#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, әпкең қайтыс болғаннан кейін, Чонгук саған көңіл білдірді. пов_С/а Оның қалай салы суға кеткен күйінде мейрамханадан шығып кеткенін көрдім. Артына бір қайырылған да жоқ. Енді біз бір біріміздің көздерімізге қалай тік қарай алар екенбіз? Бұл оқиғадан кейін бізге біразға дейін оңашада, көзге түспестен ойланғанымыз дұрыс секілді. Мен оның қандай жан екенін жақсы білемін. Оның алдында енді өзімді кінәлі сезінетіндей бір жағымсыз сезім тұр... Мейрамханадан шыға бергеніңде, сыртта жауын басталып кетті. Аспанның бүркенген қара бұлты, оңайлықпен кете қоймайтындығы көрініп тұрды. Мейрамхана алдындағы бастырмада кідіріп қалдың. Көлік терезесін тазалаушы тоқтаусыз жауынды ысырып тастап отырды. Чонгуктің жүзінен не ойлап жатқандығын аңғарып болмайсың. Жылдамдықты асырып отырып, үйіне тартты да малмандай су болған күйі үйіне келді. Сырт киімдерін шешіп жатқанда, жанына қызметші әйел келіп: — Мырза, Ён сізді күтіп-күтіп ұйықтап кетті, - деді, ақырын дауыста. Чонгук: — Жақсы. Сіз енді үйге қайта беріңіз, - деп жуынатын бөлмеге кетіп қалды. Жаңбыр астында ұзаққа қалып қойғандықтан, жылы ванна қабылдап шықпасыңа болмады. Ертеңгі күн сөзсіз сен үшін қайырлы болмайтындай көрінді. Бөлмеңнің жарығын жаққанда, көзіңе еріксіз жақташадағы фотосурет түсіп кетті. Аяңдап жанына келіп, қолыңа алдың. Юджин мен Чонгуктың үйлену тойларынан болған бақытты кадр. Чонгук бұрын болмағандай қуанышты болып тұр. Чонгукке бір қарап, суретті теріс қаратып тартпаға салып жібердің. Күннің ауырлығы сонша, банк қызметкерлерінің барлығының көңіл күйлері жоқ. Себебі, іште “ Жұмыстан қысқару ” туралы сыбыс жүріп жатты. Апта соңында аяқ асты жүргізілген рейдтен кейін, барлығы өзі үшін бастары қатып жүр. Жылы орнынан кімнің босағысы келеді?! Сен компьютер алдында өз жұмыстарыңды жасап отырғанда, телефоныңа басшылықтың хатшысы хабарласа бастады. — Иә, Ку ханым? — Сені Ким мырза кәбинетке шақырып жатыр, - деді де сөндіріп тастады. Бұл деген сөз, сен қазір боссың ба, бос емессің бе қызық емес. Дереу кел деген мағынаны білдіреді. Ішің алабұртып, орныңнан тұра бергенде, Ынбёль: — Сені бастық шақыртып жатыр ма? - деді үстелінен басын сәл көтеріп. Сен терең тыныстап: — Иә, - дедің, қысқа қайырып. Ынбёль жан-жағына қарайлап: — Бұл жақсылық емес. Ким мырза шақыртқан қызметкерлердің барлығы жұмыстан босатылып жатыр. Сені де сол себепті шақырған болса ше?.. - уайымдап. Бұл нәрсе сені де алаңдатып тастады. Іштей қобалжып тұрғаныңды көрсеткің келмей: — Қайдағы жоқты айтады екенсің. Келесі болып сені шақырмай тұрғанда, жұмысыңды жаса. Мен кеттім. — Йаа, С/а! Байқашы, - сені алаңдап. Іштей: — Одан да маған бұл сөзді айтпай-ақ қоюың керек еді, - деп, бастықтың кәбинетіне тарттың. Ким мырзаның кәбинетіне жеткеніңде, іштен менеджер