#BTS_IMAGINE_QRF  #Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің. 1-бөлім Таң сәрісі. Оянғаныңа шамамен 2 сағаттай болды. Бүгін сен үшін маңызды күн. Той алдындағы фотосессия өтеді. Сен көп жылдық ғашық қыздай, шынайы көрініс қою үшін өзіңді дайындап отырсың. #еске_түсіру — Əке! Әкетай! — Қызым, білемін саған бұл ауыр. Сөзсіз ауыр екені анық. — Өтінем, əке! Саған қолым енді ғана жеткенде, олай жасамашы. — Егер мен тірі жүрсем, саған қауіпті боламын. Олар сені мені қинау үшін өлтіріп кетеді. — Анам өлді, енді сен де ме? Мен ары қарай қалай тірі жүрмекпін, əкеее? - өзін атып салмақ болып тұрған əкеңе жалына еңіреп, жылап жаттың. — Қинамашы мені, қызым... — Ақшаны өзім тауып беремін. Бəрін өзім реттеймін. Анамның байлықтарын сатсам да тауып берем, əке. Өтінем, олай жасамашы. — Не? Саған ондай ауыртпалық салып мен қалай қарап отырамын?! — Маған сенші, тасташы ана қаруды, - осылай əкеңді райынан қайтардың. Осы уақытқа дейін анаңмен бай-бақуатты тұрып, ханшайымдай күн кештің. Анаң қатерлі ісікке шалдығып, дүниеден өтті. Сен кішкентай уақытта анаң əкеңді тастап кеткен болатын. Содан сен əкеңмен жақсы араласа алмадыңдар. Енді əкеңмен қауыштым ба дегенде, мына жағдай бəрін құртты. Өте бай тұратын танысыңның алдына келдің. Анаңнан қалған мұраны теңжартысын, тіпті барлығын сатсаң да əкеңнің өсімқордан алған ақшасына жетпейтінін біліп, қарыз сұрамақ болдың. — Сəлем, Юнги! Маған 700 миллион доллар қажет. Қарызға бере аласың ба? Не айтсаң да жасауға бармын. — Хммм. "700 миллион" дейсің бе? Ол тым көп қой. Қайтара аласың ба? — Иә, апамның компаниясын сатқым келген. Бірақ ақша жетпеді. Компанияны өзіме қалдырып, сенен ақша сұрай келдім. — Ааа, солай де. Жарайды. — Нее?! Шынымен келістің бе? — Иә, тек бір шартпен. Юнгидің бұл сөзі қорқынышты естілді. Сен: — Қандай? — Үйленеміз. Сен жəне мен. 2 жылдан бері бірін-бірі шын сүйетін ғашықтармыз. Осы сценарий бойынша маған тұрмысқа шық. — Не? Не үшін? - бұндай ұсынысты мүлде күтпеген болатынсың. Оның саған басқаша қарайтынын білетін едің. Бірақ неке тым артық болды. — Келіссең осы, келіспесең жол, əне. Кете бер, - деп, орнынан тұрды да, кетпек болып жатыр еді сен: — Жарайды. Келістік! Бұл неке саған көп пайда әкелетіні сөзсіз еді. #еске_түсіру_аяқталды Ендігі уақытта сені алып кететін көлік те келіп қалуы қажет. Сен өзіңе аса қатты макияж жасамадың. Себебі, фотосессия алаңында бəрібір басынан әрлейтін еді. Есік алдына шығып, күтіп тұрдың. Алдыңа көлік келіп тоқтады. Юнги сені жүргізуші алып кетеді деген болатын, бірақ қазір өзі келіпті. — Не қарайсың? Отырсаңшы. — А, не дейсің? Ымм, иә. Отырайын, - оны көргенде үнемі абдырап қаласың. Бұны өзің де түсінбейсің. Оның суық көзқарасынан немесе оған деген қорқынышың шынайы болып бара жатқанынан ба екенін білмедің. Юнги саған ұзақ сұқтанып: — Неге сонша дірілдейсің? — Не? Мен бе? Дірілдеп отырғаным жоқ! — Пхх, мынау не енді? - дірілдеп отырған сенің аяғыңды нұсқай, күліп жіберді. — Бұл жай, көлікте отырған соң, - оның күлген жүзін танысқалы бері енді көруің. Бұл тап бір мысықтардың есінеген кезіндегі көрініске ұқсаушы еді. — Жə, оған да көндік. Меніңше сен көлік тегіс жолда келе жатса да дірілдеп жатырсың. Былай етсем дірілі басылар, - деп, сенің сандарыңды адуынды қолдарымен басып ұстады. Сенің жүрегің аузыңа тығылды. Расымен де аяғыңның дірілі басылды. Бірақ жүрегің тулап барады. — Ə, бәсе. Міне, қойды. Осылай отыра берейін. Аяғың дірілдегені маған жақпай жатыр. Қарсы емес шығарсың, қанша дегенмен болашақ əйелімсің, - ернінің шетімен күле, жол шетіне қарады. — Ыы, ыңғайсыздау екен. Мүмкін, қажет емес. — Қажет-қажет. Қажет болғанда қандай. Ауадай қажет. Сен оған ештеңе дей алмадың. Ол жол бойы сенің саныңды ұстап отырды. Артық еш дүние жасамады да, қолын қозғалтпады да. Бұл сен үшін қуанышты болды. Себебі, бұл арқылы сен оның артық ойсыз ұстап отырғанын түсіне алдың. Алдынғы жұмыс бойынша кездесулерде оның саған деген көзқарасы қорқынышты болатын. Саған қараған күйі қатып қалып, сені көзбен шешіндіруші еді. Бұл саған анық байқалатын. Бұдан сен қорқып, əрдайым оны көргенде, үстіңе мұздай су құйғандай сезім кешетінсің. Фотосессияны көктемнің уақыты болғаны үшін жасыл желекте, таудың маңайында жасауды шештіңдер. Дəлірек айтқанда, Юнги соны қалады. Сендер ұзақ жол жүре, белгіленген жерге келіп жеттіңдер. Юнги сенен алдын көліктен түсті де, өз бетімен бір жерге кетіп қалды. Сен қайда барарыңды білмей көліктен түсіп, Юнгиді күтіп тұрдың. Бір кезде Юнгиді қайта байқадың. Ол қазірдің өзін де киімін ауыстырып үлгеріпті. Өте тартымды жүріс, өткір көзқарас саған аяңдап, алдыңа келді де: — Сені бала ұқсатып өзім апарып, киіндірейін бе? — А? Қумашы, өзім киінемін. — Онда барсаңшы. Әлі осында тұрсың ғой, - тағы да мырс етіп күлді. Бұл саған ұнамағаны анық. — Жай, қайда барарымды білмедім. Айтып кетсең болады ғой. Бұл дүниенің бəрі маған керектей, міндетсінбей! - сөздеріне жының келіп, басың ауған тарапқа қарай жүріп, арнайы бөлмені таптың. Киім ауыстыру үшін көмекшілерге жүгіндің. Олар сені хор қызындай етіп сəндеді. Ақ көйлектегі өзіңді айнадан көріп, ішіңде алай-дүлей сезім орын алды. Тұрмыс құрмақшысың жəне бұл махаббатпен емес. — Эхх, С/а... Мына түріңе қарашы. Армандағаның осы ма еді? Қайдағы жоқ біреуге, қайдағы жоқ нақұрысқа күйеуге шығасың ба? - жаңағы саған айтқан сөздеріне əлі ашуланып, осылай айнаға қарап, бар агрессияны шығарып тастауға тырыстың. — Кім нақұрыс?! Мен бе? Өзіңнің түріңе қарап алсаңшы. Нағыз ақымақсың ғой, - сен айтқан сөздің бəрін естіп, Юнги де есіктен кіріп келді. — Иә, сен нақұрыссың! Осы маған əрдайым келеке етіп сөйлесең қарның тояды ма? — Жоқ. Сенен ондай пайда бола қоймас! Мен саған "нақұрыс" дейтіндей не жамандық жасаппын?! — Мені келеке етіп, үстімнен күлуді қойсаңшы! - екеуің тап бір балаша ұрысып жатсыңдар. Бұл сырттай өте сүйкімді көрінер еді. Юнги: — Мен сені қашан келеке қылдым? - көзі шарасынан шығып кетердей түр жасап. — Омооо, өтірік ақымақ бола қалмашы. Жаңа ғана кім еді "бала болма, олай етпе, бұлай жасама" деп жатырған?! — Мен саған ондай тыйымдар айтқаным жоқ, - бұл жолы тым сабырлы түрмен саған тіке қарады. — Туууу, қоя салшы болды. Сенікі дұрыс. Ал неге келдің? - оны жеңе алмайтыныңды біліп, əңгіме тақырыбын өзгертпек болдың. — Жоқ, қоя алмаймын. Мен саған қашан ойын ойнап тиістім? — Жоқ. Болды. Сен өте керемет жансың! Құрышы, көзіме көрінбей. Неге келсең де бəрібір маған. — Жай, сені көргім келді. Той көйлегінде өте əдемі екенсің, - сенің көздеріңе тіке қарап, көзін қысты да ыржиып, шығып кетті. — Міне осылай жерге жатсаңыздар өте əдемі көрініс болады, - деп, фотограф сендерге əртүрлі позалар көрсетіп жатты. Юнги екеуің бір-біріңе тым жақын болып, суретке түстіңдер. Ол сенің беліңнен де, мойныңнан еркін ұстауда. Тек сен ғана оның істерінен қысылып, қиналып тұрдың. Əрлі-берлі тартынып, Юнгидің де ызасына тиіп кеттің. Əуелі қол ұстасып фотолар жасадыңдар, содан соң ол сені көтеріп тұрған күйінде бір-екі фото кадр жасадыңдар. Тіпті сүйіс сахнасында да сурет жасалды. Кешкі уақыт шамалары. Сендер суретке түсіп, оларды қарап шықтыңдар. Керектерін таңдап та қойдыңдар. Енді үйге қайтпақ болып, көлікке отырдыңдар. Көмекшілер мен қызметкерлер бастарын изеп, сендерді шығарып салды. Юнги "шаршадым" деп, жүргізушімен қайтуды ұйғарды. Юнги көлік жүрген уақытта саған қарап: — Сені жеп қояды деп ойлаймысың? — Жоқ. Не болды тағы? - оның əңгімесі тегін емес екені сөйлеу мəнерінен-ақ сезілді. Тым сабырлы, қоңыр үн, тым салқынқанды байыппен сөйледі. — Сен бұл некеге келістің! Ұмытып кеттің бе? Сонша менен қашып, не көрінді саған?! - дауыс ырғағын қаттырақ көтерді. — Жоооқ, мен жай ғана ыңғайсыздандым. Барлық адам бізге қарап тұрды ғой. — Ааа... Ыңғайсыздандым де. Мен олай ойламаймын. Сен расымен маған күйеуге шығасың ба? - бұл сұрақты қойған сайын, сен оған жауап беруге қиналасың. Тап бір “Иә” деп айту сен үшін өлімдей сезілетін. — Неге сұрай бересің? "Маған күйеуге шығасың ба” деп айту арқылы мені қинағың келе ме? — Жоқ. Ондай ойым мүлде болмаған. Егер сен бұл сұрақтан қиналсаң, демек тұрмысқа шығу сен үшін тіптен ауыр. Солай ма, С/а? - сен бұл сұрақты мүлдем күтпеген едің. Біраз кідіріп, жауап бердің. — Жоооқ! - ары қарай сөз айтсаң, бірдеңені бүлдіретініңді ішің сезіп тұрды. — Шыныңды айтсаңшы одан да. Қинама өзіңді. Сені зорлап, келісіміңді алғым келмиді. — "Жоқ" дедім ғой! - оның саған тіке қарап тұрған көздеріне қарап. — Көлікті тоқтат! - деді. Тау мен қаланың арасы болғандықтан, айнала қап-қараңғы. Жүргізуші көлікті тоқтатты. Содан соң Юнги: — Егер расымен бұл некеге қарсы емес болсаң, расымен бұл некемен қиналмасаң, - терең күрсінді де, саған тым жақын келді де: — Өзіңнің қарсы еместігіңді көрсет. Дəл қазір мендік бол! - деп, қойып қалды. Сен бұл сөзді əлі қорыта алмай тұрсың. Көздерің доп-домалақ болып тұр. Үнсіздік... — Егер қаламасаң, осы жерде көліктен түс, - деді. Өте сабырлы, байыпты сөйлей, саған қиын таңдау қойды. Бұл некеден бастарта алмайтының бар, бірақ оның қойып отырған шартының түрі анау болса... — Мүмкін, жауап берерсің? - бір қасын көтере сөйледі. — Басқа, басқалай таңдау жоқ па? - дедің əлі қай нұсқаны таңдарыңды білмей. — Жоқ! Он секунд уақыт. Кетті, - деді сандарды кезекпен санай бастады. — Бір... екі... үш... төрт... бес... алты... жеті... сегіз... Уақыт таяп қалды... Он, сенің жауабың?.. — Мен жасаймын, - дедің, аузыңнан сөзді əрең шығара. Таңдауың үшін қатты ойланып отырдың. Бірақ неке маңызды. — Нені жасайсың? Кетесің бе? Мендік боласың ба? — Сендік боламын... - бұл сөзді қалай айтқаныңды білмей де қалдың. 1 бөлімнің соңы. #FlowerFly
Другие записи сообщества
#BTS_FANFIC_QRF ❓Құпия❗️ 6-бөлім Өткен бөлімде: Чимин перде артынан шыға бергенде кілем астында тұрған белгісіз қатты затты басып, табанын ауыртып алды. – Бұл не тағы, ауыртты ғой, - деп, әлгі кілемді көтеріп еді. Кілем астынан белгісіз төрт бұрышты есік көрінді. Чимин енді әлгі есікті ашқалы жатқанда. – Не істеп жатырсың? - деген дауыс оны тоқтатты. Чиминге бұл дауыс тым таныс еді, басын көтере қарап: – Тірісің ба? Өліп қалған шығар деп едім, - деді кекете. – Оны қойшы, андағы жерде не істеп отырсың? – Мынаны қара, жертөле есігін тауып алдым, - дегені сол-ақ еді, Минджу алдына гүрс етіп бірақ құлады. Чиминнің көздері бақырайған күйі, алдында қолына оқтау ұстап алған әйелге қарады. Қарапайым ғана әйел адам, Чимин күткендей ешқандай да қорқынышты емес бейне. Әлгі әйел қолындағы оқтауын Чиминге сермеп: – Жаныңның барында тұр қане, - деді ашулана сөйлеп. Чимин ақырын ғана орынынан тұрып: – Кешіріңіз, бәрі сіз ойлағандай емес. Тек ұра көрмеңіз, - Чиминнің екі көзі әлгі әйелдің қолындағы оқтауда еді. – Солай ма? Мен ойлағандай емес пе? Мұнда не жоғалттың, жүгермек? Жап-жас болып алып, істеп жүргендерің мынау. – Апай, кешіріңіз! Өтініш, бізді жіберіңізші. – Жоқ, жаным. Жібере алмайды екенмін, мен сендерге жақсылып тұрып сабақ беремін. Біреудің үйіне ұрлыққа түскеннің қаншалықты дұрыс еместігінен сабақ беретін брламын, - дей, Чиминді де ұрғылай бастады. Чимин болса қаша жөнелді, Чимин тура ас үйге кіріп, есікті жауып алды да қолына таба ұстап, есіктің жанына тұра қалды. Арадан 10 минкттай уақыт та өтіп үлгерген болатын, бірақ Чиминді қауалап жүрген әйел әлі де ас үйге келген жоқ. Чимин енді ғана есікті өзі ашқалы жатқанда, сырттан біреу ашып қалғаны сол еді, көзін тарс жұмып алған Чимин, қолындағы табамен оның бетінен бірақ ұрып, жерге сылқ құлатты. Чимин ақырын ғана көзін ашып қараса, жерде жатқан әйел емес, досы Минджу болып шықты. – Қап, құрып кеткір, сен қайдан шыға келдің?! - ес-түссіз жерде жатқан Минджуға бір қарады да, қайта әлгі әйелді іздеп, жүріп кетті. Кенет кішкентай ғана дәліз ортасында орындықта байлаулы тұрған әйелді көріп, кілт тоқтай қалды. Сөйтсек Минджу деген қорқақ батырымыз оны ұстап, орындыққа байлып қайған екен. Әйел ес түссіз. – Нені күтіп тұрсың, жертөлеге түспеймісің, - Минджу мұрынындағы ағып жатқан қанды жеңімен бір сүрте, Чиминнің жанына келіп тоқтады. – Минджу, ауырып тұр ма? Кешір, мен сен деп ойламадым, әйтпесе ұрмаушы едім. – Жә, ақталмай-ақ қой. Түсініп тұрмын. Көп созбақтамай жертөлеге түсейік, - деп, жертөле есігін ашып, төменге түсе бастады. Кенетт әлгі әйел есін жиып: – Онда түсуші болмаңдар. Ол жақта өте қауіпті. Сөзіме құлақ асыңдар, - дегенімен Чимин мен Минджу оның сөзін елемей, жертөлеге түсіп кетті. Қараңғы әрі кең жертөле, ешқандай жарық жоқ. Чимин қалтасынан телефонын ала, фонаригін қосып, айналаға зер салуда. Кенет дәл түрмедегідей темір тор көрінді. Ол темір тордың артында кәдімгі адам өмір сүретіндей жағдай жасалған. Осы бір тұста әлгі тордың артынан бетінде бетпердесі бар әйел көрінді. Ол тұп-тура Чимин мен Минджуге қарап тұрды, тіпті қозғалмады. Минджудың қорқынышы зәр түбіне жетсе Чиминнің бар ойы “Ол кім?” деумен болды. – Сіз кімсіз? Мұнда жарық бар ма? Әлгі тор артындағы белгісіз әйел енді ғана орынын қозғала жертөле жарығын қосты. Бұл жертөле кәдімгі үй сияқты. Адамға керектің барлығы дерлік бар. Бірде әлгі әйел: – Жарайсың, балақай. Өзің өсіп қалыпсың әрі сымбатты болып ер жетіпсің, керемет, - деді. Чимин әлгі торға жақындау барып: – Сіз кімсіз? - деді жаңағы қойған сұрағын қайталап. Бірақ әйел өзінің кім екенін айтуға әлі асықпайтын секілді: – Мынаны айтшы, сенің есімің Чимин ғой, солай ма? – Кешіріңіз, сіз неге кім екеніңізді айтпай, сөзді басқаға бұрмалап жатырсыз? - деді Минджу, әйелдің өзі жайлы айтқысы келіп тұрмағанынан сескеніп. – Ааа, мен қателестім бе? Чимин сенбісің? - деп, Минджуға назарын аударды. Оның бұл сөзінен сасқалақтап қалған Минджу: – Қайдағыны айта бермей, кім екеніңізді айтыңыз? Мұнда қайдан жүрсіз? Неге бетперде тағып алғансыз? Әлгі әйел Минджудан көзін алмай: – Сенің тіпті көкейің қаншама сұрақтарға толып қалыпты ғой. Бұл нәрселерге қызығушылық танытқаның дұрыс, әрине, бірақ менің кім екенімді білмес бұрын мені мына тордан босатсаңдар нұр үстіне нұр болушы еді. Чимин: – Біз босатамыз, алдымен сіз біздің сұрақтарымызға жауап беріңіз. Кімсіз? – Мен бе? Мен Чиминнің … алдымен жоғарыдағы әйелді біржақты етіп, үй есігін жақсылап бекітіп келгендерің жөн болар. Сосын асықпай отырып сөйлесейік, - деді әйел. Чимин мен Минджу бір-біріне қарап, қайта жоғары көтеріліп кетті. Минджу жоғарыда орындықта байлаулы тұрған әйелді мықтырақ етіп қайта байлап, бір бөлмеге қамап қойса, Чимин үйдің барлық терезелері мен есігін іштен құлыптап қойды. Жертөле. Торға қарама-қарсы жайғасқан Чимин мен Минджу, ал тор ішінде оларға қарама-қарсы жайғасқан белгісіз әйел. Осылайша арадағы тыныштықты ең алдымен Чимин бұзып: – Сонымен өзіңіз жайлы айтсаңыз? Біз сізді күтіп отырмыз. Әйел алдында отырған екі жігітке кезек-кезек қарап, іштей: – Қызық, бұл екеуінің қайсы бірі менің бауырым екен?! Екеуі де сымбатты әрі аңқау емес. Шындықты айтсам ба екен? Әлде жалғанды ойлап тапсам ба?! Әйел ұзақ ойлана: – Менің көкейімде бір сұрақ бар. Сол сұрағыма жауап берсеңдер деймін. Минджу: – Иә, нені сұрағыңыз келеді? – Қайсы бірің Чиминсің? - кезекпен кезек жігіттерге қараған әйел көкейіндегі сұрағын қойды. Чимин қолын көтере “мен” дегендей ишара жасаған соң, әлгі әйел Чиминге зер сала қарап: – Сезіп едім, сен екеніңді сезгенмін, - жанарында білінер білінбес жас үйірілген болатын. Чимин мен Минджу да мұны байқаған еді. – Мен… менің есімім Джису. Пак Джису. Сенің әпкең, - деді Чиминнің көздеріне тура қарап. – Не? Чимин де, Минджу да одан бұндай сөзді күтпеген-ді. Таңғалысын жасырмаған Минджу: – Бұл сонда қалай болғаны?! Сіз оның әпкесі болсаңыз неге мұндасыз? Чимин: – Сенбеймін. Егер әпкем болғаныңда мен білуші едім, ата-анам айтқан болушы еді. – Өмір неше түрлі қиындықтар мен шытырмандарға толы болады екен, Чимин. Менің өмірім ұшы қиыры жоқ, мәнсіз де мағынасыз болды. 