#BTS_SCENARIO_QRF ❗️Құпия❓ 4-бөлім Таң. Әдетінше мектеп формасын киген Чимин, сөмкесін арқалай, үйден шығып кетті.. Саябаққа келген Чимин, бүгінгі көрген түсін ойлап, ол түстің мағынасын түсіне алмай әлек. Бұл түсініксіз түс, оны әбден қажытып жіберген де еді. Әбіржіп, өңі де қашып кеткен Чиминнің бұл түрі ата-анасын әзірге еш алаңдатпауда. Осы бір кезде Чиминнің телефонына бір сәтте екі бірдей хабарлама келіп түсті. Оның бірі анасынан келген болса екіншісі досы Минджудан келген екен. Анасының хабарламасын ашқан Чимин ата-анасының тағы да Пусанға кетіп бара жатқанын біледі. Ал Минджудың хабарламасында өзіне тым таныс үйдің суреті болды. (Пікірден ол үйді көре аласыздар) Иә, бұл үй Чиминнің бала кезінде тұрған үйі. Яғни Пусандағы үй болуы керек. Артынша Минджудан “Мені кешке күт, үйіңе барамын” деген хабарлама келіп түсті. Кеш ауған уақыт, Минджу жаяулатып жаңбыр астында Чиминнің үйіне жол тартты. Үсті басы малмандай су болған Минджуды беймәлім қыздың дауыс тоқтатты. Бұл дауыстың нақты қай жақтан шығып жатқандығы белгісіз, бірақ тым жақыннан естіліп жатты. Минджу сасқалақтай, абыржулы күймен айналасына көз жүгіртіп, әлгі дауыстың кімге тиесілі екендігін анықтамақ болды. Бірақ өкінішке орай, айналасында ешкім болмады. Бойын қатты үрей басқан Минджу, алды-артына қарамастан жүгіре жөнелді. Чиминнің үйі. Екі дос көптен бері кездеспей де сөйлеспей де кеткені бізге мәлім. Чимин көрген түсін Минджуге айтқалы екеуі бірде бір рет кездесіп, сөйлескен емес. Минджудан ондайды күтпеген Чиминнің досына деген өкпесі де қара қазандай еді. Минджу ананы бір мынаны бір айтып, әйтеуір дегенде Чиминнен кешірім сұрап, артық ренжімеуін өтінді. Артынша екеуі бәз баяғыша күліп, сөйлесіп отырды. Кенет Минджу мұнда келгенінің басты себебіне көшуді ұйғарып, Чиминмен оның түсі жайлы сөз қозғады. – Айтпақшы Чимин, мына үйді таптым. Қарашы, дәл сол үй ғой,- қолына сөредегі суретті алып, телефондағы суретпен салыстыра. – Шынында да сол үй. Ұқсастық па әлде сол үй ме? – Меніңше сол үй, қарашы, әрі ескіріп те қалған. Мүмкін барып көрерміз?- Минджу досына сұраулы жүзбен қарап. – Барып көргеніміз дұрыс деп ойлайсың ба? Ол үйде басқа адамдар тұрса ше? Олар бізді үйіне кіргізе қоймас. – Мен үйді біраз бақыладым Чимин. Үйде адам жоқ, кіріп не шығып жатқан адамды көрмедім. Болған күннің өзінде де ол үйдегі адамдар қонақта болды немесе өзге қалада тағысын тағы. Мен үйді екі күн бойы аңдыдым. – Ендеше ертең таң ата салысымен сол үйге барайық. Ешкім жоқ екендігіне көз жеткізгесін бәлкім үйге кіріп көрерміз. – Иә, солай істеп көрейік. Айтпақшы Чимин ата-анаң көрінбейді, олар қайда? – Олар тағы да Пусанға кетті. Соңғы кездері сол қалаға жиі барғыштап кетті өздері. Кімдер шақыра беретінін?!? – Қызық екен,- деді, Минджу ойлана. Осылай екі дос тағы да біраз әңгімелесіп, сосын ұйқыға жатты. Таң. Сағат 5:32, Чимин мен Минджу жуынып-шайынып, киімдерін кие үйден шығып кетті. – Әжептеуір алыс екен ғой. Әлі жетпедік пе? Автобуспен 40минут жүрдік, ендігісі міне,- жаяулатып үйлер арасымен жүріп келе жатқан Чимин Минджуге қарап. – Міне аз қалды, тездетейік,- Минджу, қолымен әлде бір жерді нұсқап, жүріп кетті. Енді жеттік дегенде Чимин жерге отыра қалып: – Құрып кетсінші, шаршадым ғой. Ары қарай жүрмеймін, осында қала берем,- ах-ух деп, терең тыныстап, отыра берді. Ал Минджу болса оның қылығына қарап, күліп тұрды. – Алла-Алла, сені мұндай деп ойламаппын Чимин. Жас баланың қылығын жасап отырсың. – Шаршадым ғой енді, бұншалықты алыс екенін білгенімде үйдегі мотоциклды айдап шығушы едім ғой. Неге ескертпедің?- бұрқылдай сөйлеп. – Сенің оның қорқынышты, сосын айтпадым. Айтпақшы жаныңа қара, бұл сол үй,- деп көрсетіп жатып, кілт тоқтай қалды. Чимин де артына қарап еді, көзі бірден үйдің алдында тұрған көлікке түсті. – Чимин, бұл көлік? – Бұл көлік… – Әкеңнің көлігіне ұқсайды екен. – Бұл… ұқсайды емес сол-ау деймін. Номеріде әкемдікіндей. Бірақ олар Пусанға кетті ғой,- Чимин ойлана, орынын тұрды. – Сонда олар сені алдаған ба? Пусанға кеттік деп мына үйге келіп жүрген бе? – Түк түсінсем бұйырмасын. – Демек мұнда бір құпия бар Чимин. Бұл анық, ата-анаңның сенен жасырғандары бар. Мен сенімдімін егер шыныменде жертөледе адам бар болса, онда олар сол белгісіз адамға келіп жүр деген сөз. – Басым қатып кетті ғой, олардың менен жасырған құпиялары не? Не себепті мені балаша алдап жүр? Қарғыс атқыр, не болып жатыр өзі?!? Чимин жынауға шақ тұр. Осы бір кезде әлгі үйден күткеніміздей Чиминнің әкесі шығып келді. Мұны бірінші болып байқаған Минджу, Чиминнің киімінен тарта, жол бойындағы көлік артына жасырына қалды. Екеуі сырттан сығалай, әкесін бақылауға кірісті. Чиминнің әкесі көлігінің ішінен әлде бір сөмкелерді көтеріп, қайта үйге кіріп кетті. – Сөмкедегі не зат, көре алдың ба?- Чимин, Минджуге қарап. – Меніңше азық-түлік сияқты, нанның барын анық байқадым. Көп ұзамай, Чиминнің ата-анасы үйден шығып, есік алдында біраз сөйлесті. Жәй ғана сөйлесіп тұр деуге келмес, бір нәрсеге келіспей, ұрсысып тұрғандары іс қимылдарынан-ақ байқалып тұрды. Артынан анасы қолымен ауызын баса, жерге отыра қалды. Шамасы жылап жатқан сияқты, ал әкесі болса белін таяна, қабағын түйіп, теріс қарап тұрды. Содан әкесі анасының қолынан ұстап, бір нәрселерді айтып, екеуі бірге көлікке отырып, жүріп кетеді. Ал Чимин мен Минджу олар кете салысымен үйге беттеді. – Минджу, үйде басқа ешікм жоқ па екен? Біреулер бар болса ше? Мүмкін ата-анам, бұл үйді сатып алған адамдармен жақын араласатын шығар. – Солай ойлайсың ба? Бұл жайлы мүлдем ойламаппын. Шынында да солай болуы әбден мүмкін Чимин. Сөзіңнің жаны бар. – Бір жағынан жаңағы айтқан сенің сөздеріңде рас сияқты. Мен дәл қазір не істерімді білмей тұрмын Минджу. – Не істейміз? Үйге кіреміз бе әлде, үйге қайтып, ата-анаңнан астарлап сұрап көресің бе? – Үйге қайтқанымыз дұрыс сияқты. Бір жағынан мына үйді де көргім келеді, бірақ жүрегім дауаламай тұр. – Келіп тұрып, көрмей кеткеніміз жарамас. Не дегенмен біраз жол жүрір келдік қой. – Ия, үй ішіне кірмесекте, тым құрымағанда сыртынан, терезе арқылы бақылап кетейік,- деп екеуі ақыры дегенде үйді сырттай бақылап шығуды ұйғарды. Алдымен үйде өзге біреулердің жоқтығына көз жеткізбек болған жігіттерді әлде кімнің тамағын кернеген дыбысы тоқтатты. #HobiLopi
Другие записи сообщества
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес болған күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе. #Елестетші, бір сәтте тас түнек ішіне сүңгіп кеткен секілдендің. Олар сені көлікке сүйрелей алып барғанда, ауызыңды шүберекпен басып, есіңнен тандырып тастап еді. Құлағың кернеуінде Магридждың сені тоқтаусыз шақыруы қайталана берді. Қайталана берді… Құлан иектен көрініп, көмегейі шыға қоймаған күн сәулесі аптығып келіп жүзіңе тыным бермеуде. Айқасқан кірпіктеріңді ақырын ашып бастағанда, басыңның сылқ ауырып жатқанынан, жарытып ештеңені есіңе түсіре алмадың. Жабық көк түстегі бөлме төбесі, онан соң осы түсте жаппай жабдықталған жиһаздар. Көзіңді ашқанда алғаш көрінген осылар ғана болды. Қайда тап болғаныңды аңғару үшін жан-жағыңа қарайлап едің, сол тұсыңда отырған адамды көріп, зәрең зәр түбіне кетті. Тыпыршып орныңнан қалай тұрып кеткендігіңді сезбедің. Әлгі кісі сенің шошынғаныңды көрді. Бірақ әрекетсіз және артық реакциясыз отыра берді. Оңға иіліңкіреген шаш, тұспалдап таба алмайтын эмоциялық келбет, алдыңғы түймелері ағытылған ақ жейде. Үлкен кресло үстіне жауырынын тақап, сенің ендігі күйіңді әрі қарай бақылап отырғандай. Иегін саусақтарымен тіреп: — Қайырлы таң, - деді тым жұмыр үнмен. Сен іштей өзіңді-өзің табалап, азапты күйге түстің. “Кім бұл? Неге бұл жердемін? Ол неге жайбарақат отыр?” деген толассыз сұрақ сені үстіңнен көме бергендей. — Кімсің? - дедің, қасыңды кішкене көтеріңкіреп. Ол түсіңнің сұрланып кеткенін өзінен қорқып отырғаныңды сезіп, орнынан тұрды. Тумбочка үстіндегі вазадағы суды стаканға құйып саған ұсынды. Жанарында әлсіз бір беймәліи мейірімділік жымың қағатындай. Сен сұраулы жүзбен "менің сұрағыма жауап бер" деген сыңай таныттың. Оның үстіңнен төніп тұрғаны өзіңді тым жайсыз жағдайға түсіріп жіберді. — Іш! — “Кімсің” деймін? - қабағыңды түйіп. — Саған қазір сол қызық па? Мүмкін, неге мұнда екеніңді сұрарсың? Бұл сөз сенің ауызыңа бітеу қойып тастап, жараңа тұз себіп өтті. Себебі, астарында ащы ақиқат жатыр. Сен не үшін мұнда екендігіңді жақсы білесің. Ол мұны әдейі айтты. Әйтпесе, Магридждың сені құмар ойынға тігіп жібергенін білетініңді ол білмейді дейсің бе? Сен әрі қарай жақ ашпадың. — Қаласаң, ішерсің, - ол қолындағы стаканды тумбочка үстіне қайта қойып, жейдесін шеше бастады. Сенен көзін айырмай, дәл қарсы алдыңда киімсіз көрінуге еш қымсынбады. Сен көзіңді демде алып қаштың. Ол бір жейдесін сен жатқан диван үстіне тастап, екінші бірін ілгіштен суырып киіп алды. — Тэхён, - деді, ол жейде ілмектерін қадап тұрып, қадала қарауын доғармастан. — Менің есімім. — Арсыз! - дедің іштей бұлданып. Есік қағылды. — Кір, - деді, манағы жұмыр даусы жуандап. Көздері әлі сенде. Саған енді ыңғайсыз бола бастағанда ғана тайдырып әкетті. — Қайырлы таң, мырзам! Джэва ханым күтіп қалды, - ішке иіле кіріп келген егде жастағы еркек құрмет танытқандықтан ба жерден басын алмай, оған хабар жеткізді. — Қазір барамын, - ең ақырында кастюмді киіп, онымен ілесе шығып кетеді. — Қалған танысуды кешке жалғастырамыз. Кешке көріскенше, - деді кетерде ақырғы рет. #Елестетші, оның көлденең көрікті келген көздерінен құтылғаныңа шүкіршілік еттің. Шынында, шыдауға келмейтін, тесіп өтердей өткір жанары осы 2 минутта сені парша-паршаға бөліп тастағандай. Есеңгіреп кеттің. Есік тағы қағылды, бірақ сенің жауабыңды күтпестен, ішке кіріп келген екі-үш үй қызметшілері қолындағы киім-кешек бұйымдарды ұқыптап диван үстіне жайғастырды да, шығып кетті. Түрлері сұсты. — О, Құдай, мені қайда тап қылдың! - қарашығыңа жас үйіріліп орныңнан тұрдың. Бөлмеде үлкен бір қабырғадай көлемді терезе болды. Терезеге көк шілтері перде жабылған. Сен алдымен сол терезе алдына келіп перделерді шетке ысырып, сыртқа көз тастадың. Бірінші көргенің баппен өсірілген алқап, үлкен скамейка, және қоршаулар болды. Олар бірнеше шақырым алысырақ орналасқанына қарағанда, сен тұрған жер үйдің екінші қабаты болса керек. Бір сәт ойыңа жарыңнан жасаған опасыздығы оралды. Қандай жиіркенішті. Қандай ақылға сыймайтын әрекет. Жүрегіңде сені тігіп жібергенге де, ұтып алғанға да бір уақытта жек көрініш бүршік атты. Құдды, бір жарамсыз зат секілді. #Елестетші, қызметшілер әкеліп берген киімді киіп, төменге түстің. Үйдің астыңғы бөлігі мүлде басқаша екен. Бір тарихи ескерткіштер сақталатын музей тәрізді. Саған келіп кеткен манағы қыздар ендігі дастархан жайып жүргенін көрдің. Үй сәнді әрі жабық сарғылт түспен жабдықталған. — Келіңіз, ханым! - деді, ас даярлап жүргендердің біреуі. Сен асықпай үстел басына бардың. — Тамақтанып алыңыз, - деді жымиып. Олар сен үстелге отырғаннан кейін біртіндеп арқа тұсыңнан алыстау жерге барып, қаз-қатар тізіле қалды. Сен үлкен үстел басында жалғыз қалдың. Бұл оғаш түйіліп, әлі бері қасыққа қол сұғуға қысылдың. Қарның аштықтан біріне-біріне жабысуға сәл-ақ тұрғандай. Әрине, 2 күн тамақ жемегесін… Сенің қысылып отырғаныңды көрген бірі жаныңа келіп, тарелкаға әртүрлі астан салып, шырын құйып алдыңа құйды. Кейін шанышқыны жақындатып: — Ас болсын! - деді, күлімсіреп. Не керек, енді тек ауызыңа салып беруі ғана қалғанын түйсініп, шанышқыны алдың. Дұрыс, бөтен үй, бірақ мұның еш ұяты жоқ еді. Ол қайта орнына келіп тұрғанда, үлкен ашық есіктерден үйге сұңғақ бойлы ер азамат кіріп келді. Шыттай киінген, шалбар мен сол кастюм үлгісіндегі үтіктің қыры түспеген киім. Келбетті де келісімді тұрпат. — Анна! - деді, үстіңгі бөлмелерге бара жатып. Үйдегі қонақты байқамаған сыңайлы, қолы бриджи қалтасында. — Қош келдіңіз, мырза! - қапталынан пайда болған әйел сәлемдесіп, тізесін бүгіп қойды. — Соңымнан ер, - деді, нық қадамын қалтыссыз баса беріп. — Бірақ, мырза… — Не? — Үйде қонақ бар, - дауысын бәсеңдетіп. — Оны жалғыз қалдыра алмаймын, - дастархан басында тамақтанып отырған сені көрсетіп. Кристиан жалт бұрылып, оның сөзіне сеніңкіремеп еді, үстел үстіндегі бөтен қызды көріп таңғалды. — Қандай қонақ? — Тэхён мырзаның “қадірлісі” деп естідім. Оны да болса Шарлот айтты. Кристиан күліп жіберіп: — “Қадірлісі”? Анна оның сөзін дұрыс деп білгендей басын изеді. Кристиан сенің сыртыңнан біраз бақылап, қонақ үйдегі үстелге қарай жүріп кетті. #Елестетші, шишадан қаланған шыңдары күнге шағылысқан биік мұнара. Мұнара болсын, басқа болсын. Бір анығы жұмыс орын. — Ақымақ! Сен мұның қылмыс екенінен хабарың бар ма? Адамды бәске тігу?! Түсінсем бұйырмасын! — Миымды ашытпашы, - деген Ким, қағаздар ішінен тиісті құжатты іздестіріп. — Күйеуі де бір көнбіс екен! Жоқ, ол да, сен де ақымақсың! Ертең мынауың дүйім жұрттың құлағына жетсе абыройдан айырыласың. Түсіндің бе? — РОУН, шық кабинеттен! — Мен айтты дейсің ғой, әлі… мен айтты дейсің! — РОУН… — Не? — ШЫҚ! — Шықпаймын. Неге шығады екенмін? Қазір орталық басқармамен мәслихат. Жүр, кеттік. — Есептік құжаттар қайда? Роун қолындағы жоғары көтеріп: — Соқырсың ба? Тәк! Ким және Роун. Қалың жылдық қымбатты достар. Бірінің қамын бірі жегендіктен, өз наразылығын ашумен де, қалжыңмен де жеткізе алады. Тэхён оның бастығы болғанына қарамай, өзін одан бір саты жоғары тұтқан емес. Роун да мұнымен оны басынып алмайды. Өз сыйын орнына қойып қойған. Тэхён сыйлайды. Бірақ Тэхённың құмар ойынға көзсіз кіріп кеткендігінен күйінеді. Ол үшін достық пікірінде талай айтқан. Деген, орайынан қайтара алуға қауқары жетпеді. Роунның өзі жоғары, білімді, білікті маман. Ал, Тэхён оны сондықтан жанына жалау етіп, әрі достық ықыласпен бірге жұмыс істеуге шақырған. Осылайша, екеуі бір ғаламат компанияны аяғынан тік тұрғызып еді. Компания айтпақшыдай әлемдік нарықта тауары ызғып жүрген ірі әрі ауқымды заттарға демеушілік етеді. Қол астында 500-ге жуық қызметкер жұмыс атқарады. Шамасы, түсінікті болды деп түйіндейін? Олар орталық комитетпен мәміле жүргізу үшін мәжіліске кетті. Бұл ары кетсе 4 сағатты алады. Не одан да көп уақытты қамтиды. Кәсіпкерлердің ісі оңай ма? Шыдауға тура келеді. #Елестетші, өзіңе қарай келе жатқан кісі сұлбасын сездің. Дереу басыңды көтеріп, одан соң орныңнан тұрып