#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес болған күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе… 8 бөлім. (Әуен қосыңыз) — С/е?..- есік қаққан Тэхён, алаңдаулы дауыспен сенің атыңды атады. Табан асты не болғанына өзі де қайран. Ол мақұл, өзінің нені уайымдап кеткені таңқалдырады. Бірде бет-жүзіңді қағаз сүлгіге сүртіп, көп күттірмей сен де шықтың. — Бәрі жақсы ма? - дауысынан бір тәкаппарлық ызғып. — Иә, - дедің, оны елемей алдыға жүріп кетіп. Ол сені кетіп бара жатқан жеріңнен шынтағыңнан тартып қала: — Егер, мазаң болмаса үйге қайтамыз? - ол саған көпшілік орын жақпады деп ойлады. — Бәрі дұрыс дедім. Қолымды жіберсеңіз, - дауысың бәсең шықса да кірпияз реніштің шеті көрінген. Мұны Тэхённың өзі қазір байқады. Сені өткен күні ренжітіп қойғанын есінен де шығарып жіберіпті мыс. — Қалайсың, қызым? - Рани сендер үстелге келіп жайғасқан да барып, жағдайыңның жақсы емес екенін сезді. Сен алдыңдағы тағамға бір көз тастадың да: — Бәрі жақсы. Тек тағамға жаңғақ майы қосылған болуы керек, - дедің жымиып. Алаң болып отырған жүзіне қарап, — Менде аллергия. Тэхённың қасы түйіліп, даяшыны шақыртайын деп жатыр еді, сен “ қажеті жоқ " дедің. — Ал сен неге ештеңе жемей қойдың, пұшық? - Ханнидың мұрнын сипап өтіп едің, ол Ранидың алдынан тұрып кетіп, жаныңа келді. Тэхён оның саған тез үйреніп кеткенін көріп, расында таң қалды. Тіпті, өзінің сен барда Ханни үшін артықша деп ойлады. Солай, мейрамханадан тамақтанып болғасын үйге қайттыңдар. Сенің жолда мазасызданып, ішіңнен әлдебір ауырлық сезгеніңді Тэхён көліктің ортаңғы айнасынан көріп отырды. Үйге барғанға дейін дәрігер шақыртып қоюды Аннаға ескертті. Әйтпесе, сенің мына түрің сау адамға ұқсамай барады. Жоқ! Әлде сен… Бірақ, бұл мүмкін бе екен? Сен жүкті болсаң-ше? Магридждан? Келгеніңе анау айтқандай көп те болған жоқ. Көңіліңнің айнуы күнжіт қосылған салаттан болуы тым күдікті. Жол бойы осы оймен оның басы қатып кетті. Барлығын үйге барғанда ғана біліп алады. Үй. Сен жеткенде дереу жоғарғы қабаттағы бөлмеге қарай асықтың. Сенің асыққаныңды көрген Тэхён, өздерін күтіп отырған қонақ үйдегі Забельді ертіп, соңыңнан шықты. — С.сәлеметсіз бе? - жуынатын бөлмеден шыққаннан кейін, бөлмеге келген бөтен кісімен Тэхённың неге мұнда екенін түсінбей. — Сәлеметсіз бе, С/е ханым! — С/е, дәрігер - Забель! Сені тексереді, - деді ол қапаланған қоңыр үнмен қалтасына қол жіберіп. — Неге? Не үшін? - сасқалақтап. — Мазаң болмай тұр. Сондықтан! — Мен бәрі дұрыс деп айттым емес пе?Қайталағанымды қалайсыз ба? - әрбір әріпті жеке-жеке нығыздап. — Тэхён мырза… - дәрігер сенің қарсылығыңа қарап, құрал жабдықтарын сөмкесінен алуды тоқтатып қойды. — Жалғастырыңыз, - Тэхён қолын айқастырып екі көзін сенен алмай, – Тексерілесің, - сенен бетер өжеттік көрсетіп, өзінің дегені болатынын тағы бір мойындатты. — Мүмкін болса, сыртта күтіңіз, мырза, - деді Забель сен төсекке келіп отырғасын. 15 минуттан кейін. Дәрігер сені тексеріп болғасын, жұмыс бөлмесінде өзін сабырсыздана күтіп жүрген Тэхёнға келіп, бәрін айтып берді. — Аллергия? — Иә, мырза. Күнжітке аллергиясы бар екен. Денсаулығына аса қатты зиян демеймін. Бір ыстығын шығарып, асқазаны сыр береді. Сақ болсын. Тэхён оның қойған диагнозын үнсіз тыңдады. Өзі күткеннен әлдеқайда басқаша болған жайт үшін мың ойланып, мың толғанып еді осы минутқа дейін. Ал не болды? Жоқ! Ол бұл үшін өзін жаман сезінбеді. Сен жүкті болсаң, ол мұны келеңсіз жаңалық депте қабылдамайтынын жақсы біледі. Тек, тексеріп көргісі келді. Сен үшін. Былай айтайыншы! Сен Магридждан жүкті болған күннің өзінде ол сені дәл осылай қабылдайды. Дәл осылай сүйіп қала береді. Бәрінен артық, дәл алғашқы күнгідей! Мәңгі! Және тиіттей де болсын ісіне өкінбейді. Ал, біз мұны махаббат дейміз! #Елестетші, сен манағы орыннан қозғалмай отырғасын, бөлмеге жүгіріп Ханни кіріп келді. Сенімен жатқысы келетінін айтып, құшағыңа тығылып алды. Әжесі рұқсат бермегесін қашуға тура келіпті. Сен оның қылығына, сөйлегеніне сөзіне, әжесі үшін саған шағымданып жатқанына қарап күлдің. Ол сенімен сөйлесуді тым ұнатып қалыпты. Сол үшін бір сағат бойы ол саған ішіндегісін ақтарды. Кейіннен сендер жатуға ыңғайланып, төсек үстіне жатқанда, Анна саған бір стақан сумен дәрі-дәрмек ала келіпті. Жүзінде баяғы мен-мендік көрінбейді. Қызық, иә? Ол осыдан бірер күн бұрын сені жегіп, бақшада біраз уақыт болғаның үшін ғана жерден алып, жерге салып еді. Енді өзі саған иіле келіп, қызмет көрсетуде. Көздерін төменнен алмайды. Сен одан тартпа үстіне қоюын айтқанда, ол еңсесін көтермей, келген ізімен кетті. Мұны Тэхённың беріп жібергенін жақсы білдің. Тэхён жұмыс іс-құжаттарын дайындап болғасын, сені бір көзден кешіруді ойлады. Өзінің бөлмесімен сен жатқан бөлмені бір қабырға бөліп тұрғасын, әрі қарай ұйықтауға кетеді. Бірақ, бөлме жанына келгенде қиғаш ашық қалған есіктен төсекте жатқан Ханни екеуіңді көріп, көп бөгелді. Сенің қалай Ханниді бауырыңа басқаныңды байқаған адам, қасқайып қана тұруы мүмкін емес еді. Ол қазір барып, сенің артыңда бос қалған орын жатып, екеуіңді бірдей құшса, құшақтаса.. кедергі көп секілді. Не кедергі екенін білмейді. Бәлкім, сенің оған деген жеккөрінішің. Оны жек көресің бе? Әрине! Оны көргің келмейді. Бір сәт бөлек қалсаң, жүрегің қысылатын еді. Міне, осы кедергі сені одан алыс алып кетуде. Дегенмен, ол бұл кедергі жою үшін, қолынан келгенін жасайды. Ол осы оймен ұзақ табалдырықта қалды да, бөлмесіне қарай кетті. Таң. Кеңсе. — Жоба сәтті қорғалды! — А? — Расында! — Құттықтаймын, әріптестер! Енді біздің өнім әлемдікке интеграцияға тұңғыш өкіл. — Осыған орай, бүгін Тэхён мырзаның үйінде сауық кеш! - деді Жаклин Тэхённың сөзін жалғап жіберіп. Бәрі бірдей шулап жатып, Тэхённың түрі өзгере қалғаннан кейін, тоқтап қалды. Тэхённың өзі Жаклиннің бұл жаңалығын түсінбеген екен. — Не болды? Тэхён мырза бұл үшін дайындық үстінде! - Жаклин оның иығынан қағып, состиып тұрып қалған жұмысшыларды қайтадан дүр сілкіндіріп жіберді. Тэхён тұрған орнында қаққан қазықтай қалды. Не бұл сөзді ойлап тақан Жаклинды дүйім жұрттың алдында жазғыра алмады, не қарсы келе алмады. Кабинет. — Сауық кешке шақырыпты! Бұл не сандырақ, Жаклин! — Не? — Қайдан шығардың бұл әңгімені! — Ашуланатын бірнәрсе айттым ба? — Жаклин! — Тэхён! Біздің компанияның беделі тағы бір саты жоғары көтерілді! Енді неге маған бұлай сөйлеп отырсың? — Не бассыздық мынау! Мен не деймін, домбырам не дейді! - олардың жанында тұрған Асилия Тэхённың ашуын қоштап. — Егер, менің саған айтпай оларды кешке шақырғанымды айтып тұрсаң. Мұны маған Рани апам айтты. — Сонда сен бізден бұрын, Тэхённың анасынан сүйінші сұрап қойғанбысың, Жаклин? - Кристиан шыдамай қарқылдап күліп жіберді. — Крис, ауызыңды жаба тұршы! — Жақсы, сауық кеш болсын. Менің үйімде емес. — Неге? — Неге? — Неге? — Не неге? Басқа жер құрып қалды ма? — Тэхён, Рани апам әлдеқашан дайындықты бастап жіберген. — Жаклин! Жаклин! - Тэхён тістеніп. Үй. — Ананы гүл түбектің орнына алып барыңдар. Иә, Тэхён? - қызметкерлермен әуре болып жүріп, ұлының қоңырауын енді көтерген Рани. — Ким Рани ханым, неге бірінші менімен ақылдаспайсың? — Нені? — Апа! — Ие, сауық кеш жайлы айтып отырмысың? Оны несіне ақылдасамыз? Бұл сенің жаңа белесті бағындыруың, Тэхён. Оны атап өтудің өрескел тұсы бар ма? — Үй не мейрамхана ма, апа!? Онда Ханни мен..С/е бар. Бір қора адам үшін олардың берекетін алғым келмейді! — Қарапайым кеш, Тэхён.. — Болмайды, апа! Мен қарсымын.. — Не дейсің? Ұлым, дауысың естілмейді,- Рани өзінің алдында отырған Ханнимен саған көзін қысып, күлкісін әзер ұстап тұрып, тұтқаны сөндіріп қойды. — Әже, сен қулық қылдың ғой! - Ханни тарқылдап күле. Рани Тэхённың сөзіне қарамай бүгінгі күн үшін әбден күш жұмсады. Ол Тэхённың соңғы кезде жұмыста болсын жеке өмірде болсын қатты неғып кеткенін білетін. Сол үшін үлкен жеңіс үшін көңіл көтергеннің еш артықшылығы деп ойлады. Жастарды оңаша қалдырмақ болып, бүгін жұбайы екеуің Ханниды ертіп, Ханнидың атасының үйіне бармақшы. Қалған істі Аннаға жіктеп, кеш түскен уақытта жол жүріп кетті. Рани кетерде саған, сауда үйінен алған керемет көйлектің біреуін таңдап беріп, " Бөлмеде бұлай отыра беруші болма! Олармен бірге көңіл көтер. Осылай отыра беремін болсаң, жейгідей желіне бересің, жаным. Сенімдімін, оның жолдастарымен тез тіл табысып кетесің! Егер, қысылсаң, Тэхённың жанында бол" - деді. Кеш. Қызу дайындық өз мәресіне жетіп, қызметшілер тағам даярлауға көшті. Ұзақ өтпей қонақтарда келіп қалады. Аннаның өзі бәрінің басы-қасында жүр. Күздің бұл кезі аптап ыстыққа айналып, түнде де бір қалыпты жылы болатындықтан қонақтар үшін орынды аулаға әзірледі. Айнала бір сөзбен айтқанда "әсем". Ал, күн батып жатқан кезде мүлде! Сен бұл сұлулықты, қызметкерлердің шапқылап жүргенін бөлме терезесінен ғана көре алдың, сыртқа шығуға іркілдің. 1 сағаттан артта қалып, қадірлі қонақтар келе бастағаннан кейін ғана бөлмеге келген Клю сенің қол қаусырып отырғаныңды көріп, төбе шашы тік тұрды. — С/е! Адам осылай бейғам болады ма екен! - есікті жауып, шкаф ішінен қызыл көйлекті алып шықты. — Қане, тұр! Сен әлі дайын емессің! — Клю, менің шыққым келмейді, - деді терезеден көз алмай. — Иә, саған! Қазір жіберсе, ұшайып деп отырсың! Несіне қысыласың? Тұр, дайындалайық! - ол сүйреп, сені айна алдына алып келді. Аулаға орнатылған барлық жарық шамдар жағылды. Қонақтар аз-аздап толыса бастады. Бәрінің үстінде арзанның аласасы емес, Тэхённың қонағы болу үшін шаш-етектен әбден ақша жұмсаған секілді. Әйеліде, еркекіде. Мұнда қарайым жұмыскерлерден гөрі, Тэхёнмен бірдей ірі кәсіпкерлер көбірек келіпті. Өздерінше тік ұзын үстел басына барып, өзара сұхбат құруда. Тэхённың үйге келгеніне де көп болған жоқ. Кеш иесі өзі болса да, кешігіп ақыры дегенде келді. Бәрі осында. Ата -анасының жол жүріп кеткенін Анна ескертті. Анасының түпкі мақсатын түсіне алмады. Әуелі өзі ұйымдастырады да, тайып тұрады. Бұл не қылған. Ханниды алып кеткен. Сенше? Сен қайдасың? Анна бөлмеден шықпағаныңды айтып еді, көңілі көншімей көргісі келіп, баруға тырысты. Десе де келген қонақтар арасынан сытылып шыға алмай, сонда қалып қойды. — Сіз тіптен ат басы озып шықтыңыз ғой! — Иә! — Бұрыннан осыдайсыз. Бірақ, бұл жолғы тіптен ерекше! — Кеш тым ерекше! Елеп ескеріп, қуанышыңызға ортақтастырғаныңыз үшін біз дән ризамыз, Ким Тэхён! — Мен сізді әрдайым жоғары деп білемін. — Ісіңіз мақтауға тұрарлық! Бизнесмендер арасында ортақ мадақтау туындап, Тэхёнды сонда жер көкке сидырмай қошеметтеуге көшіп кеткен сәт. Бокал қағыстырып арықарай әңгімені жалғастыра бастаған кез. Сол мезет анау тұрған үлкен есіктерден қызыл көйлекті әлдебір ару ішке қарай өрекпіп, жан-жағына қарауға қысылады. — Осы жылы көптеген.. Бітті! Тэхён оның есіктен кіріп келе жатқанын көргенде, құлағы ештеңені естімей, ішкен шарап құлқымынан ары өтпей қалды. Ол үшін барлығы бітті. Өмір бойына бітті. Ол бұдан былай ештеңе тілемейді! Тек дәл осылай оған қарап тұра берсе болғаны! Көздері оны алыстап бағып, тапжылмай орнында тұрып қалғаны қашан, қозғалмады.Осылай ұзақ қалды. Оның сұлулығына тоймай, ұзақ уақыт тұрып қалды. Мұның қашанға дейін жалғасарын ешкімде білмейді. Ешкім! Кейін, Тэхённың көз-қарасы бағытымен біраз адамдың назары да дәл ол қарап тұрған тұсқа барып түсті. Енді бір ғана Тэхён емес, келген қонақтың бәрі ол жаққа қарауда. Манағы қысылу қысылу ма, ыстық терге көмілу басталды. Барлығы саған қарауда! Қызыл көйлектегі сылқымға! — Қолымнан ұста, - деді бірде жаныңа жақындап келіп, шынтағын ұсынған Крис. Ол сол сәтте сені бәрінің отты жанарынан арашалаушы періште болып түйілді. Сол үшін оның шынтағынан нәзік бармақтарыңмен ұстап, қонақтар арасына кіріп кеттің. Тэхён-ше? Көз-алдында өз олжасын біреу оп-оңай тартып алып кеткен жыртқыштай күйге түсті. #browinv " ?
