#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберді. 4- бөлім — Расымен бұл сенбе? - деді іштей жымысқы күліп. — Тэхён, жаңадан қызметкер жалдағанбысың? Кристианнан кейін Тэхён назарын әуелі саған салып, Кристің қалай қарап отырғанын көрді. Охо, көкем қызды тірідей көзбен жеп барады екен. Кешегісі сөз болып па, қазіргі қарауы мүлде бөлек. — Крис, қашаннан менің үйімдегі қызметшілердің түсін-түститін болғансың? - әзілмен астарлы ойын жеткізіп, өзінің қандай күйде отырғанын сездірмеді. — Жоға! Бар болғаны, көзіме басқаша түйілді.. - жанарын тайдырып, шанышқысын тәрелкеге батыра. Ол өз сөзінен өзі қысылып қалғандай еді. Әрине, досының үйі, оның үй қызметкері. Оның не шаруасы бар? Ал, шеттегі сенің жағдайыңды ескерсекше? Өзіңді аянышты адамдай сезінесің. Оған қараған сайын. Оның қалауы, оның дегені болғаны үшін, сен шарасызсың. Иә, дәл ол айтқандай шарасызсың! Үстіне, мына Крис келіп тағы қосылды. Ол өз айтқандарын есіне алып, " көрдің бе, айтқаным айдай келді " дегендей сенің үстіңнен күлді. #Елестетші, олар жылдам тамақтанып, жұмысқа кетті. Сендерде тұрған жерлерінде көп бөгелмей, іске кірістіңдер. Анна ұмыс кешегіден көбірек және түске дейін бітіру керектігін мықтап ескертті. Ә, Анна ол осы үйдің тәртібін қадағалайтын үлкен ханым. Мұнда істеп жүргенінен 10 жылдан асса керек, барлық істің жай-жапсарын одан артық білетін ешкім жоқ. Сол 10 жыл алдын Тэхённың анасы ұлының қас-қабағына қарау үшін жалдаған жұмысшы болса, қазір осы баспананың бір бөлшегі. Екі кіші ұлы, күйеуі бар. Олар басқа шаһарда, Анна әжептеуір жырақта болатын. Сонымен, солай! — Әй! Пыст! - деді сенің жаныңда терезе шаңдарын тазартып жүрген Клю. — Шаршаған жоқсың ба? Сен басыңды шайқап, әріқарай жүре бердің. — Шынымды айтайын. Мынадай киімде де адам әдемі болады дегенді біреу айтса, сенбес едім, - деді. Сен маңдай теріңді білекпен сүртіп өтіп, жымиып қойдың. Бұл сенің сыртқы кескініңе айтылған алғашқы ілтипат емес. Клю қалың қасты, қызғылт бұйра шашы бар, көк көзді қыз болатын. Онымен таңда танысып, біраз сөйлесіп едіңдер. Қазір сенімен әңгімелескі келгенін түсіндің. Кристің жағымсыз сөзі есіңе түсті. " — Неге мұны жертөледегі жезөкшелер жанына алып бармады? Ол әуелі әр әйелді осылай сыйлайды да, одан кейінгі өмірін тас талқан етеді. Күнге айналдырады. Үміттендіріп қойған қандай жақсы, ә? Қазір, тойып тамақтанып ал, қымбатты С/е! Бәлкім ертеңгісін әр бұрышта қисалаң етіп жатарсың? " — Клю? - дедің бірде көптен мазалап жүрген сұраққа жауап бере алатын адамды кезіктіргендей. — Құлағым сенде, - терезе перделер түзулеп жатып. — Сенен бірдеңе сұрағым келеді, - оның жанына жақын бардың. — Ал, айта ғой. Сен осында ғана "оған айту жақсы ма әлде жаман ба " деген ойға барып, тоқтап қалдың. Оныңды сезген Клю: — Қорықпа, арамызда қалады, - деді. — Ким.. Тэхён.. Ол саған жалт бұрылып: — Иә? - мырзаның атын атамауға әдеттенбегеніңе қарамастан. — Қалай айтсам екен?.. Оның жертөледе.. ол шынымен.. — Оның жертөледе ешқандай жезөкшелері жоқ. Болмағанда! Ол бұдан алдын ешқашан құмар ойыннан әйел алып келмеген. Кристиан мырзаның айтқанының бәрі бос сөз. Сені қорқыту үшін тапқан сандырағы, - аяқ-асты пайда болған Анна бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, сұрағыңа жауап берді. — Егер, сені мазалағаны осы болса, жауабыңды алдың. Жұмыстарыңды аяқтаңдар! - кетіп қалды. Оны көрген Клю басын шайқап, Аннаға