17 жыл. 17 жыл бойы мына қапаста өмір сүріп келемін. Мен бұл жағдайға кімді кінәлайтынымды да білмеймін. Ата-анамды ма? Өзімді ме? Әлде сені ме? - деді, Чиминнің көзіне тура қарап. Чимин де оның көздеріне тура қараған күйі терең ойға шомып кеткен еді. — Кұрып кеткір, бұл қалай болғаны? Расымен де әпкем болғаны ма? — Чимин, сенің сенбеуің ол айтпаса да белгілі. Мен жай ғана саған бар шындықты айтқым келеді. Ал одан кейінгі әрекет ол тікелей сенің өзіңе байланысты. Мені мына қапастан босатасың ба, босатпайсың ба? Ол жағын өзің шешерсің. – Иә, құлағым сізде. Не шындықты айтқыңыз келеді? – Осыдан нақ 27 жыл бұрын. Пак әулетінде көптен күткен сәби дүниеге келді. Бірақ әулеттің қуанышы сәби дүниеге келген сәттен бастап, су сепкендей басылды. Неге? Себебі сәби ұсқынсыз еді. Ешкімде жоқ ерекше келбетке ие сәбиді ешкім қабылдай алған жоқ. Бірақ ата-анасы сәбиден бас тартпады. Оны тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсірді. Қыз 6 жасқа толғанда оны мектепке берді, бірақ ол жерде барлық балалар одан қорқатын. Ұсқынсыз, құбыжық, өзге ғаламшарлық деп, қызға неше түрліні айтатын. Онымен ешкім ойнамайтын, үнемі шетте қалатын еді. Осылайша уақыт өте келе көптеген ата-аналардан және оқушылардан наразылықтар түсе бастады. “Ол мектептен кетсін”, “ол қорқынышты”, “балаларымыз одан қорқады”, “түнде жайсыз түстер көреді” деп, айта бастады. Оны мектептен шығарып жібереді. Үйде оқытудан мұғалімдер де бас тартты, себебі мұғалімдер де қыздан сескенетін. Осылайша қыз мектепке де бармайтын, көшеге шығып балалармен де ойнай алмайтын еді. Ол қыз өз-өзін жек көретін және айналасындағыларды да. Онымен ойнаудан бас тартып, оны мазақ еткендерді қатты жек көретін. Күндердің күнінде қыз көрші үйдің қызымен қатты ойнағысы келеді, бірақ ол қорқатын. Қыз бетіне бетперде киіп, неше түрліні айта алдап, көрші үйдегі қызды ойнауға шақырады. Үйге келген екеуі алдымен қызықты әңгіме айтып отырады, содан соң қуыршақтармен ойнауға көшеді. Сол кезде екі қыз бір қуыршаққа таласып, арты шуға айналады. Үйде екеуінен басқа ешкім жоқ болатын, қыз көрші үйдегі қызды қатты ойыншықпен бірақ ұрып, есінен тандырып алады. Не істерін білмеген қыз оны орындыққа байлап, пышақпен көрші қыздың бетін тілгілеп, білгенін істейді. Және бұл ойдың миына қалай келгенін өзі де ұқпаған еді. Артынша қыз ісін тоқтатып “біз енді бірдей болдық, екеуіміз де ұсқынсызбыз” деп мәз болды. Осы сәтте үйге қыздың ата-анасы кіріп келіп, болған жайтты көргенде біраз уақыт естерін жинай алмаған еді. Артынша анасы одан неге бұлай жасағанын сұрағанда, қыз оған “ол менен әдемі болғаны үшін осылай жасадым, енді екеуіміз де ұсқынсызбыз, біз енді бірге ойнайтын боламыз” деп жауап берген еді. Беті тілгіленген көрші қыз есін жоғалтқан күйі өлім құшқан болатын. Бір қызығы қыз өзінің нендей қателік істегенінен еш өкінбеді. Абдыраған ата-анасы өз туған қыздарының жасаған қателігіне көз жұма қарауды шешеді. Өлген қыздың мәйітін қайда жасырарын білмеген ата-ана бір түннің ішінде үй астынан жертөле қазып, сонда көмеміз деп шешеді. Бірақ жертөле қазу барысында аяғы ауыр анасының іші бүріп ауыра бастайды. Иә, ұсқынсыз қыздың анасы екінші балаға аяғы ауыр еді. Осылайша мерзімінен ерте дүниеге дені де, түрі де сап-сау шекесі торсықтай ұл бала келеді. Ұсқынсыз қыз әпке атанған еді. Бұл уақытта көрші үй бүткіл Сеулді шулатып, ізім-ғайым жоғалған қызын іздестіруде еді. Сонымен анасы сүйкімді ұлдарын әпкесі көрші қызды өлтіргендей өлтіреме деп қатты уайымдайды. Көрші қызды көмеміз деп жасаған жертөлеге көрші қызды емес, сол ұсқынсыз қызды жасырып, көрші үйдің қызын “қызымыз өз бет-бейнесін пышақпен тілгілеп, өз-өзіне қол жұмсады” деп жалған сөйлеп, көрші үйдің қызын өз қызымыз өлді деп, дүйім жұрттың көзінше жер қойнауына тапсырады. Осылай ұсқынсыз қызды ата-анасы жасырып жертөледе асырайды, ал көрші үйдің қызы жайлы іс 3 жылдан кейін тоқтатылады. Ұсқынсыз қыз 10 жасынан бастап, жертөледе өмір сүреді, оған ата-анасы бүткіл жағдайын жасап берді. Не керектің бәрін алып берді. Өздері бар білген білімін беріп, сауатын ашты. Солай күндер өте берді. Ұсқынсыз қызды ата-анасы бір сәтке болсын сыртқа шығарған емес. Бауырын да көрсетпеді, байқауымша бауырына да әпкесі жайлы тіс жармаған секілді. Қыз өз бауырын қатты көргісі келетін еді, оны ойнатып, бірге уақыт өткізгісі келетін. Бірақ ешқандай мүмкіндік болмады. Қыз жертөледе отырып, жоғарыда яғни үй ішінде болып жатқан әңгімелерді анық естіп жататын. Осылайша қыз бауырының бөлмесі қай тұста екенін анық білетін. Және дәл бауырының бөлмесіне байланыс орнатқысы келіп, ағаш еденді қолына түскен қатты затпен қырнап, кішкентай ғана тесік жасайды. Ол жер арқылы бауырымен тілдесеміз деп ойлаған болатын, бірақ онысынан түк шықпады. Бауыры оны естімеді. Себебі, ол кезде ол әлі кішкентай болатын бар жоғы 4-5 жаста еді. Інісімен қатты сөйлесуді армандаған қыз қағаздарға неше түрлі суреттер салатын, хаттар жазып, әлгі тесік арқылы бөлмеге өткізетін. Күндердің күнінде әлгі тесіктегі қағаз орнында болмады. Қыз қағазды інісі алды деп қатты қуанып, күн сайын солай жасап, тесікке қағаз қалдыратын. Бір күні әлгі тесіктің орыны бекітіліп қалды, және үйден де адамдардың дауысы сирек естілетін болды. Сөйтсе ата-анасы інісін алып, өзге жаққа қоныс аударған екен. Осылайша қыз жертөледе өмір сүруін жалғастыра берді. Ата-анасы сирек келетінді шығарды. Кейде тіпті 2-3 күндеп аш қалушы еді. Күндердің күнінде ата-анасы қыздарына қарау үшін көшеде қаңғып жүрген үйсіз әйелді әкеледі. Әйелге осы үйде тұрасың, тамағыңа киіміңе ақша беріп отырамыз. Тек бір шартпен: жертөледегі қыз жайлы ешкімге тіс жарып айтушы болма деп ескертті. Күндер мен айлар, жылдар өте берді. Қыз жападан жалғыз, жертөледе өмір сүре берді. Әлгі үйсіз әйел күнделікті қызға тамағын беріп, іші пыспасын деп бір уақыт әңгімелесіп тұратын. Қыз 27 жасқа толғанда ата-анасы оны тортпен құттықтап келеді, әкесі қызына тілек айтып жатқанда оның телефонына “Чимин ұлым” деген номерден қоңырау келеді. Мұны қыз анық көрген еді. Сол сәттен бастап, қыз інісі жайлы күн сайын ойлайтын еді. Кезінде жазған хаттары, сызған суреттері әлі де өзінде ма? Әлде қоқысқа тастап жіберді ме? Деген сұрақтармен көз ілмейтін. Інісінің аты Чимин екенін де сол кезде бірақ білген болатын. Күн сайын “інім іздеп келер ма екен” деп күтетін. Міне, осылай Чимин, әлгі ұсқынсыз қыз деп отырғанымыз мен боламын. Сенің әпкең — Пак Джису менмін, - деп, әңгімесін аяқтады. Жаңадан бері қыздың әңгімесін ұйып тыңдап отырған Минджудың жүрегі елжіреп, көз жасына ерік беріп отырған болатын. Ал Чимин болса терең ой түбіне сүңгіп кеткендей, мең-зең күйде болды. Қыздың айтқандары жай ғана бір қиял ғажайып ертегі тәріздес болды. Бірақ шындығында бұл ақиқат еді. Сонда да Чимин қыздың сөздеріне сенбеді: – Мені бұл сөздеріңе сенеді деп ойлайсың ба? Ертегің осымен аяқталды ма? Минджу Чиминнің сөздерінен соң оған жалт қарап: – Сен шыныменде сенбейсің ба? Чимин енді ғана Минджуға назарын салғанда, оның жылағанын байқап: – Сен не, жылағанбысың? - деді таңдана. – Бұл шынымен де аянышты Чимин, оның сөздері рас секілді. Чимин Минджудың сөздерінен кейін, тор артындағы қызға қарап: – Рас болса мына сұрақтарыма жауап берші, “Айналаңдағылар екі жүзді, олардан қорық” дегенсің неге? Мен кімдерден қорқуым керек? Кімдер екі жүзділер? – Айналаңдағы екі жүзділер, ол біздің ата-анамыз. Олардан қорық дегенім, маған істегендей саған да істейді деп ойладым. Ата-анамызды жауыз деп білдім. Оларды жек көрдім. – “Сен менен аумайсың, екеуіміздің кескініміз өте ұқсас” бұны қалай түсіндіресің? – Себебі, сені де өзім сияқты ұсқынсыз деп елестеттім, анам мені ұсқынсыз етіп өмірге алып келді, демек інімді де солай ұсқынсыз етіп туды деп ойладым. – “Еденге құлағыңды тос, біз бірге бола аламыз” сонда сен менімен тілдескің келді, бұны білдім. "Біздің кескініміз өте ұқсас" дегенің мені өзің секілді ұсқынсыз деп ойладың. Айтшы, неліктен қорқынышты қыздың суреттерін сыздың? – Мені көргенде қорықпауың үшін солай жасадым. Сен қорқынышты қыздың суреттерін көріп, көзіңді үйрендірсін дедім. Мені көргенде қорықпасын дедім. – Мені ата-анам алдап жүр. Неліктен алдап жүр? Қарғыс атқыр, неге маған шындықты айтпайды олар? Неге осыншама уақыт жасырып келген? Құрып кетсін бәрі, жынданатын шығармын, - Чимин ашулана, айналасында тұрған заттарды қопарып, лақтырып, сынатынын сындып, ішіндегі ашу мен ызадан құтылғысы келді. Осы тұста жоғарыдан дабырлап сөйлеп жатқан адамдар дауысы естіліп, көп ұзамай жертөлеге әлгі Минджу байлап тастаған әйел және артынан Чиминнің ата-анасы түсті. #HobiLopi Оқырман комментке сценарий жайлы өз ойыңызды жаза кетіңіз. Бұл мен үшін маңызды. Бұл соңы емес!
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес болған күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе… 8 бөлім. (Әуен қосыңыз) — С/е?..- есік қаққан Тэхён, алаңдаулы дауыспен сенің атыңды атады. Табан асты не болғанына өзі де қайран. Ол мақұл, өзінің нені уайымдап кеткені таңқалдырады. Бірде бет-жүзіңді қағаз сүлгіге сүртіп, көп күттірмей сен де шықтың. — Бәрі жақсы ма? - дауысынан бір тәкаппарлық ызғып. — Иә, - дедің, оны елемей алдыға жүріп кетіп. Ол сені кетіп бара жатқан жеріңнен шынтағыңнан тартып қала: — Егер, мазаң болмаса үйге қайтамыз? - ол саған көпшілік орын жақпады деп ойлады. — Бәрі дұрыс дедім. Қолымды жіберсеңіз, - дауысың бәсең шықса да кірпияз реніштің шеті көрінген. Мұны Тэхённың өзі қазір байқады. Сені өткен күні ренжітіп қойғанын есінен де шығарып жіберіпті мыс. — Қалайсың, қызым? - Рани сендер үстелге келіп жайғасқан да барып, жағдайыңның жақсы емес екенін сезді. Сен алдыңдағы тағамға бір көз тастадың да: — Бәрі жақсы. Тек тағамға жаңғақ майы қосылған болуы керек, - дедің жымиып. Алаң болып отырған жүзіне қарап, — Менде аллергия. Тэхённың қасы түйіліп, даяшыны шақыртайын деп жатыр еді, сен “ қажеті жоқ " дедің. — Ал сен неге ештеңе жемей қойдың, пұшық? - Ханнидың мұрнын сипап өтіп едің, ол Ранидың алдынан тұрып кетіп, жаныңа келді. Тэхён оның саған тез үйреніп кеткенін көріп, расында таң қалды. Тіпті, өзінің сен барда Ханни үшін артықша деп ойлады. Солай, мейрамханадан тамақтанып болғасын үйге қайттыңдар. Сенің жолда мазасызданып, ішіңнен әлдебір ауырлық сезгеніңді Тэхён көліктің ортаңғы айнасынан көріп отырды. Үйге барғанға дейін дәрігер шақыртып қоюды Аннаға ескертті. Әйтпесе, сенің мына түрің сау адамға ұқсамай барады. Жоқ! Әлде сен… Бірақ, бұл мүмкін бе екен? Сен жүкті болсаң-ше? Магридждан? Келгеніңе анау айтқандай көп те болған жоқ. Көңіліңнің айнуы күнжіт қосылған салаттан болуы тым күдікті. Жол бойы осы оймен оның басы қатып кетті. Барлығын үйге барғанда ғана біліп алады. Үй. Сен жеткенде дереу жоғарғы қабаттағы бөлмеге қарай асықтың. Сенің асыққаныңды көрген Тэхён, өздерін күтіп отырған қонақ үйдегі Забельді ертіп, соңыңнан шықты. — С.сәлеметсіз бе? - жуынатын бөлмеден шыққаннан кейін, бөлмеге келген бөтен кісімен Тэхённың неге мұнда екенін түсінбей. — Сәлеметсіз бе, С/е ханым! — С/е, дәрігер - Забель! Сені тексереді, - деді ол қапаланған қоңыр үнмен қалтасына қол жіберіп. — Неге? Не үшін? - сасқалақтап. — Мазаң болмай тұр. Сондықтан! — Мен бәрі дұрыс деп айттым емес пе?Қайталағанымды қалайсыз ба? - әрбір әріпті жеке-жеке нығыздап. — Тэхён мырза… - дәрігер сенің қарсылығыңа қарап, құрал жабдықтарын сөмкесінен алуды тоқтатып қойды. — Жалғастырыңыз, - Тэхён қолын айқастырып екі көзін сенен алмай, – Тексерілесің, - сенен бетер өжеттік көрсетіп, өзінің дегені болатынын тағы бір мойындатты. — Мүмкін болса, сыртта күтіңіз, мырза, - деді Забель сен төсекке келіп отырғасын. 15 минуттан кейін. Дәрігер сені тексеріп болғасын, жұмыс бөлмесінде өзін сабырсыздана күтіп жүрген Тэхёнға келіп, бәрін айтып берді. — Аллергия? — Иә, мырза. Күнжітке аллергиясы бар екен. Денсаулығына аса қатты зиян демеймін. Бір ыстығын шығарып, асқазаны сыр береді. Сақ болсын. Тэхён оның қойған диагнозын үнсіз тыңдады. Өзі күткеннен әлдеқайда басқаша болған жайт үшін мың ойланып, мың толғанып еді осы минутқа дейін. Ал не болды? Жоқ! Ол бұл үшін өзін жаман сезінбеді. Сен жүкті болсаң, ол мұны келеңсіз жаңалық депте қабылдамайтынын жақсы біледі. Тек, тексеріп көргісі келді. Сен үшін. Былай айтайыншы! Сен Магридждан жүкті болған күннің өзінде ол сені дәл осылай қабылдайды. Дәл осылай сүйіп қала береді. Бәрінен артық, дәл алғашқы күнгідей! Мәңгі! Және тиіттей де болсын ісіне өкінбейді. Ал, біз мұны махаббат дейміз! #Елестетші, сен манағы орыннан қозғалмай отырғасын, бөлмеге жүгіріп Ханни кіріп келді. Сенімен жатқысы келетінін айтып, құшағыңа тығылып алды. Әжесі рұқсат бермегесін қашуға тура келіпті. Сен оның қылығына, сөйлегеніне сөзіне, әжесі үшін саған шағымданып жатқанына қарап күлдің. Ол сенімен сөйлесуді тым ұнатып қалыпты. Сол үшін бір сағат бойы ол саған ішіндегісін ақтарды. Кейіннен сендер жатуға ыңғайланып, төсек үстіне жатқанда, Анна саған бір стақан сумен дәрі-дәрмек ала келіпті. Жүзінде баяғы мен-мендік көрінбейді. Қызық, иә? Ол осыдан бірер күн бұрын сені жегіп, бақшада біраз уақыт болғаның үшін ғана жерден алып, жерге салып еді. Енді өзі саған иіле келіп, қызмет көрсетуде. Көздерін төменнен алмайды. Сен одан тартпа үстіне қоюын айтқанда, ол еңсесін көтермей, келген ізімен кетті. Мұны Тэхённың беріп жібергенін жақсы білдің. Тэхён жұмыс іс-құжаттарын дайындап болғасын, сені бір көзден кешіруді ойлады. Өзінің бөлмесімен сен жатқан бөлмені бір қабырға бөліп тұрғасын, әрі қарай ұйықтауға кетеді. Бірақ, бөлме жанына келгенде қиғаш ашық қалған есіктен төсекте жатқан Ханни екеуіңді көріп, көп бөгелді. Сенің қалай Ханниді бауырыңа басқаныңды байқаған адам, қасқайып қана тұруы мүмкін емес еді. Ол қазір барып, сенің артыңда бос қалған орын жатып, екеуіңді бірдей құшса, құшақтаса.. кедергі көп секілді. Не кедергі екенін білмейді. Бәлкім, сенің оған деген жеккөрінішің. Оны жек көресің бе? Әрине! Оны көргің келмейді. Бір сәт бөлек қалсаң, жүрегің қысылатын еді. Міне, осы кедергі сені одан алыс алып кетуде. Дегенмен, ол бұл кедергі жою үшін, қолынан келгенін жасайды. Ол осы оймен ұзақ табалдырықта қалды да, бөлмесіне қарай кетті. Таң. Кеңсе. — Жоба сәтті қорғалды! — А? — Расында! — Құттықтаймын, әріптестер! Енді біздің өнім әлемдікке интеграцияға тұңғыш өкіл. — Осыған орай, бүгін Тэхён мырзаның үйінде сауық кеш! - деді Жаклин Тэхённың сөзін жалғап жіберіп. Бәрі бірдей шулап жатып, Тэхённың түрі өзгере қалғаннан кейін, тоқтап қалды. Тэхённың өзі Жаклиннің бұл жаңалығын түсінбеген екен. — Не болды? Тэхён мырза бұл үшін дайындық үстінде! - Жаклин оның иығынан қағып, состиып тұрып қалған жұмысшыларды қайтадан дүр сілкіндіріп жіберді. Тэхён тұрған орнында қаққан қазықтай қалды. Не бұл сөзді ойлап тақан Жаклинды дүйім жұрттың алдында жазғыра алмады, не қарсы келе алмады. Кабинет. — Сауық кешке шақырыпты! Бұл не сандырақ, Жаклин! — Не? — Қайдан шығардың бұл әңгімені! — Ашуланатын бірнәрсе айттым ба? — Жаклин! — Тэхён! Біздің компанияның беделі тағы бір саты жоғары көтерілді! Енді неге маған бұлай сөйлеп отырсың? — Не бассыздық мынау! Мен не деймін, домбырам не дейді! - олардың жанында тұрған Асилия Тэхённың ашуын қоштап. — Егер, менің саған айтпай оларды кешке шақырғанымды айтып тұрсаң. Мұны маған Рани апам айтты. — Сонда сен бізден бұрын, Тэхённың анасынан сүйінші сұрап қойғанбысың, Жаклин? - Кристиан шыдамай қарқылдап күліп жіберді. — Крис, ауызыңды жаба тұршы! — Жақсы, сауық кеш болсын. Менің үйімде емес. — Неге? — Неге? — Неге? — Не неге? Басқа жер құрып қалды ма? — Тэхён, Рани апам әлдеқашан дайындықты бастап жіберген. — Жаклин! Жаклин! - Тэхён тістеніп. Үй. — Ананы гүл түбектің орнына алып барыңдар. Иә, Тэхён? - қызметкерлермен әуре болып жүріп, ұлының қоңырауын енді көтерген Рани. — Ким Рани ханым, неге бірінші менімен ақылдаспайсың? — Нені? — Апа! — Ие, сауық кеш жайлы айтып отырмысың? Оны несіне ақылдасамыз? Бұл сенің жаңа белесті бағындыруың, Тэхён. Оны атап өтудің өрескел тұсы бар ма? — Үй не мейрамхана ма, апа!? Онда Ханни мен..С/е бар. Бір қора адам үшін олардың берекетін алғым келмейді! — Қарапайым кеш, Тэхён.. — Болмайды, апа! Мен қарсымын.. — Не дейсің? Ұлым, дауысың естілмейді,- Рани өзінің алдында отырған Ханнимен саған көзін қысып, күлкісін әзер ұстап тұрып, тұтқаны сөндіріп қойды. — Әже, сен қулық қылдың ғой! - Ханни тарқылдап күле. Рани Тэхённың сөзіне қарамай бүгінгі күн үшін әбден күш жұмсады. Ол Тэхённың соңғы кезде жұмыста болсын жеке өмірде болсын қатты неғып кеткенін білетін. Сол үшін үлкен жеңіс үшін көңіл көтергеннің еш артықшылығы деп ойлады. Жастарды оңаша қалдырмақ болып, бүгін жұбайы екеуің Ханниды ертіп, Ханнидың атасының үйіне бармақшы. Қалған істі Аннаға жіктеп, кеш түскен уақытта жол жүріп кетті. Рани кетерде саған, сауда үйінен алған керемет көйлектің біреуін таңдап беріп, " Бөлмеде бұлай отыра беруші болма! Олармен бірге көңіл көтер. Осылай отыра беремін болсаң, жейгідей желіне бересің, жаным. Сенімдімін, оның жолдастарымен тез тіл табысып кетесің! Егер, қысылсаң, Тэхённың жанында бол" - деді. Кеш. Қызу дайындық өз мәресіне жетіп, қызметшілер тағам даярлауға көшті. Ұзақ өтпей қонақтарда келіп қалады. Аннаның өзі бәрінің басы-қасында жүр. Күздің бұл кезі аптап ыстыққа айналып, түнде де бір қалыпты жылы болатындықтан қонақтар үшін орынды аулаға әзірледі. Айнала бір сөзбен айтқанда "әсем". Ал, күн батып жатқан кезде мүлде! Сен бұл сұлулықты, қызметкерлердің шапқылап жүргенін бөлме терезесінен ғана көре алдың, сыртқа шығуға іркілдің. 1 сағаттан артта қалып, қадірлі қонақтар келе бастағаннан кейін ғана бөлмеге келген Клю сенің қол қаусырып отырғаныңды көріп, төбе шашы тік тұрды. — С/е! Адам осылай бейғам болады ма екен! - есікті жауып, шкаф ішінен қызыл көйлекті алып шықты. — Қане, тұр! Сен әлі дайын емессің! — Клю, менің шыққым келмейді, - деді терезеден көз алмай. — Иә, саған! Қазір жіберсе, ұшайып деп отырсың! Несіне қысыласың? Тұр, дайындалайық! - ол сүйреп, сені айна алдына алып келді. Аулаға орнатылған барлық жарық шамдар жағылды. Қонақтар аз-аздап толыса бастады. Бәрінің үстінде арзанның аласасы емес, Тэхённың қонағы болу үшін шаш-етектен әбден ақша жұмсаған секілді. Әйеліде, еркекіде. Мұнда қарайым жұмыскерлерден гөрі, Тэхёнмен бірдей ірі кәсіпкерлер көбірек келіпті. Өздерінше тік ұзын үстел басына барып, өзара сұхбат құруда. Тэхённың үйге келгеніне де көп болған жоқ. Кеш иесі өзі болса да, кешігіп ақыры дегенде келді. Бәрі осында. Ата -анасының жол жүріп кеткенін Анна ескертті. Анасының түпкі мақсатын түсіне алмады. Әуелі өзі ұйымдастырады да, тайып тұрады. Бұл не қылған. Ханниды алып кеткен. Сенше? Сен қайдасың? Анна бөлмеден шықпағаныңды айтып еді, көңілі көншімей көргісі келіп, баруға тырысты. Десе де келген қонақтар арасынан сытылып шыға алмай, сонда қалып қойды. — Сіз тіптен ат басы озып шықтыңыз ғой! — Иә! — Бұрыннан осыдайсыз. Бірақ, бұл жолғы тіптен ерекше! — Кеш тым ерекше! Елеп ескеріп, қуанышыңызға ортақтастырғаныңыз үшін біз дән ризамыз, Ким Тэхён! — Мен сізді әрдайым жоғары деп білемін. — Ісіңіз мақтауға тұрарлық! Бизнесмендер арасында ортақ мадақтау туындап, Тэхёнды сонда жер көкке сидырмай қошеметтеуге көшіп кеткен сәт. Бокал қағыстырып арықарай әңгімені жалғастыра бастаған кез. Сол мезет анау тұрған үлкен есіктерден қызыл көйлекті әлдебір ару ішке қарай өрекпіп, жан-жағына қарауға қысылады. — Осы жылы көптеген.. Бітті! Тэхён оның есіктен кіріп келе жатқанын көргенде, құлағы ештеңені естімей, ішкен шарап құлқымынан ары өтпей қалды. Ол үшін барлығы бітті. Өмір бойына бітті. Ол бұдан былай ештеңе тілемейді! Тек дәл осылай оған қарап тұра берсе болғаны! Көздері оны алыстап бағып, тапжылмай орнында тұрып қалғаны қашан, қозғалмады.Осылай ұзақ қалды. Оның сұлулығына тоймай, ұзақ уақыт тұрып қалды. Мұның қашанға дейін жалғасарын ешкімде білмейді. Ешкім! Кейін, Тэхённың көз-қарасы бағытымен біраз адамдың назары да дәл ол қарап тұрған тұсқа барып түсті. Енді бір ғана Тэхён емес, келген қонақтың бәрі ол жаққа қарауда. Манағы қысылу қысылу ма, ыстық терге көмілу басталды. Барлығы саған қарауда! Қызыл көйлектегі сылқымға! — Қолымнан ұста, - деді бірде жаныңа жақындап келіп, шынтағын ұсынған Крис. Ол сол сәтте сені бәрінің отты жанарынан арашалаушы періште болып түйілді. Сол үшін оның шынтағынан нәзік бармақтарыңмен ұстап, қонақтар арасына кіріп кеттің. Тэхён-ше? Көз-алдында өз олжасын біреу оп-оңай тартып алып кеткен жыртқыштай күйге түсті. #browinv " ?