Другие записи сообщества
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберді. 5- бөлім Кабинет. Тэхён Аннаның келуін, келіп бір хабарын беруін күтіп тұрғалы біраз болды. Өзі шығып іздесейін десе, әрекеті ерсі болып кететін. Креслода жайбарақат отыра алмай тұрып кеткенде, Анна келіп: — Мырза, таба алмадым! - деді. Басымен жер сүзіп, өзін кінәлап тұрған қызметшіні көрген ол күрсіне арттағы терезеге бұрылды. Ендігі не істеуге болады? Оның шынымен қашып кетті ме? Бұл оны бір парақ қағазбен үйінде ұстап қала алмады ма? #еске_түсіру Сен сол түні есік тұтқасын басып, оның сөздеріне қарамай шығып кетуге тырысқан да есіктер іштен бекітілген болды. Сен оны қалай тартсаң да, ашылмайтынын айқын біліп, теріс қараған күйде үнсіз қалдың. О, неткен шарасыздық! Сенің кету жоспарынан күдер үзгеніңді жоғарыдан бақылаған ол, баспалдақтар бойлап төмен түсті. Масаттанса да сездірмей мысқылдап дәл артыңа келіп тұрды. — Мазақ ету ұнаған шығар? - дедің бұрылмай теріс қарап тұрған жеріңде. Көздеріңе есікке қадалған. — Сен осылай боларын білдің! Ол сендердің сұхбаттарыңнан бір күйілкілдің шығарын біліп, есікке әдейі құлып салғанын түсіндің. — Мақұл! Есіктен шықтың делік, бірақ қайда барасың? Күйеуіңе ме? Сені ауруға шығарып, картаға тігіп жіберген күйеуіңе? — СЕНІҢ ШАРУАҢ ҚАНША? МЕНІҢ ҚАЙДА БАРАТЫНЫМДА НЕ ЖҰМЫСЫҢ БАР? - дедің де теріс айналып, оған қарадың. Ол саған тым жақын келіпті. — Маған ешкім емессің, өзіңде мұны жақсы білесің. Ендеше, неге ұстап отырсың? — Қысқартшы сөзді, - ол өзін сенің сөздерінен шаршағандай етіп көрсетті. (наглый чел) Ал, шын айтуына келгенде, сені не үшін ұстап отырғанын өзіде білмейді. Ұнатады ма сені? Жо-жоқ. Бұл махаббат емес. Ол махаббатқа жат адам. Оның жүрегінде ұнатудан, сүюден, махаббаттан тұтамдай болсын орын жоқ. — Үш ай! - деді ол өзіне бағытталған көздеріңнен көзін алмай. — Үш ай ішінде, осы үйде үстіңнен тігілген ақшаның өтемін өтейсің! - оның бұл сөздерінде асқан сенімділік пен ыза көрініс тапты. — Не? - дедің есеңгіреп. — Егер көнбесең, көндікпесең ауруханадағы төрт қабырға ішінде мәңгі, екі құлағыңменде тыңдап ал " МӘҢГІГЕ" қаласың! — Қорқытқаның ба? Шамаң жеткенше, тоқтатып көр! Алға! - дедің нығарлап. Әр сөзіңді кезекпе-кезек айтып, жіпке тізгендей етіп жеткіздің. Енді ол сені тоқтатуға не айла амал тапсын, таппасын сен бәрібір кететініңді тіке айттың. #еске_түсіру_аяқталды Шарасыз енді кім? Ол ма бұл ма? Ашып айту қиын болды. #Елестетші, Тэхённың кабинетіндегі қабырға өлшемді терезе тұп-тура ауладағы гүлбақшаға қаратылған екен. Үлкен әйнектен гүлбақша ғана емес, үйдің ауласы, барлық жері түгел көрінетін. Осылайша, Тэхён үнсіздікпен ішіндегі ашуды қалай шығарарын білмей, терезеге көз тастағанда, бақшадағы әткеншекте отырған сені көрді. Ал, керек болса! Ол өз көзіне өзі сенер емес. Расында, сен бақшада болсаң? Расымен? Тэхён өзінің тұмсығының астында тұрған әйелді көрмей, дүниені астаң-кестең етуден де тайынбай тұрған еді. Және соған сәл қалғанда, Құдай ашуыңнан түс деді ме, оған сені көрсетті. Ал, егер сен бақшада емес, шынымен қашып кеткенде ше? Сен оның бетіне де қалай болмасын қашып кетуді ашық айтқанда, Тэхён оған аса мән бермеді. Бірақ, қазір сен кетсең қай күйді бастан кешерін жақсы түсінді. — Ол бақшада.. іздеуді тоқтатсын деп айт, - қырық шақтысын сені жер-көкті тінтуге салғанын еске алды. Аннаның сөнген жанары ұшқындап кетті де, бір нәрсе айтуға сөз таппады. Бөлмеден басын иіп, шығып кетті. Тэхён сол жерде. Сол орында. Сенің төбеңнен қарап қана тұр.. #Елестетші, сен Рина ханыммен әңгімелескесін гүлзарда біраз болуды сұрандың. Сонымен, ой үстіне ой келіп, әткеншек үстінде қалай уақыт өтіп кеткенін сезбедің. Күн көзі кетіп, қараңғылық басталғанда салқын кеште тапжылмай отыруда бір жағынан ерекше әсер силайды. Ас бөлме. Үйге кірсең, қыздардың дастархан үстін жинап, ыдыстарды жуып жатқанын көрдің. Сенде барып қосылмақ болғанда, Анна алдыңнан шығып, қызметшілерге арналған бөлмеге алып кетті. Зәре құты ұшып кеткенге ұқсайды, жалт-жұлт еткен көздері құдды сені жерге көміп тастайтындай түйілді. — Не боп қалды, Анна? - деп үлгермейінше ол үрейлі кейіппен: — Сен өзіңді кіммін деп ойлайсың, а? Бұл саған не өз үйің бе? Қаласаң, анда, қаласаң мында келіп қолқуысырып отыратын?! Мүлде кім сұқсат берді? Гүлзарда не сеуіп қойыпты саған? Сен қызметшісің. Біліп қой, жай ғана қызметші! Ана жүрген қыздардан сенің түкте айырмаң жоқ.Орныңды біліп, бұйырған тірлікті жаса! — Анна! - дедің оның ауыр сөздерінің себебін ұқпай. — Тағы да! Тағы бір мәрте гүлзарда, не мына үйден тысқарыда жүргеніңді көрер болсам, айтпады деме! Есіңді жинап ал! Сен тек бұл үйдің отымен кіріп, күлімен ғана шығатын адам. Енді барда, қыздарға көмектес! - азуы айқасып, ашуын көрсетті де, шығып кетті. Бұл жолы сен артық ауыз сөз айтпадың. Ақталмадың, не тіл қайтармадың. Оның сөзін дұрыс деп қана санаудан басқа ештеңе жасамадың. Себебі, сен ол айтқандай қызметші ғанасың, Тэхённың қадірлісі емес. Ас үй. Жас төгіп алып, жұмысын атқарып кете беру сенің күн тәртібіңе сіңіп кетсе керек, қазір астан босаған кеселерді сүртіп орнына қоюдасың. Қасыңда Клю мен Шейла ары-бері жүріп, ыдыстарды тасуда. Сені іздегендері жайлы екеуіде тіс жармады. Үй іші тым-тырыс. Сені зекіп алғаннан соң Анна Тэхённың жанына кетіпті. — Ухх! Сағатты қарашы! Он екі! Мына шаруаны бітемін дегенше, осы күнде осы уақыт болады! - Шей орындыққа отыра қалып. — Айтпа, мына белім бір күні үзіліп түспесе бар ғой! — Қойшы! Сен ірісің, әрі саған үйдің жұмысы жарасады. Менше? Шашым сыпырғы, қолым кесеу болып жүретін әйел емеспін. Мүлде олай болмауы керек еді. Мен тек еркек адамның күтімін қажет ететін адаммын ғой. Құдайым-ай! — Ой, тоба-ай, А! Шашым сыпырғы дейді ғой! Мына қорғанға қызметші болудың өзі қандай ғанибет екендігін сен сезбей жүрсің ғой. Жан терге түсіп, қара жұмысқа жегілген дей сөйлейсің. Қанша адам бар, ә осында жұмысшы болу үшін бәріне дайын. Керек десең.. — Өй, қойшы болды. Екінші айтпаймын. Тәубеме тайындырарсың! — Оның үстіне үй иесі Ким Тэхён болса! - деп қойды Клю сөз соңында. — Иә-иә! - Шейла кекесінді кескінімен келеке етіп. — Айтпақшы, мырзаның ертең Вавилонға кететіні шынба? — Солай. Сені осы кездің олардың сөздері елең еткізді. Тезірек жұмысыңды аяқтап, қолыңды сүлгіге сүрттіңде: — Вавилонға? - дедің. — Иә, ескі Вавилонға. Әлемдік көрме өтеді екен. Ал, мырзалар іс сапар бойынша бармақ. — Ол жақта ары кетсе, 3-4 күндей болса керек. Сен ары қарай қазбаламадың. Осының өзі сенің жоспарыңа қолайлы болмақ. " 3-4 күнде! Білмейде қалып, естенде шығарып жібереді. " - дедің іштей. — Қане, енді Жаклиннің орнында болсааам... — Ол маған ұнамайды. Тым жағымсыз қыз! — Өзің сондайсың! Көре алмай тұрғаның ғой бұл сенің. Ол нәзік, қыпша белді, ажарлы! #Елестетші, сендер ұйықтауға жаттыңдар. Сендерге арналған бөлме ыңғайлы әрі кең болатын. Қыздардың кереуеттері қатар орналасқасын түннің жарымын шүйіркілесумен өткізуші еді. Сенде олармен біраз уақыт сөйлескесін, оқыстан көзің ілініп кетті. Таң. Кабинет. — Штаттан хабар келді. Харлиннің кәсібін одақтан шеттетіпті. Меніңше, бұл жай ғана көрме емес, Тэхён. Жаклиннің шыр-пыр болғанындай бар.. — Білгенмін. Бальзак бақталастықты күшейту үшін жасап отыр. Өзінше үрей тудырмақшы. Сен дмд қағаздарын жөнелттің бе? — Жоқ. Бүгін кешке дейін үлгеремін. Алаң болма! — Роун! Өлтіремін сені. — Ұшақ уақыты 12:00 ге ауысты. Жаклин саған кетті. Көп ұзамай барып қалады.Қалай миды жейтінін білсең ғой! — Келіпте қойды, - терезеден қыздың қалай үйге асыққанын көрген Тэхёнды күлкі қыстап. — 3-4 күнде мезі қылып жібермес деп ойлаймын. Бірақ, біздің құлақ тыншитын болды. — Роун, онда аз ғана күн боламын. Өзің баскөз бол. Барлық іске! - деді үлкен сенім артып. — Жә, жақсы! Жол болсын, ағасы, - телефон тұтқасын сөндіріп. Үстел басы. — Тэхён сіздер жайлы маған түкте айтпаған. Білсем, бір күн алдын осында болушы едім ғой! — Менен өзің сұрамаймысың? - Тэхён қызды әбден тығырыққа тірей күліп. — Сен неге ескертпейсің? Әдейі жасадың ғой! Айтшы! — Неге олай ойлайсың? - шанышқыны асқа батыра. — Неге ойламаймын? Осыдан алдын бірде бір күтіп алудан қалып па едім. Апа, маған емес, Тэхёнға кінә тақ, - Жаклин Рина ханымның алдында ақталып, ренішін қайтара алмағасын өзі өкпелеп қалды. Себебі, Рина оның күтіп алмағанын көңіліне алып қалған екен. Енді кіші кезінен көз алдында өскесін өз қызындай көріп, бұл десе бауыр еті елжірейтін болғасын, елеусіз қалдырғанына қамығып отырған түрі. Жаклинде оны анасындай көріп, ағынан жарылып, аялайды. — Мейлі. Тамақтан тезірек, - Рина мейірлене күліп. — Ашуының қайтуыда, келуіде тез! - деді Хан мырза да Жаклинннің қылығымен, жұбайының ақжүректігіне сүйсініп. Сен сырттай оларды бір жанұядай елестеттің. Құдды бір отбасы! Тек мұнда артықша Кристиан ғана еді. Ол бір назарымен сені алауға тастап, қара жерге көміп жіберетіндей қарайды. Сен үстел әрірек жерде тұрдың. Жаныңда Клю бар. Бұл оғаш көрінгенмен, үйдің қағидасына сіңіп кеткен. Үстел басындағылар бірдеңе қаласа, олардың қажеттерін өтеу үшін. — Ол кім? - дедің Клюға сыбырлап. — Кімді айтасың? — Анау адам. Хан мырзаның жанындағы, - көзіңмен білдіртпей меңзеп жіберіп, жалтарып қалдың. — Еее, Кристан мырзама? — Иә, бұл отбасыға кім болып келеді? - оның әлі қарап отырғанына сезгенде, тістеніп. Клю сенің күлкілі жүзіңнен өзін ұстай алмай езу тартып қойып: — Кристиан мырза, Жаклин ханым және Мырзаның өзі кішкентайдан бастап бірге өскен. Бір мектепті бітірген қалың құрдастар... — Мүмкін, болса маған бір кофе, - деді сырттарыңнан өзі жайлы әңгімелесіп тұрғандарыңды топшылаған Кристиан. Анна дереу көзімен сені сүзіп " алып кел" деді. Құдай-ай, ол сенен басқасына келгенде көзі соқырланып қалады ма? Әлде ала алмай жүрген өші бар ма? Сен ың-шыңсыз асханаға кеттің. Және көп созбай, қонақ үйге бет алдың. Қолыңдағы падноста бір шынаяқ Кристиан қалаған кофе. Тап осы тұста, үстелге жетер жолда қолың бойыңа бағынбай дірілдеуге көшті. Оның көз-қарасы, оның отты қарашығы, үнсіз сені тілім-тілімге бөліп тастады. Бұл соның әсерінен саған қобалжу алып келді. Алақаның терлеп, жетемін дегенше алқымың ауызыңа тірелді. Ал, біз байқасақ, төрден мұны бақылап отырған бір адам бар болыпты. Тэхён! Ол көз алдында болып жатқан жағымсыздықтан зығырданы қайнап отыр-мыс. Қабағы ұйпа-тұйпа. Сендегі өзгеше қорқумен, Кристің жүзіндегі мен -мендікті жоқ қылудың алдында тұр. Бірақ, олардың көзінше ештеңе істей алмайтынын біледі. Сен Кристианның жанына жақындап, падностағы шынаяқты ұсындың. Ол бұрылып, падносқа қолын созғанда, шынаяққа ұмтылған саусақтары бірде сенің білегіңе келіп тиді де, кейін шынаяқты өзімен алып кетті.. #Елестетші, есік алдында жүргізуші чемодандарды үйден алып шығып, көлік салып жатыр. Рани Тэхённың маңдайына сүйіп, құшағына басты. — Істеріңе сәттілік! Беделіңді берік ұста, ұлым! - деді Хан оның арқасынан қағып. — Жылдам. Ұшақ? - Кристан оларды әлі біраз тұратынына шыдай алмай. — Апа, ұлың соғысқа емес, 3-4 күндік іс сапарға ғана бара жатыр емес? Не болды сонша? — Өшір! - деді Жаклин Тэхённың ата-анасымен қоштасып жатқан сәтін бұзбас үшін. Іште қызметшілер терезеден бұл көріністі тамашалауда. Олар арасында сенде барсың. Тілсіз тұрып, оны тыстан қадағалайсың. Дәл қасыңдағылар секілді есің кете емес, тылсым сезіммен. Жек көрініш пе жоқ одан өзгесі ме біліп болмайды. Сен қарайсың, көз алмайсың, ал мұны іштей сезеді, түйсінеді. Бірақ, назар аудармайды. Не қылған өрескелдік? Осылай, олар кетті.. Көкжиектен шыққан күн, түсте көлгірсіген күйінішпен шақ төбеде тұрып алған. Күздің осы бір кездері ысып, жазғытұрымнан өтіп кетердей болады. Соның уақыты ғой, қаумалаған жұмысты терлеп-тепшіп түгеттіңдерде, бөлмелеріңе кеттіңдер. Рина мен Хан мырза ескі туысының шақыртуымен қонаққа кетті. Рина бүгінше тірлікті бітіріп, демалуларыңды айтты. Ұшақ. — Неге Кристианға үйдегі күзетті күшейтуді бұйырдың, Тэхён? — Қауіпсіздік? Менің оны түсіндіріп отырғанымды қалайсың ба? - Тэхён ноутбукпен әлдене істі қарап, шұғылданып отыр. — Неше жылдан бері есіңе енді түсті ме, күзетті күшейту? — Не? — Әлде үйіңде жасырған бағалы бұйым барма? - Жаклин иегін тіреді де, Тэхёнға зер сала жақындап. Ps енді бұдан кейін бұндай тірлік істемеспін бар ғой.
#BTS_IMAGINE_QRF  #Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің. 6-бөлім — Айтқан іскерлік кездесуің осы ма? - даусы қатқыл үнмен шықты. Су Бэн де саусақ симайтын жерге бас сұғып: — Əй, ақырын… Дауыс көтермесеңші олайынан. Қыз баласы ғой, - саған төне қарап тұрған Юнги, бірден еңсесін тіктеп: — Қалай сөйлесем де, өзім білемін. Əйелім, дауыс көтерсем де, ұрсам да өз еркім, - менсінбеушілік тұнып түрған көздермен қарады. Сенің құлағыңа "ұрсам да" сөзінің асты сызылып естілді. Су Бэн оның бұл сөздерін елемей, саған қарап қана отырды. — С/а, мен сені күтемін. Мен білемін, сен маған қайта ораласың. Сені қатты сағындым, иісің, көздерің, үлбіреген шаштарың бəрін-бəрін сағына сені күтемін. Мына қызыл шие еріндеріңді де… — С/а! Мынаны ертерек шығар немесе өзім! Су Бэн тағы ұзақ қалатын болса сені тығырыққа тірейтін түрі бар. Ертерек кеткені дұрыс сыңайлы. — Саған тағы қандай сөз керек. Кетсеңші енді, - Су Бэн орнынан тұра, Юнгиге қарап мұрнын шүйіре: — Оны мен сүйгендей сүйе алмассың. Күйеуі шығарсың, бірақ сені мені сүйгендей сүймейді, С/а, - деді де, есікті тарс жаба шығып кетті. Юнги сенің жұмыс үстеліңе сүйене отырып, қолдарын айқастырып алды. Оның ұзақ лекциялық сөздерін тыңдағың келмей, сөзді өзің бастадың. — Енді не дейсің? Оның кім екенін айтайын ба? — Жоқ, керек емес. Одан да мынаны айт. Маған келгенде пəк болдың, бұл рас па еді? — Юнги! — Енді қазір медицина дамыған уақыт. Ондайды жасатып алу оп-оңай ғой. — Мені кім деп ойлайсың?! - орныңнан ыршып тұрдың. Оның арыңды аяқпен таптай сөйлеген сөзі, саған көрінбес жебедей тиіп кетті. — Ммм, “жезөкше” десем қалай? - көздері ойнақтай, тағы мысқылмен сөйледі. Бұл тап бір сен қорқатын Юнги оралғанын көрсетердей. #ескетүсіру — Əке, уайымдамашы, таптым ғой ақшаны. Қайдан, қалай екенін не қыласыз? Шүкір, жанашыр достарым бар, - деп, телефонды сөндірдің. Юнгимен келісімді тек ауызша емес, заңдастыруға келген болатынсыңдар. Юнгидің кеңсесі хатшы қыз келіп: — Міне, Юнги, келісім шарт. — Мені "Юнги" деп атаушы болма! Енді кет. — Неге? Мына албастыны таптың, мені ұмыттың ба? - деп, еш қымсынбай айта салды. Тоқта, шамасы Юнги бұрын осы қызбен жүрген секілді. Сен олардың əңгімесін үнсіз тыңдауды шештің. — Джеён, "кет" дедім, - Юнги еш реакциясыз, қағаздарды оқып отыра берді. Тап бір күшік үріп, оны қуып отырғандай, адам сөйлеп тұр-ау деп мəн де бермеді. — Кетпеймін! Сен кімсің сонша? Пайдаңа асырып, енді керек емес болып қалдым ба? - қыз аузын жауып үлгермей, шапалақтың даусы шықты. Иə, Юнги оны шапалақпен періп қалды. Қыздың ерні қанап сала берді. Осы уақытқа дейін əйел затына қол көтерген еркекті мүлде көрмеген едің, бұл көрініс сені шошытып жіберді. Қазірге дейін Юнгидің аш қасқырдай қараған көзқарасы шошытса, енді бұл қылығы сені қорқыныштың көріне көміп тастады. Істің артын бағып тыныш қарап отырсың. Юнги қыздың жағынан ұстап: — Кім екенімді көрсетейін бе? Ажалыңа асыққан екенсің, дымға да арзымас, жезөкше! - жерге итере отырғызды. Ол құлаған бойда, Юнги оны теуіп қалды. Бұл соққыларды көруге шыдамай көзіңді жұмдың. #ескетүсіруаяқталды Келісімнен кейін 2 ай уақыт өтті, фотосессия, кездесулер, құдалық сынды іс-шараларда Юнги мүлде басқа адам еді. Бұрынғы маняктарға тəн көзқарас та жоқ, сыпайы, ешкімге зияны жоқ момын болып жүрді. Содан болар оның шынайы бейнесін ұмытып, өзіңе көп ала, оны басынып кеттің. Оның "жезөкше" деп айтқанына қарсы мың-сан сөз айтуға оқталсаң да, қорқыныш тұсауы сені жіберер емес. — Ехх, С/а, С/а. Қандай адамсың өзі сен? Еліктіргішсің, ақылдысың, кейде ақымақсың, кейде жезөкшелігің ұстап қалады, - сөзінің басын жақсы сөйлеп келгенімен, соңы улы. Үнсіз ғана оған тіке қарап тұра бердің. Артық сөз айтпадың, бұл үнсіздікпен ер адамды жеңесің деген психологиялық əңгімелердің үзіндісі болса керекті. Үнсіздік "иә” дегеннің нышаны іспеттес. Юнги иегіңді қатырақ ұстай, жоғары көтеріп өзіне қаратты. — "Ол кім, оны сүйесің бе, мені алдадың ба?" демеймін. Сұрағыма иә не жоқ десең болғаны. — Сұрақ? - дедің, даусың əлсін ғана шығып. — Иә, сұрақ. Не болды, қорқасың ба? Артың ашылып қалама дейсің бе? — Қорқатындай ештеңем жоқ. — Оны шын сүйгеніңе сенбеймін, ол саған қандайда бір дүние үшін керек болған шығар, - қастары ойнақтап. — Юнги! Жетер бəлкім, шеттен шығып барасың. Менің өткенім туралы айтатын сен емес, - даусың қатты шыға, сыртқа естілсе де бұл қазір ештеңеге əсер ете алмады. Арада ұрыс дауылы көтеріліп, айналаны жайпап жатты. Сенің сезімің туралы оның айтқан əр сөзі, ескі жараны тырналап болмайды. Əр айтқан сөз сенің қаныңды тулатып, ашу-ызаға айналып жатты. — Жарайды, сонша долдандың ғой. Ал, сұрағыма жауап бер. Сенің оған сезімің болмады, онымен тек түн үшін ғана бірге болдың ғой, солай ма? - тағы-тағы сенің сезіміңді аяқпен таптады. Сенің Су Бэнге деген сезіміңнің қандай шынайы əрі қаншалықты күшті болғанын сен ғана білесің. Бұл жерде Юнгидің маңызы жоқ болса да мына сөздер өткен сезімдеріңді жалған болғандай етіп көрсетіп жатты. Бұл үшін ашуға булыққан сен: — Иә, əр түн, əр түн бірге болатынбыз. Ол керемет еді. Сол үшін мен оны қимаймын, - бұл сөздер аузыңнан қалай шығып жатқаны белгісіз. Бар өкпе, ренішің қазір шыққандай. Айқайға сала бар ішіңдегі ашуды шығарғандай едің. Юнги керісінше тозақ отынан да ыстық отта өртенуде. Сен соңғы сөзді айтқан бойда үлкен алпауыт күш сені жерге жығып салды. Міне, сен қорыққан —Юнги. Соққы бетіңді шымырлатып, көзіңе жас толып қалды. Көз алдың бұлыңғыр бола, қозғала алмай отырып қалдың. Юнги шашыңнан тарта орныңнан тұрғызды. Ауырсынуды сезбедің де, ішіңде тек қана Юнгиге деген ашу ғана. — Не дедің қайталашы, қане?! Қайтала деймін! - иық тұсыңды ұстап қысып жатты. — Жібер! Тарт қолыңды, оңбаған. — Айт деймін! Сен тек мендік болуың тиіс түсіндің