кеттің. Ал, Кристианды әрекетіңнен гөрі әлпетің таңғалдырды. — Қош келдіңіз! Мен — Кристиан Охос боламын! - жымиып қолын ұсты. — С/е, - дедің тұйық үнмен. — Тэхённың “қадірлі қонағы” екенсіз? — “Тэхённың”? Ол кім? — Түсінбедім? Сен Тэхённың таңдағы адам екенін енді ұғамын дегенше, Кристианның артында тұрған Анна оның құлағына әлдеңені сыбырлап үлгерді. Кристиан қасын көтеріп: — С/е, - деді бұл жолы жылы жымию емес, келеке етіп күлгендей болды. — Меніңше, мен шатастырып алдым. Қадірлі қонақ! — А? — Тэхён қашаннан бері казинодан ұтып алған әйелдерді төріне шығарып, сыйлайтын болған? - жағымсыз мысқыл. — Кристиан мырза?! - деді Анна, оның бұл сөзінің орынсыз екенін білдіріп. — Не мұны жертөледегі жезөкшелер жанына алып бармады? Сенің көзіңнен жас ыршып түсті. Мұншалықты төмендетуге төтеп бере алмай, көз жасқа ерік бергеніңді көрген ол: — А, айтпақшы! Ол әуелі әр әйелді осылай сыйлайды да, одан кейінгі өмірін тас талқан етеді. Күнге айналдырады. Үміттендіріп қойған қандай жақсы, ә? Қазір тойып тамақтанып ал, қымбатты С/е! Бәлкім ертеңгісін әр бұрышта қисалаң етіп жатарсың? Ол осы айтқандарын ащы ақиқат деп білді ме мұрнын шүйіре қалып, үстел басына жайғасты. Оның көзінше саған қызметшілердің ешбірі қолдау көрсете алмады. Сен "ап" етіп жарылуға сәл-ақ қалғанда, ақ көйлек жеңімен жастарыңды сүртіп, баспалдақтарды тез-тез басып, жоғарыға кеттің. Таңда шыққан бөлмеге кірдің де, есікті іштен бекітіп, жарға сүйеніп жылай кеттің. Артыңнан ашынған Анна: — Бұл ісіңізді Тэхён мырза білсе, бей-жай қалдырмайды. — Немене? Анна, оның карта бәсінен жеңіп алынғанын өзің айттың емес пе? — Олай дегем жоқ! Кристиан орнынан тұрып, Аннаның нақ алдына келіп тұрды да, тістене оның мойындарынан қысып: — Жақ ашсаң, жаныңды жаһаннамға жіберемін. Жақсысы, сен араласпа! Мақұл ма? Кеш. Тэхён мен Роун жиналыстан шықты. Роун ертеңгі жұмыс тізбегін Тэхёнға көрсетіп, үйге қайтты. #Елестетші, ол үйге келсе, үй іші тым-тырыс. Ызың етіп ұшқан дүние жоқ. Қызметшілер сол баяғы орнында, Тэхённың тамағын әзірлеп қойған екен. Тэхён Аннаның шақырды. — Қайда ол? - деді жаны көргенше байыз таппағандай. — Бөлмеде! - деді сыр білдірмей. Тэхён галустыгын босатып, жоғарыға қарай кетіп бара жатып Анна: — Кешкі ас ішпейсіз бе? — Аш емеспін, - қысқа қайырып. Ол бөлмеге келіп, есік бұрамасын басып еді, есік ашылып ішке кірді. Сенің шағын диван үстінде отырғаныңды көрді. Орныңнан селт етіп тұрдың да, оны сөзге тартып: — Сөйлесейік? Ол сенің сөзіңнен бұл жаққа тез үйренісіп кетті деп түйді. Кастюмді шешіп: — Не жайлы? - деді. — Мен жайлы. Ол бір қасын көтерді. — Мені Магридждың қаншаға пұлдағанынан беймәліммін. Бірақ мен саған қанша десең сонша беруге дайынмын. Мені жібересің. — М? - ол сенің өзің үшін ақшаны өтеймін дегеніңді дұрыс түсінбегендей. — Иә, Магриджтың қанша қарыз болғанын айт. Тиын-тебеніне дейін төлеймін. Сен ол қолын қойған құжатты маған бересің? Сен де, Тэхён да ақыл тоқтатқан ересек адам болғасын, мұны шешіп алуға болатынын білдің. Тэхён ретсіз күліп жіберіп: — Төлейсің бе? - деді қаһарлы қарасы құбылып. — Иә. Несі күлкілі? Ол галустыгын шешіп, алдыңғы түймелерін шешіп, диванға отырды. — Сеніңше, мен ақшаға мұқтаж адамға ұқсаймын ба? Сен оны өз байлығын мақтанып жатыр деп ойладың, ал түпкі ойын аңғармадың… Арада 2 минуттық үнсіздік өтті. — Жақсы, ақшаны қалай табасың? Қалай төлейсің? Даяршылық бес-он тиын ақшамен? — Оны не істейсің? Қайтарып берсе болды емес пе? — Ұсынысым бар, - сені күшпен ұстауға қауқарлы болса да, ойына мынадай сап келді: — Менің үй қызметшім бол. Мен айлық жалақыңнан күйеуіңнің қарыздарын қысқартып отырамын? Бұл ұсыныста оның түбірі, терең мақсаты жатқан болатын. Сен тосылып қалдың. #browinv ?
#BTS_IMAGINE_QRF  #Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің. 3-бөлім #Елестетші, үйлену тойы. Салтанатты сарай. Ертегідегідей үлкен қақпасынан қонақтар ағылып кіріп жатты. Бұл салтанатты кеш патша мен патшайымның үйлену тойы секілді. Барлық Кореялық тұрғындар осы кеш қонағы болуға келгендей. Əрине, Юнги де, сен де өте қауқарлы адамдарсыңдар. Биік ғимарат терезесінен сыртқа көз тастай қарап тұрсың, ішің алай-дүлей болып барады. Бір апта алдын Юнгидің айтқан сөздері көкейіңді кернеп барады. Бұл неке бекер болмағаны ғой. Ол шынайы некені қалау себебін сенің ашық сандарыңа, мойныңа ынтыға қарауымен-ақ түсіндірсек болады. Дұрыс таңдау жасай алмасаң, өміріңнің күл талқаны шығуы мүмкін. Өмірің тозаққа айналмаса болғаны. #ескетүсіру — Біз бұлай келіспеп едік! — Қалай келістік енді? "Маған тұрмысқа шығасың" дедім. Келіскен сенсің. — Сен "сценарий бойынша" дедің! — Сценарий тек біздің махаббат хикаямызда ғана болады. Ал өміріміз шынайы. Сен енді бұл шарттан бастартасың ба? Мен сені қинамаймын. — Бірақ... — Не бірақ? Ақша керек пе? Компанияда керек солай ма? Менің есімімнің өзі саған үлкен көмек. Сол үшін сен бас тарта алмайсың. Менің айтқаныма қарсы келме! #ескетүсіруаяқталды Есік қағылды. Ойға батып кеткен сен селк ете, терезеден алшақтадың. Етегі ұзын, ақ көйлегіңмен əзер дегенде артыңа қарай бұрыла алдың. Юнгидің көмекшісі теріс бұрылған күйі сөйлей: — Юнги мырза ішке кіргелі жатыр, дайынсыз ба? — Иә, бұлай сөйлескенің маған ыңғайсыз. Неге маған қарап сөйлемейсің? — Болмайды. Мырза сізді той көйлегімен алғаш болып тек өзі көру керектігін айтты. Бізге болмайды. — Қойсыншы, сол мырзаң. Бəрібір де киінуіме көмектескен қызметкерлер бар ғой көрген. — Мырза оларды арнайы өзі таңдады. 25 адамның ішінен сізге көмектесуі үшін тек 2 адам ғана таңдап алды… — Ой, қойшы болды. Білдік мырзаңды, - ауыр көйлекпен əрең жүре орындыққа отырдың. Көмекшіге “кете бер” дегендей қолыңды сермеп, өзің шалқая терең тыныстап алдың. Бұл іс сені тыныштандырушы еді. Юнгиді көргің де келіп тұрған жоқ. Бірақ енді онымен бір үйде тұрып, бір төсекте жатасыңдар. Бəрі бірге, жұмыста да Юнги, үйде де Юнги. Ол туралы əр ойлаған кезіңде атом бомбасын жұтып алғандай ашуға берілесің. Ол сені шарасыз хəлге жеткізді. Қанша жерден одан қорықпайтындай сыңай танытсаң да, ол саған бірдеңе жасай ма деген қорқыныш сені ешқашан босатқан емес. — Қап! Мына Юнги! - жоғары қарап жата, Юнгиді біраз жерге дейін апара боқтап тастадың. — Өте əдемісің, - Юнгидің қоңыр дауысын естіп, басыңды бірден көтердің. Ойыңда бір ғана сөз "оны боқтағанымды естіді ме?". — А? Қашан келіп қалдың? - көйлегіңнің кеудесі төмен түсіп, ал Юнгидің екі көзі төртеу бола соған бақырайып қарап тұрғанын көріп, реттеле бастадың. Юнги көздерін алмай: — Көйлек шамасы сенің арық мүсінің үшін үлкен болды, - орныңнан тұрып реттемек болып жатқанда, Юнги үлкен қадамдармен сенің алдыңа тым тез жетіп келді. Дұрыстауға тырысқан көйлегіңді, сенің қолыңды ала өзі көтере дұрыстай бастады. Аппақ қолдарында кішкене көкшіл тамырлары айқын білінеді. Үстіне сепкен əтірі бөлмеге жайылып тұрды. Кеудеңе көйлекті көтеріп дұрыстауда. Оның жылы қолдары денеңе тиген кездерде тым суық секілді сезілді. Сені айнала артыңа қарай өтіп, қайта көйлегің босамауы үшін, көйлектің арқасын қысып байлады. Содан соң ашық тұрған иықтарыңнан сүйе: — Мені сонша жек көресің бе? Өлгенше боқтадың ғой. Аз қалды сен бəрібір маған тиесілі боласың, - қолдарын беліңе жібере, арқаңнан құшақтап тұрды. Сен оның жасап жатқан əр қылығынан ыңғайсызданып барасың. Юнги мұны бірден сезе: — Менен қысылушы болма. Менен ұялма, ыңғайсызданба. Сен солай еткен сайын бұл мені азапқа салады. — Юнги, жіберші. Көмектескеніңе рақмет. Енді қонақтар алдына шығатын уақыт келді. — Иә, сен енді менің əйелім боласың. Оның қолдарын ұстай ақырын төменге түстіңдер. Барлығы қол шапалақтай сендерді қарсы алды. Екеуің өте жарасымды жұп болғаннан кейін бəрі сендерге тамсана қарады. Жоғарыдағы неке қию орнына келіп тұрдыңдар. Неке қиюшы қызметкер өзіне берілген міндетін атқарып, некелеріңді қиды. Қонақтар кезекпен сендерді құттықтауда. Артынан би, əн болып кеш керемет өтті. Əкең сені ұзақ құшақтай, бақыт тіледі. Ол сенің бұл некеге əкең үшін келіскеніңді білмейді, əрине. Білген болса бұл некеге келісім бермес еді. Əп-сəтте ғана салтанатты əрі өте жоғары деңгейдегі тойларың соңына жетті. Маңызды қонақтармен өздерің арнайылап қоштастыңдар. Əлі ортада би болып жатты. Сен оларға қарап, сызылып тербеле билеп тұрдың. Қасыңа Юнгидің көмекшісі келді: — Ханым, сізді үйге апаруымды сұрады. Жүріңіз. — Неге? Юнгидің өзі қайда? — Шет елден келген қонақтармен отыр. Сізді алып кетуімді айтты. Жүріңізші. — Мейлі, өзім де шаршап тұрмын, - сені үйге жалғыз жібергеніне қарап, бүгін ол күткен неке түні болмайтына қуандың. Ішің біртүрлі ауырып өзің де үйге қайтуға асық болған соң, Юнгисіз кету сені қатты қуантты. Үй өте үлкен. Сендерге арналған бөлме қайда екенін таба алмадың. Қызметшілерден сұрайын десең олар да жоқ. Ішің бүріп ауырып сала берді. Демалғың келіп, жататын төсек орын іздеп барлық бөлмеге кірдің. Өз бөлмелерің болмаса басқа бөлмеге кіруге бата алмадың. Ақыры таптың, дəліз соңындағы бөлме сендерге арналып жасалған секілді. Бөлме іші өте əдемі. Көйлегіңді шешуге өзіңнің шамаң келмеді. Ішіңмен қоса белің де, ауыр жүк арқалағандай сыздап сала берді. Төсекке той көйлегіңмен құлай кеттің. Ішіңнің ауруы тектен-тек емес. Жаңадан бері тұрып тұрған аяқтарың босаңсып, денеңе ғана той көйлектен еркіндік сезімі жетіспей тұрды. Солай тыныш қана жатқанда, Юнгиді қалай алдап соққаның есіңе сап ете қалды. Бірден орныңнан атып тұрып күнтізбеге қарадың: — О, жоқ! Əлгі күндер ме? Қалайша мен ол жайлы ұмытып кеттім? Қуаныштысы əлі 4 күн бар, - басыңнан ұстап, төсектен тұра бергенде сыртқы есіктің жабылған даусы шықты. — Қап! Юнги келді, шамасы біткен жерім осы болар, - тез-тез қимылдауға тырысып, көйлегіңнің етегін қолыңа жинап жуынатын бөлмеге қарай асыға кірдің. Есігің жаба бергенде Юнги де бөлмеге кірді. Ол саған ауыз ашып сөйлеймін дегенше есікті құлыптап алдың. Қол жуғышқа сүйеніп тұрдың. — Өтірікті де дұрыстап ойластыру керек еді, ұзақтау уақытқа созылатындай етіп. Мына сорлы да неге келіп қалды, айщ. Блять, қарашы қандай күйге түстім! - Юнгидің есік тақылдатқанынан қорқып, айна алдындағы шыны ыдыстағы сусабынды сындырып алып едің, сені өз-өзіне бірдеңе жасап қояма деген Юнги, есікті дереу бұза ішке кіре кетті. — Бəрі дұрыс па, С/а? Неге жауап бермисің? - асты-үстіңе түсіп, жағдайыңды білуге тырысып жатыр. — Сабын қолымнан түсіп кетті, - қобалжып тұрған, тіпті той көйлегіңді де шешпеген саған қарап, Юнги абдырап қалды. Сені алғашқы түннен қорқып тығылып жүр деп ойлады ғой шамасы, бетіңнен ұстап: — Неге сонша шошисың? Қорықпа, түніміз лəззатқа толы болады. Сөз берем. Көйлегіңді шешуге көмек қажет пе? - сені жерден жатқан шыны сынықтардан асыра, оп-оңай көтеріп алды. Оған не сөз айтарыңды білмей, тентек болып барасың. Сені көтерген күйі бөлмеге əкелді. Төсектің жанына əкеле қойып жіберді: — 3 жыл, сені дəл осылай көруді күттім білесің бе? Сенің əрбір милиметріңе дейін мендік болуың, - саған жақындап, нəзік сүйісін бастады. Сен көзіңді жұма, жауап қайтара бастадың. WTF! Бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар. Ол бірден мойныңа түсе, асығып барады. Мойныңдағы ащы іздерден көзің бақырайып кетті, Юнгиді итергің келсе де ол ажырамай жатыр. Оны ажыратудың жалғыз жолы болды, оның жанды жерінен бір тептің. Басқалайда тоқтатуға болар еді, бірақ сенің ақымақтығыңда бар ғой. Ол қып-қызыл бола төсекке отыра кетті. — С/а! Қарғыс атқыр! - дем ала алмай, қиналып кетті, байғұс. — Болмайды! Кешір, бірақ... — Зай***, тағы қандай былық ойлап таптың! - орнынан тұрып, саған жақын тұрып: — Тағы сылтау ма? Неге саған жақсы қарауыма мүмкіндік бермейсің? Сабырлы болуға тырысқаныма қарсы осылай жасайсың ба? - қолдары қатқылданып, беліңнен қысып ұстады. Сабырлы адамдардардың ашуы жақсы бола бермейді деуші еді. Бұл жолы расымен Юнги өз-өзін ұстай алмай қалмаса болды. Беліңнің ауырсынуы үдей түсті, шыдай алмай оның қолын алуға тырысудасың, бірақ болар емес. — Ауырттың! Жібер мені! - бетінен салып қалдың. Бірақ бұл оған мүлде əсер етпеді. Керісінше ызаландырып жіберді. Шапалағыңнан кейін ол біраз кідірді де, сені тым дөрекі сүйе бастады. Бұл жолы қалай əрекет етсең де оған əсер етпейді. Мейлі итер, мейлі соқ ол саған мүлде мəн бермеді. Көйлегіңнің байлауларын босатып жіберіп еді, онсыз да əрең тұрған ауыр көйлек жерге сырғып түсті. Жарыққа шағылысқан денеңді аймалап төсекке жатқызды. Сүйісті тоқтатпай, өзі де киімсіз қалып үлгерді. Сенен ажырап, өзінің ісін бастап кетті. Сен қанша қарсылық көрсетсең де оның аңсаған арманы орындалды. Сен енді расымен Юнгидікісің. Ыстық, суық, ауырсыну, лəззат барлық сезім араласып жатырды. Ұзаққа созылған жұмыс ақыры аяқталды. Юнги саған тіпті мəн бермеді де, теріс бұрыла жамылғыны жамылып телефонын алып қарап жата берді. Бұл сенің ашуыңа тиді. Сен оның алдында көз жасыңды көл қылғың келмеді, ақырын тұра жуынатын бөлмеге кіріп кеттің. Душтың астында барлық жеріңді қайта-қайта жуып, оның іздерінен құтылғың келіп барады. Жылағың келеді, əрине, бұл түннің келісіммен болғанын қаладың емес пе? Ал ол сені зорлағандай күштеді. Сенің қырсық мінезің жылауға мүлде мүмкіндік берер емес. Жуынып болып, үстіңе халат киіп алдың. Шашыңды əдейі кептірмедің, айна алдына отырып мойныңдағы көгерген іздерге қарап: — Өлгенше тістепті ғой, жабайы! Түрі ғана жабайы мысық емес екен. Өзі де жабайы. Көрсетермін оған жабайылықты! - шаштарыңды артқа лақтыра, орныңа келіп жаттың. Жамылғының шетін ғана жауып алған ұйқыдағы Юнгиге қарап: — Сені білмеймін, мен ешқашан бір затты бөлісіп көрмеппін. Ренжіме! - деп, көрпенің барлығын дерлік одан тартып алдың. Бұл оны оятқаны сөзсіз. Көздерін ашпай: — С/а, берші. Ұйқым келіп тұр. — Ұйықтасаңшы, - оның түріне күлкің келсе де өзіңді əзер ұстап тұрсың. — С/а! Өтінемін… - орнынан амалсыз тұрды. Саған қарап көздерін ашып, жұмып ұйқысынан ояна алмай отыр. — Мен бере алмаймын, ренжіме, жаным, - оның бетін шымшып, көрпеге орана төсекке жаттың. Ол арқаңнан түрте. — Мен жамылу арқылы ұйықтай алатын жалғыз көрпе осы. Берші, шаршап тұрмын, - ыңырсып, балаша жұлқына бастады. Оның түріне қарап отырып, ойыңа келгені ол үшін керемет жаза болды. — Кешір, Юнги. Мен де бөлісе алмаймын. Бірақ сен үшін болады, - деп, арамы жымидың. Ахх, Юнгиді қалай жазалаймыз? — Не дейсің? - басын қасып, есінеп қояды өзі біздің