#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, сен мектепке жаңадан ауысып келдің. Ал ол мектептің басты бұзақысы? Жаңа мектепке баратынымды біліп, түнімен төсегімде аунап шықтым. Ұйқым келмегендіктен, түнімді дорама көрумен өткіздім. “ Королева слез” дорамасын көріп бітіремін дегенше, түнімен жылап шықтым. Сөйтіп таң ата көз ілдім. Арадан бірнеше сағат өтіп, телефоным шырылдады. Таңғы 07:30. Бірінші күннен сабаққа баруға құлшынысым жоқ. Ұйқым қысып, көзімді әрең аштым. 5 минут сайын телефон шырылдай берді. Әдейі басып қойып, жылы төсегімде жата бердім. Бірде: — С/а! Сағат 10 болды! — деген анамның даусынан атып тұрдым. Қарасам, 07:50 кеткен. — Ту, омма! Шошытып сізде! — дедім де жуынып, киіне бастадым. Арадан 20 минут өтіп, үйден шықтым. Тэгуден Сеулге көшкелі, сыртқа енді шықтым. Тэгуге қарағанда Сеул мен үшін заманаули әрі қауіпті көрінді. Жақын маңдағы аялдамаға барып, жаңа мектебіме апаратын автобусыма жайғастым. Іші лық толы. Мен отыратын орын болмаған соң, тұрып тұрдым. Қарасам, маған қарама-қарсы орындықта шашы қоңырдан келген, ұзын бойлы, денелі, құлаққап таққан, түрі сүйкімді келген жігіт отыр екен. Мен кіргелі бері маған көз алмай қарап отыр. Формасына қарасам, екеуміздің формамыз бірдей екен. Мен жаңадан баратын мектепте оқиды-ау шамасы. Сабақ 08:30-да басталады. Әлі автобуспен біраз жүретін сияқтымын. Бірде әлгі жігіт орнынан тұрып, маған қарай жақындап келді де: — Мұнда отырсаң болады, — деп маған орын ұсынды. — Нағыз еркек екенсің, досым! — деп мен бара салып, отырып алдым. Мен емес, жаңағы жігіт ұялып қалды. Мендей бетпақ, сүйкімсізді бірінші рет көрген-ау. Ал маған бәрібір. Көп ұзамай күткен аялдамаға кеп түстім. Жаңағы жігіт те артымнан ілесіп түсті. — Сені бұл мектептен бірінші рет көруім, — деді менімен қатарласа жүріп. — Әрине, бірінші рет келіп тұрмын емес пе?! — дедім. — Нешінші сыныпқа өттің? — Биыл бітіруші түлекпін, — деп сұрақтарына тез жауап беріп келемін. Жалпы еш ұялу, қысылуды білмейтін адам болған соң, кез-келген адаммен сөйлесіп кете беремін. — Ого, қатарлас екенбіз ғой. Мен – Ким Тэхён боламын! — деп маған қолын созды. — Ал мен – С/а! - деп ақырын оның қолын алдым. — Танысқаныма қуаныштымын! — Мен де! — дедім. Солай екеуіміз мектепке кіріп кеттік. Ол маған мектепті бір сыпыра таныстырып шықты. Ақырында екеуміз бір сыныпта оқитынымызды білдік. Екеуміз бір сыныпқа кіріп келдік. Барлығы маған адам көрмегендей қарады да қалды. Сосын мен екінші қатардағы бос партаға барып отырып алдым. Ал Тэхён соңына барып отырды. Солай біздің сыныпқа қарайтын мұғалім — Ким Мина кіріп келді де бәрімізді жаңа оқу жылымен құттықтап: — Биыл бізге жаңадан оқушы қыз ауысып келді. Танысып алыңдар, — деп мені тақта алдына шақырды. — Менің есімім – С/а! Мен Тэгуден Сеулге көшіп келдім. Алдағы уақытта жақсы қарым-қатынаста боламыз жеп ойлаймын! — деп мен өзімше иығымды тік ұстадым. Мені жақтырмағандары көздерінен-ақ білініп