бе? — Жібер! Қойсаңшы болды, бəрі тек сен қалағандай бола береді дейсің бе? Жоқ, олай болмайды. — С/а! Қанымды қарайтпа! - оның ашуынан кеңсеге қара бұлт үйірілгендей түнеріп кетті. Екеуіңнің ұрыстарың алдыңғыдай емес, бір-біріңе ауыр сөздер айтудасыңдар. "Мен сенімен бірге болуды қаламаймын" деген сөзден кейін Юнги саған тағы да қол көтерді. Бұл жолы бір шапалақ қана емес, арты-артынан екі-үш шапалақ болды. Есіңді жию қиын бола жылап тұра бердің. Еңкілдеп жылағаныңды көре, Юнги өзін ұстай: — Қазір бір сөз, содан соң мен сені өлтіріп қоямын, - деп, диванды теуіп, шығып кетті. Ол есікті жапқан бойда, жерге отыра жылай кеттің. Ата-анаң қол көтермегенде, Юнги сені ұрды... Телефоныңды ала, бір жерге қоңырау соқтың. — Иә, дəл қазір. Көлік жіберіңіздер күтемін, - арада уақыт өтіп, көлік келіп тоқтады. Кабинетіңнен тапқан кішкене орамалды мойныңа орап жатырсың. Жылап іскен көздеріңе көзілдірік тақтың. Шапалақтың қызарған іздерін орамалмен жаба, сыртқа шықтың. Хатшың саған алаңдап отыр екен, шамасы дауыстарыңнан бəрі қалай болғаны сыртқа естілсе керек. — Екі-үш күндей болмаймын. Кездесулерде шегеріп қой. — Иә, ханым... Көлікке отыра жүріп кеттің. Терезені ашып желменен тыныстап келесің, бірде-бір дүниені ойлау мүмкін болмады. Көлік баяу жүре бір ескілеу нақышта соғылған үйге тоқтады. Үйден бір кісі келіп есікті ашты. — Қош келдің, С/а ханым! Бөлме дайын, жүр. — Рақмет, - басыңды изеп, бөлмеге қарай аяңдап жеттің. Бөлмеге кіре үстіңдегі бар ауырлықты шештің де, жердегі төсекке жаттың. Телефоның кеңседе қалған, енді бұл жерде сені ешкім мазаламайды. Күн батқанға дейін тек ұйықтадың, ұйқымен сен бəрін жеңуші едің. Кешке жаңа сені күтіп алған кісі кешкі ас əкеліп берді. Су ішкенің болмаса, ыдысқа қасықты да салмадың. Қайта үнсіз жатып қалдың. Бар жайтты ой елегінен өткізе ойланудасың. Юнги де үйлеріңе бармаған сыңайлы. Сені əлі іздеп жатқаны жоқ, іздесе де табуы қиын-ақ. Арада төрт күн өтті. Юнги сені итпен іздеуде, телефоның байланысы арқылы іздесе кеңсені көрсетеді. Ал кеңседен телефоның қайда екенін таба алар емес. Телефонды сөндіре, оны жасырып кеткеніңнен болар... Ол болған оқиғадан кейін бір күн үйге бармай, барғаннан кейін сені таба алмай уайымға салынды. Сен əлі сол саяжайдасың. Барлық күнің сырттан алысқа қараумен өтеді. Не жыламайсың, не күлмейсің, не сөйлемейсің. Ақыры дегенде үйге қайтуға шешім қабылдап жолға шықтың. Юнги сені іздеуді мүлдем тоқтатпапты. Үйге келген уақыт үйде ешкім болмады. Жоғары көтеріле бөлмеге келдің. Бөлменің астан-кестені шығып кеткен. Қызметшілер де бұл үйде бірнеше күн болмаған секілді. Заттарды аттап өте, жуынатын бөлмеге барып бетіңді бір шайып алдың. Сөреден əдемі жеңіл қан қызыл түсті көйлегіңді киіп, айналаңды жинастыра бастадың. 1 сағатта үйді айнадай болмаса да бір қалыпты ете жинап қойдың. — Эх, энергиям тасып тұр. Жата беріп денем құрысып қалыпты... - созыла ас бөлмеге келдің. Іздеп жүріп рамён таптың. Əп-сəтте оны дайындап, түстеніп алдың. Төмендегі бөлмелерді қарай, өзіңе ыңғайлы бір бөлмені қарадың. Жоғары, төмен шығып-түсіп жүріп өз заттарыңды төменгі қабатқа көшірдің. Бөлменің ішін жайғастыра кеш те батты. Есіктің тарс жабылғанын естідің. Бойыңда қандайда бір үрей тұрды. Өз-өзіңді қолға ала, айнаға барып өзіңді реттедің. Есікті ашуға ұмтыла бергенде Юнгидің айқайын естідің. — Блять, нем бар еді ұрып? Қолым сынғыр! Қайда ол, қайда? - ашудан көзі ештеңені байқамайды да. — Осындамын! - дедің, бөлмеден шығып. — С/а?! - деп, алдыңа жетіп келгенде кері шегіне: — Тағы бір қадам, мен өзімді өлтіріп қоямын! - деп, оның сөздерін қайталай не болғанын есіне салғың келді. — С/а... — Тамақтанып келдің бе? Əлде тамақтанасың ба? - деп, оны айнала өтіп ас бөлмеге келдің. Юнги бұл ісіңді ұғына алар емес. Артыңнан еріп келе: — Тоқпын, сөйлесіп алайықшы. Басқа шаруалар күте тұрар. — Дұрыс, сөйлесіп алайық. Міне, осы бөлме менің бөлмем. Əйеліңмін ғой, үйде қай бөлмеге барсам да өзім білетін шығармын. — С/а, қумашы, менің бөлмем дегенің не? Біздің бөлме жоғарыда. — Иә, ол жоғарыдағы біздің бөлме. Бұл есе менің бөлмем! — Тағы, не былықтырмақшысың?! - ас бөлмедегі үстелге сүйене саған сүйкімді жүзімен қарап тұр. Өз жасаған қателігін түсінетін секілді. Қайта жуас, момын бола қалғандай. — Ештеңе… Қорықпа, "ажырасамын" демеймін. — С/а, ашып айтшы. Неге біртүрлі сөйлеп жатырсың? — Тыңда, ендеше, - дедің, жанына тұра аяғыңды айқастырып, сөзіңді жалғап: — Мен сенің ырқыңа көнетін адам емес екенмін. Қалай болмасын, мен бəрібір қисық сөзбен сені тыныш қалдырмаймын да. Екеуміз бір-бірімізді түсінуіміз қиын. Бірге болу бұл бізге қатысты сөз емес, - деп, ересек адамдарша мəселені шешуге кірістің. Юнги сені үнсіз тыңдауда, компания ісі бойынша кездескендегі ақылды, кербез С/а-ны көріп отырғандай. — С/а, кешір, мен олай жасағым келген жоқ еді. Ашуға булығып, солай болып қалды. — Кешіре алмаспын! Мені бұл уақытқа дейін біреу саусағының ұшымен түртіп көрген емес. Осылай өз-өзімізбен өмір сүрейік. Бэнге келсек, ол менің бұрынғы сүйгенім, басқа ештеңе де емес. — Ол туралы маған айтпашы, қазір өз-өзіме жауап бере алмай қалып жүремін. — Міне, осы үшін бір-бірімізден алшақ араласайық. Күйеуі мен əйелі болып емес. Мен айтқанмен бəрібір сенбессің, сол үшін артық сөз айтпаймын. Тоқ болсаң, мен кеттім, - деп, кетіп бара жатыр едің, Юнги артыңнан құшақтай: — Бұл екінші қайталанбайды сөз берем. Мен сені сүйемін, С/а. Сүйемін, сен үшін əлемді төңкеруге бармын. Мені сүй демеймін, қасымда болсаң да жетеді, - Юнги алғаш рет сезімін мойындады. — Туф, Юнги... Қойшы, жетер бəлкім? - деп, құшағынан шығуға тырыстың. Ол сені қатты қысып құшағына алыпты, шығарғысы келмеді. — С/а, өтінем, маған олай етпеші, - мойныңда дем ала, сөзін жалғады. — Не айтсаңда орындауға бармын. Қателігімді қалай жуып-шаямын? Сенен сұрарым тек қана менің жанымда ғана бол, басқа ешкімді ойлама. Сол кезде мен əлемді аяғыңның астына салып беремін. Өтінем, маған сенші. — Юнги, жіберші. Мен сенің меншігің бола алмайды екенмін. Оны армандаушы да болма! - жұлқына құшағынан шығып кеттің. Аяғыңды тез-тез баса бөлмеге кіріп кеттің. Ештеңеге алаңсыз, жарықты өшіре төсекке жаттың. Есікті құлыптамадың, бəлкім бұның еш мəні жоқ деп санағаннан болар. Юнгимен араңды жақсартып, жақсы өмір сүруге ұмтылып жатырсың. Юнги сені бөлме сыртында күтті. “Мүмкін ойы өзгерер немесе ішке кірсем бе?” деген оймен біраз кідірді. Есікті қаға бөлмеге кірді. — Ұйықтап қалдың ба? — Иә, - дедің, көзіңді жұмаған қалыпта. — Ұйықтап жатқан адам сөйлей ме? - деді, кішкене күле. — Дем аламын, мазамды алмашы. Сен де ұйықта. Қайырлы түн! — С/а, қарным ашып тұр. Қызметшілер де жоқ... — Енді? Үйде тамақ та жоқ. — Жаңа тамақ бар адам секілді айтып жаттың ғой. — Ішпейтініңді білген соң солай айттым, - Юнги бұл сөзіңе күліп алды. Қайта араларың бұрынғыдай секілді. — Өзің ішпейсің бе? Тапсырыс бере саламын тамақты. — Ішпеймін, тапсырыс бер де, іше бер өзің. — Қасымда отыршы... - деді, даусы ақырын. — Бала болып кеттің бе? Осы уақытқа дейін қалай іштің солай ішсей, - мазаңды алып бітірген, Юнгиге орныңнан тұра аларып. — Өтініш, С/а. Тамақтанайықшы, əлі сағат 11 болғанда жоқ, - деді, сағатына қарап қоя. Шыдамың шегіне жете, Юнгидің мыжыңдығымен ас бөлмеде тамақтанып отырсыңдар. Тапсырыс бере, ыстық тауық сорпасын алдырдыңдар. Сен үнсіз сорпадан бір-екі ұрыттай ішіп отырдың. Юнги өз сорпасын бітіріп үлгере: — Күйеуі мен əйелі ретінде болмаймыз дейсің, баламыз ше? - деп, жақсы атмосфераның күл талқанын шығарды. — Туамын, - дедің, еш реакциясыз. Юнги сенің бұл сөзіңе ва*уй болып отырып қалды. Сенен тағы наразылық күтіп еді. — А? Мен түс көріп отырмын шамасы, - мырс күліп. — Балалы боламыз, туып беремін, апаңа немере сыйлаймын. Болды ма? - деп, басыңды көтере Юнгидің көзіне тік қарадың. Юнгидің түрі ағып жерге түсуге шамалы қалыпты. — Қалай оңай айтып отырсың? Сонша ұрыстан кейін балалы болуға қарсы емеспін дейсің, алдын тату кезімізде қарсы едің. — Біз ешқашан тату болмап та едік. Ал балаға келсек ойландым, бар болғаны сол. — Бала менен болатын шығар… — Көшеден табамын болды ма? - қайта тамақ іше бастадың. — Қашан бала жасаймыз? Бөлек бөлмеде жатсаң, бала ауамен бара ма? — ЭКО арқылы, - деп, əр жыл сайын балалы болатын адам секілді түр бермей сөйледің. — Есіңнен алжастың ба? Шамам жетеді бір баланы жасауға. ЭКО-сы несі, қуасың ба? — Мен қаламаймын сенімен төсектес болуды. — Ал мен қалаймын, сенімен тек қана неке түнінде ғана болдым. Сені сағынып та үлгердім. Мүмкін... — Ойыңа да алма! 6-бөлім соңы. #FlowerFly
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес болған күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе.. 7 бөлім. (Әуенді қосыңыз) #Елестетші, сенің қашып кеткенің Аннаға айдай анық. Егер, мұны Тэхён білетін болса Анна бітті! Біткен жері осы! Рани үйге келгенде Анна оған мәселенің жай-жапсарын айтып берді. Сенің жай қызметші емес, Тэхённың ойыннан ұтып алған күйеуі бар әйел екеніңді, осында қамап ұстап отырғанын, анау үйдегі қаптаған күзетшінің барлығы сенің қашып кетпеуің үшін қойылғанын айтты.. Бір аптадан кейін. Лияға сен болып өткен жайттың бәрін жайып сала алмадың. Себебі, екеуің етене жақын емес, алыстан сәлемдесуші едіңдеи. Соған қарамастан ол сені жақсы күтіп алды. Оған тым-тырыс барып, Магриджбен араларыңның дұрыс емес екенін ғана ескерттің. Лияның өзі тұрмысқа шықпаған, анаңның әкпесі еді. Сенің келгеніңнен жалғыздықтан сәлде болса айырылып, сенімен бірге уақыт өткізіп жатты. Үй. Тэхёнмен Жаклин шет елде басқа шаруалармен бөгеліп, бір апта қалып қойған болатын. Енді, содан оралғаны бүгін. Қазір үйде оның жағдайын жеткізу қиын. Ол ана жақта Аннадан сені сұрағанда, үйде жүргеніңді айтып,алаудамауын, баскөз болатынын айтқан еді. Бұл Рианнаның бұйрығы. Себебі, Тэхённың Вавилоннан ештеңеге көңіл аудармай, жұмыс тыныш тынтырып келсін деді. Келгесін, бәрін түсіндіреміз деп көндірді. Бірақ, Тэхён келгесін үй іші өртке оранды. — МЕН САҒАН НЕ ДЕП ЕСКЕРТТІМ, АННА?! - қаһарлы дауысын ыза кернеп. — Мырза, Рани ханымның оны алып кеткенінен бейхабар болдым.., - Анна оның қорқынышты шыққан дербес үнінен жылап жіберді. — Құрып кеткір! — АҚЫЛСЫЗ! Үйге күйеуі бар, отбасылы әйелді алып келіп, одан қалғасын.. арсыз! - деді әкесі ары қарай жалғастыруға сөзі таусылып. — Әке..- деді бұлқан-тылқан болып отырып, Ханның сөгісін қажет етпей. Ол үшін қазір өзінің ашуынан басқасын орынсыз деп біледі. Анасы шетте бетін басып, жас сорғалатып отырғаны қай заман, не дерін білмей. Отызға тақаған ұлын не деп жегеді, не деп ақыл айтады. — НЕ ӘКЕ! ДАБДАРДАЙ БАСЫҢМЕН ІСТЕП ОТЫРҒАН ТІРЛІГІН ҚАРА! ЕРТЕҢ ОЛ ӘЙЕЛ СОТҚА БЕРСЕ, ҚАМАЛАСЫҢ! ҰҚТЫҢ БА? ҚАМАЛЫП КЕТЕСІҢ! МҰНЫ МЕНЕН ЖАҚСЫ БІЛЕСІҢ СЕН! — Хан..- деді Рани булығып кеткен зайыбына басу айтпақшы болып. — СЕНІҢ ЕШТЕҢЕҢ КЕТПЕЙДІ. МЫНА ЖЕРДЕ РАНИМЕН МЕНІ ҚАН ҚАҚСАТАСЫҢ! — Хан, болды.. — ЖИЫСТЫР МЫНА ТІРЛІКТІ! ТҮСІНДІҢ БЕ?! Тэхён сорасы ағып жатқан бұрыштағы Аннаны бір қағып өтті де, бөлмесіне кетті. Кабинетке кірген бойда айналаны астаң-кестең шығарып, телефоннан Кристианға қоңырау шалып " тап оны! " деді. Ол қазір нағыз жыртқыштан аумай қалды. Жемтігінен айырылған жырғыштан! 1 күннен кейін. Түс уақыты. Лия кездесіп жүрген жігітімен серуендеуге осыдан 1 сағат бұрын шығып кеткен болатын. Сені ертіп кетпекші еді, зауқың соқпағасын жалғыз өзің үйде қалуды ұйғардың. Сол мезетте есік қағылды. Орныңнан тұрып есік дүрбісінен қарап едің, келген адамның жүзі көрінбеді. Сескенбеген соң, кім болса да, Лияға екенін іштей сезіп, алаңсыз есікті аштың. — Сәлем! - деген Кристиан күліп, өзін көрген кезде сұсы қашып кеткен сені қағып өтті де ішке кіріп кетті. Сен тіпті есікті жауып қалуға үлгерген жоқсың. Өңің боп-бозбоп, түсің қашты. Әлде, әлем төңкеріліп кетті ме екен?! — Қалайсың? - деді сен тұрып кеткен диван үстіне шалқая отырып, үй ішін қарап шығып. — Не.. неге келдің?! Шығып кетт! - кекештене. — Ейй! Неге сонша үркіп тұрсың? Адам жейді естіп пе едің? - енді аяғын айқастыра күле бастап. — Неге келгенімді өзіңде жақсы білесің ғой? Сарайдай қорғаннан қашып, мына лашықта тұрып жатқаныңа сенбеймін! — Кристиан! Өтінемін, кет! Өтінемін! - дедің жалбарынсаң жібітіп аламын деген оймен. — Кристиан? - есімін атағаныңды алғаш естіп. — Есімім мұнша жағымды естіледі?! — Өтінемін, ЖАЙЫМА ҚАЛДЫРЫҢДАР.. — Қой, қымбаттым! У-шусыз кетейік бұл жерден? — ЖОҚ! - дедің артқа қарай жүре бастап. — Кеткің келмей ме? - аянышты түр жасап. Сен жылдам артқа бұрылып, есікті ашып қашып кетпек болғанда, алдыңнан еңгезердей адам шықты.. Үй. Бөлме бұрышында отырсың. Олар сені зомбылықпен үйден қалай алып шыққанын ұмыта алмай отырсың. Сен алғаш оянған бөлмеге әкеліп, сыртыңнан қамап кеткеніне де көп болмады. Бәрінің көзінше сені желкесіне артқан қаптай қылып, жоғарғы бөлмеде сыртыңнан кілттеп кетті. Енді міне! Тізеңді қаусырып, не істеріңді білмейсің. Көп ұзамай үйге Тэхён кіріп келді. Қонақ бөлме де отырған не әкесіне, не шешесіне көз қиығын салмай баспалдақпен көтеріліп кетті. — Ол не істегелі жатыр? - деді Тэхённың жүзінен нақтылықты көре алмаған Ранидің көңілі ала-бұртып. #Елестетші, терезенің жақтауына сүйеніп тұрып, денеңде басталып келе жатқан қорқынышты басу үшін көзіңді жұмдың. Кенет есік айқара ашылды да, табалдырықта Тэхён пайда болды. Сен қорыққанынан тәніңде майда талшықтар жүгіріп өтіп, қазір қандай сұмдық бастап кешіретініңді ескертіп тұр. Жігіт қолын қалтасына салып, асықпай басып саған жақындады. Жақын келе берді. Сен үшін дүниенің барлық есіктері жабылып, оның қазір саған жасайтын ісіне ғана төзу қалды. Ол кірпік қақпайды, тек қап-қара көздері ашуға булығып тұр. Ол көзбен қастың арасы қолдарымен мойыныңнан қысып алды. – Неге сен осындай мазасыз болдың а? - құлақ тұсына ерін тақап. Сенің көзіңнен қалай жас тайғанап кеткені беймәлім, дыбысың шықпай қалды. — Неге менен қашасың? Саған соншалықты жәбір көрсеттім ме? - ренішпен ыза қосылған ащы сөздер құлағыңды күйдіруде. — Жі..бер..- дедің дауысың әлсіз шығып. Ол бетін бері бұрып, көздеріңе тіке қарауға алмасты. Оның қолдарының үстінен ұстап, мойныңнан алып тастауға тырыстың. Қылқынып жатырсың. Анығында солай! Ол саған осы үйге келгелі қол ұшында тигізген жоқ. Саған жылы қабақ танытқысы келгенде, сен өжеттік көрсеткенсің. Ол бар болғаны сені жанында ұстап қалу үшін үш ай қызметші болуға көндірді. Сол ай ішінде өзін сүйіп қалады деп ойлады. Оның орнында басқа біреу болса, сені алып келген күннен-ақ өмірде нендей жаман іс болса соның бәрін жасаушы еді. Себебі, ол сені сүйеді. Сен бұдан алдын тұрмыс бол, болма бәрібір. Қалай барсың солай жақсы көріп қалған. Енді болса ол сені төсек үстіне лақтырып жіберді. — Сен мен ҚҰМАР ойыннан ұтып алған әйелсің! Меніңше, сен бұл айтқандарымды сөзбен түсінбейсің! Сен жұмсақ диван ұшып түстің де, ашылып қалған иығыңды жауып, диван басына қарай өрлеп кеттің. Ал, ол тамағын қысып тастаған галустыкты алып, кастюмді шешіп жерге тастады. Есік іштен кілттеп саған қарай аяңдағанда: — Доғаршы! - дедің қашуға қауқар іздегендей. — Енді ме? - ол диван үстіне тіземен еңбектей шығып, саған қарай келе жатып, аяғыңнан ұстап,өзіне тартып алды. Ал сен енді оның тұзағына түскен құрбандай, астында жатырсың. Қолдарыңды жоғары көтеріп, бір қолын саусақтарыңнан өткізіп, тіреп қойды. Оның жанары сондай қорқынышты," енді не істей аласың?" дегендей. Сен ерніңді жымқырып, басыңды бұрып алғаныңда, ол сені иегіңнен қысып өзіне қаратып алды. — Бірдеңе жасамас бұрын мына басыңмен кішкене болсын ойлансаң етті. Мен саған өтем үшін осы үйде қызмет атқарасың дегенмін. — Ал, сен үш айдан кейін жіберетін бе едің? - оның астында жатып дір-дір етсеңде, оны күре тамырынан бастың. Шынымен, ол сені үш айдан кейін жіберетін бе еді? Меніңше, бұл сұрақ оның көздеген ойынан алыста. — Жоқ! - деді де бағанадан бері "сүй" деп делебесін алып тұрған ерніңе бас салды. Сен көздеріңнен жас шығып, басыңды ары да бері бұрғаныңмен ол қойып жібермеді. Бар ашуын осылайша алып жатқандай. Сені жоғалды дегендегі түрін еске алу мүмкін емес. Үйдегі қарауылдарды көбейтіп, Кристиан ары ұстағанына қарамастан, көптен күткен қорқынышы, өзі өзге жерде жүргенде жүзеге асқандай болған. Ол осы үшін сенен өшін алып жатқандай. Сенің тынымсыздығыңнан, сенің әлі өмірге мойынұсбағаныңнан. Сен бірде тоқтадың. Тырысқаныңмен болмады, оны қайтара алуға күшіңде жетпейді. Ол сенің қарсыласпай қалғаныңды сезіп, бетіне сенің көз жасың тамшылары тигенде барып ісін доғарды. Саған қарап еді, өмірден опық жеген, бейкүнә, мүлде.. мүлдем пәк Жанарға тап болды. Мұндай кіршіксіз кескін сәбиде де болмас! Оның жүрегі мына көріністі көтере алмаса керек, беліңді басқан алақанын алып жүзіңді сипап, көздеріңнен ақырын өбіп қойды да, үстіңнен тұрып кетті. Сенде ашық қалған желкеңді қолыңмен бүркеп, алшақтап кеттің. Ол сені жалғыз қалдыру үшін бөлмеден шығып кетті.. #Елестетші, түннің жарымы. Тэхён сенен кетіп, түнгі клубқа келді. Ол үшін бұл жер бозбала шағының естелігі болмаса, мүлдем жат. Онымен ортақтасқан Кристианмен Роунда осында. Шаш етек жұмыстан бір сәтке босап, бой жазу үшін осында келді. — Сендер сұлусыңдар! - деді алдарында шыбықтай белі майыса билеп жатқан қыздардан көз үзбей Роун. Кристиан оның демде мас болып қалғанына күліп, мүлкінің атып жіберді. — Е! Кристиан көзімен Тэхёнға қара дегендей меңзеп, екі шиша бөтелкені тауысқан Тэхёнға тесілді. — Көкесі, шөлдеп қалыпсың ғой! Тэхён күрсінді де, темекіні түтетіп, басын шалқайтып алды да, аузынан шыққан бумен көз алдын көк түтінге орады. Бағана болған жайтты, сенің қалай төсекте сұлап жатқаныңды, сені қорқыту үшін сүйгенін есіне ала берді. — Тэхён! - Жаклин оның тізесіне келіп жайғаса отырып алды. P.s Менің соңына дейін аяқтаймын деген ниетімді " қызықсыз" деп жерге ұрдыңыздар. Енді желайнам қашып кетті, " қойшы, жазбаймын" деп едім , басқа бір пікірге көңіл тойдырдым. Әлі Тэхёнмен С/енің ара-қатынасын талай жазамын. Сәл күте тұрсаңыздар, бәрін орын орнына қойып алайын?! Егер, қызықсыз болса, осы жерден тоқтатайын.
