#BTS_FANFIC_QRF ♨️ ҮШІНШІ КӨЛЕҢКЕДЕ ♨️ Басты рөлдерде: Чон Чонгук, Ким Се Яң, Мун Бёл, Ан Хи Ра. Жанр: романтика, драма, фантастика. Бөлім саны: mini 6. Автор: #FlowerFly [1-бөлім] — Оның бойында мен сүйетін қасиеттер жоғалып барады. Мен оған қалай үйленбекпін. Бізде бəрі бұрынғыдай болар емес. Сезіміміз суығанда қалай үйленбекпін, Хи Ра.... Түс ауған уақыт. Хи Ра: — Ей, құрбым. Жаңалықты естідің бе? Се Яң: — Қандай жаңалық? Сен ғана елден алдын біліп алатын. — Бақсы, көріпкелдер көбейіп жатыр екен. — Содан? — Ей, ақымақ! "Неге" деп сұрасай. Елестер жаны тынышталмай, барлық бақсылардың қасиеттері оянып жатыр. — Хмм... Оларға не болыпты жаны тынышталмай? Неге қайдағы жоқты айтып жатырсың?! — Туф, сенде бір, тыңдасай. Айтып жатырмын ғой! — Ал айтыңыз, бақсы ханым. Елестер не деп жатыр? — Мен ешқандай да бақсы емеспін. Тек қана елестерді көріп қаламын... — Иә, елестерді көріп келе жатқаныңа 2 жылдан асты ғой, білемін. — Бақсы əйел айтты, бір елес бар екен. Əйелдің рухы. Өз ғашығы той үстінде тастап кеткен көрінеді. Сол үшін кек алмақ болыпты, нəтижесінде із-түссіз жоғалыпты. Қазір барлығы сол елесті іздеуде. — Расымен бе? Сонда қайда кеткен? — Білмеймін... — Туууф, айтсаң толық айтпайсың ба?! — Өзің ойланып көр... - деп, Хи Ра автобусқа мініп жүріп кетті. Се Яң ойға батып отырып қалды. Солай өз автобусын өткізіп алды. Ол өзінің айналасында өзгерістердің орын алып жатқанын сезген болатын. Тылсым дүниелер болып жатса да көңіл аудармауға тырысатын. Өз сүйіктісінің бейнесі құбыжықтай көріне бастағанда ғана, бұл дүниеге шынайы қарай бастады. Арада бір аптадай уақыт өтті. Се Яң күннен күнге тым ерсі қылықтар жасай бастады. Əлі өз сүйіктісі құбыжық бейнесінен арылмады. Бұл жайлы Хи Ра білгенін дұрыс деп ойлады. — Хи Ра... - деп, жылап жіберді, — Əйй, не болды? Тағы қандай өнер көрсете бастадың? — Хи Ра, бұл мен емес, бұл мен емес, - деп, өксіп жылай берді. — Не болды? Неге жылайсың? Жай əзілдедім ғой, сенің барлық күлкілі қылықтарыңды менен артық кім білсін. — Хи Раа... қиналып кеттім. Өзім жалғыз қалған уақыттардың бірі де есімде жоқ. Ал, ал Чонгук болса, құбыжыққа айналып барады. Оны көргенде қалай өзгергенімді байқамай да қаламын. — "Құбыжық" дегенің не? Ол саған қол көтеріп жүрме, əлде сені ұнатпай қалды ма? - деп, Чонгуктың айтқандарын елемеуге тырысты. — Жоқ, мүлдем олай емес. Оның бейнесі, оның əдемі сұлу жүзі... Ол сайтанға ұқсап барады. Оның алдында өз-өзімді ұстай алмай жатырмын. Қалай оны ұрып жібергенімді, оның сөздерін елемей қалай кетіп қалғанымды сезбей қалудамын. — Немене? Неліктен? Əзілдеп тұрсың ғой, иә? Елестер туралы айта бергенім үшін, осылай айтып тұрсың солай ма? — Жоқ... Рас айтамын. — Бәлкім жай ғана шаршаған шығарсың. Демалсаңшы, университеттегілерге өзім айтамын, ертең сабаққа барма. — Бірақ көмектеспейді-ау. — Ертең Чонға айтамын, келіп сенімен