#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, әпкең қайтыс болғаннан кейін, Чонгук саған көңіл білдірді.
3 - бөлім.
Өткен бөлім төменде⬇️
Чонгук Шиюнді үйіне дейін көлігімен алып келді. Қақпа алдына тоқтап:
— Келдік, - деді. Шиюн Чонгукке қарап:
— Саған бүгінгі кеш ұнамады ма?
— Кешіріңіз, маған көңіл көтеру аса ұнай бермейді.
— Білмедім, - деп көліктен әлі түспеді. Ал Чонгук оның түскенін күтіп отыр. Шиюн ақырын Чонгукке жақындап:
— Ішке кір. Саған бір нәрсе көрсетейін, - деді тосыннан. Чонгук түсінбей:
— Мен бе?
— Қорқамысың?
— Жоқ. Мені балам күтіп отыр.
— Балам? - деп артқа қарай қайырылды да, — Үйленгенсің бе?
— Иә, - деді, Чонгук қысқа қайырып. Шиюнның үміті де көңілі де су сепкендей басыла:
— Өкінішті. Бәрі басқаша болғанда, мүмкін сен маған ұнаған болар едің, - деп, күле көліктен түсіп кетті. Чонгук Шиюннің өзіне қалай қарап жүргенін біраздан сезуші еді. Бүгін анық көзін жеткізгендей.
Тэхённың Чонгукты үлкен мысалға келтіргені ойыңнан кетпей қойды. Ақша, жұмыста көтерілу үшін беделді әйелмен көңіл қосады деген ойыңа да кіріп шықпағаны анық. Арасында сенімен болған жайттан кейін “ отбасын асырау үшін сондай қадамға барды ма? ” деген негізсіз ойлар да келе бастады.
Арада бірнеше күндер өтті. Чонгукты да Ёнды да әлі бір көзің шалмады да, хабар алмадың да. Бәрінен бұрын Ёнға алаңдаулысың. Әйтеуір бір хабарласып, халін білуіңе де болар еді. Чонгуктан іштей ұяласың. Бар батылыңды жинап, кешкісін Чонгукке хабарластың. Бір көтермеді, күттің. Екі көтермеді күттің.
— Мүмкін, сөйлескісі келмеген болар? - деп енді тұтқаны сөндіргелі жатқанда, тұтқа артынан:
— Тыңдап тұрмын, - деген дауыс шықты. Сасқаныңнан:
— Сәлем, Чонгук.
— Бұл кім? - деген әйел кісінің дауысы шықты. Жүрегің тарсылдап:
— Кешіріңіз, - деп көңілің су сепкендей басылды. Әлгі тұтқаны көтерген әйел:
— Чонгук, саған хабарласып жатыр, - деп Чонгукті телефонға шақырды. Чонгук телефонын алып:
— С/а?
Жүрегің әрі қарай сөйлеуге дауаламай, тұтқаны қойып тастадың. Чонгук экранға бір қарап, “ Не себепті хабарласты екен? ” деп ойланы қалды.
— Чонгук жалғыз емес екен ғой. Мезгілсіз уақытта хабарласқаным дұрыс болмады...
Жұмыс күндердің бірі. Кадр бөліміндегі қызметкерлер жиналыстан шығып келеді. Ең соңында жиналыс үстеліндегі қағаздарды жинап жүрдің. Бірде:
— Әлі осындамысың? - деген Тэхённың дауысы шықты. Сен оның тіпті қайта кіргенін де сезбей, сілк ете қалдың.
— Сізге не керек?
— Мм? Қашаннан бері бастыққа сыпайы формадағы дөрекі сөз айтылатын болған? Жүргім келді, жүрмін.
Сен іштей тістене, соңғы қағазыңды алып шығып кетпек болғанда, Тэхён жолыңды кескестеп:
— Тоқтаңыз, Кан ханым.
— Жолдан былай тұрыңыз, жұмысыма барайын.