мысық. — Кел, қасыма жат. Бір көрпеге сыямыз ғой. — Расымен бе? Менімен бірге жатпақшысың ба? — Иә-иә, кел, - ол сенің жаныңа құлай, ұйқысын жалғастырды. Сен əдейі кептірмеген шаштарыңды оның бетіне лақтырып қойып қойдың. Ол біріншісінде алып тастады, екіншісінде алып тастады, үшіншісінде атып тұрып: — С/а! Қанымды ішпеші! - деп, айқайлап жіберді. Сен өтірік ұйықтап қалған түр жасап ала қалдың. Ол оған сеніңкіремеді. Кейін қайтадан орнына жатты, бұл жолы өзің бұрылып, шашың дəл алдына түсті. Тағы да қыдықтай оны ұйқысынан оятып ала бердің. Ол ақыры шыдамай басқа бөлмеге кетіп қалды. Бір түнде оның əрбір жүйке талшықтарын тоздырып жібердің. Солай кең төсекте жатып ұйықтап қалдың. Күнде шығып қалған еді. Юнги екі сағат көз іліп ала, жұмысқа кетті. Ұйқысы, əрине, дұрыс болмады. Сен тіпті əлі оянбадың. Юнги сені оятпақ болып, түртпектеп көрді мүлде оянбадың. Кейін оятқышты ұзақ шырылдатты. Сен оны сезіп те жатқан жоқсың. Сені оята алмай, қызметшілеріне сен тұрғанда жақсылап қарауын, бірақ ұйқыңды бұзып оятпауын тағайындап кетіп қалды. Сен түс болған уақыттарда ояндың. Онда да күн түсіп, бөлме ысыған соң. Орныңнан дереу тұра перделерді жауып тастадың. Кейін бөлме есігін құлыптап, қайтадан жатып ұйықтай бердің. Есік құлыптаулы болған соң, Юнги кіре алмасына сеніп еркін ұйқы болды. Кеш болды. Сен əлі ұйықтап жатырсың. Арасында оянып кішкене телефон қарадың. Біраз уақыт өтпей қайта ұйықтап қалдың. Юнги келді. Қасында кеше тойға келе алмаған досы бар. Қызметшілер сені мүлде төменге түспегеніңді, тіпті есікті ашпағаныңды айтты. Ол сені əрдайым еңбекқор, жұмыс басты əйел деп ойланушы еді. Сені кешке дейін ұйықтады дегенге сенбей бөлмеге келді. Есікті қатты соқса да сен мүлде оянбадың. Есікті қойшы соғыс болса да тұрмайтын секілдісің. Юнги ақыры есікті бұзып, ішке кірді. Ал сен төсекте ұйқының түбін түсіріп жатырсың. — Өлəə! С/а! Тұр! - сені жай түртпей, қатты-қатты жұлқылап жатыр. Сен көзіңді кішкене ашып: — Қойшы, Мартин. Мазаламашы! - деп, қойып қалдың. — “Мартин”? Мартин дегенің кім? — Мартин. Кім екенін білмейсің бе? — Мен білетінге ұқсап тұрмын ба? — Жоқ!!! - деп, кетпек болып төсектен тұрғалы жатыр едің, ол сені қолыңнан тарта қайта орныңа отырғызып қойды. — Кім ол? — Сен! - қолыңды тартып алдыңда тұрып кеттің. — Мен? - басын қасып отырып қалды. Сен тіпті əлі киінбеген де едің, ұйқыңды аша алмай, айна алдында біраз кідіріп тұрып қалдың. Юнги артыңнан: — Тіпті киім ауыстырмадың ба? Əлі халатпен жүрсің ғой сен. — Жабайы, Мартин. Өшірші үніңді! Өлгің келіп тұр ма? — Не? — Ештеңе! - бір жұтым су іздеп, төменге түсіп кеттің. Юнги тіпті киім ауыстырмай, халатпен төменге кеткеніңе таң қалып отырып қалды. Төменде досының отырғанын естіп, бірден сенің соңыңнан жүгірді. Енді баспалдақпен түспек болғанда тоқтатып: — Мына түріңмен қайда барасың. Киіміңді ауыстыр. — Маған кім қарайды? Шөлдеп тұрмын. Су ішемін. — Төменде қонақ бар. — Қайтейін? — Осылай ашық-шашық халатпен кімге көріне алмай жүрсің? — Қазір халатсыз кетемін. Сонда көресің кімге көрінгім келгенін! - ай сенде де мінез жатыр, иә? — Шеш ал! Қолыңнан келе ме? Төменде менің досым бар. — Жарайды, - теріс бұрылып төменге түстің. Юнги сені жоғарыдан бақылап тұр. Досы отырған диван жанында су құйылған ыдыс болды. Суыңды іше, əлгі досымен амандастың. Ол сенің мінсіз дене-бітіміңе сілекейі шұбыра қарап отыр. Юнги мұны байқап, дереу қастарыңа жетіп келді. — Чонгук, танысып қой, бұл менің əйелім — С/а. — Əйелің өте əдемі, - Юнгиге бұл сөздер жақпай тістеніп: — Иә, өте əдемі... - дей бергенінде, сен халатыңды шешіп қалдың. 3 бөлім соңы #FlowerFly
#BTS_IMAGINE_QRF  #Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің. 4-бөлім #Елестетші, халат жерге түсті. Юнги көзі бақырайып, алдыңа сені жаба тұра қалды. — О, Құдайым. С/а! Халаттың ішінде мөлдір, тым қысқа көйлек болды. Сол үшін де сенің духың мықты болып шешініп салдың емес пе? Бірақ соның өзін де денең айқын көрініске ие еді. — С/а! Не істеп тұрсың? - Юнги үстіңді жауып əбігерге түсті. Ал Чонгук сені ұзақ тамашалағысы келіп отыр. — Əй, Юнги, тұршы былай. Сұлулықты жаппай, - Юнги ашуланып, Чонгукке ала көзбен қарап қойды, ол да үнсіз бола қалды. Саған халатты беріп: — Тез киіп ал мынаны. Шешінетін жерді де тауыпсың сен. — Кимеймін! - түріңді тыржита қарап. — Киесің! — Кимеймін! Басымды қатырма! Кисең өзің киіп ал. Жарасады, - дедің, Чонгук сені көргісі келіп өліп барады, Юнгидің кең иықтарынан, шымыр дене бітімінен сен мүлде көрінбей тұр едің. Оны шетке итере, Чонгукке қарама-қарсы орынға отырып алдың, аяқтарың айқастырулы тұр. Ал саның жарқырап тұр, іш киімің көрінбегені болмаса, аяғыңның барлығы дерлік көрінеді. Чонгук сенің қылығыңды түсінбеді, бірақ бұл ісіңе риза. — Ы, С/а? — Иә, не болды? - оған қарап жымидың. Чонгук сол сəтте космосқа ұшып кетті дерсің. Сенің жымия қарағаныңа естен танып қалардай болып қалды. Ары қарай сөз таба алмай, есі кетті. Оның есі кетіп отырғанын көріп Юнги: — С/а! Бөлмеге келіп кетші, - өтірік сыпайы түр жасап басымдықтарға қарай кетіп жатыр еді, сенің сөзің оны тоқтатты. — Бармаймын! — А? - қастарын көтеріп, сұраулы түр жасай саған қарап тұр. — Керең болып қалдың ба? Бармаймын! Чонгукпен əнгіме айтамын, - қайтадан Чонгукке қарап жымидың. Ол да саған қарап кəмпит алатын баладай ыржиып отыр. — С/а! - қабағы қатулы қарап тұрды. — Не? - басыңды Юнгиге қарата, шашыңды артқа қайырдың. — Неге ерегесіп отырсың? — Мен бе? Ой, Мартин, мияуламашы. Менің тағы не істей алатынымды көргің келе ме, Чонгук? - тап бір үстіңдегі ілініп тұрған мөлдір көйлекті де шешіп тастардай оны ұстап қалып едің. Юнги жүгіре алдыңа тұрып: — С/а! Қойсаңшы болды, - сенің мінезіңнен əлі көресіні көреді ғой, ол байғұс. — Өзің емес пе "шешін" деген? - бейкүнә адамдай, сызыла кірпіктеріңді қағып көз тастадың. — Құдайым-ай, мен не жамандық істеп едім сонша? Бұлай сынайтындай кімге зияным тиді екен? - күрсініп сөзін жалғады: — С/а, сенің жасай алатыныңа сенбегенім үшін, кешірім сұраймын. Енді саған "шешін" деп, өлсем де айтпаймын. Қойшы, өтінемін, тіпті жалынайын, - осылай сөйлеп сені райыңнан қайтармаса, қазір іш киіммен қалатын түрің бар сен қыздың. Осы сөзге Чонгук те қыстырырыла кетіп: — Кезінде маған зияның тиіп еді, сол шығар, ə? Мүмкін əйелің осы кейпінде бізбен кешкі ас ішсе қайтеді, - Юнгимен жақын дос болғандықтан оны бес саусақтай біледі. Оның қитығына қалай тиеді десеңші. Оны ызаландырудың жолын жақсы білетіні көрініп-ақ тұр, шамасы саған одан курс алу керек. Юнги бұл сөзге үнсіз қала алмады: — Əй, Чонгук! Қазір бар ғой, итше қуып шығамын. С/а, не айтсаң да орындап кететін əдеті бар. Қойшы, қазір оны да жасап отырады, - бұл бір саған қарсы шабуыл жасаған түрі еді. Сен де оның төбе шашын тік тұрғызатын керемет жауап қайтардың. — Ейй, мияуламашы. Бірақ... мен қарсы емеспін. Юнги, қалай ойлайсың? Менің аяқтарым өте əдемі, иә? - деп, орныңнан тұра, аяғыңды көтеріп диванға қойдың, төменнен жоғары сипап көрсеттің. Чонгук ва**й ғой əлгі жерде. Юнги өз сөзіне өкініп: — С/а! Түсір аяғыңды. Киіміңді ауыстырып келші бар, - қабағын түйіп, аяғыңды итере өзі түсірді. — Мен кетейін енді, маған айтар сөзің бар ма? - менсінбеушілік толы кейіпте бір күле, Чонгукқа жымия қол бұлғадың. — Жоқ! Еш сөзім жоқ! - аларып, ашыған қымыздай атқылап кетердей болып тұрды. — Ал, екеуің отырып өсек айта беріңдер. Кешкі астарыңа рақмет. Әлде... киініп сəн көрсетілмін көрсетейін бе? — Жоқ! Саған да рақмет. Тəбетімізді қашырып жібердің. Кетші тезірек, кететін болсаң, - сен үнсіз ғана кербез жүріспенен кете бердің. Оның сөздері саған мүлде əсер етпеді. Себебі, енді сен емес, ол сенен қорқатын уақыт келді. Юнгидің сөзіне тағы Чонгук ілесе сөзін бастап: — Негізі, С/а керісінше тəбетімді ашып жіберді. Бірақ тамаққа емес секілді.. - сен оның сөзін естіп, мырс ете күлдің де жоғары шығып кеттің. Бұл сөздің нағыз Юнгидің күре тамырларын қысатын сөз екенін сездің ғой. Юнги Чонгукке қарап, нені меңзегенін түсініп-ақ еді. Күйеуің ретінде бұл жерде сені қызғануы керек болатын, алайда бұл сөздерден неге екені белгісіз жеңіліс сезімін сезініп тұр. Чонгук екеуі кешкі ас ішіп, бір-екі шөлмек ішімдік те ұрттады. Əңгіме арасында Чонгук ашықтан-ашық сенің əдемілігіңе, қылықтылығыңа тəнті болғанын, тіпті сені көзбен шешіндіргенін жайып салды. Юнги бұл сөздерге ашуланса да Чонгук өз сөзін толықтырып: — Əттең, ол клубтағы қыз болса, сенен бір түнге болса да сатып алар едім. Бірақ ол сенің əйелің, қызығын тек өзің көресің. Саған қызығамын, - деп, ернінің шетімен күліп, өз стаканын сыңғытып салды. Кейін үйіне қайтты. Юнги де біраз отырып, сенің тамақ ішпегеніңе алаңдап қалды. Бөлмелеріңе қолына азырақ тəтті-дəмді əкеліп еді, сен тағы ұйықтап қалыпсың. Саған алыстан қарап, ойға батып кетті. Чонгуктың сөздері саған деген ынтық сезімін арттырып жіберді. Тым махаббатқа толы көздермен қарады, сүйіспеншілікке толы отбасы болғысы келетінін жай сыбырлап саған алыстан жеткізді. Қолындағы заттарды, кереует жанындағы үстелге қойып, сенің қасыңа отырды. Шашыңнан сипап, сүйкімді, кішкентай балапанды көргендей көздері жалт-жұлт ете саған қарап отыр. Қиылған қара қастар, ұзын-ұзын кірпіктер, ақшыл, жылтыр тері жəне де шиедей қызыл еріндер. Міне, осы еріндер оны ынтықтырушы. Əуелі ерніңді саусағымен сипай ұстады, бірақ шыдамады. Сені сүйгісі келіп барады, еріндерің енді бір-бірімен жанаса бергенде, басыңды бірден бұра: — Сасық! - дедің, Юнгидің басын итере. Юнги де сенен мұндай сөз күтпеген соң, түсінбей қалды. — "Сасық" дейсің бе? Кім мен бе? — Жоқ, көрші Люба тəте. Сенен басқа адамның иісі шығып тұрған жоқ мына бөлмеде. — С/а! Тағы қанша тосынсыйың бар? — Саған не "сасық" деген сөз комплимент болып естілді ме? Тосынсый болатындай сөз емес-ау. — Ахх, С/а. Қай жерім сасық менің? - саған төніп тұрған жерінен, көтеріліп, орнынан тұрды. — Аузың! Ернімнен сүйер алдын жуыншы. Фуу, - түріңді тыржитып, Юнгиді итердің де: — Бар жуып келші дəл қазір, - дедің. Негізі тазалық Юнгиден қалған, киімінде тіпті десең қыртыс болмайды. Бірақ сен түймедейді түйедей етесің ғой. Ол саған қарап, басын шайқады да, тісін жууға кетті. Сен оны күтіп жүрсің, əрине, оған "тағы барып жу” деп айту үшін ғана. Ол жуына қайта кереуетке келіп отырды. Жаңадан бері оның шыққанын күтіп халатыңды шешіп қысқа көйлекпен, əрлі-бері теңселіп едің, мінекей сенің піскен олжаң. Жай ғана оның зығырданын қайнатып қана қоймай, онымен ойнағың келді. Юнгидің алдына келіп отырдың. Құлағының астынан бастап, жейдесінің түймелеріне дейін сүйіп шығудасың. Юнги барынша өзін ұстауға тырысып, ендігі де сенің күтілмеген əрекеттеріңнен қорқа: — С/а, не істеп жатсың? Тағы… - ол тағы мияуламақ болғанда, жіңішке саусақтарыңмен аузын бастың. Оның көздеріне қарап отыра жейдесінің түймесін шеше бастадың. Оған қадала қарағаның сондай, оның көздерінің қарашығы бір-бірімен айқасып кетті. Қайта оның мойнына түсе, сүйе бердің, тым жұмсақ еріндер оның мойнын қыдықтауда. Жаңадан бері өзін қатал ұстап отырған сенің жемтігің Мин Юнги берілді. Көздерін əлсін жұмған, оның үлкен ақ қолдары сандарыңды кейде тіпті көйлегіңнің ішіне дейін сипап жатты. Сен жіңішке қолдарыңменен ашық жейдесіндегі пресстерін ұстап, кейде мойнына қолыңды жібердің. Юнгидің шаштарын артқа қайыра: — Нағыз жабайылықты көрсетемін, бірақ қайталаушы болма. Адам өміріне қауіпті, - дедің, ақырын сыбырлап, қу күлкімен күле, мойнына ыстық дем шығардың. Ол сенің не дегеніңді мүлде естімейді, бейне бір басқа əлемге кетіп қалған дерсің. Бірден оның мойнын қатты тістедің, бұл із тек қана қызаруы қайдам, аузыңа қанның дəмі барғанша тісіңді батыра тістеуді қоймадың. Бұл ауыр із қалдыру оны əлемінен əп-сəтте шығарып алды. Еркек болса да мына ауырсынуға шыдай алмай барады. — Айщ, С/а! Не істеп кеттің? Жібер, қой деймін саған, - сені итерген сайын оның мойнын жұлып алайын деп жатырсың. Ауырғаны соншалықты көздері жасаурап қалды. Ол сені ажыратпақ болса да сен тістеуіңді қоймай жатырсың. Кешегі сенің амалыңды қолданып көргісі келді, бірақ сен оның үстіне асыла отырып алғансың, қимыл жасау мүмкін емес. Сені ажырату мүмкін еместігіне көзі жетіп, сенің тоқтағаныңды күтуден басқа амалы қалмады. Қолымен төсекті қысып, көздерін тарс жұма шыдауға барынша тырысуда. Қанның дəмін сезіп сен де тістеуді қойдың. Тістелген орынға қарап едің, сəл болмағанда жұлып аларлықтай болып тұр. Юнги көзін ашып, мойнын ұстады. Өтірік өзің байқамағандай: — Ай, қатты ауырама? Қып-қызыл болып тұр ғой. — Ауырмайтынға ұқсап тұр ма? Түсші, орынымнан тұрайын. Жұлып ала салмадың ба? Бекер қойдың ғой. — Сені сүйгім келеді, - деп, қолыңды оның иықтарына астың. Ай Юнги, аңқау ғой шіркінің, алданып қалды тағы. Саған келгенде барлығына көнеді. Мойнын ұмытып, қолдарымен беліңді орып ұстай, еріндеріңе өзі жақындады. Көздерін қайта жұмып, сүйісті бастаған еді, сен алшақтап: — Жуынбадың ба не? - дедің, тағы бұрынғы əуеніңе сала. — Жуындым, екі рет қайталап жудым тісімді. Не əлі иіс бар ма? - деп, қолына үрлеп көрді, мүлде иіс те жоқ. Бірақ сен қоясың ба, оған тағы қулықпен жауап қайтардың. — Ыы, тіпті мұрның иіс сезбейді ме? Жо-жоқ, мен сенімен сүйісе алмаймын. Тіпті бірге жата алмаймын. Бүгін басқа бөлмеге ұйықта. - оның алдынан тұра, Юнгиді тұрғызып жібердің. Оның айтарға сөзі жоқ, жұмыстан келгелі көргендері оны есеңгіретіп тастады, тыныш саған қарап тұра берді. Өзің төсекке жата: — Кетсеңші! - тағы бөлек жату оған жақпағаны анық. — С/а. Сен маған қандай болсаң да ұнайсың. Мен де саған ұнауым керек. Мен сенен бөлек бөлмеге жатпаймын, - деп, қасыңа келіп жатып алмасы барма, айлакер десе. Сен одан мұндай сөз күтпеп едің. Біраз арада үнсіздік болды. Содан соң ойыңа мінсіз идея келді. Екеуің де жоғарыға қарай түп-түзу жатсыңдар, ол ұйықтап үлгеріпті. Сен бар күшіңмен Юнгиді итере теуіп, еденнен бірақ шығардың. Бұл жолы ол расымен шошып кетті. Кейін басын көтеріп: — С/аа! - деді, ақырып. — Есің дұрыс па, С/а! Жынды болайын дедің бе? Əлде мені жынды қылайын дедің бе? Бала болып кеткенің не? Қойшы, түнде тыныш ұйықтайықшы, - кеше де ұйқысы қанбады, бүгін де солай болса, ол есінен алжасатыны сөзсіз. Юнги ұйқыны қатты жақсы көретін. Бірақ сен оны басып оздың. Ол айқайлағаннан кейін көзіңнен үш-төрт тамшы жастарың сырғып түсті. Юнги сені тағы қырылыс жасайды деп ойлап еді, бірақ сен оны тағы естен тандырдың. Сенің жылағаныңды көре, дереу орынан тұрып: — С/а? Қатты айқайладым ба? - деді, суға түскен мысықтай болып жуасый қалды. — Кет! Сені көргім келмейді! Маған неге айқайлайсың? Оммааа, - деп, еңіреп жылай бастадың. Юнги сені қалай жұбатарын білмей бір есе көзіңді сүртеді, бір есе бөлмеден кетеді, бірақ сенің жылағаның қоймай жатқан соң қайта келеді. Жаңа əкелген тəттілерді беріп қояды. Сені өзіне қаратып: — С/а, мен бе айқайлаған? Қара ұрамын, - деп, өзінің қолын ұрып жатыр. Сен оған қарап дереу жылағаныңды қойдың. — Осылай ма? Сені ренжіткенді ұрсам жыламайсың ба? - деді, сен де басыңды жай изеп қойдың. Содан соң Юнги өз-өзін төбелей жөнелді. Оның жасап жатқан ісіне сен де күліп жібердің. Енді күлмеу мүмкін емес, танығалы бері сұсты адамың осылай жынды адамның қылығын жасауда. — Мені бала көресің бе? Не істеп жатырсың? Алдама мені, - дедің, көздеріңдегі жасты сүрте. — Пфф, бала демей кім енді мынау? — Мартииин… - ол сені солай əзер жұбатты. Бір төсекке жатуға да көндірді. — Неге мені "Мартин" деп айта бересің? — А, сол ма? Апамның "Мартин" деген мысығы болған. Сосын ол құтырма дертіне шалдықты. — Не? Мені сонда… құтырған мысыққа теңеп жүрсің бе? Одан да соны əкеп бере салайыншы, мені мысыққа теңегеніңе шыдай алмаймын, оның үстіне ол құтырған. О, Құдайым. — Ол өліп қалған, - дедің, тырқылдап күле. — Не?? - көздері шығып кетердей, саған қарап. — Иә, өлді құтырған албасты, - Юнги де мəз болып күлді. Кейін сені құшақтай, өзі шырт ұйқыға кетті. Оның құшағында жатып оған ішің жылығандай болды. Бұл ұнатума екен?.. 4 бөлім соңы #FlowerFly