сөйлеседі. — Жарайды, мен енді үйге барайын. Қараңғы түспей жетіп алсам жақсы. — Уайымдама, бəрі жақсы болады. Се Яң қалай қараңғы көшеге кірді, солай есін жоғалтты. Үйге жеткенше не болғаны есінде жоқ. Анасының алдына келгенде ғана ұйқыдан оянғандай болды. Анасына тіл қатпай ұйықтауға кетіп қалды. Анасы үшін бұл ендігі қалыпты жағдайға айналған еді... Таң, сағат 11 шамасы болып қалды, Се Яң əлі ұйықтауда. Есік қоңырауы естілді. Анасы жұмысқа кетіп қалғандықтан, есік ұзақ уақыт шырылдап тұрды, Се Яң амалы жоқ ұйқыдан оянды. Барып есікті ашты. Чонгуктың түрін көріп, шошынғаннан ұйқысы лезде ашылып кетті. Оның қорыққан түрін көріп Чонгукты еріксіз күлкі қысты. Əрине, Хи Раның айтқан әңгімесі күлкілі болғандықтан оған сене қоймады. Алайда, Се Яңды шын сүйгендіктен, оны барынша өзініңкі етіп ұстап қалғысы келді. Чонгук: — Жақсымысың? Се Яң: — Иә-иә, тəуірмін. — Əліде мені құбыжық етіп көріп тұрсың ба? — Эм... мені қате түсініп қалма, мен расымен қиналып кеттім. — Олай деме, мен сені шынымен жақсы көремін. Қандай жағдайда да бірге боламыз. Арамызда түсініксіз жайттармен сезіміміз суып кетті. Бір-бірімізден қаншалықты алыстап кеттік. Бəрібір де сенімен бірге болғым келеді, - осы уақытта Се Яңның көзіне Чонгук баяғы қалпында көрінді. — Мен де сені жақсы көремін, мені кешірші. Сені көп қинадым ба? — Бəлкім, ішке кірермін, - деп, махаббатпен жымиды. — Ааа, ойбай. Кір иә, байқамай қалыппын. — Иә, киіміңді де байқамадың ба? — А? — Тым ыстық киім немесе өте сүйкімді, - деп, күліп ішке кіріп кетті. — Үстімдегі түнгі киім ғой. Несі ыстық, сүйкімді дегеніңді түсінемін. Көзіңе не болған? — Сені түнгі сүйкімді киіммен көру ыстық. Екеуі осылай күліп, ойнап барлық түсінбестікті шешкендей болды. Чонгук та өз сезімдері базы қалпында екені үшін қатты қуанды. Осылай Чонгуктың бейнесі құбыжықтан адамға айналды. Бір-біріне сезімін ашық айтқанда, Чонгук сұлу жүзде көріне бастады. Кішкене ұрыс болса құбыжыққа ұқсап кете берген еді. Бұл жұп бұның сырын түсіне алмады. Се Яң есін жиғандай болып жүр еді, бір күні түсінде қорқынышты оқиғаға куə болды. Бұл жалғыз қалғанда ұмытып қалған естеліктері еді. Ол жеңіл жүрісті қыздардың ауданында жүргенін көрді. Жəне бірнеше рет бір жігіттермен төсектес болып жатқанын да көреді. Бұл түстен ауыр зіл басып қалғандай оянды. Өз-өзіне сене алар емес. Бұл жағдайлар туралы бірінші Хи Раға айтуды ойлады. Бұл жағдайды Хи Ра естігенде, сеніңкіремеді. — Қойшы, жай ғана түсің ғой. Өзің ойыңнан шығарып алған шығарсың. — Солай ойлайсың ба? — Иә, солай. Неге өзіңе сенбисің? — Бұл жайлы Чонға айтсам қалай? — Солай істесең "сезімдерің суып кетеді" деп қорықпасаң, айт. Чонгук: — Қалайсыңдар, қыздар? Се Яң жағдайың жақсы ма? Түрің бозарып тұр ғой. — Не ғой, Чон... — Се Яң, бақсыға барып емделгісі келеді екен. Қайта жағдайы қиындап жатырған секілді. — Не болып