алара қарады. — Туф! Мұрнын сұғады да, жүреді! С/е, бәрі жақсы ма? Айтпағың сол ма еді? - сенің тапжылмай қалғаныңа қарап. Дымыңды шығармай бас изедің де, әріқарайғы істі жалғастырдың. Міне, жақсы болды ма? Аннаның арқасында енді күні бойы жер-жебіреңе жетіп, іш-ішіңді жейтін жаңа сауал пайда болды. Бәрібір! Көп ұзамай, бұл жерден қара батыру керек. Қалай болсын қашып кету керектігін ойладың. Түс. Таудай мұнара қақпаларынан сол әдеті сәнді көліктердің кіріп келе жатқан кезі ғой. Екі мәшине де ақырын келіп, біркелкі үй жанына орналасты. Анна сендердің үш-төртеуіңді қатар етіп жайғастырып келген кісілерді қарсы алуға кетті. Әуелі, бірнеше чемодандарды ішке алып кірген жүргізушілер кері сыртқа кетті. Сонан соң, жасырақ әйел, жасы 60-қа тақаған еркек кісімен күле келе жатқан Анна, оларды қонақ үйге ертті. — Сапарларыңыз жақсы өтті деген ойдамын, Рами ханым! - сүмкесін Аннаның өзі алып, көзімен Клюді шақырып соған тапсырды. — Сұрама! Жаға жайда арқа жазғаннан басқа ештеңе істегем жоқ. Ал, Хан болса сері жігітше судан бері шыққан жоқ, - деді жымиып. Анна да күліп қойды да: — Бірдеңе ішесіздер ме? Кеңсе. — Түстері үйлеспейді. Дизайнер қайда қарап отыр? Мынау не? — Кристиан, жүйкемді жұқартпашы! - қыз бұлданып. — Асилия, расында реттеу керек секілді. Әйтпесе, әдемі ғана! - Роун қыздың ашуын қайтарып. — Саған-ше, Тэхён? - Асилияны екі жігіттің пікірі емес, Тэхённың ойы қызықтырып. Тіпті, ол мына екеуінен асырып айтып, сын жаудырса да төтеп бермекші. Оның ойын білсе болғаны. — Маған ұнады. Дәл осылай қалса деймін, - Тэхён өзінің алдында жатқан парақтағы аяқ киім үлгілерін бір көзбен шолып шығып. — Ааа? - қыз бастығынан мынадай жауап естимін деп еш күтпеді. Өз құлағына сенбеді. Жігіттерде күн қайдан шығып, оның Асилияның жобасын ұнатқанына таң қалды. Себебі, оның салған әрқандай дизайны шетінен сәтсіздік көріп отырушы. Қыз әркез, әрдайым осы үшін тер төгеді. Бүгін соның еңбегі ақталғандай. Есік қағысы. — Тээээээ! - созыла шыққан нәзік дауыс иесі есіктен кіріп келді. Қысқа көйлек, сары шаш, қысық көздер, алқызыл далапқа малынған еріндер. — Қалайсыңдар? - кірген бетте іштегілермен біртіндеп бет сүйісіп амандасып шықты да, Тэхённың бетіне ерін іздерін батыра қалдырып, диванға отырды. Мұны көрген Роунмен Кристиан қарқылдап күлді де Тэхёнға білдірген жоқ. Роунда Асилияға " айтпа " дегендей белгі берді. Кіріп келген Тэхённың дәл осылар сияқты бетке ұстары Жаклин болатын. Қалың дос әрі ескі сыныптасы дейік. Асилия оны көрсе төбе құйқасы тік тұратыны сөзсіз еді. Сылқымның сайықмазақ секілді қимылын жақтыра қоймайтын. Жаклинде бұны онша қош көрген емес. Былайша, бірін-бірін бәсекелес санайды әріптестер. Жұмыс барысын да, бастығының көңілін табу кезінде де озық болуға ұмтылады. — Оууфф! Сендер менің қандай іс тындырғанымды білсеңдер ғой, - жылтыр аяқтарын бір-біріне айқастыра ал кеп бастады, Роунмен Кристиан тыпырақай қашуға бет бұрыс жасап еді, манадан бері бұның қылығын жақтырмай тұрған Асилия: — Жүрісіңнен біліп едім, - деді міңгірлеп. Жаклин оның ашуын одан әрі қоздыру үшін әуе сүйісіп жолдады да: — Вавилондағы көрмеге біздің компанияның қатысатындығын, және ол жаққа кімнің баратынын шешіп қойдым! - ыржиа. — А? — А? — А? - деді үшеуі бірден. — Қашан? - Тэхён оның жаңалығына таңданған сыңай танытпады. Қайта осы ісін құптағандай. — Ертең, жаным. Сен және мен барамыз. Білесің