#BTS_FANFIC_QRF ♨️ ҮШІНШІ КӨЛЕҢКЕДЕ ♨️ Басты рөлдерде: Чон Чонгук, Ким Се Яң, Мун Бёл, Ан Хи Ра, Ким Сокджин. Жанр: романтика, драма, фантастика. Бөлім саны: mini 6. Автор: #FlowerFly [4 бөлім] Чонгук: — Жаңағы ісімді жалғастырар болсам, қазір сені біреу келіп, құтқара алады ма?! - Се Яңның белін қысып ұстай, оған жақындай бастады. Сокджин: — Қолыңды тарт қане одан! — Сен кімсің тағы? Менің үйімде не шатағың бар?! Араласпай, кет! — Ол менің болашақ əйелім! Жібер қане. Оған екінші жақындаушы болма! - деп, Се Яңды Чонгуктың қолынан суырып алды. Чонгукқа бір рет жұдырық жұмсап, Се Яңның жағдайын тексерді. — Бəрі жақсы ма? Еш жерің ауырып тұрған жоқ па? — Жоқ, жақсымын. Сонуға барайықшы. Тезірек кетейікші мына жерден, - жылауға шамасы келмей, дірілдей сөйледі. — Жарайды. Қазір, мына сұмырайдың ісін бітірейін. Содан соң кетеміз. — Жоқ. Керек емес. Өтінем, кетейікші. Чонгук: — Сайқал, өзіңді кіммін деп жүрсің?! Қайдағы болашақ əйелің? Ол мендік! Түсіндің бе?! — Ей, СЕН! Қалай-қалай сөйлейсің? Шамаң жетсе, кел бері. Жұдырығымның дəмін көр! Се Яң: — Қойшы болды! Қайтайықшы, жүрші. Се Яңның сөзіне қарамай, екеуі жұдырықтасып кетті. Чонгуктың мұрнынан қан кетіп жатты. Сокджиннің есе ерні қанап, көзі ісіп тұрды. Екеуін Се Яң əрең ажыратты. Қайсысының болса да, жарасы Се Яңның жанына батып барады. Екеуін ажыратқан соң, Се Яң Сокджинді бірден сыртқа алып кетті. Екеуі көлікке отырып, кетіп қалды. Чонгук болса өзі қалды. Се Яңның басқамен кеткені оның ызасын келтірді. Қызғаныш отына өртеніп барады. Жол бойы Сокджин да қатты ашуланып, Се Яңды сұрақ астына алды. — Ол саған не істеді? Бірдеңе деді ма? Артық дүние жасамаған шығар, иə? Саған тиісті ма? Қол көтерді ме? - ашумен дауысы қатты шығып жатты — Қайсы сұрағыңа жауап берейін? — Ол оңбаған саған тиісті ме?! — Жоқ! — Шыныңды айт! - Сокджиннің қызғанғаны көздерінен байқалды. Тіпті көлікті зымыратып жүргізіп келе жатқанын байқамайды. — Неге маған дауыс көтеріп сөйлеп жатырсың? "Тиіспеді" дедім ғой саған! — Сен оның жанында түні бойы болдың. Білесің бе? Ал мен барған уақыт, сен оның құшағында тұрдың. Оның қолдары сені сыйпалаумен болды. Не ойлауым керек, Се Яң?! - тап бір өзің Чонгукқа келіп, оның құшағына енгендей ашуланып, айқайға салып отырды. — Оны таңертең ғана көрдім. Уайымдаудың еш қажеті жоқ. Енді жай жүрші. Сонуға алаңдап отырмын мен, - деп Сеяң өзінің сөздерінің бəрібір пайдасыз болып жатқанын біліп, ақталғысы келмеді. Сөзін аяқтап, жай ғана терезеден жан-жағына қарап отыра берді. Сокджиннің оған сенбей қараған көзқарасы жанына қатты тиіп кетті. Ренжігені көрініп тұрды. Мейлі, оны жақсы көрмейтін шығар. Бірақ қанша уақыттан бері ешкім сенбеген кезде, Се Яңға риясыз сенген, оған қамқорлық жасаған адам еді. Солай екі тарап та үнсіз қалды. Бірде Сокджин Се Яңның ренжіп қалғанын байқап, тыныштықты бұзып, сөз бастады. — Білесің бе? - өте сабырлы үнмен. — Нені? - деді Се Яң көздерін жолдан алмай. — Сенің маған қатты ұнайтыныңды. Се Яң жолдан көзін тайдырып, Сокджинге бір қарады да, үнсіз отыра берді. — Се Яң... - тағы да үнсіздік, — Мен сені қатты қызғандым, Се Яң. Сол үшін... — Сен кімсің сонша маған дауыс көтеретіндей? Маған сенбитіндей кімсің!? - көзіне жастар жинала, көздерін тарс жұмып алды. Тап бір тағы бір сөз айтса, тұншығып қалар еді. Кеңірдегіне өксік толып барады. Джин: — Кешірші, - көлікті жол шетіне тоқтатты да Се Яңның қолынан ұстай: — Мен саған дауыс көтергім келмеді. Тек əлгі жексұрын Чонгукқа ашуланғанымнан солай болды, - жастарын сүртпек болып еді, Се Яң басын тартып: — Көлікті тезірек қайта жүргізші. Анда Сону жалғыз. Сенімен сөйлескім келмейді, - деп қолын тартып алды. Сокджин енді ғана "көңілін өзіме аудардым-ау" деп болашақтарынан үмітті еді. Бұл оқиға қуанышын су сепкендей басты. Се Яңға Чонгукты ұмыттырып, өзін сүйгізгісі келетіні, жасаған іс-əрекеттерінен айқын білінеді. Қазір Сокджин да Се Яңды ұстап қалу үшін көмектестін жалғыз нәрсе Сону. Ал Чонгукта оның махаббаты. Се Яң мың жерден Чонгукты жек көремін десе де, естеліктерді ұмыту оңай ма? Оны іштей əлі күнге дейін сағынар еді. Бар болғаны оған деген сезімін тұншықтырумен жүр. Солай Се Яң үнсіз ренжіген күйі үйге де жетіп келді. Сонуға алдын Се Яң босанар уақытта көмектескен əже қарап тұрыпты. Ішке кіре салысымен Се Яң Сонуға қарай жүгірді. — Балапаным, менің. Күнім сол. Жарық жұлдызым, сені қатты уайымдадым. — Сонуды тамақтандыра бер. Мен саған таңғы ас əзірлеймін, - деп Сокджин бөлмеден шығып кетті. Ал сен сол күйі үнсіз болдың. Сокджин таңғы асқа омлет дайындап жатты. Се Яң болса, Сонуды құшағына алып, кешегі күнді ойлап отырды. — Менің анық есімде. Мен өз төсегімде жатқан едім. Бірақ... Бірақ мен ол үйде қалай тап болдым? - деп өзімен өзі күбірлеп отырды. Расымен бұл сұраққа жауап табу қиын еді. Мун Бёл бұны қалай жасай алғанын Сокджин көп ойланды. Жəне өзі осы жерде қалса, кешегіге қарағанда жақсы болады деп ойлады. Таңғы ас дайын болғанда, Се Яңды үстел басына шақырды. Се Яң тамақтанып отырды. Сокджин оған қарап отырып: — Мен бүгіннен бастап осында қалсам... - деп қалып еді, Се Яң жеп отырған тамағына қақалып қалды. — Бəрі дұрыс па? Міне, су ішші, - деп Сокджин Се Яңның арқасынан қаға сөйледі. Се Яң біраз жөтеліп отырып, қайта өзіне келе: — Ақылың орынында ма? Қалай менің үйімде қаласың? — Солай, сонда ғана сен қауіпсіз боласың. — Болмайды, - арықарай тамағын жей бастағанда Сокджин: — Болады, мен саған "Мун Бёл қауіпті елес" дедім! - деп сөзін жалғастырмақ болғанда, Се Яң сөзін бөле: — Сен қазір даусыңның көтерілгенін байқадың ба?! - Се Яңның төзімі де таусылғандай, ашуланды. — Не дейсің? — Неге қожайын болып жатырсың? Кім едің сен сонша? — Се Яң, қате түсініп қалдың. Олай сені ренжіткім келмеген. — Жетер. Мені тағы Чонгукке кетіп қалады деп ойлап отырсаң, қателесесің! Мен онда өзім барғаным жоқ! Оның қалай болғанында білмеймін. Қалай ол жерге тап болғаным есімде жоқ! Мен онда өзім бармадым! - Се Яң қатты ашуланып, тіпті Сокджинге ауыз аштырмады. Өзіне сенбейді деп ойлады. — Жоқ, жо-жоқ. Мүлдем олай емес, Се яң, - орынан тұрып, Се Яңның алдына келді де Се Яңның шашынан сипай: — Маған сенбейсің ғой! Чонгукқа сенгендей маған сенбейсің, - үлкен əңгіме бастау алары сөзсіз . Арықарай үнсіз тұра қайтадан сөзін бастады. — Мен сені қорғағым келеді. Чонгукқа бергім келмейтіні рас əрине. Бірақ бұл саған сенбеймін деген сөз емес. — Мені қорғау үшін мұнда қалудың қажеті жоқ қой енді. Сенбегендіктен қалғалы тұрсың. — Құдайым-ау! Мун Бёл сені сонда апарды. Сені дəл уақытында қорғап қала аламадым. Осында болсам, ол жағдай енді қайталанбайды. Кеше сені қорғай алмағаным үшін, өзімді қалай кінəлі сезініп тұрғанымды білсең ғой. — Не? Мун Бёл?! Ол бұны не үшін жасайды? — Тағы бір жоспар құрған болар бəлкім. — Сонуға ештаңа жасамайтын шығар, иә? — Жоқ, əрине. Ол менің ұлым, менікі. МЕНІҢ ҰЛЫМ. Осыны есіңнен шығарушы болма. Ал сені ренжіткенім үшін кешірші, - Се Яңның алдына тізерлей отырды, содан соң кішкене нəзік, əрі əдемі жүзікті қалтасынан шығара: — Бұның реті емес əрине. Бірақ мен осында қалуым үшін кемінде саған ұсыныс жасағым келді. Се Яң, менімен бір бүтін отбасы болуға келісесің бе? — Ы-ым... Не десем екен, Сокджин? Тым ерте секілді əлі, - отырған орнынан тұрып кетпекші болып еді Сокджин тоқтатып: — Ерте емес. Менің сүйіктім емес, Сонудың əкесінің жұбайы боласың. Саған “ мені сүй, жақсы көр ” деп асықтырмаймын. — "Сонудың əкесінің əйелі" дейсің ба? - бұл сөзге күлмей тұра алмады. — Иә. Келісесің ғой, иә? — Хмммм, Сонудың əкесіне əйел болу, мен үшін жақсы ұсыныс. Келісе салайын. Мен келісемін, - шаштарын артқа қайыра, кербезденіп Сокджинге қолын созды. Се Яңды көндіру үшін тек Сону жеткілікті болды. Сокджин оның келіскенін көріп жүрегі атша тулады. Қолына жүзікті тақты да Се Яңды қатты құшақтады. Се Яң кішкене шегініп: — Мен Сонудың əкесінің əйелімін. Сокджиннің сүйіктісі емес, - деді дауыстап күліп. — А, ойбай! - Сокджинде қолын бірден алып, күле бастады. Хи Ра кеше түндегі оқиғадан соң əлі ес-түссіз Мун Бёлдің қолында. Мун Бёл тап бір кек алып жатқандай. Хи Раны өлтіргісі келеді, Чонгук пен Се Яң үшін тырысып жатқандай. Хи Ра есін жинап: — Чон, құтқаршыыы - деп жылай жөнелді. — Сұрқия неме, жап аузыңды - қараңғы бөлмеге Мун Бёл енді. — Өтінем, уа..қыт берші.. — Мені алдамақ болдың, білмей қалады, мені ақымақ деп ойлайдың ба? — Не жасадым сонша? Сені алдамадым.. — Əлгі сұр жыланның ұрпағы деп таныстырған Се Яңның оған мүлде қатысы жоқ екен ғой. — А!? Мун Бёл.... саған бəрін түсіндіремін. - дірілдей Мун Бёлдің аяғына келіп жығылды. — Қажеті жоқ. Бəрі түсінікті, неге өзіңнің орныңды Се Яңға бергеніңді білемін. Мен зұлым шығармын, бірақ қателік жібермеймін. - аяғында жатқан Хи Раны бір тепті де қайтадан кеткелі жатыр еді. — Сен дұрыс түсінбедің.. Бəрі мүлде басқаша. - еңіреп жылап кетті. Мун Бёл тоқтап кері бұрылды да: — Сен өз ісің үшін жауап бересің, уайымдама жаным..- зұлым күлкі, жаңғырық, қызыл көздер, қараңғы бөлме атмосфера азапты. Қорқынышты. Мун Бёл кек алуы үшін қажет болған адам Се Яң емес Хи Ра болды. Мүмкін сол үшінде Сокджин пайда болған болар. Чонгук пен Се Яңның махаббатына келген сынақ тым ауыр өтіп жатты. Мун Бёл өз жоспарында енді Хи Раның кесірінен, Се Яңды азаптағаны үшін, бірден Хи Раны өлуге лайықты деп білді. — Алло! Хи Ра! Қайдасың сен?! — Алло, Се Яң саған қайтып оралғанын қалайсың ба? - деп сөзін аяқтамай жатып Чонгук сөйлей жөнелді. — Сіз кімсіз? Се Яңды қайдан танисыз? - Се Яң туралы естіген Чонгук, Хи Раны ұмытып кетті. — Онда ********* мекен-жайына кел. - деді деп телефонды қойып қойды. — "Сіз кімсіз?" дедім! Қап қырсық-ай, құрып кеткір! Чонгук тез-тез жиналып, жолға шығып кетті. Жол... Чонгук көлікті көз жетпес жылдамдықта жүргізіп келеді. Се Яңды өзіне қайтаруға мүмкіндік туғанына қатты қуанып, қоңырау шалған адам "кім екен?" депте алаңдамады. Қоңырау соғылғанына 15 минут болғанда, Чонгук межелі жерде болды. Ескі құрылыс алаңы. Кішкене қаладан тыс орналасқан. Құрылысы аяқталмай қалған үйлерде, көшедегі қайыршы, үйсіз адамдар тұрады екен. — Чон Чонгук! - көп қабатты үйлердің, ең биік қабатынан Мун Бёл айқайлады. Чонгук жоғары қараған сəтте, оның жанындағы шашы жалбырап, түрі бозарған Хи Раны көрді. — Чон Чонгук, саған тосын сыйым бар! Қара мына албастыны, - арамы күлкісімен күле төменге қарады. — Кешірерсіз, оны неге ол жерге алып шықтыңыз? Ол менің əйелім. Жіберіңіз оны! — Жо-жоқ, бұл мыстан! Білесің бе? Се Яңды опасыз еткен осы! Оны сенен ажыратқан осы мыстаан! - бұны Чонгук мүлде түсіне алар емес. Ал Мун Бёл, Хи Раны тізерлетті де: — Қара Чон Чонгук! Сен үшін оны жазалаймын! Рахмет айтпасаңда болады! - Хи Раны тізерлеп отырған күйі бір тепті де, төменге қарай сүңгітіп жіберді. Хи Ра айқайлаған күйі құлап бара жатты Хи Ра құлап бара жатқанын қарады да, Чонгук теріс қарай бұрылып, көзін жұмды. Қатты жылдамдықпен Хи Раның денесі жерге гумп ете құлады. Даусы тым қатты шықты. Чонгук қайта бұрылып жерде қансырап жатқан Хи Раны алыстан байқады. Жанына баруға жүрегі дауаламай тұрды. Мун Бёлге қарап еді, ол ендігі орнында болмады. Се Яңды сұрағысы келседе, Чонгук оны таба алмады. Ақырын басып Хи Раның жанына келді. Оның сонша биіктіктен құлаған соң тірі қалуына еш үміт жоқ еді. Түрі адам қаралық болмады. Чонгук жедел жəрдем мен полиция қызметкерлерін шақыртты. Хи Раның денесі шашылып қалағандай көріністе еді. Мəйітті жедел жəрдем қызметкерлері алып кетті. Ал Чонгук болған оқиғаны офицерлерге баяндап берді. Олар əлгі адамды іздестіретінін айтып, оқиға орынын қоршауға алды. Арада 3 апта уақыт өтті. Полиция Мун Бёл туралы ешқандай ақпарат таба алмады. Əрине ол елес қой, елес туралы ақпарат қай жерде бар дейсің. Əуелі Чонгуктен күдіктенді, содан соң бұл істі "өз-өзіне қол жұмсау" деп жаба салды. Сокджин мен Се Яң кішігірім етіп некелесу тойын жасады. Солай Се Яң, Сонудың əкесінің əйелі атанды. Чонгук бұны естіп одан əрмен ішкілікке салына берді. Мун Бёлдің сөзін естігенде үміт оты жанғандай болғанымен, неке бəрін быт-шыт етті. Түс. Сокджин мен Се Яң ауруханаға келді. Сонуды кішігірім тексерістен өткізді. — Се Яң, қарашы ұлымыз күлуді үйренді. - қолындағы ұйықтап жатқан бөпенің бетін тыржитып қойып. — Əй, қойсаңшы! Ауыртасың бетін, сосын қызарып қалады. - Сокджиннің қолына салып қалды. — Айщ, Се Яң ауыртың ғой! - деп байғұс бола қалды. — Ыыы, ауырады ма? Менің балама тиіспе онда! — Менің балама?! Менше кіммін сонда? - көзі бақырайып кетті. — Танымаймын сені - екеуі де күліп жіберді. Екеуіне Чонгук қарап тұрды. Олардың бірін-біріне қарағаны оны буындырып жатты. Бірден Се Яңның алдына келді де... 4 бөлімнің соңы. Келесі бөлім трагедия болады шамасы..
