#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің.
6-бөлім
— Айтқан іскерлік кездесуің осы ма? - даусы қатқыл үнмен шықты. Су Бэн де саусақ симайтын жерге бас сұғып:
— Əй, ақырын… Дауыс көтермесеңші олайынан. Қыз баласы ғой, - саған төне қарап тұрған Юнги, бірден еңсесін тіктеп:
— Қалай сөйлесем де, өзім білемін. Əйелім, дауыс көтерсем де, ұрсам да өз еркім, - менсінбеушілік тұнып түрған көздермен қарады. Сенің құлағыңа "ұрсам да" сөзінің асты сызылып естілді. Су Бэн оның бұл сөздерін елемей, саған қарап қана отырды.
— С/а, мен сені күтемін. Мен білемін, сен маған қайта ораласың. Сені қатты сағындым, иісің, көздерің, үлбіреген шаштарың бəрін-бəрін сағына сені күтемін. Мына қызыл шие еріндеріңді де…
— С/а! Мынаны ертерек шығар немесе өзім! Су Бэн тағы ұзақ қалатын болса сені тығырыққа тірейтін түрі бар. Ертерек кеткені дұрыс сыңайлы.
— Саған тағы қандай сөз керек. Кетсеңші енді, - Су Бэн орнынан тұра, Юнгиге қарап мұрнын шүйіре:
— Оны мен сүйгендей сүйе алмассың. Күйеуі шығарсың, бірақ сені мені сүйгендей сүймейді, С/а, - деді де, есікті тарс жаба шығып кетті. Юнги сенің жұмыс үстеліңе сүйене отырып, қолдарын айқастырып алды. Оның ұзақ лекциялық сөздерін тыңдағың келмей, сөзді өзің бастадың.
— Енді не дейсің? Оның кім екенін айтайын ба?
— Жоқ, керек емес. Одан да мынаны айт. Маған келгенде пəк болдың, бұл рас па еді?
— Юнги!
— Енді қазір медицина дамыған уақыт. Ондайды жасатып алу оп-оңай ғой.
— Мені кім деп ойлайсың?! - орныңнан ыршып тұрдың. Оның арыңды аяқпен таптай сөйлеген сөзі, саған көрінбес жебедей тиіп кетті.
— Ммм, “жезөкше” десем қалай? - көздері ойнақтай, тағы мысқылмен сөйледі. Бұл тап бір сен қорқатын Юнги оралғанын көрсетердей.
#ескетүсіру
— Əке, уайымдамашы, таптым ғой ақшаны. Қайдан, қалай екенін не қыласыз? Шүкір, жанашыр достарым бар, - деп, телефонды сөндірдің. Юнгимен келісімді тек ауызша емес, заңдастыруға келген болатынсыңдар. Юнгидің кеңсесі хатшы қыз келіп:
— Міне, Юнги, келісім шарт.
— Мені "Юнги" деп атаушы болма! Енді кет.
— Неге? Мына албастыны таптың, мені ұмыттың ба? - деп, еш қымсынбай айта салды. Тоқта, шамасы Юнги бұрын осы қызбен жүрген секілді. Сен олардың əңгімесін үнсіз тыңдауды шештің.
— Джеён, "кет" дедім, - Юнги еш реакциясыз, қағаздарды оқып отыра берді. Тап бір күшік үріп, оны қуып отырғандай, адам сөйлеп тұр-ау деп мəн де бермеді.
— Кетпеймін! Сен кімсің сонша? Пайдаңа асырып, енді керек емес болып қалдым ба? - қыз аузын жауып үлгермей, шапалақтың даусы шықты. Иə, Юнги оны шапалақпен періп қалды. Қыздың ерні қанап сала берді. Осы уақытқа дейін əйел затына қол көтерген еркекті мүлде көрмеген едің, бұл көрініс сені шошытып жіберді. Қазірге дейін Юнгидің аш қасқырдай қараған көзқарасы шошытса, енді бұл қылығы сені қорқыныштың көріне көміп тастады. Істің артын бағып тыныш қарап отырсың. Юнги қыздың жағынан ұстап:
— Кім екенімді көрсетейін бе? Ажалыңа асыққан екенсің, дымға да арзымас, жезөкше! - жерге итере отырғызды. Ол құлаған бойда, Юнги оны теуіп қалды. Бұл соққыларды көруге шыдамай көзіңді жұмдың.