бе, тағы Кристиан барса болады. Егер, қарсы болмасаң. Бизнес-классқа да тапсырыс бердім. — Жаклин? Бұл іс-шараның біздің іске ешқандай қатысы жоқ. Ендеше, не үшін? - деді Асилия бозарып. — Компания беделіне азда болса үлес қосады, Аси. Түсінетін шығарсың? — Оу-оу! Арулар, осы жерден тоқтаңдар. Артынан сендерді ажырата алмай отырмайық. — Тэхён, сен не дейсің? Үй. Тэхённың ата-анасы ұзақ уақыттық демалыстан үйге оралғандары бүгін. Үш айда бір елден тысқары саяхаттауға әдеттенген. Ким Рани оның анасы, салмақты, сыпайы ғана келген әйел. Көңілін табу қиынның қиыны болса да, біреумен қырық пышақ болып, қабағын шытқан емес. Ким Ба Хан жұбайы сынды байсалды кісі. Ұлының осындай дәрежеге жетуіне адал еңбекпен төккен тері жатыр. Тэхён басшы болу жолында үлкен қолдау көрсеткен әке. Олар жолдан келгесін ұзақ жолдық шаршауларын шығарып алды да, Рани ханым баққа, Хан қүрдасымен жүздесуге кетті. Әрбір әйел заты гүлге, жалпы жайқалып тұратын өсімдікке құмар келмей ме? Раниде солардың бірі. Ауланың тең жартысын гүлзарға айналдырып, оларды қызғыштай қорып жүрген бір сәті, сен келдің. Рани кофе демдеп алып келуді бұйыртқасын, Анна сені жіберген. Қолыңдағы шыны падноспен Рани ханымның жанына келдің. #Елестетші, ол әйелге тән нәзіктікпен әткеншекке арқасын тірей, майысып қана тұрған жас шыбықтарға үнсіз қарап отырған екен. Қызық, оның жүзі жылы, жайбарақат мінезді адам, күйеуі де дәл солай. Ал, олардың ұлы.. Тіпті, тілің бармайды. Нақ оңбаған дерсің. Оңбаған! — Мінекейіңіз, - оған падносты жақындатып, кофені ұсындың. Ол сенің дауысыңнан қалың ой арбауынан шығып, жымиа кофені алып жатып жүзіңе қарады. Ол осы үйдің ханымы болғасын үй қызметкерлерін бес саусақтай біледі. Және сені танымады. — Есімің кім? - деді езу тарта. Сондай! Сондай жағымды дауыс. Оған жауап бергенде, қасына отыруыңды өтінді. Жалғызсырап отырғанын түрінен аңғару оңай, ал оның өтініші жұмысшы үшін оғаштық емес. Оның ашық мінезді ғана емес, қарапайымдылығын сонда таныдың. "Ол кімсің, қайдан келдің, кім алып келді " деп сұрап жатпады. Бірден әйелмен әйел арасында болатын шер тарқатудан бастады. Кеш. Әне-мінемен күн батып, кеш түсті. Кеңседегілер ортақ бітімге келіп, Вавилонға баратын болып шешті. Тек Тэхён Жаклин. Асилияның іші удай ашып қала бергені рас, бірақ оны жеткізе алмады. Оған Жаклиннің Тэхённың алдында жасаған қылығы, қылмыңдағаны жақпайды. Шашын түп-түптеп жұлып жіберуге сәл-ақ қалып, артынан өзін басатын. Ал, амал жоқ. Солай! Тэхён көлікте. Үйге қарай бара жатыр. Ата-анасының келгенін естіді, бірақ әуелі оларды емес, үйінде бодандыққа алып отырған әйелді көргісі келетіндей. Бұл неткен сезім болды? Ол күн бойы не істеді, қандай күйде болды, не ойға барды? Кеткісі келеді ме? Осындай күйдіргі ойлар оны үйге жеткенше деп бітуге шақ қалды. — Құлыным! - алдынан шыққан анасы оны құшып, иіскеп сағынышын біршама басып алды. Артынан әкесімен кеуде соғыстырып, диван жанына келді. Көзімен сені іздейді. Аннаға да " қайда" дегендей ым-ишара көрсетеді. Бірақ, Анна сені білмейтінін, манадан таппағанын айтып, иығын көтеріп қойды. Енді Тэхённың бетіне бес келі қара бұлт келіп, күңірентіп жібергендей. Ата-анасымен жөн сұрасып жатса дағы ақыл-есі " ол қашып кетті ме? " екен деп өкпесін өртейді. Кабинет. — Мырза, таба алмадым! #browinv Упс, енді не болады? Кешіріңдер, енді ерте салып тұруға тырысамын. Идеямды ұмытып қала берем.?