#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, бауырларыңды балалар үйінен шығаруға көмектеспекші миға қонбайтын ұсыныс жасаса...
2 бөлім
#Елестетші, тұрмыс құру? Сен не бәрі 17-десің! Бойжеткеніңмен, қаз-қалпында тұрып, ақша таба алмайсың. Осы жастан тұрмысқа шығар болсаң, қалған өмірің не болады? Оқуыңды да бастағаның енді.
Бауырларың.. бірақ, бауырларыңды бұлай қалдыра алмайсың..
Осы кезде Чонгук ішке кіру үшін есікті қақпақ болған еді. Бэннет екеуіңнің әңгімеңді оқыс естіп қалды да, есікке қарай көтерген қолдарын жұдырық етіп түйіп, төмен түсірді.
Беннеттің түрінен шарасыздықтан қиналып тұрған ана бейнесін көрдің. Өзі-ақ асырап алушы еді. Бірақ, өзіде жалғыз басты. Он жыл алдын күйеуінен айрылған. Балалары да жоқ. Бар байлығы сендер едіңдер.
Ол саған " ойланып көр" деді.
Сен мұны естігенде, ебедейсіз беймәлім сезім жаныңды тырнап жіберді.Бұдан басқа амал жоқ екен-мыс.
#Елестетші, Кая бірде "Чонгук сенің жігітің бе? " деп сұрады. Сен көздерің бадырайып,
" жоқ, әрине. " дегенсің бірден.
Чонгук Рэйзор жылдам тіл табысып кетті. Сендер ол жақта біраз болғандықтан, Чонгук пен Рэйзор екеуі де арнайы спорт алаңқайда баскетбол ойнады. Чонгук Рэйзордың боксқа қызығатынын байқады. Бірақ, балалар үйінде бокс қолғапшасы жоқ болатын. Сол үшін Чон келесі әлбетте алып келіп беруін айтып, Рэйзордың өзіне деген ықыласына ие болды. Сенде олардың мұнша жылдам сөйлесіп кететіндеріне таң қалдың.
Рэйзор ашық бала емес. Көбінше бәрінен жырақта болғысы келеді. Оқу үлгерімі жоғары болса да, сабақтан тыс уақытта достарымен көңіл көтеру орнына кітап бүктеліп алады. Ал, қазір өзіне жаңа бір дос, сырлас тапқандай.
Чонгукке де онымен көңіл көтеру қызықты болды..
#Елестетші, бауырларыңмен қимай-қимай қайырлысып, көлікке отырдың. Жаңбырдың басылғанына біраз болған. Дымқыл тартқан шаштарыңда құрғапты.
Чонгук көлік тізгінін үлкен жолған салғаннан кейін, асықпай саған қарап алды да, Бэннетпен не жайлы сөйлескеніңді сұрады. Оның көз-қарасы құдды сені сынап отырғандай, егер сынақтан жығылсаң, жаныңды суырып алатындай түйіледі. Әйтпесе, әңгіме не жайлы болғанын өзіде айдан анық біліп отыр.
Сен ортақ мәселе жайлы оның басын ауыртқың келмей, " жай, әншейін " дедің, аса мән бермегендей кейіп танытып.
Ол " рас айтып тұрсың ба?" дегендей түрін ұзақ ұстап, кейін сеніңкірегендей болды.
Жолда үнсіз келдіңдер. Сен Беннеттің айтқан сөздерін ойланып, түкпір төріне сүңгісең, Чонгук сенің өзіне айтқан алғашқы өтрігіңнің себебін түсінбеуде. Егер, бір ауыз айтсаң, ол көмектеспей ме екен?
#Елестетші, қоштасып, жатақханаға қарай кіріп кеттің. Кірген бойда алдыңнан шыққан Эланға тап болдың. Бірнеше сағаттан бері сені тосып тұрған екен. Тағы конспект жазып беруіңді, үй тапсырмаларына көмектесуіңді өтініп тұр. Келістің. Соның арқасында, орындалмай жатқан біраз тапсырманы тындырып тастамақсың. Бір жақтама Эланға көмектессің, бір жақтама өз үй жұмыстарыңды орындайсың. Бірақ, қазіргі жағдайда көңіліңе ештеңе батпайтында еді.
#Елестетші, оқуыңды амалдап игеріп жүрген күндердің күні. Элан сені кішігірім түске асқа дәмханаға шақырды. Ол сенің көмегің үшін алғысын осылай білдіргісі келді. Ол саған бөтен емес, жақын араласатын досың болғандықтан да, қарның шұрылдап ашып жатқаннан да келістің.
Кезекті дәріс уақытысы шамамен жарты сағаттан кейін. Оған дейін таманданып үлгеретін едіңдер.
Дәмханаға келгесін Эланның жайдары жайсаң мінезін одан әрі танып, бір түстеніп бастадыңдар. Ол бірде " сенің жігітің бар ма? " деп сұрақ қойды. Шырынды ішіп жатып тоқтап қалдың да, күле басыңды шайқадың.
" Өзімде солай ойлап-ем" деді жағаласа жымиып. " Оны неге сұрадың? "
" Жай, болашақ күйеуіңнің кім болатынына қызықтым.." деді кірпияздана.