#Елестетші, ақшаға әуес болған күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе.. 8 бөлім. (Әуен қосыңыз) Бағана болған жайтты, сенің қалай төсекте сұлап жатқаныңды, сені қорқыту үшін сүйгенін есіне ала берді. — Тэхён! - ортада билеп, денесін қыздырып алған Жаклин олардың жандарына келді. Олармен бұлда келген болатын. Негізіне келсек Кристианнан басқасы Тэхёнға не болғанын білместе еді. Сол үшін әрқайсысы өз бетінше көңіл көтеріп отыр. Ал, Кристиан әлдеқашан масаурап қалған Тэхённың келесі әрекетін бақылап отырғандай. Кристианда да қазір Тэхёнға таныс сезімдер болып жатыр. Келесі де Кристің күнәһар ойларының бірі " С/ені таппадым деп, өзің иемденуің керек еді. Сенде оны ұнатасың. Тэхёнға тауып бергенмен жасаған адалдығыңа алғыстан басқа ештеңе алмайсың! " деп шайтаны талай түртіп еді. Бірақ, ол досының олжасына ортақтасқысы келмей, райынан қайтты. Сол уақытта қайдан келгені белгісіз, қызғылт шашты сұңғақ бойлы қыз араға қосылып, Тэхённың жанына отырып алды. Ал, Жаклиннің есілдерті басқа жерде. Әйтпесе, тура тұрып мына бір қыздың ит терісін басына қаптар еді. — Көмегім керек сияқты ғой? - қылғылт шашты қыз Тэхённың қомырайып отырғанына қарап. — Қаласаң, - жігіттің қолдарына тіреліп алды. — Мен сені теңдесіз бақытқа бөлейін? - қыз мұрнын қысып қойып, оған және жақын келіп еді. Тэхён басын көтерместен қорс жауап беріп, " кет! " деді. Мұнысын Роун көріп Кристианнан "не болған мынаған, мұндайды қайдан шығарған?" дегендей ымдады. Крис қолындағы вискиді бір қылқытып, иығын көтерді. Өтірік. Ол бұның бұл жағдайға қалай жеткенін жақсы біледі. Үй. Түн ортасы. Құлқынын әбден қандырған Тэхёнды үйге дейін қолтықтап келген жүргізуші мырза Кан есік алдында бөгеліп, оны ары қарай бөлмеге апару үшін Аннаны іздеді. Бірақ, бұл кезде бәрі шырт ұйқыда болды. Тек сыртқы бақтан ішке кіріп бара жатқан сенен басқа. Тэхён бөлме есігін ашық қалдырғанын көргенде, барлық ұйқыға кеткеннен кейін аулаға сергіп келуге шыққансың. — С/е..- едеуәрір үлкен Кан мырза сені байқап қалғанына қуанып. Сен лезде бұрылып, оның аяғынан шақ тұрған Тэхёнды демеп тұрғанын көрдің. — Бөлмесіне алып бару керек, - деді абыржыған түрмен. — Сенен таңқурай әтірінің иісі шығады! - сендер мына қарғыс атып кеткір қырық бес баспалдақпен шығамын дегенше, иығыңа басын қойып алған ол ауызына келген сөзді айтты. Сен елемеуге тырысып, тезірек бөлмесіне алып барып, кетіп тынуды ғана ойладың. Ол өз аяғымен көтеріліп келеді, бірақ демеп тұратын адам қажет еді. Ол бірде иіскеу басын мойыныңа жақындатып еді, сен бұнысын тоқтату үшін ештеңе істей алмайтыныңды түсініп, үнсіз алға жүре бердіңдер. Тек басыңды бұрғанда, оның еріндеріне белгісіз мысқыл кеп қонған. Мұны саған байқатпады. Ақыры дегенде, оны диванға жатқыздың. Ол екі қолын ұзағынан созып, осы орынға жету үшін небір қиындықпен алысқандай-ақ. Сен бұрылып, есікке қарай кетіп қалдың. Қап! Артқа бас бұрып едің, оның шешілмеген аяқ киімімен, пиджаг.. Жоқ, бұл нағыз өз басына өзі бәле тілеп алу ғой! Неге кете салуға болмайды? Бәрібір емес пе? Ерніңді ыршып жіберіп, диван шетіне отыра кеттің де, оның туфлиін шеше бастадың. Аяқ киімдерді тақтап шетке қойдың да, үстіне жауып кетіп қалдың. Оның артық әрекет жасамағаны жақсы болды. Жаның көзіңе көрінсе де, қимылсыз тұра бердің. Оның кім екенін білесің. Бірақ, іштен құлыпталған есіктен қалай кірген? Ол бұрамадан ақырын қолдарын алып, желкеңе тастады. Су екеуіңе жетерліктей ағып жатыр. Желкеңнен ұстаған ол сені өзіне бұра бастағанда сені, кері айналып шығып кетуге ұмтылдың. Ол сеніммойыныңнан мықтап ұстап су астына қайтадан әкеліп қойды. Дес беріп, сені жайдан жай жібермейтін секілді. Оның түрі келбеті ендігі айқын бола Тэхён! Ол қолдарын әлі де алмай, жақын бір қадам жасады да, бас бармағын жылы суға жуылып жатқан еріндеріңе қойды. Ол кеше осы еріндерден сүйгенін есіне алды. Масат қылып, тағы жақын келе бергенде, сен ұйқыдан оянып кеттің. — Құрып кеткір! - шашыңды ысырып, қаншалықты терлеп кеткеніңді көргенде, ұяттан жерге кіріп кетердей болдың. Таң. Сен қамалған бөлме Тэхённың тиесілі екенін білгенде, оны сонда қалдырып, өзің бос бөлмелердің бірінде түнеген едің. Түнімен міз бақпай таңға жақын, көз ілген едің. Есікті іштен бекітіп, жуынатын бөлмеге кіріп кеткеніңе біраз болды. Себізгіден суық су ағызып душтың астында тұрсың. Себелеп ағып тұрған су қою қара шашыңды денеңе жабыстырып, тәніңді нәзік сылап өтіп жатқандай. Оған араласып, ащы жаста бетіңнен сырғып, білінбей кетуде. Бірде жуынатын бөлме есігі аса ұқыптылықпен ашылып ішке бейтаныс адам кіріп келді де, душ әйнектерінен көзге оттай басылатын сенің жалаңаш деңеңнен көз алмай, шешіне бастады. Сен оның асыр ойдың астында қалып, сезбедің. Ол шегінді де душқа кіріп, сенің дәл артыңа келіп тұрып алды. Сенің көздерің жұмулы болатын. Себізгіден аққан тамшыларға бетіңді тосып тұрсың. Бірде су жылып кетті. Көзіңді ашып, бұрамаға көз тастағанда, арқаңнан пайда болған ер адамның қолдарын көрдің. Жаның көзіңе көрініп, ішіңнен истерикаға түссең де, қимылсыз тұра бердің. Себебі, құтылудың жолы әлдеқашан жабылған еді. Оның кім екенін білесің. Бірақ, іштен құлыпталған есіктен қалай кірген? Ол бұрамадан ақырын қолдарын алып, желкеңе тастады. Су екеуіңе жетерліктей ағып жатыр. Ол су шаштарыңды шетке ақырын ысырып, иығыңнан өбіп қойды. Желкеңнен ұстаған ол сені өзіне бұра бастағанда сені, кері айналып шығып кетуге ұмтылдың. Ол сеніммойыныңнан мықтап ұстап су астына қайтадан әкеліп қойды. Дес беріп, сені жайдан жай жібермейтін секілді. Оның түрі келбеті ендігі айқын бола Тэхён! Ол қолдарын әлі де алмай, жақын бір қадам жасады да, бас бармағын жылы суға жуылып жатқан еріндеріңе қойды. Ол кеше осы еріндерден сүйгенін есіне алды. Масат қылып, тағы жақын келе бергенде, сен ұйқыдан оянып кеттің. — Құрып кеткір! - шашыңды ысырып, қаншалықты терлеп кеткеніңді көргенде, ұяттан жерге кіріп кетердей болдың. Бәрі үстел басына жиналып алған. Кім, қандай екені беймәлім, бір адамды күтіп жатыр. Бәрінің жүзін қалың мұң торлап алыпты. Ранидің көзінен сылқ-сылқ жастан өзге ештеңе шықпады. Хан оны құшақтап отыр. Ал, Тэхён олардың жанында әріде бері жүріп, әлдекіммен телефон арқылы сөйлесуде. Сен болсаң, бөлмеден сыртқа аттап баспадың. — Келді, - деді Тэхён бірде ата-анасына қарап. Рани дымқыл шүберекпен көзін тағы бір сүртіп алды да орнынан тұрды. Есіктен ішке қарай жүгірген 3 жасар қыз, өзін қашаннан тосып отырған Ранимен Ханды айналып өтіп, Тэхёнды барып құшып алды. Тэхён қызды қолына көтеріп, үлпілдеп тұрған шаштарын сипап, маңдайынан иіскеп алды. Рани ауызымен алақанын жауып, келесі көз жасын келген ізімен қайтаруға тырысты. Қыздың ұлына барып жармасқанына көңілі ортайған жоқ, енді ата-анасынан айырылған бөбекке жақын адам барына қуанды. Дастархан басы. — Көке, сен алдыңғы жолы мені алдап кеткенсің! Есіңде ме? - деді Ханни бұртиып, Анна аузына салып жатқан ботқаны жеуден бастартып. — Қашан? - деді Тэхён Аннаның қолынан ыдысты алып, өзі беріп көрмекші еді, қыз басын шайқады. — Алаңқай! — Аа! Есімде болмай-ше?! - ыдысты үстелге қойып, қызды тізесіне отырғызып. — Алып барасың ба? — Рани әже.. — Жоқ! Сен! - оның не айтатынын алдын ала біліп. — Жақсы! Алып барамын,- деп еді қыз жадырап шығып Тэхённың бетінен сүйіп алды. — Тек шаруаларды тезірек бітіремін. Жақсы ма? Тэхён көлікке отырып жатқан кезінде, Рани Ханниды атасына ұстатып, ұлының алдына келді де: — Неше күн болды. Ашылып сөйлемейсің. С/е қайда? — Апа, кейін..- Тэхён көлікке отырып. — Ертерек келуге тырыс. Ханниды білесің, екінші рет алдаусыратқаныңды білсе, көндіру қиын болады.. — Жақсы, - деген Тэхён анасының маңдайына сүйіп, жұмысқа жүріп кетті. — Қане, менің алтын қызым! - Рани құшағын ашып Ханниге қарай келе жатып. Есік қағылды. — С/е, - деді есіктен ішке бас созған Клю. — Тәуірсің бе? - сені қуып жібереді деп ойлап тұрған болса керек, сескене сұрады. — Кір, - дедің күліп. Ол бәрі жақсы екенін біліп, есікті толық ашып, қолындағы таңғы ас салынған науамен кіріп келді. — Клю.. ішпеймін.. — Келгелі нәр татпадың. Төменге асқа түспейсің. Бұлай жалғаса берсе, аштықтан ауру боласың, қыз! - ол төсекке арнайы орындықты қойды да, жаныңа келіп отырды. — Көп сөзді қойда, тамақтан. Әйтпесе, Тэхён мырза бәріміздің жонымызды шіледі! - қалжыңдай. — Жақсы, Анна шақырып жатыр. Кейін келемін, - қолыңнан ұстады да, қолдау білдірген болып, шығып кетті. Сен шынымен аштықтан құр сүлдері қалған қаңқаға ұқсап қалып едің. Еш болмаса, жүрек жалғап алу үшін шанышқыны қолыңа алды. Арадан көп өтпей, бөлмеге зыр жүгіре кірген қыз мұнда сенің бар екеніңді біліп, қолындағы қонжығын жерге түсіріп алып, тоқтап қалды. — Ой! - ауызын кішкен қолдарымен жаба. — Сіз.. сіз кімсіз? Сен оны ұялған түріне қарап күліп жібердің. Қызық. Ол мұнда қайдан жүр? Кішкентай қыз жоқ еді ғой? Кейін шаштарыңды құлақ артына қайыра: — С/е, - дедің. — Ал сенің есімің кім? — Ханни, - сенің күлгеніңе қарап олда жымиа. — Тамақ жеп жатырсыз ба? - ол сен жаққа қарай келе бастап. Басыңды изедің. — Ханни? Қайдасың? - 15 минуттан бері тығыламын деп жоқ болып кеткен қызды іздеп сан-сарсанға түскен Рани сенің бөлмеңнен өтіп бара жатыр еді, ашық қалған бөлмеге оқыстан көзі түсіп, кереует үстінде әңгімелесе тамақтанып батырған Ханнимен сені көрді. — Мен мысалы ханшайымдарды өмірде бар деп санамаймын. Олар тек ертегілерде ғана. Ал, ертегілер балаларды шынайы өмірден алыстататын ең керемет құрал! - жидекті ауызына салып әңгіме соғып отырған қыз. — Ханни, сен шынымен 3-сің бе? - оны ересек адамдарша сөйлеп жатқанына ауызың ашылып. — Ханни, осында екенсің ғой! - аз сырттарыңнан бақылаған Рани, бөлмеге кіріп келді. Сен оны көргенде, кірер тесік таппай, оның бетіне қарауға қысылып, жалтақтап қалдың. — С/е, хәлің қалай, қызым? - ол баяу барып, жандарыңа жайғасты. Болған оқиғадан кейінде жүзінде саған деген тиіттей де жаман көз-қарас жоқ. Сені оны сауда үйінде сан соқтырып кеткеніңді тіпті ұмытып жібергендей. Бұрынғы мейірімді жанар, сол қалпы. Сенің қымсынып: — Рани ханым мен.. Ол не дейтініңді сезіп, жылы алақанын қолдарың үстіне қойып. — Бәрі де жақсы. Өзіңді бұдан артық жеме, - деді. Ханни көздері мөлтілдеп сендерге қарап қалды. — Кешірім сұраймын сізден.. — Менен сенен сұраймын. Тэхённың істеп жүрген тірлігі, сені еркіңнен тыс мына жерде ұстап отырғаны үшін. Мен оны бұл мәселеден тыс нәрсе де кез-келген теріс әрекеттен қайтара аламын, қызым. Тек өзі сүйгені үшін не әлемді төңкерсін, не отқа ортасын мен тосқауыл бола алмаймын. Сүйгені? Рани нені меңзеп тұр? — Әже! Не болды екеуіңе? - бір-бірлерінен кешірім өтініп отырған сендерге түсініксіз қарап. — Бәрі дұрыс, құлыным, - деді қыздың шекесінен сүйіп. #Елестетші, сен Рани ханыммен Ханнидың үгіттеуімен кешке бірге алаңқайға кеттіңдер. Рани бұл жолы алдыңғы оқиғаны қайталанбауына жүз пайыз кепіл бола алды. Бірақ, сонда да Тэхённан бір ауыз сұрайды естен шығармады. Себебі, өткен жолғының орын алуына тікелей Рани ханым сеп болған-ды. Сонымен, қанша қарсы болғанмен, бүгін танысқан Ханнидің еліктің лағындай болған жалына сұраған жанары үшін олармен бірге баруға көндің. Рани саған алдын сатып алған киімдерін әкеліп берді. Сол күйінде алып қойған екен. Алаңқайдан шыққасын, ресторанда тамақтануды шештіңдер. 3 жасар таңдайы тақылдаған қыз сені ойынға сүйреп, қайта-қайта бетіңнен сүйіп қасыңнан шықпауды шығарды. Сендер ойнап жатқанда, Рани сырт көзден құдды анасымен қызын елестетті. Сонда қыздың бір апта бұрын жазым болған анасы туралы ойлап көзіне жаста алып алды. 2 сағат уақытты ойын-сауық өткізгесін, сендерді Тэхён күтіп алды. — Көкее! - олардың көргенде көлік есіктерін ашып, күтіп алған Тэхёнды байқаған Ханни қапа болудың орнына, оның мойнына асылып алды. Бірақ, Тэхён сенің олармен ілесіп келе жатқаныңды көргенде, жанарларың тоғысып үлкен соғысты бастап жіберіп еді. Сенің мүсініңе ықшамдалған қарапайым бірақ, әдемі көйлек, жайылған табиғи, ұшы бұйралау шаштар оның есін алып тынды. Ресторан. Сендер тапсырыс беріп қойдыңдыр. Ас дайын болғанша Ханни Тэхёнды балаларға арналған залға қарай сүйрелеп, сонда алып кетті. Сенімен барғысы келсе де, сенің шаршап қаоғаныңды қыз жақсы білді. — Ол сенімен тез тіл табысып кетті, - Рани оларды әйнек қабырға арқылы қарап, ойындарын сүйсіне тамашалады. Бірде сен сұрауды мақұл көрмей, ішіңді жегідей жеп біткесін ақыры ауыз ашып: — Ханнидың ата-анасы қайда? - дедің. Раниды қайтадан жабырқап: — Осыдан бір апта бұрын жол апатынан дүниеден озды. Біз оны кеше біліп отырмыз. Жақындары бізге тым кеш айтты. Жерлеу рәсіміне де қатысы алмадық. Ата-анасы Ханның ағасының ұлы мен келіні еді. 10 жыл алдын Британия жұмыспен бабымен қоныс аударған...- мұрнын тартып қойып. — Ханни.. құлыным ата-анасынан айырылғанын әлі білмейді. Қанша ересектерше сөйлегенімен, бөпе ғой.. Тэхён туылғаннан қасынан тастамағасын, бір-біріне бауыр басып қалған. Ол болса, басқасы тіпті керек емес, - жылап отырса да жымиа. Сен Ранидың жұбату үшін арқасынан құштың. Кішкентай қыздың қайғылы тағдыры үшін іштей өксіпте алдың. Осылайша, ас келіп тамақтанып отырдыңдар. Ханниға тәттіден басқа ештеңе жегізіп болмайтын. Тәтті десе Тэхёнды да елемейді. Бірақ, ол қазір сенің қолыңнан кәдімгі тамақта қарсылықсыз жеп отыр. Рани бұл үшін арқасынан үлкен жүк түскенін білді. Ал, Тэхённың назары сенен бір елі ажырамай, айрықша бір толқыныс тудыруда. — Қазір келемін, - кенет көңілің айнып, үстел басынан тұрып кеттің. 5 минуттан кейін. Сен көпке бөгелгеніңнен уайымдаған Рани Тэхёнға барып жағдайыңды біліп келуін айтты. Онсызда, солай етуге құлшынып отырған орнынан дереу түрегеп сені көргенше асықты. #browinv ??? С/енің неге көңілі айныды? Қалай ойлайсыздар? Әлде бұлда бір айла ма екен? Пікір күтемін.
