#BTS_FANFIC_QRF Біз кімбіз?: достық немесе махаббат. Басты кейіпкерлер: Чимин, сен ( Ёнджин) Қосалқы кейіпкерлер: Тэхён, Юнги, Юри. Жанры: гет, романтика, экшн, 18+ Бөлім саны: 20 Авторы: #Kalbim 1—бөлім. Жоғарғы оқу орнына түсуді армандаған сен, Сеулдің таңдаулы деген медициналық университеттерінің біріне оқуға грантқа түскен едің. Пусаннан мұнда ауысу сен үшін қиын болды. Ата-анаңнан жырақтап, туған үйдің қабырғасын ілгері тастап, буы қайнаған қалаға аяқ бастың. Бұрын анаңмен бірге келетін қалаға, қазіргі уақытта жалғыз өзің келіп отырсың. Жалдамалы пәтер іздеп әуре болмадың. Университет жатақханасын паналайтын болдың. Бұл жаңалықты естігенде қуанған едің. Өйткені, тұратын баспанаң сенің басты қорқынышыңның бірі болатын. Оқудың алғашқы күні-ақ, жатақханаға орналастың. Жатақхана деп айтуға да келмейді. Екі адамдық пәтер дерсің. Барлық жағдай жасалынған. Жуынатын бөлме, ас бөлмесі, сабақ оқитын бөлме, тек жатын бөлмесі ғана екі адамға арналған. Күн көзі шықпай жатып, осында келіп үлгердің. Есікті ашқаныңда алдыңнан шыға қалған аққұба, сұңғақ бойлы, аққу мойын, қыпша бел, көзінде күлкісі бар жас қыз қарсы алды. — Қош келдің! Менің есімім — Кан Юри. Танысқаныма қуаныштымын! - деді қолын соза. Сенде ілтипат білдіріп, қолыңды соза амандастың. Көзіңе түскені қыздың ұзын саусақтары. — Қуаныштымын Юри. Менің есімім Ёнджин! — Кел, кір! Юри сені бөлмеге кіріп, ішін таныстырып шықты. Екеуің біраз отырып әңгімелесіп, бір факультетте, бір группада оқитындарыңды біліп мәз болыстыңдар. — Ёнджин, сенің сабақ үлгерімің жақсы ма? Әйтпесе, менің мына миыма түк кірмейді. — Түк кірмесе, қалайша грантқа түсіп жүрсің? — Эх... Әкемнің ақшасы аман болсын. — Әкеңнің ақшасы болса, жатақханада тұрып қайтесің? Логика қайда? — Біраз уақыт олардан жырақ тұрғым келеді. Олардың көмектерінсіз ақ өзімді өзім алып жүретінімді дәлелдегім келеді. — Қызық. Дап-дардай қызсың. Оны дәлелдеудің не қажеті бар? — Сен мені түсінбейсің. Ақшаның буымен осы уақытқа дейін түк білмей келдім. Қазіргі уақытта өзім бәріне жеткім келеді. Кейін әкемнің бетіме басқанын қаламаймын. Өзі де қазірдің өзінде қит етсе "менің арқам" деп шығады. Сен үндемедің. Байдың ерке қызын түсінгің де келмеді. Өзің орташа отбасынан болғаннан кейін, оның үстіне отбасының үміт артар жалғыз болғасын бар жауапкершілікті өз мойныңа арқалап, мектеп қабырғасында жүрген кезіңде-ақ үздік болуға тырыстың. Мұның босқа болмады. Қазір, өз күшіңмен оқуға түсіп, ата-анаңның ақ батасын алып үлкен қаладасың. — Ёнджин, құры отырмай университетті шарлап қайтайықшы. Көзімізді үйрете берейік. — Жақсы, мен қарсы емеспін. Екеуің жиналып, универге шықтыңдар. Универ бар болғаны 15 минуттық жерде орналасқан. Ішке кірген соң, зәулім сарайға кіргендей күйге еніп, тамсана қарап ұзақ тұрдыңдар. — Уааа. Мен мұндай үлкен болады деп ойламадым! - Юри таңданасын жасырмай. Сен оған қосылып жатырсың. — Жаңадан келген студентсіңдер ме? - тосыннан шыққан дауысқа екеуіңде елең ете қалдыңдар. Арттарыңнан келе жатқан орташа бойлы жігіт келіп қастарыңа тұра қалды. — Иә. Сен кім болдың? - сен сөз бастай. — Ким Тэхён. Сен? — Ёнджин! — Мен Юри! — Танысқаныма қуаныштымын! - Тэхён жылы жымия, — Иә. Сабақтың басталуына бір сағат уақыт қалды. Дайынсыңдар ма? — Тоқта. Сенің факультетің қандай? Қай топсың? Ақылы? Грант? - Юри сұрағын жаудырта түсті. Жігіт саусағын шошайтып: — Уоу, уоу. Жәйлат қарындас. Фармация. 1-топ. Ақылы сендер ше? — Мәссаған. Бізде сол топтамыз. — Кеттік. Не тұрыс? Аудиторияға барайық.