— Жұмыс күте тұрар. Өзім босатамын.
Бұны бір өз құзыреттілігін асыра пайдалану секілді сезіндің.
— Мүмкін болса, тездетсеңіз.
— Маған тез деп айтпашы. Мен басқаша түсініп қаламын. Өткен жолғы кеш туралы...
— Не жайында айтып тұрғаныңызды түсінсем бұйырмасын.
— Өте жақсы. Қытайлық деллегациыны күтіп алуға сіздің бартыныңызды айтқым келген. Бұл сіз үшін үлкен мүмкіндік.
— Мүмкіндік? Делегацияға тек басшылар барушы еді ғой.
— Өте дұрыс. Сіз менімен барасыз, - деді де кетіп қалды. Сен түсінбей орныңда біраз тұрдың да Тэхённың соңынан жүгіре:
— Ким мырза, мен сізбен бара алмаймын. Мүмкін, Ынбёльді өзіңізбен ертерсіз?
— Ынбёль? Оның басы бос емес, - деді де жедел сатыға кіріп кетті. Ал саған түсініп ал.
— Ынбёльдің басының мұнда не қатысы бар?..
Сингапурлық деллегацияларды күтіп алуға әуежайға жиналған TQ ONE банк өкілдері ұшақтың қонғанын күтіп тұр. Мұнда жиналғанның барлығы сондай беделді, әр филиальдардың бір-бір басшылары. Арасында сен ғана жай қызметкер. Енді не болар екен деп қобалжып тұрсың. Бірде Тэхён қолдарыңнан ұстап қала:
— Жарар енді. Сонша дірілдедің ғой.
Сен қолыңа қарап қала:
— Мер қобалжып тұрмын.
Тэхён қолыңды босатып:
— Сенің міндетің жай ғана күлімсіреп, әдемі сәлемдесу, - деді де әуежайдың келесі бетін қолымен нұсқады. Көптен күткен Сингапурлық деллегациялар келе жатыр екен. Тэхён саған бір жымиды да:
— Жүр, - деп өзімен ертіп кетті. Барлықтарың бір нүктеде кездесіп, сәлемдестіңдер. Тоқырлаған еркектің арасынан сұңғақ бойлы бойжеткен көзге бірден ілікті. Бір ағылшын, бір кәріс тілінде сәлемдестің. Келген делегацияның жүздері жадырағандарынан хоть сәлемің дұрыс болды деп ойладың. Тэхён саған “ жарайсың ” дегендей көздерін қысты.
Компанияны жоғарыдан көз тастай, бақылап тұрға Шиюнның жанына Чонгук келді де:
— Шақырдыңыз ба, ханым?
— А, Чонгук? Кел. Қарашы, сондай үлкен, иә?
Чонгук компанияны сырттай алғаш көруі. Барлығы құмырсқалардай еңбек етуде. Чонгук:
— Барлығы өз бас қамдары үшін, өмір заңдылығымер еңбек етуде, - деді мағыналы сөйлей. Шиюн Чонгуктың бұл сөзіне дән риза болғандай:
— Дұрыс айтасың. Осынша дүниені уысымда ұстап тұру маған қиын. Түсінесің бе? - деп Чонгукке бір көзінде мұң бардай қарады. Шиюн үнемі қатал, жұмысына берілеген болаттай берік әйелдің көрінісінде байқалатын. Ал дәл қазір ол еркек атаулының алдында өз әлсіздігін мойындағандай болды. Чонгук Шиюнге қарап, екеуі үнсіздікте тілдесті.
— Балаң барын айттың. Демек... әйелің де бар ғой. С.Солай ма?
Алғашында Чонгук түсінбей қалды. Кейін мұны жай сұрақ ретінде қабылдап, одан арыға сұрау себебін саралап жатпады.
— Әйелім жарты жыл бұрын қаза болды, - деді ауыр күрсініп. Шиюн үшін бұл бір қуанышты жауап болғанымен, қазаның аты қаза, өкінішін де білдірді.