#BTS_FANFIC_QRF ❓Құпия❗️ 6-бөлім Өткен бөлімде: Чимин перде артынан шыға бергенде кілем астында тұрған белгісіз қатты затты басып, табанын ауыртып алды. – Бұл не тағы, ауыртты ғой, - деп, әлгі кілемді көтеріп еді. Кілем астынан белгісіз төрт бұрышты есік көрінді. Чимин енді әлгі есікті ашқалы жатқанда. – Не істеп жатырсың? - деген дауыс оны тоқтатты. Чиминге бұл дауыс тым таныс еді, басын көтере қарап: – Тірісің ба? Өліп қалған шығар деп едім, - деді кекете. – Оны қойшы, андағы жерде не істеп отырсың? – Мынаны қара, жертөле есігін тауып алдым, - дегені сол-ақ еді, Минджу алдына гүрс етіп бірақ құлады. Чиминнің көздері бақырайған күйі, алдында қолына оқтау ұстап алған әйелге қарады. Қарапайым ғана әйел адам, Чимин күткендей ешқандай да қорқынышты емес бейне. Әлгі әйел қолындағы оқтауын Чиминге сермеп: – Жаныңның барында тұр қане, - деді ашулана сөйлеп. Чимин ақырын ғана орынынан тұрып: – Кешіріңіз, бәрі сіз ойлағандай емес. Тек ұра көрмеңіз, - Чиминнің екі көзі әлгі әйелдің қолындағы оқтауда еді. – Солай ма? Мен ойлағандай емес пе? Мұнда не жоғалттың, жүгермек? Жап-жас болып алып, істеп жүргендерің мынау. – Апай, кешіріңіз! Өтініш, бізді жіберіңізші. – Жоқ, жаным. Жібере алмайды екенмін, мен сендерге жақсылып тұрып сабақ беремін. Біреудің үйіне ұрлыққа түскеннің қаншалықты дұрыс еместігінен сабақ беретін брламын, - дей, Чиминді де ұрғылай бастады. Чимин болса қаша жөнелді, Чимин тура ас үйге кіріп, есікті жауып алды да қолына таба ұстап, есіктің жанына тұра қалды. Арадан 10 минкттай уақыт та өтіп үлгерген болатын, бірақ Чиминді қауалап жүрген әйел әлі де ас үйге келген жоқ. Чимин енді ғана есікті өзі ашқалы жатқанда, сырттан біреу ашып қалғаны сол еді, көзін тарс жұмып алған Чимин, қолындағы табамен оның бетінен бірақ ұрып, жерге сылқ құлатты. Чимин ақырын ғана көзін ашып қараса, жерде жатқан әйел емес, досы Минджу болып шықты. – Қап, құрып кеткір, сен қайдан шыға келдің?! - ес-түссіз жерде жатқан Минджуға бір қарады да, қайта әлгі әйелді іздеп, жүріп кетті. Кенет кішкентай ғана дәліз ортасында орындықта байлаулы тұрған әйелді көріп, кілт тоқтай қалды. Сөйтсек Минджу деген қорқақ батырымыз оны ұстап, орындыққа байлып қайған екен. Әйел ес түссіз. – Нені күтіп тұрсың, жертөлеге түспеймісің, - Минджу мұрынындағы ағып жатқан қанды жеңімен бір сүрте, Чиминнің жанына келіп тоқтады. – Минджу, ауырып тұр ма? Кешір, мен сен деп ойламадым, әйтпесе ұрмаушы едім. – Жә, ақталмай-ақ қой. Түсініп тұрмын. Көп созбақтамай жертөлеге түсейік, - деп, жертөле есігін ашып, төменге түсе бастады. Кенетт әлгі әйел есін жиып: – Онда түсуші болмаңдар. Ол жақта өте қауіпті. Сөзіме құлақ асыңдар, - дегенімен Чимин мен Минджу оның сөзін елемей, жертөлеге түсіп кетті. Қараңғы әрі кең жертөле, ешқандай жарық жоқ. Чимин қалтасынан телефонын ала, фонаригін қосып, айналаға зер салуда. Кенет дәл түрмедегідей темір тор көрінді. Ол темір тордың артында кәдімгі адам өмір сүретіндей жағдай жасалған. Осы бір тұста әлгі тордың артынан бетінде бетпердесі бар әйел көрінді. Ол тұп-тура Чимин мен Минджуге қарап тұрды, тіпті қозғалмады. Минджудың қорқынышы зәр түбіне жетсе Чиминнің бар ойы “Ол кім?” деумен болды. – Сіз кімсіз? Мұнда жарық бар ма? Әлгі тор артындағы белгісіз әйел енді ғана орынын қозғала жертөле жарығын қосты. Бұл жертөле кәдімгі үй сияқты. Адамға керектің барлығы дерлік бар. Бірде әлгі әйел: – Жарайсың, балақай. Өзің өсіп қалыпсың әрі сымбатты болып ер жетіпсің, керемет, - деді. Чимин әлгі торға жақындау барып: – Сіз кімсіз? - деді жаңағы қойған сұрағын қайталап. Бірақ әйел өзінің кім екенін айтуға әлі асықпайтын секілді: – Мынаны айтшы, сенің есімің Чимин ғой, солай ма? – Кешіріңіз, сіз неге кім екеніңізді айтпай, сөзді басқаға бұрмалап жатырсыз? - деді Минджу, әйелдің өзі жайлы айтқысы келіп тұрмағанынан сескеніп. – Ааа, мен қателестім бе? Чимин сенбісің? - деп, Минджуға назарын аударды. Оның бұл сөзінен сасқалақтап қалған Минджу: – Қайдағыны айта бермей, кім екеніңізді айтыңыз? Мұнда қайдан жүрсіз? Неге бетперде тағып алғансыз? Әлгі әйел Минджудан көзін алмай: – Сенің тіпті көкейің қаншама сұрақтарға толып қалыпты ғой. Бұл нәрселерге қызығушылық танытқаның дұрыс, әрине, бірақ менің кім екенімді білмес бұрын мені мына тордан босатсаңдар нұр үстіне нұр болушы еді. Чимин: – Біз босатамыз, алдымен сіз біздің сұрақтарымызға жауап беріңіз. Кімсіз? – Мен бе? Мен Чиминнің … алдымен жоғарыдағы әйелді біржақты етіп, үй есігін жақсылап бекітіп келгендерің жөн болар. Сосын асықпай отырып сөйлесейік, - деді әйел. Чимин мен Минджу бір-біріне қарап, қайта жоғары көтеріліп кетті. Минджу жоғарыда орындықта байлаулы тұрған әйелді мықтырақ етіп қайта байлап, бір бөлмеге қамап қойса, Чимин үйдің барлық терезелері мен есігін іштен құлыптап қойды. Жертөле. Торға қарама-қарсы жайғасқан Чимин мен Минджу, ал тор ішінде оларға қарама-қарсы жайғасқан белгісіз әйел. Осылайша арадағы тыныштықты ең алдымен Чимин бұзып: – Сонымен өзіңіз жайлы айтсаңыз? Біз сізді күтіп отырмыз. Әйел алдында отырған екі жігітке кезек-кезек қарап, іштей: – Қызық, бұл екеуінің қайсы бірі менің бауырым екен?! Екеуі де сымбатты әрі аңқау емес. Шындықты айтсам ба екен? Әлде жалғанды ойлап тапсам ба?! Әйел ұзақ ойлана: – Менің көкейімде бір сұрақ бар. Сол сұрағыма жауап берсеңдер деймін. Минджу: – Иә, нені сұрағыңыз келеді? – Қайсы бірің Чиминсің? - кезекпен кезек жігіттерге қараған әйел көкейіндегі сұрағын қойды. Чимин қолын көтере “мен” дегендей ишара жасаған соң, әлгі әйел Чиминге зер сала қарап: – Сезіп едім, сен екеніңді сезгенмін, - жанарында білінер білінбес жас үйірілген болатын. Чимин мен Минджу да мұны байқаған еді. – Мен… менің есімім Джису. Пак Джису. Сенің әпкең, - деді Чиминнің көздеріне тура қарап. – Не? Чимин де, Минджу да одан бұндай сөзді күтпеген-ді. Таңғалысын жасырмаған Минджу: – Бұл сонда қалай болғаны?! Сіз оның әпкесі болсаңыз неге мұндасыз? Чимин: – Сенбеймін. Егер әпкем болғаныңда мен білуші едім, ата-анам айтқан болушы еді. – Өмір неше түрлі қиындықтар мен шытырмандарға толы болады екен, Чимин. Менің өмірім ұшы қиыры жоқ, мәнсіз де мағынасыз болды. 17 жыл. 17 жыл бойы мына қапаста өмір сүріп келемін. Мен бұл жағдайға кімді кінәлайтынымды да білмеймін. Ата-анамды ма? Өзімді ме? Әлде сені ме? - деді, Чиминнің көзіне тура қарап. Чимин де оның көздеріне тура қараған күйі терең ойға шомып кеткен еді. — Кұрып кеткір, бұл қалай болғаны? Расымен де әпкем болғаны ма? — Чимин, сенің сенбеуің ол айтпаса да белгілі. Мен жай ғана саған бар шындықты айтқым келеді. Ал одан кейінгі әрекет ол тікелей сенің өзіңе байланысты. Мені мына қапастан босатасың ба, босатпайсың ба? Ол жағын өзің шешерсің. – Иә, құлағым сізде. Не шындықты айтқыңыз келеді? – Осыдан нақ 27 жыл бұрын. Пак әулетінде көптен күткен сәби дүниеге келді. Бірақ әулеттің қуанышы сәби дүниеге келген сәттен бастап, су сепкендей басылды. Неге? Себебі сәби ұсқынсыз еді. Ешкімде жоқ ерекше келбетке ие сәбиді ешкім қабылдай алған жоқ. Бірақ ата-анасы сәбиден бас тартпады. Оны тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсірді. Қыз 6 жасқа толғанда оны мектепке берді, бірақ ол жерде барлық балалар одан қорқатын. Ұсқынсыз, құбыжық, өзге ғаламшарлық деп, қызға неше түрліні айтатын. Онымен ешкім ойнамайтын, үнемі шетте қалатын еді. Осылайша уақыт өте келе көптеген ата-аналардан және оқушылардан наразылықтар түсе бастады. “Ол мектептен кетсін”, “ол қорқынышты”, “балаларымыз одан қорқады”, “түнде жайсыз түстер көреді” деп, айта бастады. Оны мектептен шығарып жібереді. Үйде оқытудан мұғалімдер де бас тартты, себебі мұғалімдер де қыздан сескенетін. Осылайша қыз мектепке де бармайтын, көшеге шығып балалармен де ойнай алмайтын еді. Ол қыз өз-өзін жек көретін және айналасындағыларды да. Онымен ойнаудан бас тартып, оны мазақ еткендерді қатты жек көретін. Күндердің күнінде қыз көрші үйдің қызымен қатты ойнағысы келеді, бірақ ол қорқатын. Қыз бетіне бетперде киіп, неше түрліні айта алдап, көрші үйдегі қызды ойнауға шақырады. Үйге келген екеуі алдымен қызықты әңгіме айтып отырады, содан соң қуыршақтармен ойнауға көшеді. Сол кезде екі қыз бір қуыршаққа таласып, арты шуға айналады. Үйде екеуінен басқа ешкім жоқ болатын, қыз көрші үйдегі қызды қатты ойыншықпен бірақ ұрып, есінен тандырып алады. Не істерін білмеген қыз оны орындыққа байлап, пышақпен көрші қыздың бетін тілгілеп, білгенін істейді. Және бұл ойдың миына қалай келгенін өзі де ұқпаған еді. Артынша қыз ісін тоқтатып “біз енді бірдей болдық, екеуіміз де ұсқынсызбыз” деп мәз болды. Осы сәтте үйге қыздың ата-анасы кіріп келіп, болған жайтты көргенде біраз уақыт естерін жинай алмаған еді. Артынша анасы одан неге бұлай жасағанын сұрағанда, қыз оған “ол менен әдемі болғаны үшін осылай жасадым, енді екеуіміз де ұсқынсызбыз, біз енді бірге ойнайтын боламыз” деп жауап берген еді. Беті тілгіленген көрші қыз есін жоғалтқан күйі өлім құшқан болатын. Бір қызығы қыз өзінің нендей қателік істегенінен еш өкінбеді. Абдыраған ата-анасы өз туған қыздарының жасаған қателігіне көз жұма қарауды шешеді. Өлген қыздың мәйітін қайда жасырарын білмеген ата-ана бір түннің ішінде үй астынан жертөле қазып, сонда көмеміз деп шешеді. Бірақ жертөле қазу барысында аяғы ауыр анасының іші бүріп ауыра бастайды. Иә, ұсқынсыз қыздың анасы екінші балаға аяғы ауыр еді. Осылайша мерзімінен ерте дүниеге дені де, түрі де сап-сау шекесі торсықтай ұл бала келеді. Ұсқынсыз қыз әпке атанған еді. Бұл уақытта көрші үй бүткіл Сеулді шулатып, ізім-ғайым жоғалған қызын іздестіруде еді. Сонымен анасы сүйкімді ұлдарын әпкесі көрші қызды өлтіргендей өлтіреме деп қатты уайымдайды. Көрші қызды көмеміз деп жасаған жертөлеге көрші қызды емес, сол ұсқынсыз қызды жасырып, көрші үйдің қызын “қызымыз өз бет-бейнесін пышақпен тілгілеп, өз-өзіне қол жұмсады” деп жалған сөйлеп, көрші үйдің қызын өз қызымыз өлді деп, дүйім жұрттың көзінше жер қойнауына тапсырады. Осылай ұсқынсыз қызды ата-анасы жасырып жертөледе асырайды, ал көрші үйдің қызы жайлы іс 3 жылдан кейін тоқтатылады. Ұсқынсыз қыз 10 жасынан бастап, жертөледе өмір сүреді, оған ата-анасы бүткіл жағдайын жасап берді. Не керектің бәрін алып берді. Өздері бар білген білімін беріп, сауатын ашты. Солай күндер өте берді. Ұсқынсыз қызды ата-анасы бір сәтке болсын сыртқа шығарған емес. Бауырын да көрсетпеді, байқауымша бауырына да әпкесі жайлы тіс жармаған секілді. Қыз өз бауырын қатты көргісі келетін еді, оны ойнатып, бірге уақыт өткізгісі келетін. Бірақ ешқандай мүмкіндік болмады. Қыз жертөледе отырып, жоғарыда яғни үй ішінде болып жатқан әңгімелерді анық естіп жататын. Осылайша қыз бауырының бөлмесі қай тұста екенін анық білетін. Және дәл бауырының бөлмесіне байланыс орнатқысы келіп, ағаш еденді қолына түскен қатты затпен қырнап, кішкентай ғана тесік жасайды. Ол жер арқылы бауырымен тілдесеміз деп ойлаған болатын, бірақ онысынан түк шықпады. Бауыры оны естімеді. Себебі, ол кезде ол әлі кішкентай болатын бар жоғы 4-5 жаста еді. Інісімен қатты сөйлесуді армандаған қыз қағаздарға неше түрлі суреттер салатын, хаттар жазып, әлгі тесік арқылы бөлмеге өткізетін. Күндердің күнінде әлгі тесіктегі қағаз орнында болмады. Қыз қағазды інісі алды деп қатты қуанып, күн сайын солай жасап, тесікке қағаз қалдыратын. Бір күні әлгі тесіктің орыны бекітіліп қалды, және үйден де адамдардың дауысы сирек естілетін болды. Сөйтсе ата-анасы інісін алып, өзге жаққа қоныс аударған екен. Осылайша қыз жертөледе өмір сүруін жалғастыра берді. Ата-анасы сирек келетінді шығарды. Кейде тіпті 2-3 күндеп аш қалушы еді. Күндердің күнінде ата-анасы қыздарына қарау үшін көшеде қаңғып жүрген үйсіз әйелді әкеледі. Әйелге осы үйде тұрасың, тамағыңа киіміңе ақша беріп отырамыз. Тек бір шартпен: жертөледегі қыз жайлы ешкімге тіс жарып айтушы болма деп ескертті. Күндер мен айлар, жылдар өте берді. Қыз жападан жалғыз, жертөледе өмір сүре берді. Әлгі үйсіз әйел күнделікті қызға тамағын беріп, іші пыспасын деп бір уақыт әңгімелесіп тұратын. Қыз 27 жасқа толғанда ата-анасы оны тортпен құттықтап келеді, әкесі қызына тілек айтып жатқанда оның телефонына “Чимин ұлым” деген номерден қоңырау келеді. Мұны қыз анық көрген еді. Сол сәттен бастап, қыз інісі жайлы күн сайын ойлайтын еді. Кезінде жазған хаттары, сызған суреттері әлі де өзінде ма? Әлде қоқысқа тастап жіберді ме? Деген сұрақтармен көз ілмейтін. Інісінің аты Чимин екенін де сол кезде бірақ білген болатын. Күн сайын “інім іздеп келер ма екен” деп күтетін. Міне, осылай Чимин, әлгі ұсқынсыз қыз деп отырғанымыз мен боламын. Сенің әпкең — Пак Джису менмін, - деп, әңгімесін аяқтады. Жаңадан бері қыздың әңгімесін ұйып тыңдап отырған Минджудың жүрегі елжіреп, көз жасына ерік беріп отырған болатын. Ал Чимин болса терең ой түбіне сүңгіп кеткендей, мең-зең күйде болды. Қыздың айтқандары жай ғана бір қиял ғажайып ертегі тәріздес болды. Бірақ шындығында бұл ақиқат еді. Сонда да Чимин қыздың сөздеріне сенбеді: – Мені бұл сөздеріңе сенеді деп ойлайсың ба? Ертегің осымен аяқталды ма? Минджу Чиминнің сөздерінен соң оған жалт қарап: – Сен шыныменде сенбейсің ба? Чимин енді ғана Минджуға назарын салғанда, оның жылағанын байқап: – Сен не, жылағанбысың? - деді таңдана. – Бұл шынымен де аянышты Чимин, оның сөздері рас секілді. Чимин Минджудың сөздерінен кейін, тор артындағы қызға қарап: – Рас болса мына сұрақтарыма жауап берші, “Айналаңдағылар екі жүзді, олардан қорық” дегенсің неге? Мен кімдерден қорқуым керек? Кімдер екі жүзділер? – Айналаңдағы екі жүзділер, ол біздің ата-анамыз. Олардан қорық дегенім, маған істегендей саған да істейді деп ойладым. Ата-анамызды жауыз деп білдім. Оларды жек көрдім. – “Сен менен аумайсың, екеуіміздің кескініміз өте ұқсас” бұны қалай түсіндіресің? – Себебі, сені де өзім сияқты ұсқынсыз деп елестеттім, анам мені ұсқынсыз етіп өмірге алып келді, демек інімді де солай ұсқынсыз етіп туды деп ойладым. – “Еденге құлағыңды тос, біз бірге бола аламыз” сонда сен менімен тілдескің келді, бұны білдім. "Біздің кескініміз өте ұқсас" дегенің мені өзің секілді ұсқынсыз деп ойладың. Айтшы, неліктен қорқынышты қыздың суреттерін сыздың? – Мені көргенде қорықпауың үшін солай жасадым. Сен қорқынышты қыздың суреттерін көріп, көзіңді үйрендірсін дедім. Мені көргенде қорықпасын дедім. – Мені ата-анам алдап жүр. Неліктен алдап жүр? Қарғыс атқыр, неге маған шындықты айтпайды олар? Неге осыншама уақыт жасырып келген? Құрып кетсін бәрі, жынданатын шығармын, - Чимин ашулана, айналасында тұрған заттарды қопарып, лақтырып, сынатынын сындып, ішіндегі ашу мен ызадан құтылғысы келді. Осы тұста жоғарыдан дабырлап сөйлеп жатқан адамдар дауысы естіліп, көп ұзамай жертөлеге әлгі Минджу байлап тастаған әйел және артынан Чиминнің ата-анасы түсті. #HobiLopi Оқырман комментке сценарий жайлы өз ойыңызды жаза кетіңіз. Бұл мен үшін маңызды. Бұл соңы емес!
#BTS_IMAGINE_QRF  #Елестетші, әпкең қайтыс болғаннан кейін, Чонгук саған көңіл білдірді. 5 - бөлім. Енді душтан босаңсып, шығып келе жатқаның сол, телефоныңа қоңырау келді. Чонгуктан келген қоңыраудың не себепті келіп жатқанын түсінбедің.  — Тыңдап тұрмын?  — С/а, тәтее...- тұтқа артында Ённың жылаған дауысы. Сен:  — Ён? Не болып қалды? Неге жылайсың, кішкентайым? — Апамды сағындым, С/а тәте... Апамды көргім келеді. Бірде арғы жақтан Чонгук келіп қалып: — Балам, кіммен сөйлесіп жатырсың? - деп жақындағанда, Ённың жылап жатқанын көріп, — Бәрі дұрыс па, балам? Қане, келеғойшы, - деп құшағына қыса бастады. Ён пора-пора жаста: — Әке, апама барайықшы. Оны үйге алып келейік, - әрі қарай былдырлап, өксік араласа өз тілінде сөйлеп кетті. Екі жастан асқан балада қай бір сөздік қор бар дейсің. ~Кэменома бэттема, киминома бэтты. Джроумана сэттема дисн. Тұтқа арғы жағында сен Чонгуктың дауысын естіп тұрдың. Іштей баланың анасына деген сағынышына жүрегің қақ айрылардай болды. Мұны өз басыңнан кешіріп көргендіктен, оның қазір қандай күйде екенін сен жақсы түсініп тұрдың. 3 жасыңда шахтадағы жарылыстың кесірінен әкеңнен айрылған болатынсың. Апаң сендерді “ Әкең әне келеді, міне келеді ” деп қаншама жыл алдап келіп, түбінде онымен әлдеқашан айрылып қалғаныңды түсінген болатынсың. Сонда “ Соқыр үміттен, шындықты айта салғандары саған оңай тиер ме еді? " деген ой келген болатын. Тұтқаны ақырын сөндіріп, көз жастарыңды сығып алдың. Тұтқа сыртында тұрып, жүрегің қақ айрылардай болып жатқанда, қаршадай баланы қалай жұбатарын білмей қиналған Чонгуктың жайын да түсіндің. Чонгук барлығы аяқталып, Ёнды тыныштарндырғаннан кейін ғана, баласының саған хабарласқанын көрді. — Маған көп созбай, бір шешімге келу керек,- деп терең тыныстаған Чонгук, ой түбіне құлдилады. Ол мұнысымен не нәрсені бір жақты еткісі келді екен? Бірнеше күннен кейін. Шиюнды өз көлігімен үйінің алдына дейін алып келген Чонгук, аздаған үнсіздікте қалды. Шиюн: — Көп рақмет, Чонгук. Өзім де жетіп алар едім. Сонда да жақсы әгіме-дүкен құрдық, - Чонгуктен әлде бір жауап күткендей тұрды да, бірақ Чонгуктың ойға шомып тұрғанына, — Жақсы. Мен ішке кірейін, - деп есікті ашуға бекінгенде, Чонгук Шиюннің қолынан ұстап қалды. Шиюн Чонгуктың қолына бір, өзіне бір қарап, қолын қайта алдына қойды. — Бірге болайық, - көздеріне тік қарап тұрып. Шиюн осыған дейін өзіне аса ашық болмаған Чонгуктың аяқ асты не деп тұрғанын түсінбей қалды. Чонгук: — Маған тұрмысқа шығуға қалай қарайсың? Не басы жоқ, не аяғы жоқ ұсыныс... Шиюнның ішінде көбелектер ұшып, асып-тасыған бойда басын ақырын изей: — Рас айтып тұрмысың? Чонгук басын сенімсіз изеді. Шиюн Чонгуктің екі бетінен ұстап ала нәзік сүйіске ерік берді. Жол жиегіндегі көзден тасалау жерде өз көлігінде Чонгуктың көлігін бақылып тұрған Тэхён, бұл көрініске шыдай алмады. Ал сүйіске келетін болсақ, мұны Чонгук жүрегімен қаламаса да ақылына жеңістік беруде. Түскі ас үстінде апаңмен қоңырау арқылы сөйлесіп жатырсың. — Ақымақ қыз! Есің дұрыс па өзіңнің? Чонгукқа тұрмысқа шығамын дегенің қай сасқаның? Сен мені ұяттан өлтірейін деп пе едің? — Апааа~ — Екінші мұндай ақымақ сөздеріңді естімейтін болайын. — Мен еріккенімнен осылай жасағым келіп отыр деймісің? — Мұндай ой басыңа қалай келіп жүр? Өз жездеңе тұрмысқа шығамын дегенің... Айгуу, басым-ай! — Апаа! - көздерің жасқа тола, — Мен Ёнға бола осындай шешімге келіп отырмын. Ол Юнджидің соңғы аманаты. Оның анасыз өскенін қаламаймын. — Чонгукке басқа қыздар табылмай қалыпты ма? — Қыз көп қой. Бірақ олар Ёнға анасындай бола алмайды. — Көп сөзді қой сен қыз! Қазір Чонгуктың өзіне хабарласамын. Сенің басыңды қатырып жүрген сол ма? — Жооқ. Хабарласпа. Оған ешнәрсе де деме, апа! — Қазір...- деп жатқанда тұтқаны жай ғана сөндіріп тастадың да терең тынстап, басың қатып кетті. — Расымен мен ессіздің әрекетін жасап жатырмын ба? О, Құдайым!.. Келесі күні жұмысқа оралдың. Тэхённың қарасы көрінбейді. Іштей “ Оған не болған? ” деп қоясың. Біраздан бері бастықтың көрінбегенінен Ынбёльдан сұрастырып көріп едің, алған жауабың “ Естімедің бе не? Ол қазір Америкаға кетті. " деген болды. Бұл жаңалық саған қуаныш сыйламады. Тэхённың орнын басқан орынбасар Мин мырза, алдағы бір аптадағы жоспарымен таныстырып шығамын дегенше, түскі уақыт та болыпты. Заттарыңды жиып, өз үстеліңе беттей бергеніңде, әлде кімнің теріс қараған жүзін көрдің. Жақындаған сайын оның кең иығынан кім екенін айтпай-ақ таныдың. – Мұнда неге келдің? - дегеніңде арқасына бұрылған жігіт: – Сөйлесейік, - деді. Жай ғана түскі ас уақытын бір шыны кофеге алмастырып, душеевно сөйлесуге арнадың. Сенің айтатын сөзің жоқ. Бұл арада жай ғана тыңдаушының рөлінде тұрғандайсың. – Ённың нағашы әжесі хабарласты…- дегеннен қолыңдағы ыстық кофе өзіңмен бірге суып сала берді. Көмейің дірілдеп: – Аа…Неге хабарласыпты? - іштей өзің ойлаған нәрсе болмаса екен деп тұрсың. Чонгук терең тыныстап, айтсам ба екен, айтпасам ба екен деп біраз тұрды да: – Хал жағдайымызды сұрады… Маңдайыңнан порша тер бұрқ еткендей: – Сол-ақ па? Чонгук саған бір қарап, жай басын изеді. Ол сен екеуіңнің бір нәрсені ойлап тұрғандарыңды көздеріңнен-ақ ұғынып тұрғандай. – С/а? – Иә? – Бұл қайдан шыққан шешім? Көздерің бір сызықта түйісті. Чонгуктың әңгімесі нені меңзегенін болжап болмадың. ” Әжесі хабарласты. ” дегеннен апаңның не сұмдықты Чонгукке айтқандарын бір Құдай біледі деп, жүрегің тарсылдап қоя берді. Тілің байланды да қалды. Чонгук: – Бұл расымен өз еркің бе? Әлде менің қатысым бар ма? Аоаоао рас. Апаң расымен сенің “ Чонгукқа тұрмысқа шығамын ” дегеніңді Чонгукқа жайып салғаны анық. О, Құдайым! Сен мұндайда “ Иә, расымен мұны айтқан мен ”дейсің бе? Чонгук: – С/а? – А? А… Иә. Жоқ. Білмеймін. Мен тіпті не деп жауап қатарымды да білмеймін. Бұл дұрыс па, дұрыс емес пе оны да білмеймін, - деп паника ұстап тұрғаныңда, Чонгук: – Мен сенің әр бір шешіміңді қолдаймын. Әрине, әр кімнің өз жолы бар. Сен үшін қуаныштымын. Бақытты бол. Саған әрқашан бақыт тілеймін, - деді в друг. Уэээ? Ол не айтып жатыр? Сен сәл басылып: –Түсінбедім? – Сені біраздан бері алаңдатып қойғанымды білемін. Дұрыс айтасың. Маған қыз табылады. Ал Ёнға ана. – Ч.