тұр. Әсіресе, қыздар. Жә, өзім де жетісіп жақтырғаным шамалы. Кербездене өз орныма қайта жайғастым. — Чонгук бүгін жоқ па? — деп Ким Мина ханым сыныпқа түгелдей қарады да басын шайқап күрсінді. Солай сабақтар өтіп, бүгінгі күн осылай өтті. Соңғы сабақ аяқталған соң, сыныптан шығуға дайындалдым. Байқап қарасам, сыныптың ұлдары барлығы дерлік шығып кеткен. Тек қыздар ғана қалдық. Бір қыз барып сыныптың есігін құлттап қойды. Мұнысымен қыздарды түк түсіне алмадым. — Сонымен, С/а! Біз сенімен жеке таныстыруды ұйымдастыруды шештік, — деді алдыма келген бір сылқым. — Мені бұлай ерекше күтіп алады деп ойламаппын, — деп күліп жібердім. — Менің есімім – Мин Айрин! Осы сыныпқа қарайтын, сыныптың сұлуы боламын! — деді сылқым өзіне көп ала. — Жарайды, сосын? — деп мен де ары қарай оның ертегісін тыңдағым келді. Бір жағынан күлкім келді. — Бірінші ереже – бұл сыныптың, яғни бұл мектептің қыздарының үстінен мен қараймын. Сондықтан, көнсең де, көнбесең де мені тыңдауың керек болады. Екінші ереже – менің жігітім Пак Чимин. Оған көзіңді салсаң, екі көзіңді көр қыламын! Түсіндің ғой, иә? — деді менің алдыма түскен кекілдерімді ұстап. — Бұл маған деген қандай агрессия? Мен ешкімнің заңына бағынбаймын, әуре болма! Сосын, біреуден қалған затты қолдандаймын. Мен үшін жиіркенішті! — деп оның қолдарын ары итере, шашымды қайта түзедім. — Хм, бұл бірінші және соңғы ескертуім деп сана! — деп сылқымның көздері шарасынан шыға жаздады. Шамасы менің істегенімді көтере алмады-ау. — Хых! Жақсы! — деп көзімді айналдыра, сөмкемді ала сала сыныптан шығып кеттім. Мектептің сыртына шықсам, Тэхён күтіп тұр екен. — Ого, тез шықтың ғой! — деп Тэхён маған күлді. — Түсінбедім? — дедім оның нені меңзегенін түсінбей. — Енді Айринді өзің де көрген боларсың. Мінезі баршылық. Барлық қызды жылатқан. Оны тыңдайды. Жаңадан келген қыздарды жылатқанды жаны сүйеді. Содан ғой, — деді, Тэхён ыңғайсыз күле. — Фуй, мұндай сылқымдарды көрсем құсқым келеді. Өздерін жоғары санайды. Бірақ мені жылата алмайды, — деп мен күлдім. — Солай болса жарар еді, — деп мені уайымдағандай Тэхён. — Сен мені уайымдап тұрсың ба? Қандай сүйкімдісің! — деп мен оның екі бетін шымшып алдым. Шынымен, маған оның бұл қылығы жағып барады. Солай екеуміз аялдамаға қарай кеттік. Кенет күтпеген жерден алдымыздан бір топ бұзақылар шыға келіп, Тэхёнды бас сала жерге жатқызып ала ұрып, тепкілей бастады. Мен шокта тұрып қалдым. Аяқ астынан не болып кетті? Олардың арттарынша ізін суытпай шылымын тартқан бір жігіт келді. Сұңғақ бойлы, спортпен көп шұғылданғаны көрініп тұр. Түрі сүйкімді, бірақ көздерінен суықтықты байқауға болады. Алайда, жап-жақсы түрін шылым шеккені құртып жібергені ба-а-р енді. — Мен саған қанша мүмкіндік бердім!