#BTS_FANFIC_QRF ♨️ ҮШІНШІ КӨЛЕҢКЕДЕ ♨️ Басты рөлдерде: Чон Чонгук, Ким Се Яң, Мун Бёл, Ан Хи Ра, Ким Сокджин. Жанр: романтика, драма, фантастика. Бөлім саны: mini 6. Автор: #FlowerFly {3-бөлім} —Ұлымды көруге....- деп ыңғайсызданып қалды. — "Ұлым" деймісіз? Кешірерсіз, сіз расымен жаңылысып кеттіңіз. — Жоқ, Се Яң мен дəл осы жерге келіп тұрмын. Жаңылыпта, адасыпта тұрғаным жоқ. — Сіз менің есімімді қайдан білесіз? Тұра тұрыңыз, түсінбедім, демек сіз..- деген күйі дауысы шыкпай, сөйлей алмай қалды. — Мен өз ұлымды көруге келдім. — Сіз, əкесі боласыз ба? Ой, жоқ! Сия рухымысың? — Сия рухы емес, Сокджин деп айта берсең болады. — Расымен, Сия рухысың ба сонда? - таң қалғаны соншалық, ауызы ашылып қалды. — Ия, сен айтқандай болсын. Сия рухымын. — Шынында солай болса, онда айтшы, баланың əкесі кім? — Əкесі ме? Ол мен, менің балам. — Қумашы, есің дұрыспа? — Неге олай дейсің? Неге маған сенгің келмей тұр? Сену тым қиынға соғама. — Сен рух болсаң, əкесі қалай сен. Рух пен адам арасында бала болады деп ойлайсың ба? — Əрине, дəлелі міне қолыңда ғой. Сен рух дегенге мені тым қорқынышты елес секілді деп ойлама. — Елес емес, несің енді? — Сен секілді адаммын. Ет пен сүйектен жаралған, жаны бар, күліп тіпті жылай алатын қарапайым адам. — Адам екенсің, қайда болдың осы уақытқа дейін? Мен "баланың əкесі кім?" деп сонша ойланғанда, қайда едің? — Сону үшін, жақсы əке болуға тырыстым. Қарапайым адам болып, сенің жаныңда болу үшін оралдым. — Енді Сия рухы емессің бе? — Жоқ, - деп басын сүйкімді шайқады. — Маған бəрін айтып беруің керек, ұмытып кетпе, - деп уақытша əңгімені тоқтатты. Сокджин, баланы қолына алды. Əдетте ерлер жаңа туылған сəбиді ұстауға қорықса, Сокджин керісінше оны қолынан тастамайды. Се Яң əліде күдіктеніп жүр. Расымен ол əкесіме, расымен Сия рухыма деген ой маза бермеді. Сокджин баланы қатты күткені көрініп тұр, иісіне тоймай тіпті, Се Яң тамақтандырып жатсада қасынан бір елі шықпай, бірге болуда. Сырттай керемет отбасы көрінісі. Бала мен ананың жағдайы жақсы болған соң, ауруханада 3 күн жатсада жеткілікті болған еді. Сол 3 күнде Сокджин өте керемет əке болатынын дəлелдеп шықты. Түнімен де, күнімен де қасынан мүлде шыққан жоқ. Бала жылағанда Се Яң емес, өзі қарады. Қысқасын айтқанда баланы сүтпен тамақтандыра алмағаны болмаса, анасы өзі болды. Балаға қарап қоймай, жас анағада қамқорлық жасады. Се Яңның көңілі жібігендей болды. Ауруханадан шығатын күні: — Құжаттарды толтыруыңыз керек ханым, - деді мейірбике. — Жарайды, — Негізі барлығын өзіміз реттеп едік, əкесінің есімі ғана қалды. Соны жазсаңыз болды. — Əкесінің есімі ме?...Оны жазбасаңыз болмайма? — Неге жазбаймыз? Маған беріңіз өзім толтырып беремін. - деп Сокджин құжаттарды қолына алып бəрін толтырды. Баланы заңды түрде өз тегіне тіркеді. — Сен расымен əкесі екеніңді білмеймін ғой. Неге олай жасап жатырсың. — Оны біліп, сенудің қажеті жоқ. Қарасаңшы, ол менен айнымайды. - кішікене ыржиып. — Саған мүлде ұқсамайды! Өзіме тартқан балам. — Ким Сону, Ким Се Яң мен Ким Сокджиннің ұлы. Керемет үйлесімділік. — Ия, үйлесімді. Кетсек қайтеді? Өзім кетемін десемде қоймадың "жеткізіп саламын" деп. — Жарайды, айтсаң болды ғой қымбаттым. - "қымбаттым" деген сөзді естіп Се яң кішкене біртүрлі болып қалды. — "Қымбаттым" дегенің не? Олай атаушы болма мені.! Көлік іші. Сону тəп-тəтті кейпінде ұйықтап жатыр. Се Яң да үнсіз отыр, Сокджин жаймен Чонгук пен Хи ра туралы əңгіме бастап келе жатыр. — Ия, білемін сен олар туралы айтқың келмейді. Меніңде олар туралы сөйлесуге құмартып тұрғаным жоқ. — А? Кімдер туралы айтып отырсың? — Сенің жігітің болған жарымес пен сатқын құрбың. — Ааа, айта бер. Олар ендігі мені алаңдатпайды. Болар іс болды. Солардың арқасында осындай ғажайып ұлым дүниеге келді. — Расыменде бұл сені ренжітпейме? — "Жоқ" дедім! — Сен не болғаны туралы білесің бе? — Сен жəне бала олардың жоспарында болмағанын білемін. Хи раның Чонгукты ұнатып, оны менен тартып алғысы келгені үшін қайдағы жоқ жынмен өмірімді тас-талқан еткенін білемін. — Бəрі сен ойлағандай емес, сен білмей қалған жерлерде бар. — Білгім келмейді. — Хи Ра жайдан-жай Чонгукқа есі кеткен жоқ. Чонгук... — Саған "білгім келмейді" дедім емеспе?! — Бірақ мен өзім жайлы саған бəрін айтып бергім келеді. Өзіңде бəрін айтып беруді сұрап едің. Мені қабылдағаныңды қалаймын. Ол үшін істің мəн-жайын біліп алуымыз керек қой. - деп өз сөзін жалғастырды. Се Яң да үндеми тыңдай берді. Хи Ра мен Чонгук жақсы қарым қатынаста болғандығы үшін Хи ра оны өзіне қаратып алғанын, яғни Хи Раны үміттендірген Чонгуктың өзі еді.. Ал Мун Бёл есе қайтаруға келген елес қана емес, зұлым күшке ие елес екенін, оның осы өмірге қайтып оралғысы келетінінде айтты. Се Яңды əр жігітке апармақ болған сайын, өзінің кедергі жасап отырғанында қалдырмай баяндады. Мун Бёл, Се Яңның ішіне еніп жаман істерге бастағанда əрдайым жанынан табылған өзі екенін жеткізді. Солай барлық затты ретімен айтып берді. Құтқаруының себебі, өзінің рух болғанында емес адам ретінде ұнатып, сүйіп қалуы екенін ашып айтты. Көлікті аз уақытқа тоқтаттыда, сезімінің шынайы екенін, оған ешқандай қиянат жасамағанын айттып берді. Се Яңның қолынан ұстап оны ешқашан жылатпауға сөз берді. — Мен сені аспан айналып жерге түсетін болсада тастамаймын, - деп Се Яңды ернінен сүйіп алды. — Қуасың ба? — Өз сезімімді білдіріп жатырмын - жымидыда, көлікті ары қарай жүргізді. — Ал, балаға келетін болсақ, əлгі мыстан екеуі сені бір жігіттің құшағына кіргізбей қоймады. Сол уақытта басқа амалым болған жоқ. Сені одан кейінде қорғау үшін, саған сауыт кигізгім келді. Ал кішкентай сəби таптырмас қорғаныш еді. — Ия түсінікті, оның енді маңызы жоқ. Үйгеде келіп қалдық. Ойланып қарасам өткенді қазбалай бергеннен пайда жоқ. Анау жерге тоқтайсың, ішке кіретін шығарсың. — Ия білемін, осында қалсам ше? — Сен тым қатты кетіп жатырсың. Осы жерден қайт, ішке заттарды кіргізіп кете берсең болады. — Жай əзілдеп жатырмын ғой. Жай бір шай ішіп кетсем болатын шығар, - көздерін жыпылықтатып, мейрімділік сұраған күшік тəрізді. Се Яң келіскендей болып басын изеді. Үй ішіне кірген сəтте, Се Яң үй іші шашылып жатыр деп ойлаған еді. Алайда, үй іші шарлармен сəнделген екен. Жатын бөлмеге ұл балаға арналған жиналмалы бесікте қойылыпты. Қабырғаға "ҚОШ КЕЛДІҢ БІЗДІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫМЫЗ" деп жазу ілініпті. Жас анаға керек барлық жабдықтармен, сөрелерде толып тұр. Се Яң бұл затты мүлдем күтпеген еді, көзінен мөлтілдеп жастар ағып түсе берді. Барлығы Се Яң мен Чонгук армандағандай еді. Барлығын Сокджин жасасада, тап бір Чонгук Се Яңға қайта оралғандай көрініс тапты. Сокджин Се Яңды жылы құшағымен қысып, үйге ертіп кірді. Се Яң Сокджиннің орнында Чонның болғанын қатты қалағаны көрініп тұр. Сонуды жаңа кереуетіне жатқыздыда, екеуі бірге бір-бір кесе кофе ішті. — Жалпы, менің рух болғанымды білесің. Бірақ қазір мен қарапайым адаммын. — Ол қалай? Ондай мүмкіндігің барма? — Негізі жоқ, бірақ Сону менің рух ретіндегі өмірімді аяқтады. — Енді расымен, менің қасымда боласың ба? Сонуды бірге өсіреміз ғой иə? — Егер сен келіссең əрине. Мені ұнатпайтыныңды білемін. Сону үшін үйленсек қалай қарайсың? — Ыыыыым, білмедім. Оның əкесіз өскенін қаламаймын. Мүмкін үйленсек, үйленейік. — Расымен келіссең, барлығын өзім дайындаймын... Солай қаламасада Сокджин өз үйіне қайтты. Зəулім, үш қабатты үй.. сағат: 21:35 еді. — Чооон, қашан келесің? — Шаруаң болмасыншы! Қашан қалаймын сол уақытта өзім барамын. — Мен саған тосынсый дайындап жатыр едім. — Керек емес, мазамды алмашы. - телефонды қоя салды. Телефонның артында қыздардың күлген дауыстары жап-жақсы естіліп тұрды. Хи Ра бұл жауапқа не күлерін, не жыларын білмей қалды. Үйленгендеріне бір апта енді болғанда, өзіне опасыздық жасағанына сене алар емес. Чонгук түнгі клубтардың вип кəбинетінің бірінде отырған еді. Се Яңның сəбилі болғанын естіп қайғыға салынып отырды. Се Яңды мүлде сүймеген секілді, алайда өзіне тиесілі заттан айырылып қалғандай. Шынына келсек Се Яңды сүйіп ұнатқан болатын. Бірақ болған жайттардан соң, өз сезіміне секем алып қалды. Хи Раға қалай үйленгенін байқамайда қалып еді, бəрі ашу-ызаның кесірінен деп өзін ақтап алуға тырысуда. Чонгук мүлде өзгерген еді, адал жəне тəрбиелі жігіт енді жоқ. Се Яңмен бірге болғысы келседе қолынан келмейтініне қатты қиналып, жүрегі қан жылап тұрады. Хи Ра ол үшін қызықсыз, жасанды ойыншықтай болып қалды. Хи Ра есе оның сезімдері расымен шынайы деп қабылдап қалған болатын. Қазір ол Чонгук екеуінің бөлмесінде, қаптаған қара түтінге тұншығып, дем ала алмай қиналып жатыр. — МАҒАН! Маған бер! - ащы айқаймен, зұлым дауыс тым қорқынышты болатын. — М..м..Мун Бёл тоқташы, а..а..аз уақыт қана берші, сағанн Се Яңның денесін б..бер..емін. — Оны күтуге уақытым жоқ, сен керексің!!! - деп бас салып қылқындыра бастады. — Өтініш, мүмкіндік берші!!! — ӨЛ! ӨЛ ДЕДІМ САҒАН. ОПАСЫЗ ӨЛСЕҢШІ ҚАНЕ! МЕНІ АЛДАП СОҚПАҚ БОЛДЫҢ СОЛАЙМА?! — Ж..жоқ, сен қа..те түсіндің...- деп сөзін аяқтай алмай есінен танып қалды. — Сұрқия неме! Мені алдаудың қандай боларын көр енді. - Хи Раның жансыз жатқан денесіне сиқыр жасады. Содан соң арада бірнеше сағат өтті. Чонгук есіктен кіріп келді. Үй тып-тыныш, ешкім жоқ тəрізді. Чонгук бөлмеге қарай қабырғаны жағалай жаймен барды. Бөлме іші қап-қара, атмосферасы үрейлі болды. Жарықты қосып қалып еді, төсек үстінде Хи Ра ұйықтап жатыр екен. Чонгук оны ренжіген екен деп, басқа бөлмеге ұйықтауға кетті. Тым көп ішкені сонша аяғында əрең жүріп, көрінген төсекке құлай кетті. Түс уақыты. — Айщ, басым-ай. - су құйылған ыдыс ішін қарап еді, су қалмаған екен. — Хи Ра! Су əкелші!..... Хи Раа! - ешқандай жауап қайтпаған соң, өзі тұрып бөлмеге қарай барды. Бөлме іші əлі қараңғы болып тұр екен. Терезе пердесін ашып, Хи Раны оятпақ болғанда, Хи Раның орнында Се Яңның жатқанын көріп таңырқап қалды. Мүмкін тым көп ішкенімнен деп ойланды. Бірақ бұл шынайы еді. Жанына отырып, сұлу болып ұйықтап жатқан Се Яңның шашынан сыйпап, оған деген сағынышын басқысы келді. Бетінен жеңіл сыйпап жатып, еріндеріне көзі түсті. Бұл мүмкіндіктей көрінді, жаймен ерніне жақындап сүйе бастады. Тым қатты беріліп кетті, ал Се Яң бұл əрекеттен шошып оянды. Чонгукты итермек болсада оған шамасы келер емес. Чонгук мүлде есін білмейді, ісін əрмен қарай жалғастырып жатты. Се Яң қанша ұрғылап, итерседе оны сезіп жатқан жоқ. Киімін шешуге кірісіп жатыр еді, Се Яң басынан жарық шамымен ұрып қалды. Кішкене басы айналып, есін жиғандай болды. Өзінің істеген ісі үшін кешірім сұрап, алдында қорықыныштан жылап жіерген Се Яңға қарай алмай шығып кетті. — Мен не-не істеп қойдым, есің дұрыспа ақымақ, ақымақ - деп басын ұра берді. Се Яң: — Мен мұнда не істеп жатырмын. Сону, ол қайда? Сонуым, қазір барамын, қазір. Се Яңның бөлмеден атып шыққанын көріп, Чонгук оны қорыққаннан қашып бара жатыр деп ойлады. — Тоқта, кешірші Се Яң - деп қолынан ұстап тоқтатып алды. — Чонгук! Мен кетуім керек жіберші. — Кешірші мені жаным, өтінем кетпеші. Мен жан-тəніммен, сені қалаймын. — Мен ұлыма баруым керек. Жіберші енді, қарны ашқан шығар. — Мен сені жібермеймін. Сен мендіксің, сен біреудің баласына қамқорлық жасамайсың. Жүрші сөйлесейік, мен сені сағындым. — Есіңнен алжастың ба?? Тұршы былай жолымнан! Сен маған бір тиынғада керек емессің! — Тоқта! Ашуыма тиме, мен не істей алатынымды білесің бе?! Қазір сені кім құтқара алады, біреу келіп құтқара алама, жаңағы ісімді жалғастырар болсам?! Сокджин: — Қолыңды тарт қане одан! 3 бөлімнің соңы. Кешіктірілген уақыт үшін кешірім сұраймын!
