#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе.. 14 бөлім #Елестетші, Ранидың айтқан сөзінен жаның сырқырап ауырып, басыңды изедің де, тезірек бұл жерден кетуге асықтың. Сыртта сені Лия күтіп тұрған болатын. Лия сені екі бұрын жолдың қақ ортасында, жаңбырлы күні кездестіріп қалған. Алдыңғы жолғыдан кейін, не үшін ізім-ғайым жоқ болып кеткеніңді, неге бұл халде екендігіңді сұрады. Жауап бердің. Бәрін, бірін қалдырмай айттың. Лия мән-жайды білгенде, саған ортақтасып, қолдау білдірді. Жұбатты, жұбаныш бола білді. Кристианның жасаған иттігін естіп, қарғап-сілеп қаны басына шапты. Магриджды тұра барып өлтіргісі келіп кетті. Ал, сен ендігі әрі Тэхённың бетіне қарай алмайтындықтан өзіңе қол жұмсамақ болғанда, қайтаруға ұрынды. Мәселені түптеп келгенде сенің кінәң емес екендігін ұғындыруға тырысты. Себебі, Крис тоқыған ертегіге бой алдырмай, кетемін деп тұрғанда, ол сені тоқтатып ойыңды одан бетер айнытып жіберген. Және! Кім болмасын, не болмасын! Ең бастысы! Жатырыңдағы кішкентай тіршілік иесі үшін өмір сүру керектігін құлағыңа құйды. Күйген дүние күйіп кетсін, сен енді болашақ анасың! Көлік. — Не болды? Сөйлесе алдың ба? - сені іште күтіп отырған Лия. Иегіңді изедің. — Уфф! Жер-жаһанды теңіз қылатын болдың. Қойшы енді! - бет орамал беріп. — Келудің де керегі жоқ еді. Саған айтқам жоқ ма? - жүріп кетті. — Жағдайын білгім келді, - дедің мұрныңды тартып. — Ал, білдің! Не болды? Жетістік қой! — Ұшақ неше де екен? - дедің көңіліңді басқа затқа аудару үшін. — Екі сағаттан кейін. Сенімен бірге барамын. — Лео-ше? — Тасташы оны. Еркектердің бәрі бірдей ме өзі? Соқыр! Барлығы соқыр! - ашуланғандай көшедегі бұрылыстан бұрылып. Негізі Лия бұл сөзді сені күлдіру үшін айтқан болатын. — Лия, сен кий еңімдеріңді.. — Сенікімен буып-түйіп салып қойғанмын, алаң болма! - күліп. — Пысық! - сенде сораң ағып отыра бермей жымиып қойдың. Дегенмен, ішіңдегі әлдеқандай жанартаутаудан жылғалап от шарпып, бұлқан-талқан болып, басылмаған едің. — Ол мұнда не істеп жүр? — ... - Тэхён үнсіз терезе жаққа қарады. — Ол кім? Бір жерде көрген секілдімін, - сен біраз бұрын тұрып кеткен орынға отырды. — Тэхён?? - кейін ғана тумбочка үстінде қалған жүзікті көзі шалды. — Не? - Тэхённың өзі шақшадай басы шарадай боп жарылудың алдын да тұрды. Есесіне, жүзікті алып қоюды ұмытыпты. Жаклин бәле болмаса болған. — Сен? Сен.. маған.. сөз.. — А? Қайдағыны айтпа! - желкесіндегі ауырсынудан тумбочкаға әзер қол соза, сақинаны алды. Жаклин әсерлеп кетіп: — Иее, ұялып тұрсың ба? Бере бер, маған ұнайды. Түсініп тұрмын, талғамына сай келеді ме екен деп бермей тұрсың ғой, - бақыттан басы айнала, езу тарта берді. — ... — Бәсе! Манағы қызды сенің үйіңде көргенмін. Қызметші. Осы жүзікті беріп кету үшін келген ғой?! — Жаклин.. — Қане! - ол қолын ұсынып. — ... — Болсаңшы! Тақ, тезірек! - көздерін