#BTS_IMAGINE_QRF  #Елестетші, әпкең қайтыс болғаннан кейін, Чонгук саған көңіл білдірді. 5 - бөлім. Енді душтан босаңсып, шығып келе жатқаның сол, телефоныңа қоңырау келді. Чонгуктан келген қоңыраудың не себепті келіп жатқанын түсінбедің.  — Тыңдап тұрмын?  — С/а, тәтее...- тұтқа артында Ённың жылаған дауысы. Сен:  — Ён? Не болып қалды? Неге жылайсың, кішкентайым? — Апамды сағындым, С/а тәте... Апамды көргім келеді. Бірде арғы жақтан Чонгук келіп қалып: — Балам, кіммен сөйлесіп жатырсың? - деп жақындағанда, Ённың жылап жатқанын көріп, — Бәрі дұрыс па, балам? Қане, келеғойшы, - деп құшағына қыса бастады. Ён пора-пора жаста: — Әке, апама барайықшы. Оны үйге алып келейік, - әрі қарай былдырлап, өксік араласа өз тілінде сөйлеп кетті. Екі жастан асқан балада қай бір сөздік қор бар дейсің. ~Кэменома бэттема, киминома бэтты. Джроумана сэттема дисн. Тұтқа арғы жағында сен Чонгуктың дауысын естіп тұрдың. Іштей баланың анасына деген сағынышына жүрегің қақ айрылардай болды. Мұны өз басыңнан кешіріп көргендіктен, оның қазір қандай күйде екенін сен жақсы түсініп тұрдың. 3 жасыңда шахтадағы жарылыстың кесірінен әкеңнен айрылған болатынсың. Апаң сендерді “ Әкең әне келеді, міне келеді ” деп қаншама жыл алдап келіп, түбінде онымен әлдеқашан айрылып қалғаныңды түсінген болатынсың. Сонда “ Соқыр үміттен, шындықты айта салғандары саған оңай тиер ме еді? " деген ой келген болатын. Тұтқаны ақырын сөндіріп, көз жастарыңды сығып алдың. Тұтқа сыртында тұрып, жүрегің қақ айрылардай болып жатқанда, қаршадай баланы қалай жұбатарын білмей қиналған Чонгуктың жайын да түсіндің. Чонгук барлығы аяқталып, Ёнды тыныштарндырғаннан кейін ғана, баласының саған хабарласқанын көрді. — Маған көп созбай, бір шешімге келу керек,- деп терең тыныстаған Чонгук, ой түбіне құлдилады. Ол мұнысымен не нәрсені бір жақты еткісі келді екен? Бірнеше күннен кейін. Шиюнды өз көлігімен үйінің алдына дейін алып келген Чонгук, аздаған үнсіздікте қалды. Шиюн: — Көп рақмет, Чонгук. Өзім де жетіп алар едім. Сонда да жақсы әгіме-дүкен құрдық, - Чонгуктен әлде бір жауап күткендей тұрды да, бірақ Чонгуктың ойға шомып тұрғанына, — Жақсы. Мен ішке кірейін, - деп есікті ашуға бекінгенде, Чонгук Шиюннің қолынан ұстап қалды. Шиюн Чонгуктың қолына бір, өзіне бір қарап, қолын қайта алдына қойды. — Бірге болайық, - көздеріне тік қарап тұрып. Шиюн осыған дейін өзіне аса ашық болмаған Чонгуктың аяқ асты не деп тұрғанын түсінбей қалды. Чонгук: — Маған тұрмысқа шығуға қалай қарайсың? Не басы жоқ, не аяғы жоқ ұсыныс... Шиюнның ішінде көбелектер ұшып, асып-тасыған бойда басын ақырын изей: — Рас айтып тұрмысың? Чонгук басын сенімсіз изеді. Шиюн Чонгуктің екі бетінен ұстап ала нәзік сүйіске ерік берді. Жол жиегіндегі көзден тасалау жерде өз көлігінде Чонгуктың көлігін бақылып тұрған Тэхён, бұл көрініске шыдай алмады. Ал сүйіске келетін болсақ, мұны Чонгук жүрегімен қаламаса да ақылына жеңістік беруде. Түскі ас үстінде апаңмен қоңырау арқылы сөйлесіп жатырсың. — Ақымақ қыз! Есің дұрыс па өзіңнің? Чонгукқа тұрмысқа шығамын дегенің қай сасқаның? Сен мені ұяттан өлтірейін деп пе едің? — Апааа~ — Екінші мұндай ақымақ сөздеріңді естімейтін болайын. — Мен еріккенімнен осылай жасағым келіп отыр деймісің? — Мұндай ой басыңа қалай келіп жүр? Өз жездеңе тұрмысқа шығамын дегенің... Айгуу, басым-ай! — Апаа! - көздерің жасқа тола, — Мен Ёнға бола осындай шешімге келіп отырмын. Ол Юнджидің соңғы аманаты. Оның анасыз өскенін қаламаймын. — Чонгукке басқа қыздар табылмай қалыпты ма? — Қыз көп қой. Бірақ олар Ёнға анасындай бола алмайды. — Көп сөзді қой сен қыз! Қазір Чонгуктың өзіне хабарласамын. Сенің басыңды қатырып жүрген сол ма? — Жооқ. Хабарласпа. Оған ешнәрсе де деме, апа! — Қазір...- деп жатқанда тұтқаны жай ғана сөндіріп тастадың да терең тынстап, басың қатып кетті. — Расымен мен ессіздің әрекетін жасап жатырмын ба? О, Құдайым!.. Келесі күні жұмысқа оралдың. Тэхённың қарасы көрінбейді. Іштей “ Оған не болған? ” деп қоясың. Біраздан бері бастықтың көрінбегенінен Ынбёльдан сұрастырып көріп едің, алған жауабың “ Естімедің бе не? Ол қазір Америкаға кетті. " деген болды. Бұл жаңалық саған қуаныш сыйламады. Тэхённың орнын басқан орынбасар Мин мырза, алдағы бір аптадағы жоспарымен таныстырып шығамын дегенше, түскі уақыт та болыпты. Заттарыңды жиып, өз үстеліңе беттей бергеніңде, әлде кімнің теріс қараған жүзін көрдің. Жақындаған сайын оның кең иығынан кім екенін айтпай-ақ таныдың. – Мұнда неге келдің? - дегеніңде арқасына бұрылған жігіт: – Сөйлесейік, - деді. Жай ғана түскі ас уақытын бір шыны кофеге алмастырып, душеевно сөйлесуге арнадың. Сенің айтатын сөзің жоқ. Бұл арада жай ғана тыңдаушының рөлінде тұрғандайсың. – Ённың нағашы әжесі хабарласты…- дегеннен қолыңдағы ыстық кофе өзіңмен бірге суып сала берді. Көмейің дірілдеп: – Аа…Неге хабарласыпты? - іштей өзің ойлаған нәрсе болмаса екен деп тұрсың. Чонгук терең тыныстап, айтсам ба екен, айтпасам ба екен деп біраз тұрды да: – Хал жағдайымызды сұрады… Маңдайыңнан порша тер бұрқ еткендей: – Сол-ақ па? Чонгук саған бір қарап, жай басын изеді. Ол сен екеуіңнің бір нәрсені ойлап тұрғандарыңды көздеріңнен-ақ ұғынып тұрғандай. – С/а? – Иә? – Бұл қайдан шыққан шешім? Көздерің бір сызықта түйісті. Чонгуктың әңгімесі нені меңзегенін болжап болмадың. ” Әжесі хабарласты. ” дегеннен апаңның не сұмдықты Чонгукке айтқандарын бір Құдай біледі деп, жүрегің тарсылдап қоя берді. Тілің байланды да қалды. Чонгук: – Бұл расымен өз еркің бе? Әлде менің қатысым бар ма? Аоаоао рас. Апаң расымен сенің “ Чонгукқа тұрмысқа шығамын ” дегеніңді Чонгукқа жайып салғаны анық. О, Құдайым! Сен мұндайда “ Иә, расымен мұны айтқан мен ”дейсің бе? Чонгук: – С/а? – А? А… Иә. Жоқ. Білмеймін. Мен тіпті не деп жауап қатарымды да білмеймін. Бұл дұрыс па, дұрыс емес пе оны да білмеймін, - деп паника ұстап тұрғаныңда, Чонгук: – Мен сенің әр бір шешіміңді қолдаймын. Әрине, әр кімнің өз жолы бар. Сен үшін қуаныштымын. Бақытты бол. Саған әрқашан бақыт тілеймін, - деді в друг. Уэээ? Ол не айтып жатыр? Сен сәл басылып: –Түсінбедім? – Сені біраздан бері алаңдатып қойғанымды білемін. Дұрыс айтасың. Маған қыз табылады. Ал Ёнға ана. – Ч.Чонгук…мен олай деп айтқаным ж…- деп жатқаныңда, Чонгук сөзін жалғап жібере: – Жақын арада Шиёнмен некемізді қиямыз. Тым болмаса Ён үшін келсең. Соны айқым келді, - жүзінің артында өкінішін жасыра жымиды. Сен в ах*е қарап қалыпсың. Сонда сенің шыр-пыр болып, анаңа айтқандарың Чонгуктың құлағына жетпегені ме? Апаң сонда оған не айтқан? Сен кібіртіктеп: – Шиён ба? Неге? А, жоқ. Кешір. Ә.әрине сен үшін қуаныштымын. Ал Ён? Ён мұны біледі ме? – Ол әлі бала. Уақыт өте үйренісіп кетеді. Сен үнсіз қалдың. Бірде саған жұмыстан қоңырау келіп, шұғыл шақырту жасалынды. Чонгук екеуіңнің әңгімелерің бел ортадан аяқталып, екі жаққа кеттіңдер. Аяқ астынан қабылданған қандай шешім бұл? Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін дереу апаңмен хабарластың. – Апа, сен расымен Чонгукқа хабарластың ба? – Не болыпты? – Сен оған не айттың? – Айтатынымды айттым. – Апаа~ Сен не бүлдірдің? Сен оған бәрін жайып салмаған боларсың? – Сен қыз, тыңдап ал мені. Бүгін біздің аудандағы Лим мырзаның ұлымен сөйлестім. Өзі әп әдемі-ақ жігіт. Жасы 35тен асқаны болмаса, өте жас көрінеді. – Қайдағы Лим мырзаның баласы? Апа, сенен біреу жігіт сұрады ма? – Тоқта! Мен сенің өміріңе алаңдағандықтан осылай жасап жатырмын. Көп сөзді қой. Ол ертең Сеулге іс сапармен барады екен. Мен сенің келіспейтініңді біліп, екеуіңе кездесу ұйымдастырдым. – Немене? Апа, мен ешкіммен де кездеспеймін! – Саған ақылдаспай шешім шығаруды көрсетейін. Ертең осыдан кездесуге бармай көр. Мына мені өмір бақи көрмей өтесің. Менің ақылымды тыңдасаң, Лим мырзаның баласының етегінен ұста. – Мен өзім таңдау жасай алатын жасқа келдім, апа. – Жетер енді. Чонгукқа бәрін түсіндірдім. Жақын арада мен таңдаған жігітке тұрмысқа шығатыныңды да айттым. – Апа, жоқ жерден қандай өтірік ойлап тапқансың? – Сенің сандырағыңнан қайда жақсы. Соңғы рет ескертемін. Ертең кездесуге бармайтын болсаң, шешеңді жоқ деп сана, - деді де тұтқаны қоя салды. Осыдан соң қалай ішпейсің? Күңіренген күз де, Ұқсап тұрғандай бізге. Махаббаттың гүлі, солып қалды ғой түзде. Арадағы уақытты былжыратпай өткізе салайық. Кездесу күні. Бірінші күннен-ақ келген жігіттің бетін қайтарамын деп шештің. Дәл уақытынан бірнеше минутқа ертерек келіп, күтіп отырдың. Көз алдыңда шашы таз, қарны шыққан, 45жастағы түрімен 35 жасар еркекті күтіп отырсың. Бірде, КХМ КХМ: – Сіз Со ханым боласыз ба? - деді жағымды дауысқа ие жігіт. Сен бастан-аяқ көз салып шығып, өмірдің алдамшы әрі таңданысқа толы екеніне в ах*е болдың. – Ал сіз Лим Хёнджун боласыз ба? – Иә, дәл өзі. Сізді көргеніме қуаншытымын, Со ханым. Сіз суреттегіден де өте әдемі көрінеді екенсіз, - жымиғанда бет шұңқыры көзге анық байқалады. Бірінші комплимент кетті. Сен аздап қымтырыла: – Мен де қуаныштымын! Таныстық барысында оның жақсы, порядочный жігіт екеніне көзің жетті. Өзінің жеке клиникасы бар дәрігер екенін, бұрын соңды қызбен жүріп көрмегенін естідің. Мынандай жігіт не себепті қыз баласымен жүрмегендігі қызық болып тұрған болар… Кеш қарайған уақыт. Хёнджун сені үйіңе дейін шығарып салуға ұсыныс білдіргенде, бетін қайтара ашмадың. Вроде бәрі жақсы. Бәрі күшті. Бірақ іште бір но тұр. Көп қабатты үйдің алдына келгенде сені тосыннан өмірдің ах*евщик тосынсыйларымен Чонгук күтіп алды. Сен таңдана: – Чонгук? Мұнда не істеп жүрсің? Хёнджун: – Сіздер таныссыздар ма? Чонгук сендерге қарай жақындап: – Бір маңызды күн жайында өзіңмен сөйлесейін деп едім. Мүмкін болса, әрине. Сен сасқалақтай: – Дәл қазір ме? Чонгук ыңғайсыздана: – Егер бос болмасаң, кейін сөйлесейік. Сендерге бөгет жасамайын, - деп қайта көлігіне кетіп қалды. Сен Хёнджунмен көп қабатты үйлердің арасынан өз падъезіңнің алдына келдің. – Сіздер расымен бұрын жақын болмадыңыздар ма? – Оны неге сұрадың? – Енді…Жалпы алдыға мақсат қойып, сізбен танысып жатқандықтан жолда кедергілер болғанын қаламаймын. – Бұл кездесу бір нәрсені шешеді деп ойламаймын. Уақыт көрсетер. Міне, менің үйім осында. Енді сіз де бара берсеңіз болады. – Кешір. Ыңғайсыз болып тұр. Сенікінде дәретханаға кіріп шықсам болады ма? Ойыңда ешнәрсе жоқ. Сәл ыңғайсыз болса да оны үйіңе кіргіздің. Хёнджун жуынатын бөлмеге кіріп, бірнеше минуттардан соң жеңілдеумен шықты. – Тазалықты өте жақсы көретін секілдісіз. Үйіңіз өте жайлы екен, - айналасына тамсана. – Иә, маған осылай ыңғайлы. Кофе ішесіз бе? - ақыры үйіңе кіріп қойғаннан соң, ұят болмасын деген ойың. Хёнджун: – Көп рақмет. Кеш болып кетті. Мен үйге қайтайын. Келесі жолы ішерміз, - деді де сенімен сыпайы қоштасты. Иә, ол сенің өміріңде кездескен ең сыйлы жігіт болды. Хёнджунды шығарып салғаннан кейін, бірден жуынатын бөлмеге кіріп кеттің. Автотұрақтағы өз көлігіне дереу келіп отырған Хёнджун, артқы орындықтан дереу ноутбугын алып, ашып жіберді де құпия камераның онлайн жазбаларын қарай бастады. – Оааһ! Мен шыға салып, суға түсіп жатыр ма? Қандай сәттілік! - деп сенің жуынатын бөлмеңе қойып кеткен құпия камерасынан сенің жалаңаш денеңді көріп жатты. Бірде Хёнджунның есігі сырттан ашылып, Чонгук Хёнджунды сыртқа жұлқып шығарып алды. Қас пен көздің арасында не болғанын түсінбей қалған порядочный жігітіміз Хёнджун, бір пәсте соққының астында қалды. Жуынатын бөлмеден шығып жатқаныңда Хёнджуннан хабарлама келіпті. Онда “ Со ханым, бүгінгі кездесуді ұмытайық. Сау болыңыз! ” – Хёнджун? Оған не болып қалды? Ұмытайық дегені не? Бір нәрсе ұнамай қалды ма? - дегеніңше есік сынып кетердей қағыла бастады. Дереу есікті ашқаныңда алдыңда ентігіп Чонгук тұр. – Чонгук? Чонгук саған ешнәрсе айтпастан жуынатын бөлмеге ашулана кіріп кетті де, барлық жерді ақтарып жатты. Сен соңынан еріп келе: – Не болғанын айтасың ба жоқ па, Чонгук?! Тым құрығанда не іздеп жатқаныңды түсіндірші! Чонгук жуынатын бөлмедегі шкафтың жоғарғы жағынан өте кішкентай камераны алып шықты. Сен в ахх***еее болып қалдың. – Бұл… – Сен осы адамға расымен өміріңді сеніп тапсырмақ болдың ба? – Ч.