#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, кеш ауған уақыттан бастап су басына барма! Ымырт түскен уақыт. Қалың орманды жаяу кезген екі жолаушы, алыстан бір лашықтың әлсіз жарығын байқады. Көзге көлегелеу, тастан тасалау орналасқан лашықтың әлсіз жарығы, қанағатсыз бір жанып, бір өшуде. Екі жолаушы аяңдап, қырдың төбесінен маңдайына қолдарын қырлап, алыстан көз тастады. Кеш қарайып, бет ұшын үстіріп үлгерер суық ызғарға қалың тұман хош дегескендей, бірінің артынан бірі міңгесіп, төніп келе жатты. — Осы жерге аялдағанымыз дұрсы секілді, - дей арқасындағы жолсөмкесін жерге тастаған Лео. Бірде алыстан қасқырдың ұлыған дауысы желмен еміс-еміс есіле естілді. Бірден жан-жағана жалтақтай бастаған Тэхён: — Сен де естідің бе? — Қасқырдың дауысы. — Жазық далада ма? — Тездетіп анау үйшікке жетіп алайық, - деді қадамын жеделдете басқан Лео. Тэхён айналасына біраз қарап тұрды да ай сәулесінен көлеңкесі түскен Леоның ізімен жүріп отырды. Кішігірім лашық сыртына ілінген қолшам ендігі сөнгелі жатыр. Лашықтың есігі де көрер жарығы біткендей шиқылдап, үф десең ұшып түсердей болып тұр. Іштен әлде кімнің бір дыбысы шықпайды. Тэхён: — Іште біреу бар ма? — Шамның сөнгелі жатқанына қарағанда бірер күн бұрын бұл жерден кетіп қалғанға ұқсайды,- деп өз тұжырымын жасаған Лео, еш саспастан ішке кіріп кетті. Сонау жердің бір түкпірінен “ Көл ортасындағы арал ” атты аңызға айналған жерге келіп тоқтаған екі зерттеуші жігіттер, өздерін алда не күтіп тұрғандарын еш болжап болмады. Бұл әдеттегі күн секілді, езіле тапқан лашықтарын қоныс тұтты. Сонша жолдан шаршап-шалдығып, азықтары да таусылыпты. Екеуінің қарындары шұрылдап, осы зерттеу ісіне кіріспес бұрын қалай рахаттанып өмір сүріп жүргендерін еске ала бастады. Желкесіне қолын жастанып жатқан Лео, арадағы үнсіздікті бұзды. — Елге оралған бойда, босс бізді сияқысыз қалдырмас. Не дегенмен қаншама зерттеушілердің арасынан суырылып, алғаш болып бағалы тасты тапқан біз ғой! - деді ішін қуаныш кернеп. Тэхён жай ғана басын изеп қоя салды. Себебі, расында бағалы тасты тапқан Леоның өзі еді. Лео: — Елге қайта оралсам, еш нәрсеге қарамастан Ёнджиге сөз салатын боламын! - деді жымия. Мұны үнсіз тыңдап жатқан Тэхён, ауыр күрсінді де: — Әкесі саған қызын береді деймісің? — Берсе қолынан, бермесе жолынан. Егер бастартатын болса, мына тасты өзімде қалдырамын, - деп қойнынан бір зүбәржат тәрізді тасты алып шыққан еді, есіктің жырықтарынан түскен айдың болмашы сәулесіне де жылтырай кетті. Тэхённың көздері тасты көргенде қобалжып сала берді. Лео оған бір қарап: — Не болса да мен жерде қалмаймын, - деп жымия, тасты қайта қойнына салып қойды. Тэхён енді ғана есін жиғандай: — Лео, егер Ёнджидің өзі сенің бетіңді қайтарса ше? — Бәрі бір. Мен оған қол жеткізгенше, өз сөзімнен қайтпаймын, - ер жігіттік ақырғы сөзін айтқан ол, сол жағына қарай ауысып жатты. Тэхён: — Жолға таңертең шығамыз ба? — Иә, темірқазықтан солтүстік батысқа қарай жол тартамыз. Қазір бұлттар сейілгенде мен бағытты анықтап қоятын боламын, - деп өзі ұйқыға кетті. Тэхён Леоның өзіне деген сенімділігіне қайран қалғандай, әлдебір көзіндегі көлегелеу көңілімен қарады да сыртқа шығып кетті. Бұл түн жапан далада ас сусыз қалған екі жан үшін тым ұзаққа созылды. Тэхён сыртта отырып, өз өмірін саралай бастады. Осы жасына дейін еш нәрсеге қол жеткізбеген жас жігіттің өмірі тек көлеңкеде өтумен болды. Не жұмыстан жеткен жетістігі жоқ, не сүйген қызын өзіне қарата алмады. Ата-анасы баласының лас істерде жүретінін естігенде, ұлдарынан бас