жұмып. — ... - Тэхён тығырыққа тірелді. Саған айтып жіберген сөзі қазір орындалмақ па? Жаклин сол кезде қарқылдап күліп жіберді де, Тэхённың көкірегінен ұрып: — Түріңді қарашы! Бозарып кеттің! - келемеждеп. — Қалжыңдап отырмын ғой. — ... — Сен маған үйленгенше, өзіңді бесінші қабаттан тастағанды жөн санайсың. Не соншалықты ұсқынсыз көрінемін бе? - күле берді. — Жаклин? — Кімге алдың? Жүзікті? Кімге сөз салмақсың? Мен танимын ба? - қызыға. — Тэхён? Балпаным, қалайсың? - Ранимен Хан келді.. Жаклин оларды оңаша қалдыру үшін палатадан шығып кетпек болды. Өзі де Тэхённың қасында отырғанына біраз болды. Енді оған қамқоршы керек жоқ. Шығып бара жатқанда, бір жапырақ қағаздың абайсызда түсіп қалғанын көрді. Ойда жоқта өзі байқап қалып, барып қарап еді, УЗИ суреті. Қызық! Бөлмеге сен кіріп шықпай тұрып, бұл сурет бұл жерде болмаған. Жаклин оны үнсіз қолына алып, шығып кетті.. #Елестетші, ұшаққа кіріп барасыңдар. Сенің қолыңдағы шабаданды жолсерік алып, баспалдақпен көтерілу үшін көмек қолын ұсынды. Сен артқа бас бұрып, соңғы мәрте қарадың. Соңғы мәрте көз тастадың. Енді бәрін осында қалдырып кетпексің. Ренішті, өткінішті, жек көрінішті. Ең әуелі, мәхаббатыңды! Біреу келіп қалардай, ұзақ көз алмай қарап тұрдың. Құдды, қазір ол сені келіп, алып кететіндей. Және енді ешкімге бермейтіндей етіп құшақтап, жібермейтіндей. Бірақ, бұлай болмайды. Себебі, сен оныкі емессің. Оған керек емессің. — Ханым?.. - деді жолсерік сені шашыраңқы ойдан шығарып алып. — С/е, болсаңшы!- Лияда сенің тұрып қалғаныңды көріп. Шіркін! Өмір біз ойлағандай, өзіміз көздеп қойған тұспен жүріп, тұрса ғой. Біз қалағандай болса ғой бәрі, иә! Әлі білмейміз. С/еге көрсетпеген тағы қандай сынақ дайындадың? Әлде бұл барлық бақытсыздықтардың соңғы бекеті ме? Сен орынға келіп жайғастың. Лия терезе жақта тыныс алу жеңілірек болғасын, сені сонда отырғызды. Сен баладай мінезіңнің мың құбылып жылау, одан жырақта болғанға шыдай алмау дәл осы кезден басталды. Әйтседе, шыдауға тиіссің. Шыдайсың. Қайран-ай, уақытты кері қайтарып, Крис сенің білегіңнен ұстап тоқтатқан жерге қайтып оралса ғой. Оның сөздеріне иланбай, Тэхёнға көзсіз, тілсіз сенім артушы едің. Тоқтатып қалғанына қарамай, тезірек оған асығушы едің. Ол Рани айтқандай, адам былай тұрсын, шыбынға да зияны жоқ еді.. Іске келгенде қатал, сонымен қатар қамқоршы. Сені сүйіп, сүйдіру үшін ғана осындай тірлік жасамаса, басқа қай ағаттығы бар? Сен біраз бұрын, оған барған да, " сені сүйемін" деп айтуға бекінгенсің. Себебі, бұған дейін оған деген бұл ұлы сезімді мойындаған емессің. Кейінірек, сәбилі болатындарың жайлы да айтпақшы едің. Әттең! Әттең! Бәрі кеш. Ал, ұшақ сенің ақ үмітіңді осында қалдырып, аспанға көтерілді. 