#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің.
8-бөлім
#Елестетші арада бірнеше күндер өтіп, Исландияға баруға дайындық жасап жаттың. Бүгін Юнгимен тілдеспегеніңе 2 күн болды. Реніштің бастауы Мин ханым еді. Əуелі баланы сылтауратты, кейіннен сені төмендете берді. Саған біреу ауыр сөздер айтадыда, сен қарап тұрасың ба? Жетер жеріне жеткізіп, төбелеспесеңде, сөзбен табалап тастадың. Əліде Мин ханымның жасын сыйлай өзіңді ұстадың. Бұл келіспеушілікті сырттай соңын ғана естіген Юнги, сені кінəлі деп тапты. Жəне анасының айдауымен, қызбалыққа салып саған боқ ауыз сөздер айтты. Содан бері оған ауыз ашып сөйлемедің, не көз қиығыңды салмадың. Сенің мінезіңе барлығы көндіге бастаған тəрізді, Юнги де, Мин ханымда сенің ісіңе мұрын сұқпай жүр. Бөлме есігі қағыла Юнги ішке кірді.
— Кірсем болама? - деді, сөзін əрең бастай. Сенің үнсіз жүргеніңе өзі бір-екі рет кешірім сұрады, бірақ сен оны мүлде елемедің. Оған ескерту жасаған едің, бірақ ол бəрібірде қателікті қайталаудан шаршамайды.
— "Шық" десем кетесің ба? - дедің, кереуетке отырып.
— Жоқ, кетпеймін.
— Онда несіне менен сұрап жатырсың? Бəрібір менің жауабымды білесің.
— Сөйлесейік С/а. - деп, қасыңа жайғасты.
— С/а, ересек адамдарша келісіп алайық, балалықты қойып түсінісуге тырысайықшы. - деп қолыңнан ұстап, жүзіңе тіке қарады.
— Енді есіңе түстіме ересек адам екенің. Мен саған əуел бастан айтып келемін, арамыздағы кикілжіңді реттеуге тырысып-ақ көрдім, болар емес. Сен, сен өзгермисің.
— С/а, осы уақытқа дейінгі жайтты ой елегінен өткізіп қарашы. Кімде айып көп? Менде ме, əлде сенде ме?
— Ахх, Юнги. Жарайды мен кінəлімін. Мен ұрысты бастаймын, мен бұл некені қаламаймын, мен басқа адамға көз саламын, мен бала секілдімін, мен өте жаманмын. Болдыма? Юнги, менің шарасыздығымды пайдаландың, жəне үйлендік. Мен сені күйеуім ретінде қабылдауға тырысып жатырмын. Ал сен, жек көрінішті əрекет етуді қоймайсың.
— С/а, сен маған қалай ұнайтыныңды білесің. Мен өзгеремін, біз əлі ешқандайда ұзаққа барған жоқпыз. Бəрін жаңадан бастайық. - деп, шашыңнан жеңіл сипап, маңдайыңнан үбті. Бұл тап бір сенің сеніміңді иеленудің жолы секілді. "Жаңадан бастайық" сөзінің əсері болады ма? Тойдан алдын айтылған, сендердің некелерің келісім шартқа қатысы жоқтығы дəл қазір сен Юнгиге қарсы келмеуге көндірді. Барлығын тастап, бəз баяғы қалпыңа оралғың келеді. Бірақ бұл некелік байланыс енді ешқашан үзілмесе керек...
— Өзгерме, тек ойланып əрекет ет. - деп, өтірік жымысқы күлкіңді ілестіре жымидың.
— Иə, бізде бəрі жақсы болатынына сөз берем С/а.
— Ұшақ 4 сағаттан кейін білесің бе? - орныңнан тұра, заттарыңды шетке қойдың. Солай өзіңді ретке келтіре боянып жаттың. Юнги саған айна арқылы қарап отыр.
— Маған сен! Сен ойлағаннан да асып түсетін боламын.
— Құр уəдеден не пайдаа? - дедің, бұрыла оған қабақ шыта.
— Құр уəде емес. Мен сөзімде тұра аламын.
— "Ойбай өзгерем, қателік жасамаймын" деп, екі сөздің бірінде абюзер екеніңді көрсетіп қоясың. Кəні үйіп-төккен уəделерің?