Чон… – Мынаны қойған сол нақұрыс. Онымен бұрыннан таныссың ба? Оны қайдан таптың?! - ашулана саған бір нәрсе істеп қоймады ма екен деп уайымдап кетті. Сен Чонгуктың сөздерінен соң тіпті қорқып кеттің. – Мен білмедім. Рас айтамын. Мен оны бүгін алғаш көруім. Бұлай боларын білген жоқпын. – Үйде қал. Мен мынаны полиция бөліміне тапсырамын. Сен Чонгуктың қолынан ұстап қала: – Егер ол үйге келетін болса ше? – Ол әлі есін жия қойған жоқ деп ойлаймын. – Менде сенімен барамын. Чонгук Хёнджунды соққыға жығып кеткен жерге келсе, ол табанын жалтыратып үлгерген екен. Бөлімшеге барып қолдағы айғақ пен Хёнджун жайында барлық ақпаратты тапсырып, арыз жазуға тарттыңдар. Бөлімшеге келсеңдер офицердің алдында Шиюн да тұр екен. Екі кештің ортасында бастарың қосылды. – Чонгук? Мұнда не істеп жүрсің? Қоңырауларыма неге жауап бермедің? - деді сұмаң етіп жабыса қалған Шиюн. – Шиюн. Мен… шұғыл шаруамен шығып кеткен едім. Телефонымды жоғалтып алдым. Шиюн саған алара қарай: – Шұғыл шаруаң мынау ма? Сен осы жолы тіліңді тістеп қалдың. Чонгук: – Ал өзің? Мұнда не істеп жүрсің? Шиюн маңдайындағы мысықтың көтіндей жарасын көрсеткісі келгендей: – Көріп тұрғаныңдай… жол апатына түсіп қалдым. – Не? Қалайша? Сенде бәрі дұрыс па? Бұл қалай болғаны? - деп Шиюнның жарақатына қарай бастағанда, іштей бір түсініксіз сезім тык етті. Мына жерде өзіңді үшінші артық адамдай сезініп кеттің. – Бәрі менің кесірімнен. Байқаусызда қарсы беттегі жолаққа өтіп кетіппін. Өзім де байқамай қалдым. Шамасы маған жеке жүргізуші керек. – Шиюн, бұлай болмайды. Саған ауруханаға қаралу керек. Қазір жедел жәрдем шақырайын. – Қажет емес. Бірге барайық. Чонгук саған қарады. Сен жай ғана: – Ауруханаға бара бер. Мен өзім де шеше аламын, - деп бір офицердің алдына отырып, мәселеңді айта бастадың. Чонгук біраз тұрып, Шиюнді ауруханаға алып кетті. Расымен бүртүрлі болып қалдың. Ол сондай жанашыр. Көз алдыңда оның осындай пасық әйелге қосылатынын ойласаң, Ённың да болашағын уайымдап кетесің. Чонгук Шиюнды ауруханаға жатқызды да өзі сибастиянус болып, бөлімшеге қайтып оралды. Тергеуші енді ғана сенің арызыңды қабылдап жатыр екен. Тергеуші сен жазған арызды оқып шығып: – Бұл істе қандай да бір куәгерлер бар ма? Сен Чонгуктың жоқтығына тыпыршып, енді жоқ дегелі жатқанда: – Бар. Қылмыскер көз алдымызда оқиға орнынан қашып кетті. Менде оның қалдырған бейнекамерасы бар, - деп Чонгук сенің тарапыңда куәлікке өтіп, жасырынған бейне камераны тергеушіге табыстады. Сен Чонгуктың келгенін көріп, іштей қуанып қалдың. Бәрі аяқталып, арызың қабылданды. Көп ұзамай тергеушілер де істеріне көшетінін баяндап, Чонгук екеуің үйге қайтып келесіңдер. – Ішке кір, - деп өз үйінің есігін ашқан Чонгук. Сен табалдырықта біраз бөгеліп, өзіңе сенімсіз болып тұрсың. Чонгук: – Өз өзіңе келгенше осында қалуыңа болады. Содан соң үйіңе барасың, - деген жұбатуы саған демеу болғандай ішке кірдің. Қонақ бөлмедегі диванда жайғасып отырғаныңда Чонгук, қаңылтыр ыдыстағы салқын сыраны ашты да бірін саған ұсынып: – Ертең жұмыс күні емесқой. Жеңілдеп ал, - деді саған ұсынып. Сен еш қарсышықсыз сыраны ұрттап алдың да: – Әлгінде… менімен қандай маңызды күн жайнда сөйлескің келді? – А, ол ма? Жә, енді маңызды емес, - деп қысқа қайырды. Осыдан соң ешқандай сөз қозғалған жоқ. Екеуің отырып-отырып, 8 қаңылтыр құтыдағы сыраны тауысып қойдыңдар. Бетерің қызарақтап, көзің ілініп кетуге шақ. Сенің по полный програм кетуіңе 4 бөтелке жеткілікті. Дәл қазір 3ші құтыны төңкеріп тастадың. Енді қолыңды созып, төртіншісін алғалы жатқанда Чонгук сыраны ұстаймын деп сенің қолдарыңнан ұстап қалды. Жүрегің тарсылдап, Чонгукке қарағаныңда, Чонгук сап-сау адам секілді отыр. – Осы да жетер. Бұл артық, - деді жай күлімдеп. Көздерің жыпылықтай Чонгуктан көздеріңді ала алмай қалдың. Ол сенің алдыңда әпкеңнің күйеуі емес, жай бұрыннан таныс жігіт досың секілді болып кетті. Чонгук: – Сені бөлмеңе апарайын ба? Әлде өзің жүре аласың ба? – Чонгук…- деп Чонгукке тым жақын келдің. Сен жақындағаннан Чонгук демін жұтып қойды. Жалғасы төменде⬇️
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберді. 4- бөлім — Расымен бұл сенбе? - деді іштей жымысқы күліп. — Тэхён, жаңадан қызметкер жалдағанбысың? Кристианнан кейін Тэхён назарын әуелі саған салып, Кристің қалай қарап отырғанын көрді. Охо, көкем қызды тірідей көзбен жеп барады екен. Кешегісі сөз болып па, қазіргі қарауы мүлде бөлек. — Крис, қашаннан менің үйімдегі қызметшілердің түсін-түститін болғансың? - әзілмен астарлы ойын жеткізіп, өзінің қандай күйде отырғанын сездірмеді. — Жоға! Бар болғаны, көзіме басқаша түйілді.. - жанарын тайдырып, шанышқысын тәрелкеге батыра. Ол өз сөзінен өзі қысылып қалғандай еді. Әрине, досының үйі, оның үй қызметкері. Оның не шаруасы бар? Ал, шеттегі сенің жағдайыңды ескерсекше? Өзіңді аянышты адамдай сезінесің. Оған қараған сайын. Оның қалауы, оның дегені болғаны үшін, сен шарасызсың. Иә, дәл ол айтқандай шарасызсың! Үстіне, мына Крис келіп тағы қосылды. Ол өз айтқандарын есіне алып, " көрдің бе, айтқаным айдай келді " дегендей сенің үстіңнен күлді. #Елестетші, олар жылдам тамақтанып, жұмысқа кетті. Сендерде тұрған жерлерінде көп бөгелмей, іске кірістіңдер. Анна ұмыс кешегіден көбірек және түске дейін бітіру керектігін мықтап ескертті. Ә, Анна ол осы үйдің тәртібін қадағалайтын үлкен ханым. Мұнда істеп жүргенінен 10 жылдан асса керек, барлық істің жай-жапсарын одан артық білетін ешкім жоқ. Сол 10 жыл алдын Тэхённың анасы ұлының қас-қабағына қарау үшін жалдаған жұмысшы болса, қазір осы баспананың бір бөлшегі. Екі кіші ұлы, күйеуі бар. Олар басқа шаһарда, Анна әжептеуір жырақта болатын. Сонымен, солай! — Әй! Пыст! - деді сенің жаныңда терезе шаңдарын тазартып жүрген Клю. — Шаршаған жоқсың ба? Сен басыңды шайқап, әріқарай жүре бердің. — Шынымды айтайын. Мынадай киімде де адам әдемі болады дегенді біреу айтса, сенбес едім, - деді. Сен маңдай теріңді білекпен сүртіп өтіп, жымиып қойдың. Бұл сенің сыртқы кескініңе айтылған алғашқы ілтипат емес. Клю қалың қасты, қызғылт бұйра шашы бар, көк көзді қыз болатын. Онымен таңда танысып, біраз сөйлесіп едіңдер. Қазір сенімен әңгімелескі келгенін түсіндің. Кристің жағымсыз сөзі есіңе түсті. " — Неге мұны жертөледегі жезөкшелер жанына алып бармады? Ол әуелі әр әйелді осылай сыйлайды да, одан кейінгі өмірін тас талқан етеді. Күнге айналдырады. Үміттендіріп қойған қандай жақсы, ә? Қазір, тойып тамақтанып ал, қымбатты С/е! Бәлкім ертеңгісін әр бұрышта қисалаң етіп жатарсың? " — Клю? - дедің бірде көптен мазалап жүрген сұраққа жауап бере алатын адамды кезіктіргендей. — Құлағым сенде, - терезе перделер түзулеп жатып. — Сенен бірдеңе сұрағым келеді, - оның жанына жақын бардың. — Ал, айта ғой. Сен осында ғана "оған айту жақсы ма әлде жаман ба " деген ойға барып, тоқтап қалдың. Оныңды сезген Клю: — Қорықпа, арамызда қалады, - деді. — Ким.. Тэхён.. Ол саған жалт бұрылып: — Иә? - мырзаның атын атамауға әдеттенбегеніңе қарамастан. — Қалай айтсам екен?.. Оның жертөледе.. ол шынымен.. — Оның жертөледе ешқандай жезөкшелері жоқ. Болмағанда! Ол бұдан алдын ешқашан құмар ойыннан әйел алып келмеген. Кристиан мырзаның айтқанының бәрі бос сөз. Сені қорқыту үшін тапқан сандырағы, - аяқ-асты пайда болған Анна бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, сұрағыңа жауап берді. — Егер, сені мазалағаны осы болса, жауабыңды алдың. Жұмыстарыңды аяқтаңдар! - кетіп қалды. Оны көрген Клю басын шайқап, Аннаға алара қарады. — Туф! Мұрнын сұғады да, жүреді! С/е, бәрі жақсы ма? Айтпағың сол ма еді? - сенің тапжылмай қалғаныңа қарап. Дымыңды шығармай бас изедің де, әріқарайғы істі жалғастырдың. Міне, жақсы болды ма? Аннаның арқасында енді күні бойы жер-жебіреңе жетіп, іш-ішіңді жейтін жаңа сауал пайда болды. Бәрібір! Көп ұзамай, бұл жерден қара батыру керек. Қалай болсын қашып кету керектігін ойладың. Түс. Таудай мұнара қақпаларынан сол әдеті сәнді көліктердің кіріп келе жатқан кезі ғой. Екі мәшине де ақырын келіп, біркелкі үй жанына орналасты. Анна сендердің үш-төртеуіңді қатар етіп жайғастырып келген кісілерді қарсы алуға кетті. Әуелі, бірнеше чемодандарды ішке алып кірген жүргізушілер кері сыртқа кетті. Сонан соң, жасырақ әйел, жасы 60-қа тақаған еркек кісімен күле келе жатқан Анна, оларды қонақ үйге ертті. — Сапарларыңыз жақсы өтті деген ойдамын, Рами ханым! - сүмкесін Аннаның өзі алып, көзімен Клюді шақырып соған тапсырды. — Сұрама! Жаға жайда арқа жазғаннан басқа ештеңе істегем жоқ. Ал, Хан болса сері жігітше судан бері шыққан жоқ, - деді жымиып. Анна да күліп қойды да: — Бірдеңе ішесіздер ме? Кеңсе. — Түстері үйлеспейді. Дизайнер қайда қарап отыр? Мынау не? — Кристиан, жүйкемді жұқартпашы! - қыз бұлданып. — Асилия, расында реттеу керек секілді. Әйтпесе, әдемі ғана! - Роун қыздың ашуын қайтарып. — Саған-ше, Тэхён? - Асилияны екі жігіттің пікірі емес, Тэхённың ойы қызықтырып. Тіпті, ол мына екеуінен асырып айтып, сын жаудырса да төтеп бермекші. Оның ойын білсе болғаны. — Маған ұнады. Дәл осылай қалса деймін, - Тэхён өзінің алдында жатқан парақтағы аяқ киім үлгілерін бір көзбен шолып шығып. — Ааа? - қыз бастығынан мынадай жауап естимін деп еш күтпеді. Өз құлағына сенбеді. Жігіттерде күн қайдан шығып, оның Асилияның жобасын ұнатқанына таң қалды. Себебі, оның салған әрқандай дизайны шетінен сәтсіздік көріп отырушы. Қыз әркез, әрдайым осы үшін тер төгеді. Бүгін соның еңбегі ақталғандай. Есік қағысы. — Тээээээ! - созыла шыққан нәзік дауыс иесі есіктен кіріп келді. Қысқа көйлек, сары шаш, қысық көздер, алқызыл далапқа малынған еріндер. — Қалайсыңдар? - кірген бетте іштегілермен біртіндеп бет сүйісіп амандасып шықты да, Тэхённың бетіне ерін іздерін батыра қалдырып, диванға отырды. Мұны көрген Роунмен Кристиан қарқылдап күлді де Тэхёнға білдірген жоқ. Роунда Асилияға " айтпа " дегендей белгі берді. Кіріп келген Тэхённың дәл осылар сияқты бетке ұстары Жаклин болатын. Қалың дос әрі ескі сыныптасы дейік. Асилия оны көрсе төбе құйқасы тік тұратыны сөзсіз еді. Сылқымның сайықмазақ секілді қимылын жақтыра қоймайтын. Жаклинде бұны онша қош көрген емес. Былайша, бірін-бірін бәсекелес санайды әріптестер. Жұмыс барысын да, бастығының көңілін табу кезінде де озық болуға ұмтылады. — Оууфф! Сендер менің қандай іс тындырғанымды білсеңдер ғой, - жылтыр аяқтарын бір-біріне айқастыра ал кеп бастады, Роунмен Кристиан тыпырақай қашуға бет бұрыс жасап еді, манадан бері бұның қылығын жақтырмай тұрған Асилия: — Жүрісіңнен біліп едім, - деді міңгірлеп. Жаклин оның ашуын одан әрі қоздыру үшін әуе сүйісіп жолдады да: — Вавилондағы көрмеге біздің компанияның қатысатындығын, және ол жаққа кімнің баратынын шешіп қойдым! - ыржиа. — А? — А? — А? - деді үшеуі бірден. — Қашан? - Тэхён оның жаңалығына таңданған сыңай танытпады. Қайта осы ісін құптағандай. — Ертең, жаным. Сен және мен барамыз. Білесің бе, тағы Кристиан барса болады. Егер, қарсы болмасаң. Бизнес-классқа да тапсырыс бердім. — Жаклин? Бұл іс-шараның біздің іске ешқандай қатысы жоқ. Ендеше, не үшін? - деді Асилия бозарып. — Компания беделіне азда болса үлес қосады, Аси. Түсінетін шығарсың? — Оу-оу! Арулар, осы жерден тоқтаңдар. Артынан сендерді ажырата алмай отырмайық. — Тэхён, сен не дейсің? Үй. Тэхённың ата-анасы ұзақ уақыттық демалыстан үйге оралғандары бүгін. Үш айда бір елден тысқары саяхаттауға әдеттенген. Ким Рани оның анасы, салмақты, сыпайы ғана келген әйел. Көңілін табу қиынның қиыны болса да, біреумен қырық пышақ болып, қабағын шытқан емес. Ким Ба Хан жұбайы сынды байсалды кісі. Ұлының осындай дәрежеге жетуіне адал еңбекпен төккен тері жатыр. Тэхён басшы болу жолында үлкен қолдау көрсеткен әке. Олар жолдан келгесін ұзақ жолдық шаршауларын шығарып алды да, Рани ханым баққа, Хан қүрдасымен жүздесуге кетті. Әрбір әйел заты гүлге, жалпы жайқалып тұратын өсімдікке құмар келмей ме? Раниде солардың бірі. Ауланың тең жартысын гүлзарға айналдырып, оларды қызғыштай қорып жүрген бір сәті, сен келдің. Рани кофе демдеп алып келуді бұйыртқасын, Анна сені жіберген. Қолыңдағы шыны падноспен Рани ханымның жанына келдің. #Елестетші, ол әйелге тән нәзіктікпен әткеншекке арқасын тірей, майысып қана тұрған жас шыбықтарға үнсіз қарап отырған екен. Қызық, оның жүзі жылы, жайбарақат мінезді адам, күйеуі де дәл солай. Ал, олардың ұлы.. Тіпті, тілің бармайды. Нақ оңбаған дерсің. Оңбаған! — Мінекейіңіз, - оған падносты жақындатып, кофені ұсындың. Ол сенің дауысыңнан қалың ой арбауынан шығып, жымиа кофені алып жатып жүзіңе қарады. Ол осы үйдің ханымы болғасын үй қызметкерлерін бес саусақтай біледі. Және сені танымады. — Есімің кім? - деді езу тарта. Сондай! Сондай жағымды дауыс. Оған жауап бергенде, қасына отыруыңды өтінді. Жалғызсырап отырғанын түрінен аңғару оңай, ал оның өтініші жұмысшы үшін оғаштық емес. Оның ашық мінезді ғана емес, қарапайымдылығын сонда таныдың. "Ол кімсің, қайдан келдің, кім алып келді " деп сұрап жатпады. Бірден әйелмен әйел арасында болатын шер тарқатудан бастады. Кеш. Әне-мінемен күн батып, кеш түсті. Кеңседегілер ортақ бітімге келіп, Вавилонға баратын болып шешті. Тек Тэхён Жаклин. Асилияның іші удай ашып қала бергені рас, бірақ оны жеткізе алмады. Оған Жаклиннің Тэхённың алдында жасаған қылығы, қылмыңдағаны жақпайды. Шашын түп-түптеп жұлып жіберуге сәл-ақ қалып, артынан өзін басатын. Ал, амал жоқ. Солай! Тэхён көлікте. Үйге қарай бара жатыр. Ата-анасының келгенін естіді, бірақ әуелі оларды емес, үйінде бодандыққа алып отырған әйелді көргісі келетіндей. Бұл неткен сезім болды? Ол күн бойы не істеді, қандай күйде болды, не ойға барды? Кеткісі келеді ме? Осындай күйдіргі ойлар оны үйге жеткенше деп бітуге шақ қалды. — Құлыным! - алдынан шыққан анасы оны құшып, иіскеп сағынышын біршама басып алды. Артынан әкесімен кеуде соғыстырып, диван жанына келді. Көзімен сені іздейді. Аннаға да " қайда" дегендей ым-ишара көрсетеді. Бірақ, Анна сені білмейтінін, манадан таппағанын айтып, иығын көтеріп қойды. Енді Тэхённың бетіне бес келі қара бұлт келіп, күңірентіп жібергендей. Ата-анасымен жөн сұрасып жатса дағы ақыл-есі " ол қашып кетті ме? " екен деп өкпесін өртейді. Кабинет. — Мырза, таба алмадым! #browinv Упс, енді не болады? Кешіріңдер, енді ерте салып тұруға тырысамын. Идеямды ұмытып қала берем.?
