#BTS_SCENARIO_QRF ❓Құпия❗️ 2-бөлім Өткен бөлімде: – Сен жертөлеге түсіп пе едің? - дегенде Чимин: – Жоға, мен бұл қағаздарды алғанда жазу мен оқуды әлі білмейтінмін, - деді. Минджу мен Чимин әлгі қағаздар жайлы түнімен әр нәрсені бір, ой елегінен өткізіп, ұзақ пайымдау жасаған еді. Осылай Минджу Чиминнен сол бұрынғы үйдің мекен-жайын сұрайды. Чиминнің есінде бары тек қана үйдің номері болатын, ол номері 9-ыншы үй. Минджу Чиминге бұл қағаздарды оған жертөледе біреу бергенін, онда біреудің қамаулы болғанын және оның түсіне кіріп жатқан адам да сол болуы әбден мүмкін екенін жеткізеді. Чимин Минджуге қарап: – Қарғыс атқыр, ойлашы бұл шынымен болса? – Әрине, шын. Өзің ойлап қарашы, жертөледе ешкім болмаса жайдан-жай әлгі бұрышта қағаз тұрмаушы еді ғой. – Мүмкін емес. Егер онда біреу болса, ата-анам білуші еді ғой. – Міне, әңгіме сонда жатыр, Чимин. Ол үйдің жертөлесінде адам болғанын білгендіктен, ата-анаң ол үйді сатып, бәледен аулақ болғысы келгені анық. – Менің білгім келетіні, әлгі адам онда әлі де бар ма? Әлде ол өліп қалып, әруағы мені мазалап жатқан болар ә, мен оны құтқармағаным үшін? Айщ, щиб*ль! – Қайдағыны айтпашы, қайдағы әруақ? Түннің бір уақытында ондай нәрсе айтпашы, мен қорқамын, Чимин-щи, - Минджудың түрі өзгеріп сала берді. Осыдан соң екеуі де үн қатпады. Минджу қорыққаннан ба әйтеуір төсектің астына кірді де, сілесі қатты. Ал Чимин болса әлгіндегі жағдайды ойлап, біразға дейін көз ілмеді. Таң. Ұйқысынан ерте оянып алған Минджу, кешегі қағаздарды алып, қайта қарап отырды. Суреттерден бір белгі іздеген Минджу, бұл қағаздарды расымен де жертөледегі белгісіз қыз баланың бергеніне сенімді болды. Қағаздағы салынған қорқынышты суреттерді үлкен адамның салмағанына да сенімді болған Минджу, Чиминді оятуға беттейді. Дәл осы сәтте су терге түскен Чимин, сандырақтай бастаған еді: – Жоқ, олай етпе... Өтінемін, жоооқ. Чимин орынынан атып тұра, ентігін баса алмай жатты. Оның мұндай түрін көрген Минджудың өзі Чиминнің қорқынышты түсін, сезінгендей күйде болды. Үстелде тұрған стақанға салқын су құя, Чиминге ұсынып: – Тағы да сол түсті көрдің бе? – Мен тіпті ұйықтауға қорқамын, Минджу. Мен.. Сен.. Сені..? - Чимин өте жайсыз түрде Минджуға қарап, бір нәрсені айтқысы келуде. Бірақ ол әлі де өз-өзін қолға ала алмай, сөздің соңын жұтып қоюда. Минджу да оны асықтырмады. Өзіне келіп алғанша оны күтті. Артынан Чимин салқын душ қабылдап, бір жеңілдеп қалғандай болды. Оның бұл жолы дәл сол түсті көрмегені, оның ұйықтап жатып айтқан, түсініксіз сөздерінен аян еді. Минджу мен Чимин таңғы астарын ішіп болғасын, бүгін сабаққа бармай, асықпай отырып сөйлесуді ұйғарды. Минджу Чиминге әлгі үйді табуға ұсыныс білдіреді. – Бірақ біз ол үйді Пусанның қай