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, әпкең қайтыс болғаннан кейін, Чонгук саған көңіл білдірді. 3 - бөлім. Өткен бөлім төменде⬇️ Чонгук Шиюнді үйіне дейін көлігімен алып келді. Қақпа алдына тоқтап: — Келдік, - деді. Шиюн Чонгукке қарап: — Саған бүгінгі кеш ұнамады ма? — Кешіріңіз, маған көңіл көтеру аса ұнай бермейді. — Білмедім, - деп көліктен әлі түспеді. Ал Чонгук оның түскенін күтіп отыр. Шиюн ақырын Чонгукке жақындап: — Ішке кір. Саған бір нәрсе көрсетейін, - деді тосыннан. Чонгук түсінбей: — Мен бе? — Қорқамысың? — Жоқ. Мені балам күтіп отыр. — Балам? - деп артқа қарай қайырылды да, — Үйленгенсің бе? — Иә, - деді, Чонгук қысқа қайырып. Шиюнның үміті де көңілі де су сепкендей басыла: — Өкінішті. Бәрі басқаша болғанда, мүмкін сен маған ұнаған болар едің, - деп, күле көліктен түсіп кетті. Чонгук Шиюннің өзіне қалай қарап жүргенін біраздан сезуші еді. Бүгін анық көзін жеткізгендей. Тэхённың Чонгукты үлкен мысалға келтіргені ойыңнан кетпей қойды. Ақша, жұмыста көтерілу үшін беделді әйелмен көңіл қосады деген ойыңа да кіріп шықпағаны анық. Арасында сенімен болған жайттан кейін “ отбасын асырау үшін сондай қадамға барды ма? ” деген негізсіз ойлар да келе бастады. Арада бірнеше күндер өтті. Чонгукты да Ёнды да әлі бір көзің шалмады да, хабар алмадың да. Бәрінен бұрын Ёнға алаңдаулысың. Әйтеуір бір хабарласып, халін білуіңе де болар еді. Чонгуктан іштей ұяласың. Бар батылыңды жинап, кешкісін Чонгукке хабарластың. Бір көтермеді, күттің. Екі көтермеді күттің. — Мүмкін, сөйлескісі келмеген болар? - деп енді тұтқаны сөндіргелі жатқанда, тұтқа артынан: — Тыңдап тұрмын, - деген дауыс шықты. Сасқаныңнан: — Сәлем, Чонгук. — Бұл кім? - деген әйел кісінің дауысы шықты. Жүрегің тарсылдап: — Кешіріңіз, - деп көңілің су сепкендей басылды. Әлгі тұтқаны көтерген әйел: — Чонгук, саған хабарласып жатыр, - деп Чонгукті телефонға шақырды. Чонгук телефонын алып: — С/а? Жүрегің әрі қарай сөйлеуге дауаламай, тұтқаны қойып тастадың. Чонгук экранға бір қарап, “ Не себепті хабарласты екен? ” деп ойланы қалды. — Чонгук жалғыз емес екен ғой. Мезгілсіз уақытта хабарласқаным дұрыс болмады... Жұмыс күндердің бірі. Кадр бөліміндегі қызметкерлер жиналыстан шығып келеді. Ең соңында жиналыс үстеліндегі қағаздарды жинап жүрдің. Бірде: — Әлі осындамысың? - деген Тэхённың дауысы шықты. Сен оның тіпті қайта кіргенін де сезбей, сілк ете қалдың. — Сізге не керек? — Мм? Қашаннан бері бастыққа сыпайы формадағы дөрекі сөз айтылатын болған? Жүргім келді, жүрмін. Сен іштей тістене, соңғы қағазыңды алып шығып кетпек болғанда, Тэхён жолыңды кескестеп: — Тоқтаңыз, Кан ханым. — Жолдан былай тұрыңыз, жұмысыма барайын. — Жұмыс күте тұрар. Өзім босатамын. Бұны бір өз құзыреттілігін асыра пайдалану секілді сезіндің. — Мүмкін болса, тездетсеңіз. — Маған тез деп айтпашы. Мен басқаша түсініп қаламын. Өткен жолғы кеш туралы... — Не жайында айтып тұрғаныңызды түсінсем бұйырмасын. — Өте жақсы. Қытайлық деллегациыны күтіп алуға сіздің бартыныңызды айтқым келген. Бұл сіз үшін үлкен мүмкіндік. — Мүмкіндік? Делегацияға тек басшылар барушы еді ғой. — Өте дұрыс. Сіз менімен барасыз, - деді де кетіп қалды. Сен түсінбей орныңда біраз тұрдың да Тэхённың соңынан жүгіре: — Ким мырза, мен сізбен бара алмаймын. Мүмкін, Ынбёльді өзіңізбен ертерсіз? — Ынбёль? Оның басы бос емес, - деді де жедел сатыға кіріп кетті. Ал саған түсініп ал. — Ынбёльдің басының мұнда не қатысы бар?.. Сингапурлық деллегацияларды күтіп алуға әуежайға жиналған TQ ONE банк өкілдері ұшақтың қонғанын күтіп тұр. Мұнда жиналғанның барлығы сондай беделді, әр филиальдардың бір-бір басшылары. Арасында сен ғана жай қызметкер. Енді не болар екен деп қобалжып тұрсың. Бірде Тэхён қолдарыңнан ұстап қала: — Жарар енді. Сонша дірілдедің ғой. Сен қолыңа қарап қала: — Мер қобалжып тұрмын. Тэхён қолыңды босатып: — Сенің міндетің жай ғана күлімсіреп, әдемі сәлемдесу, - деді де әуежайдың келесі бетін қолымен нұсқады. Көптен күткен Сингапурлық деллегациялар келе жатыр екен. Тэхён саған бір жымиды да: — Жүр, - деп өзімен ертіп кетті. Барлықтарың бір нүктеде кездесіп, сәлемдестіңдер. Тоқырлаған еркектің арасынан сұңғақ бойлы бойжеткен көзге бірден ілікті. Бір ағылшын, бір кәріс тілінде сәлемдестің. Келген делегацияның жүздері жадырағандарынан хоть сәлемің дұрыс болды деп ойладың. Тэхён саған “ жарайсың ” дегендей көздерін қысты. Компанияны жоғарыдан көз тастай, бақылап тұрға Шиюнның жанына Чонгук келді де: — Шақырдыңыз ба, ханым? — А, Чонгук? Кел. Қарашы, сондай үлкен, иә? Чонгук компанияны сырттай алғаш көруі. Барлығы құмырсқалардай еңбек етуде. Чонгук: — Барлығы өз бас қамдары үшін, өмір заңдылығымер еңбек етуде, - деді мағыналы сөйлей. Шиюн Чонгуктың бұл сөзіне дән риза болғандай: — Дұрыс айтасың. Осынша дүниені уысымда ұстап тұру маған қиын. Түсінесің бе? - деп Чонгукке бір көзінде мұң бардай қарады. Шиюн үнемі қатал, жұмысына берілеген болаттай берік әйелдің көрінісінде байқалатын. Ал дәл қазір ол еркек атаулының алдында өз әлсіздігін мойындағандай болды. Чонгук Шиюнге қарап, екеуі үнсіздікте тілдесті. — Балаң барын айттың. Демек... әйелің де бар ғой. С.Солай ма? Алғашында Чонгук түсінбей қалды. Кейін мұны жай сұрақ ретінде қабылдап, одан арыға сұрау себебін саралап жатпады. — Әйелім жарты жыл бұрын қаза болды, - деді ауыр күрсініп. Шиюн үшін бұл бір қуанышты жауап болғанымен, қазаның аты қаза, өкінішін де білдірді. — Кешір. Арты қайырлы болсын. Чонгук жай ғана басын изеп қоя салды. Шиюн Чонгуктан баласы жайында сұрастырып, іштей өзінің ниетін білдіргісі келгендей болды. Кешкісін жұмыстан қайтар жолда, Ённың бала бақшасына тоқтадың. Ёнды көрмегеніңе көп болып еді. Оны өзіңмен алып кетуге келген едің. Бала бақшадан Ёнды алып шығып келе жатқаныңда, Ён: — Әке? Ённың алғаш “ Әке ” дегенін естіп, иіліп отыра: — Ён, жаңа ғана не дедің? Әке дедің бе? — Әке! — Әке! Иә, жарайсың, Ёён! Өзің тәп-тәттісің! Мына сөзіңді әкең естісе ғой. Балапаным, - деп құшақтап тұрғаныңда, жандарыңа расыменде Чонгук келді: — С/а? Артыңа қарап қалсаң, Чонгук тұр екен. Бірақ жалғыз емес. Жанында Шиюн бар. Ақырын орныңнан түрегеліп: — Сәлеметсіз бе! - деп иілдің де, — Ёнды көрмегеніме көп болды. Оны өзіммен алып кетсем бе деп едім. Саған қоңырау шалсам көтермедің. Сондықтан... — Кешіріңіз, бірақ Ён балақай бүгін сізбен бара алмайды. Чонгук Шиюнге қарап қалғанда, Шиюн үндемей қалды. Чонгук: — Егер қаласаң, бүгінше Ён сенікінде болсын. Ол да сені сағынып қалған болар. Сен Шиюн екеуін бірге көргенде ішің бүріп сала берді. Ёнға ақырын қарап: — Жүреміз бе, Ён? - Чонгукке артық сөйлемедің. Бірақ Чонгук мұны іштей қалайтындай, Ёнды сылтауратып сенімен тағы-тағы сөйлескісі келетіндей саған қарайлаумен болды. Бірақ сен Ёнды алдың да кетіп қалдың. Шиюн Чонгукке қарап: — Сендер таныс па едіңдер? Чонгук үндемеді. — Бұл қыз, өткен кештегі мейрамханадағы қыз емес пе? — Кеттік пе? - Чонгук көлігіне кетіп қалды. Шиюн таңданып қалғандай. Ёнды алып, кешкі асқа кафеге алып бардың. Тәтті тағамдар алып беріп жатқаныңда, апаң қоңырау шалып қалды. Біраз сөйлесіп, Ённың жаныңда екенін айттың. Немересімен біраз сөйлесіп, іске көшкендей: — С/а, сенімен бұл тақырыпта сөйлесемін деп ойламаппын. Мүмкін, өзің ойланып, бір шешімін айтасың деп күткен едім. — Апа, сенің не жайында айтқың келіп отырғанын түсінемін. Біраз күт, апа. Мен саған өзім айтатын боламын. Сау бол, - деп сөндіріп салдың. Терең күрсініп, апаңның да айтып жатқанын түсіністікпен қарауға болатыны жайында ойландың. Бірде сол маңнан өтіп бара жатқан Тэхён, сендерді көріп қалды да дереу сендер отырған жерге жетіп келді. Сенің жалғыз отырмағаныңды көріп жандарыңа келді де: — Оу, батыр. Інің бе? - деді Ённың басын сипап жатып. Сен еш эмоциясыз: — Балам, - деп қойып қалдың. Тэхён қолдарын бірден ала, саған қарады. Сен: — Не болды? Тэхён саған бір, Ёнға бір қарайлап: — Қалжыңың болар. Мен білемін, сенің басың бос. — Менің басым бос. Дегенмен, балам жоқ деген сөз емес. Тэхён бұған расымен сеніп қалды. Ақырын жаныңа отырып: — Көп сөзді доғарайық. С/а, саған бір жақсы ұсыныспен келіп отырмын. Өзің жаққан отыңды, өзің сөндір дегім келіп отыр. Сен түсінбей: — Не? Мұнымен не айтқыңыз келіп отыр? — Сен не жайында екенін өте жақсы біліп отырсың, - деді де үстелге бір конвертті қойды. Конвертті ақырын алып, ашқаныңда ішінде сен өміріңде көрмеген сумма жазылған чек тұр. — Мұныңыз не? Ұялмайсыз ба?! - ашуланып кеттің. Тэхён: — Мен әлі сөзімді аяқтаған жоқпын, алтыным. — Мен сізді түк түсінбедім! Және түсінгім де келмейді. Ён, тұр. Кетеміз, - дегеніңде Тэхён сені ұстап қала: — Егер маған көмектессең, мына чек сенікі, С/а. — Сізге не керек өзі? — Кан Шиюн. —?? — Ол менің әйелім. Расында...біз ажырасқанбыз. — Не? — Егер оны маған қайтаруға көмектессең, қалаған суммаңды да шеніңді де көтеруге дайынмын. — Мені не үшін айналшықтап жүргеніңіз түсінікті болды. Өткен кештегі кездесу де, мені таныстыруыңыз да бәрі сол үшін болғаны ма? — Дәл солай. — Онда мұныңыз бос әурешілік. Ол енді басқа біреуді тауып та алған шығар. — Мүмкін емес. Мен оны білемін. — Мен көрінгеннің ортасына түсетін біреу емеспін. Олай болса, өзіңіз жаққан отыңызды өзіңіз сөндіріңіз. Сау болыңыз! - дедің де кетіп қалдыңдар. Тэхён сенің сөздеріңе вах*й деп, ол да кетіп қалды. Шиюн кештетіп Чонгукты үйіне кіргізуге көндірді. Чонгук Шиюнның өзі айналшықтап жүргенін ойлап, мүмкін ол расымен мені баламмен қабылдағысы келген болар деп Шиюн жайындағы ойын 145 градусқа өзгертіп салады. Шиюн қара түсті атыласты халаты мен қызыл шарапты бөтелкені көтеріп келе жатты. Чонгук оны байқаған бойда: — Менің қызыл шарапқа аллергиям бар, - дегенде Шиюн еш саспастан: — Ах, мұны білмедім. Менде аққайнар да бар, - деді бейне бір бұл кешті әйтеуір бір ішімдіксіз өткізбейтінін қалағандай. Чонгук екеуі аққайнарды періп отырғанда Шиюн еріксіз әдейі жылап қалды. Чонгук одан себебін сұрағанда, Шиюн Чонгуктің тізесіне басын қоя: — Чонгук, мен қыз баласы болғандықтан бұл тұрғыда үлкен батылдығымды жиып келдім, - деп сөздің соңын үнсіздікке ұластырғанда, Чонгук них*я себе уже басталып кетті ма не деп батылдығын жия бастады. — Бәрін тасташы, - деп Шиюн нәзік қолдарын Чонгуктың кең кеудесіне ақырын жібергенде, Чонгуктың еркектік бойы дір ете қалды. Мұндайды жарты жыл шамасында сезінбеген еркек, бірден реакция берді де Шиюнның қолдарын ұстаған күйі ұйықтап кетті. Шиюн ваху* болып қала, Чонгукты есі дұрыс емес пе немене деп ойлап қалды. Сонша дайындалып отырғанда, Шиюн өз ойының іске аспай қалғандығына қапа болса да, на всяки случ деп Чонгуктың түймелерін ағытып, жартылай жалаңаш бірнеше фотоларды түсіріп алды. Аоаоао жоқ болып кеткенім рас. Білмеймін, жазбаларды жалғастырудың енді мәні бар ма жоқ па?.. #Calvin_Klein
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, кеш ауған уақыттан бастап су басына барма! Ымырт түскен уақыт. Қалың орманды жаяу кезген екі жолаушы, алыстан бір лашықтың әлсіз жарығын байқады. Көзге көлегелеу, тастан тасалау орналасқан лашықтың әлсіз жарығы, қанағатсыз бір жанып, бір өшуде. Екі жолаушы аяңдап, қырдың төбесінен маңдайына қолдарын қырлап, алыстан көз тастады. Кеш қарайып, бет ұшын үстіріп үлгерер суық ызғарға қалың тұман хош дегескендей, бірінің артынан бірі міңгесіп, төніп келе жатты. — Осы жерге аялдағанымыз дұрсы секілді, - дей арқасындағы жолсөмкесін жерге тастаған Лео. Бірде алыстан қасқырдың ұлыған дауысы желмен еміс-еміс есіле естілді. Бірден жан-жағана жалтақтай бастаған Тэхён: — Сен де естідің бе? — Қасқырдың дауысы. — Жазық далада ма? — Тездетіп анау үйшікке жетіп алайық, - деді қадамын жеделдете басқан Лео. Тэхён айналасына біраз қарап тұрды да ай сәулесінен көлеңкесі түскен Леоның ізімен жүріп отырды. Кішігірім лашық сыртына ілінген қолшам ендігі сөнгелі жатыр. Лашықтың есігі де көрер жарығы біткендей шиқылдап, үф десең ұшып түсердей болып тұр. Іштен әлде кімнің бір дыбысы шықпайды. Тэхён: — Іште біреу бар ма? — Шамның сөнгелі жатқанына қарағанда бірер күн бұрын бұл жерден кетіп қалғанға ұқсайды,- деп өз тұжырымын жасаған Лео, еш саспастан ішке кіріп кетті. Сонау жердің бір түкпірінен “ Көл ортасындағы арал ” атты аңызға айналған жерге келіп тоқтаған екі зерттеуші жігіттер, өздерін алда не күтіп тұрғандарын еш болжап болмады. Бұл әдеттегі күн секілді, езіле тапқан лашықтарын қоныс тұтты. Сонша жолдан шаршап-шалдығып, азықтары да таусылыпты. Екеуінің қарындары шұрылдап, осы зерттеу ісіне кіріспес бұрын қалай рахаттанып өмір сүріп жүргендерін еске ала бастады. Желкесіне қолын жастанып жатқан Лео, арадағы үнсіздікті бұзды. — Елге оралған бойда, босс бізді сияқысыз қалдырмас. Не дегенмен қаншама зерттеушілердің арасынан суырылып, алғаш болып бағалы тасты тапқан біз ғой! - деді ішін қуаныш кернеп. Тэхён жай ғана басын изеп қоя салды. Себебі, расында бағалы тасты тапқан Леоның өзі еді. Лео: — Елге қайта оралсам, еш нәрсеге қарамастан Ёнджиге сөз салатын боламын! - деді жымия. Мұны үнсіз тыңдап жатқан Тэхён, ауыр күрсінді де: — Әкесі саған қызын береді деймісің? — Берсе қолынан, бермесе жолынан. Егер бастартатын болса, мына тасты өзімде қалдырамын, - деп қойнынан бір зүбәржат тәрізді тасты алып шыққан еді, есіктің жырықтарынан түскен айдың болмашы сәулесіне де жылтырай кетті. Тэхённың көздері тасты көргенде қобалжып сала берді. Лео оған бір қарап: — Не болса да мен жерде қалмаймын, - деп жымия, тасты қайта қойнына салып қойды. Тэхён енді ғана есін жиғандай: — Лео, егер Ёнджидің өзі сенің бетіңді қайтарса ше? — Бәрі бір. Мен оған қол жеткізгенше, өз сөзімнен қайтпаймын, - ер жігіттік ақырғы сөзін айтқан ол, сол жағына қарай ауысып жатты. Тэхён: — Жолға таңертең шығамыз ба? — Иә, темірқазықтан солтүстік батысқа қарай жол тартамыз. Қазір бұлттар сейілгенде мен бағытты анықтап қоятын боламын, - деп өзі ұйқыға кетті. Тэхён Леоның өзіне деген сенімділігіне қайран қалғандай, әлдебір көзіндегі көлегелеу көңілімен қарады да сыртқа шығып кетті. Бұл түн жапан далада ас сусыз қалған екі жан үшін тым ұзаққа созылды. Тэхён сыртта отырып, өз өмірін саралай бастады. Осы жасына дейін еш нәрсеге қол жеткізбеген жас жігіттің өмірі тек көлеңкеде өтумен болды. Не жұмыстан жеткен жетістігі жоқ, не сүйген қызын өзіне қарата алмады. Ата-анасы баласының лас істерде жүретінін естігенде, ұлдарынан бас тартты. Бұл Тэхённың сағын сындырған күйде сындыра беретін. Тэхён осы тасты іздеуде өзінің бастықтары қомақты қаржы тіккендігін оған қоса істе жоғарылайтындарын алдын ала айтқан болатын. Бұл істе қаншама жалданғандар қаза болды, не қайта оралмады. Сонша уақытта тасты тапқан Лео болғандықтан Тэхённың көз алдында өз досының жоғарылап, бастықтың көңілінен шығып қана қоймай, екеуінің бірдей сүйген қыздары Ёнджиға сөз салатындығын ойлағанда, Тэхённың ішінде бір нәрсе бүлк ете қалды. Қолы қалтыраған күйі лашыққа қайта оралған Тэхён, өз-өзіне мүлдем ұқсамайды. Көздері ойнақтап, қарашығы алақ-жұлақ етеді. Тура Лео жатқан жерге келіп, жүрек тұсынан шырт ұйқыда жатқан Леоға қанжарын сұғып-сұғып алғанда, Леоның жан дауысы шықты. Тэхённың қолдарын қапсыра қыса ұстаған күйі: — С.