#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, бала күннен бірге өскен досыңмен отбасын құрдыңдар. #Елестетші, қазіргі таңда отбасын құрмаған жастар қаншама. Солардың бірі сен. Жасың 28-ге таяп қалды. Оқуыңды бітірген соң карьера қуып, жастық шағыңды мансабыңа арнадың. Әкеңнің компаниясында қарапайым қызыметкерден өз күшіңмен "төрайым" дәрежесіне дейін көтерілдің. Қазір әкең мен анаң зейнетте болғандықтан, компанияның жауапкершілігі сенің мойныңда. Отбасында екеусіңдер, жалғыз інің бар. Інің қазіргі уақытта Англияда оқуда. Ол аяғынан тік тұрғанша отбасыңның қамын ойлап, күндіз-түні талмай еңбек етіп жүрсің. Енді, міне, 2 айдан соң інің дипломын алып, компания ісін өз қолына алмақшы. Осы себепті, әрі тұрмыс құратын да уақытың келгендіктен, ата-анаң сенің 1 ай ішінде тұрмыс құрғаныңды қалайды. #Елестетші, кешкі уақыт болып қалған кез. Сен төменге түскенде ата-анаң қонақ бөлмеде екен. Әкең: — Қызым, алтыным, жаным менің, әп-әдемі болып қайда шықтың? — Әке бүгін ірі кәсіпкерлердің жыл сайынғы бас қосу кеші өтеді. Тіпті атағы жер жарған Италия елінің сән саласындағы ең ірі деген дизайнерлері келмекші. Естуімше, солардың бірі Амато Алонзо екен. Бүгін танысып, ол кісімен жақсы қарым-қатынас орнатуым керек. — Қарашы, әкесі әне қызыңды да өзің секілді жұмысбасты етіп қойдың. Құрбыларымның бәрі ұлдарын үйлендіріп, қыздарын күйеуге берді, тіпті немерелері де бар. Ал біздің қыздың ойы жатса-тұрса тек ЖҰМЫС. — Туй, анашым, қойшы. Інімді компания ісіне үйретейін, бағыт-бағдар берейін, сосын бірден тұрмысқа шығамын. Өзіңе білінер дауыста жігіт тапсам, әрине, - дей, күрсініп. — Қызым, анаң дұрыс айтады. Інің 2 айдан соң елге қайтпақшы, оны өзім үйретемін, оның үстіне ұлым да өзіме тартқан алғыр әрі еңбекқор бала ғой, - деді мақтана әкең. — Одан да 1 айдан соң тұрмыс құр. Онсыз да біз үшін қанша жыл еңбектендің. Енді өзіңе адал жар тауып, отбасын құрсаң, арманымыз жоқ. Қанша жыл өміріміз қалды дейсің. Әкеңнің бұл сөздеріне көңілің түсіп біртүрлі болып қалдың. Бірақ оларға білдірмей жымиып: — Жақсы, анашым, әкешім. Сіздерді осы жексенбі күні болашақ күйеу балдарыңызбен таныстырамын, - дедің. Анаң мен әкең бұл сөзіңе қуанып құшақтап алды. #Елестетші, сауық кешіне барып, Аманто Алонзомен де таныстың. Өте керемет кісі екен. Ең қызығы Ким Тэхёнмен, яғни сенің досыңмен жақсы араласады екен. Соның арқасында ол кісімен достық қарым-қатынас орната алдың. Ким Тэхён — сенің бала кезден бірге өскен досың. Ата-аналарың да жас күндерінен бері жақын достар. Отбасыларыңмен жақын араласасыңдар. Інісі Тэсон және қарындасы Тэён бар, олар сенің туған бауырларың секілді. Олар да сені әпкесіндей көреді. Тэсон інің Сонумен бір күнде туылған, екеуі әрдайым туған бауырлар секілді жүреді. Тіпті адамдар екеуін егіз деп ойлайды. Сауық кеші бітуге шамалаған уақыт. Сен у-шудан шаршап балконға шықтың. Жұлдыздарға тамсанып қарап тұрған болатынсың, бірде артыңнан: — Мұнда не істеп жүрсің? Бүгін күн суық, жаурап