— Кешір. Арты қайырлы болсын.
Чонгук жай ғана басын изеп қоя салды.
Шиюн Чонгуктан баласы жайында сұрастырып, іштей өзінің ниетін білдіргісі келгендей болды.
Кешкісін жұмыстан қайтар жолда, Ённың бала бақшасына тоқтадың. Ёнды көрмегеніңе көп болып еді. Оны өзіңмен алып кетуге келген едің. Бала бақшадан Ёнды алып шығып келе жатқаныңда, Ён:
— Әке?
Ённың алғаш “ Әке ” дегенін естіп, иіліп отыра:
— Ён, жаңа ғана не дедің? Әке дедің бе?
— Әке!
— Әке! Иә, жарайсың, Ёён! Өзің тәп-тәттісің! Мына сөзіңді әкең естісе ғой. Балапаным, - деп құшақтап тұрғаныңда, жандарыңа расыменде Чонгук келді:
— С/а?
Артыңа қарап қалсаң, Чонгук тұр екен. Бірақ жалғыз емес. Жанында Шиюн бар. Ақырын орныңнан түрегеліп:
— Сәлеметсіз бе! - деп иілдің де, — Ёнды көрмегеніме көп болды. Оны өзіммен алып кетсем бе деп едім. Саған қоңырау шалсам көтермедің. Сондықтан...
— Кешіріңіз, бірақ Ён балақай бүгін сізбен бара алмайды.
Чонгук Шиюнге қарап қалғанда, Шиюн үндемей қалды. Чонгук:
— Егер қаласаң, бүгінше Ён сенікінде болсын. Ол да сені сағынып қалған болар.
Сен Шиюн екеуін бірге көргенде ішің бүріп сала берді. Ёнға ақырын қарап:
— Жүреміз бе, Ён? - Чонгукке артық сөйлемедің. Бірақ Чонгук мұны іштей қалайтындай, Ёнды сылтауратып сенімен тағы-тағы сөйлескісі келетіндей саған қарайлаумен болды. Бірақ сен Ёнды алдың да кетіп қалдың. Шиюн Чонгукке қарап:
— Сендер таныс па едіңдер?
Чонгук үндемеді.
— Бұл қыз, өткен кештегі мейрамханадағы қыз емес пе?
— Кеттік пе? - Чонгук көлігіне кетіп қалды. Шиюн таңданып қалғандай.
Ёнды алып, кешкі асқа кафеге алып бардың. Тәтті тағамдар алып беріп жатқаныңда, апаң қоңырау шалып қалды. Біраз сөйлесіп, Ённың жаныңда екенін айттың. Немересімен біраз сөйлесіп, іске көшкендей:
— С/а, сенімен бұл тақырыпта сөйлесемін деп ойламаппын. Мүмкін, өзің ойланып, бір шешімін айтасың деп күткен едім.
— Апа, сенің не жайында айтқың келіп отырғанын түсінемін. Біраз күт, апа. Мен саған өзім айтатын боламын. Сау бол, - деп сөндіріп салдың. Терең күрсініп, апаңның да айтып жатқанын түсіністікпен қарауға болатыны жайында ойландың.
Бірде сол маңнан өтіп бара жатқан Тэхён, сендерді көріп қалды да дереу сендер отырған жерге жетіп келді. Сенің жалғыз отырмағаныңды көріп жандарыңа келді де:
— Оу, батыр. Інің бе? - деді Ённың басын сипап жатып. Сен еш эмоциясыз:
— Балам, - деп қойып қалдың. Тэхён қолдарын бірден ала, саған қарады. Сен:
— Не болды?
Тэхён саған бір, Ёнға бір қарайлап:
— Қалжыңың болар. Мен білемін, сенің басың бос.
— Менің басым бос. Дегенмен, балам жоқ деген сөз емес.