— Енді, солай болып қалды да. Болды, бұл жолы расымен керемет болады. - көзін қысып, ал сен көздеріңді айналдыра кербез мінезіңді көрсеттің.
Ұшақ.
— С/а, бəрі дұрыспа?
— Ия, мойыным ауырып кетті. Бары сол ғана, бəрі жақсы.
— Кел, менің иығыма жат. - деп, басыңды өзіне қарай икемдеді. Иығын төмен сала сенің ыңғайыңа жығылды.
— Рахмет. - деп, əлсін жымиыспен жауап қайтардың. Ұшақ негізгі қалаға қонды, ал сендер қалған жолды көлікпен өткердіңдер.
— Юнги! Қара мына құбылысты! Жүргізуші өтінем көлікті тоқтатыңызшы. - көлік тоқтаған бойда, сыртқа атып шықтың. Аспанды жайлаған солтүстік шұғылаға көзің тоймай қарап тұрсың. Юнги сенің артыңша шығып, жаныңа тұрды.
— Бұл ұнайма? - сабырлы болып үн қатты. Дəл бұрынғыша сабырлы, қоңыр үні саған ұнайтын болыпты.
— Ия, бəрінен қатты ұнайды. Егер менен осы көріністі көру үшін не сұрасада берер едім.
— Неге сонша бұл көріністі жақсы көресің? Біліп жүрейін, өзің айтқандай, құлай сүйген адам өз сүйгенінің не ұнататынын білуі керек. - сені өзіне бұра, шаштарыңнан сипап, жауабыңды күтті.
— Бұлма...? Кішкентай кезімде апай айтып берген ертегі үшін ұнайды. Ертегіде: қыз осы шұғыланы көргеннен кейін мəселенің шешімін тауып, өз сүйгенін қайтарып алуға мүмкіндік алады. Солтүстік шұғыла, қызға жіберілген белгі болған деседі, сол үшін ол əрдайым осылай пайда болып тұрады.
— Ех, солай де. Менде, бұл мəселеге шешім таптым С/а.
— А, не мəселе...- сөзіңнің соңын жеп қойдың, дəлірек айтқанда сөзіңді Юнгидің еріндері аяқтатпады. Көздерің бақырайып, оны итеруге қолыңды көтерген мезет Юнги қолыңнан ұстай төмен түсірді. Беліңнен ұстай өзіне тым жақын тартты. Аспан жасыл, қызыл түспен əсемделген, бұл сендердің сүйістеріңе керім болып үйлесті. Одан өзің ажырай:
— Маған бұлай жақындаушы болма, дедім емеспе? - Юнги, еріндерін сүрте, сені тыныш қана тыңдады.
— С/а, біз күйеуі мен əйеліміз, біз...
— Юнги, біз келісіп едік. Бізге жақындасып қажет емес. Арақашықтытықты сақтайықшы.
— С/а... - деп, айтып болғанынша көлікке отыра кеттің. Олда артыңша көлікке мінді, мінген күйі үнсіз қалдыңдар. Жолда кетіп бара жатып, дəрігермен ақылдасқан уақытыңды есіңе алдың. Дереу күнтүзбеңді ашып қарай бастадың. Ішіңнен ғана:
— Қап! Бірінші күні өтіп кетіпті, екінші күні ғана қалды. Мына сорлыға ренжимін деп, ұмытыпта кетіппін ғой! Енді не істеймін?
Қонақ үйге жеттіңдер. Юнги лəм-мим деми келді, мүмкін ренжіп қалды. Бөлмені тіркеп, 201 бөлмеге кірдіңдер. Қызметкер чемодандарды ішке кіргіздіде қайта кетті. Бөлме жас жұбайларға арнап жасалғандықтан, шамдармен сəнделіп тұр.
— Юнги, бөлме керемет сəнделіпті иə? - деп, оған жылы қабақ таныттың.
— Мхм, жолдан қатты шаршадым, демалайықшы.
— Бірақ...
— Не бірақ С/а?... Мен душқа кіремін. - деп, тырысып қалған секілді болды. Ол душтан шыққанша ойланып отырдың.
— Мүмкін келесі айды күтермін. Əлде ЭКО қолайлы ма? Айщщ, не істеймін, - деп, шашыңды жұлмалап жатқанда Юнги шығып қалды.