қалма, - деп, Тэхён өз костюмін арқаңа жапты. — Жай. Тыныш жерде болғым келді. Өзің ше? — Мен де сол себеппен. Жалған жымиыс пен өтірік күлкіден демалайын деп осында келгем. Сен күле оның қаншалықты адал, шынайы әрі мейірімді адам екенін есіңе алып, оған жымия қарадың. Ол да саған езу тартып, қалтасынан темекісін алып, оттықпен түтеткелі жатқанда сен: — Мен де тартып көргім келеді, берші, - деп, темекісін алып алдың. Ол біртүрлі жақтырмай: — Мұның не? Саған шегуге болмайды. — Неге? Саған болады екен де, маған болмай ма? — Сен қыз баласың. Әрі темекі шегетіндей, махаббат машақатын көріп жүрген жоқсың. — Қыз болсам не болыпты? Осыған неге сонша құмар екеніңді білгім келеді. Сосын ол қызды ұмытатын уақытың болды ғой. Бақандай 7 жыл өтті. Осы сөзді айттың да, оттықты алып темекіні тұтаттың. Тэхён дереу қолыңнан темекіні жұлып алып, жерге тастай, жаншып тастады да: — Жарайды, жақсы! Мен темекі тартуды қоямын, сен де шегуші болма! - дей, қабағын түйді. — Уәде ме? - бала күнгі әдетіңше кішкентай саусағыңды ұсынып. — Иә, иә. Сөзім сөз қоямын. Жауап ретінде саусағын сенікімен біріктірді. Сен екінші қолыңмен балта қылып, саусақтарыңның үстінен ұра үздің. — Осы сен неге бұлай істейсің? Қырсығып болдың ғой темекіге бола. — Мен саған қаншама рет "қой" деп айттым. Ал сен тыңдамадың. Басқа амалым болмады. Сол үшін темекі тартпақ болдым. — Осы қырсық қайтпас мінезіңмен бәрін өзіңе тартып тұрасың. Күліп шашыңның ұйпасын шығарды. Сен ашуланып оған ренжи қарадың. Бір сәт ішіңде көбелектер пайда болды. Тэхён сенің шашыңмен бұлай істемегелі 2 жыл болған. Соңғы 2 жылда ол қатты өзгерді. Есейді өмірге басқаша қарай бастады. Темекіге әуестігі де осы кезде басталған болатын. #Елестетші, төменге түсіп, қонақтардың жанына қосылдыңдар. Жұрт көңіл көтеріп кешті жұптық бимен аяқтады. Сені Тэхён биге шақырды. Екеуің де жақсы билейсіңдер. Мектеп кезінде екеуің бірге би үйірмесіне баратынсыңдар. Керемет әуен қосылып, би өрби түсті. Тэхённың қолдары беліңде, сенікі оның иықтарында. Сен ерекше сезімді бастан кешіріп жатырсың. Себебі бұл сенің алғашқы вальсің еді. Тэхёнға жақын келіп құлақ тұсына: — Білесің бе? Сен бақытты жансың. Бұл менің ең алғашқы вальсім, - дедің. Тэхён бұл сөзіңе күлімдеп: — Бұл мен үшін үлкен мәртебе, сұлу бикеш, - деп, құлағыңа сыбырлады. Сенің денең тітіркеніп кетті. Есіңді дереу жинап: — Негізі сенімен билемеуім керек еді. — Неге? - Тэхён қасын көтеріп түсінбей. — Себебі мен алғаш вальс билеген жігітке тұрмысқа шығамын деп, өзіме сөз беріп едім. Сәл ұяла қымсына айттың. Ол біраз үндемей тұрды, кейін: — Олай болса екеуміз үйленейік! ҮЙЛЕНЕЙІК, КАН С/Е! Маған тұрмысқа шығасың ба? Тым сенімді нық дауыста айтты. Сенің есіңе ата-анаңның сөзі түсіп, ойлана бірер секундтан соң: — Иә! Менің жауабым, иә! Саған тұрмысқа шығамын, Ким Тэхён! Жалғасы бар... Автор: #moonlight Қайырлы кеш, құрметті оқырмандар! Мен топқа жаңадан келген редактормын. Пікірлеріңізді білдіріп, қолдап кетсеңіздер.