Тэхён бұған расымен сеніп қалды. Ақырын жаныңа отырып:
— Көп сөзді доғарайық. С/а, саған бір жақсы ұсыныспен келіп отырмын. Өзің жаққан отыңды, өзің сөндір дегім келіп отыр.
Сен түсінбей:
— Не? Мұнымен не айтқыңыз келіп отыр?
— Сен не жайында екенін өте жақсы біліп отырсың, - деді де үстелге бір конвертті қойды. Конвертті ақырын алып, ашқаныңда ішінде сен өміріңде көрмеген сумма жазылған чек тұр.
— Мұныңыз не? Ұялмайсыз ба?! - ашуланып кеттің. Тэхён:
— Мен әлі сөзімді аяқтаған жоқпын, алтыным.
— Мен сізді түк түсінбедім! Және түсінгім де келмейді. Ён, тұр. Кетеміз, - дегеніңде Тэхён сені ұстап қала:
— Егер маған көмектессең, мына чек сенікі, С/а.
— Сізге не керек өзі?
— Кан Шиюн.
—??
— Ол менің әйелім. Расында...біз ажырасқанбыз.
— Не?
— Егер оны маған қайтаруға көмектессең, қалаған суммаңды да шеніңді де көтеруге дайынмын.
— Мені не үшін айналшықтап жүргеніңіз түсінікті болды. Өткен кештегі кездесу де, мені таныстыруыңыз да бәрі сол үшін болғаны ма?
— Дәл солай.
— Онда мұныңыз бос әурешілік. Ол енді басқа біреуді тауып та алған шығар.
— Мүмкін емес. Мен оны білемін.
— Мен көрінгеннің ортасына түсетін біреу емеспін. Олай болса, өзіңіз жаққан отыңызды өзіңіз сөндіріңіз. Сау болыңыз! - дедің де кетіп қалдыңдар. Тэхён сенің сөздеріңе вах*й деп, ол да кетіп қалды.
Шиюн кештетіп Чонгукты үйіне кіргізуге көндірді. Чонгук Шиюнның өзі айналшықтап жүргенін ойлап, мүмкін ол расымен мені баламмен қабылдағысы келген болар деп Шиюн жайындағы ойын 145 градусқа өзгертіп салады.
Шиюн қара түсті атыласты халаты мен қызыл шарапты бөтелкені көтеріп келе жатты. Чонгук оны байқаған бойда:
— Менің қызыл шарапқа аллергиям бар, - дегенде Шиюн еш саспастан:
— Ах, мұны білмедім. Менде аққайнар да бар, - деді бейне бір бұл кешті әйтеуір бір ішімдіксіз өткізбейтінін қалағандай.
Чонгук екеуі аққайнарды періп отырғанда Шиюн еріксіз әдейі жылап қалды. Чонгук одан себебін сұрағанда, Шиюн Чонгуктің тізесіне басын қоя:
— Чонгук, мен қыз баласы болғандықтан бұл тұрғыда үлкен батылдығымды жиып келдім, - деп сөздің соңын үнсіздікке ұластырғанда, Чонгук них*я себе уже басталып кетті ма не деп батылдығын жия бастады.
— Бәрін тасташы, - деп Шиюн нәзік қолдарын Чонгуктың кең кеудесіне ақырын жібергенде, Чонгуктың еркектік бойы дір ете қалды. Мұндайды жарты жыл шамасында сезінбеген еркек, бірден реакция берді де Шиюнның қолдарын ұстаған күйі ұйықтап кетті. Шиюн ваху* болып қала, Чонгукты есі дұрыс емес пе немене деп ойлап қалды. Сонша дайындалып отырғанда, Шиюн өз ойының іске аспай қалғандығына қапа болса да, на всяки случ деп Чонгуктың түймелерін ағытып, жартылай жалаңаш бірнеше фотоларды түсіріп алды.
Аоаоао жоқ болып кеткенім рас. Білмеймін, жазбаларды жалғастырудың енді мәні бар ма жоқ па?..
#Calvin_Klein