2 күн бұрын Крис үйге келгенде сенің жоқ екеніңді көрді. Магридж! Сұмырай Магридж болса, диван үстінде ішімдікке сылқия тойған күйі әрдеңені сандырақтап отыр. Крис оған қазір дауа жоқ екенін, түсініп, сені қамап қойған бөлмеге өтіп кетті. Шағын диван, кішкентай саңылау секілді терезе, көгілдір түсті қабырға. Крис басын жоғары көтеріп, шкафқа қойылған камераға қарады.. Камера?! Ауыр! Тым ауыр күрсініп, диванға отыра кетті. Ол сенің Тэхёнға кеткеніңді, және бірден өзі жайлы жеткізеріңді білді. Бірақ, ол үшін бұл мәнсіз. Тэхён келіп бұл істегендеріңді өтемін алады ма, өлтіреді ме оған бәрібір. Егер, сүйген адам күнәһар аталса, солай-ақ болсын. Крис саған жәбір көрсеткен жоқ, жәбір көрсеттірген де жоқ. Ол тек өзінің адалдығына берген Тэхённың ақысы үшін араз болды. Ол досы ұнатқан әйелі жақсы көрді. Сүйді. Сүйе тұра, қиянат жасамады. Тэхён үшін сені жердің түбінен болсын тауып алып келді. Сен жалғыз қалғанда, сенің жаныңда болуға тырысты. Бірақ, Тэхённың өзінен сені жырақ ұстағысы келгенін түсінгенде, енді саған жоламау керектігін естігенде, зығырданы қайнады. Адал достығының ақысы осы болғаны ма? Енді оған тек бір ғана ой келді. Оны өлтіру. Өзінің ақ ниетін көрмейтін адамға қиянат жасау. Оны ең алдымен сенен, сосын бар дүниеден айыруға бел байлады. Қасақана жол апатында оның өзі ұйымдастырды. Және бұған тиіттей де өкінбейді. Өкінетін нәрсе тек, Тэхённың тірі қалуы.. 2 апта өтті. Тэхён сауығып, ауруханадан шықты. Қолын әлі де гипспен орап, мойнына асып қойған. Өйткені, жарақаты жеңіл емес. Өңі қуарып кеткен. Біз бұны сенсіздікке төзе алмау деп ойласақ, ол бұлай ойламайды. Ауруханада жатқан әрбір адам азып-тозып кетеді. Оның мәхаббатқа дым қатысы жоқ. Тэхён келгенде Ханни алдынан шығып, әдетінше құшақтап, қойнынан шықпай қойды. Балақайда даңғарадай үйде іші пысып, әбден зерігіпті. Ранидан күнде жылап сені сұрайды. Сені тап бір өз анасындай аңсайды.. Үйде де бір адамдық орынның бос тұрғаны айтпаса да белгілі. Қызметшілер үшін сенің үшін сонша күйіп-піскен қожайынының әбсәтте сені жібере салуы оңай болмады. Түсінбеді. Олар түсінбейтін, түсіне алмайтын қанша зат жатыр арада. Олар түгіл, не Тэхён, не сен түсінбейсіңдер. Кабинет. Маркус Тэхён бұйырған жұмыспен үйге келген еді. Олар кешкі астан кейін, бірден жұмыс бөлмесіне өтіп кеткен. Тэхён кең жауырынын үлкен креслоға тақап, оның тауып келген мәліметін тыңдауға әзір отыр. Түрінде әлсіз үміт ұшқындары бар. Қандай үміт екені белгісіз. 2 күннен кейін. Трасса үстінде алаңсыз келе жатқан көліктің қапталынан шыққан жүк көлік оны қағып, біршама алысқа ұшырып жіберді. Екі аунап түске көлік төңкерілген күйі қалды. Ал оның ізінен іргесіп келе жатқан көліктер бір қатарға бойлап тұрып қалды да, ортаңғы бөлік ашық қалдырды. Ал, ортада пайда болған көліп алдыға шығып, төңкеріліп түскен мәшиненің бірер шақырым алыс тоқтады. Ішінен түскен адам апатқа ұшыраған көлікке қарай жүріп