тартты. Бұл Тэхённың сағын сындырған күйде сындыра беретін. Тэхён осы тасты іздеуде өзінің бастықтары қомақты қаржы тіккендігін оған қоса істе жоғарылайтындарын алдын ала айтқан болатын. Бұл істе қаншама жалданғандар қаза болды, не қайта оралмады. Сонша уақытта тасты тапқан Лео болғандықтан Тэхённың көз алдында өз досының жоғарылап, бастықтың көңілінен шығып қана қоймай, екеуінің бірдей сүйген қыздары Ёнджиға сөз салатындығын ойлағанда, Тэхённың ішінде бір нәрсе бүлк ете қалды. Қолы қалтыраған күйі лашыққа қайта оралған Тэхён, өз-өзіне мүлдем ұқсамайды. Көздері ойнақтап, қарашығы алақ-жұлақ етеді. Тура Лео жатқан жерге келіп, жүрек тұсынан шырт ұйқыда жатқан Леоға қанжарын сұғып-сұғып алғанда, Леоның жан дауысы шықты. Тэхённың қолдарын қапсыра қыса ұстаған күйі: — С.Сен... Н.Не үшін? - көздері қанталап, тынысы тарылып жатыр. Тэхённың көздері жасқа тола: — Кешір, Лео. Кешір... Мен де Ёнджиді сүйемін. Менің басқа амалым жоқ. Мен де бақытты өмір сүргім келеді...- деп Леоның қолдарын ысырып тасады да қойнына тығып қойған тасты алып алды. Лео ақтық сапарға шығып бара жатып: — Тэ.хён, мен сені бауырымдай көрдім ғой...- көздерінен жастар сырғып өте. Тэхён артына бір қайрылды да дорбаларын алып, лашықтан шығып кетті. Лео кетіп бара жатқан Тэхёнға қараған күйі көздері ашық қалды. Тэхён дірдектеп, есінен адасардай басы ауған жаққа қашып барады. Қайта-қайта артына қарайлап, тап бір Лео артынан келіп қалатындай қарайлаумен болды. Бірде құлағына нәзік әуен естіле бастады. Тым нәзік, жіңішке, өте жағымды. Құлақ жарғақшаңнан өтіп, өн бойыңды ұрлап жатқандай. Тэхён біраз жүріп отырып, белгісіз бір көлдің жағасына келіп, әлсіздіктен сылқ құлады. Дорбасын тастаған күйі көлдің жағасына келіп, беттерін салқын сумен шайып-шайып қалғанда, көл бетінен өзінің жүзін көрді. Қанышер, баукеспенің нақ өзі қарсы алдында тұр. Тэхённың бойынан ток жүріп өткендей, өңі сұрланып кетті. Сол сәтте әлгіндегі нәзік қыз баласының дауысы қайта естілді. Бұл жолы тым жақын, әрі тым таныс. Ол тура Тэхённың құлақ түбінен сыбырлағандай “ Кел, кел Ким Тэхён ” деумен болды. Тэхён жан-жағына жалтақтап: — Ёджин? Ёджин! “ Кел, менің батырым! Сен ерлік жасадың! Мен сені мақтан тұтамын. Кел... Кел... ” деумен Тэхённың көңілін балқытып жіберді. Ай сәулесі көл ортасындағы шағын аралдың үстінде отырған бұрымды бикешті анық көрсетті. Су бетіндегі таста сылаң қағып отырған бикеш, Тэхёнды өзіне шақырумен болды. Біресе сықылықтап күліп, біресе нәзік жылап қояды. Тэхён бір орнында тұра алмай, әлгі дауыспен еріп, суды кешіп отыра аралға қарай бетті. Су деңгейі тізеден көтеріліп, бара-бара белден асты. Тас үстіндегі бикештен көздерін бір елі ала алмай, жанарына тамсанып кете берді. “ Кел, Тэхён! Кел, сүйіктім! ” есіңді арбап әкететін дауысымен Тэхён да көл ортасына жүзіп жетті. Әлгі бикеш Тэхёнды тасқа шығуға көмектесіп, бір-біріне бетпе-бет қарасты. — Ёджин! Ёджин! - көз алдында өзі сүйген Ёджинді елестетті. Өзін ұстай алмаған Тэхён, алдындағы сұлбаның еріндеріне жанасқанда, көздері бұлдырап, өзі көрген Ёджиннің бейнесі көз алдында жоғала бастады. Ары қарай ащы айқай күлкіге айналған бикеш, қарқылдап күліп-күліп Тэхёнды суға сүңгітіп әкетті. Тэхёнға дем жетпей, су бетіне қарай ұмтылғанымен екі аяғы жансызданып, тартылып қалды. Көз алдында су бетіндегі жарық бара-бара алыстай берді. Сырттан қарасаң, сондай терең емес көрінген көлдің Тэхён тұңғыиығына тартыла берді. Бірде құлағына Леоның сөздері естіле бастады. — Тэхён, мен сені бауырымдай көрдім ғой... #Calvin_Klein