Пак ханым риза болып шығып келе жатты. Сені көрген бойда, күлкісін сап тиып, бастан-аяқ ала көздерімен сүзіп өтті. Оның риза болған жүзіне қарап, сол сәтте ойыңа “ Демек, шақыртылғанның бәрі жұмыстан босатылады деген өтірік екен ғой ” деген ой келді. Есікті бір-екі қағып: — Мырза? - деп ішке ендің. Креслосына арқасын кеңге жайып отырған Ким мырза, алдына бұрылды да: — Со ханым! Келіңіз, - деп алдындағы үстелді емес, өзінің санын ақырын соққылап меңзеді. [ Бұл не сұмдық! ] Ким Тэ Хён. Банктың басшылығына келгеніне 4-5 жылдың жүзі болса да, банкты банкрот етіп жіберуге бір-ақ жылы жеткілікті болған сондай танымал кісі. Бірақ банк жеке меншік Ким әулетіне тиесілі болғандықтан, қазір оның орнын басатын адам табылмай тұр. Сұсты, ойнақы көз қарас, өзіне деген сенімділігі шекесіне жеткен кісі. “ Мүмкін, мына үстелді меңзегісі келген болар ”деп, алдындағы үстелге отырдың да: — Не себепті шақырдыңыз? — Ах, Со ханым! Сізді өз кәбинетімде көрмегеніме көп болыпты. Жиі көрісіп тұрмаған соң, жүзіңізді де ұмытып қала жаздадым, - әр сөзінде езуі созыла сөйлеген сайын, жүзіне тік қарау мүмкін болмай барады. Өтірік сәл мырс еттің де белдемшеңнің етегін қолдарыңмен қыса ұстап алдың. Тэхён: — Аа, иә. Не айтып жатыр едік? — Мені не себепті шақырғаныңыз жайында. — Дұрыс. Сені шақырған себебім, жұмыста табысты, статусыңның көтерілгенін қалайсың ба? [ WTF! Бұл не деген күтпеген ұсыныс?! ] Бұл сұрақтың артында нендей нәрсенің жатқанын түсінбесең де: — Әрине, оны кім қаламасын?! — Бәрекелді! Мен де солай ойлаймын. Барлығы қалайды ғой. Бірақ, бәріне ол мүмкіндік бұйыра бермейді. Солай ма? — Иә... — Сенің қандай адал, ұқыпты, еңбекқор жұмыскер екеніңді жақсы білемін. Оны бүкіл кадр мойындайды. — Рақмет, мырза, - ақырын иілдің. Тэхён сөзін жалғап: — Сені осынша ерен еңбегің үшін, сый құрметке бөлегім келеді. Бұған не дейсің? - бір қасын жоғары көтере қайта креслосына шалқая бастады. Мұндай ұсыныста не ойлауға болады? Аздап қысыла, әлгіндегі күдігің сейілгендей: — Әрине, сізге алғас білдіремін. Еңбегімді бағалап жатқаныңызға рақмет. — Иә-иә. Бірақ құр рақметті қолдана алмайсың ғой солай ма? — Не дейсіз? - түсінбей қалдың. Енді дегенде түпкі ой, түпкі мақсаттың шеті көріне бастады. Тэхён еріндерін жымқыра күліп: — Кешке жұмыстан сені ерте босатамын. Бар жақсыңды жасанып, дайын отырыңыз. Сізді бір жақсылармен таныстырайын. Статусы жоғарылайтын адамның да араласатын ортасы сондай болуы керек. Жақсы, әзірге боссыз, - деп сөзін аяқтады да хатшысына хабарласа, — Ку хатшы, маған сағат кешкі тоғызға кездесуді белгілеңізші, - деп, сөндіріп тастады. “ Қандай кездесу? Кімдермен кездесу? Бұл не үшін керек? ” деген сұрақтар тіліңнің ұшына келіп тұрғанымен, оны сыртқа шығара алмадың. Бойың тіктелген күйі қақиып орныңа отырғанда, Ынбёль басын көтеріп: — Өте өкінішті, С/а. Сенімен зейнетке бірге шығамын ба деп ойлап едім...