Чонгук…мен олай деп айтқаным ж…- деп жатқаныңда, Чонгук сөзін жалғап жібере: – Жақын арада Шиёнмен некемізді қиямыз. Тым болмаса Ён үшін келсең. Соны айқым келді, - жүзінің артында өкінішін жасыра жымиды. Сен в ах*е қарап қалыпсың. Сонда сенің шыр-пыр болып, анаңа айтқандарың Чонгуктың құлағына жетпегені ме? Апаң сонда оған не айтқан? Сен кібіртіктеп: – Шиён ба? Неге? А, жоқ. Кешір. Ә.әрине сен үшін қуаныштымын. Ал Ён? Ён мұны біледі ме? – Ол әлі бала. Уақыт өте үйренісіп кетеді. Сен үнсіз қалдың. Бірде саған жұмыстан қоңырау келіп, шұғыл шақырту жасалынды. Чонгук екеуіңнің әңгімелерің бел ортадан аяқталып, екі жаққа кеттіңдер. Аяқ астынан қабылданған қандай шешім бұл? Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін дереу апаңмен хабарластың. – Апа, сен расымен Чонгукқа хабарластың ба? – Не болыпты? – Сен оған не айттың? – Айтатынымды айттым. – Апаа~ Сен не бүлдірдің? Сен оған бәрін жайып салмаған боларсың? – Сен қыз, тыңдап ал мені. Бүгін біздің аудандағы Лим мырзаның ұлымен сөйлестім. Өзі әп әдемі-ақ жігіт. Жасы 35тен асқаны болмаса, өте жас көрінеді. – Қайдағы Лим мырзаның баласы? Апа, сенен біреу жігіт сұрады ма? – Тоқта! Мен сенің өміріңе алаңдағандықтан осылай жасап жатырмын. Көп сөзді қой. Ол ертең Сеулге іс сапармен барады екен. Мен сенің келіспейтініңді біліп, екеуіңе кездесу ұйымдастырдым. – Немене? Апа, мен ешкіммен де кездеспеймін! – Саған ақылдаспай шешім шығаруды көрсетейін. Ертең осыдан кездесуге бармай көр. Мына мені өмір бақи көрмей өтесің. Менің ақылымды тыңдасаң, Лим мырзаның баласының етегінен ұста. – Мен өзім таңдау жасай алатын жасқа келдім, апа. – Жетер енді. Чонгукқа бәрін түсіндірдім. Жақын арада мен таңдаған жігітке тұрмысқа шығатыныңды да айттым. – Апа, жоқ жерден қандай өтірік ойлап тапқансың? – Сенің сандырағыңнан қайда жақсы. Соңғы рет ескертемін. Ертең кездесуге бармайтын болсаң, шешеңді жоқ деп сана, - деді де тұтқаны қоя салды. Осыдан соң қалай ішпейсің? Күңіренген күз де, Ұқсап тұрғандай бізге. Махаббаттың гүлі, солып қалды ғой түзде. Арадағы уақытты былжыратпай өткізе салайық. Кездесу күні. Бірінші күннен-ақ келген жігіттің бетін қайтарамын деп шештің. Дәл уақытынан бірнеше минутқа ертерек келіп, күтіп отырдың. Көз алдыңда шашы таз, қарны шыққан, 45жастағы түрімен 35 жасар еркекті күтіп отырсың. Бірде, КХМ КХМ: – Сіз Со ханым боласыз ба? - деді жағымды дауысқа ие жігіт. Сен бастан-аяқ көз салып шығып, өмірдің алдамшы әрі таңданысқа толы екеніне в ах*е болдың. – Ал сіз Лим Хёнджун боласыз ба? – Иә, дәл өзі. Сізді көргеніме қуаншытымын, Со ханым. Сіз суреттегіден де өте әдемі көрінеді екенсіз, - жымиғанда бет шұңқыры көзге анық байқалады. Бірінші комплимент кетті. Сен аздап қымтырыла: – Мен де қуаныштымын! Таныстық барысында оның жақсы, порядочный жігіт екеніне көзің жетті. Өзінің жеке клиникасы бар дәрігер екенін, бұрын соңды қызбен жүріп көрмегенін естідің. Мынандай жігіт не себепті қыз баласымен жүрмегендігі қызық болып тұрған болар… Кеш қарайған уақыт. Хёнджун сені үйіңе дейін шығарып салуға ұсыныс білдіргенде, бетін қайтара ашмадың. Вроде бәрі жақсы. Бәрі күшті. Бірақ іште бір но тұр. Көп қабатты үйдің алдына келгенде сені тосыннан өмірдің ах*евщик тосынсыйларымен Чонгук күтіп алды. Сен таңдана: – Чонгук? Мұнда не істеп жүрсің? Хёнджун: – Сіздер таныссыздар ма? Чонгук сендерге қарай жақындап: – Бір маңызды күн жайында өзіңмен сөйлесейін деп едім. Мүмкін болса, әрине. Сен сасқалақтай: – Дәл қазір ме? Чонгук ыңғайсыздана: – Егер бос болмасаң, кейін сөйлесейік. Сендерге бөгет жасамайын, - деп қайта көлігіне кетіп қалды. Сен Хёнджунмен көп қабатты үйлердің арасынан өз падъезіңнің алдына келдің. – Сіздер расымен бұрын жақын болмадыңыздар ма? – Оны неге сұрадың? – Енді…Жалпы алдыға мақсат қойып, сізбен танысып жатқандықтан жолда кедергілер болғанын қаламаймын. – Бұл кездесу бір нәрсені шешеді деп ойламаймын. Уақыт көрсетер. Міне, менің үйім осында. Енді сіз де бара берсеңіз болады. – Кешір. Ыңғайсыз болып тұр. Сенікінде дәретханаға кіріп шықсам болады ма? Ойыңда ешнәрсе жоқ. Сәл ыңғайсыз болса да оны үйіңе кіргіздің. Хёнджун жуынатын бөлмеге кіріп, бірнеше минуттардан соң жеңілдеумен шықты. – Тазалықты өте жақсы көретін секілдісіз. Үйіңіз өте жайлы екен, - айналасына тамсана. – Иә, маған осылай ыңғайлы. Кофе ішесіз бе? - ақыры үйіңе кіріп қойғаннан соң, ұят болмасын деген ойың. Хёнджун: – Көп рақмет. Кеш болып кетті. Мен үйге қайтайын. Келесі жолы ішерміз, - деді де сенімен сыпайы қоштасты. Иә, ол сенің өміріңде кездескен ең сыйлы жігіт болды. Хёнджунды шығарып салғаннан кейін, бірден жуынатын бөлмеге кіріп кеттің. Автотұрақтағы өз көлігіне дереу келіп отырған Хёнджун, артқы орындықтан дереу ноутбугын алып, ашып жіберді де құпия камераның онлайн жазбаларын қарай бастады. – Оааһ! Мен шыға салып, суға түсіп жатыр ма? Қандай сәттілік! - деп сенің жуынатын бөлмеңе қойып кеткен құпия камерасынан сенің жалаңаш денеңді көріп жатты. Бірде Хёнджунның есігі сырттан ашылып, Чонгук Хёнджунды сыртқа жұлқып шығарып алды. Қас пен көздің арасында не болғанын түсінбей қалған порядочный жігітіміз Хёнджун, бір пәсте соққының астында қалды. Жуынатын бөлмеден шығып жатқаныңда Хёнджуннан хабарлама келіпті. Онда “ Со ханым, бүгінгі кездесуді ұмытайық. Сау болыңыз! ” – Хёнджун? Оған не болып қалды? Ұмытайық дегені не? Бір нәрсе ұнамай қалды ма? - дегеніңше есік сынып кетердей қағыла бастады. Дереу есікті ашқаныңда алдыңда ентігіп Чонгук тұр. – Чонгук? Чонгук саған ешнәрсе айтпастан жуынатын бөлмеге ашулана кіріп кетті де, барлық жерді ақтарып жатты. Сен соңынан еріп келе: – Не болғанын айтасың ба жоқ па, Чонгук?! Тым құрығанда не іздеп жатқаныңды түсіндірші! Чонгук жуынатын бөлмедегі шкафтың жоғарғы жағынан өте кішкентай камераны алып шықты. Сен в ахх***еее болып қалдың. – Бұл… – Сен осы адамға расымен өміріңді сеніп тапсырмақ болдың ба? – Ч.Чон… – Мынаны қойған сол нақұрыс. Онымен бұрыннан таныссың ба? Оны қайдан таптың?! - ашулана саған бір нәрсе істеп қоймады ма екен деп уайымдап кетті. Сен Чонгуктың сөздерінен соң тіпті қорқып кеттің. – Мен білмедім. Рас айтамын. Мен оны бүгін алғаш көруім. Бұлай боларын білген жоқпын. – Үйде қал. Мен мынаны полиция бөліміне тапсырамын. Сен Чонгуктың қолынан ұстап қала: – Егер ол үйге келетін болса ше? – Ол әлі есін жия қойған жоқ деп ойлаймын. – Менде сенімен барамын. Чонгук Хёнджунды соққыға жығып кеткен жерге келсе, ол табанын жалтыратып үлгерген екен. Бөлімшеге барып қолдағы айғақ пен Хёнджун жайында барлық ақпаратты тапсырып, арыз жазуға тарттыңдар. Бөлімшеге келсеңдер офицердің алдында Шиюн да тұр екен. Екі кештің ортасында бастарың қосылды. – Чонгук? Мұнда не істеп жүрсің? Қоңырауларыма неге жауап бермедің? - деді сұмаң етіп жабыса қалған Шиюн. – Шиюн. Мен… шұғыл шаруамен шығып кеткен едім. Телефонымды жоғалтып алдым. Шиюн саған алара қарай: – Шұғыл шаруаң мынау ма? Сен осы жолы тіліңді тістеп қалдың. Чонгук: – Ал өзің? Мұнда не істеп жүрсің? Шиюн маңдайындағы мысықтың көтіндей жарасын көрсеткісі келгендей: – Көріп тұрғаныңдай… жол апатына түсіп қалдым. – Не? Қалайша? Сенде бәрі дұрыс па? Бұл қалай болғаны? - деп Шиюнның жарақатына қарай бастағанда, іштей бір түсініксіз сезім тык етті. Мына жерде өзіңді үшінші артық адамдай сезініп кеттің. – Бәрі менің кесірімнен. Байқаусызда қарсы беттегі жолаққа өтіп кетіппін. Өзім де байқамай қалдым. Шамасы маған жеке жүргізуші керек. – Шиюн, бұлай болмайды. Саған ауруханаға қаралу керек. Қазір жедел жәрдем шақырайын. – Қажет емес. Бірге барайық. Чонгук саған қарады. Сен жай ғана: – Ауруханаға бара бер. Мен өзім де шеше аламын, - деп бір офицердің алдына отырып, мәселеңді айта бастадың. Чонгук біраз тұрып, Шиюнді ауруханаға алып кетті. Расымен бүртүрлі болып қалдың. Ол сондай жанашыр. Көз алдыңда оның осындай пасық әйелге қосылатынын ойласаң, Ённың да болашағын уайымдап кетесің. Чонгук Шиюнды ауруханаға жатқызды да өзі сибастиянус болып, бөлімшеге қайтып оралды. Тергеуші енді ғана сенің арызыңды қабылдап жатыр екен. Тергеуші сен жазған арызды оқып шығып: – Бұл істе қандай да бір куәгерлер бар ма? Сен Чонгуктың жоқтығына тыпыршып, енді жоқ дегелі жатқанда: – Бар. Қылмыскер көз алдымызда оқиға орнынан қашып кетті. Менде оның қалдырған бейнекамерасы бар, - деп Чонгук сенің тарапыңда куәлікке өтіп, жасырынған бейне камераны тергеушіге табыстады. Сен Чонгуктың келгенін көріп, іштей қуанып қалдың. Бәрі аяқталып, арызың қабылданды. Көп ұзамай тергеушілер де істеріне көшетінін баяндап, Чонгук екеуің үйге қайтып келесіңдер. – Ішке кір, - деп өз үйінің есігін ашқан Чонгук. Сен табалдырықта біраз бөгеліп, өзіңе сенімсіз болып тұрсың. Чонгук: – Өз өзіңе келгенше осында қалуыңа болады. Содан соң үйіңе барасың, - деген жұбатуы саған демеу болғандай ішке кірдің. Қонақ бөлмедегі диванда жайғасып отырғаныңда Чонгук, қаңылтыр ыдыстағы салқын сыраны ашты да бірін саған ұсынып: – Ертең жұмыс күні емесқой. Жеңілдеп ал, - деді саған ұсынып. Сен еш қарсышықсыз сыраны ұрттап алдың да: – Әлгінде… менімен қандай маңызды күн жайнда сөйлескің келді? – А, ол ма? Жә, енді маңызды емес, - деп қысқа қайырды. Осыдан соң ешқандай сөз қозғалған жоқ. Екеуің отырып-отырып, 8 қаңылтыр құтыдағы сыраны тауысып қойдыңдар. Бетерің қызарақтап, көзің ілініп кетуге шақ. Сенің по полный програм кетуіңе 4 бөтелке жеткілікті. Дәл қазір 3ші құтыны төңкеріп тастадың. Енді қолыңды созып, төртіншісін алғалы жатқанда Чонгук сыраны ұстаймын деп сенің қолдарыңнан ұстап қалды. Жүрегің тарсылдап, Чонгукке қарағаныңда, Чонгук сап-сау адам секілді отыр. – Осы да жетер. Бұл артық, - деді жай күлімдеп. Көздерің жыпылықтай Чонгуктан көздеріңді ала алмай қалдың. Ол сенің алдыңда әпкеңнің күйеуі емес, жай бұрыннан таныс жігіт досың секілді болып кетті. Чонгук: – Сені бөлмеңе апарайын ба? Әлде өзің жүре аласың ба? – Чонгук…- деп Чонгукке тым жақын келдің. Сен жақындағаннан Чонгук демін жұтып қойды. Жалғасы төменде⬇️
#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, ақшаға әуес күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберді. 4- бөлім — Расымен бұл сенбе? - деді іштей жымысқы күліп. — Тэхён, жаңадан қызметкер жалдағанбысың? Кристианнан кейін Тэхён назарын әуелі саған салып, Кристің қалай қарап отырғанын көрді. Охо, көкем қызды тірідей көзбен жеп барады екен. Кешегісі сөз болып па, қазіргі қарауы мүлде бөлек. — Крис, қашаннан менің үйімдегі қызметшілердің түсін-түститін болғансың? - әзілмен астарлы ойын жеткізіп, өзінің қандай күйде отырғанын сездірмеді. — Жоға! Бар болғаны, көзіме басқаша түйілді.. - жанарын тайдырып, шанышқысын тәрелкеге батыра. Ол өз сөзінен өзі қысылып қалғандай еді. Әрине, досының үйі, оның үй қызметкері. Оның не шаруасы бар? Ал, шеттегі сенің жағдайыңды ескерсекше? Өзіңді аянышты адамдай сезінесің. Оған қараған сайын. Оның қалауы, оның дегені болғаны үшін, сен шарасызсың. Иә, дәл ол айтқандай шарасызсың! Үстіне, мына Крис келіп тағы қосылды. Ол өз айтқандарын есіне алып, " көрдің бе, айтқаным айдай келді " дегендей сенің үстіңнен күлді. #Елестетші, олар жылдам тамақтанып, жұмысқа кетті. Сендерде тұрған жерлерінде көп бөгелмей, іске кірістіңдер. Анна ұмыс кешегіден көбірек және түске дейін бітіру керектігін мықтап ескертті. Ә, Анна ол осы үйдің тәртібін қадағалайтын үлкен ханым. Мұнда істеп жүргенінен 10 жылдан асса керек, барлық істің жай-жапсарын одан артық білетін ешкім жоқ. Сол 10 жыл алдын Тэхённың анасы ұлының қас-қабағына қарау үшін жалдаған жұмысшы болса, қазір осы баспананың бір бөлшегі. Екі кіші ұлы, күйеуі бар. Олар басқа шаһарда, Анна әжептеуір жырақта болатын. Сонымен, солай! — Әй! Пыст! - деді сенің жаныңда терезе шаңдарын тазартып жүрген Клю. — Шаршаған жоқсың ба? Сен басыңды шайқап, әріқарай жүре бердің. — Шынымды айтайын. Мынадай киімде де адам әдемі болады дегенді біреу айтса, сенбес едім, - деді. Сен маңдай теріңді білекпен сүртіп өтіп, жымиып қойдың. Бұл сенің сыртқы кескініңе айтылған алғашқы ілтипат емес. Клю қалың қасты, қызғылт бұйра шашы бар, көк көзді қыз болатын. Онымен таңда танысып, біраз сөйлесіп едіңдер. Қазір сенімен әңгімелескі келгенін түсіндің. Кристің жағымсыз сөзі есіңе түсті. " — Неге мұны жертөледегі жезөкшелер жанына алып бармады? Ол әуелі әр әйелді осылай сыйлайды да, одан кейінгі өмірін тас талқан етеді. Күнге айналдырады. Үміттендіріп қойған қандай жақсы, ә? Қазір, тойып тамақтанып ал, қымбатты С/е! Бәлкім ертеңгісін әр бұрышта қисалаң етіп жатарсың? " — Клю? - дедің бірде көптен мазалап жүрген сұраққа жауап бере алатын адамды кезіктіргендей. — Құлағым сенде, - терезе перделер түзулеп жатып. — Сенен бірдеңе сұрағым келеді, - оның жанына жақын бардың. — Ал, айта ғой. Сен осында ғана "оған айту жақсы ма әлде жаман ба " деген ойға барып, тоқтап қалдың. Оныңды сезген Клю: — Қорықпа, арамызда қалады, - деді. — Ким.. Тэхён.. Ол саған жалт бұрылып: — Иә? - мырзаның атын атамауға әдеттенбегеніңе қарамастан. — Қалай айтсам екен?.. Оның жертөледе.. ол шынымен.. — Оның жертөледе ешқандай жезөкшелері жоқ. Болмағанда! Ол бұдан алдын ешқашан құмар ойыннан әйел алып келмеген. Кристиан мырзаның айтқанының бәрі бос сөз. Сені қорқыту үшін тапқан сандырағы, - аяқ-асты пайда болған Анна бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, сұрағыңа жауап берді. — Егер, сені мазалағаны осы болса, жауабыңды алдың. Жұмыстарыңды аяқтаңдар! - кетіп қалды. Оны көрген Клю басын шайқап, Аннаға алара қарады. — Туф! Мұрнын сұғады да, жүреді! С/е, бәрі жақсы ма? Айтпағың сол ма еді? - сенің тапжылмай қалғаныңа қарап. Дымыңды шығармай бас изедің де, әріқарайғы істі жалғастырдың. Міне, жақсы болды ма? Аннаның арқасында енді күні бойы жер-жебіреңе жетіп, іш-ішіңді жейтін жаңа сауал пайда болды. Бәрібір! Көп ұзамай, бұл жерден қара батыру керек. Қалай болсын қашып кету керектігін ойладың. Түс. Таудай мұнара қақпаларынан сол әдеті сәнді көліктердің кіріп келе жатқан кезі ғой. Екі мәшине де ақырын келіп, біркелкі үй жанына орналасты. Анна сендердің үш-төртеуіңді қатар етіп жайғастырып келген кісілерді қарсы алуға кетті. Әуелі, бірнеше чемодандарды ішке алып кірген жүргізушілер кері сыртқа кетті. Сонан соң, жасырақ әйел, жасы 60-қа тақаған еркек кісімен күле келе жатқан Анна, оларды қонақ үйге ертті. — Сапарларыңыз жақсы өтті деген ойдамын, Рами ханым! - сүмкесін Аннаның өзі алып, көзімен Клюді шақырып соған тапсырды. — Сұрама! Жаға жайда арқа жазғаннан басқа ештеңе істегем жоқ. Ал, Хан болса сері жігітше судан бері шыққан жоқ, - деді жымиып. Анна да күліп қойды да: — Бірдеңе ішесіздер ме? Кеңсе. — Түстері үйлеспейді. Дизайнер қайда қарап отыр? Мынау не? — Кристиан, жүйкемді жұқартпашы! - қыз бұлданып. — Асилия, расында реттеу керек секілді. Әйтпесе, әдемі ғана! - Роун қыздың ашуын қайтарып. — Саған-ше, Тэхён? - Асилияны екі жігіттің пікірі емес, Тэхённың ойы қызықтырып. Тіпті, ол мына екеуінен асырып айтып, сын жаудырса да төтеп бермекші. Оның ойын білсе болғаны. — Маған ұнады. Дәл осылай қалса деймін, - Тэхён өзінің алдында жатқан парақтағы аяқ киім үлгілерін бір көзбен шолып шығып. — Ааа? - қыз бастығынан мынадай жауап естимін деп еш күтпеді. Өз құлағына сенбеді. Жігіттерде күн қайдан шығып, оның Асилияның жобасын ұнатқанына таң қалды. Себебі, оның салған әрқандай дизайны шетінен сәтсіздік көріп отырушы. Қыз әркез, әрдайым осы үшін тер төгеді. Бүгін соның еңбегі ақталғандай. Есік қағысы. — Тээээээ! - созыла шыққан нәзік дауыс иесі есіктен кіріп келді. Қысқа көйлек, сары шаш, қысық көздер, алқызыл далапқа малынған еріндер. — Қалайсыңдар? - кірген бетте іштегілермен біртіндеп бет сүйісіп амандасып шықты да, Тэхённың бетіне ерін іздерін батыра қалдырып, диванға отырды. Мұны көрген Роунмен Кристиан қарқылдап күлді де Тэхёнға білдірген жоқ. Роунда Асилияға " айтпа " дегендей белгі берді. Кіріп келген Тэхённың дәл осылар сияқты бетке ұстары Жаклин болатын. Қалың дос әрі ескі сыныптасы дейік. Асилия оны көрсе төбе құйқасы тік тұратыны сөзсіз еді. Сылқымның сайықмазақ секілді қимылын жақтыра қоймайтын. Жаклинде бұны онша қош көрген емес. Былайша, бірін-бірін бәсекелес санайды әріптестер. Жұмыс барысын да, бастығының көңілін табу кезінде де озық болуға ұмтылады. — Оууфф! Сендер менің қандай іс тындырғанымды білсеңдер ғой, - жылтыр аяқтарын бір-біріне айқастыра ал кеп бастады, Роунмен Кристиан тыпырақай қашуға бет бұрыс жасап еді, манадан бері бұның қылығын жақтырмай тұрған Асилия: — Жүрісіңнен біліп едім, - деді міңгірлеп. Жаклин оның ашуын одан әрі қоздыру үшін әуе сүйісіп жолдады да: — Вавилондағы көрмеге біздің компанияның қатысатындығын, және ол жаққа кімнің баратынын шешіп қойдым! - ыржиа. — А? — А? — А? - деді үшеуі бірден. — Қашан? - Тэхён оның жаңалығына таңданған сыңай танытпады. Қайта осы ісін құптағандай. — Ертең, жаным. Сен және мен барамыз. Білесің бе, тағы Кристиан барса болады. Егер, қарсы болмасаң. Бизнес-классқа да тапсырыс бердім. — Жаклин? Бұл іс-шараның біздің іске ешқандай қатысы жоқ. Ендеше, не үшін? - деді Асилия бозарып. — Компания беделіне азда болса үлес қосады, Аси. Түсінетін шығарсың? — Оу-оу! Арулар, осы жерден тоқтаңдар. Артынан сендерді ажырата алмай отырмайық. — Тэхён, сен не дейсің? Үй. Тэхённың ата-анасы ұзақ уақыттық демалыстан үйге оралғандары бүгін. Үш айда бір елден тысқары саяхаттауға әдеттенген. Ким Рани оның анасы, салмақты, сыпайы ғана келген әйел. Көңілін табу қиынның қиыны болса да, біреумен қырық пышақ болып, қабағын шытқан емес. Ким Ба Хан жұбайы сынды байсалды кісі. Ұлының осындай дәрежеге жетуіне адал еңбекпен төккен тері жатыр. Тэхён басшы болу жолында үлкен қолдау көрсеткен әке. Олар жолдан келгесін ұзақ жолдық шаршауларын шығарып алды да, Рани ханым баққа, Хан қүрдасымен жүздесуге кетті. Әрбір әйел заты гүлге, жалпы жайқалып тұратын өсімдікке құмар келмей ме? Раниде солардың бірі. Ауланың тең жартысын гүлзарға айналдырып, оларды қызғыштай қорып жүрген бір сәті, сен келдің. Рани кофе демдеп алып келуді бұйыртқасын, Анна сені жіберген. Қолыңдағы шыны падноспен Рани ханымның жанына келдің. #Елестетші, ол әйелге тән нәзіктікпен әткеншекке арқасын тірей, майысып қана тұрған жас шыбықтарға үнсіз қарап отырған екен. Қызық, оның жүзі жылы, жайбарақат мінезді адам, күйеуі де дәл солай. Ал, олардың ұлы.. Тіпті, тілің бармайды. Нақ оңбаған дерсің. Оңбаған! — Мінекейіңіз, - оған падносты жақындатып, кофені ұсындың. Ол сенің дауысыңнан қалың ой арбауынан шығып, жымиа кофені алып жатып жүзіңе қарады. Ол осы үйдің ханымы болғасын үй қызметкерлерін бес саусақтай біледі. Және сені танымады. — Есімің кім? - деді езу тарта. Сондай! Сондай жағымды дауыс. Оған жауап бергенде, қасына отыруыңды өтінді. Жалғызсырап отырғанын түрінен аңғару оңай, ал оның өтініші жұмысшы үшін оғаштық емес. Оның ашық мінезді ғана емес, қарапайымдылығын сонда таныдың. "Ол кімсің, қайдан келдің, кім алып келді " деп сұрап жатпады. Бірден әйелмен әйел арасында болатын шер тарқатудан бастады. Кеш. Әне-мінемен күн батып, кеш түсті. Кеңседегілер ортақ бітімге келіп, Вавилонға баратын болып шешті. Тек Тэхён Жаклин. Асилияның іші удай ашып қала бергені рас, бірақ оны жеткізе алмады. Оған Жаклиннің Тэхённың алдында жасаған қылығы, қылмыңдағаны жақпайды. Шашын түп-түптеп жұлып жіберуге сәл-ақ қалып, артынан өзін басатын. Ал, амал жоқ. Солай! Тэхён көлікте. Үйге қарай бара жатыр. Ата-анасының келгенін естіді, бірақ әуелі оларды емес, үйінде бодандыққа алып отырған әйелді көргісі келетіндей. Бұл неткен сезім болды? Ол күн бойы не істеді, қандай күйде болды, не ойға барды? Кеткісі келеді ме? Осындай күйдіргі ойлар оны үйге жеткенше деп бітуге шақ қалды. — Құлыным! - алдынан шыққан анасы оны құшып, иіскеп сағынышын біршама басып алды. Артынан әкесімен кеуде соғыстырып, диван жанына келді. Көзімен сені іздейді. Аннаға да " қайда" дегендей ым-ишара көрсетеді. Бірақ, Анна сені білмейтінін, манадан таппағанын айтып, иығын көтеріп қойды. Енді Тэхённың бетіне бес келі қара бұлт келіп, күңірентіп жібергендей. Ата-анасымен жөн сұрасып жатса дағы ақыл-есі " ол қашып кетті ме? " екен деп өкпесін өртейді. Кабинет. — Мырза, таба алмадым! #browinv Упс, енді не болады? Кешіріңдер, енді ерте салып тұруға тырысамын. Идеямды ұмытып қала берем.?