— Не істеп отырсың, жын ұрдыма сені? - деді, күле сенің шашыңның алба-жұлба шыққанына келеке етіп.
— Шамасы солай. - деп, орныңнан тұра оған ақырын аяқ басып жақындадың. Мойнынан сипап өте, бетінен жылы қолдарыңмен ұстадың. Юнги тағы шок жағдайға түсіп қалды. Сенің қайта баяғы қалпыңа түсіп жатқаныңа не қуанарын, не жыларын білмей тұр. Аяғыңның ұшына көтеріле ернінен сүйе бастадың.
— Жаңағы сөздерім үшін кешір. - деп, қайта сүйіп бастадың. Қолыңды оның иықтарына асып қоя:
— Мүмкін... - жіптей саусағыңмен оның денесін қыдықтадың.
— Мүмкін... бүгін... бала жасармыз, қалай қарайсың? - сөздеріңе өзіңнің күлкің келе əзер айттың. Вот это алапат дауыл бастауы. Юнги алдыңда кірпіктерін жымыңдата қарап қалды.
— Қане, мен ойымнан айнып қалмай жатқанда... - Юнги бас сала сүйе кетті. Төсекке дейін сенің киімдерің жан жаққа шашылды. Юнги қатты ашыққан секілді, сені қазір жұтып салардай. Əр жеріңнен нəзік сүйе, бұл жолы қатал болмауға ұмтылуда. Сенің бар ойың, бұл іс нəтижелі болғаны. Əр қимылды өз ретімен жасай Юнги лəззат алуда. Сағанда бұл түн өз рахатын берді, неке түні секілді емес, бұл жолы анау айтқан Юнгиді жек көріп жатқаның жоқ. Керісінше барынша оған қолдау білдіре оны қаладың. Юнги өзі айтқандай бір балаға ғана емес бірнеше балаға шамасы жететінін көрсетті. Бұл нағыз бал айы болды, бірнеше сағат бойы Юнги саған ынтық болған сезімдерін қандырды. Негізгі мақсат бала болған соң, ішіңе аяқтады. Ақыры қасыңа жата құшақтап алды.
— С/а рахмет. Бұл түн бəрінен асып түсті. - сен мүлде үн қатпадың. Осылай ұйқыға кеттіңдер. Түске дейін бірге, жалаң денелерің жанаса ұйықтадыңдар. Юнги тұрып, сенің бейкүнə жатқан жүзіңе қайта ғашық болуда. Көзіңді аша саған тесіліп қарап жатқан Юнгиді көрдің.
— Егер осы жолы көтермесем, ЭКО-ны қолданамыз.
— С/а, мейлі балалы болмасақта, қасымда сен болсаң жетеді. - деп, маңдайыңнан сүйе, шашыңды қайырып қойды.
— Балалы болу сенің де, анаңның да көптен күткен қалауы. Мен ойымша бала біздің арамызды реттеуші көпір. Мен сенімен ажыраса алмаймын, ал алдағы өмірім тыныш болғанын қалаймын.
Арадан 2 апта уақыт өтті. Демалыстан орала жұмысыңа кірісіп кеттің. Юнгидің өтінуімен оның бөлмесіне көштің. Жұмысыңа барып келе, тек өзіңе көңіл бөліп жүрсің. Кейде Юнгиге көңіл бөлмегеніңмен, түн ортасында намёк тастап, саған жақындауға тырысып қояды. Ал сен жүктілікке тест тапсырып, оның нəтижесін көргенше оны өзіңе жолатпадың. Ақыры міне бүгін құрбың Арим екеуің жүктілік тесті арқылы өзіңді сынап көруді шештің.
— Арим, қалай ойлайсың оң нəтиже береме? - дедің, қолыңдағы жауабын күтіп тұрған тест таяқшасына қарап.
— Білмеймін. 1 жарым минут қалды, көрінеді қазір. - екеуіңде абыржып тұрсыңдар. Үйге ерте келе дереу тест қарап жатқан соң, киіміңдіде ауыстыра алмадың. Юнгиде келуіне аз қалды. Не болсада тезірек болса болар еді.
— С/а! Көзіңді аш, сен жүктісің! - деді, тестті бірінші қараған Арим.