- түрін келістіріп ала. Сен оған қарамастан: — Ынбёль, осы Ким мырза қандай адам? — Не дейсің? — Ким мырзаны айтамын. Қандай адам? — Ким мырза... Бойшаң келген, сымбатты, түрі сұсты, кейде адам танымастай күліп жүреді де кешкісін бәрімізді қырады. Көңіл күйі бірде көл, бірде шөл. Кейде тіпті бір аптаға дейін ашуының беті қайтпайды. Бойдақ деп естідім. Бірақ оның баласы бар деп те естідім. Қайсысы рас, қайсысы өтірік екенін білмеймін, - деп не деген эмоциямен сөзін аяқтады да саған анықтап қарады. Жүзің мұз секілді қатып отыр. Ынбёль тесірейе қарай: — Сен не, оған ғашық болып қалғаннан саумысың? - көздері шарасынан шығардай. Сен роботтар секілді мойныңды сәл Ынбёльға ыңғайлай бұрдың да: — Құдай сақтасын! — Ә, бәсе! Мен сені білемін ғой. Талғамың сондай паң адамсың. Кешегі жігітті не істедің? Бейшараның көңілін су сепкендей басып жібердің бе? — Мені енді мұндай лас тірліктеріңе араластырушы болма, Ынбёль. Бұл соңғысы болғай. Мен кеттім, - жиналып, орныңнан тұрып барасың. — Қайдаа? — Үйге. — Бел ортада ма? Жұмыс ше? — Мені Ким мырзаның өзі босатты. — Шыныңды айтшы...ол саған не деді? Біраз кідіріп қалдың. Тэхённың саған айтқандарын Ынбёльмен қазір бөлісуге болатынына сенімді болмадың. Жай ғана күлімсіреп: — Ештеңе. Бәрі дұрыс, Ынбёль. Мен ертең келемін жұмысқа. Сәттілік! - деп кетіп қалдың. Ынбёльдің сенің жауабыңа көңілі толмағандай қала берді. Бүгін Қытай өкілеттілерімен болған кездесуде Чонгук екі компанияның бірлестігін арттыратын жобаларын сәтті қорғап шыға алды. Бір сағатқа созылған екі тараптың кездесуінде компанияның басшысы ретінде төрден орын тепкен директор Мин ханым сөз бойы Чонгукты бақылаумен болды. Оның жұрт алдында өзін қалай ұстауы, жұмысына деген тиянақтылығына сүйсініп отырғандай. Барлығы өз сәтімен аяқталып, Қытайлық елшілерді шығарып салғаннан кейін Мин ханым: — Барлықтарың жарадыңдар. Әсіресе Чон мырзаға ерекеше алғыс білдіремін. Сендердің еңбектерің компанияның жемісі. Олай болса, кешкі асты мен сіздерге ұсынайын, - деп бірден көзі топ арасындағы Чонгукке түсті. Чонгук өзінің миссиясын аяқтап, арқасынан ауыр жүктің түскеніне разы болып, кешкі асқа аса құмарта қоймады. Барлығы қуанып, Мин ханымды мақтай түсті. Чонгук иілді де: — Олай болса, мен барайын, - деп кетпек болғанда, Мин ханым: — Чон мырза, сіз де жүріңіз. Бұл кеште тер төккендердің бірден бірі сізсіз. — Ей, Чонгук! Жүрсеңші енді. Мин директордың өзі шақырып тұрғанда бас тартамысың?! Чонгук іштей мұны қаламаса да Мин ханымға қарады. Ерекше жымиыс Чонгукке әлі қарап тұрды. Кешкі сағат тоғыздардан минуттар асып жатты. Үйіңнің алдына келген көліктің алдынғы терезесі ашылды да: — Отырыңыз, - деді. Іштей: — Мені алып кетуге өзі келген бе? - деп ақырын еңкейе Тэхёнға қарап: — Әуре болмай-ақ қоюыңыз керек еді. Мен өз көлігіммен...