#BTS_IMAGINE_QRF  #Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің. 5-бөлім — Ой, қатырасың сенде. Олай баланың қылықтарын жасауды қойсаңшы С/а. Жүресің ертен Бэн секілді тастап кеткенде жылап, еңіреп "жақсы көремін, сүйемін" деп. — Туу, Арим. Юнги маған ұнамайды. Бірақ, ол менімен соңына дейін бара алама көргім келеді. Өзің айтпақшы Бэн секілді шыдамай тастап кетсе, бауыр басып қалғым келмейді. Кейіннен бар айдаһар мінезімді көріп, тастап кеткенше, қазірден қашсын. — Ах, С/а. Мүмкін ол сені шын жақсы көреді. — Ой, қойшы соны. Көре жатармыз кейін. Бірақ тастап кетседе ренжімеймін. Өзімде одан құтылғым келеді. — Барды бағалашы. Ертен жылап отырма. — Мейлі, сау бол, жаным. Демалыста кездесерміз. Жиналысқа кірейін. — Бетіңнен сүйдім. #Елестетші тойдан кейін жұмысқа енді келіп, жиналып қалған іс-шаралармен, келісім шарттарды əлі реттеп үлгермедің. Жиналыс залына кірген бойда, барлығы тұрып саған иіліп құрмет көрсетті. Бір ауыздан тойыңменде құттықтады. Сен бəрімен амандаса, төрдегі орныңа отырдың. Əр филиал басшылары кезекпен-кезек саған өз жұмыстары туралы есептерін өткізді. Үлкен косметикалық бөлім басшысы, осы аптадағы өнім сатылымы 45%-ға жоғарылағанын жеткізді. Бұл бүгінгі күннің жақсы жаңалықтарының басы ғана болды. Түскі уақытқа дейін, алпауыт корпорациялар инвестиция жасау туралы ұсыныстар айтты. Анаңнан қалған компания осындай гүлденіп тұрғанын көру сен үшін мақтанарлық еді. Қызметкерлер түскі асқа шығып кетті. Сен биік ғимараттағы өзіңнің кең əйнегі бар кабинетіңнен үлкен Сеулдегі қызу өмірді тамашалап тұрдың. Тыныштықта айналаны тамашалау сені үнемі қуантушы құрал болатын. Есікті қаға, хатшың кіріп келді. — Ханым, сізге бір кісі келіп тұр. Қабылдауыңызға жазылмаған. — Не үшін екен? Көңіл күйім тамаша, оны ешкімнің бұзғанын қаламаймын. — Сізбен "кездесемін" деді. — Ехх, "бос емес екен" деп айта салшы. — Жарайды. - хатшы сыртқа шыға, бос емес екеніңді айта, келушіні қайтарып жатты. Келген ер адамның даусы əлсін естіліп тұрды. Қоңыр, құлаққа жағымды үн, жəне тым таныс. — Қашан келе аламын? Жазылып кетсем, қашан кездесеміз? — Ертең сағат 10:00-ге жазып қоямын. Сол кезде келіңіз. Есіміңізді мына жерге жазыңыз. Əлгі кісі кетті, сен кабинеттен шыға: — Есімі кім екен? - дедің, тап бір соңыннан жау қуғандай, алабыртып. — Ким Су Бэн. - сол сəтте басыңа найзағай түскендей күй кештің. Өткен шақтың парағы, қайта ашылғалы жатырма. Неге? Енді бəрі реттеледі дегендей, қалыпты өмірің қайта басталғанда, неге өткенің сені жайыңа қалдырмайды. Сүйіктің салған жан жараң сыздап, жазылмай жүргенінде, жалғыз сүйенішің анаң дүниеден озды. Өз-өзіңе келдім дегенде əкеңнің ісі ауырлап, Юнгимен тұрмыс құрдың. Бəрі үстін-үстін соққы болып, сені жығуға шақ тұр. Бар ерік-жігеріңнен айрылмасаң болғаны. Үш ауыздық естіген есімнен есеңгіреп қалдың. Түстен кейінгі жұмыс мəнсіз өтті. Денеңді зіл баса үйге қайттың. Қоршау алдына көлік тоқтады. — Туф, осы үйме тағы. - көліктен түсе үйге кірдің. Үйде Юнги жоқ екен, бірақ басқа адам бар секілді. Кешкі уақыт, қызметшілер үйлеріне кеткен. Қонақ бөлмеде отырған Юнгидің анасын көрдің. Ол саған жымия: — Қош келдің, қызым. -деді, мейірлене. Сенде иіліп сəлем беріп, — Қош келдіңіз, Мин ханым. — "Мин ханым" дегенің не? "Апа" деп атасаңшы. - дегенде біраз ыңғайсызданып қалдың. — Иə, апа. - дедің, біраз қымсына. Кейін жанына отыра қал-жағдайын сұрап, келіндік ізеттілігіңді көрсеттің. — А-па, кешкі ас іштіңіз бе? Бірдеңе даярлап жібериін бе? - дедің орныңнан дереу тұра. — Жо-жоқ, қызым əуре болма. Қазір күйеуің келгенде соған даярлап берерсің, мен аш емеспін. Кел отыршы оданда, əңгіме айтайық. — Бірақ, сізге ас ұсынуым керек емеспе? Мүмкін кофе ішерсіз? — Ай, қызым-ай. Қоймадың ғой, жарайды əкел кофеңді. Өзіңеде дайында, бірге əңгіме дүкен құра ішеміз. — Жарайды, - деп, күлімсірей ас бөлмесіне жүгіре кіріп кеттің. Алдын ешқашан бұл жерге кірмеп едің, əрине келгеніңнің өзіне 4 күн енді болса. Заттардың орнын білмей əзер дегенде кофені жасадың. Кейін екі шыны ыдысқа құя қонақ бөлмеге алып бардың. — Мінекей, Ми.. апа. - дедің, сөзіңді жөндеп, күліп жібердің. Мин ханымда сенімен ілесе күліп. Əлі үйренісе алмай жатсаңда, əрекет еткеніңе қуанды. — Рахмет, қызым. Кел енді. Жұмыстарың жақсы жүріп жатыр екен. Үйіңнің жалғыз ерке қызысың білемін. Юнгиім саған немқұрайлы қарап жүрген жоқпа? — А, жоға.. Ол дегенің сүйкімді мысық қой. Сипаласаң одан жақсы жан жоқ. — Қатырдың ғой қызым-ау, - дауыстап күле. — Расымен де солай. — Жақсы екеуіңде бəрі керемет болса қуанамын. Баланы қашанға жоспарладыңдар? - деді, күлкісін бірден жинай қала. Бұл тосын сұрақ сенің ойыңды тентіретіп жіберді. Мин ханымға тікелей қарай алмай, жан-жағыңа жалтақтап қалдың. Ішіңнен күбірлеп: — Кім мені мына ессіз сұрақтан құтқарады, құдайым-ау. — Жақсы жаңалықты көп ұзамай, естисіз. - деді, есік алдындағы Юнги. — А, балам, келдің бе? Кел қасымызға отыр. Жақында дейсің бе? — Ия, жақында, келесі апта, мүмкін 10 күннен соң. — Қуаныштымын, көп еңбек етіңдер, жылдамырақ болсын. - деді, жымысқы күлкіні қоса. Бұл саған қалай ыңғайсыз болып жатқанын сөзбен жеткізе алмаспын. Юнгиде ұят мүлде жоқпа, олда миығынан күле: — Ұзағынан еңбек етудеміз. - деп, өтірікті жібере салды. Сен мына əңгімеден екі бетің алмадай болып: — Мен барып киімімді жеңілдетейін - дедіңде, жоғары қарай ытқи кеттің. Юнги анасымен ұзақ сырласты. Шамасы ол анасынан бірде-бір дүниені жасырмайды. Киімдеріңді ауыстырып, ауырсынудан ертерек ұйықтауға тырыстың. Көптен күткен, əрі сені тығырыққа тірейтін етеккірің келді. Алғашқы күндері ауыр өтетіндіктен, дəріні əрдайым қабылдайтынсың. Дəрі ішіп, ұйықтауға тырысудасың. Екі бүктеліп қалғаның сонша, үлкен жамылғыдан жастық секілді байқаласың. Əрлі-берлі қиналып ақыры дегенде ауырсынуы қойды. Сенде енді көзің іліне бергенде, Юнгидің бөлмеге кіруі сенің ұйқыңды бұзып жіберді. Бөлмені шыр айналды, киімін ауыстырды, жуынды, біраз құжаттарын қарапта қойды. Оның жүрісінде кейіннен дыбыс байқалмағандықтан, сен қайта ұйықтап кеттің. Ол сенің ұйықтап жатқаныңды көре тіпті, тыныс алмай жүрдіме мүлде сықыр еткен дыбыс шығармады. Сен ұйықтағалы 1 сағаттай өтті. Ауырсынудан қайта ояндың, төсектен тұрмақ түгілі, бұрылып аунауға шамаң келмеді. Қолыңды ақырын созып, қасыңдағы дəріні алдың. Оны сусыз-ақ жұтып салдың. Юнги сенің оянғаныңды көріп, төсекке келіп жатты. Сені оятып аламын деп, төсекке де жатпаған көрінеді. Саған жақын жатып, арқаңнан құшақтады, шашыңды иіскеп: — Қайырлы түн, балапан. - деді, бірден ұйқыға кетті. Оның бірден қатып ұйықтай салатынына қатты қызығасың. Таң. Мин ханым, осында қоныпты. Таңертең Юнгиден алдын оянып, жұмысқа кетпек болдың. Мин ханым, бөлмесінен шыға: — Қайырлы таң. — Қайырлы таң, оятып жібердім бе? - дедің, биязы қалпыңда. — Жоқ, əлдеқашан оянғанмын. Юнгиден алдын кетесің бе не? Оны кім шығарып салады? — Ы, ол өзі айтты "кете бер" деп.. — Сондада, əйелісің ғой. Негізі жұмыстыда қойсаң болады. Бəрібір ешқандай пайдаң жоқ. Балаңды туда отырсаңшы үйде. - сенің ісіңе бұлай килігеді деп мүлде ойламаған болатынсың. Мейірімді ана тек алғашқы күндердегі рөлі ғана болдыма? Сенің шамыңа тие бастады. — Юнгидің əйелімін дұрыс, сол үшінде менің міндеттерім туралы маған мін айтатын Юнги. - дедіңде, қайта бөлмеге кіріп кеттің. Бөлменің есігін тарс жапқаныңнан Юнги бірден оянды. Ішке кірдіңде көздерің ала-пұла бола Юнгиге: — Тұр. Сені шығарып саламын. - дедің, жаңа айтқан сөзіңе қарай енеңе бағынбастай едің, керісінше оның айтқанын бұлжытпай орындауға кірістің. Юнги түктіде түсінбестен орнынан тұра, сырп-сырп етіп аяғын əрең қозғалтып қимылдауда. Ыбылжып жүрген жүрістерінен шаршап: — Болсаңшы, неге асықпайсың - дедің, есік шетінде сүйеніп тұрып. — Неге асығамын. Жұмыс 11:00 де. - төсекке қайта құлай жатып алды. — Юнги! Тұршы бол! Мен асығыспын. — Юнги? "Мартин" дейтінің қайда? — Саған онсызда жақпаушы еді ғой. Айтпаймын енді олайынан. — Өсіп кеттің бе? М? Əлде менімен қашықтық орнатайын дедің бе? - басын көтеріп, қастары қатулы күйге енді. — Қырсық əрі балаша мінезімді, жаныма жақын тұтқан адамдарыма көрсетемін. Екі-үш күн ішінде сені мезі еткен қылықтарым үшін кешірім сұраймын. - басыңды иіп, шаштарыңды менсінбейшілікпен артқа қайырдың. — С/а! Менен басқа кімге көрсетесің? - орнынан тұрып, саған алара қарады. Кеше түнде анасы "əйеліңе еге бол, айналасы толған еркектер" дегендей сөздер айтқан болатын. Сөздің құдіреті əп-сəтте əлемді өзгерте алады. Сенімге секем түсіру не болыпты тəйірі. — С/а, ауырып тұрсың ба? Неге бүгін өзгешесің? — Менде бəрі жақсы. Киінші енді ертерек. Кетуім керек. — Қайда? Неге? — Кездесу белгіленген. 10:00 де сол жерде болуым керек. Маңызды адам келеді. — Кім? - саған адымдай жақын келе бастады — Іскерлік компания қызметкері. — Есімі? - деді, алдыңа келіп тоқтай. — Қойшы, сұрақ астына алдың ғой тегі. — Күйеуіңмін, білсем онда тұрған ештеңе жоқ.- еш реакция жоқ, байыпты түрімен сені тұңғиыққа лақтырып жіберді. — Онда хатшымнан сұра əр келген-кеткен адамның есімдерін. Рұқсатымды бердім. Мен кеттім.. - сөмкеңді алып, есікті ашпақ болдыңда, тоқтай қалдың. — Айтқандай, апаңа айтып қой, мен ол сияқты бола алмайды екенмін. Менің ісіме мұрнын сұқпасын. Дегеніне көнетін келін мен емес. — А? Апам саған бірдеңе дедіме? — Апаңнан сұрап көр. Үйден қайта енеңе жолығып қалмау үшін бар жылдамдығыңмен шығып кеттің. Көлікке отыра кеңсеге асықтың. Кездесу уақыты да болып қалған екен, үлгере алмай қаламын ба, деп көлікті тым тез айдадың. Кеңсе. — Сəлеметсіз бе, ханым? Қонағыңыз іште күтіп отыр. — Жақсы, - кабинетіңе кірер сəт тым ерекше болды. Есік тұтқасын ұстаған күйі "кірсем бе, кірмесем бе?" деп ойланып тұрдың. Бар күшіңді жинай, есікті аша ішке кірдің. OMG! Қарсы алдыңда алғашқы жəне соңғы махаббатың. Қолында сен ұнататын гүл шоқтары. Сол баяғы толқыған көздер, тек қазір олар күңгірттене тұншыққан. Сол көздерімен саған қараған сəтте өне бойың тозақ отына өрттенгендей қызып сала берді. Саған жымия қарағанда, естеліктер көз алдыңда құйындай айнала берді. Қатты, жуан шаштарын қолыңменен қайта сипағың келіп тұрғандай. Алдыға басып, қолыңды создың. Су Бэнде қолыңды алып, жымиумен болды. Ұзақ қол алысып, көздеріңмен байланыса тұрып қалдыңдар. Есіңді жиып қолыңды дереу тартып алдыңда, айнала орныңа отырдың. — Сəлем, қош келдің. - алдыңдағы қағаздарды өтіріктен реттеп қойдың. — Сəлем, қалың қалай? Кеше келіп едім, кездесе алмадым. — А, иə. Бос емес едім. Иə, не шаруамен келдің? — Тұрмысқа шығыпсың, тойыңа қатыса алмадым. Құттықтаймын. — Негізі сені шақырмап едім де ғой. Мүмкін əкем, ескі достарымның қатарында шақырған шығар. — Хех, бұнымен маған əлі ренжулі екеніңді көрсетіп отырсың ба? — Жооқ, саған енді ренжімеймін. Өткен іске салауат. Бəрі өтті де, кетті. — Сонда сезімдерімізді де ұмыта салдың ба? — "Ұмыта салдың ба?" деймісің? Алғашқы болып сен ұмыттың. Саған керек болмаған ол сезімдер, мағанда керек емес. — Мен əліде ұмытқам жоқ. Сені əлі де жан-тəніммен сүйемін. - дəл алдарыңа метарид түскендей атмосферада өзгеріс орын алды. — Ал, мен жоқ! Ұмыттым бəрін. - бəрін ұмытқаның өтірік енді, бірақ расымен оған сезімің қалмаған сыңайлы. — Өтірік айтпашы, қырсығым. Көзіңнен, көзіңнен көріп тұрмын бəрінде. — Көзімнен сен ештеңені көре алмассың. Сенің көзің соқыр, сенің жан дүниең жарымжан. Көрсең, сол бір екеуміз кетіскен кездегі саған деген шынайы сезімімді көрер едің. — Көргенмін, əліде көремін. Сол сезімдеріңді көргенім үшін келдім. — Су Бэн.. Өз жөніңмен кетші. Осы сөздерді айту үшін келдің бе? — Жоқ, сенің ажырасқаныңды қалаймын. Осы сөзді айту үшін келдім. - өткенді қазбалайтынын білдің, бірақ ажырасу туралы айтқаны үш ұйықтасаңда түсіңе кірмес жайт болды. — Есің дұрыспа сенің? Қайдағы жоқты көпірмей, кет болды. - осы сəтте есікті тақылдата ішке Юнгиде кіріп келді. Қолында бір екі файлдық құжаттар бар. Асығып жүріп ұмытып кеткеніңнен, əкеліп беріп тұрған түрі ғой. Су Бэн, Юнгидің келгенін көрседе жай қызметкер деп ойлап сөзін жалғастырмасы барма.. — Сен əлі де мені сүйесің ғой, мойындашы. Мен сені есім кете əліде сүйемін. - Юнгидің түрі жерге ағып түсті. Қуанышты жүзбенен келген Юнги, өлім періштесінің түріне еніп кетті. Саған бір қарайды, Су Бэнге бір қарайды, жағдайды ұғынуға тырысуда. Сенде оның түрінен шошып, Су Бэнге "тыныш" деп ымдап жатырсың. Юнги құжатты үстелге қойып: — Үйде ұмытып кетіпсің. Апаммен сөйлестім, сеніменде сөйлесуім керек. Мүмкін мына ғашығың шыға тұрар. Сосын ары қарай шүйіркелесе əңгіме айта бересіңдер. — Юнги, бұл сен ойлағандай емес. Қате түсініп қалма. — Айтқан іскерлік кездесуің осыма? 5 бөлімнің соңы. #FlowerFly
#BTS_SCENARIO_QRF ❓Құпия❗️ 5-бөлім – Келіп тұрып, көрмей кеткеніміз жарамас. Не дегенмен біраз жол жүріп келдік қой. – Иә, үй ішіне кірмесек те, тым құрымағанда сыртынан, терезе арқылы бақылап кетейік, - деп, екеуі ақыры дегенде үйді сырттай бақылап шығуды ұйғарды. Алдымен үйде өзге біреулердің жоқтығына көз жеткізбек болған жігіттерді әлдекімнің тамағын кернеген дыбысы тоқтатты. Екеуі де тұрған орындарынан қозғалмай, бастарын кері бұрып қараса, бір ағай оларға қарап тұр екен. Минджу сәл ыржиып: – Сәлеметсіз бе?! - деді, қолын сермеп. Әлгі ағай да оған қолын сермеп: – Сәлем! Сендер кімсіңдер? - деді оларға біртүрлі көзқараста. – Ііі, біз, әлгі не ғой… - Минджу кібіртіктеп, сылтаурататын сөз таппай тұрғанда Чимин: – Ағай, біздің мысығымыз болатын, ол қашып, осы үйге қарай кіріп кетіп еді… – Иә, айтайын дегенім де сол еді. Енді оны қай бұрыштан іздер екенбіз, өзі сондай кішкентай еді, - деді, Минджу басын қасып. – Ааа, онда мысықтарыңнан күдер үзе берсеңдер болады, әне, - деп, арттарында бір нәрсені шайнаңдап тұрған итті меңзеді. Арттарына қараған екеуінің көздері шарасынан шығардай болып, бір-біріне қараған күйі қалды. Чимин ішінен: – Құрып кеткір, мына итті қалай байқамағанбыз? Минджу да ішінен: – Өзі сондай қорқынышты екен, сәл болмағанда оған таланушы едік. – Оның бізді шайнамай-ақ жұтып тастары анық…. Осылай екеуі бір-біріне қараған күйі іштей тілдесіп тұрғанда, әлгі ағай орнында жоқ болды. Екеуі бірден жан-жағына қарап, оны таппағасын басты мақсаттарына көшті. Чимин терезе арқылы үй ішіне көз жүгірте, үйде өзге ешкімнің жоқ екендігін байқады. Минджу да есікті ашып көруге бекенгендігімен есік құлыптаулы болды. – Есікті қай уақытта құлыптап үлгерген? Есік құлыптағандарын көрмедім ғой, - деді Минджу, терезе сығалап тұрған Чиминге қарап. – Мүмкін үй ішінде біреу бар, сол іштен құлыптап алған шығар. – Бірақ тым-тырыс қой, артық еш бір дыбыс байқалмайды. Шынымен біреу бар деп ойлайсың ба? – Тіпті білмеймін, басым қатып кетті. Чимин әлгі терезені ақырын тартып көріп еді, терезе ашыла кетті. Екеуі бір-біріне қарап: – Ашылды! - деді бірдей дауыста. – Ішке кіріп көреміз бе? - деген Минджу, үй ішіне басын сұғып, қарап жатты. – Сен кіріп тұрсың ғой, - Чимин Минджудың әрекетіне күле. Осылай екеуі аса ептілікпен, үй ішіне енді. – Мә саған, үйдің іші бәз баяғыша. Еш нәрсесі де өзгермепті ғой. Чимин айналасына қарап, бала күніндегі шаққа қайта оралғандай күй кешуде. Чимин мен Минджу үйдегі барлық дерлік бөлмелерді қарап шығуда, кезек Чиминнің бөлмесінде. Есігін ақырын ашқан Чимин, есік алдында бөлмесіне ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте Минджу, баса көктеп бөлмеге кірді де: – Чимин, сен қағаз алатын тесік қайда еді, - деп, айналасынан іздей бастады. Чимин де оның артынан кіріп, әлгі тесіктің орынына қараса бекітілген екен. Чимин әлгі жерге жақындай келіп, тізерлей отырып: – Бұл жерді бітеп тастапты. Меніңше, ата-анам да бұл тесіктен мен сияқты қағаз тауып алса керек. – Демек, ата-анаң бұл жайында білген болып тұр ғой. Жын ұрсын, бұл не болып кетті өзі? - Минджу болып жатқан дүниелерді дым түсіне алар емес. Бұл бір тереңде жатқан үлкен құпия тәріздес. Осыдан шамамен 10-11 жыл бұрын иә, сол аралықта нендей жағдайлар орын алды? Чимин білмейтін бұл үйде не құпия бар? Ал оның түсі ше? Түсіндегі қорқынышты бейнедегі қыздың кім болғаны? Бұның бәрі бір шиеленіскен шешімсіз жұмбақтай. Чимин отырған орынынан жерге жата қалып, құлағын еденге тосты. Бірақ ол ешқандай дыбыс ести алмады. Чиминнің бұл әрекетін байқаған Минджу: – Чимин, сен не істеп жатырсың? – Есіңдеме қағаздардың бірінде "құлағыңды еденге тос, біз бірге бола аламыз" делінген еді ғой, - деді Чимин, еденнен басын көтере. Осы бір сәтте ас үйден ыдыстардың сақұр-сұқыр еткен дыбыстары естіле бастады. Екі достың дәл осы тұста жүректері атша тулап, не істерлерін білмей абдырып қалған-ды. – Қарғыс атсын, бұл кім болды? Ата-анаң қайтып келді ме? - Минджу есікті ақырын ашып, сығалай қарады. – Енді не істейміз? - дей бергені сол, Чиминнің телефоны шырылдап сала берді. Сасқалақтаған Чимин телефонды сөндіремін деп, алақ-жұлақ жерге тарс еткізіп құлатып алды. Минджу іштей: “біткен жеріміз осы” деген күйі есікті ақырын жапты. Чимин дереу жерде жатқан телефонның үнін өшіріп: – Анам қоңырау шалып жатыр, үйде жүрген анық анам емес, - деп, телефонын толықтай сөндіріп тастады. Минджу ақырын құлағын есікке тосып еді, тым тырыс. Ешқандай ыдыстың да, басқаның да дыбысы естілмейді. – Чимин, мен қорқа бастағандаймын. Енді не істейміз? - сыбырлай сөйлеп тұрғанда, есік сыртынан ескі еденнің шиқылдаған дыбысы естілді. – Біреу келе жатыр, - Чимин, дереу терезеге жақындай, оны ашуға бекінгендігімен ашылар емес. – Құрып кеткір, неге ашылмайды. Ашылсаңшы, қане, ашыл, - деп, терезенің тұтқасынан тартып, жұлқылай бергенде, тозығы жеткен терезе тұтқасы бір-ақ жұлынып түсті. – Чимин, мұнда кел, - Минджу кереует астын нұсқай, Чиминді шақырды. Осылай екеуі кереует астына кіріп болғандары сол, есік ашылды. Ақырын қадамдап келе жатқан адамның аяқтарына қарап-ақ оның әйел адамға тиесілі екенін аңғаруға болады. Жіңішке әрі нәзік аяқтар, бұл расымен де әйел адамға тән аяқ еді. Әлгі адам бөлмені аралап, киім салынатын шкафты ашып, қарап жатқанда тым жақын жерден дыз-дыз етіп жатқан дыбысты анық естіді. Бұл дыбыс Минджудың телефонынан шығып жатқан болатын, дыбыссыз режимде болғанымен, вибрацияның дызылы шығып жатты. Минджу ақ тер - көк тер болып, қалтасынан әлгі құрып кеткір телефонды шығара алмай әлек болып жатқанда, әлгі аяқтардың өздеріне тым жақында тұрғанын байқап, қимылсыз қата қалды. Бұл қимылсыз қатудың арты қаншалықты дұрыс болары енді белгісіз. Чимин ауызын басқан күйі тіпті демін шығаруға қорқып жатты. О, міне бар ғой, бар. Құдай бар, есіктің тоқтаусыз қағылған дауысы әлгі әйелді дереу бөлмеден алыстатқан еді. “Уххх” деп әрең тынысын шығарған Чимин, төсек астынан шыға, есікке бірден жүгірді. Есіктен басын шығарып, айналасында ешкімнің жоқтығына көз жеткізген Чимин, артына қараса Минджу әлі төсек астынан шықпапты. – Ей, Минджу, не істеп жатырсың? Болсаңшы, шық енді. Бірақ ешқандай жауап болмады. Чимин ақырын төсек астын қараса, Минджу көзін жұмып жатыр екен. – Қап, сені ме?! Дәл қазір әзілдесетін уақыт емес Минджу, тұр, қане, - деп, оны жұлқылағанымен түк шықпады. Шамасы әлгіндегіден кейін талып қалған-ау. Чимин не істерін білмей, Минджудың қалтасындағы телефонын ала, оны да толығымен сөндіріп, өзімен ала, бөлмеден шығып кетті. Ал Минджу ше? Өз обалы өзіне деді ме? Әйтеуір Чимин, оны тастап, өзі кете барды. Чимин ақырын қадамдай ас үйге жақындай келіп, сыртқы есік жақтағы адамдарға көз тастады. Есіктің ішкі жағында жаңағы белгісіз әйел, ал арғы жағында бір ер адам болды. Екеуінің де түрі көрінер емес. Бірде есік жабылып, қолына пакетін ұстаған әлгі әйел ас үйге кіріп кетті. Шамасы келген адам жеткізуші болса керек. Әлгі әйел ас үйден шыға, тура Чимин тұрған жаққа жүре бастады. Чимин дер кезінде перде артына жасырынып үлгерген еді. Чимин ол әйелдің кім екенін білуден бұрын оның түрін көргісі келуде. Осылайша әлгі әйел тура Чиминнің бала күніндегі бөлмесіне қайта кіріп кетті. Чимин қолымен бетін баса: – Бітті Минджу, құрып кеткір, соншалықты әлсіз болуға бола ма? - деп, өз-өзімен сөйлесіп тұрғанда әйел бөлмеден шығып, есігін қайта жапты. Айналасына мұқиятпен қарап шыққан әйел, Чиминнің ата-анасының бөлмесіне кіріп кетті. Чимин артынша перде артынан шыға бергенде, кілем астында тұрған белгісіз қатты затты басып, табанын ауыртып алды. – Бұл не тағы, ауыртты ғой, - деп, әлгі кілемді көтеріп еді. Кілем астынан белгісіз төрт бұрышты есік көрінді. Чимин енді әлгі есікті ашқалы жатқанда. – Не істеп жатырсың? - деген дауыс оны тоқтатты. #HobiLopi