Қарызыңды қашан қайтарасың? Артыңнан осылай қуып жүруім керек пе? Қасыңдағы сылқымдарға ақша құртпай, қарызыңды ойласаң қайтеді? — деп шылым шеккен жігіт, Тэхённың үстінен қарады. Ол кімді сылқым деді? Мені ме? Қазір мен оған көрсетемін. Оның сөздерінен төбе шашым тік тұрды. — Кімді сылқымға теңеп тұрсың? Қазір тіліңді тұрған жеріңнен жұлып аламын! — деп әлгі жігіттің қолындағы шылымды жерге лақтырдым да, аяғыммен мыжып тастадым. — Жаңадан келгенің көрініп тұр. Бұл жердегі ережені… — Сендердің ережелеріңе түкіргенім бар! — деп сөзін аяқтатпай шап бердім. Алдымдағы жігіт күліп жіберді. — Өзін керемет санайтын, бірақ шындығына келгенде сылқым екендерің өтірік пе?! — деп менің бетіме әдейі жымия қарады. Сылқым! Сылқым! Бетімен кетті. Қолымды жұдырықтадым да, дәл бетінен дәлдедім. Гүрс! Кеудесін керген жігіт, бетін ұстаған күйі жер иіскеді. Тэхёнды сабалап жатқан бұзақылар жердегі жатқан жігіт сымаққа жүгіре кетті. Мен Тэхёнға жүгірдім. Жатқан жерінен әрең тұрғызып алдым да: — Амансың ба? — бетінің сау жерін қалмағанын көріп. — Иә, бәрі дұрыс! — деді де Тэхён намыстанып тұрып кетті. — Әй, сен қыз! Қалайша дәтің барады оны ұруға?! — деп бұзақылар маған атылуға шақ тұр. — Тиіспеңдер! Кете берсін! — деп жердегі жігіт ерніндегі қанын сүртті де қалтасынан 1 дана шылымды алып, тағы да шеге бастады. Мен Тэхёнды иығыма қолын салып, алға қарай жүріп кеттім. — Енді олар сенің де артыңа түсіп алады, — деді,Тэхён мазасыз. — Кім олар? — дедім мен. — Чон Чонгук және оның күшіктері. Бізбен бір сыныпта оқиды. Бүгін келмеді. — Неге олар саған жабысып жүр? — Кезінде уақытша пайызбен олардан ақша алғанмын. Бірақ мен оларға айтқан уақытымда ақшаны тауып бере алмадым. Қазір де солай. Сондықтан да осылай соңымда жүр, — деп Тэхён күрсініп алды. — Сауап болған! Бәленің бәрін өзің бастапсың ғой. Мен сені жаным ашып құтқарғам жоқ. Маған кез келген нәрсені айтпауы үшін ғана онымен жаға жыртыстым. Ұқтың ба?! — дедім ашулана. Біреуге жаным ашып қорғағанды иттің етінен жек көремін. — Қазір қайда барасың? — деді Тэхён. — Үйге. Ал сен? — дедім — Басқа жұмыстарым бар. Сені аялдамаға дейін шығарып салайын, — деді Тэхён. — Өзің әрең тұрсың ғой, — деп мен күлдім де, — Керек болып қалар, — деп қалтамнан аз-маз жинап жүрген ақшамды Тэхёнға ұстаттым. — Бұл не үшін? — Қарызыңды жап. — Керек емес. — Керек. Әлгілер сенің тағы соңыңа түседі. Ал мен қайттым. Сау бол! — дедім де тез жүгіріп, кетіп қалдым. Неге олай жасағанымды өзім де білмеймін. — Хых! Жаным ашымайды дейді ғой. Бұл не болды сонда? — деп Тэхён қолындағы ақшаға қарап қалды. * * * Бүгін мектептегі екінші күнім. Сабақтар көп болған соң, 2 ауысым оқимыз. Арадағы үлкен үзіліске жүрек жалғауға шықтым. Айналамдағы оқушылар біртүрлі қарап жүрді. Түсіне алар емеспін. Жын көргендей қарады. Ыдысыма тамақтар салып бастадым. Керегімді алып болған соң, асханадан бос орын қарадым. Енді бұрылғаным сол еді, алдымнан біреу тұрып алды. Қарасам, кешегі еріні жарылған Чон Чонгук тұр. — Жолымнан былай тұршы! — дедім оны итеріп. Ол қайтпастан тағы тұрып алды. — Осылай оңай құтыламын деп ойлайсың ба?! — деп ол жеңіл езу тартты. #da3ai Қалай былай? Ұнады ма? Пікір білдіріңіз!