Сен... Н.Не үшін? - көздері қанталап, тынысы тарылып жатыр. Тэхённың көздері жасқа тола: — Кешір, Лео. Кешір... Мен де Ёнджиді сүйемін. Менің басқа амалым жоқ. Мен де бақытты өмір сүргім келеді...- деп Леоның қолдарын ысырып тасады да қойнына тығып қойған тасты алып алды. Лео ақтық сапарға шығып бара жатып: — Тэ.хён, мен сені бауырымдай көрдім ғой...- көздерінен жастар сырғып өте. Тэхён артына бір қайрылды да дорбаларын алып, лашықтан шығып кетті. Лео кетіп бара жатқан Тэхёнға қараған күйі көздері ашық қалды. Тэхён дірдектеп, есінен адасардай басы ауған жаққа қашып барады. Қайта-қайта артына қарайлап, тап бір Лео артынан келіп қалатындай қарайлаумен болды. Бірде құлағына нәзік әуен естіле бастады. Тым нәзік, жіңішке, өте жағымды. Құлақ жарғақшаңнан өтіп, өн бойыңды ұрлап жатқандай. Тэхён біраз жүріп отырып, белгісіз бір көлдің жағасына келіп, әлсіздіктен сылқ құлады. Дорбасын тастаған күйі көлдің жағасына келіп, беттерін салқын сумен шайып-шайып қалғанда, көл бетінен өзінің жүзін көрді. Қанышер, баукеспенің нақ өзі қарсы алдында тұр. Тэхённың бойынан ток жүріп өткендей, өңі сұрланып кетті. Сол сәтте әлгіндегі нәзік қыз баласының дауысы қайта естілді. Бұл жолы тым жақын, әрі тым таныс. Ол тура Тэхённың құлақ түбінен сыбырлағандай “ Кел, кел Ким Тэхён ” деумен болды. Тэхён жан-жағына жалтақтап: — Ёджин? Ёджин! “ Кел, менің батырым! Сен ерлік жасадың! Мен сені мақтан тұтамын. Кел... Кел... ” деумен Тэхённың көңілін балқытып жіберді. Ай сәулесі көл ортасындағы шағын аралдың үстінде отырған бұрымды бикешті анық көрсетті. Су бетіндегі таста сылаң қағып отырған бикеш, Тэхёнды өзіне шақырумен болды. Біресе сықылықтап күліп, біресе нәзік жылап қояды. Тэхён бір орнында тұра алмай, әлгі дауыспен еріп, суды кешіп отыра аралға қарай бетті. Су деңгейі тізеден көтеріліп, бара-бара белден асты. Тас үстіндегі бикештен көздерін бір елі ала алмай, жанарына тамсанып кете берді. “ Кел, Тэхён! Кел, сүйіктім! ” есіңді арбап әкететін дауысымен Тэхён да көл ортасына жүзіп жетті. Әлгі бикеш Тэхёнды тасқа шығуға көмектесіп, бір-біріне бетпе-бет қарасты. — Ёджин! Ёджин! - көз алдында өзі сүйген Ёджинді елестетті. Өзін ұстай алмаған Тэхён, алдындағы сұлбаның еріндеріне жанасқанда, көздері бұлдырап, өзі көрген Ёджиннің бейнесі көз алдында жоғала бастады. Ары қарай ащы айқай күлкіге айналған бикеш, қарқылдап күліп-күліп Тэхёнды суға сүңгітіп әкетті. Тэхёнға дем жетпей, су бетіне қарай ұмтылғанымен екі аяғы жансызданып, тартылып қалды. Көз алдында су бетіндегі жарық бара-бара алыстай берді. Сырттан қарасаң, сондай терең емес көрінген көлдің Тэхён тұңғыиығына тартыла берді. Бірде құлағына Леоның сөздері естіле бастады. — Тэхён, мен сені бауырымдай көрдім ғой... #Calvin_Klein
#BTS_FANFIC_QRF ♨️ ҮШІНШІ КӨЛЕҢКЕДЕ ♨️ Басты рөлдерде: Чон Чонгук, Ким Се Яң, Мун Бёл, Ан Хи Ра. Жанр: романтика, драма, фантастика. Бөлім саны: mini 6. Автор: #FlowerFly {2-бөлім} — Ішімдегі суықтан өлетін зат, ол не? Сия рухы ма? — Жоқ, ол бала... — "Бала"? Есіңізден алжастыңыз ба? Бала кəдімгі бала ма? — Иә, бала! — Баласы несі тағы... Бір минут, бұлай мүмкін емес кой! — Неге?! Мүмкінн, бəріде мүмкін. Сен күтпеген дүниенің бəрі мүмкін. — Сіз жалған айтып жатырсыз! — Олай деме, сенің қорғаушың бұл. Ол болмағанда сен Мун Бёлдің құрбаны болар едің. — Қайдағы Мун Бёл, ол кім тағы. Онда шаруам жоқ! Бұл бала қайдан пайда болды? — Мун Бёл сені пайдаланушы! Зұлым елес.. Сенің дүние келгеніңді əжең дүниеден өткен уақыттан бері күтуде. — Кім болсада маған бəрібір! Бала кімнен? Сіз менің жігітімнің қандай қызғаншақ екенін білесізбе? Бала туралы естісе кіммен төсектес болдың деп мені аямасы анық! — Мун Бёл саған неге жабысып қалғанын білгің келмейме? — Жоқ! Бала кімдікі? Чонгуктен емеспе? — Жоқ. Саған дəл қазір сол қызықпа — Ия, Бұл бала адам ба өзі?? — Ия адам, жай ғана өзің шамалас жігіттен. Əкесін құрбыңнан сұра. Сол біледі, сен қанша дегенмен өзі апарды ғой! — Неме? Мен келесіде келемін. Сау болыңыз ханым! - деп жүгіре жөнелді. Хи Ра үй сырттында күтіп тұрған болатын. Се Яңның ойының бəрі, бала кімнің баласы. Мүлбе бақсыларға сенбитін қыз, тіпті расымен жүктіме оны тексерми жатып бала кімдікі деген оймен арпалысып келеді. Көзінен сырғып жастары түсуде. Сүйіктісіне қалай қараймын деп іштей қынжылып, бар ашуын Хи Радан алмақшы болды. Солай жүгіріп келген күйі Хи Раға бас салды: — Сен мені кімге апардың?! Кімнің құшағына салдың! Айт жаныңның барында!! Айт деймін саған, мен кіммен төсектес болдым! — Се Яң есің дұрыспа? Кіммен жатып, кіммен тұрғаныңды мен қайдан білемін. Сені ешқайда апармадым. — Не? Неге өтірік істеп тұрсың сен? Қалайша білмейсің? — Сен онда өз аяғыңмен барғансың. Өзің айтың емеспе түсіңде біреулермен түніңді өзкізгеніңді көргеніңді. — Ия, бірақ сол жерлерге сенің апарғаныңды айтты! Сен істедің солайма? — Қайдағы жоқ біреудің кесірінен екеуіміздің достығымызға сызат түсірмекшісің бе? — Не? — Есіңді жинашы, неге мені жасады деп ойлайсың. Мен саған солай жасайды дегенге қалай сеніп жатырсың. — Бақсы солай деп айтты. — Қойшы сен мүлде сенбеуші едің ғой. — Енді сенемін! Болды ма, енді менің сұрақтарыма жауапты қашан бересің? — Мен сені ешкімге апарғаным жоқ! — Онда мен неге жүктімін? — Не, не жүктісің бе? - кішкене ыржиып қалды. — Солай деді, білмеймін. Сенің апарған адамың əкесі деді. — Расымен жүктісің бе? - ішіндегі қуанышын жасыра алмады. Көптен күткен өз сəбиі секілді өмірне риза. — Ия дедім ғой! — Жүр ауруханаға тексеріл, сосын барып тезірек Чонгукке айтайық. — Не! Қайдағыны айтпашы оған не бетіммен айтамын. Оны білесің ғой, мен сол уақытта керек қылмай тастап кетеді. — Ия ол өзіне пəк, таза қыз керек екенін үнемі айтушы еді. Сол себептіде саған мүлде жақындамайтын солай емеспе?. — Міне солай ғой. — Мағанда керегі сол ғой, - деп сыбырлады. — А, не деп мұрныңның астынан мыңғырлап тұрсың? — Ештеңе жай ғана, ауруханаға барайық кəне. — Қорқып тұрмын, рас болса не болады. — Ештеңеде болмайды. Аурухана: — Сізде шамамен 16 апталық сəби. — Не?- Се Яң есінен танып қалды. — Медбике, медбике мұнда адам есінен танып қалды тездетіңдер!! Се Яң өзінің жүкті болып шыққанына күйзеліске түсіп қалды. Чонгуктен айырылып қаламын деп сəбиден құтылғысы келді. Бірақ түсік жасату мүмкін емес деді дəрігерлер. Егер түсік жасатса мүлде сəбилі бола алмай қалатын еді. Нағыз тығырыққа тірелу осы болса керек. Чонгук өзінің көп балалы болғысы келетінін айтқан болатын. Хи Ра бұл үшін өте қуанышты. Ол бұны тиімді пайдаланып кетті. Се Яң есін жинай алмай жатқанда, Чонгукке барып қайдағы жоқ біреулермен төсектес болып жүкті болып қалғанын айтып салды. Чонгук есе мың жерден сүйіп тұрсада өз ұстанымдарынан асып кетпеді. Се Яңды өзіне қиянат жасады деп білді. Онымен тіпті мəн жайды білу үшін кездеспедіде. Хи Ра қу түлкі болып шықты. Құрбысына сатқындық жасап, оның жігіттіне көз салыпты. Бақсы өтірік айтпаған екен. Се Яң кездесулерге де Хи Ра апарғанына сенімді болды. Барлық сұрақтың жауабы табылғандай. Бірақ зұлым елес Мун Бёл неге Се Яң таңдады, Хи Раның оған қатысы барма белгісіз болып қалды. Арада 5 ай өтті...... Хи Ра қандайда бір белгісіз адаммен телефон арқылы сөйлесіп жүр. Ары бері теңселіп жүрісінен қатты қобалжып жүргені көрінеді. — Ия, оны өлілер əлеміне қайтару керек. Жоқ, жоқ ол ондайға көне қоймайтын елес. Бар күшіңізді салу керек. Бұл жерде əңгіме басқада. Тез құтылуым керек. Се Яңның ай күні жақындап қалды. Чонгукпен айырылысып кеткен соң, аздап қиналды. Бірақ оның тіпті не жағдай болғанын сұрамағаны үшін оны жек көріп кетті. Сол кезден кейін бақсыға барып Мун Бёл ден құтылды. Сия рухы сыйға берген бала оның өмірінен жаман адамдарды шығарып салды. Сол кезде бақсының айтқаны: — Мун Бёл Чосон дəуірінде сенің төртінші атаңның əйелі болған екен. Ал əжең олардың арасына түсіп отбасын бұзған. Сол себепті кек алу үшін сені өлтірмек болыпты. Оның өзімен тілдесіп көресің бе? — Ол мүмкін бе?-деді Се Яң — Əрине, сен босанар сəтің келгенде, өлілермен тірілер арасында қаласың. Сол уақыт онымен тілдесіп көр. Балаңның əкесі кім екенінде біліп аласың. — Расымендеме? Бұдан артық қуанышты жаңалық болама.- деп қуанышы қойнына сыймай ай күні жетіп босанар күнін ынтыға күтіп жүр. Чонгук пен Хи ра өздерінше махаббат болып жүр. — Чооон, біз қашан үйленеміз.. — Хи Ра айттым ғой, келесі аптаға бəрін дайындап жатырмын деп. — Не болды, бəрі дұрыспа жаным.. — Се Яңды ойлап отырмын. Ол неге маған сатқындық жасады. Менен қателік кеттіме? — Ол саған сай емес. Бар болғаны сол. — Ал сен ше? — Мен сенің нағыз бағыңмын, - деп ернінен сүйіп алды. Се Яңның қолынан ғана ұстап, оған жақындамайтын адамда өзгерді. Бұл бір қарағанда Чонгуктың Се Яңды сүйгені, жай ғана көзбояушылық болғанға ұқсап кетеді. Хи ра оның басын айналдырып алдыма, əлде Чонның өзі оған ынтық болдыма, ол тек өздеріне аян. Се Яң мен Чонгуктың бірге өткізген қаншама естелігі болсада оны бірден ұмыта салды. Ұнату оңай болсада, ұмыту қиын еді ғой.. Ал Се Яң мың жерден оны жек көрседе, кейде оны ойлап жылап алушы еді. Ішіндегі өксік онын жанын тұншықтырып, азапқа салушы еді. Екі бірдей жақынының сатқындығы ауыр соқты. Өз сүйгенінен емес бала болсада оны жайменен қабылдап өмірнің мəніне айналды. Бірақ көп жылай беретін болды. Түн ауасы жаңбыр қатты жауып жатыр. Тап бір аспан тесіліп қалғандай. Жол қозғалысы қиын. Жедел жаңалықтарда кейбір жерлерде су тасқыны туралы хабарлауда. Хи Ра мен Чонгуктың бүгін ғана тойлары өтті. Олар өз неке түндерімен бос емес. Се Яң босану алдында.. — Тездетіңіздерші!! — Ханым, жолла жүру тым қиын. Аздап шыдаңыз жетіп қаламыз. — Сендер жеткенше мен өліп қаламын!! Аййй! — Ханым, жағдайыңызды түсінемін. Жедел жәрдем шамамен 20 минутта болады. — Өліп барамын! Ауырып барады, бала ше ол өліп қалмайдыма? — Ханым қасыңызда күйеуіңіз барма, тұтқаны бере аласыз ба? — Жоқ! Жоқ күйеуім. — Ал қасыңызда кім бар? — Ешкім жоқ! АААААААААА... — Ханым, бəрі дұрыспа? — Су кетті, су су кетті!! — Біз жете алмайтын секілдіміз, шыдаңыз. Босанып қоймаңызшы.. — Кетші-ей, өзімнің қолымда болса күтер едім... — Алло, ханым? Алло, алло? Се Яңның айқайы, барлық ауданға естілерліктей. Бір кезде есік ашылды. Дəрігерлерме деп үміттене қарап еді, үлкен қарт əже екен. Се Яңның қиналып жерде жатқанын көріп, дереу көмектесе бастады. Əже өзін біоінші қабатта тұрамын деп таныстырды. Жылы су əкеліп, сүлгілер дайындады. Се Яң ұзақ қиналды, бірде ол есінен танып қалды. Жедел жəрдемдегілерде келіп жетті. Олар оның есін жиғызбақшы болды. Бірақ Се Яң тап бір жансыз адамша ес түссіз болды. Дəрігерлер баланы тездедіп дүниеге келтіріп алды. Се Яң тап бақсы айтқандай өлілер мен тірілер арасында қалды. — Мун Бёл!! Осындасың ба? — Қош келдің, кішкентай. — Сіз Мун Бёлсізбе? - Се Яң өзі күткендей елес көрмеді. Ол тым əдемі жəне дене бітіміде келіскен, жақсы киінген сұлу əйел еді. — Ия, Бан Мун Бёл. Танысқаныма қуаныштымын Се Яң. Өліп қалдыңба? — Жоқ, мен өлуім мүмкін емес. Мен сізбен сөйлесу үшін келдім. — Менімше сен өлдің. Мен сенің өлгеніңді қаламаған едім. — Расымен бе? Мен арқылы кек алмақшы болдыңыз деп естідім. — Ия шынымен солай. Бірақ сені өлтіру арқылы емес, құрбыңа көмектесу арқылы. — Жасырын сөйлеуді қойыңыздаршы! Шындық ашып айтыңыздар. — Ата-əжең туралы естідің бе? — Ия, атам сіздің күеуіңіз болыпты. — Ия, ал əжең менің ең жақын құрбым болатын. Əжең мен тұрмысқа шыққалы, үйіме көп келетін болды. Солай күйеуімнің басын айналдып алды. Қара дуаның күшімен əрине. — Оның менің жағдайыма не қатысы бар? — Себебі əжең соны қалады. — Менің əжем дейсіз бе? — Ия, өзінің жазасын солай өтеймін деді. Ал құрбың сенің жігітіңді тартып алғысы келді. Мен оған көмек бердім. — Ал балаше? — Бала, сені чонгуктан алыстатушы, жай ғана солай. — Əкесі ше? Ол кімнің баласы? — Сенің жəне Сия рухының. — Сия рухы оны мені құтқару үшін сыйлағанын білемін. Əкесінің есмін айтыңызшы. — Сия рухы! Ол сені ұнатып қалған көрінеді. Біздің жоспарда ешқандай бала болған емес. Жай ғана сені опасыздық жасады деп көрсеткіміз келген. Ол өзі араға түсті. — Мүмкін емес.. — Болды өз əлеміңе оралатын уақыт келді. Саған қиянат жасағаным үшін кешірім сұраймын.Ұлыңа жақсы ана бол - деп басын ищеп құрмет көрсетіп қоштасты. Се Яң есін жинағанда ауруханада болдың. Қасында кіп-кішкентай періштесə тəп-тəтті болып ұйықтап жатты. Ол оны қатты уайымдап еді. Аман қалғаны үшін қуанып көзінен жастары сырғып түсе берді. Алғаш ана атану сезім бойын жылып, ерітіп барады. Сəбиін қолына алып: — Сону, ұлым менің, жарық жұлдызым. Найзағай ойнаған түнде, өмірме жарық сыйлаған күнім менің. Сонуым, өмірімнің мəні. - деп бетінен жұмсақ сүйіп, иісіне тоймай құшақтап отырды. Есіктен бойы ұзын, иығы кең, сұр түсті күртеше киген, сымбатты, қолында гүл шоғы жəне балаға қажет заттары бар ер адам кіріп келді.. — Рұқсатпа? - деп жымыйды. — Ия, кіріңіз сізге кім керек? — Сен, - жүзінен тап бір шуақ шашп тұрғандай жарқырап тұрды — Кешіріңіз? Мен бе? - жаңылысып келіп тұр деп ойлап қалған еді. — Ия, болады ғой ия. — Жарайды болады. Алайда сіз кімсіз? Не үшін келдіңіз? — Ұлымды көруге... 2 бөлімнің соңы..