#BTS_FANFIC_QRF ♨️ ҮШІНШІ КӨЛЕҢКЕДЕ ♨️ Басты рөлдерде: Чон Чонгук, Ким Се Яң, Мун Бёл, Ан Хи Ра, Ким Сокджин. Жанр: романтика, драма, фантастика. Бөлім саны: mini 6. Автор: #FlowerFly [5-бөлім] — Баланы бер! Баланы бер мына сорлыға! - Сокджиннің қолынан баланы тартып алды. Алды да, Се Яңның қолына ұстатты. Сокджин оған атылып жатыр еді, Се Яң оған тоқта дегендей қолыңмен алдына тосқауыл болып тұра қалды. Сокджин мұны түсіне алмады. Бірақ ол Се Яңға құрметпен қарайды. Оның əрқашан ақылмен əрекет ететініне сенеді. Солай ол тыныш тұра қалды. Чонгук балаға келгенде сəл тиянақты болды, бірақ бəрібірде ашулы. Баланы бірден Се Яңға берді. Одан соң Се Яң қолынан қысып ұстай: — Менімен кетесің! Баланы қимайды екенсің рұқсат бердім, бірге алып кетеміз! Жүр енді. - деп қолынан тартып жатыр еді, Се Яң Сокджинге қарай ығысты, Чонгук ызалана: --Жүрсеңші қане! - даусын қатты көтере айқайлай бастады. — Жүр деп тұрмын саған Се Яң! Қазір бəріңді атып өлтіремін! Жүр. - Се Яңды қолынан қысып ұстап алды. — Чонгук, - Се Яң байыпты сөйлей Чонгуктан қолын алды, əрі жеңіл жымия қарап тұрды. Бұл Чонгукты тыныштандырушы дəрі еді. Се Яңның жымиысы ғажап болатын. — Сен мені мазақ етіп тұрсың ба? - Се Яңда еш реакция болмағанына, бəріне бейжай қарап тұрғанына үшін ашуға боялдырды. — Чонгук, қойшы болды. Бір-бірімізді көргенде бұлай, ұрыс-керіс болып айқайласқанымызды қаламаймын. - енді ғана көріскен бөтен адамға сөйлегендей, сыпайы үн қатты. — Нені қояды екенмін? Нені? — Өзің тастап кеткен қоқысыңды қайта іздеуді. — М? - əрдайым күліп жүретін көздері, жыпылық қағып түсінбей қалды. Жəне сəл сабырға келе бастады. — Менің махаббатымды қоқыстай лақтыра салдың. Мені сен тастадың. Мен сені емес! Жетер бəлкім, осы қойылым. — Се Яң.. Білемін мен қателік жібердім. Бірақ сені шын сүйемін - көзіне жас жинай сөйледі. Чонгук қатты қиналғаны көрініп тұр. Ол əліде шындық қалай болғанын білмейді. Білсе тіптен қиналатыны анық. Чонгук білген ақиқат ол тек қана Мун Бёл айтқан Хи Ра, Се Яң мен Чонгукты əдейі ажыратып жібергені. Жəне де Се Яң өзін шын сүйгені, оған опасыздық жасамағаны. — Сен мені сүйген жоқсың Чонгук. — Олай демеші, өтініш. — Рас. Мен сені шынымен сүйдім, құлай сүйдім. Бірақ бəрі өзгерді Чонгук. Менде өзгердім. Бұрынғыдай сені де, Хи Раны да кінəлі деп санамаймын. — Қайта мүмкіндік берші, сен сол баяғыша мені сүйесің ғой - Се Яңның қолын ала кеудесіне қойды. Сокджин қызғанып барады. Бірақ, алдынғы жолғы қызғанышының соңы өте ауыр аяқталды, сол үшін Се Яңға сенім артып тек қана күтіп тұр. — Жоқ, жоқ болмайды. Енді ештеңе қалпына келмейді, ештеңе баяғыдай болмайды - көзіне жас жинала, қолын Чонгуктан алды əріқарай терең тыныстай сөзін жалғады. — Чон.... Бізде қаншама естелік бар. Солардың құрметі үшін араз болып қоштаспайықшы. Дос болып қалайық. — Қоштасуы несі? - даусы жай шыға. Жаңағы ашулы Чонгук, Се Яңның жылы, жұмсақ үніне еріп кеткендей, тонын басып сөйлеп жатты. — Сен менен бір ауыз "не жағдай болды?" деп сұрадың ба? Жоқ. Сен əрдайым өзің сенген дүниені ғана таңдап келесің. Мен қазір бақыттымын. Сен де бақытты бол. Өткен уақыттарды артқа қалдырайық. Осымен жолдарымыз екі жаққа кетсін. Бір-бірімізді көргенде ескі достар ретінде амандасайық. Тіпті бірге əңгіме айтып қыдырайық. Тек бұлай өзімізді өзіміз қажытпайық. Жарайма? — Кешірім сұраймын, кешірші. Саған сенбеген əр сəтім үшін кешір. Сенің жаныңа азап сыйлаған менің əр сөзім үшін кешір. Не жағдай болсада, сол жағдай кезінде сенің жаныңда қолдау болып, бірге болмағаным үшін кешір. — Жə, болды. Кешірім сұраудың қажеті жоқ. Өтті, кетті. Сенде мені кешір. Бақытты болғайсың. — Бірақ Се Яң... — Болды тоқта. Жетеді. - арттық сөзді тыңдағысы келмеді Се Яңның. Жай ғана жаңа өмірі, Сонудың өмірі еш қиындықсыз өтуі үшін бəрін өз ретіне түсіргісі келді. — Ех.....уфффф. Се Яң. - терең дем алып сөйлегісі келіп ақ тұрды. Көзіне жастары жинала берді. Сокджиннің алдына көз жас төккісі келмеседе болмай барады. Се Яңның расымен онымен осылай жылы қоштасып жатқанына сене алмай жатты. — Се Яң.. Мені кеш. Артық ештеңе айта алмаймын ренжіме. Сені соңғы рет құшақтайыншы. Өтініш. Сенің жылы құшағыңда соңғы рет болуыма рұқсат етші. - көзінен бір-екі тамшы сырғып түсе кетті. Се Яң да үнсіз көздерінен жас ағызды. Ыстық махаббаттарының соңы осылай болып тұрса кімде болсын жыламайма? Се Яң мен Чонгук бір-бірінің көздеріне ұзақ қарап тұрды. Одан соң Се Яң, Сонуды Сокджинге беріп, одан рұқсат сұрағандай басын изеді. Сокджин еш қарсылық көрсетпеді. Чонгук артқа бұрылып, аспанға қарады. Терең тыныстай, жүрегі қысып барады. Се Яң құшағын ашып: — Кел, келе ғой. - Чонгукқа бұрылды. Чонгук оның көздері жасаурап, құшағын ашып тұрғанына қуанып кетті. Бірден Се Яңды қатты қыса құшақтады. Се Яң иісіне тоймай барады. Се Яң оны құшақтап тұрып: — Мен сені сүйдім. Менің кішкене бопашиім - деді. Ол екеуі кездесіп жүрген уақытында оны əрдайым солай атайтын. Чонгук мықты жігіт болса да, Се Яңның алдында сəби секілді еді. — Мен сені əлі де сүйемін, - Чонгук қатты құшақтады да, Се Яңды бірдене жіберіп кете берді. Се Яң оған артынан қолын бұлғады да, Сокджиннің қолындағы кішкене жүрегі Сонуды иіскеді. — Қош бол, ессіз махаббат! - аспанға қарай айқайлады, артынан бір күрсінді де, көзіндегі жастарды сүртты. Артынан Сокджиннің иығынан қағып қойды. Тап бір үнсіз тұрып, оған сенгені үшін мақтағандай. Солай үйге қайтты. Сокджин мен Се Яң махаббат деп өліп өшіп тұрмаса да, араларында сыйластық пен құрмет бар. Чонгук Се Яңды алып кетемін деп үміттеніп еді, керісінше мəңгіге айырылды. Бəлкім дəл осылай байыпты қоштасқанда дұрыс болар, екі жаққада кінə артпай қоштасса бұл махаббаттың жеңісі ғой. Чонгук іш құса болып, тағы ішкілікке салынды. Се Яң үшін қоштасу ең дұрыс шешім болды. Ал Чонгук тек махаббаттары үшін күрескісі келді. Се Яң сонша жылы қоштасқаны үшін Чонгуктың махаббаты тіптен артып кетті. Се Яңды мүлде жібергісі келмей тек күйініп іше берді. Сокджин жақсы əке болып, Се Яңның көңіліп табушы еді. Сол себепті де Сону үшін жақсы əке тек өзінің əкесі, Сокджин деп қабылдады. Чонгукқа сезімі мүлде жоқ деп айта алмайды əрине іштей сезімдерін сөндіріп, болашаққа қадам басуға ұмтылып жүрді. Кеш. — Сокджин, Сону жылап жатыр барып қарашы. - жуынатын бөлмеден дауысын қаттырақ шығарып айқайлай. — Оййй, Се Яң жылап жатқан жоқ, алаңдамай жуыншы. Қасында отырмын. Меніңде балам шығар, қараймын ғой. - деді күле, Сонуға бір қарап. Сону тəп-тəтті болып ұйықтап жатырған еді. Сокджин ноутбукпен жұсыстарын реттеп отырды Се Яңда асықпай жуынып шықты. Бірден Сонудың қасына келіп оның жағдайын бір қарап қойды. Сонуданда "айырылып қаламын ба?" деген ой оны үнемі қорқады. Сокджиннің оның жанында екенін көріп көңілі жайланып, шашын кептіруге кетті. Бөлменің есігін жаба шыға бергені сол еді, Се Яңның жан дауысы шықты. Сокджин дауыстан шошып, Се Яңға келді. Се Яңның бозарған түріне қарап: — Не жағдай? Бəрі дұрыспа? — Анау жерде, онда.. мен көрдім.. - даусы діріл қағып əзер жауап берді. — Не көрдің? Тек қоңыз дей көрмеші. - Сокджин əзілдеп, бұл жағдайды күлкіге айналдырмақшы болды. Бірақ Се Яң сол күйі абыржып, əлі қорқып тұр. Сокджин оның бұл түріне қарап, жағдайдың шынайы екенін байқады. — Туф, ойнап тұр дейсің бе?-дауысын ақырын шығарып, терезе жақты нұсқай: — Қарашы енді, көріп тұрсың ба? Қоңызға ұқсайма? — Бұл не? - терезедегі қанды көріп таңырқап не дерін білмей. — Мұны жасаған Мун Бёл. Мен оны көрдім. Маған қарап күлді ол. Мені мазақ етіп күлді. - дауысы дірілдеп, жылады. — Сенімдісің бе? Мун Бёл болса, мен оның сазайын өзім ақ берем уайымдама тек. Жарайма. — Сонуды қорғашы, мен өлсем де разымын. Тек Сонуым бақытты болса болды. - Сокджиннің қолдарын қыса ұстап, оған сенетінін білдірді. — Мен екеуіңдіде қорғай аламын. Қайдағыны айтпа. Мен қазір сыртты қарап келемін. - Се Яңның шашын жеңіл сыйпады да, шығып кетті. Се Яң тек Сонудың жанында отырды. Іші бір жамандықты сезіп тұрғандай. Қырсыққанда ауа райы да өзгеше болып тұрды. Тап бір аспан жерге жақындап, үйлерді езіп жіберердей төніп тұр. Сокджин əлі келмеді. Се Яң қатты уайымдап, оның артынан шыққысы келіп тұр. Бірақ, Сонуды да қараусыз қалдыра алмады. Тек күтті. Бір уақытта есік қайта ашылды. Тыныштық. Кейін ақырын қадамдардың дауысы шықты. Əдетте Сокджин дауыстап кіретін. Бірақ бұл жолы үнсіз қадамдар. — Сокджин?! Бұл сен бе?-дауысын қалыпты шығарып, есік тарапқа қарады. Сонуды оятып алмау үшін қатты дауыспен сөйлемеді. Бірақ жауап қайтқан жоқ. Келе жатқан адам, бөлмеге жақын қалды. Бірақ үнсіз. — Сокджин сен бе? Əй жауап берші енді. - үрейленіпте, қуаныпта тұр. "Сокджин қайта ішке кірді" деп қуанса, "неге үн шығармай келе жатыр?" Деп үрейі ұшып барады. Ақырын өзі есікке жақындады, қолына қаттылау затты ұстап алды. Ішке кірген уақытта Сокджин болмаса сұлатып салмақ ойы бар. Қадамдар есікке жақын шықты. Есік тұтқасын ұстады. Се Яңда қолындағы ағаш қаруын қатты қысып ұстап алған. Есік жаймен ашылды. Се Яң шетте тығылып тұрды. Ішке биік бойдың көлеңкесі түсті. Се яң анықтап қарап еді, түрі мүлде көрінер емес. Ол ішке енді. Се Яң қолын көтере салып қалмақ болды, кенет тоқтай: — Чонгук? - көзі бақырайып кетті. Тұрған орнында мүсіндей қатты да қалды. — Се Яң кешір. Бірақ, бірақ мен бұны жасауым керек. - бірден Сонуға қарай беттеді. Се Яң мұны түсінбей қалды. Чонгук баланы қолына алғанда ғана есін жинай: — Чонгук не істеп жатырсың?! Жайына қалдыр баламды! - баланы алуға ұмтылғанда Чонгук оны қағып жіберді. — Қазір мен оны апармасам сен өлесің. Апарамын мен бұны. Сосын екеуіміз бақытты боламыз. — Есіңнен алжастың ба? Не сандырақтап кеттің?! Жібер баламды. — Ей! Айтып тұрмын ғой! Мун Бёлге Сия рухы керек, егер апармасам ол сені өлтіреді. - ессіз адамдарша бір сөзді қайталаумен болды. Се Яң оны мүлде ұғыпта тұрған жоқ. — Қумашы, Сокджин барда ешкім де, ештеңе жасай алмайды. Ал енді кет. — Хы, кім дейсің? Əлгі сені пайдаланып жүрген жексұрын ба? Ол өзін қорғап алсыншы. Қазір қайда ол? А? Сен "ойбай бізді қорғайды" деп отырған адамың таза суайттың өзі. Ол қазір Мун Бёлдің жанында! Дəрменсіз қалыпта. — Не?! Не деп көпіріп кеттің?! Қайдағы жоқты айтпа ол туралы! - кіршіксіз сенетін жалғыз адамы Сокджин болған соң бұл сөздерді мүлде естігісі келмеді. — Пах, шіркін-ай. Сенбисің маған. Мейлі өзің қалағаныңды істе. Енді жолдан былай өт! - есіктен шықтыда, Се Яңның тосқауылдарына мүлде мəнде бермеді. — Ей, ей! Қайтар баламды Чон! - артынан ілесе шықты. Тоқтатпақ болды əрине, бірақ Чонгук көлігіне отырып, жылдам жүріп кетті. Се Яңда көлік жоқ, таксимен барайын десе Чонгуктің қайда кеткенін біле алмай дал болды. Сокджинге жүз рет қоңырау шалды. Бірақ тіпті байланыс болмады. Се Яң өзін тап бір тас дəуіріне түсіп кеткендей сезім кешті. Түнерген аспан ғана Се Яңға сүйеніш болды. Өзі іздестіріп қарады, бір-екі таныстарына қоңырау шала оларғада өтініш жасап тауып беруді сұрады. Еш хабар жоқ. 7 сағат өтті. Таң бозарып, айнала жарық бола бастаған уақыт. Се Яң мүлде көз ілмеді. Көз ілген бұлай тұрсын, үйге кірген жоқ. Бар үміті чонгуктың не Сокджиннің телефонынан байланыс пайда болуы. Бірде Се Яңның телефоны шырылдады. Се Яң көшедегі баспалдақта отырған соң, телефонына қоңырау келгенне қуанамын деп телефонын қолдан шығарып алды. Қоңырауды аламын дегенше басып тастады. Кейіннен қарағанда қоңырау шалған Чонгук екен. Бірінші қоңырауға жауап бере алмады, кейіннен əлгі таныс достары Чонгукта байланыс шығып тұрғанын хабарлады. Байланыс көрінген жердің нақты мекен-жайын жіберді. Такси шақырып енді мінгелі тұрғанында, Чонгук қайта қоңырау соқты. — Аллоо! Чон Чонгук! Мен сені өз қолыммен өлтіремін. Сұрмырай! — Сону.... — Балам қайда? Оңбаған. — Кешірші.. - терең тыныстай демін шығарып күрсінді. — Чонгук! Ыңылдамашы! Балама не істедің, не болды Сонума? — Өлді... 5 бөлімнің соңы. Келесі бөлім финал!
#BTS_FANFIC_QRF ♨️ ҮШІНШІ КӨЛЕҢКЕДЕ ♨️ Басты рөлдерде: Чон Чонгук, Ким Се Яң, Мун Бёл, Ан Хи Ра, Ким Сокджин. Жанр: романтика, драма, фантастика. Бөлім саны: mini 6. Автор: #FlowerFly Финал! 5 жылдан соң. — Чон Чонгук! — Ейй, мені олай атама! Мейлі əкең емеспін, бірақ үлкенмін. Жасымды сыйласай сен бала. — Өй, уəдесінде тұрмайтын адамды солай атаймын мен, - түрін тыржитып, теріс қарай қолдарын айқастырып тұрып алды. Сонудың бұл қылықтары Се Яңға ұқсап кетіпті. — Тағы қандай уəде орындамадым? — "Апаңа апарамын" дедің! - Чонгук оны өзіне қаратқысы келсе де, бұрылмай сол күйі əлі ренжіп тұр. — Аа, апаңа барасың ба? Апарамын, əрине. — Рас па? - бірден қуана қайта Чонгукқа қарай бұрылды да, оның мойнына асыла кетті. — Иә, апарамын! Енді маған бұлай ренжуші болма. Келістік пе? - алақанын созып, уəдесін алмақшы болды, ал Сону одан қарағанда жылдамырақ бола: — Келістік! Чон көке! - деп, Чонгуктың алақанын өзі соғып қалды. — Жарайсың, менің батырым. Солай екеуі Се Яңмен кездесу үшін көлікке отыра, жолға шықты. Көлікте отырып екеуі əн айтты, бірде рэп оқып жарысты. Солай ақырын жүріп межеленген жерге жетті. Сону көліктен түсе əлде бір жаққа жүгіре кетті. Ал Чонгук жүк салғыштар əлде бір заттарды түсіріп жатырды. Заттарды түсіріп болған соң, Сонудың жанына келді. Се Яңның естеліктері сақталған арнайы орын. — Қане, Сону, апаңа тағзым етіп, сəлем берсеңші. — Иә, Чон көке, - кішкентай Сону дəстүр бойынша тағзым етіп, құрмет білдірді. — Көрдің бе? Се Яң... Ұлың өте ақылды. Дəл өзің секілді. — Иә, апа! Мен мүлде бұзықтық жасамаймын. Бала-бақшада осы жылы соңғы рет оқудамын. Келесі жылы мектепке барамын. — Жəне сен секілді, білім құмар, - ақырын күліп жіберді. Чонгук та құрмет көрсетіп тағзым жасады. Кейін ыдысқа күріш шарабын қойып, Се Яңға ұсынды, қасына тəттілерін де қойды. Одан соң өздері отырып: — Апа, бүгін сенің дүниеден өткеніңе 5 жыл болды. — Эх, зымыраған уақыт. Бірақ ол мен үшін 500 жылға татыды, - деді Чонгук, бір күрсініп. — Білесің бе? Сол 5 жылда саған 2 рет қана келдім, - Чонгукқа алара қарап қояды. Сону анасына 4 жасынан бастап жəне тек Се Яңның туылған күні мен өлген күнінде ғана келді. — Маған қарама олай! Сен өсуің керек болды. — Пфф, сөйлемеші маған! — Сен! Апаңның алдына келіп құтырып отырсың ба? — Хэ, ендіше, менің апам ең күштісі. Сол үшін оның алдында сенен қорықпаймын. — Иә, апаң ең күшті адам еді. Се Яң, сені сағындым, - басын төмен сала, терең тыныстады. Ішіндегі өртеніп жатқан отқа күйіп барады. Сонудың шашынан сипай, қайтадан сөзін бастады: — Егер сол күні мен сені құтқара алғанымда, əттең-ай! Се Яң! Неге бізді тастап кеттің?! "Сону өлді" дегенде сөзімді соңына дейін тыңдағаныңда ғой. Сен қазір жанымызда болар едің. #ескетүсіру — Сону өлді. — Чонгук! Ойнайтын кез емес. Олай менімен ойнаушы болма. — Се Яң, сені құтқару үшін, оны құрбан ету керек болдым... Тек алаңдама, мен... — Сөйлеуші болма! Үндеме! - жерге отыра кетті. Қолдары дірілдеп телефонды ұстау мүмкін болмай тұрды. Такси жүргізушісі: — Бəрі дұрыс па сізде, ханым? Ханым?! — Мені өлтіріңші! - Се Яң еңіреп жылай бастады. — Мен қалай өмір сүремін? Сонуым! - қатты айқайлады. Ащы шыңғырық тұла бойды, түршіктіріп жібереді. Такси жүргізушісі де не жасарын білмей орнында тұрып қалды. Се Яң айқайлап жылай берді. Денесі өзіне бағынар емес. Кеудесі қысылып дем алу мүмкін болмай бара жатқан секілді. Жүрек тұсын ұрғылаумен болды, бірақ онымен жүрегі жеңілдер емес. Чонгук оған бəрін түсіндіргісі келсе де, Се Яң оған мүлде жауап қайтармады. Се Яң бірде тып-тыныш болып қалды. Алыстан келе жатқан жүк көлігінің жарығына қараумен отырды. Такси жүргізушісі оны сабырға келді екен деп, жүруге дайындалып көлікті оталдырды. Əлгі жүк көлігі тым жақын қалғанда, Се Яң орнынан ұшып тұрып, жүк көлігіне қарай жүргірді. Аяқ астынан шыққан қызды көрсе де, аса үлкен көлікті бірден тоқтату мүмкін болмай сол жерде Се Яңды 20 метрдей жерге ұшырып түсірді. Такси жүргізушісі болған жағдайға көз ілестіріп те үлгермеді. Се Яңның ақ күртешесі қызыл қанға боялды. Айналадағы адамдар жедел-жəрдем шақырды, бірақ жедел-жəрдем келгенше, Се Яң соңғы демін шығарды. Жерлеу рəсімі. — Ким Сокджин мырза, қайғыңызға ортақпыз, - Бөлме шетінде, қара кастюмде отырған Сокджинге полиция қызметкерлері келді. Сокджин Мун Бёлдің сиқырымен естен танып, қалың ұйқыға кеткен болатын. Ал оянған уақытында, Сонудан да, Се Яңнан да айырылып қалғанын естіп, қатты есеңгіреп қалды. Жылаған көздері қызара, басын жоғары көтерді де: — Тағы не керек? — Біз ұлыңызды таптық. — М? Оның жансыз денесін маған көрсетпексіңдер ме енді? Мені солай жазалап жатырсыңдар ма? Оларды қорғай алмағанымды бетіме басып жатсыңдар ма? Ақымақ! Ақымақ, Сокджин! - өзін ұрғылай берді. Шашын тартып, басын қабырғаға соқты. Полиция қызметкерлері оны əзер тоқтатты. — Жоқ, мырза! Ұлыңыз тірі екен! — Қалай дейсің? Тірі? Расымен бе? Сонуым ба? — Иә-иә, мырза. Ким Сону тірі! Оны ұрлап кеткенін хабарлағанда берілген номердің мекен-жайына бардық. Ол жерде Чон Чонгук мырза болды. Жəне де Ким Сону. Негізгі қылмысқа себепкер адамды да таптық. Ан Хи Раның өліміне кінəлі деп көрсетілген əйел туралы ақпарат ала алдық. — А? Ол қалай болды, ол елес емес пе? — Чон Чонгук мырзаның арқасында болды. Барлығы тылсым дүние болған соң, мен түсіндірме жасай алмаймын. Бірақ білетінім қазір Мун Бёл кісі өлімі жəне адам ұрлықтары үшін қатаң түрмеде. Міне, осылай. Сонуды өлді деп айту, Чонгуктың жоспары ғана болған. Мун Бёлден Се Яңды мəңгіге азат еткісі келді. Се Яң азат болды, ол өз өмірін аяқтады. Сокджин Сонуға барды, бірақ оның анасыз өсуіне өзін кінəлі сезінді. Тіпті оған қарауға бата алмады. Се Яң өмірде кезінде Сокджин мен Чонгук бірін-бірі жек көргенімен, уақыт өте келе қарым-қатынастары реттелді. Сокджин Сонуға күтуші жалдап, оған көңіл кемде-кем бөлетін болды. Себебі, өзін Сонудың алдында кінəлі сезінді жəне Сия рухы қабілеті енді Сонуға берілген болатын. Чонгук бұл жағдайда Сокджинді түсінуге тырысты. — Сону менімен қалсын. Сен өз-өзіңе кел. Басқа қалаға немесе шет елге барып қайт. Бəрібір сен мұнда болғаныңмен, Сонуға əкесі жанында