#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, маған ешқандай кектің керегі жоқ. Тек сен жанымда болсаң болғаны, Тэхён... #Елестетші, көңілді күйде отбасы дастархан басында отыр. Кішкене қыз ата-анасына мәз болып қарауда. Қайдан білсін дәл қазір көз алдында ата-анасының өлігін көретінін. Қыз тым аңғал. Әрі тым кішкентай. Бірақ бұл оның өміріндегі алғашқы сынағы. Бұл кішкене қыз Кю С/а болады. Әкесі Кю Мунхо. Анасы Ли Дживон. С/а әкесін қатты жақсы көреді. Олсыз ешқашан ұйықтай алмайды. Әкесі қасында болмаса ол истерика шығарады. Ал әкесі қасында болса ол тыныш әрі көңілді болады. — Қане, ханшайым, свичаны үрлеп жібер, - Кю мырза, кішкене ханшайымының алдына тортты қойып. Күлімдеген С/а свичаны үрлеп өшірген кезде үй есігі қағылды. Кю мырзаның жүзі өзгеріп: — Дживон, С/а-ны тық. Ол туралы ешкім білмеуі керек. Тезірек! - деп, есікке қарай беттеді. Дживон ханым қызын сол жерде орналасқан сенің тығылатын жеріне отырғызып: — С/а, алтыным, осы жерден шықпай отыр, жарай ма? — Жарайды, апа, - күлімдеп. Дживон қызына күле қарап есікті жапты. Мунхо мырза есікті ашқан сәтте оның басына оқ тиді. Бұл дауыс бүкіл жерге жетті. Көшеде асығыс жүгіріп келе жатқан жас әйел көз алдында болған жайтты көріп: — Ме... Мен кешіктім. Аға... - жерге отыра қалды. Тағы да оқтың дауысы шықты. Олардың кетіп бара жатқанын көрген әйел, олар ұзап кеткенше сол орыннан қозғалмады. Тіпті тұруға шамасы болмады. Бірақ ол жылай алмайды. Бұл әу баста ағасының жоспары болды. #Еске_түсіру Қонақ бөлмеде отырған төрт адам. Мунхо мен Дживон. Мунхоның қарындасы Санни. Саннидың күйеуі Чимин. — Сонымен аға, сенің жоспарын қандай? — Кешкі уақыттарда ол келуі мүмкін. Сол кезде біз С/а-ны ас үйде орналасқан қара шкаф ішіне тығып қоямыз. Егер біз анау болып жатсақ, олар кетісімен жарты сағаттан кейін С/а-ны алып кет. Есімін өзгерт және ол он сегіз жасқа толған сәтте менің компаниям, қонақ үй, мектеп оның атына жазылуы керек. Ал қазір мен оларды сенің атыңа жазамын. Осы жерге қолынды қой, - төрт қағазды оның алдына қойып. Санни үш қағазға қолын қойып, төртінші қағазды оқып тоқтап қалды. Ағасына қарап: — Бұл... — Кезінде әкемізге тиесілі болған аурухананы қайта өзімізге қайтарып алдым. Сен мұны басқаруды қалап едің ғой. Бұл менің саған сыйлығым болсын, қарындасым, - деп күлді. #Аяқталды Санни орнынан тұра ағасының үйіне жүгірді. Ағасының өлі денесін көріп: — Аға... — Санни, уақыт аз. Тез С/а-ны алып кетіңдер. Олар кетпес бұрын бұл жерге бомба қойып кетті. Тезірек бол! - Чиминнің дауысы оның құлағындағы құлаққапта сөйледі. Санни тез қадамдарымен С/а-ны шкаф ішінен алып: — Түш, жылама күнім, - көтеріп ала ол жерден кетіп қалды. Он үш жыл өткен соң. Таңғы уақытта Сеул қаласына мотоциклмен жеткен бойжеткен. Басында шлемі жоқ екенін байқаған детектив жігіт: — Ереже бұзушылар тым көбейіп кетті, - көлігін оталдыра мотоцикл артынан қуды. Мотоциклдегі қыз оны байқап күлді. Көлік дабылын басқан жігіт: — Мотоциклдегі бойжеткен дәл қазір тоқтаңыз. Бірақ оны тыңдап тұрған қыз жоқ. Одан сайын жылдамдығын көбейтіп келесі көшеге бұрылып кетті. Шамамен жарты сағат бойы мотоциклді қуған көлік ақыры үлкен үй алдына мотоциклден кейін келіп тоқтады. Көліктен түскен жігіт: — Жоқ, сен неге ережені бұза бересің, Эмили? - мотоциклден түсіп жатқан Эмилидің қасына келіп. С/а күліп: — Сонхо аға, қазір қала ұйқыда. Шлемсіз айдасам сенің жынына тию үшін ғана ғой, - дедің. Сонхо терең тыныс алып: — Екі жыл өтсе де бұл мінезің дым өзгермепті, Эмили. Қазір сағат алтыдан кетті. Барып демал, - дей, басыңнан сипап үйге кірді. Сен күлдің. #Елестетші, бетіне жылы қол тигенін сезіп ояндың. Өзіне күлімдеп қарап отқан тәтеңді көрдің. — Оятып жібердім бе? - көзіне түсіп тұрған шаштарды артқа жинап. Сен басыңды шайқадың. — Бүгін 18-ге толдың. Эмили, маған мынаны айтшы. Сен әкең үшін кек аламысың? — Тәте, маған ешқандай кек керек емес. Қолымды қанға бояғым келмейді. Оның үстіне менің әкемді өлтірген адамның кеше ғана бақилық болғанын білдім. Сондықтан маған кек алып керек емес. — Ал егер сенің оның баласын ұнатып қалсаң ше? — Оған оның еш қатысы жоқ. Ол емес қой менің әкемді өлтірген. Және ол кінәлі емес оның әкесі қанішер болғанына. Дұрыс айттым ба, тәте? — Дұрыс айтасың, күнім. Сендей жиенім болғанына шүкір деймін, - бетіңнен шымшып. — Бүгін сені бір сыйлық күтіп тұр. Жуынып болған соң, төменге түс. — Жақсы, тәте, - дей орныңнан тұра жуынатын бөлмеге жол тарттың. Төменге түсіп келе жатырсың. Дастархан басында отырған көкеңді көріп: — Чимин көке! - баспалдақтан жылдам түсіп. Сенің дауысыңды естіген Чимин: — Эй, асықпай түс. Құлайсың қазір, - өзіне қарай жүгіріп келе жатқан саған ұрыса. Бұған дастархан басында отқан және қызметкерлер күлді. Сен оны қатты құшақтап алдың. — Дым өзгермеген екенсің ғой, тентек қыз. Асықпай түс десем сен бүкілін керісінше істеп. — Әке, ол адамды уайымдатпаса Эмили болмайды ғой, - Сонхо сені мазақ қылып. — Қазір саған мазақ қылғанды көрсетемін. — О, жоқ! - сенен қашып. Сендердің қылықтарын үйді бақытқа толтырды. Бұл қашанға дейін созылады екен? Жалғасы бар... #j_fla - ұзақ уақыт өте салып тұрған жазбам.