бұрышынан іздеп табамыз? Ол үйді табу оңай болмасы анық. – Оңай болған да қандай. Ата-анаң келгенде әкеңнен сол үйдің мекен-жайын сұрайық. – Айтады деп ойлайсың ба? Бір сөзіңде жертөледе адам барын білгендіктен, ата-анамның ол үйді сатып бәледен құтылуы мүмкін екенін айтып едің ғой. – Дұрыс айтасың. Айтпаулары да әбден мүмкін. Бірақ, Чимин, сен мына түсің жайлы оларға айтқың келмей ме? – Оларға айтқанмын, бірақ олар мұны менің кешке көшеде көп қаңғитынымның кесірі деп отыр. Баса мән берген жоқ. – Түсінікті. Айтпақшы, бүгін түсіңде не көргеніңді айтқың келмей ме? - Минджу таңертеңгісін Чиминнің сандырақтап айтқан сөздерін есіне ала. Чимин де ұзақ ойланбай, көрген түсін есіне алып: – Иә, бүгін басқаша түс көрдім. Сенесің бе, түсімде сені де көрдім. – Мені? Мен не істеп жүрдім? Әлгі әйелге менің қатысым жоқ екеніне сенімдімін, - Минджудың түрі өзгеріп, тұла бойы дір ете түскендей болды. – Онысын білмедім, бірақ ол сені өлтірді. Сосын мені өлтіруге ұмтылды, бірақ мен оянып кеттім. – Мені өлтірді? Чимин сен өзіңнің былығыңа мені араластырмақсың ба? Хаха, күлкілі. Мұныңды қалай түсінуіме болады, қарғыс атқан түсіңе мені неге араластырасың? Менің кінәм сенің жаныңда бір күн қонғанымда ма, құрып кеткір. Минджу дәл қазіргі сәтте шокта болды және ол өзінің жан досына не айтып жатқанын да ұғынбады. Оның бар ойы әлгі түске өзінің де бір қатысы бар екендігінде сене алмай қорқынышта болды. Ал Чимин болса шыны керек Минджудан бұндай сөздерді күтпеген еді. Оның да дәл қазіргі сәтте ойы сан-саққа кетіп жатты. Чимин ойын жинақтай, Минджуге қарап: – Кешір! Мен бұлай болады деп ойламадым. Сені көремін деп ойламадым. Үйіңе қайт, кеше қасымда болғаныңа рақмет! - деген күйі бөлмесіне көтеріліп кетті. Ал Минджу болса сараң күйінде үнсіз ғана үйді босатты. Чимин бөлмесіне келе, жаңағы қағаздарды алып, әр қайсысына үңіле ұзақ қарады. Және ондағы сөздерді түсінуге тырсуда. – “Айналаңдағылар екі жүзді, олардан қорық” неге? Менің айналамдағылар кімдер болды? Ата-анаммен және кімдер? Кішкентай күнімде менің айтарлықтай достарым да болмады ғой. “Сен менен аумайсың, екеуіміздің кескініміз өте ұқсас” бұл қалай? Ол мені көрген бе? Біз қай жағынан өте ұқсас болуымыз мүмкін? Өте жұмбақ… “Еденге құлағыңды тос, біз бірге бола аламыз” сонда ол менімен тілдескісі келген бе? Жо-жоқ, ол мені көрмеген, көрген болса ол менің әлі әріп танымайтындай кішкентай екенімді білген болушы еді ғой. Әлде ол оқуды үйренген күні осы хаттарды оқып, мені құтқаруға келеді деп үміттенген ба екен? Айгуу, басым қатып кетті ғой. "Біздің кескінім өте ұқсас" дегенін қалай түсіне аламын, ол маған ұқсай ма? Ол неліктен қорқынышты қыздың суреттерін сызған? Неге? Менде сұрақ көп бірақ жауап жоқ… #HobiLopi