екенін сездіре алмаудасың. Оған өз баламдай қамқорлық жасаймын уайымдама, 1 жыл есіңді жинап кел, - Сокджиннің арқасын қаға оған демеу болды. — Мен жақсы əке болғым келеді. Бірақ қолымнан келер емес. — Бəрі жақсы болады. #ескетүсіруаяқталды — Апа. Мен сені сағынамын. Əкемді де сағынамын. Ол маған соңғы рет 4 жасымда туылған күніммен құттықтап хабарласты. Иә, ол маған сыйлықтар жібереді, бірақ оны көргім келеді. Сен оның түсіне кірші, сосын маған келсін деп айт оған, - кішкентай былдырлап сөйлеп отқан түріне Чонгук, тамсана қарап отырды. Шашынан сипап қояды. Үнсіз іштей қынжыла: — Сону, мені кешір, əкең мен анаңның құшағында өсуіңе кедергі келтіргенім үшін, - деп, іштей сөйледі де, көзінен еріксіз жастар шығарды. Сону бірден жерге жата кетті. — Ей, Сону, не істеп жатырсың? Жер салқын ғой. — Чон көке, бұл жер жылы. Апамның құшағы мен үшін əрдайым жылы, - кішкентай қолдарымен жерді ұстап, тап бір анасының құшағында жатқандай жатты. Көзінен жастар байқалды. — Сону, жылама. Сенің жаныңда мен бармын. Əкеңді де шақырып беремін. Тек жыламашы, - Сонудың арқасын қағып, оны жұбатуға тырысты. Əрине, оған да оңай емес. Бала-бақшадан басқа балаларды аналары еркелетіп, құшақтап сүйгенін көреді, кемі əкелері оларды көтергеніне қызығады. Ал Чонгук ол үшін анасы да, əкесі де болуда. Кішкентай сəби кезінен оның жанында болған соң, Чонгук өзін оның əкесіндей ұстауға бейімделіп кетті. Қаншама ұйқысыз түндер өтті. Анасын сағынып жылағанда да тек Чонгук оны жұбатты. Сонудың көзінен шыққан əр тамшы жас Чонгукқа қанжардай қадалушы еді. — Тұр, Сону. Кетейік болды, - Сонудың көтенінен ұра, кішкене жымиды. — Чонгук! Олай істеме! - жерде жатқан жерінен басын бірден көтере. — Ля-ля-ля, тұр болды. Тағы келеміз кейін. — Жақсы, сау бол, апа! - Се Яңның суретін ұстап, бетінен сүйді. Кейін Чонгук екеуі де иіліп, қоштасып кете барды. Көлік іші. Чонгук телефонмен əлдекімге жазып келеді. Кейін бір жолдын шетіне тоқтай, сыртқа шығып сөйлесті. Кішкене ашуланғаны да байқалды. Сону терезені ашып тыңдауға тырысып жатты. Үзік-үзік сөздер ғана естіледі: — Мен саған "тек 1 жыл" деп айттым, есіңде жоқ па?! — Қап, түсінсеңші! Ертерек келуге болатын еді ғой! Болды! - кейін темекісін шеге, біраз сыртта тұрды. Сонудың өзіне қарап тұрғанын байқаған сəтте дереу темекіні тастай салды. Əдетте Сонуға жаман дүниелерді көрсетпеуге барынша тырысатын. Жақсы ер азамат болуы үшін, жақсы тəрбие бергісі келді. Қайта көлікке отыра: — Темекі өте зиян! Оған жолаушы болма. — Өзің шегіп алып, маған зиян дейсің бе? — Көп сөйлеме, маған ешкім оның зиян екенін айтпады. Ал мен саған айтып отырмын. Түсіндің бе? - қастарын көтере, қатулы түр жасап, ақыл айтты. Ал бұл Сонуға əсер етпейді де. — Өйй, кетшей! Айтса да тыңдамайтын едің ғой сен. — “Əдеп” дегенді қашанғы үйретемін саған? "Сен" деп сөйлеме маған, үлкенмін сенен! — "Мені досыңдай көр" деп айттың ғой. Мен өз досыма “сіз” демеймін. — Сенімен сөз таластырудың мүлде қажеті жоқ. Бəрібір пайдасыз. — Алақай! Түсіндің бе ақыры? — Сөйлемеші маған! Ренжідім мен, - көлікті жүргізіп келе жатып, өте сүйкімді іс-əрекеттер жасады. Сону болса күле-күле ішегі түйілді. Бірде Чонгуктың басқа жолға бұрылғанына қарап Сону: — Қап, жолдан адастық па? — Жоға, осылай баруымыз керек. — Мен білемін, бұл біздің жол емес... Ауруханаға бармаймын! Ине салады олар! - жұлқынып, тепсініп айқайға басты. — Ойбай. Кім сені ауруханаға апарайын деп жатыр? Қой, теппе! Жетер, ей! — Алдыңғы жолы да солай дедің! Бармаймын мен! — Жоқ! Ауруханаға бармаймыз! Əуежайға барамыз! Тосынсыйым бар саған. — А? Тосынсый? Не ол? — Не екенін айтсам тосынсый бола ма? — Туйй. Чон көке! — Ау, көтеншик. — Олай атама! — А? Көтеншик, - Сонумен ойнау өте қызықты, ал оны мазақ ету тіптен қызық. — Кетші, жылауық! - қанша дегенмен Чонгуктың көп жылағанын көрген адам ғой. — Ей! Түс көліктен, болды, келдік, - Чонгук көлікті көліктер тұрағына қойып, Сонуды ерте əуежайға кірді. Адамдар өте көп, осы жерде Сонудың қолын жіберетін болса, оны таппай қалу оп-оңай. Сону əуежайға алғаш келген болатын. Айналаға қарап таңқала Чонгукқа əзер ілесіп жүр. Ұшқан ұшақтар мен қонып жатқан ұшақтарға қызығып қарап қолуда. Чонгук оның бұл əдетіне сүйсінді. Се Яңның да балаша əр затқа қызығатын əдеті бар еді. Екеуі жаймен жүре келушілерді күтіп алатын жерге келді. Шри-Ланка жəне Сеул аралығындағы ұшақ жолаушылары түсе бастады. Көбі туристер болды. Көп адамдар ішінен Сону өзіне ыстық адамды бірден байқады. Чонгук оның байқағанын көріп оны бақылап тұрды. Əуелі расымен осы адам ба деп қарап ұзақ тұрды. Ақырын чемоданын ала, Сону мен Чонгукке қарай келе бастағанда ғана расымен əкесі екесіне көзі жетті. Иә, расымен əкесі. Анасын сағынғанмен оны көре алмайтынын біліп, ең болмағанда əкесінің құшағында болуды армандаушы еді. Міне, арманы орындалды. Ес білгелі күткен əкесі көз алдында. Тек оны барып құшақтар болса, ол оған махаббатын білдіре ме екен? Əлде кеудесінен итере ме? Сону Чонгуктың қолын ұстап, қатты қысып алды. Əрине, қобалжып тұр. Бір сөз де айтуға шамасы жоқ. Бүгін ғана анасынан өтініп еді, ол бірден орындалады деп күтпегені анық. Сокджин алдарына келіп тоқтады, Чонгукпен иық түйістіре амандасып, Сонуға жымия: — Мені танымадың ба? Əлде мені жек көріп кеттің бе? - Сону басын шайқап қана қоя салды. Сокджин отырып, Сонудың шаштарын қайыра: — "Апаңмен əрдайым маған ұқсайды" деп таласушы едік, расымен анаңа ұқсайды екенсің. Маған ренжулісің бе? Құшақтауыма рұқсат етесің бе? — Сіз ше? Сізді құшақтауыма рұқсат етесіз бе? — Əрине, маған жүгіріп келіп құшақтамағаныңа, "сені қатты ренжітіп алдым" деп ойлап едім, - Сонуды қатты құшақтай, арқасын сипап отырды. — Осы уақыт ішінде сені көруге келмегеніме кешір. Жаман əке болғаным үшін кешір. Сені жалғыз қалдырғаным үшін өкінемін. — Жооқ, мен жалғыз болмадым! - бірден Сокджиннің құшағынан шыға басын шайқап. — А? - деп, таңғалып қалды Сонудан бұндай жауап күтпеген ол. Ал Чонгук оның ары қарай қалай жауап беретінін іштей сезе, Сокджиннің реакциясына күлкіден жарылғалы тұрды. — Өлəə, алдында тұрған бөренедей үлкен адамды көрмей тұрсың ба? - Чонгуктың қолынан ұстай, алдына қарай тартты. — Көремін ғой, əлгі не ғой.. - аузына сөз түспей қалып, кібіртіктеп қалды. Ал бұны Сону жақтырмай: — Мына түріңмен сені ешкім жұмысқа алмас, эх, қалай адам, кішкентай баланың алдында сөйлей алмауы мүмкін, - басын ұстап, үлкендерше əрекет жасады. Мұны көріп тұрған Сокджинге тек Се Яң елестей берді. Əрі оның кіп-кішкентай бола осылай үлкендерше сөйлеуі оны есінен алдастыруға шақ. Қандай сүйкімді. Чонгук Сокджиннің шокқа түсе тұрып қалғанын көріп: — Жə, жетер, жетер. Сону əкеңе бірден бұлай салмақ салмасаңшы. Жүрегі ұстап қалар. Сосын неге оған "сен" деп мəмле жасап жатырсың? Қане, жүріңдер кеттік үйге. — Пфф, кетші, сен жылауық. — Мынауың əлі "сен" деп жатыр ма? Міне, Сокджин балаң. Өзің еге бол. Мен мынаған енді шыдай алмаспын, - басын екі қолымен ұстап, алдына түсіп жүре кетті. Артынан қайта келіп Сонуды көтеріп алды. Сокджин екеуі балаша ұрысатынын көріп, Сону расымен осы уақытқа дейін жалғыз болмағын көрді. Үшеуі бірге көлікпен үйлеріне келді. Мəз-мейрам болып отыра тамақтанды. Кезінде ит пен мысықтай болған адамдар қазір бір ғана қыздың арқасында жақын достар. Ал Сонудай ғажайыптың арқасында керемет əкелер. Мун Бёлдің сыры қалай ашылғаны бəрімізге белгісіз болып қала берді. The end. Осымен фанфигіміз өз мəресіне жетті. Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет♡
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес болған күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе. #Елестетші, бір сәтте тас түнек ішіне сүңгіп кеткен секілдендің. Олар сені көлікке сүйрелей алып барғанда, ауызыңды шүберекпен басып, есіңнен тандырып тастап еді. Құлағың кернеуінде Магридждың сені тоқтаусыз шақыруы қайталана берді. Қайталана берді… Құлан иектен көрініп, көмегейі шыға қоймаған күн сәулесі аптығып келіп жүзіңе тыным бермеуде. Айқасқан кірпіктеріңді ақырын ашып бастағанда, басыңның сылқ ауырып жатқанынан, жарытып ештеңені есіңе түсіре алмадың. Жабық көк түстегі бөлме төбесі, онан соң осы түсте жаппай жабдықталған жиһаздар. Көзіңді ашқанда алғаш көрінген осылар ғана болды. Қайда тап болғаныңды аңғару үшін жан-жағыңа қарайлап едің, сол тұсыңда отырған адамды көріп, зәрең зәр түбіне кетті. Тыпыршып орныңнан қалай тұрып кеткендігіңді сезбедің. Әлгі кісі сенің шошынғаныңды көрді. Бірақ әрекетсіз және артық реакциясыз отыра берді. Оңға иіліңкіреген шаш, тұспалдап таба алмайтын эмоциялық келбет, алдыңғы түймелері ағытылған ақ жейде. Үлкен кресло үстіне жауырынын тақап, сенің ендігі күйіңді әрі қарай бақылап отырғандай. Иегін саусақтарымен тіреп: — Қайырлы таң, - деді тым жұмыр үнмен. Сен іштей өзіңді-өзің табалап, азапты күйге түстің. “Кім бұл? Неге бұл жердемін? Ол неге жайбарақат отыр?” деген толассыз сұрақ сені үстіңнен көме бергендей. — Кімсің? - дедің, қасыңды кішкене көтеріңкіреп. Ол түсіңнің сұрланып кеткенін өзінен қорқып отырғаныңды сезіп, орнынан тұрды. Тумбочка үстіндегі вазадағы суды стаканға құйып саған ұсынды. Жанарында әлсіз бір беймәліи мейірімділік жымың қағатындай. Сен сұраулы жүзбен "менің сұрағыма жауап бер" деген сыңай таныттың. Оның үстіңнен төніп тұрғаны өзіңді тым жайсыз жағдайға түсіріп жіберді. — Іш! — “Кімсің” деймін? - қабағыңды түйіп. — Саған қазір сол қызық па? Мүмкін, неге мұнда екеніңді сұрарсың? Бұл сөз сенің ауызыңа бітеу қойып тастап, жараңа тұз себіп өтті. Себебі, астарында ащы ақиқат жатыр. Сен не үшін мұнда екендігіңді жақсы білесің. Ол мұны әдейі айтты. Әйтпесе, Магридждың сені құмар ойынға тігіп жібергенін білетініңді ол білмейді дейсің бе? Сен әрі қарай жақ ашпадың. — Қаласаң, ішерсің, - ол қолындағы стаканды тумбочка үстіне қайта қойып, жейдесін шеше бастады. Сенен көзін айырмай, дәл қарсы алдыңда киімсіз көрінуге еш қымсынбады. Сен көзіңді демде алып қаштың. Ол бір жейдесін сен жатқан диван үстіне тастап, екінші бірін ілгіштен суырып киіп алды. — Тэхён, - деді, ол жейде ілмектерін қадап тұрып, қадала қарауын доғармастан. — Менің есімім. — Арсыз! - дедің іштей бұлданып. Есік қағылды. — Кір, - деді, манағы жұмыр даусы жуандап. Көздері әлі сенде. Саған енді ыңғайсыз бола бастағанда ғана тайдырып әкетті. — Қайырлы таң, мырзам! Джэва ханым күтіп қалды, - ішке иіле кіріп келген егде жастағы еркек құрмет танытқандықтан ба жерден басын алмай, оған хабар жеткізді. — Қазір барамын, - ең ақырында кастюмді киіп, онымен ілесе шығып кетеді. — Қалған танысуды кешке жалғастырамыз. Кешке көріскенше, - деді кетерде ақырғы рет. #Елестетші, оның көлденең көрікті келген көздерінен құтылғаныңа шүкіршілік еттің. Шынында, шыдауға келмейтін, тесіп өтердей өткір жанары осы 2 минутта сені парша-паршаға бөліп тастағандай. Есеңгіреп кеттің. Есік тағы қағылды, бірақ сенің жауабыңды күтпестен, ішке кіріп келген екі-үш үй қызметшілері қолындағы киім-кешек бұйымдарды ұқыптап диван үстіне жайғастырды да, шығып кетті. Түрлері сұсты. — О, Құдай, мені қайда тап қылдың! - қарашығыңа жас үйіріліп орныңнан тұрдың. Бөлмеде үлкен бір қабырғадай көлемді терезе болды. Терезеге көк шілтері перде жабылған. Сен алдымен сол терезе алдына келіп перделерді шетке ысырып, сыртқа көз тастадың. Бірінші көргенің баппен өсірілген алқап, үлкен скамейка, және қоршаулар болды. Олар бірнеше шақырым алысырақ орналасқанына қарағанда, сен тұрған жер үйдің екінші қабаты болса керек. Бір сәт ойыңа жарыңнан жасаған опасыздығы оралды. Қандай жиіркенішті. Қандай ақылға сыймайтын әрекет. Жүрегіңде сені тігіп жібергенге де, ұтып алғанға да бір уақытта жек көрініш бүршік атты. Құдды, бір жарамсыз зат секілді. #Елестетші, қызметшілер әкеліп берген киімді киіп, төменге түстің. Үйдің астыңғы бөлігі мүлде басқаша екен. Бір тарихи ескерткіштер сақталатын музей тәрізді. Саған келіп кеткен манағы қыздар ендігі дастархан жайып жүргенін көрдің. Үй сәнді әрі жабық сарғылт түспен жабдықталған. — Келіңіз, ханым! - деді, ас даярлап жүргендердің біреуі. Сен асықпай үстел басына бардың. — Тамақтанып алыңыз, - деді жымиып. Олар сен үстелге отырғаннан кейін біртіндеп арқа тұсыңнан алыстау жерге барып, қаз-қатар тізіле қалды. Сен үлкен үстел басында жалғыз қалдың. Бұл оғаш түйіліп, әлі бері қасыққа қол сұғуға қысылдың. Қарның аштықтан біріне-біріне жабысуға сәл-ақ тұрғандай. Әрине, 2 күн тамақ жемегесін… Сенің қысылып отырғаныңды көрген бірі жаныңа келіп, тарелкаға әртүрлі астан салып, шырын құйып алдыңа құйды. Кейін шанышқыны жақындатып: — Ас болсын! - деді, күлімсіреп. Не керек, енді тек ауызыңа салып беруі ғана қалғанын түйсініп, шанышқыны алдың. Дұрыс, бөтен үй, бірақ мұның еш ұяты жоқ еді. Ол қайта орнына келіп тұрғанда, үлкен ашық есіктерден үйге сұңғақ бойлы ер азамат кіріп келді. Шыттай киінген, шалбар мен сол кастюм үлгісіндегі үтіктің қыры түспеген киім. Келбетті де келісімді тұрпат. — Анна! - деді, үстіңгі бөлмелерге бара жатып. Үйдегі қонақты байқамаған сыңайлы, қолы бриджи қалтасында. — Қош келдіңіз, мырза! - қапталынан пайда болған әйел сәлемдесіп, тізесін бүгіп қойды. — Соңымнан ер, - деді, нық қадамын қалтыссыз баса беріп. — Бірақ, мырза… — Не? — Үйде қонақ бар, - дауысын бәсеңдетіп. — Оны жалғыз қалдыра алмаймын, - дастархан басында тамақтанып отырған сені көрсетіп. Кристиан жалт бұрылып, оның сөзіне сеніңкіремеп еді, үстел үстіндегі бөтен қызды көріп таңғалды. — Қандай қонақ? — Тэхён мырзаның “қадірлісі” деп естідім. Оны да болса Шарлот айтты. Кристиан күліп жіберіп: — “Қадірлісі”? Анна оның сөзін дұрыс деп білгендей басын изеді. Кристиан сенің сыртыңнан біраз бақылап, қонақ үйдегі үстелге қарай жүріп кетті. #Елестетші, шишадан қаланған шыңдары күнге шағылысқан биік мұнара. Мұнара болсын, басқа болсын. Бір анығы жұмыс орын. — Ақымақ! Сен мұның қылмыс екенінен хабарың бар ма? Адамды бәске тігу?! Түсінсем бұйырмасын! — Миымды ашытпашы, - деген Ким, қағаздар ішінен тиісті құжатты іздестіріп. — Күйеуі де бір көнбіс екен! Жоқ, ол да, сен де ақымақсың! Ертең мынауың дүйім жұрттың құлағына жетсе абыройдан айырыласың. Түсіндің бе? — РОУН, шық кабинеттен! — Мен айтты дейсің ғой, әлі… мен айтты дейсің! — РОУН… — Не? — ШЫҚ! — Шықпаймын. Неге шығады екенмін? Қазір орталық басқармамен мәслихат. Жүр, кеттік. — Есептік құжаттар қайда? Роун қолындағы жоғары көтеріп: — Соқырсың ба? Тәк! Ким және Роун. Қалың жылдық қымбатты достар. Бірінің қамын бірі жегендіктен, өз наразылығын ашумен де, қалжыңмен де жеткізе алады. Тэхён оның бастығы болғанына қарамай, өзін одан бір саты жоғары тұтқан емес. Роун да мұнымен оны басынып алмайды. Өз сыйын орнына қойып қойған. Тэхён сыйлайды. Бірақ Тэхённың құмар ойынға көзсіз кіріп кеткендігінен күйінеді. Ол үшін достық пікірінде талай айтқан. Деген, орайынан қайтара алуға қауқары жетпеді. Роунның өзі жоғары, білімді, білікті маман. Ал, Тэхён оны сондықтан жанына жалау етіп, әрі достық ықыласпен бірге жұмыс істеуге шақырған. Осылайша, екеуі бір ғаламат компанияны аяғынан тік тұрғызып еді. Компания айтпақшыдай әлемдік нарықта тауары ызғып жүрген ірі әрі ауқымды заттарға демеушілік етеді. Қол астында 500-ге жуық қызметкер жұмыс атқарады. Шамасы, түсінікті болды деп түйіндейін? Олар орталық комитетпен мәміле жүргізу үшін мәжіліске кетті. Бұл ары кетсе 4 сағатты алады. Не одан да көп уақытты қамтиды. Кәсіпкерлердің ісі оңай ма? Шыдауға тура келеді. #Елестетші, өзіңе қарай келе жатқан кісі сұлбасын сездің. Дереу басыңды көтеріп, одан соң орныңнан тұрып кеттің. Ал, Кристианды әрекетіңнен гөрі әлпетің таңғалдырды. — Қош келдіңіз! Мен — Кристиан Охос боламын! - жымиып қолын ұсты. — С/е, - дедің тұйық үнмен. — Тэхённың “қадірлі қонағы” екенсіз? — “Тэхённың”? Ол кім? — Түсінбедім? Сен Тэхённың таңдағы адам екенін енді ұғамын дегенше, Кристианның артында тұрған Анна оның құлағына әлдеңені сыбырлап үлгерді. Кристиан қасын көтеріп: — С/е, - деді бұл жолы жылы жымию емес, келеке етіп күлгендей болды. — Меніңше, мен шатастырып алдым. Қадірлі қонақ! — А? — Тэхён қашаннан бері казинодан ұтып алған әйелдерді төріне шығарып, сыйлайтын болған? - жағымсыз мысқыл. — Кристиан мырза?! - деді Анна, оның бұл сөзінің орынсыз екенін білдіріп. — Не мұны жертөледегі жезөкшелер жанына алып бармады? Сенің көзіңнен жас ыршып түсті. Мұншалықты төмендетуге төтеп бере алмай, көз жасқа ерік бергеніңді көрген ол: — А, айтпақшы! Ол әуелі әр әйелді осылай сыйлайды да, одан кейінгі өмірін тас талқан етеді. Күнге айналдырады. Үміттендіріп қойған қандай жақсы, ә? Қазір тойып тамақтанып ал, қымбатты С/е! Бәлкім ертеңгісін әр бұрышта қисалаң етіп жатарсың? Ол осы айтқандарын ащы ақиқат деп білді ме мұрнын шүйіре қалып, үстел басына жайғасты. Оның көзінше саған қызметшілердің ешбірі қолдау көрсете алмады. Сен "ап" етіп жарылуға сәл-ақ қалғанда, ақ көйлек жеңімен жастарыңды сүртіп, баспалдақтарды тез-тез басып, жоғарыға кеттің. Таңда шыққан бөлмеге кірдің де, есікті іштен бекітіп, жарға сүйеніп жылай кеттің. Артыңнан ашынған Анна: — Бұл ісіңізді Тэхён мырза білсе, бей-жай қалдырмайды. — Немене? Анна, оның карта бәсінен жеңіп алынғанын өзің айттың емес пе? — Олай дегем жоқ! Кристиан орнынан тұрып, Аннаның нақ алдына келіп тұрды да, тістене оның мойындарынан қысып: — Жақ ашсаң, жаныңды жаһаннамға жіберемін. Жақсысы, сен араласпа! Мақұл ма? Кеш. Тэхён мен Роун жиналыстан шықты. Роун ертеңгі жұмыс тізбегін Тэхёнға көрсетіп, үйге қайтты. #Елестетші, ол үйге келсе, үй іші тым-тырыс. Ызың етіп ұшқан дүние жоқ. Қызметшілер сол баяғы орнында, Тэхённың тамағын әзірлеп қойған екен. Тэхён Аннаның шақырды. — Қайда ол? - деді жаны көргенше байыз таппағандай. — Бөлмеде! - деді сыр білдірмей. Тэхён галустыгын босатып, жоғарыға қарай кетіп бара жатып Анна: — Кешкі ас ішпейсіз бе? — Аш емеспін, - қысқа қайырып. Ол бөлмеге келіп, есік бұрамасын басып еді, есік ашылып ішке кірді. Сенің шағын диван үстінде отырғаныңды көрді. Орныңнан селт етіп тұрдың да, оны сөзге тартып: — Сөйлесейік? Ол сенің сөзіңнен бұл жаққа тез үйренісіп кетті деп түйді. Кастюмді шешіп: — Не жайлы? - деді. — Мен жайлы. Ол бір қасын көтерді. — Мені Магридждың қаншаға пұлдағанынан беймәліммін. Бірақ мен саған қанша десең сонша беруге дайынмын. Мені жібересің. — М? - ол сенің өзің үшін ақшаны өтеймін дегеніңді дұрыс түсінбегендей. — Иә, Магриджтың қанша қарыз болғанын айт. Тиын-тебеніне дейін төлеймін. Сен ол қолын қойған құжатты маған бересің? Сен де, Тэхён да ақыл тоқтатқан ересек адам болғасын, мұны шешіп алуға болатынын білдің. Тэхён ретсіз күліп жіберіп: — Төлейсің бе? - деді қаһарлы қарасы құбылып. — Иә. Несі күлкілі? Ол галустыгын шешіп, алдыңғы түймелерін шешіп, диванға отырды. — Сеніңше, мен ақшаға мұқтаж адамға ұқсаймын ба? Сен оны өз байлығын мақтанып жатыр деп ойладың, ал түпкі ойын аңғармадың… Арада 2 минуттық үнсіздік өтті. — Жақсы, ақшаны қалай табасың? Қалай төлейсің? Даяршылық бес-он тиын ақшамен? — Оны не істейсің? Қайтарып берсе болды емес пе? — Ұсынысым бар, - сені күшпен ұстауға қауқарлы болса да, ойына мынадай сап келді: — Менің үй қызметшім бол. Мен айлық жалақыңнан күйеуіңнің қарыздарын қысқартып отырамын? Бұл ұсыныста оның түбірі, терең мақсаты жатқан болатын. Сен тосылып қалдың. #browinv ?