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, маған ешқандай кектің керегі жоқ. Тек сен жанымда болсаң болғаны, Тэхён... #Елестетші, көңілді күйде отбасы дастархан басында отыр. Кішкене қыз ата-анасына мәз болып қарауда. Қайдан білсін дәл қазір көз алдында ата-анасының өлігін көретінін. Қыз тым аңғал. Әрі тым кішкентай. Бірақ бұл оның өміріндегі алғашқы сынағы. Бұл кішкене қыз Кю С/а болады. Әкесі Кю Мунхо. Анасы Ли Дживон. С/а әкесін қатты жақсы көреді. Олсыз ешқашан ұйықтай алмайды. Әкесі қасында болмаса ол истерика шығарады. Ал әкесі қасында болса ол тыныш әрі көңілді болады. — Қане, ханшайым, свичаны үрлеп жібер, - Кю мырза, кішкене ханшайымының алдына тортты қойып. Күлімдеген С/а свичаны үрлеп өшірген кезде үй есігі қағылды. Кю мырзаның жүзі өзгеріп: — Дживон, С/а-ны тық. Ол туралы ешкім білмеуі керек. Тезірек! - деп, есікке қарай беттеді. Дживон ханым қызын сол жерде орналасқан сенің тығылатын жеріне отырғызып: — С/а, алтыным, осы жерден шықпай отыр, жарай ма? — Жарайды, апа, - күлімдеп. Дживон қызына күле қарап есікті жапты. Мунхо мырза есікті ашқан сәтте оның басына оқ тиді. Бұл дауыс бүкіл жерге жетті. Көшеде асығыс жүгіріп келе жатқан жас әйел көз алдында болған жайтты көріп: — Ме... Мен кешіктім. Аға... - жерге отыра қалды. Тағы да оқтың дауысы шықты. Олардың кетіп бара жатқанын көрген әйел, олар ұзап кеткенше сол орыннан қозғалмады. Тіпті тұруға шамасы болмады. Бірақ ол жылай алмайды. Бұл әу баста ағасының жоспары болды. #Еске_түсіру Қонақ бөлмеде отырған төрт адам. Мунхо мен Дживон. Мунхоның қарындасы Санни. Саннидың күйеуі Чимин. — Сонымен аға, сенің жоспарын қандай? — Кешкі уақыттарда ол келуі мүмкін. Сол кезде біз С/а-ны ас үйде орналасқан қара шкаф ішіне тығып қоямыз. Егер біз анау болып жатсақ, олар кетісімен жарты сағаттан кейін С/а-ны алып кет. Есімін өзгерт және ол он сегіз жасқа толған сәтте менің компаниям, қонақ үй, мектеп оның атына жазылуы керек. Ал қазір мен оларды сенің атыңа жазамын. Осы жерге қолынды қой, - төрт қағазды оның алдына қойып. Санни үш қағазға қолын қойып, төртінші қағазды оқып тоқтап қалды. Ағасына қарап: — Бұл... — Кезінде әкемізге тиесілі болған аурухананы қайта өзімізге қайтарып алдым. Сен мұны басқаруды қалап едің ғой. Бұл менің саған сыйлығым болсын, қарындасым, - деп күлді. #Аяқталды Санни орнынан тұра ағасының үйіне жүгірді. Ағасының өлі денесін көріп: — Аға... — Санни, уақыт аз. Тез С/а-ны алып кетіңдер. Олар кетпес бұрын бұл жерге бомба қойып кетті. Тезірек бол! - Чиминнің дауысы оның құлағындағы құлаққапта сөйледі. Санни тез қадамдарымен С/а-ны шкаф ішінен алып: — Түш, жылама күнім, - көтеріп ала ол жерден кетіп қалды. Он үш жыл өткен соң. Таңғы уақытта Сеул қаласына мотоциклмен жеткен бойжеткен. Басында шлемі жоқ екенін байқаған детектив жігіт: — Ереже бұзушылар тым көбейіп кетті, - көлігін оталдыра мотоцикл артынан қуды. Мотоциклдегі қыз оны байқап күлді. Көлік дабылын басқан жігіт: — Мотоциклдегі бойжеткен дәл қазір тоқтаңыз. Бірақ оны тыңдап тұрған қыз жоқ. Одан сайын жылдамдығын көбейтіп келесі көшеге бұрылып кетті. Шамамен жарты сағат бойы мотоциклді қуған көлік ақыры үлкен үй алдына мотоциклден кейін келіп тоқтады. Көліктен түскен жігіт: — Жоқ, сен неге ережені бұза бересің, Эмили? - мотоциклден түсіп жатқан Эмилидің қасына келіп. С/а күліп: — Сонхо аға, қазір қала ұйқыда. Шлемсіз айдасам сенің жынына тию үшін ғана ғой, - дедің. Сонхо терең тыныс алып: — Екі жыл өтсе де бұл мінезің дым өзгермепті, Эмили. Қазір сағат алтыдан кетті. Барып демал, - дей, басыңнан сипап үйге кірді. Сен күлдің. #Елестетші, бетіне жылы қол тигенін сезіп ояндың. Өзіне күлімдеп қарап отқан тәтеңді көрдің. — Оятып жібердім бе? - көзіне түсіп тұрған шаштарды артқа жинап. Сен басыңды шайқадың. — Бүгін 18-ге толдың. Эмили, маған мынаны айтшы. Сен әкең үшін кек аламысың? — Тәте, маған ешқандай кек керек емес. Қолымды қанға бояғым келмейді. Оның үстіне менің әкемді өлтірген адамның кеше ғана бақилық болғанын білдім. Сондықтан маған кек алып керек емес. — Ал егер сенің оның баласын ұнатып қалсаң ше? — Оған оның еш қатысы жоқ. Ол емес қой менің әкемді өлтірген. Және ол кінәлі емес оның әкесі қанішер болғанына. Дұрыс айттым ба, тәте? — Дұрыс айтасың, күнім. Сендей жиенім болғанына шүкір деймін, - бетіңнен шымшып. — Бүгін сені бір сыйлық күтіп тұр. Жуынып болған соң, төменге түс. — Жақсы, тәте, - дей орныңнан тұра жуынатын бөлмеге жол тарттың. Төменге түсіп келе жатырсың. Дастархан басында отырған көкеңді көріп: — Чимин көке! - баспалдақтан жылдам түсіп. Сенің дауысыңды естіген Чимин: — Эй, асықпай түс. Құлайсың қазір, - өзіне қарай жүгіріп келе жатқан саған ұрыса. Бұған дастархан басында отқан және қызметкерлер күлді. Сен оны қатты құшақтап алдың. — Дым өзгермеген екенсің ғой, тентек қыз. Асықпай түс десем сен бүкілін керісінше істеп. — Әке, ол адамды уайымдатпаса Эмили болмайды ғой, - Сонхо сені мазақ қылып. — Қазір саған мазақ қылғанды көрсетемін. — О, жоқ! - сенен қашып. Сендердің қылықтарын үйді бақытқа толтырды. Бұл қашанға дейін созылады екен? Жалғасы бар... #j_fla - ұзақ уақыт өте салып тұрған жазбам.
#BTS_SCENARIO_QRF ❓Құпия❗️ Мектеп. – Сәлем, Чимин! Қалың қалай? - мектеп ауласына енді аяқ басқан Чиминнің жанына жетіп келген досы Минджу. – Мәз емес. Бүгін де сол түсті көрдім. Құрып кеткір, түс! Түсінсем бұйырмасын. – Жә, сабыр ет. Нақты нені көріп жатқаныңды айта аласың ба? - Минджу досының жайсыз түсіне қызығушылық білдіре. – Түсініксіз, қорқынышты әлем. Оны қойшы, сабаққа кеттік, - деген Чимин, қолын қалтасына сала, мектепке кіріп кетті. Бүгінгі күн Чимин үшін оңай болмады. Оны мазалайтын тек бір ғана сұрақ “неге бұл түс?”. Чиминнің осы бір қорқынышты әрі түсініксіз түсті көріп келе жатқанына осымен төртінші күн. 17 жасқа толған күннен бастап осы бір жайсыз түс Чиминді күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған еді. Өмірде көңілді, үнемі күліп жүретін жігіт, бір түннің ішінде күрт өзгеріп шыға келді. Бұрынғыдай әзілдеу, жарқын-жарқын күлкілер Чиминге жат болып бара жатқандай. Чимин қанша тырысса да бұл түстің нені білдіретінін ұғына алар емес. Үнемі қайталанатын бір түс. Сол бір түсте Чимин ылғи да бір қараңғы бөлмеде отырған адамды көретін. Түрі көрінбейтін. Бұл кескін Чиминге бір нәрсені айтқысы келетіндей түйілетін. Ол үн қатқанда дауыстың әйел адамға тиесілі екенін байқауға болады. Бірақ не айтып жатқаны түсініксіз, жаңғырық тәріздес анық емес сөздер болатын. Осылай бүгінгі сабақтар да өз мәресіне жетіп, Чимин сөмкесін арқалай, үйіне жол тартты. Жолай Чиминге ата-анасы қоңырау шалып, бүгін Пусандағы туыстарының үйіне жол жүріп бара жатқандарын айтты. Чимин үйге келе, бірден Минджуге қоңырау соғып, оны өзінің үйіне қонуға шақырады. Көп ұзамай есік қоңырауы да соғылып: – Мен ойлағаннан да тез келдің ғой. Үйіңе бармағансың-ау, киіміңді ауыстырмапсың. Минджу Чиминнің сөзіне күліп: – Иә, анама бүгін сенің үйіңде қонатынымды айттым да, тайып тұрдым. – Жақсы болды ғой. Бүгін қалағанымызша компьютер ойындарын ойнайық. Бірге ойнамағалы көп болды, - Чимин компьтерді қоса, Минджуды ойынға шақырды. Осылай Чимин мен Минджу түні бойы кино көріп, ойын ойнап, Чиминнің бөлмесінде қызықты уақыт өткізіп отырады. Кенет Минджу Чиминнің сөреде тұрған кішкентай кезіндегі суретті байқап: – Мәссаған, Чимин! Сен сүйкімді болыпсың ғой. Беттерің топ-томпақ. Құдайым-ау! - суретті қолына ала, сүйсіне қарап тұрды. – Мен қазірдің өзінде сүйкімдімін ғой. Несіне таң қаласың? - деді Чимин күле. – Айтасың-ау. Айтпақшы, мына артыңдағы үй маған таныс, - Минджу суреттегі үйді меңзеп. – Қайдан таныс болсын? Ол біздің Пусандағы үйіміз болатын. – Жоқ. Рас айтамын. Мен бұл үйді көрдім. – Сен Пусанда болмағансың ғой. Қайдан көресің? Бұл үйді әкем баяғыда сатып жіберген. Қирап, түгі қалмаған шығар ендігі. – Пусанда емес, мен дәл осы үйді Сеулде көрдім. Қателеспесем 1 апта бұрын ғана. – Мүмкін, ұқсас дизайндағы үйлер болар, - деді, Чимин телефонынан көз алмай. Ал Минджу ойлана, суретке ұзақ қарап, қайта орнына қоя салды. Минджуға Чиминнің бөлмесі қызық болғаны сонша ол әр бір затты ұстап, қарап шығып жүріп, сөрелердің бірінің астынан шаң басқан, белгісіз қорапшаны тауып алады. – Оу, бұл не қорап, Чимин? - тауып алған қорапты Чиминге көрсете. – Ей, оны қайдан алдың? Орынына қой. Оны менен басқа ешкім көруге болмайды, - Чимин орнынан атып тұрып, Минджудың қолындағы қорапты тартып алып: – Мұнда менің балалық шағымдағы естеліктерім бар. Арман дәптерлерім және... тағысын тағы. Қысқасы, көруге болмайды. – Ондай менде де бар. Қаласаң келесі жолы әкелейін. Қане, көрейікші. Оның несін жасырасың? - Минджу қояр да қоймай, Чиминді көндіріп, әлгі қорапты бірге ашып қарайды. Айтқанындай онда Чиминнің армандары жазылған 3-4 дәптерлер мен ойыншықтар болды. Ең түбінде белгісіз бір түсініксіз суреттер тұр екен. Онда қыз балаға тән қорқынышты суреттер болды. Бәрі қаламмен сызылып тасталынған. Және кейбірінде түсініксіз сөздер де жазылыпты. Минджу Чиминге бұл суреттерді кім сызғанын сұрағанда, ол ұзақ ойланды да: – Есімде бары, бұларды бөлмемдегі тесіктен алатынмын. Еденнің бұрышында кішкентай тесік болатын. Әр таңда оянғанымда сол жерде қағаз тұратын. Минджу біртүрлі көз қарасымен Чиминге қарап: – Саған күдікті көрінбей ме? - деп, суреттегі жазуларды оқи бастады. Ондағы әрбір суреттерде "Менімен дос бол. Мен сондай әдемімін", "Адамдар екі жүзді, олардан қорық", "Сен менен аумайсың. Екеуіміздің кескініміз өте ұқсас", "Балақай, еденге құлағыңды тос. Біз бірге бола аламыз", "Айналаңда толған құбыжықтар. Сен мені тыңда. Мені құтқарсаң, біз оларды құтқарамыз", "Екеуіміз өте ұқсаймыз", "Жертөлеге түс. Мен саған ойыншықтар беремін" деген сөздер жазылған болатын. Минджу Чиминге: – Сен жертөлеге түсіп пе едің? - дегенде Чимин: – Жоға, мен бұл қағаздарды алғанда жазу мен оқуды әлі білмейтінмін, - деді. #HobiLopi Жертөледе біреудің бар болғаны ма? Чиминнің ата-анасы бұл жайлы біледі ме екен?