#ескетүсіруаяқталды
Келісімнен кейін 2 ай уақыт өтті, фотосессия, кездесулер, құдалық сынды іс-шараларда Юнги мүлде басқа адам еді. Бұрынғы маняктарға тəн көзқарас та жоқ, сыпайы, ешкімге зияны жоқ момын болып жүрді. Содан болар оның шынайы бейнесін ұмытып, өзіңе көп ала, оны басынып кеттің. Оның "жезөкше" деп айтқанына қарсы мың-сан сөз айтуға оқталсаң да, қорқыныш тұсауы сені жіберер емес.
— Ехх, С/а, С/а. Қандай адамсың өзі сен? Еліктіргішсің, ақылдысың, кейде ақымақсың, кейде жезөкшелігің ұстап қалады, - сөзінің басын жақсы сөйлеп келгенімен, соңы улы. Үнсіз ғана оған тіке қарап тұра бердің. Артық сөз айтпадың, бұл үнсіздікпен ер адамды жеңесің деген психологиялық əңгімелердің үзіндісі болса керекті. Үнсіздік "иә” дегеннің нышаны іспеттес. Юнги иегіңді қатырақ ұстай, жоғары көтеріп өзіне қаратты.
— "Ол кім, оны сүйесің бе, мені алдадың ба?" демеймін. Сұрағыма иә не жоқ десең болғаны.
— Сұрақ? - дедің, даусың əлсін ғана шығып.
— Иә, сұрақ. Не болды, қорқасың ба? Артың ашылып қалама дейсің бе?
— Қорқатындай ештеңем жоқ.
— Оны шын сүйгеніңе сенбеймін, ол саған қандайда бір дүние үшін керек болған шығар, - қастары ойнақтап.
— Юнги! Жетер бəлкім, шеттен шығып барасың. Менің өткенім туралы айтатын сен емес, - даусың қатты шыға, сыртқа естілсе де бұл қазір ештеңеге əсер ете алмады. Арада ұрыс дауылы көтеріліп, айналаны жайпап жатты. Сенің сезімің туралы оның айтқан əр сөзі, ескі жараны тырналап болмайды. Əр айтқан сөз сенің қаныңды тулатып, ашу-ызаға айналып жатты.
— Жарайды, сонша долдандың ғой. Ал, сұрағыма жауап бер. Сенің оған сезімің болмады, онымен тек түн үшін ғана бірге болдың ғой, солай ма? - тағы-тағы сенің сезіміңді аяқпен таптады. Сенің Су Бэнге деген сезіміңнің қандай шынайы əрі қаншалықты күшті болғанын сен ғана білесің. Бұл жерде Юнгидің маңызы жоқ болса да мына сөздер өткен сезімдеріңді жалған болғандай етіп көрсетіп жатты. Бұл үшін ашуға булыққан сен:
— Иә, əр түн, əр түн бірге болатынбыз. Ол керемет еді. Сол үшін мен оны қимаймын, - бұл сөздер аузыңнан қалай шығып жатқаны белгісіз. Бар өкпе, ренішің қазір шыққандай. Айқайға сала бар ішіңдегі ашуды шығарғандай едің. Юнги керісінше тозақ отынан да ыстық отта өртенуде. Сен соңғы сөзді айтқан бойда үлкен алпауыт күш сені жерге жығып салды. Міне, сен қорыққан —Юнги. Соққы бетіңді шымырлатып, көзіңе жас толып қалды. Көз алдың бұлыңғыр бола, қозғала алмай отырып қалдың. Юнги шашыңнан тарта орныңнан тұрғызды. Ауырсынуды сезбедің де, ішіңде тек қана Юнгиге деген ашу ғана.
— Не дедің қайталашы, қане?! Қайтала деймін! - иық тұсыңды ұстап қысып жатты.
— Жібер! Тарт қолыңды, оңбаған.
— Айт деймін! Сен тек мендік болуың тиіс түсіндің бе?
