#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, сен онымен ара-қатынасты үзсеңде, ол саған маза бермеуде.
" Музыканы қосыңыз "
#Елестетші, бүгін сенің кішігірім шығармашылық көрме кешің болатын. Осы уақытқа дейін ерекше мәхаббатпен талантпен салған суреттеріңді сатылымға шығарған едің.
Мұны ұйымдастыру үшін досың Флип көмектескен болатын. Сондықтан, ол кеш бойы саған демеу болып, жаныңда қолдау білдіріп жүр.
Кешке небір менмін дегендер келіп, сенің салған өнер туындыларыңа тәнті болуда. Әрі тамсанып сол мезетте-ақ сатып алуға шешім қабылдап үлгеріп жатқаны да бар.
#Елестетші, сен 22 жастағы бойжеткенсің. Жастайыңнан өзгешелікке өң беріп, сурет салып қыл қаламды ақ қағаз бетіне арыда бері де жүгіртіп қиялыңдағыны, жүреңгіңдегіні салуға күш жұмсайтынсың. Кейіннен бұл сенің өмірлік кәсібіңе айналды, және жемісі осы. Тұрмыс тіршілігің орта болғасын, сен мұндай көрмені жасаймын дегенің үш ұйықтасаң түсіңе кіргемеген. Сонымен, мынадай бай, дәулетті адамдар ортасында жүріп, суреттеріңді сатуда. Бұның бәрі үшін Флипке іштей алғыс айтып, келген қонақтарды қарсы алудасың.
— Ғажап! - деді бірде егде жастағы кәсіпкер қабырғаға ілулі тұрған портретке ұзақ қарап.
Онын жанындағы хатшысы:
— Расында-ақ, мырза! Суретші сондай талғампаз екен!
— Сатып аламыз! - деді көп кідірмей кейінгі суреттерді көруге көшіп.
— С/ее..жаным, сондай әдемі болып тұрсың! - Флип екеуіңнің жаныңа келген Мелисса сені құшақтап.
Сен әлсіз жымиып қойдың.
Сол тұрыста Мелисса екеуің біраз әңгімелесіп қалдыңдар. Ал, Флип сендерден арырақ кетіп, қонақтардың көңілін аулап жатты.
Мелис жандарыңа келіп, ішімдік ұсынған даяшыдан бір бокал виски қолына ұстап алды да, құлағыңа жаймен сыбырлап:
— Екеуің сондай жарасасыңдар бар ғой! Алыстан қарасаң көздің жауын алатындай, тіпті!
— Кім? - дедің көздерің бақырайып.
— Флип! Немене білмегенсіп тұрсың ба, қыз-ау?
— Қойшы, Мелис, қайдағыны айтпай..
— Шын айтамын. Әдемі жұп болушы едіңдер.
— Ол менің жай ғана досым ғой! Жақын досым. Тигізген көмегі көп. Одан артық ештеңе емес, - жымиып басыңды шайқадың.
Мелисса да сен оңаша қыр таныта қоймағандықтан, иығын көтеріп " өзің біл " деді де қолындағы вискін ұрттады.
#Елестетші, сен бір уақытта бөлек қонақтың өтініші бойынша, оған бұрыштағы суретті таныстырып, жағдайын сұрасып жатыр едің жаныңа Глан келіп шұғыл хабарламаны жеткізгенде, төбеңнен жай түскендей күйге түстің. Естіген құлағың сені алдап тұрғандай. Глан сені қонақтан араша алып, шет жаққа алып келгенде, теріс қырын беріп тұрған адам сендерге қарады. Бір қолында ішімдік, ендігі бір қолы тік қырлы, қыртыссыз шалбар қалтасында.
— Қайырлы күн, Чонгук мырза! Бұл С/е Демор ханым!
— С/е, бұл сол мен айтқан Чонгук мырза! Сенің галереяңдағы суреттердің барлығын сатып алмақшы болған адам!
#Елестетші, манағы сезінгенің мұның алдында алдамшы дүние іспеттенді. Ал, нағыз алапат дәл қазір орын алғандай. Бұл күнді басқаның басына бермеуі керек секілді. Себебі, нақ қарсы алдындағы адам сенің бұрынғы сүйіктің. Ессіз сүйіктің. Ол соншалықты жаман және жексұрын! Нағыз есуас!