#BTS_IMAGINE_QRF  #Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің. 5-бөлім — Ой, қатырасың сенде. Олай баланың қылықтарын жасауды қойсаңшы С/а. Жүресің ертен Бэн секілді тастап кеткенде жылап, еңіреп "жақсы көремін, сүйемін" деп. — Туу, Арим. Юнги маған ұнамайды. Бірақ, ол менімен соңына дейін бара алама көргім келеді. Өзің айтпақшы Бэн секілді шыдамай тастап кетсе, бауыр басып қалғым келмейді. Кейіннен бар айдаһар мінезімді көріп, тастап кеткенше, қазірден қашсын. — Ах, С/а. Мүмкін ол сені шын жақсы көреді. — Ой, қойшы соны. Көре жатармыз кейін. Бірақ тастап кетседе ренжімеймін. Өзімде одан құтылғым келеді. — Барды бағалашы. Ертен жылап отырма. — Мейлі, сау бол, жаным. Демалыста кездесерміз. Жиналысқа кірейін. — Бетіңнен сүйдім. #Елестетші тойдан кейін жұмысқа енді келіп, жиналып қалған іс-шаралармен, келісім шарттарды əлі реттеп үлгермедің. Жиналыс залына кірген бойда, барлығы тұрып саған иіліп құрмет көрсетті. Бір ауыздан тойыңменде құттықтады. Сен бəрімен амандаса, төрдегі орныңа отырдың. Əр филиал басшылары кезекпен-кезек саған өз жұмыстары туралы есептерін өткізді. Үлкен косметикалық бөлім басшысы, осы аптадағы өнім сатылымы 45%-ға жоғарылағанын жеткізді. Бұл бүгінгі күннің жақсы жаңалықтарының басы ғана болды. Түскі уақытқа дейін, алпауыт корпорациялар инвестиция жасау туралы ұсыныстар айтты. Анаңнан қалған компания осындай гүлденіп тұрғанын көру сен үшін мақтанарлық еді. Қызметкерлер түскі асқа шығып кетті. Сен биік ғимараттағы өзіңнің кең əйнегі бар кабинетіңнен үлкен Сеулдегі қызу өмірді тамашалап тұрдың. Тыныштықта айналаны тамашалау сені үнемі қуантушы құрал болатын. Есікті қаға, хатшың кіріп келді. — Ханым, сізге бір кісі келіп тұр. Қабылдауыңызға жазылмаған. — Не үшін екен? Көңіл күйім тамаша, оны ешкімнің бұзғанын қаламаймын. — Сізбен "кездесемін" деді. — Ехх, "бос емес екен" деп айта салшы. — Жарайды. - хатшы сыртқа шыға, бос емес екеніңді айта, келушіні қайтарып жатты. Келген ер адамның даусы əлсін естіліп тұрды. Қоңыр, құлаққа жағымды үн, жəне тым таныс. — Қашан келе аламын? Жазылып кетсем, қашан кездесеміз? — Ертең сағат 10:00-ге жазып қоямын. Сол кезде келіңіз. Есіміңізді мына жерге жазыңыз. Əлгі кісі кетті, сен кабинеттен шыға: — Есімі кім екен? - дедің, тап бір соңыннан жау қуғандай, алабыртып. — Ким Су Бэн. - сол сəтте басыңа найзағай түскендей күй кештің. Өткен шақтың парағы, қайта ашылғалы жатырма. Неге? Енді бəрі реттеледі дегендей, қалыпты өмірің қайта басталғанда, неге өткенің сені жайыңа қалдырмайды. Сүйіктің салған жан жараң сыздап, жазылмай жүргенінде, жалғыз сүйенішің анаң дүниеден озды. Өз-өзіңе келдім дегенде əкеңнің ісі ауырлап, Юнгимен тұрмыс құрдың. Бəрі үстін-үстін соққы болып, сені жығуға шақ тұр. Бар ерік-жігеріңнен айрылмасаң болғаны. Үш ауыздық естіген есімнен есеңгіреп қалдың. Түстен кейінгі жұмыс мəнсіз өтті. Денеңді зіл баса үйге қайттың. Қоршау алдына көлік тоқтады. — Туф, осы үйме тағы. - көліктен түсе үйге кірдің. Үйде Юнги жоқ екен, бірақ басқа адам бар секілді. Кешкі уақыт, қызметшілер үйлеріне кеткен. Қонақ бөлмеде отырған Юнгидің анасын көрдің. Ол саған жымия: — Қош келдің, қызым. -деді, мейірлене. Сенде иіліп сəлем беріп, — Қош келдіңіз, Мин ханым. — "Мин ханым" дегенің не? "Апа" деп атасаңшы. - дегенде біраз ыңғайсызданып қалдың. — Иə, апа. - дедің, біраз қымсына. Кейін жанына отыра қал-жағдайын сұрап, келіндік ізеттілігіңді көрсеттің. — А-па, кешкі ас іштіңіз бе? Бірдеңе даярлап жібериін бе? - дедің орныңнан дереу тұра. — Жо-жоқ, қызым əуре болма. Қазір күйеуің келгенде соған даярлап берерсің, мен аш емеспін. Кел отыршы оданда, əңгіме айтайық. — Бірақ, сізге ас ұсынуым керек емеспе? Мүмкін кофе ішерсіз? — Ай, қызым-ай. Қоймадың ғой, жарайды əкел кофеңді. Өзіңеде дайында, бірге əңгіме дүкен құра ішеміз. — Жарайды, - деп, күлімсірей ас бөлмесіне жүгіре кіріп кеттің. Алдын ешқашан бұл жерге кірмеп едің, əрине келгеніңнің өзіне 4 күн енді болса. Заттардың орнын білмей əзер дегенде кофені жасадың. Кейін екі шыны ыдысқа құя қонақ бөлмеге алып бардың. — Мінекей, Ми.. апа. - дедің, сөзіңді жөндеп, күліп жібердің. Мин ханымда сенімен ілесе күліп. Əлі үйренісе алмай жатсаңда, əрекет еткеніңе қуанды. — Рахмет, қызым. Кел енді. Жұмыстарың жақсы жүріп жатыр екен. Үйіңнің жалғыз ерке қызысың білемін. Юнгиім саған немқұрайлы қарап жүрген жоқпа? — А, жоға.. Ол дегенің сүйкімді мысық қой. Сипаласаң одан жақсы жан жоқ. — Қатырдың ғой қызым-ау, - дауыстап күле. — Расымен де солай. — Жақсы екеуіңде бəрі керемет болса қуанамын. Баланы қашанға жоспарладыңдар? - деді, күлкісін бірден жинай қала. Бұл тосын сұрақ сенің ойыңды тентіретіп жіберді. Мин ханымға тікелей қарай алмай, жан-жағыңа жалтақтап қалдың. Ішіңнен күбірлеп: — Кім мені мына ессіз сұрақтан құтқарады, құдайым-ау. — Жақсы жаңалықты көп ұзамай, естисіз. - деді, есік алдындағы Юнги. — А, балам, келдің бе? Кел қасымызға отыр. Жақында дейсің бе? — Ия, жақында, келесі апта, мүмкін 10 күннен соң. — Қуаныштымын, көп еңбек етіңдер, жылдамырақ болсын. - деді, жымысқы күлкіні қоса. Бұл саған қалай ыңғайсыз болып жатқанын сөзбен жеткізе алмаспын. Юнгиде ұят мүлде жоқпа, олда миығынан күле: — Ұзағынан еңбек етудеміз. - деп, өтірікті жібере салды. Сен мына əңгімеден екі бетің алмадай болып: — Мен барып киімімді жеңілдетейін - дедіңде, жоғары қарай ытқи кеттің. Юнги анасымен ұзақ сырласты. Шамасы ол анасынан бірде-бір дүниені жасырмайды. Киімдеріңді ауыстырып, ауырсынудан ертерек ұйықтауға тырыстың. Көптен күткен, əрі сені тығырыққа тірейтін етеккірің келді. Алғашқы күндері ауыр өтетіндіктен, дəріні əрдайым қабылдайтынсың. Дəрі ішіп, ұйықтауға тырысудасың. Екі бүктеліп қалғаның сонша, үлкен жамылғыдан жастық секілді байқаласың. Əрлі-берлі қиналып ақыры дегенде ауырсынуы қойды. Сенде енді көзің іліне бергенде, Юнгидің бөлмеге кіруі сенің ұйқыңды бұзып жіберді. Бөлмені шыр айналды, киімін ауыстырды, жуынды, біраз құжаттарын қарапта қойды. Оның жүрісінде кейіннен дыбыс байқалмағандықтан, сен қайта ұйықтап кеттің. Ол сенің ұйықтап жатқаныңды көре тіпті, тыныс алмай жүрдіме мүлде сықыр еткен дыбыс шығармады. Сен ұйықтағалы 1 сағаттай өтті. Ауырсынудан қайта ояндың, төсектен тұрмақ түгілі, бұрылып аунауға шамаң келмеді. Қолыңды ақырын созып, қасыңдағы дəріні алдың. Оны сусыз-ақ жұтып салдың. Юнги сенің оянғаныңды көріп, төсекке келіп жатты. Сені оятып аламын деп, төсекке де жатпаған көрінеді. Саған жақын жатып, арқаңнан құшақтады, шашыңды иіскеп: — Қайырлы түн, балапан. - деді, бірден ұйқыға кетті. Оның бірден қатып ұйықтай салатынына қатты қызығасың. Таң. Мин ханым, осында қоныпты. Таңертең Юнгиден алдын оянып, жұмысқа кетпек болдың. Мин ханым, бөлмесінен шыға: — Қайырлы таң. — Қайырлы таң, оятып жібердім бе? - дедің, биязы қалпыңда. — Жоқ, əлдеқашан оянғанмын. Юнгиден алдын кетесің бе не? Оны кім шығарып салады? — Ы, ол өзі айтты "кете бер" деп.. — Сондада, əйелісің ғой. Негізі жұмыстыда қойсаң болады. Бəрібір ешқандай пайдаң жоқ. Балаңды туда отырсаңшы үйде. - сенің ісіңе бұлай килігеді деп мүлде ойламаған болатынсың. Мейірімді ана тек алғашқы күндердегі рөлі ғана болдыма? Сенің шамыңа тие бастады. — Юнгидің əйелімін дұрыс, сол үшінде менің міндеттерім туралы маған мін айтатын Юнги. - дедіңде, қайта бөлмеге кіріп кеттің. Бөлменің есігін тарс жапқаныңнан Юнги бірден оянды. Ішке кірдіңде көздерің ала-пұла бола Юнгиге: — Тұр. Сені шығарып саламын. - дедің, жаңа айтқан сөзіңе қарай енеңе бағынбастай едің, керісінше оның айтқанын бұлжытпай орындауға кірістің. Юнги түктіде түсінбестен орнынан тұра, сырп-сырп етіп аяғын əрең қозғалтып қимылдауда. Ыбылжып жүрген жүрістерінен шаршап: — Болсаңшы, неге асықпайсың - дедің, есік шетінде сүйеніп тұрып. — Неге асығамын. Жұмыс 11:00 де. - төсекке қайта құлай жатып алды. — Юнги! Тұршы бол! Мен асығыспын. — Юнги? "Мартин" дейтінің қайда? — Саған онсызда жақпаушы еді ғой. Айтпаймын енді олайынан. — Өсіп кеттің бе? М? Əлде менімен қашықтық орнатайын дедің бе? - басын көтеріп, қастары қатулы күйге енді. — Қырсық əрі балаша мінезімді, жаныма жақын тұтқан адамдарыма көрсетемін. Екі-үш күн ішінде сені мезі еткен қылықтарым үшін кешірім сұраймын. - басыңды иіп, шаштарыңды менсінбейшілікпен артқа қайырдың. — С/а! Менен басқа кімге көрсетесің? - орнынан тұрып, саған алара қарады. Кеше түнде анасы "əйеліңе еге бол, айналасы толған еркектер" дегендей сөздер айтқан болатын. Сөздің құдіреті əп-сəтте əлемді өзгерте алады. Сенімге секем түсіру не болыпты тəйірі. — С/а, ауырып тұрсың ба? Неге бүгін өзгешесің? — Менде бəрі жақсы. Киінші енді ертерек. Кетуім керек. — Қайда? Неге? — Кездесу белгіленген. 10:00 де сол жерде болуым керек. Маңызды адам келеді. — Кім? - саған адымдай жақын келе бастады — Іскерлік компания қызметкері. — Есімі? - деді, алдыңа келіп тоқтай. — Қойшы, сұрақ астына алдың ғой тегі. — Күйеуіңмін, білсем онда тұрған ештеңе жоқ.- еш реакция жоқ, байыпты түрімен сені тұңғиыққа лақтырып жіберді. — Онда хатшымнан сұра əр келген-кеткен адамның есімдерін. Рұқсатымды бердім. Мен кеттім.. - сөмкеңді алып, есікті ашпақ болдыңда, тоқтай қалдың. — Айтқандай, апаңа айтып қой, мен ол сияқты бола алмайды екенмін. Менің ісіме мұрнын сұқпасын. Дегеніне көнетін келін мен емес. — А? Апам саған бірдеңе дедіме? — Апаңнан сұрап көр. Үйден қайта енеңе жолығып қалмау үшін бар жылдамдығыңмен шығып кеттің. Көлікке отыра кеңсеге асықтың. Кездесу уақыты да болып қалған екен, үлгере алмай қаламын ба, деп көлікті тым тез айдадың. Кеңсе. — Сəлеметсіз бе, ханым? Қонағыңыз іште күтіп отыр. — Жақсы, - кабинетіңе кірер сəт тым ерекше болды. Есік тұтқасын ұстаған күйі "кірсем бе, кірмесем бе?" деп ойланып тұрдың. Бар күшіңді жинай, есікті аша ішке кірдің. OMG! Қарсы алдыңда алғашқы жəне соңғы махаббатың. Қолында сен ұнататын гүл шоқтары. Сол баяғы толқыған көздер, тек қазір олар күңгірттене тұншыққан. Сол көздерімен саған қараған сəтте өне бойың тозақ отына өрттенгендей қызып сала берді. Саған жымия қарағанда, естеліктер көз алдыңда құйындай айнала берді. Қатты, жуан шаштарын қолыңменен қайта сипағың келіп тұрғандай. Алдыға басып, қолыңды создың. Су Бэнде қолыңды алып, жымиумен болды. Ұзақ қол алысып, көздеріңмен байланыса тұрып қалдыңдар. Есіңді жиып қолыңды дереу тартып алдыңда, айнала орныңа отырдың. — Сəлем, қош келдің. - алдыңдағы қағаздарды өтіріктен реттеп қойдың. — Сəлем, қалың қалай? Кеше келіп едім, кездесе алмадым. — А, иə. Бос емес едім. Иə, не шаруамен келдің? — Тұрмысқа шығыпсың, тойыңа қатыса алмадым. Құттықтаймын. — Негізі сені шақырмап едім де ғой. Мүмкін əкем, ескі достарымның қатарында шақырған шығар. — Хех, бұнымен маған əлі ренжулі екеніңді көрсетіп отырсың ба? — Жооқ, саған енді ренжімеймін. Өткен іске салауат. Бəрі өтті де, кетті. — Сонда сезімдерімізді де ұмыта салдың ба? — "Ұмыта салдың ба?" деймісің? Алғашқы болып сен ұмыттың. Саған керек болмаған ол сезімдер, мағанда керек емес. — Мен əліде ұмытқам жоқ. Сені əлі де жан-тəніммен сүйемін. - дəл алдарыңа метарид түскендей атмосферада өзгеріс орын алды. — Ал, мен жоқ! Ұмыттым бəрін. - бəрін ұмытқаның өтірік енді, бірақ расымен оған сезімің қалмаған сыңайлы. — Өтірік айтпашы, қырсығым. Көзіңнен, көзіңнен көріп тұрмын бəрінде. — Көзімнен сен ештеңені көре алмассың. Сенің көзің соқыр, сенің жан дүниең жарымжан. Көрсең, сол бір екеуміз кетіскен кездегі саған деген шынайы сезімімді көрер едің. — Көргенмін, əліде көремін. Сол сезімдеріңді көргенім үшін келдім. — Су Бэн.. Өз жөніңмен кетші. Осы сөздерді айту үшін келдің бе? — Жоқ, сенің ажырасқаныңды қалаймын. Осы сөзді айту үшін келдім. - өткенді қазбалайтынын білдің, бірақ ажырасу туралы айтқаны үш ұйықтасаңда түсіңе кірмес жайт болды. — Есің дұрыспа сенің? Қайдағы жоқты көпірмей, кет болды. - осы сəтте есікті тақылдата ішке Юнгиде кіріп келді. Қолында бір екі файлдық құжаттар бар. Асығып жүріп ұмытып кеткеніңнен, əкеліп беріп тұрған түрі ғой. Су Бэн, Юнгидің келгенін көрседе жай қызметкер деп ойлап сөзін жалғастырмасы барма.. — Сен əлі де мені сүйесің ғой, мойындашы. Мен сені есім кете əліде сүйемін. - Юнгидің түрі жерге ағып түсті. Қуанышты жүзбенен келген Юнги, өлім періштесінің түріне еніп кетті. Саған бір қарайды, Су Бэнге бір қарайды, жағдайды ұғынуға тырысуда. Сенде оның түрінен шошып, Су Бэнге "тыныш" деп ымдап жатырсың. Юнги құжатты үстелге қойып: — Үйде ұмытып кетіпсің. Апаммен сөйлестім, сеніменде сөйлесуім керек. Мүмкін мына ғашығың шыға тұрар. Сосын ары қарай шүйіркелесе əңгіме айта бересіңдер. — Юнги, бұл сен ойлағандай емес. Қате түсініп қалма. — Айтқан іскерлік кездесуің осыма? 5 бөлімнің соңы. #FlowerFly
#BTS_IMAGINE_QRF  #Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің. 1-бөлім Таң сәрісі. Оянғаныңа шамамен 2 сағаттай болды. Бүгін сен үшін маңызды күн. Той алдындағы фотосессия өтеді. Сен көп жылдық ғашық қыздай, шынайы көрініс қою үшін өзіңді дайындап отырсың. #еске_түсіру — Əке! Әкетай! — Қызым, білемін саған бұл ауыр. Сөзсіз ауыр екені анық. — Өтінем, əке! Саған қолым енді ғана жеткенде, олай жасамашы. — Егер мен тірі жүрсем, саған қауіпті боламын. Олар сені мені қинау үшін өлтіріп кетеді. — Анам өлді, енді сен де ме? Мен ары қарай қалай тірі жүрмекпін, əкеее? - өзін атып салмақ болып тұрған əкеңе жалына еңіреп, жылап жаттың. — Қинамашы мені, қызым... — Ақшаны өзім тауып беремін. Бəрін өзім реттеймін. Анамның байлықтарын сатсам да тауып берем, əке. Өтінем, олай жасамашы. — Не? Саған ондай ауыртпалық салып мен қалай қарап отырамын?! — Маған сенші, тасташы ана қаруды, - осылай əкеңді райынан қайтардың. Осы уақытқа дейін анаңмен бай-бақуатты тұрып, ханшайымдай күн кештің. Анаң қатерлі ісікке шалдығып, дүниеден өтті. Сен кішкентай уақытта анаң əкеңді тастап кеткен болатын. Содан сен əкеңмен жақсы араласа алмадыңдар. Енді əкеңмен қауыштым ба дегенде, мына жағдай бəрін құртты. Өте бай тұратын танысыңның алдына келдің. Анаңнан қалған мұраны теңжартысын, тіпті барлығын сатсаң да əкеңнің өсімқордан алған ақшасына жетпейтінін біліп, қарыз сұрамақ болдың. — Сəлем, Юнги! Маған 700 миллион доллар қажет. Қарызға бере аласың ба? Не айтсаң да жасауға бармын. — Хммм. "700 миллион" дейсің бе? Ол тым көп қой. Қайтара аласың ба? — Иә, апамның компаниясын сатқым келген. Бірақ ақша жетпеді. Компанияны өзіме қалдырып, сенен ақша сұрай келдім. — Ааа, солай де. Жарайды. — Нее?! Шынымен келістің бе? — Иә, тек бір шартпен. Юнгидің бұл сөзі қорқынышты естілді. Сен: — Қандай? — Үйленеміз. Сен жəне мен. 2 жылдан бері бірін-бірі шын сүйетін ғашықтармыз. Осы сценарий бойынша маған тұрмысқа шық. — Не? Не үшін? - бұндай ұсынысты мүлде күтпеген болатынсың. Оның саған басқаша қарайтынын білетін едің. Бірақ неке тым артық болды. — Келіссең осы, келіспесең жол, əне. Кете бер, - деп, орнынан тұрды да, кетпек болып жатыр еді сен: — Жарайды. Келістік! Бұл неке саған көп пайда әкелетіні сөзсіз еді. #еске_түсіру_аяқталды Ендігі уақытта сені алып кететін көлік те келіп қалуы қажет. Сен өзіңе аса қатты макияж жасамадың. Себебі, фотосессия