қалды? Жағдайың нашар ма? — Жоқ, жаным. Бəрі жақсы, қорқынышты түс көріп жүрмін. — Жақсы, барып емдел, жақсы болсаң болды. Хи Ра өзінің таныс бақсысына апарды. Се Яң бақсыға қаралғысы келмесе де, өзінің түсінен кейін қорыққан соң бəріне көнді. Бақсының қараңғы бөлмесі. Адамның бас сүйектері мен қанның иісі адам шошырлық. Се Яң естен танарлық күйге енді. Бөлме есігін аттағаннан бері ойланып келеді. Көз алдында түрлі көріністер болып жатыр. Адамды өлтіріп жатқан сəт, қыздарды зорлап жатқандағы айқайлаған дауысы құлағын керең етердей. Тылсым дүние оның бойынан бір затты сыртқа тартып тұрғандай. Денесі құрысып, бақсы келемін дегенше тар ыдысқа түскендей сезімде болды. Бақсы ішке кіріп келді. — Ішіңдегі дүниені сезесің бе? Се Яң: — Не деп жатырсыз? Қандай дүние айтып жатырсыз? - осы сəтте Хи Ра тыныш деп ымдады да, бақсыны тыңдауды жалғастырды. — Суық! Тым суық, сенің ішің суық. Ол сені тоңдырады. От жанғанын күтесің бе? От жануын күтсең, үсіп өлесің, не ішіңдегіні өлтіресің! Ол сені жаулап алуда! Ол не екенін білесің бе? Ол Сия, соның ісі! - Сия есімі туралы айта бастағанда, бақсы тұншыға бастады, құрбыларға кетуін талап етіп, есінен танып қалды. Се Яң: — Енді не істеймін? Ол Сия деген не? Хи Ра: — "Кім" деп сұра. — "Кім" дегені несі? Ол туралы білесің бе? — Естуімше, ол — рух. — "Рух"? Кинодағыдай əзəзіл, вампир дегендей ме? — Жоқ, олар секілді жауыз емес. Ол жылулық пен махаббат нышаны ретінде айтылады. — Онда... мен неге қорқынышты дүниелер көріп жатырмын. — Білмеймін ғой... — Басқа бақсыға барып көрсек ше? — А? Сен айтып тұрсың ба осыны? — Туйй, иә. Мына мəселеден құтылмасам болмайды. — Жақсы, жарайды. Жүрші ал! - осылай тағы бір жақсы білетін бақсыға баруды шешті. Бұл жолғы бақсы Се Яңның анасының танысы еді. Қараңғы бөлмеге тек қана Се Яң кірді. Бақсы: — Сен бұл бақытқа қуансаңшы. Бұндай бақыт ешкімге бұйырмайды. Ол — сенің қорғаушың. Одан құтылуға ұмтылма! Одан да құрбыңның арам ойынын тоқтат! Се Яң: — Немене? Сіз өзі кім туралы айтып отырғаныңызды білесіз бе? Менің жалғыз ғана құрбым бар! Арам ойын дейсіз бе? Қайдағы жоқты айтпаңыз, аузыңызға қарап сөйлеңіз! — Жарайды, өзің біл. Шындыққа тіке қарап көрсеңші. Əлі өкінесің. Қорқынышты тылсым дүниелер жайдан-жай емес екенін білесің ғой. — Мен ешқашан өкінбеймін! Маған тек қана мына дүниелерден құтылуға көмектесіңіз! — Сезіміңе шынайы бол! Бақытты болуға ұмтылма! Қасыңдағы суықтан құтыл! — "Қасыңдағы"? Оны ішімде деп еді ғой! — Жооқ, ол қателескен. Суық сенің жаныңда! Ессіз істерді істетуші сол суық. — Маған ол суық мені үсіреді де... — Білемін, білемін одан қорықпа, ол саған ештеңе де істей алмайды. Себебі, сені Сияның қорғанышы қорғап тұр. — Сия деген не? — Махаббат нышаны. Суық ол — Мунбёл, сен арқылы кек алмақшы болып жатыр. — Ішімдегі суықтан өлетін зат, ол не? Сия рухы ма? — Жоқ, ол бала... Бірінші бөлімнің соңы.