— Жібер! Қойсаңшы болды, бəрі тек сен қалағандай бола береді дейсің бе? Жоқ, олай болмайды.
— С/а! Қанымды қарайтпа! - оның ашуынан кеңсеге қара бұлт үйірілгендей түнеріп кетті. Екеуіңнің ұрыстарың алдыңғыдай емес, бір-біріңе ауыр сөздер айтудасыңдар. "Мен сенімен бірге болуды қаламаймын" деген сөзден кейін Юнги саған тағы да қол көтерді. Бұл жолы бір шапалақ қана емес, арты-артынан екі-үш шапалақ болды. Есіңді жию қиын бола жылап тұра бердің. Еңкілдеп жылағаныңды көре, Юнги өзін ұстай:
— Қазір бір сөз, содан соң мен сені өлтіріп қоямын, - деп, диванды теуіп, шығып кетті. Ол есікті жапқан бойда, жерге отыра жылай кеттің. Ата-анаң қол көтермегенде, Юнги сені ұрды... Телефоныңды ала, бір жерге қоңырау соқтың.
— Иә, дəл қазір. Көлік жіберіңіздер күтемін, - арада уақыт өтіп, көлік келіп тоқтады. Кабинетіңнен тапқан кішкене орамалды мойныңа орап жатырсың. Жылап іскен көздеріңе көзілдірік тақтың. Шапалақтың қызарған іздерін орамалмен жаба, сыртқа шықтың. Хатшың саған алаңдап отыр екен, шамасы дауыстарыңнан бəрі қалай болғаны сыртқа естілсе керек.
— Екі-үш күндей болмаймын. Кездесулерде шегеріп қой.
— Иә, ханым...
Көлікке отыра жүріп кеттің. Терезені ашып желменен тыныстап келесің, бірде-бір дүниені ойлау мүмкін болмады. Көлік баяу жүре бір ескілеу нақышта соғылған үйге тоқтады. Үйден бір кісі келіп есікті ашты.
— Қош келдің, С/а ханым! Бөлме дайын, жүр.
— Рақмет, - басыңды изеп, бөлмеге қарай аяңдап жеттің. Бөлмеге кіре үстіңдегі бар ауырлықты шештің де, жердегі төсекке жаттың. Телефоның кеңседе қалған, енді бұл жерде сені ешкім мазаламайды. Күн батқанға дейін тек ұйықтадың, ұйқымен сен бəрін жеңуші едің. Кешке жаңа сені күтіп алған кісі кешкі ас əкеліп берді. Су ішкенің болмаса, ыдысқа қасықты да салмадың. Қайта үнсіз жатып қалдың. Бар жайтты ой елегінен өткізе ойланудасың. Юнги де үйлеріңе бармаған сыңайлы. Сені əлі іздеп жатқаны жоқ, іздесе де табуы қиын-ақ.
Арада төрт күн өтті. Юнги сені итпен іздеуде, телефоның байланысы арқылы іздесе кеңсені көрсетеді. Ал кеңседен телефоның қайда екенін таба алар емес. Телефонды сөндіре, оны жасырып кеткеніңнен болар... Ол болған оқиғадан кейін бір күн үйге бармай, барғаннан кейін сені таба алмай уайымға салынды. Сен əлі сол саяжайдасың. Барлық күнің сырттан алысқа қараумен өтеді. Не жыламайсың, не күлмейсің, не сөйлемейсің. Ақыры дегенде үйге қайтуға шешім қабылдап жолға шықтың. Юнги сені іздеуді мүлдем тоқтатпапты. Үйге келген уақыт үйде ешкім болмады. Жоғары көтеріле бөлмеге келдің. Бөлменің астан-кестені шығып кеткен. Қызметшілер де бұл үйде бірнеше күн болмаған секілді. Заттарды аттап өте, жуынатын бөлмеге барып бетіңді бір шайып алдың. Сөреден əдемі жеңіл қан қызыл түсті көйлегіңді киіп, айналаңды жинастыра бастадың. 1 сағатта үйді айнадай болмаса да бір қалыпты ете жинап қойдың.