алаңында бəрібір басынан әрлейтін еді. Есік алдына шығып, күтіп тұрдың. Алдыңа көлік келіп тоқтады. Юнги сені жүргізуші алып кетеді деген болатын, бірақ қазір өзі келіпті. — Не қарайсың? Отырсаңшы. — А, не дейсің? Ымм, иә. Отырайын, - оны көргенде үнемі абдырап қаласың. Бұны өзің де түсінбейсің. Оның суық көзқарасынан немесе оған деген қорқынышың шынайы болып бара жатқанынан ба екенін білмедің. Юнги саған ұзақ сұқтанып: — Неге сонша дірілдейсің? — Не? Мен бе? Дірілдеп отырғаным жоқ! — Пхх, мынау не енді? - дірілдеп отырған сенің аяғыңды нұсқай, күліп жіберді. — Бұл жай, көлікте отырған соң, - оның күлген жүзін танысқалы бері енді көруің. Бұл тап бір мысықтардың есінеген кезіндегі көрініске ұқсаушы еді. — Жə, оған да көндік. Меніңше сен көлік тегіс жолда келе жатса да дірілдеп жатырсың. Былай етсем дірілі басылар, - деп, сенің сандарыңды адуынды қолдарымен басып ұстады. Сенің жүрегің аузыңа тығылды. Расымен де аяғыңның дірілі басылды. Бірақ жүрегің тулап барады. — Ə, бәсе. Міне, қойды. Осылай отыра берейін. Аяғың дірілдегені маған жақпай жатыр. Қарсы емес шығарсың, қанша дегенмен болашақ əйелімсің, - ернінің шетімен күле, жол шетіне қарады. — Ыы, ыңғайсыздау екен. Мүмкін, қажет емес. — Қажет-қажет. Қажет болғанда қандай. Ауадай қажет. Сен оған ештеңе дей алмадың. Ол жол бойы сенің саныңды ұстап отырды. Артық еш дүние жасамады да, қолын қозғалтпады да. Бұл сен үшін қуанышты болды. Себебі, бұл арқылы сен оның артық ойсыз ұстап отырғанын түсіне алдың. Алдынғы жұмыс бойынша кездесулерде оның саған деген көзқарасы қорқынышты болатын. Саған қараған күйі қатып қалып, сені көзбен шешіндіруші еді. Бұл саған анық байқалатын. Бұдан сен қорқып, əрдайым оны көргенде, үстіңе мұздай су құйғандай сезім кешетінсің. Фотосессияны көктемнің уақыты болғаны үшін жасыл желекте, таудың маңайында жасауды шештіңдер. Дəлірек айтқанда, Юнги соны қалады. Сендер ұзақ жол жүре, белгіленген жерге келіп жеттіңдер. Юнги сенен алдын көліктен түсті де, өз бетімен бір жерге кетіп қалды. Сен қайда барарыңды білмей көліктен түсіп, Юнгиді күтіп тұрдың. Бір кезде Юнгиді қайта байқадың. Ол қазірдің өзін де киімін ауыстырып үлгеріпті. Өте тартымды жүріс, өткір көзқарас саған аяңдап, алдыңа келді де: — Сені бала ұқсатып өзім апарып, киіндірейін бе? — А? Қумашы, өзім киінемін. — Онда барсаңшы. Әлі осында тұрсың ғой, - тағы да мырс етіп күлді. Бұл саған ұнамағаны анық. — Жай, қайда барарымды білмедім. Айтып кетсең болады ғой. Бұл дүниенің бəрі маған керектей, міндетсінбей! - сөздеріне жының келіп, басың ауған тарапқа қарай жүріп, арнайы бөлмені таптың. Киім ауыстыру үшін көмекшілерге жүгіндің. Олар сені хор қызындай етіп сəндеді. Ақ көйлектегі өзіңді айнадан көріп, ішіңде алай-дүлей сезім орын алды. Тұрмыс құрмақшысың жəне бұл махаббатпен емес. — Эхх, С/а... Мына түріңе қарашы. Армандағаның осы ма еді? Қайдағы жоқ біреуге, қайдағы жоқ нақұрысқа күйеуге шығасың ба? - жаңағы саған айтқан сөздеріне əлі ашуланып, осылай айнаға қарап, бар агрессияны шығарып тастауға тырыстың. — Кім нақұрыс?! Мен бе? Өзіңнің түріңе қарап алсаңшы. Нағыз ақымақсың ғой, - сен айтқан сөздің бəрін естіп, Юнги де есіктен кіріп келді. — Иә, сен нақұрыссың! Осы маған əрдайым келеке етіп сөйлесең қарның тояды ма? — Жоқ. Сенен ондай пайда бола қоймас! Мен саған "нақұрыс" дейтіндей не жамандық жасаппын?! — Мені келеке етіп, үстімнен күлуді қойсаңшы! - екеуің тап бір балаша ұрысып жатсыңдар. Бұл сырттай өте сүйкімді көрінер еді. Юнги: — Мен сені қашан келеке қылдым? - көзі шарасынан шығып кетердей түр жасап. — Омооо, өтірік ақымақ бола қалмашы. Жаңа ғана кім еді "бала болма, олай етпе, бұлай жасама" деп жатырған?! — Мен саған ондай тыйымдар айтқаным жоқ, - бұл жолы тым сабырлы түрмен саған тіке қарады. — Туууу, қоя салшы болды. Сенікі дұрыс. Ал неге келдің? - оны жеңе алмайтыныңды біліп, əңгіме тақырыбын өзгертпек болдың. — Жоқ, қоя алмаймын. Мен саған қашан ойын ойнап тиістім? — Жоқ. Болды. Сен өте керемет жансың! Құрышы, көзіме көрінбей. Неге келсең де бəрібір маған. — Жай, сені көргім келді. Той көйлегінде өте əдемі екенсің, - сенің көздеріңе тіке қарап, көзін қысты да ыржиып, шығып кетті. — Міне осылай жерге жатсаңыздар өте əдемі көрініс болады, - деп, фотограф сендерге əртүрлі позалар көрсетіп жатты. Юнги екеуің бір-біріңе тым жақын болып, суретке түстіңдер. Ол сенің беліңнен де, мойныңнан еркін ұстауда. Тек сен ғана оның істерінен қысылып, қиналып тұрдың. Əрлі-берлі тартынып, Юнгидің де ызасына тиіп кеттің. Əуелі қол ұстасып фотолар жасадыңдар, содан соң ол сені көтеріп тұрған күйінде бір-екі фото кадр жасадыңдар. Тіпті сүйіс сахнасында да сурет жасалды. Кешкі уақыт шамалары. Сендер суретке түсіп, оларды қарап шықтыңдар. Керектерін таңдап та қойдыңдар. Енді үйге қайтпақ болып, көлікке отырдыңдар. Көмекшілер мен қызметкерлер бастарын изеп, сендерді шығарып салды. Юнги "шаршадым" деп, жүргізушімен қайтуды ұйғарды. Юнги көлік жүрген уақытта саған қарап: — Сені жеп қояды деп ойлаймысың? — Жоқ. Не болды тағы? - оның əңгімесі тегін емес екені сөйлеу мəнерінен-ақ сезілді. Тым сабырлы, қоңыр үн, тым салқынқанды байыппен сөйледі. — Сен бұл некеге келістің! Ұмытып кеттің бе? Сонша менен қашып, не көрінді саған?! - дауыс ырғағын қаттырақ көтерді. — Жоооқ, мен жай ғана ыңғайсыздандым. Барлық адам бізге қарап тұрды ғой. — Ааа... Ыңғайсыздандым де. Мен олай ойламаймын. Сен расымен маған күйеуге шығасың ба? - бұл сұрақты қойған сайын, сен оған жауап беруге қиналасың. Тап бір “Иә” деп айту сен үшін өлімдей сезілетін. — Неге сұрай бересің? "Маған күйеуге шығасың ба” деп айту арқылы мені қинағың келе ме? — Жоқ. Ондай ойым мүлде болмаған. Егер сен бұл сұрақтан қиналсаң, демек тұрмысқа шығу сен үшін тіптен ауыр. Солай ма, С/а? - сен бұл сұрақты мүлдем күтпеген едің. Біраз кідіріп, жауап бердің. — Жоооқ! - ары қарай сөз айтсаң, бірдеңені бүлдіретініңді ішің сезіп тұрды. — Шыныңды айтсаңшы одан да. Қинама өзіңді. Сені зорлап, келісіміңді алғым келмиді. — "Жоқ" дедім ғой! - оның саған тіке қарап тұрған көздеріне қарап. — Көлікті тоқтат! - деді. Тау мен қаланың арасы болғандықтан, айнала қап-қараңғы. Жүргізуші көлікті тоқтатты. Содан соң Юнги: — Егер расымен бұл некеге қарсы емес болсаң, расымен бұл некемен қиналмасаң, - терең күрсінді де, саған тым жақын келді де: — Өзіңнің қарсы еместігіңді көрсет. Дəл қазір мендік бол! - деп, қойып қалды. Сен бұл сөзді əлі қорыта алмай тұрсың. Көздерің доп-домалақ болып тұр. Үнсіздік... — Егер қаламасаң, осы жерде көліктен түс, - деді. Өте сабырлы, байыпты сөйлей, саған қиын таңдау қойды. Бұл некеден бастарта алмайтының бар, бірақ оның қойып отырған шартының түрі анау болса... — Мүмкін, жауап берерсің? - бір қасын көтере сөйледі. — Басқа, басқалай таңдау жоқ па? - дедің əлі қай нұсқаны таңдарыңды білмей. — Жоқ! Он секунд уақыт. Кетті, - деді сандарды кезекпен санай бастады. — Бір... екі... үш... төрт... бес... алты... жеті... сегіз... Уақыт таяп қалды... Он, сенің жауабың?.. — Мен жасаймын, - дедің, аузыңнан сөзді əрең шығара. Таңдауың үшін қатты ойланып отырдың. Бірақ неке маңызды. — Нені жасайсың? Кетесің бе? Мендік боласың ба? — Сендік боламын... - бұл сөзді қалай айтқаныңды білмей де қалдың. 1 бөлімнің соңы. #FlowerFly
#BTS_SCENARIO_QRF ❓Құпия❗️ 5-бөлім – Келіп тұрып, көрмей кеткеніміз жарамас. Не дегенмен біраз жол жүріп келдік қой. – Иә, үй ішіне кірмесек те, тым құрымағанда сыртынан, терезе арқылы бақылап кетейік, - деп, екеуі ақыры дегенде үйді сырттай бақылап шығуды ұйғарды. Алдымен үйде өзге біреулердің жоқтығына көз жеткізбек болған жігіттерді әлдекімнің тамағын кернеген дыбысы тоқтатты. Екеуі де тұрған орындарынан қозғалмай, бастарын кері бұрып қараса, бір ағай оларға қарап тұр екен. Минджу сәл ыржиып: – Сәлеметсіз бе?! - деді, қолын сермеп. Әлгі ағай да оған қолын сермеп: – Сәлем! Сендер кімсіңдер? - деді оларға біртүрлі көзқараста. – Ііі, біз, әлгі не ғой… - Минджу кібіртіктеп, сылтаурататын сөз таппай тұрғанда Чимин: – Ағай, біздің мысығымыз болатын, ол қашып, осы үйге қарай кіріп кетіп еді… – Иә, айтайын дегенім де сол еді. Енді оны қай бұрыштан іздер екенбіз, өзі сондай кішкентай еді, - деді, Минджу басын қасып. – Ааа, онда мысықтарыңнан күдер үзе берсеңдер болады, әне, - деп, арттарында бір нәрсені шайнаңдап тұрған итті меңзеді. Арттарына қараған екеуінің көздері шарасынан шығардай болып, бір-біріне қараған күйі қалды. Чимин ішінен: – Құрып кеткір, мына итті қалай байқамағанбыз? Минджу да ішінен: – Өзі сондай қорқынышты екен, сәл болмағанда оған таланушы едік. – Оның бізді шайнамай-ақ жұтып тастары анық…. Осылай екеуі бір-біріне қараған күйі іштей тілдесіп тұрғанда, әлгі ағай орнында жоқ болды. Екеуі бірден жан-жағына қарап, оны таппағасын басты мақсаттарына көшті. Чимин терезе арқылы үй ішіне көз жүгірте, үйде өзге ешкімнің жоқ екендігін байқады. Минджу да есікті ашып көруге бекенгендігімен есік құлыптаулы болды. – Есікті қай уақытта құлыптап үлгерген? Есік құлыптағандарын көрмедім ғой, - деді Минджу, терезе сығалап тұрған Чиминге қарап. – Мүмкін үй ішінде біреу бар, сол іштен құлыптап алған шығар. – Бірақ тым-тырыс қой, артық еш бір дыбыс байқалмайды. Шынымен біреу бар деп ойлайсың ба? – Тіпті білмеймін, басым қатып кетті. Чимин әлгі терезені ақырын тартып көріп еді, терезе ашыла кетті. Екеуі бір-біріне қарап: – Ашылды! - деді бірдей дауыста. – Ішке кіріп көреміз бе? - деген Минджу, үй ішіне басын сұғып, қарап жатты. – Сен кіріп тұрсың ғой, - Чимин Минджудың әрекетіне күле. Осылай екеуі аса ептілікпен, үй ішіне енді. – Мә саған, үйдің іші бәз баяғыша. Еш нәрсесі де өзгермепті ғой. Чимин айналасына қарап, бала күніндегі шаққа қайта оралғандай күй кешуде. Чимин мен Минджу үйдегі барлық дерлік бөлмелерді қарап шығуда, кезек Чиминнің бөлмесінде. Есігін ақырын ашқан Чимин, есік алдында бөлмесіне ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте Минджу, баса көктеп бөлмеге кірді де: – Чимин, сен қағаз алатын тесік қайда еді, - деп, айналасынан іздей бастады. Чимин де оның артынан кіріп, әлгі тесіктің орынына қараса бекітілген екен. Чимин әлгі жерге жақындай келіп, тізерлей отырып: – Бұл жерді бітеп тастапты. Меніңше, ата-анам да бұл тесіктен мен сияқты қағаз тауып алса керек. – Демек, ата-анаң бұл жайында білген болып тұр ғой. Жын ұрсын, бұл не болып кетті өзі? - Минджу болып жатқан дүниелерді дым түсіне алар емес. Бұл бір тереңде жатқан үлкен құпия тәріздес. Осыдан шамамен 10-11 жыл бұрын иә, сол аралықта нендей жағдайлар орын алды? Чимин білмейтін бұл үйде не құпия бар? Ал оның түсі ше? Түсіндегі қорқынышты бейнедегі қыздың кім болғаны? Бұның бәрі бір шиеленіскен шешімсіз жұмбақтай. Чимин отырған орынынан жерге жата қалып, құлағын еденге тосты. Бірақ ол ешқандай дыбыс ести алмады. Чиминнің бұл әрекетін байқаған Минджу: – Чимин, сен не істеп жатырсың? – Есіңдеме қағаздардың бірінде "құлағыңды еденге тос, біз бірге бола аламыз" делінген еді ғой, - деді Чимин, еденнен басын көтере. Осы бір сәтте ас үйден ыдыстардың сақұр-сұқыр еткен дыбыстары естіле бастады. Екі достың дәл осы тұста жүректері атша тулап, не істерлерін білмей абдырып қалған-ды. – Қарғыс атсын, бұл кім болды? Ата-анаң қайтып келді ме? - Минджу есікті ақырын ашып, сығалай қарады. – Енді не істейміз? - дей бергені сол, Чиминнің телефоны шырылдап сала берді. Сасқалақтаған Чимин телефонды сөндіремін деп, алақ-жұлақ жерге тарс еткізіп құлатып алды. Минджу іштей: “біткен жеріміз осы” деген күйі есікті ақырын жапты. Чимин дереу жерде жатқан телефонның үнін өшіріп: – Анам қоңырау шалып жатыр, үйде жүрген анық анам емес, - деп, телефонын толықтай сөндіріп тастады. Минджу ақырын құлағын есікке тосып еді, тым тырыс. Ешқандай ыдыстың да, басқаның да дыбысы естілмейді. – Чимин, мен қорқа бастағандаймын. Енді не істейміз? - сыбырлай сөйлеп тұрғанда, есік сыртынан ескі еденнің шиқылдаған дыбысы естілді. – Біреу келе жатыр, - Чимин, дереу терезеге жақындай, оны ашуға бекінгендігімен ашылар емес. – Құрып кеткір, неге ашылмайды. Ашылсаңшы, қане, ашыл, - деп, терезенің тұтқасынан тартып, жұлқылай бергенде, тозығы жеткен терезе тұтқасы бір-ақ жұлынып түсті. – Чимин, мұнда кел, - Минджу кереует астын нұсқай, Чиминді шақырды. Осылай екеуі кереует астына кіріп болғандары сол, есік ашылды. Ақырын қадамдап келе жатқан адамның аяқтарына қарап-ақ оның әйел адамға тиесілі екенін аңғаруға болады. Жіңішке әрі нәзік аяқтар, бұл расымен де әйел адамға тән аяқ еді. Әлгі адам бөлмені аралап, киім салынатын шкафты ашып, қарап жатқанда тым жақын жерден дыз-дыз етіп жатқан дыбысты анық естіді. Бұл дыбыс Минджудың телефонынан шығып жатқан болатын, дыбыссыз режимде болғанымен, вибрацияның дызылы шығып жатты. Минджу ақ тер - көк тер болып, қалтасынан әлгі құрып кеткір телефонды шығара алмай әлек болып жатқанда, әлгі аяқтардың өздеріне тым жақында тұрғанын байқап, қимылсыз қата қалды. Бұл қимылсыз қатудың арты қаншалықты дұрыс болары енді белгісіз. Чимин ауызын басқан күйі тіпті демін шығаруға қорқып жатты. О, міне бар ғой, бар. Құдай бар, есіктің тоқтаусыз қағылған дауысы әлгі әйелді дереу бөлмеден алыстатқан еді. “Уххх” деп әрең тынысын шығарған Чимин, төсек астынан шыға, есікке бірден жүгірді. Есіктен басын шығарып, айналасында ешкімнің жоқтығына көз жеткізген Чимин, артына қараса Минджу әлі төсек астынан шықпапты. – Ей, Минджу, не істеп жатырсың? Болсаңшы, шық енді. Бірақ ешқандай жауап болмады. Чимин ақырын төсек астын қараса, Минджу көзін жұмып жатыр екен. – Қап, сені ме?! Дәл қазір әзілдесетін уақыт емес Минджу, тұр, қане, - деп, оны жұлқылағанымен түк шықпады. Шамасы әлгіндегіден кейін талып қалған-ау. Чимин не істерін білмей, Минджудың қалтасындағы телефонын ала, оны да толығымен сөндіріп, өзімен ала, бөлмеден шығып кетті. Ал Минджу ше? Өз обалы өзіне деді ме? Әйтеуір Чимин, оны тастап, өзі кете барды. Чимин ақырын қадамдай ас үйге жақындай келіп, сыртқы есік жақтағы адамдарға көз тастады. Есіктің ішкі жағында жаңағы белгісіз әйел, ал арғы жағында бір ер адам болды. Екеуінің де түрі көрінер емес. Бірде есік жабылып, қолына пакетін ұстаған әлгі әйел ас үйге кіріп кетті. Шамасы келген адам жеткізуші болса керек. Әлгі әйел ас үйден шыға, тура Чимин тұрған жаққа жүре бастады. Чимин дер кезінде перде артына жасырынып үлгерген еді. Чимин ол әйелдің кім екенін білуден бұрын оның түрін көргісі келуде. Осылайша әлгі әйел тура Чиминнің бала күніндегі бөлмесіне қайта кіріп кетті. Чимин қолымен бетін баса: – Бітті Минджу, құрып кеткір, соншалықты әлсіз болуға бола ма? - деп, өз-өзімен сөйлесіп тұрғанда әйел бөлмеден шығып, есігін қайта жапты. Айналасына мұқиятпен қарап шыққан әйел, Чиминнің ата-анасының бөлмесіне кіріп кетті. Чимин артынша перде артынан шыға бергенде, кілем астында тұрған белгісіз қатты затты басып, табанын ауыртып алды. – Бұл не тағы, ауыртты ғой, - деп, әлгі кілемді көтеріп еді. Кілем астынан белгісіз төрт бұрышты есік көрінді. Чимин енді әлгі есікті ашқалы жатқанда. – Не істеп жатырсың? - деген дауыс оны тоқтатты. #HobiLopi