келеді. Алдыңғы түймесі қадалмаған кастюм желмен жағаласа ұшып, оның қадамын нық әрі анық болуы үшін бәрін салып келеді. Қара көзілдірік, түйілген қас, сұңғақ бой. Төңкерілген көліктің ішінде қалған бейшара адам, әлемді теріс көріп тұрғасын, өзіне қарай келе жатқан ажал адамды тани алмады. Есеңгіреп, өзінің жол апатына түскенін қорыта алмай тұр. Миы шайқалған болса керек, көзіде алысты көрмейді. Бірақ, сұлба өзіне жақындаған сайын оның түріде анықтала бастады. Тоқта! Бұл.. Бұл.. — Тэхён? - деді көлік ішінде маңдайынан аққан қанды сүртіп өтіп, әлсіз таңқалған Крис. Тэхён көлікке жетуіне екі адым қалғанында, артында келе жатқан адам қолын созып еді, Маркус қолына тапаншаны зор мәртебемен ұстатты. Жетті! — Қалай? Өмір өз жасағанды, өзіңнің басыңа алып келуі? - тізесін бүгіп, төңкеріліп тұрған көлікте, аяғы аспаннан келген Крисқа күле тіл қатқан Тэхён. — Тэ..хён.. — Жылы жауып қоюшы-ақ едім. Жылу жабудың мәнісін білмеймін, - көзілдірігін шешіп. — Не енді өлтіресің бе мені? - Крис күліп жіберді. Тэхёнда күліп: — Жеңілі сол емес пе? Крис оны бәрінен ендігі хабардар екенін көрді. Әйткенде де, ол жердің астынан болсын тауып, бұл үшін кек алуын жақсы түсінді. — Жеңіл өлім тапсын дегенің бе? Ал! Бас шүріппені! — Қойсаңшы, Крис. Қорыққаннан дір-дір етіп тұрып, жүрек жұтқандай сөйлейсің, - мысқылдап. Үнсіздік. — Неге? - деді күліп отырған Тэхённның көздері ашудан торланынып. "Неге қиянат жасадың? Неге мені өлтіруге тырыстың? Неге С/енің ойын айныттың? Неге өзің үшінде, мен үшінде соңы қайырсыз ойын аштың. Неге? Неге? " Ол осылай айтқысы келді. Бірақ, айтпады. Сұрамады. Кейін орнынан көтеріліп, Маркус берген тапаншаны дайында ды, тұп-тура Крисқа көздеді.. BANG!! - тапанша оғы естілді. Крис көзін ашып қараса, қақ төбесін тесіп, майыстырып өткен оқ арғы бетте жатыр. Маңдайынан ыстық тер шығып, жағасы суланып кетті. Ол ауыр жұтынып, Тэхён ендігі оғы дәл өзіне адаспай тиетінін күтті. — Жақсы! Өмір сүріп қал, - тапанша әліде Криске бағытталып тұрды. — Ендігі әрі көзіме көрінуші болма. Аямаймын! - тістеніп, әрі нығарлап айтты. Осыдан бұрын, таң ертең Виш көпірінен адам мәйіті табылды. Ақпарат бойынша адам өз-өзіне қастандық жасаған. Мүрде, Магриджқа тиесілі екенін анықталды. Оқиға кеше түнде болған. Полицейлер фактілер бойынша мұны шынымен өз-өзіне қол жұмсау деп бекітті. Әрине, ішіп алған адам өлімнен өзге қандай іс жасауы мүмкін? Ертесі күні. Жаклин мәжіліс залында әлдеқандай істермен шұғылданып, жұмысын атқарып жүр. Жанында жүрген Асилия бірде шығып кетті де. Тэхён келді. Жаклин осыдан алдын маңызды парақтарының арасына салып қойған жапырақ қағазды тағы бір рет кездестірген болатын. Көкейін қанша күннен бері тесіп, тілгілеп жүрген сұрақтың жауабын алудың уақыты қазір туғандай. p.s ендігі бөлім соңы болмақ...пікір күтемін... #browinv