— Эх, энергиям тасып тұр. Жата беріп денем құрысып қалыпты... - созыла ас бөлмеге келдің. Іздеп жүріп рамён таптың. Əп-сəтте оны дайындап, түстеніп алдың. Төмендегі бөлмелерді қарай, өзіңе ыңғайлы бір бөлмені қарадың. Жоғары, төмен шығып-түсіп жүріп өз заттарыңды төменгі қабатқа көшірдің. Бөлменің ішін жайғастыра кеш те батты. Есіктің тарс жабылғанын естідің. Бойыңда қандайда бір үрей тұрды. Өз-өзіңді қолға ала, айнаға барып өзіңді реттедің. Есікті ашуға ұмтыла бергенде Юнгидің айқайын естідің.
— Блять, нем бар еді ұрып? Қолым сынғыр! Қайда ол, қайда? - ашудан көзі ештеңені байқамайды да.
— Осындамын! - дедің, бөлмеден шығып.
— С/а?! - деп, алдыңа жетіп келгенде кері шегіне:
— Тағы бір қадам, мен өзімді өлтіріп қоямын! - деп, оның сөздерін қайталай не болғанын есіне салғың келді.
— С/а...
— Тамақтанып келдің бе? Əлде тамақтанасың ба? - деп, оны айнала өтіп ас бөлмеге келдің. Юнги бұл ісіңді ұғына алар емес. Артыңнан еріп келе:
— Тоқпын, сөйлесіп алайықшы. Басқа шаруалар күте тұрар.
— Дұрыс, сөйлесіп алайық. Міне, осы бөлме менің бөлмем. Əйеліңмін ғой, үйде қай бөлмеге барсам да өзім білетін шығармын.
— С/а, қумашы, менің бөлмем дегенің не? Біздің бөлме жоғарыда.
— Иә, ол жоғарыдағы біздің бөлме. Бұл есе менің бөлмем!
— Тағы, не былықтырмақшысың?! - ас бөлмедегі үстелге сүйене саған сүйкімді жүзімен қарап тұр. Өз жасаған қателігін түсінетін секілді. Қайта жуас, момын бола қалғандай.
— Ештеңе… Қорықпа, "ажырасамын" демеймін.
— С/а, ашып айтшы. Неге біртүрлі сөйлеп жатырсың?
— Тыңда, ендеше, - дедің, жанына тұра аяғыңды айқастырып, сөзіңді жалғап:
— Мен сенің ырқыңа көнетін адам емес екенмін. Қалай болмасын, мен бəрібір қисық сөзбен сені тыныш қалдырмаймын да. Екеуміз бір-бірімізді түсінуіміз қиын. Бірге болу бұл бізге қатысты сөз емес, - деп, ересек адамдарша мəселені шешуге кірістің. Юнги сені үнсіз тыңдауда, компания ісі бойынша кездескендегі ақылды, кербез С/а-ны көріп отырғандай.
— С/а, кешір, мен олай жасағым келген жоқ еді. Ашуға булығып, солай болып қалды.
— Кешіре алмаспын! Мені бұл уақытқа дейін біреу саусағының ұшымен түртіп көрген емес. Осылай өз-өзімізбен өмір сүрейік. Бэнге келсек, ол менің бұрынғы сүйгенім, басқа ештеңе де емес.
— Ол туралы маған айтпашы, қазір өз-өзіме жауап бере алмай қалып жүремін.
— Міне, осы үшін бір-бірімізден алшақ араласайық. Күйеуі мен əйелі болып емес. Мен айтқанмен бəрібір сенбессің, сол үшін артық сөз айтпаймын. Тоқ болсаң, мен кеттім, - деп, кетіп бара жатыр едің, Юнги артыңнан құшақтай:
— Бұл екінші қайталанбайды сөз берем. Мен сені сүйемін, С/а. Сүйемін, сен үшін əлемді төңкеруге бармын. Мені сүй демеймін, қасымда болсаң да жетеді, - Юнги алғаш рет сезімін мойындады.
— Туф, Юнги... Қойшы, жетер бəлкім? - деп, құшағынан шығуға тырыстың. Ол сені қатты қысып құшағына алыпты, шығарғысы келмеді.
— С/а, өтінем, маған олай етпеші, - мойныңда дем ала, сөзін жалғады.