Воо! Осы кезде Беннеттің саған айтқан сөздері қайта миыңның талшықтарын торлап алды. Күйеу, тұрмыс құру? Сенде тағы да асқақ күлкі абыржумен абдырауға алмасты. Өз-өзіңнен жегіліп, мұнартқан ойға өрбіп сала бердің. Элан ғана " Ей! Бәрі жақсы ма? " демегенде тағы қанша буынып отырарың белгісіз еді.
#Елестетші, сендер отырған дәмхана көліктер дүбірі таусылмайтын үлкен жолға қарама қарсы орнатылған еді. Әсіресе сендер отырған үстелді әйнек қабырғадан арғы беттегі кез-келген адам анық көре алатын. Кез-келген адам!
Дегенмен, сол кез-келген адамның Чонгук болып шығуы ғажайып дүние іспеттес болса керек, иә?
Негізі, сендер отырған жер университет басшының қармағындағы, яғни Чонгукқа тиесілі орын. Сонымен қатар, универдің маңайында. Ал, Чонгук күнделікті жұмысына бара жатқан адам.
#Елестетші, сонда кептеліс басталып, кенет айналысын шолуды бастаған Чонгук, екі аттам жерде Эланмен тамақтанып отырған сені көзі шалды. Мына, ғажайыпты қараңдар! Сенің де көзің оған түсті..
Чонгук бір саған, бір Эланға кідіріп қарап, жүріп кетті.
#Елестетші, сол күннен кейін Чонгукпен кездеспей кеткендеріңе 3-4 күндей болып қалды. Бұл кездері Эланмен бірге көңіл көтеріп, көбірек уақыт өткіздіңдер.
#Елестетші, Элан сонда да сенің қомырайып, бір қалыптың жүруіңді құптамай, үнемі күлкіңді келтіруге тырыстың. Ендігі де ол сенім артатындай, жан сырыңды ақтаратындай адам секілді шер тарқатуға жарады.
#Елестетші, бауырларыңа күнәра барып жүрсің. Элан сен жайлы бәрін білетін. Балалар үйінен шыққаныңды, екі бауырың әліде сонда екендігінен де хабардар.
#Елестетші, университетте жастардың бой сергітуіне, бос уақытта тапсырмаларын оңаша қалып орындауы үшін арнайы жазғы бақ бар болатын. Элан екеуің сонда келген едіңдер.
#Елестетші, бүгін, дәл осы күні қалалық архитектура бөлімінен бір-екі дизайнер келіп, Университет ішіне өзгешелік кіргізбекші екен. Сонымен, Чонгуктың арнайы уақытын сұрап, ғимараттың ішін аралап, идеяларын айтып жүрген болатын.
#Елестетші, Чонгуктың хатшысы және дизайнерлер баққа да келді. Ауыздары көпіріп, неше түрлі ұсыныс тастап жатыр. Сендердіңде осында екендеріңді алғашында ешкім байқамады. Кейіннен ішке қарай кіре бергенде бірақ көзге түстіңдер.
Қайдам, ыңғайсыз отырғандықтан шынтағың тайып, кетіп, алақаның шырпы ағашқа жарылып кетті. Мұны көрген Элан бірден қанды тоқтату үшін жанынан тастамайтын бет орамалын дереу алып, алақаныңа орай бастады..
Бұған әдетінше алыстан куә болған Чонгуктың іші бүлкілдеп қоя берді. Бұл жолғысы жай ғана бүлкілдеу емес, ашуға булығу секілді түйілді жанындағы адамдарға. Дизайнер оның қас-қабағы қатуланып кеткеніне қарап, бірдеңені дұрыс айтпадық па десіп тұрған да, Чонгук сендерден теріс бұрылып, олардың сөздерін әрмен қарай тыңдауға дәрмені жетпей, кетіп қалды. Ал, хатшысына кейінгі апта келуін ескертті.
#Елестетші, Беннет бүгін тағыда сені шақырды. Сабақтан шыққасын бірден балалар үйіне кеттің. Элан сенімен барғысы келген, бірақ сен қарсы болдың. Әрі оның басында қыруар жұмысы бар болатын.
#Елестетші, барғаныңда Рэйзордың бір есерсоқ баламен шоғысып қалып, бір көзін көгертіп қойғанын көрдің. Өкпеңе ауа өтпей қалып, сеспей қатардай күйге түстің. Каяның да жағдайы мәз емес. Қыздары шеттетіп, небір сорақы дүниені жасайтын көрінеді.
Қазір -ақ барып жәбір көрсеткендердің көкесін танытқың келіп еді, Беннет бұған жол бермеді. Себебі, ол бірінің сөзін сөйлеп, біріне болыспайтын. Бала болғасын бір ұрысады, бір татуласады дейтін. Қолың байланды.
#Елестетші, Рэйзордың маңдайындағы жара үстін жапқан жапсырманы жаңалап отырсың.
— Неге төбелестің олармен?
— Неге төбелеспеймін?
— Рэйзор, сұрағыма сұрақпен жауап бермеші.
— Олар Чонгук ағаның маған алып келіп берген бокс қолғабымен, жаңа кросовкамды тартып алмақ болды.
— Не?
— Мен бермедім. Және көріп отырғаныңдай!
— Чонгук келді ме? Қашан?
— Өткен апта.
— Жақында тағы келемін деген. Сенімен келетін шығар десем.
— Рейзор. Неге бұл туралы маған айтпадың?
— Сен сұрадың ба?
— Рэйзор..
— Чонгук аға?! - сен арқа тұсыңнан келе жатқан Чонгукқа қол бұлғап.
#browinv?