Екеуің осыдан 6 ай бұрын ғана айырылысқансыңдар. Үйленбей жатып, бір-біріңе сай емес еткендеріңді түсініп, қоштасқансыңдар. Анығында, бұл шешімді, мұны ол емес, сен қабылдағансың. Оның өмірінен кетуге ұйғарғансың. Кетіпте тындың. Бірақ, ол келді. Сен іздеп келді?
#Елестетші, ол Глан сендерді таныстырғасын саған қолын созды. Көздеріңе тіке қарап тұрып, бейтаныс адамдай, бұрын сені мүлде көрмегендей жайбарақат амандаспақшы.
Сен бір орында үн-түнсіз, қимылсыз тұрып қалғаныңнан Глан Чонгуктың алдында қынжылып:
— С/е..? С/е? Алсаңшы қолын, - саған естілердей дауыспен тістене сөйлеп, Чонгуктың қолын өзі ала салды да, сілкіп-сілкіп артыңды жабу үшін күліп жіберді.
— Түсінесіз ғой бүгін мынадай кеш! Қобалжып жатыр..
— Глан! - Флип шақырып.
— Сіздер сөйлесе тұрыңыздар. Мен қазір келемін. С/е немене түнеріп отырсың, ол барлық суреттерді өз бағасынан да жоғары нарықпен алмақшы. Қуан! - кетерде ол осыны айтып Флипке кетті.
— Қалайсың? - деді ол бірқалыпты тонмен.
— Жаман емеспін. Қайдан тауып келдің? - сен дөрекіне сөйлеуге тырысып.
— Менің жағдайымды сұрамайсың ба?
— Қызық емес, - қысқа қайырып.
— Қашаннан бері?
— Айырылысқан күннен.
— Айырылысқан? - ол сенің сөзіңді ерсі естілген сөзіңе ернінің үстін көтеріп. — Біз екі жақтама шешім қабылдаған ба едік?
— Мұнда осыны талқылап отыру үшін келмеген шығарсың?
— Таптың. Сатып алмақшымын. Мынаның бәрін! - адамдар тамашалап жүрген суреттерді көзімен нұсқап.
— Солай ма?
— Солай!
— Ендеше сатылмайды ешбір сурет! Әсіресе, саған, - сен оны қанша уақыттан кейін көргеніңе қарамай, арадағы сұхбатты тым тез бітіріп, теріс бұрылып, қонақтар арасына сіңіп кетпек болдың.
— Жауап бересің бе?
Сен тоқтап қалдың. Бірақ, артқа қарамадың. Өйткені, артта сенің бұлыңғыр өткенің өзіне тартып алып кететін шұңғыма секілді.
— Осы сөзіңе жауап бересің бе? - деді ол сұрағын нақтылап.
— Не демекшісің? - басыңды иығыңа қарай бұрып.
— Керісінше, мен мына суреттер түгіл оның иесінде сатып ала аламын, С/е!
— С/е? - адамдар арасынан әрең шығып қасыңа келген Флип. — Мұнда не істеп тұрсың? - сен Чонгуктан біршама алыс әрі бұрылып тұрғандықтан, ол аса Чонгукты байқай қоймады. Сен " бәрі дұрыс " деген сыңай танытқасын ол:
— Кеттік, сені сұрап жатыр! - деп Чонгуктың көзінше қолыңнан ұстап ертіп әкетті.
#Елестетші, бір сағат өтіп кеткесін, суреттерді әрбір адам жеке-жеке сатып алып бастады. Көзді ашып жұмғанша қымбат бағасына қарамай бәрі де сатылып, ал кей біреуі орталық музейге тапсырылды. Ең қызығы Чонгукты әлгіден бері көрген жоқсың. Бұдан кейінде көру ойыңда жоқ.
— Жеткізіп салайын? - деді Флип саған адамдар тарқап, сағат тілі түнгі онның шамасын көрсетуге көшкенде.