— Не?! Расымен бе? Қане берші көрейін. - өз көзіңе өзің сене алмай таяқшадағы екі қызыл сызықты көре қуанып кеттің. Екі таяқша шығуы, енді Юнгимен жақындасуыңның қажет емес екендігінің дəлелі еді. Қуанғаныңды жасыра алмай секіріп балаша əрекет еттің. Арим екеуің ең жақсы мейрамханадан кішкентай торт тапсырыс бере өз араларыңда атап өтуді шештіңдер. Тапсырыс əне-міне келеді деп отырғанда, Юнги кіріп келді. Арим саған ымдап, оған кейін мен кеткен соң айт деді. Сен келісе Юнгиге сыр білдірмедің. Юнги сұсты жүзімен үйге ене кетті, кейіннен жоғары шығып қайта түскен жоқ. Тапсырыстарың келіп арқа-жарқа болып, қыз күніңдегідей Ариммен уақыт өткіздің.
— Мен кетейін, оған ертерек айт, көңіл-қошы жоқ секілді қуанып қалсын. - деп, Арим орнынан тұра жинала бастады.
— Кетесің бе? Тағы жанымда қала тұрсаңшы? - оған жəутеңдеп қарап, жібергің келмеді.
— Күйеуіңнің көңілін аула, қане тұр. Мен кеттім. - деп, сені құшақтай үйден шығып кетті. Бойыңа анаңнан туылғалы бері келе жатқан бар батылдығыңды жинап Юнгидің алдына келдің. Юнги терезе алдында екінші не үшінші темекісін шегіп тұрған екен. Ақырын даусыңды шығара, оған келгеніңді білдірдің. Ол темекісін тастай, саған жақын келді. Зілді əрі нық қадаммен келіп:
— Неге түсте PIP компаниясының директорымен қылмыңдасып отырдың? - деп, қатқыл қолдарымен бетіңнен сипап өтті. Бұл саған үрейлі күйді берді, өзгерген Юнги бүгін үйге келмеген бе?
— Юнги, қайдағы қылмыңдасқан? Тыныш өмірімізді қиындатпашы! - деп, оның қаталданып бара жатқан қолдарын өзіңнен алып тастадың.
— Мен саған ұрысып, не қол көтергелі тұрғаным жоқ. - сабырлы күйде қолдарын қалтасына салды, сені үрейлендіріп жатқан сол қолдары екенін сезіп.
— Ондай əрекетті ойлаушыда болма сен! Мен ешқашан опасыздық жасамаймын! Екі құлағыңада құйып ал осыны! - деп, жаңағы көңіл күйің су сепкендей басыла кетті.
— Сен басқалармен олай жақын араласпа, мен саған сенемін. Бірақ, сен менің əйелімсің.
— Əйел? Əйел деген кім? Торда отырған құспа? Сен мені меншіктеп алдың ба? ЮНГИ мен саған айттым! Мен сенің меншігің бола алмайды екенмін. - дедің, истерикаға сала дауыс тоның көтеріліп.
— Маған салса өзім ғана көретін көгершінім етер едім. Бірақ сен ондай емессің, сол үшінде маған ұнайсың.
— Маған енді шектеулер қоюшы болма! Жаңа жүктілікті тестін қарадым, оң нəтиже көрсетті. Құттықтаймын сен əке боласың. Бүгін басқа бөлмеде ұйықтағым келеді. - деп, есікті тарс жаба ренжіп бөлмеден шығып кеттің. Юнги не күлерін, не жыларын білмей абдырап тұрып қалды. Тап өзінен емес басқа біреуден көтергендей, таң қалып тұр. Сенің артыңнан шыққан бойда қараса, төмендегі бөлмеге кіре есікті жауып алыпсың.
— С/а! Расымен бе?! Мен əке боламын ба? Қуанышым қойныма сыймай барады С/а. - деп, есік алдында саған үн қатты. Есікті аша:
— Ия! Мен енді жүктімін. Балам мен секілді жартылай жетім болып өскенін қаламаймын. Өз-өзіңді ұстауды үйрен. - деп, есікті қайта жауып тастадың. Осылай ата-ана болатындарыңды білгелі бір-біріңе құрметпен қарай бастадыңдар. Əдетіңше Юнгиді өзіңе тым жақын ұстамадың, бірге тұрасыңдар, бір жатын бөлме бірақ араларыңда үлкен арақашықтық болды. Əкеңе немерелі болатынын айтып сүйіншілеттің.