— Не айтсаңда орындауға бармын. Қателігімді қалай жуып-шаямын? Сенен сұрарым тек қана менің жанымда ғана бол, басқа ешкімді ойлама. Сол кезде мен əлемді аяғыңның астына салып беремін. Өтінем, маған сенші.
— Юнги, жіберші. Мен сенің меншігің бола алмайды екенмін. Оны армандаушы да болма! - жұлқына құшағынан шығып кеттің. Аяғыңды тез-тез баса бөлмеге кіріп кеттің. Ештеңеге алаңсыз, жарықты өшіре төсекке жаттың. Есікті құлыптамадың, бəлкім бұның еш мəні жоқ деп санағаннан болар. Юнгимен араңды жақсартып, жақсы өмір сүруге ұмтылып жатырсың. Юнги сені бөлме сыртында күтті. “Мүмкін ойы өзгерер немесе ішке кірсем бе?” деген оймен біраз кідірді. Есікті қаға бөлмеге кірді.
— Ұйықтап қалдың ба?
— Иә, - дедің, көзіңді жұмаған қалыпта.
— Ұйықтап жатқан адам сөйлей ме? - деді, кішкене күле.
— Дем аламын, мазамды алмашы. Сен де ұйықта. Қайырлы түн!
— С/а, қарным ашып тұр. Қызметшілер де жоқ...
— Енді? Үйде тамақ та жоқ.
— Жаңа тамақ бар адам секілді айтып жаттың ғой.
— Ішпейтініңді білген соң солай айттым, - Юнги бұл сөзіңе күліп алды. Қайта араларың бұрынғыдай секілді.
— Өзің ішпейсің бе? Тапсырыс бере саламын тамақты.
— Ішпеймін, тапсырыс бер де, іше бер өзің.
— Қасымда отыршы... - деді, даусы ақырын.
— Бала болып кеттің бе? Осы уақытқа дейін қалай іштің солай ішсей, - мазаңды алып бітірген, Юнгиге орныңнан тұра аларып.
— Өтініш, С/а. Тамақтанайықшы, əлі сағат 11 болғанда жоқ, - деді, сағатына қарап қоя. Шыдамың шегіне жете, Юнгидің мыжыңдығымен ас бөлмеде тамақтанып отырсыңдар. Тапсырыс бере, ыстық тауық сорпасын алдырдыңдар. Сен үнсіз сорпадан бір-екі ұрыттай ішіп отырдың. Юнги өз сорпасын бітіріп үлгере:
— Күйеуі мен əйелі ретінде болмаймыз дейсің, баламыз ше? - деп, жақсы атмосфераның күл талқанын шығарды.
— Туамын, - дедің, еш реакциясыз. Юнги сенің бұл сөзіңе ва*уй болып отырып қалды. Сенен тағы наразылық күтіп еді.
— А? Мен түс көріп отырмын шамасы, - мырс күліп.
— Балалы боламыз, туып беремін, апаңа немере сыйлаймын. Болды ма? - деп, басыңды көтере Юнгидің көзіне тік қарадың. Юнгидің түрі ағып жерге түсуге шамалы қалыпты.
— Қалай оңай айтып отырсың? Сонша ұрыстан кейін балалы болуға қарсы емеспін дейсің, алдын тату кезімізде қарсы едің.
— Біз ешқашан тату болмап та едік. Ал балаға келсек ойландым, бар болғаны сол.
— Бала менен болатын шығар…
— Көшеден табамын болды ма? - қайта тамақ іше бастадың.
— Қашан бала жасаймыз? Бөлек бөлмеде жатсаң, бала ауамен бара ма?
— ЭКО арқылы, - деп, əр жыл сайын балалы болатын адам секілді түр бермей сөйледің.
— Есіңнен алжастың ба? Шамам жетеді бір баланы жасауға. ЭКО-сы несі, қуасың ба?
— Мен қаламаймын сенімен төсектес болуды.
— Ал мен қалаймын, сенімен тек қана неке түнінде ғана болдым. Сені сағынып та үлгердім. Мүмкін...
— Ойыңа да алма!
6-бөлім соңы.
#FlowerFly