- дей бергеніңде Тэхён: — Сіз ойлағандай емес. Тездетіп отырыңыз. Бізді күтіп отыр. Ұялыңқырап көліктің алдына отырдың. Тэхён бастан-аяқ сені көзімен шолып шыға: — Сізді жұмыстан бөлек көрген мүлдем басқа екен, - миығымен күліп. Бұл комплиментке түкіргенің бар. Бар ойың “ қайда барады екенбіз? ” деген болды. — Біз қайда барамыз? — Өте жақсы жерге. Ол жерде көп бөгелмейміз. Тек менің айтқандарыма келісіп отырсаң болғаны. — Ж.Жақсы... Көп уақыт өтпей, межеленген жерге де жеттіңдер. Мейрамхананың алдына келіп тоқтаған көлікті тұраққа қоюшылар күтіп алды да іліп әкетті. Сен мейрамхананың үлкендігіне қарап, тұрып қалыпсың. Қыпша беліңнен суық қолдың жүріп өткенінен өне бойың дір ете қалды. Тэхён бір езуімен күліп: — Кірейік, - есікті меңзей. Беліңнен ұстаған сәті сені естен тандырды. Ойыңа не бір жаман дүниелер келіп, қорқа бастағандайсың. Тэхён қолын беліңнен ысырып тастағаннан кейін ғана ішке кірдіңдер. Сен бірден: — Мен дәретханаға барып келейін. Сіз бара беріңіз, - дедің сасқалақтап не деріңді білмей. Тэхён: — Жақсы. Көп бөгелмеңіз. Сізді күтемін, - деп кете барды. Дәретхана жай ғана бір сылтау еді. Мына істеп жатқан қадамдарың ертең басыңа таяқ болып тиетін нәрсеге апармасына алаңдай бастадың. Тэхённың жүріс-тұрысы барған сайын шекарадан шығып бара жатқандай. Әрі қарай сені не күтіп тұрғанын білмесең де оймен болжап үлгергендейсің. Қазір барып, Тэхёнға ешқандай жоғарылаудың қажет еместігін ашық айтып, бұл кездесуді болдырмайтындай шешім қабылдап, үстелге жақындап барғаннан жүрегің тарсылдай бастады. — Әне, өзі де келді, - деді, Тэхён сені меңзеп. Тэхёнға қарама-қарсыдан орын алған әйел мен ердің кім екендерін жандарына толық келгенде ғана анық көре алдың. — Ах, сен айтқан бикеш осы ма? Сәлеметсіз бе! - деді жылы шырай білдірген, бақуатты әйел. Саған бұл әйел емес оның жанында отырған адам көзіңе оттай басылды. Бір-бірлеріңе тесірейе қараған күйде қалыпсыңдар. [ Не болып кетті өзі?! ] — С/а, таныс бол. Бұл біздің серіктес компанияның басшысы Мин Ши Юн ханым мен Чон Чонгук мырза, - арқасын кеңге жайып. Басқасы басқа, бұл кеште Чонгуктың да боларын үш ұйықтасаң түсіңе де кірмеген еді. Үстіңнен салқын суды төгіп жібергендей қаздидың да қалыпсың. Тэхён қолдарыңнан ұстай жанына отырғызып жібергенде, Чонгук орнынан тұрып кетердей болды. — Ренжімеңіздер. Бұл менің серігім — Со С/а, - деп Тэхён таныстырғанда өмірің күрт өзгеріп сала берді. Көздерің бақырайған күйде Тэхёнға қарап қалыпсың. Тэхён түр береді ме, үстел астынан қолыңнан түртпектеп әлек. Чонгук үшін бұл оңай жаңалық болмады. Ол сенен әліге дейін көзін алмады. ШиЮн: — Қандай керемет! Өте жарасымдысыздар. Танысқаныма қуаныштымын, Со ханым! - күлімсірей. Чонгукке қарауға бет жоқ. Жерге кірердей болдың. Көп ұзамай бәрі оңалады деп күткен