— Қызым, мен сенің кішкентай кезіңді көре алмадым. Анаң сені бір сөзіңді екі етпей, алақанында аялап өсірді. Қашан бойжетіп, ана болғалы жатқаныңдыда байқамай қалдым. - көзіне еріксіз жас алып қалды. — Сен үшін жан жүрегіммен қуаныштымын. Күйеу балам сені менен де, анаңнан да қатты жақсы көріп, ең бақытты адам етеріне сенемін. Қызым, кішкентай ханшайымым. - деп, құшағына қыса, шашыңнан иіскеп отырды. Бұл сөздер жүрегіңді елжіретіп көңіліңде босап қалды. Солай уақыт өте берді, көзді ашып жұмғанша жеңіл өткен жүктілігің аяқталып, қызыңды құшағыңа алдың. Бала дүниеге келмей жатып жынысын білуге Юнги қарсы болды. Өз сөзінің бірінде "мен сеземін, бізде қыз болады" деген болатын.
Аурухана. Сен əкесі мен қызына қарап жаттың. Юнгидің өзгеріп салғаны қалай десеңші иə. Қолына кіп-кішкентай ақ жаялдыққа оралған, сүттей аппақ қыздарыңды қолына алып емірене иіскеп отыр. Саған "əлемді аяғыңның астына төсеймін" дегенімен, қазір сен үшін емес, қызы үшін бəрін жасайтыны көрініп тұр. Тіпті медбикелерге "қызымды дұрыстап ұстаңдар" деп қанша рет ұрсыпта тастады. Саған да жуынатын бөлмеден кейін қолыңды залалсыздандырып қана ұстауыңды айтты.
— С/а, кешір мені. - деді, қыздарың ұйықтап жатқанда сенің маңдайыңнан келіп сүйе.
— Не болды? Қызың ұйықтағанда барып мен есіңе түстім бе? - дедің, күліп. Бірақ оның əкелік махаббатына тəнті едің.
— Жоқ, саған жасаған ісім үшін. Кезінде саған қол көтергенім үшін кешірші. Қызым, Хосук, менің жасаған қатем, оның алдынан шыққанын қаламаймын. Мен енді ешқашан, ешқашан сендерді ренжітпеймін.
— Хосук? Менімен ақылдаспай есім қойып қойдың ба?
— Эмм.. - сенімен ойласпағанына ұялып қалдыда сөзін ары қарай жалғастырды, — Ұнамайма?
— Жоға, керемет есім Мин Хосук. Тынық су. Қызымыздың көңілі дəл сондай пəк болғанын қалаймын.
— Ия, біздің қызымыз. Қызымыз ең керемет, ең ақылды, жəне ең бақытты адам болады.
Осылай толық отбасы болдыңдар. Бертін келе Юнгиді өз күйеуің ретінде қабылдап өзіңе жақын тұта бастадың. Сүйіп, өліп-өштің дей алмаспын, қасыңда жүрген соң жəне оның жақсы жаққа өзгеріп саған жасаған қамқорлығына бауыр басып едің. Қыздарыңды екі жақтан бірдей демеп, толық отбасыда, əлемдегі ең бақытты қыз етіп өсіріп келесіңдер. Мин ханымда саған артық сөз айтуын қысқартқан. Кейде "Юнгиге мұрагер керек, ұл ту" деп тағы жыныңды қоздыратыны болмаса жақсы адам негізі. "Хосуктың қуанышы үшін" деп жүріп нағыз отбасыға айналдыңдар, бұл көп ата-ананың методикасы іспеттес еді...
The end.
#FlowerFly
Елестетшіміз өз мəресіне жетті. Жазба барысындағы ретсіздік жəне тұрақсыздық үшін, сіздерден басымды иіп тұрып кешірім өтінемін. Елестетші бастапқы мағынасын жоғалтып алды, сонымен қатар мүлде үйлесімдік таба алмады. Бірінші бөлімдегі елестетші мен соңғы бөлімдегі елестетші оқиғалары бірі бауда, бірі тауда қалды, міне осы қателіктерім үшін, оқырмандарым, сіздерден сан мəрте кешірім сұраймын. Жаңа жылда жаңа туындымен қуантамын Уақыт бөлгендеріңізге рахмет?❤️?