Маркус ішке алдын өзі кіріп, есікті ашып қалдырды. — Мырза! - деді салы суға кеткендей. Тэхён басын шайқап, " не болды" дегендей сыңай танытты. Маркус сонда шетке ығысып, саған Тэхёнға алып баратын жол ашты. — С/е? - деді Тэхён таңғалыспен. Сен жүгіріп оны құшақтап алдың. — Ахх, - ауырсынып. Сен оның қандай жағдайда екенін ұмытып жіберген едің. Одан аздап алыстап: — Мені кешірші.. өтінемін.. — О не дегенің? - жымиа, бетіңнен нәзік сипап. — Мен қателестім. Өтінемін, кешір мені..- оның кеудесінен басыңды алмай. — Алданып қалдым. Кешір.. — Сенде мені кешір! - деді ол сыбырлай. — А?.. - сенің басыңды көтеріп, оның неге кншірім сұрап тұрғанын түсінбедің. Көздеріңде толған жастар. Ол тартпадан қызыл кішкентай қорап шығарып, бетін ашты. Ішінде көлемі үлкен гауһары бар жүзік. Сен сенбедің. Ол расымен саған ұсыныс жасамақ па? Дәл осы жағдайда? — Тэхён? - не күлуді не жылау керектігін білмей. — М? - деді ол көздерін сенен алмай. — Бұл.. — Бұл Жаклинге! Қалай, әдемі ме? - деді де оны тартпа үстіне қойып. — ... - құлағың тұнып, қате естідім бе екен деген сауал өкпеңе тығылды. Ол жайбарақат. — Әдемі ме? - қасын көтеріп. Сен оның алдынан тұрып кеттің. Астыңғы ерніңді білдірмей тістеп алдың. — Бұл... Жаклинге ме? - жылап жібермеу үшін өзіңді әзер ұстап. — Енді-ше? —... — ... — Әдемі.. сондай! - артық жылап жатқаныңды көрсетпеу үшін теріс бұрылдың. Кету үшін алғашқы қадам жасағанда: — Магридж қалай?! — Не? — Оның қасындасың ғой. Жағдайы қалай деймін? — Тэхён?! Не деп тұрсың! - сен қабағыңды түйіп, оған қарадың. — Оны сағынғансың!. Мауқыңды бастың ба, айтпақшыдай? —... — Енді жанынан бірелі ұзаушы болма! — ... — Ұмытып барам, ол сені қалай қабылдады? Сен менімен болдың ғой. Бірақ, меніңше саған бәрібір. Қайсымен ыңғайлы сонымен көңіл көтересің! Солай ғой?! Жараңа тұз септі. Дәрмек іздеп келген, дәрмек болу үшін келген жараның бетін өз қолымен тырнап жатыр. Жаныңды ауыртуға тырысып жатыр. Бірақ, бәрі ол ойлағандай емес екенін, ол қайдан білсін? Ақтала алмайсың! Анығы, сен оның бұл сөздерді айтып, қандай сезімді сезініп жатқанын, сенің қандай сезім сезініп жатқаныңды ол білмейді. — Дәл таптың! - дедің оның сөзіне мән бермей кетіп бара жатып тоқтадың да, әрі қарай есіктен шығып кеттің. Алдыңнан бірінші Жаклин шығып, неге сенің мұнда жүргеніңді ұқпай қалды. Назар аудармай алға басып келе бергеніңде дәрігерлер бөлмесінен Рани және Хан мырзамен тоғысып қалдың. Хан сені елемей жүріп кетті. Рани көздеріне сенбестей тұрып қалды да: — Не үшін келдің? - деді тамағына өксік жиналып. — Рани ханым.. — Тэхёнмен сөйлестің бе? Сен басыңды төмен түсірдің. — Демек, сөйлестің. — Мен.. — Өтінемін, сөзімді тыңда! Ол кеше ғана есін жиды. Бір күн комада жатты. Дәрігерлер өмір сүріп кететітіне сенімді емес. —... — Оның өмірінен кет. Сені ұмытқанын қалаймын. Есінен шығарсын. Және уайымсыз, бақытты өмір сүрсін. —... Ол жаныңнан жүріп кетіп бара жатып: — Ана болсаң, сенде мені түсінесің. Енді келме! - деді. #browinv Тэхёнда С/еге деген реніш бар ма? Және реніші орынды ма? Ендігі не болады? Магриджбен С/е шынымен бірге болып қойды ма? мен сіздер қалағандай етіп аяқтаймын деп едім. Бірақ, белсенділік аз, ренжіп отырмын. ?