Сен басыңды изедің. Аздап қыруар шаруадан кейін сілеңде құрып еді. Флип орындық басында қалған пиджагыңды алдыртып, иығыңа тастап, шығып бара жатыр едіңдер.
— С/е, кетіп барамысыңдар? - Мелисса биік тақалы туфлиімен жандарыңа
әзер жетіп келіп. — Бірге?
— Иә?! - Флип қасын көтере.
— Менде сендермен. Шаршап, шалдығып аяққа зорға тұрмын бар ғой!
— Көлігіңше? - Флиптің түрі бұзылып. Әттеген- ай, мына қыз оның ұлы жоспарының белінен тепкендей.
— Оны үйде қалдырып кеткем. Не алып кеткілерің келмей ме?
— О не дегенің? Жүр, Мэлисс, - дедің оны өзіңмен ерте. Көзіңмен Флипті қиратып кеттің.
#Елестетші, жол бойы кеш уақытысында болған оқиғаларды Мелисса аузы жабылмай айтып келеді. Мас болғасын біраз сандырақтап, миларыңды ашытса да шыдап бақтыңдар. Сен ғой мақұл, Флипке обал болды. Себебі, байқұстың жаңағы сөзі үшін Мелисс оның жетер жебіріне жетті. Қыз сондай көңілшең..
Кейін Мелисс үйінде қалдырып, өздерің жүріп кеттіңдер.
— Рахмет, Флип! - дедің ол көлікті сенің үйіңнің алдына алып келгенде.
— С/е.. - деді ол артқы орында отырған саған асықпай өзгеше назарымен қадалып.
Сен қастарыңды көтеріп " айта бер" дегендей нұсқау жасадың.
— Сенімен маңызды мәселе бойынша сөйлескім келген.
— Қазір ме?
— Иә, сәті түсіп тұрған тәрізді.
— Жақсы, құлағым сенде? - сен көліктің есігінде тұрған қолдарын түсірдің .
— Мен.. С/е.. мен.. негізі.. - екі сөздің басын қоса алмай тілі күрмеліп қалды.
— Флип?..
— Қалай айтсам екен? - маңдайын тер басып кетті.
— Не болды?
— ...
— Мейлі, қалған мәселені ертең талқылайық. Бәлкім, сен айтқандай соншалықты маңызды емес шығар? - күліп, есікті ашып, сыртқа шықтың.
— С/е.. бірақ..
— Қазір барып, демал, Флип! Саған алғысым шексіз! Рақмет! Бәрі үшін..
Флип осы сөздеріңнен кейін жұбанып көлікті жүргізіп әкетсе де, іштей уақыты келіп тұрғанда айта алмағанына өз-өзін сөкті.
#Елестетші, сенде аздап масаурап қалғасын, есіктің кілтін әзер ашып ішке кірдің. Есіктің құлыпсыз тұрғанын тіпті білмейсің. Сезбеген шығарсың, жарықты жаққаныңда ер адамның қымбат үлгідегі аяқ киімі дәлізде тұрды.
Үстіңдегі күртені шешіп, жатын бөлмеге кіріп кеттің. Жатын бөлме де жуынатын тағы бір бөлме болғандықтан бірден сонда кіріп бет-аузыңды жумақ болдың.
#Елестетші, раквинадағы бұраманы бұрап су ағызып, еңкейдің де алақаныңа салқын су толтырып жүзіңді жудың. Келесі де баяу басыңды көтеріп айнаға қарап едің, артың да есікке сүйене айна арқылы саған қарап тұрған Чонгукты көріп зәрең ұшты. Қолындағы виски бокалының түбінде қалған мұз текшелерін шайқап жіберіп, көзіңше қылқытып жіберді.
Сен жалт бұрылып:
— Мұнда... мұнда не істеп жүрсің?
P.s С/е неге Чонгуктан кетті деп ойлайсыңдар?
#browinv
Иә, бұл тағы да мен. Басым сынып кетердей ауырып тұр, бірақ мен мұны бәрібір жаздым. Алдағы уақытта жақсы туындылар шығарамын деп уәде бере алмаймын. Белсенділік қирап жатқан шығар. ??