#BTS_IMAGINE_QRF  #Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің. 3-бөлім #Елестетші, үйлену тойы. Салтанатты сарай. Ертегідегідей үлкен қақпасынан қонақтар ағылып кіріп жатты. Бұл салтанатты кеш патша мен патшайымның үйлену тойы секілді. Барлық Кореялық тұрғындар осы кеш қонағы болуға келгендей. Əрине, Юнги де, сен де өте қауқарлы адамдарсыңдар. Биік ғимарат терезесінен сыртқа көз тастай қарап тұрсың, ішің алай-дүлей болып барады. Бір апта алдын Юнгидің айтқан сөздері көкейіңді кернеп барады. Бұл неке бекер болмағаны ғой. Ол шынайы некені қалау себебін сенің ашық сандарыңа, мойныңа ынтыға қарауымен-ақ түсіндірсек болады. Дұрыс таңдау жасай алмасаң, өміріңнің күл талқаны шығуы мүмкін. Өмірің тозаққа айналмаса болғаны. #ескетүсіру — Біз бұлай келіспеп едік! — Қалай келістік енді? "Маған тұрмысқа шығасың" дедім. Келіскен сенсің. — Сен "сценарий бойынша" дедің! — Сценарий тек біздің махаббат хикаямызда ғана болады. Ал өміріміз шынайы. Сен енді бұл шарттан бастартасың ба? Мен сені қинамаймын. — Бірақ... — Не бірақ? Ақша керек пе? Компанияда керек солай ма? Менің есімімнің өзі саған үлкен көмек. Сол үшін сен бас тарта алмайсың. Менің айтқаныма қарсы келме! #ескетүсіруаяқталды Есік қағылды. Ойға батып кеткен сен селк ете, терезеден алшақтадың. Етегі ұзын, ақ көйлегіңмен əзер дегенде артыңа қарай бұрыла алдың. Юнгидің көмекшісі теріс бұрылған күйі сөйлей: — Юнги мырза ішке кіргелі жатыр, дайынсыз ба? — Иә, бұлай сөйлескенің маған ыңғайсыз. Неге маған қарап сөйлемейсің? — Болмайды. Мырза сізді той көйлегімен алғаш болып тек өзі көру керектігін айтты. Бізге болмайды. — Қойсыншы, сол мырзаң. Бəрібір де киінуіме көмектескен қызметкерлер бар ғой көрген. — Мырза оларды арнайы өзі таңдады. 25 адамның ішінен сізге көмектесуі үшін тек 2 адам ғана таңдап алды… — Ой, қойшы болды. Білдік мырзаңды, - ауыр көйлекпен əрең жүре орындыққа отырдың. Көмекшіге “кете бер” дегендей қолыңды сермеп, өзің шалқая терең тыныстап алдың. Бұл іс сені тыныштандырушы еді. Юнгиді көргің де келіп тұрған жоқ. Бірақ енді онымен бір үйде тұрып, бір төсекте жатасыңдар. Бəрі бірге, жұмыста да Юнги, үйде де Юнги. Ол туралы əр ойлаған кезіңде атом бомбасын жұтып алғандай ашуға берілесің. Ол сені шарасыз хəлге жеткізді. Қанша жерден одан қорықпайтындай сыңай танытсаң да, ол саған бірдеңе жасай ма деген қорқыныш сені ешқашан босатқан емес. — Қап! Мына Юнги! - жоғары қарап жата, Юнгиді біраз жерге дейін апара боқтап тастадың. — Өте əдемісің, - Юнгидің қоңыр дауысын естіп, басыңды бірден көтердің. Ойыңда бір ғана сөз "оны боқтағанымды естіді ме?". — А? Қашан келіп қалдың? - көйлегіңнің кеудесі төмен түсіп, ал Юнгидің екі көзі төртеу бола соған бақырайып қарап тұрғанын көріп, реттеле бастадың. Юнги көздерін алмай: — Көйлек шамасы сенің арық мүсінің үшін үлкен болды, - орныңнан тұрып реттемек болып жатқанда, Юнги үлкен қадамдармен сенің алдыңа тым тез жетіп келді. Дұрыстауға тырысқан көйлегіңді, сенің қолыңды ала өзі көтере дұрыстай бастады. Аппақ қолдарында кішкене көкшіл тамырлары айқын білінеді. Үстіне сепкен əтірі бөлмеге жайылып тұрды. Кеудеңе көйлекті көтеріп дұрыстауда. Оның жылы қолдары денеңе тиген кездерде тым суық секілді сезілді. Сені айнала артыңа қарай өтіп, қайта көйлегің босамауы үшін, көйлектің арқасын қысып байлады. Содан соң ашық тұрған иықтарыңнан сүйе: — Мені сонша жек көресің бе? Өлгенше боқтадың ғой. Аз қалды сен бəрібір маған тиесілі боласың, - қолдарын беліңе жібере, арқаңнан құшақтап тұрды. Сен оның жасап жатқан əр қылығынан ыңғайсызданып барасың. Юнги мұны бірден сезе: — Менен қысылушы болма. Менен ұялма, ыңғайсызданба. Сен солай еткен сайын бұл мені азапқа салады. — Юнги, жіберші. Көмектескеніңе рақмет. Енді қонақтар алдына шығатын уақыт келді. — Иә, сен енді менің əйелім боласың. Оның қолдарын ұстай ақырын төменге түстіңдер. Барлығы қол шапалақтай сендерді қарсы алды. Екеуің өте жарасымды жұп болғаннан кейін бəрі сендерге тамсана қарады. Жоғарыдағы неке қию орнына келіп тұрдыңдар. Неке қиюшы қызметкер өзіне берілген міндетін атқарып, некелеріңді қиды. Қонақтар кезекпен сендерді құттықтауда. Артынан би, əн болып кеш керемет өтті. Əкең сені ұзақ құшақтай, бақыт тіледі. Ол сенің бұл некеге əкең үшін келіскеніңді білмейді, əрине. Білген болса бұл некеге келісім бермес еді. Əп-сəтте ғана салтанатты əрі өте жоғары деңгейдегі тойларың соңына жетті. Маңызды қонақтармен өздерің арнайылап қоштастыңдар. Əлі ортада би болып жатты. Сен оларға қарап, сызылып тербеле билеп тұрдың. Қасыңа Юнгидің көмекшісі келді: — Ханым, сізді үйге апаруымды сұрады. Жүріңіз. — Неге? Юнгидің өзі қайда? — Шет елден келген қонақтармен отыр. Сізді алып кетуімді айтты. Жүріңізші. — Мейлі, өзім де шаршап тұрмын, - сені үйге жалғыз жібергеніне қарап, бүгін ол күткен неке түні болмайтына қуандың. Ішің біртүрлі ауырып өзің де үйге қайтуға асық болған соң, Юнгисіз кету сені қатты қуантты. Үй өте үлкен. Сендерге арналған бөлме қайда екенін таба алмадың. Қызметшілерден сұрайын десең олар да жоқ. Ішің бүріп ауырып сала берді. Демалғың келіп, жататын төсек орын іздеп барлық бөлмеге кірдің. Өз бөлмелерің болмаса басқа бөлмеге кіруге бата алмадың. Ақыры таптың, дəліз соңындағы бөлме сендерге арналып жасалған секілді. Бөлме іші өте əдемі. Көйлегіңді шешуге өзіңнің шамаң келмеді. Ішіңмен қоса белің де, ауыр жүк арқалағандай сыздап сала берді. Төсекке той көйлегіңмен құлай кеттің. Ішіңнің ауруы тектен-тек емес. Жаңадан бері тұрып тұрған аяқтарың босаңсып, денеңе ғана той көйлектен еркіндік сезімі жетіспей тұрды. Солай тыныш қана жатқанда, Юнгиді қалай алдап соққаның есіңе сап ете қалды. Бірден орныңнан атып тұрып күнтізбеге қарадың: — О, жоқ! Əлгі күндер ме? Қалайша мен ол жайлы ұмытып кеттім? Қуаныштысы əлі 4 күн бар, - басыңнан ұстап, төсектен тұра бергенде сыртқы есіктің жабылған даусы шықты. — Қап! Юнги келді, шамасы біткен жерім осы болар, - тез-тез қимылдауға тырысып, көйлегіңнің етегін қолыңа жинап жуынатын бөлмеге қарай асыға кірдің. Есігің жаба бергенде Юнги де бөлмеге кірді. Ол саған ауыз ашып сөйлеймін дегенше есікті құлыптап алдың. Қол жуғышқа сүйеніп тұрдың. — Өтірікті де дұрыстап ойластыру керек еді, ұзақтау уақытқа созылатындай етіп. Мына сорлы да неге келіп қалды, айщ. Блять, қарашы қандай күйге түстім! - Юнгидің есік тақылдатқанынан қорқып, айна алдындағы шыны ыдыстағы сусабынды сындырып алып едің, сені өз-өзіне бірдеңе жасап қояма деген Юнги, есікті дереу бұза ішке кіре кетті. — Бəрі дұрыс па, С/а? Неге жауап бермисің? - асты-үстіңе түсіп, жағдайыңды білуге тырысып жатыр. — Сабын қолымнан түсіп кетті, - қобалжып тұрған, тіпті той көйлегіңді де шешпеген саған қарап, Юнги абдырап қалды. Сені алғашқы түннен қорқып тығылып жүр деп ойлады ғой шамасы, бетіңнен ұстап: — Неге сонша шошисың? Қорықпа, түніміз лəззатқа толы болады. Сөз берем. Көйлегіңді шешуге көмек қажет пе? - сені жерден жатқан шыны сынықтардан асыра, оп-оңай көтеріп алды. Оған не сөз айтарыңды білмей, тентек болып барасың. Сені көтерген күйі бөлмеге əкелді. Төсектің жанына əкеле қойып жіберді: — 3 жыл, сені дəл осылай көруді күттім білесің бе? Сенің əрбір милиметріңе дейін мендік болуың, - саған жақындап, нəзік сүйісін бастады. Сен көзіңді жұма, жауап қайтара бастадың. WTF! Бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар. Ол бірден мойныңа түсе, асығып барады. Мойныңдағы ащы іздерден көзің бақырайып кетті, Юнгиді итергің келсе де ол ажырамай жатыр. Оны ажыратудың жалғыз жолы болды, оның жанды жерінен бір тептің. Басқалайда тоқтатуға болар еді, бірақ сенің ақымақтығыңда бар ғой. Ол қып-қызыл бола төсекке отыра кетті. — С/а! Қарғыс атқыр! - дем ала алмай, қиналып кетті, байғұс. — Болмайды! Кешір, бірақ... — Зай***, тағы қандай былық ойлап таптың! - орнынан тұрып, саған жақын тұрып: — Тағы сылтау ма? Неге саған жақсы қарауыма мүмкіндік бермейсің? Сабырлы болуға тырысқаныма қарсы осылай жасайсың ба? - қолдары қатқылданып, беліңнен қысып ұстады. Сабырлы адамдардардың ашуы жақсы бола бермейді деуші еді. Бұл жолы расымен Юнги өз-өзін ұстай алмай қалмаса болды. Беліңнің ауырсынуы үдей түсті, шыдай алмай оның қолын алуға тырысудасың, бірақ болар емес. — Ауырттың! Жібер мені! - бетінен салып қалдың. Бірақ бұл оған мүлде əсер етпеді. Керісінше ызаландырып жіберді. Шапалағыңнан кейін ол біраз кідірді де, сені тым дөрекі сүйе бастады. Бұл жолы қалай əрекет етсең де оған əсер етпейді. Мейлі итер, мейлі соқ ол саған мүлде мəн бермеді. Көйлегіңнің байлауларын босатып жіберіп еді, онсыз да əрең тұрған ауыр көйлек жерге сырғып түсті. Жарыққа шағылысқан денеңді аймалап төсекке жатқызды. Сүйісті тоқтатпай, өзі де киімсіз қалып үлгерді. Сенен ажырап, өзінің ісін бастап кетті. Сен қанша қарсылық көрсетсең де оның аңсаған арманы орындалды. Сен енді расымен Юнгидікісің. Ыстық, суық, ауырсыну, лəззат барлық сезім араласып жатырды. Ұзаққа созылған жұмыс ақыры аяқталды. Юнги саған тіпті мəн бермеді де, теріс бұрыла жамылғыны жамылып телефонын алып қарап жата берді. Бұл сенің ашуыңа тиді. Сен оның алдында көз жасыңды көл қылғың келмеді, ақырын тұра жуынатын бөлмеге кіріп кеттің. Душтың астында барлық жеріңді қайта-қайта жуып, оның іздерінен құтылғың келіп барады. Жылағың келеді, əрине, бұл түннің келісіммен болғанын қаладың емес пе? Ал ол сені зорлағандай күштеді. Сенің қырсық мінезің жылауға мүлде мүмкіндік берер емес. Жуынып болып, үстіңе халат киіп алдың. Шашыңды əдейі кептірмедің, айна алдына отырып мойныңдағы көгерген іздерге қарап: — Өлгенше тістепті ғой, жабайы! Түрі ғана жабайы мысық емес екен. Өзі де жабайы. Көрсетермін оған жабайылықты! - шаштарыңды артқа лақтыра, орныңа келіп жаттың. Жамылғының шетін ғана жауып алған ұйқыдағы Юнгиге қарап: — Сені білмеймін, мен ешқашан бір затты бөлісіп көрмеппін. Ренжіме! - деп, көрпенің барлығын дерлік одан тартып алдың. Бұл оны оятқаны сөзсіз. Көздерін ашпай: — С/а, берші. Ұйқым келіп тұр. — Ұйықтасаңшы, - оның түріне күлкің келсе де өзіңді əзер ұстап тұрсың. — С/а! Өтінемін… - орнынан амалсыз тұрды. Саған қарап көздерін ашып, жұмып ұйқысынан ояна алмай отыр. — Мен бере алмаймын, ренжіме, жаным, - оның бетін шымшып, көрпеге орана төсекке жаттың. Ол арқаңнан түрте. — Мен жамылу арқылы ұйықтай алатын жалғыз көрпе осы. Берші, шаршап тұрмын, - ыңырсып, балаша жұлқына бастады. Оның түріне қарап отырып, ойыңа келгені ол үшін керемет жаза болды. — Кешір, Юнги. Мен де бөлісе алмаймын. Бірақ сен үшін болады, - деп, арамы жымидың. Ахх, Юнгиді қалай жазалаймыз? — Не дейсің? - басын қасып, есінеп қояды өзі біздің мысық. — Кел, қасыма жат. Бір көрпеге сыямыз ғой. — Расымен бе? Менімен бірге жатпақшысың ба? — Иә-иә, кел, - ол сенің жаныңа құлай, ұйқысын жалғастырды. Сен əдейі кептірмеген шаштарыңды оның бетіне лақтырып қойып қойдың. Ол біріншісінде алып тастады, екіншісінде алып тастады, үшіншісінде атып тұрып: — С/а! Қанымды ішпеші! - деп, айқайлап жіберді. Сен өтірік ұйықтап қалған түр жасап ала қалдың. Ол оған сеніңкіремеді. Кейін қайтадан орнына жатты, бұл жолы өзің бұрылып, шашың дəл алдына түсті. Тағы да қыдықтай оны ұйқысынан оятып ала бердің. Ол ақыры шыдамай басқа бөлмеге кетіп қалды. Бір түнде оның əрбір жүйке талшықтарын тоздырып жібердің. Солай кең төсекте жатып ұйықтап қалдың. Күнде шығып қалған еді. Юнги екі сағат көз іліп ала, жұмысқа кетті. Ұйқысы, əрине, дұрыс болмады. Сен тіпті əлі оянбадың. Юнги сені оятпақ болып, түртпектеп көрді мүлде оянбадың. Кейін оятқышты ұзақ шырылдатты. Сен оны сезіп те жатқан жоқсың. Сені оята алмай, қызметшілеріне сен тұрғанда жақсылап қарауын, бірақ ұйқыңды бұзып оятпауын тағайындап кетіп қалды. Сен түс болған уақыттарда ояндың. Онда да күн түсіп, бөлме ысыған соң. Орныңнан дереу тұра перделерді жауып тастадың. Кейін бөлме есігін құлыптап, қайтадан жатып ұйықтай бердің. Есік құлыптаулы болған соң, Юнги кіре алмасына сеніп еркін ұйқы болды. Кеш болды. Сен əлі ұйықтап жатырсың. Арасында оянып кішкене телефон қарадың. Біраз уақыт өтпей қайта ұйықтап қалдың. Юнги келді. Қасында кеше тойға келе алмаған досы бар. Қызметшілер сені мүлде төменге түспегеніңді, тіпті есікті ашпағаныңды айтты. Ол сені əрдайым еңбекқор, жұмыс басты əйел деп ойланушы еді. Сені кешке дейін ұйықтады дегенге сенбей бөлмеге келді. Есікті қатты соқса да сен мүлде оянбадың. Есікті қойшы соғыс болса да тұрмайтын секілдісің. Юнги ақыры есікті бұзып, ішке кірді. Ал сен төсекте ұйқының түбін түсіріп жатырсың. — Өлəə! С/а! Тұр! - сені жай түртпей, қатты-қатты жұлқылап жатыр. Сен көзіңді кішкене ашып: — Қойшы, Мартин. Мазаламашы! - деп, қойып қалдың. — “Мартин”? Мартин дегенің кім? — Мартин. Кім екенін білмейсің бе? — Мен білетінге ұқсап тұрмын ба? — Жоқ!!! - деп, кетпек болып төсектен тұрғалы жатыр едің, ол сені қолыңнан тарта қайта орныңа отырғызып қойды. — Кім ол? — Сен! - қолыңды тартып алдыңда тұрып кеттің. — Мен? - басын қасып отырып қалды. Сен тіпті əлі киінбеген де едің, ұйқыңды аша алмай, айна алдында біраз кідіріп тұрып қалдың. Юнги артыңнан: — Тіпті киім ауыстырмадың ба? Əлі халатпен жүрсің ғой сен. — Жабайы, Мартин. Өшірші үніңді! Өлгің келіп тұр ма? — Не? — Ештеңе! - бір жұтым су іздеп, төменге түсіп кеттің. Юнги тіпті киім ауыстырмай, халатпен төменге кеткеніңе таң қалып отырып қалды. Төменде досының отырғанын естіп, бірден сенің соңыңнан жүгірді. Енді баспалдақпен түспек болғанда тоқтатып: — Мына түріңмен қайда барасың. Киіміңді ауыстыр. — Маған кім қарайды? Шөлдеп тұрмын. Су ішемін. — Төменде қонақ бар. — Қайтейін? — Осылай ашық-шашық халатпен кімге көріне алмай жүрсің? — Қазір халатсыз кетемін. Сонда көресің кімге көрінгім келгенін! - ай сенде де мінез жатыр, иә? — Шеш ал! Қолыңнан келе ме? Төменде менің досым бар. — Жарайды, - теріс бұрылып төменге түстің. Юнги сені жоғарыдан бақылап тұр. Досы отырған диван жанында су құйылған ыдыс болды. Суыңды іше, əлгі досымен амандастың. Ол сенің мінсіз дене-бітіміңе сілекейі шұбыра қарап отыр. Юнги мұны байқап, дереу қастарыңа жетіп келді. — Чонгук, танысып қой, бұл менің əйелім — С/а. — Əйелің өте əдемі, - Юнгиге бұл сөздер жақпай тістеніп: — Иә, өте əдемі... - дей бергенінде, сен халатыңды шешіп қалдың. 3 бөлім соңы #FlowerFly