ара-қатынас, мына бір өтірікке құрылған таныстықтан жақын арада оңала қоймасы анық. Чонгук көзін сенен тайдырып: — Кешіріңіздер, менің шұғыл шаруаларым шығып қалды. Тағы бірде кездесерміз, - деп орнынан тұра бергенде ШиЮн Чонгуктің қолынан ұстай: — Кетемісің? Мені жеткізіп салсаң қайтеді? Менің де есімнен шығып барады екен. Маңызды құжаттарды қажет жеріне жіберуім керек, - өтірік күліп, Чонгукке жармасып алыпты. Тэхён: — Келгеніміз қазір. Түк етпес. Келесі жолы сәтін салса жолығармыз. Жолдарыңыздан қалмаңыздар. Чонгук саған бір қарап: — Айып етпеңіздер, - деп ашуланып кетіп қалды. Сен Тэхёнға қарамастан орныңнан тұрып кеттің. Тэхён: — С/а, тоқта! С/а, мені тыңдашы. Сен алды-артыңа қарамай, кетіп барасың. Тэхён соңыңнан еріп келеді. Тура мейрамханадан шыққанда, Чонгук әлгі әйелді көлігіне отырғызып, жүріп кетті. Тэхён сені өзіне қаратып ала: — Саған жай ғана “ Сөзіме келісіп отыра бер ” дедім ғой. — Кешіріңіз, бірақ мен сіз ойлаған адам емеспін. Және сіздің жоғарылау туралы ұсынысыңыздан бас тартамын. — Хах! Сеніңше бәрі басқаша болады деп күттің бе? Қазір кім оңайлықпен жұмыста табысты болып жатыр дейсің?! Адал жұмыста ешқашанда жоғарылау да көтерілу де жоқ! — Менің кеткенім дұрыс. — Сенімдісің бе? Бұл жоғарылау саған керек еместігіне сенімдісің бе? Егер бас тартқан болсаң, нендей ақымақ болғаның. Тэхёнға қарап тұрып: — Маған менің арым маңыздырақ, - деп қайсар жауап қаттың. — Ал сен байқамадың ба? Әлгі жігітті айтамын, - дегенде әңгіменің Чонгук жайында басталғанын түсініп, тоқтай қалдың. Тэхён сенің бұл сөзіне қызыққаныңды тоқтағанынңнан түсінді де сөзін жалғап: — Ол да... Ол да жұмысында жоғарылау үшін ШиЮнның жанында отырғанын байқамадың ба? Тіпті еркектердің өзі бұл тұрғыда әлсіз. Әрі епті. Бұл сөздер жүрегіңе қатты батты. Және Тэхённың бір сөзіне сенгің келмеді. Сеніңше Чонгук ондайға баратын адам емес еді. Артыңа қайрылып: — Бұл өмірде оңай олжаны иелік ететіндер көп. Оны ұзақтан іздемей, айнаға қарасаңыз-ақ тірі мысалды табар едіңіз. Қош! - деп, кетіп қалдың. Тэхён сөздің парқын түсінгендей, орнында тұрды да қалды. Келесі бөлімде: — Бұл сенің балаң ба? Есімі кім? — Ён. ... — Бұл не? — Арыз. — Қандай арыз? — Мен жұмыстан шығуға арыз жаздым. Оны қабылдап, қолыңызды қойыңыз. — Арыз? Кешегі оқиғадан кейін, кетуге бел будың ба? — Бұның оған еш қатысы жоқ. Жеке мәселе бойынша. — Алып кет. Мен ешқайда да қол қоймаймын. — Бірақ сіз! — Тек бір шартпен... Шартты естіместен арыз жаған хатыңды алдың да, есіктен шығып кеттің. ... — Чонгук, Ёнды алып кетуге келіп едім. Оны сен алмапсың. Сонда, Ёнды кім алып кетті? — Енді Ёнды алып кетіп әуре болмасаң да болады. Оны Шиюн алып кететін болады. — Шиюн? ... — Чонгук, Ён үйге үйреніп қалды. Бүгінше менің үйімде қал. Ённың кеткісі жоқ. ... — Екінші рет үйлену ойыңда бар ма? #Calvin_Klein