#BTS_REACTION_QRF
Екеуің балаға есім таңдап жатып ұрсысып қалдыңдар.
«Намджун»
— Басымды қатырма! Кісі шығарсың сен! Мен Месси болады дедім бе, демек болады! - сен асықпай мандарин қабықтарын ашып, бүтін күйінше аузыңа салып жібердің.
— Кел, онда тегінде қосып, Лео Месси дей салайық? - Намджун сенің өзімен түр бермей араздасып жатқанына күйіп-пісіп.
— Сөйтейік. Қарсы емеспін! - екі иығыңды көтеріп.
— Уфф!
— Не Уфф?!
— Болмайды Месси! Ақылдан адасқансың ба?
— Болады!
— С/е, жыныма тиіп жатырсың. Білесің бе?
— Сенде!
— С/е, түсінші.. - Намджун сені бұлай сөзге келіп жеңбесін білді. Қолдарыңнан ұстап, жаныңа отыра:
— Біз ата-ана болғалы жатырмыз. Және ата-ананың ең алғашқы міндеті балаға жақсы есім таңдау. Ертең ол өскесін өмірдегі өз орнын табу үшінде бұл маңызды, - үмітті көздермен қарап.
Сен ойланып қалғанда, ол сені ақырын-ақырын райыңнан қайтарып жатқанына іштей қуанды.
— Әрине, сен оның футболшы болғанын қалайсың. Мен оны түсініп тұрмын. Бірақ, ертең одан біреу келіп есімін сұраса " Месси Ким" деп жауап берсе, ұят болмайды ма?
— Намджун... - сен оның үмітті көздеріне тым сабырлы қарап.
— Ау?
— Бәрібір есімі Месси болады! - мандариннің ақырғы данасын аузыңа салып жіберіп, жатын бөлмеге қарай кеттің.
Ал, Намджун сенің құбылмалы мінезіңе алдағы 3 ай қалай шыдарын ойлап басы қатты. Себебі, сенің болашақ баланың есімін апта сайын ауыстырып отыратынсың...
«Джин»
Түн ортасы.
— Джин..
—...
— Джин!
— М? - ол көздерін ашпастан жауап беріп.
— Джин деймін!
— Құлағым сенде.
— Мен болашақ баламызға есім тауып қойдым.
— Күшті!
— Қалай күшті? Қандай деп сұрамайсың ба?
— Қандай?
— Ким Ган Юй.
Джин қолының бас бармағын көрсетіп, диванның ар жағында жалғыз жатқан сені құшағына алды да, әрі қарай ұйқысын жалғастырды.
«Юнги»
Екеуің қонақта отырған едіңдер. Сонда жолдастарың болашақ сәбиге қандай есім қоятындарың жайлы қызып, сұрады. Юнги екеуің бұған дейін бұл туралы ақылдаспаған едіңдер. Және әуелі аман туылып, қолға алғандарыңда ғана "есім таңдап" тартысамыз деп едіңдер.
Дегенмен, сенің бүгінгі әңгімеңнен кейін, қайтседе есімді өзі қоймақ.
Көлік ішінде келе жатырсыңдар.
— Жоқ, не әңгіме ол? Ноэлль дейтін сымбатты жігіт бар еді. Сондай сұлу! Менің артынан талай жүгіріп еді, - ол дауысын сенікіндей етіп, біраз бұрын айтқандарыңды айнытпай салып берді.
— Рас қой енді, Юнги! Есімі ұқсаса, әдемі болар дедім! Әрі артымнан жүгіргені өтірік емес. Бірақ, менің балам олай әр қыздың артынан жүгірмейді. Әлде, жүгіре ме?
— Далбасалама!
— Юнги?!
— Не?
— Неге бұлай болып қалдың?
— Қандай?
— Не мен таңдаған есім жақпай қалды ма?
— Есімді өзім таңдаймын.
— Еее!
— ...
— Ойнап айттым мен, Юнь!
— Жоқ!
— Юнги!
— Өзім қоямын! Ноэлль-мыс! - ол жолдан көз алмай, сенің ендігі қарсылығыңа пысқырыпта қарамады.
«Хосок »
— Жаныыыым менің! Құлыным! Е Лань! - Чон ханым сен жатқан палатаға дәрігер рұқсатын сұрап, кіріп келіп, бауырыңа басып отырған сәбиді өзіне алды. Хосок екеуің абдырап қалып, бір-бірлеріңе қарадыңдар.
— Е Лан?! - сен түсінбей қалып.
Қолында тыпыршып жатқан шақалаққа сүйсіне қараған Чон ханым сені елемей:
— Қарашы! Құдай-ай, мынаның түрін! Құдды Хосоқтың аузынан түсіп қалғандай!
— Апа?
— Чон Е Лань! - Чон мырза да сәбидің қимылын тамашалап. — Немерем менің!
Сен Хосокқа қарадың. Бұл анық ашулы көз-қарас болды. Хосок " бәрі жақсы " дегендей көзін жұмды да:
— Апа, Әке.. біз негізі..
— О не?
— Сәбидің есімін..
— Не дейсің?
— Біз сәбидің есімін..
— Біз сәбидің есімін өзіміз ойласып қойып едік! - ол кібіртіктеп тұрғанда сен айтып тастадың.
— Немене?
— Апа, оның есімін Лю Мин деп қойдық. Е Лань емес.
— Оттама! Оның есімі Е Лань болады! Бұл неткен сандырақ!
— Апа..
— Мен не дедім? - Чон ханымның көздері шақшып кетіп.
Осы кезде Хосокта сенде, үнсіз қалдыңдар. Таласып, тартысудың орынсыз екенін білсең де, ашуың мұрныңның ұшына келді. Бірақ, Хосоктың сені көзбен басып, жұбатты. Бірнеше ай бұрын Хосокпенде осы үшін қырылғансың. Ақыры, өз дегенің болғанда, Чон ханым сені басып кетті.
— Одан кейінгісін, өздерің қойыңдар, ештеңе демеймін. Бұл менің тұңғыш немерем, - сәбиге ерекше мейіріммен қарап.
#browinv